Қуқық
Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы биыл аяқталады 15.02.2025
Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы айтты.Шаһар басшысы былтыр ауданда 21 км болатын 29 көше орташа жөндеуден өткенін, биыл 36 көшеде 19 км жолды жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу аясында 2024 жылы 30 мың ш.м. жол жабыны жаңартылды, ал осы жылы тағы 35 мың ш.м. жол жөнделмек. Былтыр 34 км арық жүйесін салу нәтижесінде аудандағы барлық су басу қаупі бар аймақтар жойылды.«Былтыр Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірді тексеру нәтижесінде бетон құрылымдардың қатты зақымданғаны және тіректерде жарықтар пайда болғаны анықталды. Небәрі 6 ай ішінде жаңа көпір салынып, жол ені 8 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. 2025 жылдың маусымында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы аяқталады. Бұл көлік торабының өткізу қабілеті 20%-ға артып, Жетісу ауданының басқа бөліктермен байланысын айтарлықтай жақсартады», – деді Ерболат Досаев.Кездесу барысында Алматы әкім ауданның қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады. Өткен жылы қаладағы автобустар саны 1 509-дан 1 740-қа дейін көбейтілді, бұл 11 жаңа маршрут ашуға және 44 қолданыстағы бағытты күшейтуге мүмкіндік берді.Жалпы, биыл қалалық қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937906
Алматының Жетісу ауданында инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ауқымды жоба биыл басталады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі нәтижелер мен жоспарлар туралы хабарлады.Сапалы инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін Алматыда жаңа желілерді қайта құру және салу бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Жетісу ауданында 2024 жылы 47 км сумен жабдықтау (28 км) және су бұру (19 км) желілері салынды, бұл 36 көшеде 3,8 мың абонент үшін орталықтандырылған желілерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 55 көшеде 60 км сумен және 71 км су бұруды қоса алғанда, тағы 131 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.Қала басшысы тұрғындардың өздері шаруашылық тәсілмен салған ескі инженерлік желілер 30 жылдан астам уақыт пайдаланылған көшелердегі инфрақұрылымды жақсартуға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылдың маусым айында Рысқұлов – Тәтібеков – Райымбек – Сүйінбай көшелерінің алаңында 4 мыңнан астам абонентті қамти отырып, жаңа 25 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыру басталады. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың тамызына жоспарлануда.Сондай-ақ жылумен жабдықтау желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Айнабұлақ 2-3, Көкмайса ш/а және Бродский, Макаренко, Рысқұлов көшелерінде 11,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталды. 2025 жылға арналған жоспарда – Айнабұлақ-1-де 1 км жылу желілерін қайта жаңарту, жұмыстар жылыту маусымы мамыр айында тоқтағаннан кейін басталады және 2025 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады.Жалпы Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы 260 км жаңа құрылыс салу және 87 км қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937907
Алматының Жетісу ауданында биыл сәуір айында күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашылады 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс туралы айтып берді.Жетісу ауданында 2024 жылы сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін екі жаңа медициналық мекем ашылады: Кемел ш/а отбасылық-дәрігерлік амбулатория, оның сыйымдылығы 200 келушіге және Жұмысшы кентінде 240 келушіге арналған емхана.Бұдан басқа, 2025 жылғы сәуірде күрделі жөндеуден кейін үш емхана ашу жоспарлануда: Нүсіпбеков көшесі бойында 200 келушіге, Омаров көшесі бойында 300 келушіге және 230 келушіге арналған №21 емханалар. Бұл нысандардың барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталады, бұл ауданда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылдың қаңтар айында жаңғыртудан кейін заманауи жабдықтармен жабдықталған «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығы ашылды.Айта кету керек, әлеуметтік инфрақұрылымды қадамдық қолжетімділікті дамыту халық алатын медициналық қызметтердің сапасын арттырады, қолайлы жағдайлар жасайды және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937908
Алматының Жетісу ауданында электр желілері мен көшелерді жарықтандыруды белсенді жаңғырту жалғасуда 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында Жетісу ауданында электр желілері мен сыртқы жарықтандыруды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Бүгінгі таңда ауданның электр желілерінің 85% - ы тозған, бұл мезгіл-мезгіл апаттық ажыратуларға алып келеді. Ауданда электрмен жабдықтауды жақсарту үшін 2024 жылы Кемел ш/а және Палладин- Павлодар- Боралдай- Қожамияров көшелерінің бойында 66 км жаңа электр желілерін салу жұмыстары аяқталды.2024 жылдың желтоқсанында 4 км электр желілерін реконструкциялау және «Кирпичная» қосалқы станциясының құрылысы басталды. Жұмыстар 2026 жылдың тамызында аяқталады.Ағымдағы жылдың маусым айында Рысқұлов даңғылы, 65а мекенжайындағы тұрғын үйге арналған 1,2 км электрмен жабдықтау желісін салу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде.Сонымен қатар, ауданды сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Тек 2024 жылы 36,7 км кабельдік желілер ауыстырылып, 4500 жаңа жарық нүктелері орнатылды, бұл аудан көшелерінің 87% -. жарықтандыруға мүмкіндік берді.2025 жылы 337 жаңа жарықтандыру тіректерін орнату, 26 км ескі кабельдік желілерді ауыстыру және 1 097 жаңа жарық диодты шамдарды орнату жоспарланған.Айта кетейік, ағымдағы жылы Алматыда қаланың бұрын жарықтандырылмаған 600 учаскесін жарықтандыру, 4 500 жарық нүктесін орнату және 800 ШУНОНЫ жаңғырту, сондай-ақ ұзындығы 136 км желілерді салуды жалғастыру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937909
Алматының Жетісу ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін беткейлер нығайтылады 15.02.2025
Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматның Жетісу ауданында көшкін қаупін болдырмау мақсатында қандай жұмыстар жүргізілетіні туралы айтып берді.Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айында Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бүкіл қала бойынша ықтимал қауіпті учаскелерді зерттеген жұмыс тобы құрылды. Мәселен, Жетісу ауданында Шелихов және Волочаевская көшелерінің бойында 2 учаске анықталды, онда 2024 жылдың қазан айында жергілікті бюджет резервінен қаражат есебінен тірек қабырға салу арқылы еңісті нығайту жұмыстары басталды. Жұмыс 2025 жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады.«Кемел ш/а зираты орналасқан беткейдің жоғарғы бөлігінің көшкін қаупінен туындаған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында соңғы 2 жылда Есентай өзенінің арнасы зиратқа қарай 4 м-ге ауысты, осыған байланысты осы жылдың наурыз айында еңісті нығайту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда», - деді Алматы әкімі.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы ауданда 31 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды-бұл 171 камера және 692 бейнебақылау камерасы. Ағымдағы жылы тағы 300-ге жуық жаңа бейнекамера орнату жоспарлануда. Алматыда барлығы 1641 «Сергек» АӨК - 9152 бейнекамера бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937910
Алматыда 2 жаңа саябақ аймағы пайда болады 15.02.2025
Алматыда екі жаңа саябақ аймағы пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.«2025 жылдың маусым айында Кемел шағын ауданында 12 га жағалауды абаттандыру жұмыстары басталады, ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында Айнабұлақ шағын ауданында 10 га саябақ аймағын абаттандыру жобасы қолға алынады», - деді Ерболат Досаев.Айта кетейік, 2024 жылы Жетісу ауданында Есентай өзені бойынша Көкмайса, Көкжиек шағын аудандарында және Кедровая көшесінде жалпы ауданы 24,6 га 3 жаңа саябақ-жағалау аймағы құрылды.Сонымен қатар, Алматы әкімі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарларын айтты. Биыл 30 жоба жүзеге асырылады. Бұл - 22 қоғамдық кеңістікті, 4 аула аумағын және 4 басқа инфрақұрылым нысандарын абаттандыру.«Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында 1200-ден астам ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді. Осы бағдарлама бойынша біздің қаламызда ең көп өтінім Жетісу ауданының тұрғындарынан түскенін ерекше атап өткім келеді. Бұл үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді әкім.Мегаполис басшысы биылғы жылы ауданда тағы 1,9 млрд теңгеге қаржыландыру ұлғайтылғанын, оның аясында Құлагер ш/а 34 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілетінін атап өтті. Мақатаев және Сүйінбай көшелері бойынша 3,9 км жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, 300 жарықтандыру тірегі қалпына келтірілді, 6 мың шаршы метрден астам алаңға гүлдер отырғызылады және 9 ғимараттың қасбеттері сәулеттік жарықтандырылды.Үш жыл ішінде Алматыда ХҚБ бағдарламасы аясында 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937912
Алматы әкімі - Біз қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысын беделді еткіміз келед 15.02.2025
Бұл туралы Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдаушылар ұсынатын қызметтердің сапасы туралы сұраққа жауап берді.«Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру маңғызды мәлеленің бірі болып табылады Біз бұл бағытта жұмысты жеке тасымалдаушылармен де, «Алматыэлектротранспен» де тұрақты негізде жүргізіп жатырмыз. Оң өзгерістер бар, біз мұны Open Almaty-дегі өтініштердің құрылымы бойынша көреміз. Қалада жылжымалы құрам жаңартылды, бірақ жүргізушілер бойынша сұрақтар бар», - деді Ерболат Досаев.Мегаполис әкімі бүгінде кәсіпорындарды жүргізушілер саны мен олардың ауысымы бойынша нормативтік қамтамасыз етуге байланысты мәселе толық шешілмегенін, бұл жұмысты жандандыруға қатысты екенін атап өтті.«Біз жүргізушілердің жалақысын тағы да көтердік және қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысы беделді болуы үшін мұны жалғастыруға ниеттіміз. Сондай-ақ, мен колледждермен жүргізушілерді даярлау мәселесін, оның ішінде жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан пысықтауды тапсырдым. Біліктілікті арттыру курстарынан өткендер жалақыға үстемеақы алады. Біз материалдық ынталандыру арқылы жұмыс сапасын жақсартуға мән береміз, жыл соңына дейін осы мәселелердің бір бөлігі жүзеге асатын болады», - деп атап өтті Алматы әкімі.Айта кету керек, биыл қалада жүргізуші құрамы үшін демалыс бөлмелерімен жабдықталған 10 демалу пункті салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937914
Алматы әкімі кәуапханалар қызметіндегі атмосфералық ауа ережелеріндегі жаңа талаптар туралы айтып берді 15.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуде қаладағы кәуапханалардың жұмысына қатысты тұрғындардың шағымына пікір білдірді.Шаһар басшысы биыл наурыз айында мәслихатқа Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау ережелері енгізілетінін айтты. Бұл ережелерде гидрофильтрлерді орнату талаптары мен бақылау шаралары қарастырылған.«Былтыр біз осындай бастама көтердік, ол қолдау тапты. Заңнамаға енгізілген өзгерістер аясында бұл ережелерді мәслихатқа ұсынып отырмыз. Егер олар қабылданса, бізде нақты жұмысты бастауға қажетті құралдар пайда болады. Бұған дейін айтқанымдай, заңды негізсіз кәсіпкерлердің қызметіне араласуға құқығымыз жоқ. Ал ережелер бекітілсе, біз оған сәйкес жұмыс істей аламыз», – деді Ерболат Досаев.Өз кезегінде аудан тұрғыны кәуапханалардағы гидрофильтрлерді газға ауыстыруды ұсынды.«Бұл жұмыстың екінші кезеңі. Қазіргі басты мәселе – кәуапханалардың қызметін реттеуге байланысты өзгерістер енгізу. Газға көшу мәселесін кейінірек талқылаймыз. Бұл мәселеге аудан әкімдерін қосамын, олар аталған мекемелердегі фильтрлердің жұмысын бақылап отырады», – деп сөзін түйіндеді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/937915
ІІМ онлайн сатып алу кезіндегі ықтимал қауіптер туралы ескертеді 15.02.2025
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады.Жаппай жеңілдіктер, әртүрлі мерекелерге арналған жалпы сатылымдар кезінде азаматтар алаяқтарға алданып қалуы мүмкін. Мысалы, ақпан айында көптеген елдерде "ғашықтар күні" атап өтіледі. Осыған орай адамдар өздерінің сүйіктілеріне сыйлық жасауды жоспарлап жатады. Қаражаттан айырылып қалмас үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:Тауарды тек тексерілген сайттардан немесе ресми маркетплейстерден сатып алыңыз.Тым төмен бағаға қызықпаңыз. Егер жеңілдік күмәнді көрінсе, бұл алаяқтық болуы мүмкін.Егер әлеуметтік желілерде "қызықты" ұсынысқа тап болсаңыз, дүкен немесе сатушы туралы мәліметтерді тексеріп алыңыз. Бұл жағдайда қалдырылған пікірлерге, тіркелушілердің санына және бөліп төлеу мүмкіндігіне назар аударған абзал. Алайда оның кепіл бола бермейтінін де есте ұстаған жөн.Сатушыға бейнеқоңырау шалу арқылы өнімнің бар екеніне көз жеткізіңіз. Дүкеннің мекенжайы мен орналасқан жерін көрсетуді талап етіңіз. Егер бұл алаяқтар болса, олар түрлі сылтаулармен талаптардан бас тартып, сендіру үшін геолокация жібереді, бірақ бұл ықтимал алаяқтың айласы.Төлем әдістерін тексеріңіз. Ақшаны жеке шоттарға жібермеңіз.Жеке деректерді қадағалаңыз. Ешқашан құпия сөздерді, SMS-кодтарды және карта деректерін бөгде адамдарға бермеңіз.- Мұқият болыңыз! Егер сізде күмән туындаса, ақпаратты тексеріңіз немесе сарапшылармен кеңесіңіз, - деді ІІМ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/938093
Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді 15.02.2025
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы IX Қысқы Азия ойындарының финалдық матчында Оңтүстік Кореяны 3: 0 есебімен жеңді. Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938014
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды 15.02.2025
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші матчтың есебі: 3-0.Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы - Дария Молдабай.Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.Бұл - хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және соның ішіндегі алғашқы күміс медалі.Тағы бір қызық жайт, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең ірі жеңіс осы Оңтүстік Кореямен байланысты. 2003 жылғы ақ Азиадада біздің хоккейшілер бүгінгі қарсыластың қақпасына жауапсыз 19 шайба салған.Фото: Сали САБИРОВАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938025
Қазақстан делегациясы Харбиндегі қысқы Азия ойындары аясында ОСА бас директорымен кездесті 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры әрі World Aquatics басшысы Хусейн әл-Мусалламмен кездесті.Ресми іс-шара барысында Хусейн әл-Мусаллам осы жылдың қаңтар айында Астанаға жасаған сапары аясында қонақжайлылық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірді. Харбиндегі қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру деңгейін талқылай отырып Хусейн әл-Мусаллам Қазақстанда өткен 2011 жылғы қысқы Ойындарды ұйымдастыруда еліміздің оң тәжірибесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастырудағы әлеуетін жоғары бағалады.Кездесу соңында Хусейн әл-Мусаллам Қазақстан өкілдерін биыл 11 шілде мен 13 тамыз аралығында Сингапурда өтетін су спорты түрлерінен әлем чемпионатына құрметті қонақ болуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938033
Қазаэронавигацияның Кәсіби дайындау орталығы авиация персоналын даярлау бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орталықтарының бірі болып танылды 15.02.2025
2025 жылғы 11 ақпанда Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен ИКАО жаһандық симпозиумында ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар Кәсіби дайындау орталығының директоры Жанот Уртембаеваға PLATINUM мәртебесін растайтын құрмет белгісін тапсырды. Бұл ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасына қатысушылар арасында ең жоғары мәртебе болып табылады.PLATINUM мәртебесіне қол жеткізу үшін ИКАО бағдарламасының талабы бойынша ИКАО мақұлдаған стандартталған оқу курстарын өткізе отырып, күнтізбелік жыл ішінде кемінде 100 міндетті миль жинақтау қажет. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Кәсіби дайындау орталығына (КДО) 116 міндетті миль есептелді.ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасы оқу ұйымдары мен салалық әріптестердің корпоративтік қоғамдастығы болып табылады. Қатысушылар ИКАО мақұлдаған оқу курстарын бірлесіп әзірлейді және өткізеді. TRAINAIR PLUS оқу орталықтарына стандартталған оқу-әдістемелік кешендердің жаһандық желісіне қолжетімділікті ұсыну, олардың техникалық сараптамасын жүзеге асыру, сондай-ақ авиация мамандарын даярлау сапасын қадағалау арқылы авиация персоналын оқытуды жаһандық стандарттауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда бұл бағдарламаға корпоративтік әріптестерді (жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдар) қоса алғанда 120 қатысушы мүше болып табылады.PLATINUM мәртебесі авиациялық персоналды даярлауға ерекше көңіл бөлетін, өңірде немесе жаһандық деңгейде жетекші рөл атқаратын бағдарламаға қатысушыларға арналған. Бүгінде «Қазаэронавигация» РМК-да тек ИКАО сертификатын алған курс әзірлеушілер ғана емес, сонымен қатар ИКАО курстары әдіснамасының нұсқаушылары мен валидаторлары да бар.Қазіргі уақытта орталықта авиация персоналын даярлайтын 36 жоғары білікті маман жұмыс істейді, оның ішінде теориялық және жаттығу құрылғысында даярлайтын 18 нұсқаушы және диспетчерлік жаттығу құрылғысының 6 операторы бар. Кәсіби дайындау орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарына, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілерге 67 оқу бағдарламасын ұсынады.2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында Қазақстаннан, таяу және алыс шетелдерден азаматтық авиация саласының 2821 маманы білім алды.Айта кету керек, ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлант бюросында PLATINUM мәртебесі тек 4, ал бүкіл әлемде 16 оқу ұйымына берілген және олардың бірі «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/938017
Абай облысының колледждері «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда 15.02.2025
11-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO павильонында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Ауқымды шараға Абай облысынан төрт колледж қатысып, өздерінің білім беру жетістіктері мен заманауи оқу бағыттарын таныстырады. Фестивальдің ресми ашылуын ҚР Оқу-ағарту министрі өткізді. Іс-шара 15 бағыт бойынша түрлі көрмелерді қамтиды.Геологиялық барлау колледжі «Геологтар үйі» мен «Гидрогеологтар үйінде» өз жұмыстарын көрсетеді. «Геологтар үйі» ERG компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырылған. Мұнда қатысушылар тау жыныстары мен минералдардың үлгілерімен танысып, олардың құрамындағы пайдалы қазбалар жайлы ақпарат ала алады. Ал «Гидрогеологтар үйінде» жерасты суларының қалыптасуы мен зерттеу әдістері ұсынылады.Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжі «Болашақ мамандықтар» көшесінде орналасқан «Бағдарламашылар үйін» ұсынады, заманауи интерактивті жабдықтар мен құрылғыларды көрсетеді. Әлеуметтік серіктестер қатарында ТОО «Oner 3D» және АО «NITEK» бар. Көрмеде желілік құрылғылар, оптикалық талшықты дәнекерлеу құралдары мен 3D принтерлер секілді заманауи технологиялар таныстырылады.Электротехника колледжі «Энергетиктер мен Мұнайшылар көшесінде» орналасқан Атом әлемі үйінде жұмыс істеп жатыр. Колледж ұжымы «Kazatomprom» ұлттық атом компаниясымен бірлесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Қазақстандағы осы сала бойынша жалғыз мамандандырылған оқу орны ретінде өз тәжірибесін бөліседі. Колледж «Аэрофотогеодезия» бағыты бойынша жер бетінің карталарын жасауға арналған заманауи технологияларды көрсетеді. Сондай-ақ дрондар, ұшақтар мен спутниктерден алынған суреттерді өңдеу арқылы жердің дәл координаталық мәліметтерін анықтау әдістері таныстырылады.13-14 ақпан күндері Абай облысынан 300-ге жуық делегация фестивальға қатысады. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, білім басқармасының өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік серіктестер, мектеп директорлары мен студенттер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937491
Абай облысында құқықтық IT-шешімдер енгізілді 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет департаменті тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады.Абай облысының Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, 2024 жылы “Халық заңгері”, “Әділет кеңес бересі”, “Ашық есік күні” және “Тегін заң көмегі күні” акциялары жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылды. Өткен жылы облыстың барлық өңірлерінде 6000-ға жуық халықты қамтитын 477 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілген.– Ауылдық елді мекендер халқының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 80-ге жуық “құқық кабинеті” ашылды. Олар облыс әкімінің әрбір аудандық, ауылдық аппаратының ғимаратында орналасып “Egov” базасында қызмет атқарады. Нормативтік құқықтық актілерді қолдану мақсатында кабинеттерде “Ашық НҚА” порталы, “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесі, “Заң” дерекқоры орнатылған. Бұдан басқа, e-otinish платформасы арқылы мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу, электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін құқықтық кабинеттер қажетті толық техникамен жабдықталған, – деп атап өтті спикер.Сонымен қатар, ведомства басшысы “E-ZanKomegi” ақпараттық жүйесімен қатар “Zan Komegi” мобильді қосымшасы да қолжетімді екенін айтты. Онда азаматтар бейне қоңырау арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.– Облыс бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне былтыр 55-ке жуық адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. Өткен жылы 6 782 азаматқа мемлекет кепілдік аясында тегін заң көмегі берілді. Бұдан басқа, мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың сенімхаттары мен келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін “Е-нотариат” бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі функционалуда, – деді департамент басшысы.Аталған жүйедегі тағы бір маңызды жаңалық – робот сот орындаушысын енгізу. Егер 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбесе, уәкілетті орган мәліметтерді ТЖД қатысуынсыз өндірісті робот қозғайды.– Іс қозғалғаннан кейін азаматтар ол туралы мәліметті бар 1414-тен SMS-хабарлама және EGov Mobile-дан push-хабарлама ала алады. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде жүргізілетіндіктен, азаматтар айыппұл сомасының 25%-ын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Бүгінгі таңда цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап Абай облысында роботпен 8 761 атқарушылық іс қозғалды, оның ішінде 2 203 ісі аяқталып, 44 677 588 теңге өндірілді, – деп қорытындылады Ернар Сейдімбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937508
Кирилл Бауэр сенімді ақтады 15.02.2025
Жерлесіміз Кирилл Бауэр биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Владислав Киреевпен бірге квартет құраған Кирилл Жапониялық шаңғышыларды алға жіберіп алды.Жарысқа жеті елдің командалары қатысты. Нәтижесінде алтын жапондарға бұйырса, күміске қазақстандықтар, қола медалға Қытай құрамасы қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937791
Кәсіпкерлер тәжірибе алмасуда 15.02.2025
Абай облысының бір топ кәсіпкерлері Татарстанда жүр. 3 күндік сапар аясында жерлестеріміз алдыңғы қатарлы ет және сүт өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен шаруашылықтардың жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасады.«Бұл сапарымыз Абай облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында мүмкін болып отыр. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын татарстандық делегация біздің облысымызға келіп қайтқан. Біз бұл жолы ауылшаруашылығы саласының ең үздік шаруашылықтарында болып, олардағы озық технологиялармен танысамыз. Сол арқылы өзіміздегі ет, сүт өндірісіне жаңашылдық енгізуді көздейміз», - дейді облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.Татарстан Ресей нарығын ет пен сүтпен қамтамасыз етуде алдыңғы қатарға шығып отырған өңір. Өнім сапасын жақсарту мен ауылшаруашылығын цифрландыруда жаңалықтары көп.Абай облысының делегациясы Татарстан Раисы Рустам Миннихановтың қатысуымен өткен ауқымды көрмені де тамашалады. Көрмеде Татарстанның 2024 жылы ауылшаруашылығында жеткен жетістіктері көрсетіліп, 2025 жылғы жоспарлары талқыланды. Делегация құрамында барған арасында ет, сүт өңдеу зауыттарын, сүт-тауарлы фермасын ашуға, балық шаруашылығын өркендетуге ниетті кәсіпкерлеріміз бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/937798
Нұрдәулет Қилыбай Астанада швейцариялық инвесторлармен кездесті 15.02.2025
12 ақпан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Астана қаласында швейцариялық «Swiss Choice Holding» компаниясының өкілдерімен кездесті. Олар Түпқараған ауданында бекіре балығын өсіріп, уылдырық өндіруге бағытталған «Red Pearl» балық фермасы инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысын талқылады.Каспий теңізі жағалауында жылына 100 тоннадан 600 тоннаға дейін бекіре тұқымдас балық өсіріп, 100 тонна уылдырық өндіруді көздейтін жобаға әкімдік тарапынан грант арқылы 56 гектар жер бөлінді. Жалпы құны 5,7 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаның құрылысы 2025 жылдың бірінші тоқсанында басталып, 2026 жылдары пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бірінші кезеңде 100 тонна бекіре өсіру көзделген.Құрылыс жұмыстары басталған соң, 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын өз өнімдерін ішкі нарыққа шығарып, шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.Нұрдәулет Қилыбай кездесуде бұл жобаның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін атап өтіп, әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыруды және инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды. Біз осы бағытта өңірде түрлі жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. Бүгін талқылаған бекіре өсіру және уылдырық өндіру саласындағы бұл инвестициялық жоба өңіріміз үшін үлкен маңызға ие. Біз жобаның табысты іске асырылуына заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/937662
Бейнеу ауданы тұрғындарының өтініші орындалды 15.02.2025
Бейнеуде жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыруға арналған арнайы кабинет ашылды.Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мамандандырылған секторы жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан қабылдауды бастады. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ, өз өңірінде емтихан тапсыра алады.Бұл жоба облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасы негізінде жүзеге асты. 2024 жылы тұрғындармен кездесу барысында әкімге жүргізуші куәлігін алу процесін жеңілдету жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Нәтижесінде, 2025 жылдың 20 қаңтарында Бейнеу аудандық ХҚКО-да теориялық емтихан тапсыруға арналған арнайы кабинет ашылды.Бейнеу аудандық ХҚКО секторының басшысы Алтынай Меденнің айтуынша, үміткер 40 минут ішінде 40 сұраққа жауап беруі тиіс, оның кемінде 32-сі дұрыс болуы қажет. Теориялық кезеңнен сәтті өткен үміткер практикалық емтиханға жіберіледі. Практикалық кезең Ақтау қаласындағы мамандандырылған ХҚКО бөлімінде өтеді.Теориялық және практикалық кезеңдерді сәтті аяқтаған азаматтар жүргізуші куәлігін ала алады. Ол үшін жеке куәлік, медициналық тексеруден өткені туралы анықтама, 1,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек және автомектепте оқу курсын аяқтағаны туралы куәлік ұсыну қажет.Айта кетейік, Бейнеу ауданындағы мамандандырылған сектор Қосай ата көшесі, 4/5 мекенжайында орналасқан. Бұған дейін мұнда тек көлік құралдарын тіркеу және қайта ресімдеу қызметтері көрсетілген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/937667
Әлемдегі ең ірі кен орындарын ашушылар Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын бастайды 15.02.2025
Торонто қор биржасында (TSX) жарияланған ресми хабарламаға сәйкес, әлемдегі жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың бірі және 21-ғасырдағы ең ірі мыс кен орындарын ашушы Ivanhoe Mines Қазақстандағы Шу-Сарысу мыс бассейнінде – әлемдегі үшінші ірі шөгінді мыс бассейнінде барлау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.Ivanhoe Mines компаниясы Ұлыбританиядағы Pallas Resources компаниясымен серіктестіктегі 16 000 км² аумақты қамтитын аймақтағы ең үлкен лицензиялық пакетті зерттеу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Бұл жоба Қазақстандағы мыс барлау тарихындағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады және әлемдік тау-кен секторы үшін жаңа перспективалар ашады.Компанияның бағыты: Ivanhoe Mines Қазақстанда28 жыл бойы Ivanhoe Mines мыс барлау және бірегей, әлемдік деңгейдегі кен орындарын игеруде алғаш ашушы болып қала береді. Компанияның серпінді жаңалықтарына Конго Демократиялық Республикасындағы Kamoa-Kakula, Platreef кен орны және Ою Толгой кіреді. Олар тау-кен өнеркәсібінің мүмкіндіктері туралы түсінікті өзгертті. Енді компанияның сапары игерілмеген орасан зор пайдалы қазбалар әлеуеті бар Қазақстанда жалғасын табуда. "Қазақстан әлемдегі жетекші тау-кен аймақтарының бірі және оның Шу-Сарысу бассейнінде әлі ашылмаған орасан зор мыс қоры бар. Біз әлемдік деңгейдегі мыс кен орындарын қалай табуға болатынын және оларды қалай игеруге болатынын білеміз. Африкадағы тәжірибеміз Қазақстанды жаһандық мыс өндірудің жаңа эпицентрі бола алатынын сенімді түрде айтуға мүмкіндік береді", - атап өтті Ivanhoe Mines атқарушы тең төрағасы Роберт Фридтер.Жобаның миссиясы: тұрақты даму және жаңа ашылуларIvanhoe Mines серіктестігінің бөлігі ретінде алғашқы екі жылда жобаны 18,7 млн доллар көлемінде қаржыландыруға міндеттелді, сондай-ақ табысты ашылған жағдайда оның үлесін 80% -ға дейін арттыруға құқылы.АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметтері бойынша, Шу-Сарысу бассейнінде 25 млн тоннаға дейін мыс болуы мүмкін, бұл аймақты әлемдегі ең перспективалы аймаққа айналдырады. Мұнда соңғы 40 жылда алғаш рет озық әуе геофизикалық технологиялары мен цифрлық деректерді талдау арқылы ауқымды геологиялық барлау жұмыстары басталады ."Бұл жоба жай ғана мыс іздеу емес, бұл Қазақстан, оның экономикасы мен халқы үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы. Біз тұрақты дамуға, жұмыс орындарын құруға және геологиялық барлау мен өндіруде экологиялық таза технологияларды пайдалануға ұмтыламыз. Бұл жай ғана инвестиция емес, бұл жаһандық металлургияның болашағына салынған инвестиция", – атап өтті Ivanhoe Mines президенті Марна Клете.Қазақстан – әлемдік тау-кен секторының картасындағы жаңа нүктеҚазақстан қазірдің өзінде әлемдік пайдалы қазбаларды өндіруде жетекші орынға ие:Уран өндіруден әлемде 1-ші орын.Хромит өндіру бойынша 2 орынМыс, мырыш, темір рудасы және көмірдің негізгі өндірушісіДегенмен, мемлекет мыстың жаңа табылулары тұрғысынан әлі де зерттелмеген. Ivanhoe Mines пен Pallas Resources бірлескен кәсіпорны осы олқылықтың орнын толтырып, жаһандық мыс өндіру картасын өзгерте алатын жаңа кен орындарын ашуды мақсат етеді.Ivanhoe Mines компаниясы туралыIvanhoe Mines – Африкадағы ірі мыс, платиноид, никель және мырыш кен орындарын игеруге және барлауға бағытталған канадалық тау-кен компаниясы. Компанияның негізгі жобаларының қатарында:1. Kamoa-Kakula кешені: Конго Демократиялық Республикасында (КДР) орналасқан бұл жоба әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан және жоғары сапалы мыс кен орындарының бірі болып саналады. 2024 жылы кешендегі мыс өндірісі 437 061 тоннаға жетті, кеңейтудің үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін жылдық өндіріс 600 000 тоннадан асады деп күтілуде.2. Platreef кен орны: Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясында орналасқан. Бұл кен орнында платина, палладий, никель, мыс, родий және алтын бар. Platreef әлемдегі ең ірі платина кеніштерінің біріне айналады деп күтілуде.3. Kipushi кеніші: КДР-да, Кипуши қаласына жақын жерде орналасқан . Тарихи тұрғыдан бұл кеніш мыс пен мырыш өндірісімен танымал болған. Біраз әрекетсіздіктен кейін Айвенхоу Майнз кеніште мырыш өндірісін қалпына келтіру үшін Gécamines мемлекеттік компаниясымен жұмыс істеуде. Дамудың алғашқы бес жылында мырыштың орташа құрамы 36,4% құрайды деп күтілуде.4. Ою Толгой әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс және алтын кен орны болып саналады. Ол Гоби шөлінде, Қытаймен шекаралас Моңғолиядан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан. Ivanhoe 2008 жылғы наурыздағы деректері бойынша кен орнының қоры 35,74 млн тонна мыс пен 45,2 млн унция алтынға бағаланады.Одан бөлек, Ivanhoe Mines компаниясы өзінің Конго Демократиялық Республикадағы Kamoa-Kakula кешенінің жанында Батыс етегіндегі (Western Foreland) лицензиялары бойынша жаңа мыс кен орындарын белсенді түрде барлауда.Осы тізім Орталық Азиядағы ең ірі мыс барлау бағдарламасы болып табылатын Қазақстандағы Шу-Сарысу жобасымен толықтырылды .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/937795