Enbekshi QazaQ

Қуқық

Үшжақты меморандумға қол қойылды 11.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу жобасы бойынша жиын өтті. Оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері және қордан балаларының еміне көмек алған ата-аналар қатысты.Басқосуда Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Р и А Сервис ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.Аймақ басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен жобалар қолға алынған.Бүгін қордың қолдауымен Қызылорда қаласынан құны 2 млрд. 900 млн. теңге (қор – 2 млрд. 300 млн. теңге, ОБ – 600 млн. теңге) болатын денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу үшін үшжақты келісімге қол қою рәсіміне жиналдық.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Облыс бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталуда.Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік!» үндеуіне орай жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар, облыстан шыққан меценаттар ортақ іске белсенді араласып, қайырымдылық шараларына, Сыр елін көркейтуге үлес қосуда.Бүгінде демеушілердің 50 млрд. теңгеден астам қаржысына іргелі істер атқарылды. Қор ұжымына қажырлы да қомақты еңбегі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Болашақта да қарым-қатынасымыз өзара тиімді негізде құрылады деп үміттенеміз», – деді Н.Нәлібаев.Жиында Ләззат Шыңғысбаева өңірдегі жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен еңбек ардагері, қоғам қайраткері Ибрагим Абибуллаев бастамаларға сәттілік тіледі. Ата-аналар атынан Досбол Сәттібаев қор ұжымына лебізін білдірді.Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймағымызда 7 млрд. 150 млн теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. 800 млн. теңге қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында және Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» орталықтары ашылып, қажетті дәрі-дәрмек алынды.Қордың қолдауымен Арал ауданында да «Қамқорлық» орталығы салынуда. Мамыр айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, облыстық онкология орталығын құны 1 млрд. 100 млн. теңге болатын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Бұл кешен еліміздің 3 өңірінде ғана бар. Қазіргі кезде аймақтың шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетеді.«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын да іске асыруда. Жоба аясында 2022-2024 жылдары 6 мектеп 1 млрд. 500 млн. теңгеге қайта жабдықталды. Биыл тағы 2 мектепке 500 млн теңге қаржы қаралған.Қор демеушілігімен 172,5 млн. теңгеге жылдам тұрғызылатын ангар типтес спорт кешені Шиелі ауданы Ақтоған ауылында салынып, ел игілігіне табысталды. Жалағаш ауданы Аққыр ауылындағы спорт кешені жақын күндері пайдалануға беріледі. Ал Сырдария ауданына спорттық құрал-жабдықтар алынып, бөлмелер жабдықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/972290?lang=kk
Үкіметте кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 11.04.2025
Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. Олар қазіргі реттеу ортасының жай-күйі мен бизнес саласындағы негізгі мәселелерді талқылады.Кездесу барысында бірқатар маңызды бағыттар бойынша реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды. Негізгі мәселелердің бірі жеңіл өнеркәсіп тауарларының таңбалануын және қадағалануын енгізу, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу болды. Зияткерлік меншік құқықтарының объектілерін пайдалануды бақылау, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтың белгіленген стандарттарға сәйкестігін міндетті түрде растау мәселелері талқыланды.Талқылаудың маңызды бөлігі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының ұсынымдары болды.Мемлекеттік реттеуші органдар мен комиссия мүшелері ұсынған тұжырымдар негізінде реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралып, мақұлданды.Серік Жұманғарин бизнес-қауымдастықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік реттеуші органдарға енгізіліп жатқан реттеу құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Бұдан бөлек, отырыста бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін Ұлттық экономика вице-министрі төрағалық ететін әрі «Атамекен» ҰКП тең төрағалығымен жұмыс тобын құру ұсынылды. Бұл жұмыс тобы екі аптада бір рет тұрақты түрде бас қосып, әр сала бойынша кәсіпкерлер тап болатын мәселелерге назар аударатын болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/972289?lang=kk
Медицина саласындағы жобалар талқыланды 11.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен кездесті. Кездесуде медицинада, оның ішінде нейрохирургия саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.Қызылорда облысында 25 төсек-орынға арналған нейрохирургиялық бөлімше тұрғындарға қызмет көрсетеді, 11 нейрохирург маман бар. Бір жылда 6 түрлі күрделі нейрохирургиялық ота тәжірибеге енгізілсе, биыл да осынша жаңашылдық жоспарлануда.Соңғы үш жылда 4 аудандық, Байқоңыр қалалық ауруханасы, облыстық және қалалық көпбейінді ауруханалар 7 КТ аппаратымен қамтамасыз етілсе, көпбейінді облыстық ауруханаға 1 МРТ аппараты қойылды. Аймақ дәрігерлері 658 нейрохирургиялық ота жасаған.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салу көзделген. Ұлттық жобамен 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 1 медициналық бекет пайдалануға берілді.Биыл Арнаулы мемлекеттік қордан Шиелі, Арал, Жаңақорған, Қазалы көпбейінді аудандық аурухана ғимараттарына қосымша құрылыс салу үшін қаржы бөлу жоспарлануда.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жалағаш ауданы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Қызылорда қаласында 2 медициналық нысан іске қосылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік, Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсектік ауылдық аурухана қолданысқа берілді.Облыс орталығында 300 орындық көпбейінді аурухана салынуда. Өткен жылдың шілде айында облыстық қан орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/972288?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: астаналық журналистерге парадқа дайындық қалай өтіп жатқаны көрсетілді 11.04.2025
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер елордадағы 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықты көріп қайтты.Баспасөз туры жеке құрамның жаттығуларын көрсетуден басталды. Плацта 3000-нан астам офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметші және мерзімді қызмет сарбазы дайындалып жатты. Өзге бөлімшелер жақын арада жалпы топқа қосылады. – Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей дене дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды. Барлық әскери қызметшілердің бойынша Қарулы күштерге деген мақтанышқа негізделген жоғары мотивация бар, – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Парадтық есептоптардың негізін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің есептоптары да қатысады.Сондай-ақ журналистерге әскери қызметшілер тұратын шатырлы қалашық, шаруашылық жабдықтау пунктері, далалық госпиталь көрсетілді.Техникалық аймақта қонақтарға соғыс жылдарындағы техника мен заманауи жауынгерлік машиналарды парадқа дайындайтын мамандарды көруге де мүмкіндік берілді. Іс-шара жауынгерлік техника легінің өтумен аяқталды. Олардың қатарында әйгілі Т-34 танктері және ЗИС-2 (калибрі 57 мм) зеңбіректері бар ЗИЛ-157, М-30 (калибрі 122 мм) гаубицалары бар ЗИЛ-157, есептоптарымен БМ-13 «Катюша» автомобильдері бар. Шерудің қазіргі бөлігінде еліміздің бас алаңы бойынша «Арлан», «Cobra» сауытты дөңгелекті машиналары, «Стрела-10», «ТОР» және «БУК» зениттік зымыран кешендері, БТР-82А, «Алмаз» және «Агат» мобильді кешендері, «TEODor» роботехникалық кешені, есептік-талдамалық станция кешені және қару-жарақ пен әскери техниканың басқа да жоғары технологиялық үлгілері жүріп өтеді.Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру дәстүрлі түрде 7 мамырда Астанада өтеді.  Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады. Шерудің әуе бөлігін майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/972283?lang=kk
Саяси диалог және экономикалық қатынастар - Қазақстан мен Ангола Сыртқы істер министрлерінің назарында 11.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 қыркүйек – Ангола Республикасының Сыртқы істер министрі, Ангола Республикасы Президентінің арнайы өкілі Мануэл Домингуш Аугушту Қазақстанға алғаш рет сапармен келді.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдары ортақ екенін растады, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, түрлі салалардағы келешегін атап өтті.Қазақстан Анголамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Кеңес Одағынан бастап Қазақстан мен Ангола достық қарым-қатынастарды ұстанады. Ангола қоғамында жауапты лауазымдарға ие Анголаның көптеген студенттері қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алды. 1975 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақстандық мамандар Анголадағы өндірістік нысандарды құруға белсенді қатысқандығы атап өтілді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі аясында Африка одағының бейбітшілік пен қауіпсіздік кеңесінде Анголаның алдағы төрағалығына байланысты және дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының бірінің күн тәртібінде Африка мәселелерінің қарастырылуын ескере отырып, тиімді өзара әрекеттестік туралы пікір алмасты.Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларын қоса алғанда барлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін қажетті әлеуетке ие екендігін мәлімдеді. Осыған орай, М. Аугушту Ангола бизнес қауымдастығының ірі өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы ниет білдірді. Ангола тарапы тау-кен өнеркәсібі мен теміржол құрылысы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне айрықша қызығушылық танытты.Атап айтқанда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобасы, «Белдеу және жол» бастамасы, сондай-ақ Африканың теміржол аралық континенттiк байланысын дамыту Қазақстанның осы континентпен байланысына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22449?lang=kk
Экономикалық дипломатия – Қазақстан-Словения өзара іс-қимылының басымдығы 11.04.2025
БЛЕД (СЛОВЕНИЯ), 2018 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан мен Словения халықаралық аренада экономикалық дипломатия мен ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, саяси тұрғыдағы жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға ниетті. Бүгін өткен Қазақстан-Словения саяси консультацияларының басты күн тәртібі осындай.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Словения делегациясын - Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логар басқарды.Дипломаттар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің кең ауқымын егжей-тегжейлі талқылап, әріптестікті кеңейтуге деген өзара бейілділігін растады. Сыртқы істер министрліктері арасында экономикалық дипломатия аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді (2017 жылы екіжақты сауда айналымы 100 млн. еуродан астам құрады). Р. Василенко бүгін ҚР СІМ алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту болып табылатынын айтты.Осыған орай, 2018 жылғы 5-6 маусымда Астанада өткен Қазақстан-Словения экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының нәтижелерін, сондай-ақ екіжақты бизнес-форум аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.Сонымен қатар, өз салаларында көшбасшы болып табылатын және бүкіл әлемде өкілдіктері бар Словения компанияларының – KRKA (дәрі дәрмектер), Iskratel Group (IT шешімдер), Gorenje (тұрмыстық техника), Bisol Group (күн батареясы) табысты жұмысы атап өтілді. Жалпы, Қазақстанда 20-ға жуық Словения компаниялары қызмет көрсетеді.Тараптар ынтымақтастықтың IT (ақпараттық технологиялар), фармацевтика, көлік инфрақұрылымы, логистика, туризм, сауықтыру медицинасы, жасыл технологиялар және басқа да салаларын перспективалы деп белгіледі.Р. Василенко словениялық әріптестерін қазақстандық экономикаға инвестициялау мүмкіндіктері және Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін артықшылықтар туралы хабардар етті. Осыған орай, Словения тарапын «ЭКСПО-2017» базасындағы жобалар – «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, IT-стартаптар халықаралық технопаркін және «жасыл» технологиялар және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын дамыту орталығын іске асырудағы белсенді ынтымақтастыққа шақырды.Сондай-ақ, тараптар Еуразиядағы транзит-көліктік әлеуетті дамыту аясындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде «Белдеу және жол» бастамасын және Словенияның Копер портының мүмкіндіктерін пайдалану іске асыру өзара іс-қимылды жандандыруға деген ортақ ынталарын растады.Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі, Сириялық реттеу жөніндегі Астана процесі, Орталық Азия, Еуропалық Одақ және Балқан өңірінің елдері арасындағы өзара іс-қимылдың песрпектива мәселелері бойынша пікір алмасулар орын алды. Р. Василенко Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер бастау мәселесі бойынша қолдау көрсеткені үшін Словения тарапына алғысын білдірді.Қазақстандық дипломат Словенияда болған кезде Қазақстанның Марибор мен Ново-Горица қалаларындағы Құрметті консулдары Горазд Шифрер мен Димитрий Пициганың қызметімен танысты, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Орталық және Шығыс Еуропадағы тәуелсіз өкілі болып табылатын Қазақстан-Словения бизнес клубының Президенті Деян Штанцермен сұхбат өткізді.Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары сапар барысында Словенияның Повир ауылындағы әзірше «Кассе Себеро» ретінде белгілі Қазақстанның қаһарман-партизанының қабіріне гүл қойды. Бүгінгі күні, ҚР құзыретті органдары 1943 жылы қайтыс болған жауынгердің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22363?lang=kk
Қазақстан Орталық Азияда географиялық нұсқамаларды ілгерілету жөніндегі жобаны іске қосуға қатысты 11.04.2025
2025 жылғы 7-8 сәуірде Алматыда Hilfswerk International коммерциялық қайырымдылық ұйымы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азиядағы географиялық нұсқамаларды дамытуға жәрдемдесу – жаңа тіркелген ГН-ды ілгерілету» жобасының бастапқы кездесуі өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М.Н. Сиротина қатысты. Сондай-ақ, талқылауға Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.Жоба Орталық Азия елдерінде тіркелген үш географиялық нұсқамаларды ілгерілетуді қамтиды. Қазақстаннан «Алматы апорты» географиялық нұсқамасы таңдалды – Қазақстанның шегінен тыс жерлерде танымал, қаланың мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған алманың әйгілі сорты.Анықтама ретінде: Географиялық нұсқамалар белгілі бір аумақпен — оның табиғи жағдайларымен, тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты өнімді белгілеу үшін қолданылады. Мұндай белгілердің құқықтық қорғалуы бірегей сипаттамалары бар тауарларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, жергілікті брендтердің қалыптасуына, инвестициялар тартуға және туризмді дамытуға ықпал етеді. Бұл әсіресе аграрлық және қолөнер өнімдеріне қатысты, олардың әлеуеті оның шығу тегінің түпнұсқалығы арқылы ашылады.Кездесуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының өкілдері де қатысты. Жоба аясында бұл елдерде Ат-Башин ақ балы (Қырғызстан) және Аштақ (Тәжікстаннан кептірілген өрік) сияқты географиялық нұсқамалар ілгерілеуде. Бұл өнімдерде Алматы апорты тәрізді өңірдің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін бірегей сипаттамаларға ие.Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастығы зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Географиялық нұсқамалар бойынша халықаралық бастамаларға қатысу жергілікті өндірушілерге экспорттық перспективалардың ауқымын кеңейте отырып және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, өздерін әлемдік аренада танытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972110?lang=kk
Сьерра-Леоне Республикасының СІМ басшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді 11.04.2025
Астана, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті.Сұхбат барысында министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, екіжақты байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлді.Осы орайда тараптар шарттық-құқықтық базаны жетілдіру және түрлі деңгейлерде сапарлармен алмасу тәжірибесін дамыту бойынша күш-жігер жұмсауға дайын екенін білдірді.«Географиялық қашықтыққа қарамастан біз сенім мен теңдікке негізделген ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытудамыз. Сауда, көлік және логистика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда жемісті ынтымақтастыққа зор әлеует бар», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қазақстанның әлемдегі ең ірі он астық өндіруші елдің бірі және Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланып, астық, дәнді және майлы дақылдар, жоғары сапалы ет және органикалық өнімдерді Африка елдеріне жеткізуге мүдделі екені аталып өтті.Сонымен қатар министрлер ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы, оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі IT стартап-парк «Astana Hub» базасындағы ынтымақтастықты талқылады. Өткен жылы осы салада меморандумға қол қойылып, Қазақстан «KazAID» агенттігі арқылы Сьерра-Леонемен e-Gov компоненттік элементтерімен бөлісті.Қазақстан СІМ басшысы өз әріптесіне Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына қолдау көрсеткені және тең авторы болғаны үшін алғысын білдірді. Ол Астананың тұрақты даму саласында әрі қарай ынтымақтастыққа және халықаралық бастамалар шеңберінде белсенді серікттестікке дайын екенін атап өтті.Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты және түрлі деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруді жалғастыруға келісті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/971930?lang=kk
Алматы облысында саяжай алқаптары елді мекендер құрамына енгізілуде 11.04.2025
Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе — саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда.Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алматы облысының Архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде жалпы саны 677 саяжай массиві тіркелген.Саяжай алқаптарының ең көбі Қарасай ауданында – 203, Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21, Қонаев қаласында – 9 және жаңадан құрылған Алатау қаласында – 40.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы Алматы облысы бойынша 367 саяжай массивін елді мекендерге қосу үшін қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл – өңір тарихындағы саяжай мәселесін кешенді түрде шешуге арналған алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі.Іле ауданында88 саяжай массиві 8 ауылдың құрамына енгізілді. Атап айтқанда, КазЦИК, Көкқайнар, Жапек батыр, Косөзен, Байсерке, Қоянқұс, Комсомол, Жанаталап ауылдарына тиесілі саяжайлар енді заңды түрде елді мекендер шекарасына кірді. Бұл өзгерістердің барлығы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы шешімдерімен бекітілді.Қарасай ауданында6 елді мекеннің аумағына 102 саяжай массиві енгізілді. Оның ішінде:•Қаскелең қаласына – 44,•Қырғауылды ауылына – 21,•Алмалыбақ ауылына – 26,•Қошмамбет, Елтай және Долан ауылдарына – 11 саяжай массиві қосылды.Бас жоспарлар 2024 жылдың ақпан айында аудандық мәслихат шешімдерімен бекітілді.Талғар ауданында6 елді мекен бойынша 93 саяжай массиві елді мекен құрамына енгізілді. Бұл ауылдардың қатарында Кендала, Ақтас, Бесағаш, Тұздыбастау, Байбұлақ және Қызылту бар. Барлық жоспарлар 2024 жылдың 26 қаңтарында Талғар аудандық мәслихаты шешімімен бекітілді.Еңбекшіқазақ ауданындаБайтерек ауылы мен Есік қаласына тиесілі 35 саяжай массиві елді мекендердің шекарасына енгізілді. Құжаттар 2023 жылдың желтоқсанында бекітілген.Қонаев және Алатау қалалары Қонаев қаласына – 9, Алатау қаласына – 40 саяжай массиві қосылды. Қалалардың бас жоспарлары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2023 және 2024 жылдары бекітілді. 2024 жылы облыс бойынша 51 елді мекенге қатысты жаңа қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесінде, шамамен 15 383 жер телімі елді мекендердің шекарасына ресми түрде енгізілмек. Оның ішінде:•Іле ауданында – 30 саяжай массиві,•Талғар ауданында – 19,•Қарасай ауданында – 27.2025 жылы Қарасай ауданының Тұрар, Көлді, Бекболат, және Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылдарына қатысты 23 саяжай массивін заңдастыру бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Бұл жерлердің жалпы ауданы – 123,04 гектар.Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1-тармағына сәйкес, бекітілген бас жоспарлар негізінде елді мекендердің шекараларын нақтылау жұмыстарын жүргізуде.Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №18-ӨН/Қ өкімімен, саяжай массивтері бойынша өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топтың жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, тұрғындардың көп жылдан бері көтеріп жүрген мәселелеріне нақты жауаптар берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971790?lang=kk
Республикалық жастар форумына қатысушылар тал егу акциясына қатысты 11.04.2025
Бүгін республикалық жастар форумына қатысушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағындағы тал егу акциясына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әр өңірден келген делегациялар көшет отырғызды.Форум қатысушылары табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Жастардың экологиялық мәдениетін көтеру, айналаны ластамауды насихаттау үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.Еске салайық, аймақта Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтуде. Ертең қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшу сәтін тамашалайды. Ғарыш саласының даму кезеңдерімен, жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысу үшін музейге саяхаттайды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастарының» туларын ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырады.Сондай-ақ, қонақтар сәулет өнерінің ерекше үлгісі Қорқыт ата мемориалдық кешеніндегі музеймен танысып, мәдени шараның куәсі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971473?lang=kk
Елордалық бригаданың әскери қызметшілері Жауынгерлік тумен қоштасты 11.04.2025
Астанадағы 68665 әскери бөлімінде өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған жауынгерлерді шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға әскери бөлім қолбасшылығы, Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Мерзімді қызметін өткерген 165 сарбаз бір жыл ішінде әскери-есептік мамандықтарды игеріп, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.– Бір жыл бойы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін зерделедіңдер. Әрине, шынығып, шымыр да болдыңдар. Отан алдындағы борыштарыңды адал атқарып, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын. Әскерде алған білімдерің алдағы азаматтық өмірде де қажеттеріңе жарайтынына сенімімдімін, – деп атап өтті бригада командирі подполковник Абай Әлібеков.Дәстүр бойынша әскери даңқ символымен қоштасу рәсімін жасау құқығы үздіктердің үздігі қатардағы жауынгер Қайрат Асқарға бұйырды.Қатардағы жауынгер Марат Абылай үшін астаналық бригада екінші үйіндей болып кеткен. Себебі ол бұл жерде көптеген достар тапты.– Біз мұнда көп нәрсе үйрендік. Әсіресе, ана-ана мен достықты бағалауды үйрендік. Бізді қолдап, жанашырлық танытып, әскердегі өмір жолынан өтуге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын, – деді ол.Қоштасу жиыны кезінде әр сарбазға грамоталар мен естелік қолсағаттар табыс етілді.Білім беру жеңілдігі мен әскерде жүріп еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын меңгеру мүмкіндігінің болуы жастардың болашақ жолды таңдау көкжиегінің едәуір кеңейгенін көрсетеді. Бұл жолғы запасқа шығарылған жастардың арасынан 91 сарбаздың жоғары оқу орындарына түсуге өтініш бергенін айта кету керек.Астаналық арнайы мақсаттағы бригада құрылған сәттен бастап оған елдің маңызды стратегиялық объектілерінің қорғанысын қорғау міндеттері жүктелген. Бөлімнің әскери қызметшілері алдына қойған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға қабілетті екенін бірнеше рет дәлелдеді. Бүгінде бұл бөлімше елордада орналасқан элиталық әскери бөлімдердің бірі саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971460?lang=kk
Сыр өңірінде жастарды қолдауда жүйелі жұмыстар бар 11.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова және «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті.Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 30 жылдығы аясында өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.Қызылорда облысында білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте еңбек ететін, мемлекеттік жастар саясатының дамуына өзіндік үлесін қосқандарға облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы жыл сайын табысталып келеді. Баспанаға мұқтаждық мәселесін шешу үшін «Сыр жастары» бағдарламасы қолға алынды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді.«Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамтуға бағытталған, өңірлік тың жоба, аймақ жастарын қолдау мен қамқорлықтың жарқын үлгісі.Аудан орталықтарының барлығында типтік үлгідегі «Руханият орталықтары» бой көтерді. Бұл ғимаратта ардагерлер, аналар кеңесі, архив, музей, жастар орталықтарымен бірге Ассамблея мүшелеріне де «Қоғамдық келісім» кабинеті қарастырылған. Онда жергілікті этномәдени бірлестіктер бас қосады. Облыстық этномәдени бірлестіктер «Достық үйінде», ал аудандарда «Руханият орталықтарында» белсенді жұмыс жасап, этносаралық қатынастың нығаюына септігін тигізе бермек. Биыл Қызылорда қаласындағы Бейбарыс сұлтан көшесінің бойынан жаңа үлгідегі «Достық үйінің» құрылысы басталды. Ғимарат жыл соңында ел игілігіне беріледі.Нурия Ниязова мен Тимур Жұмырбаев Сыр елінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, осы істердің барлығы жастардың, этнос өкілдерінің, жалпы тұрғындар арасындағы татулықты, келісімді одан әрі нығайтатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971427?lang=kk
«Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті 11.04.2025
Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті. Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жастар жанашырлары Нұрия Ниязова, Ғылым және білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, барлық өңірден келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, басқосу жұмысына сәттілік тіледі.«Баршаңызды бірліктің ұйытқысы болып, еліміздегі этносаралық достық пен толеранттылықтың үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өздеріңізбен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Сыр елі – достық мекені» атты форумда жүздескеніме қуаныштымын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет», – деген болатын. Сыр өңірінде әр салада, атап айтқанда, білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте табысты еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге жеткен жастарға жыл сайын «Сыр үміті» облыстық жастар сыйлығы табысталып келеді. Баспана мәселесін шешу үшін 2023 жылдан бері «Сыр жастары» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы жүзеге асуда. Оған жыл сайын жергілікті бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1 млрд 200 млн теңге бөлінеді. Ассамблеяның мерейлі жылы аясындағы қуанышты жаңалық – Қызылорда қаласында жаңадан «Достық үйі» салынуда. Бұл бірлік пен ынтымақты нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады. Тағы бір ерекше жаңалығымыз, алдағы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» ашылады», – деді Н.Нәлібаев.Жиынға қатысушылар Нұрия Исмагилқызы, Ақерке Абылайханқызы және Тимур Ғабдулұлының атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге арналған баяндамаларын тыңдады.Ертең қонақтар Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсияға барып, зымыран ұшырылымын тамашалайды. Байқоңыр музейінде ғарыш саласының даму кезеңдерімен, еліміздің ғарыштық жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және Ассамблея жастарының тулары ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырылады. Осылайша Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық эмблемасы бейнеленген ту ғарышқа алғаш рет көтеріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971415?lang=kk
"Жеңіске 100 күн" акциясы: әскери қызметшілер, ардагерлер мен курсанттар соғыс қаһармандарын еске алды 11.04.2025
Алматыда Қарулы күштер ардагерлерінің бастамасымен 1 Кеңсай мен Орталық зиратта жерленген Ұлы Отан соғысы батырлары қабірлерінің басында іс-шара ұйымдастырылды.Оған қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері, "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ филиалының басшылығы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, Политехникалық университет пен Азаматтық авиация академиясы әскери кафедрасының студенттері қатысты.Кеңсай зиратында екі мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының Батыры полковник Бауыржан Момышұлы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, Халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев және Қасым Қайсенов жерленген. Акцияға қатысушылар қабірлердің айналасын ретке келтіріп, плиталар мен ескерткіштерді тазартты.- Бүгін мұнда бірнеше ұрпақтың өкілі жиналды. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз Ұлы Отан соғысы майданында жанқиярлықпен шайқасты. Олардың ерлігін есте сақтаймыз. Майдангерлердің жауынгерлік және өмір жолы болашақ Отан қорғаушылар үшін үлгі. Сондықтан Жеңіс күні қарсаңында зират басына келіп, қаһармандардың рухына тағзым еттік, - деді "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин. Сол күні Алматы қаласының Орталық зиратында Азаматтық авиация академиясы әскери кафедрасының студенттері аты аңызға айналған ұшқыш Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерал-майоры Сергей Луганскийдің қабіріне  жиналды. Мұндағы іс-шара Әуе қорғанысы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Валерий Кузьменконың басшылығымен өтті."Жеңіске 100 күн" акциясы жалғасуда. Оған қатысушылар түрлі іс-шаралар өткізіп, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жәрдем көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971395?lang=kk
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиевтің Бельгия Корольдігіне сапары 11.04.2025
Брюссельде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Бельгия Корольдігінің Федералды Вице-премьері – Қаржы және зейнетақымен қамсыздандыру министрі Ян Ямбонмен кездесті.Оның барысында Мәди Төкешұлы бельгиялық әріптесін жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастық одан әрі нығайып, табысты әрі жемісті жалғасын табатынына сенім білдірді.Бұған қоса М.Такиев Қазақстанның аталған елмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге және өзара сауда көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін жеткізді.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қаржы министрліктері арасында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қоюға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/971245?lang=kk
Суды пайдалану мәселесі Қазақстан мен Швейцарияның басты назарында 11.04.2025
19 маусымда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Швейцария Сыртқы істер федеральді департаментінің (министр) басшысы Дидье Буркхальтермен кездесті.Қ. Әбдірахманов Швейцария Қазақстанның ең ірі сауда және инвесициялық әріптестерінің бірі болып табылатынын назарға ала отырып, екі ел арасындағы саяси және экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті, 2016 жылы екіжақты сауда айналымы 2,8 млрд. долларды құраған.БҰҰ аясындағы өзара ынтымақтастыққа байланысты Қ.Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-інші сессия барысында жариялаған, халықаралық құқық қағидаттарын қайта растау жөніндегі конференциясын шақыру, БҰҰ мүше мемлекеттердің қорғаныс бюджеттерінің 1 пайызын БҰҰ даму қорына аудару және Жаһандық антитеррористік желіні (коалиция) қалыптастыру бастамаларының өзектілігін атап өтті.Д. Буркхальтер Қазақстанның халықаралық алаңдағы, соның ішінде Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі астаналық процесс шеңберіндегі рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Швейцария өңірдің кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ Орталық Азияда су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі бойынша Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға дайын.Сол күні Астанада Қазақстан мен Швейцарияның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Орталық Азия елдері мен Швейцария сарапшылары қатысатын, «Орталық Азиядағы су әлемі: 2030 жылға арналған күн тәртібі – су қауіпсіздігі және өзара тиімді өсім» атты 3-інші халықаралық конференциясында сөз сөйледі.Қ. Әбдірахманов атап өткендей, Орталық Азия қазіргі таңда өңірдегі және жалпы әлемдегі көптеген проблемаларды бірыңғай майданмен шешуге тырысуда. «Біз су ресурстарының проблемалары бойынша өңірдегі диалогтың оң серпінін байқаудамыз және бұл мәселеде айтарлықтай тәжірибесі бар Швейцарияның осы үдеріске қосылуын қолдаймыз», – деп айтты ол.Судың жетіспеушілігі ең ірі он жаһандық сын-қатерлердің бірі болып есептеледі. Осыған орай, Қазақстанның басты мақсаттары: суды үнемдейтін технологияларды пайдалану есебінен халықты және өнеркәсіпті су ресурстарымен қамтамасыз ету, су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру және судың экологиялық жүйелерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру.Д. Буркхальтер өз сөзінде Еуропаның көптеген өзендерінің суағары Швейцариядан бастау алатыны туралы айтып, Орталық Азия мемлекеттерімен су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.«Біз үдеріске талдау жасауға, саяси диалогты жандандыруға және өңірдегі су мәселелерін шешуде жәрдем етуге ниетімізді білдіреміз», – деп атап өтті Швейцария сыртқы саясат ведомствосының басшысы.Швейцария мен Орталық Азия елдерінің қатысуымен болған су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі конференциялар 2014 жылы қарашада Базелде және 2016 жылы қыркүйекте Алматыда өткен.Д. Буркхальтер «ЭКСПО-2017» көрмесінде Швейцария павильонын аралап көрді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/21387?lang=kk
Алматы облысында колледж студенттері антифриз өндіретін зауыттың жұмысымен танысты 11.04.2025
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында химиялық өнім шығаратын кәсіпорынға колледж студенттерінің танымдық экскурсиясы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – «AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы».30-дан астам студент Қонаев қаласында орналасқан «Бағашар Мекен» зауытына барып, өндірістік цехтардың, зертханалардың жұмысын көріп, сапаны бақылау жүйесімен танысты.Сапар барысында колледждер, кәсіпорын және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі мен үздік түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру көзделген.«Біздің мақсатымыз – жастардың теориялық біліммен қатар нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына жағдай жасау. Жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі», – деді «Жастар Рухы» ұйымының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.«Бағашар Мекен» ЖШС – Қазақстандағы антифризді өнеркәсіптік негізде өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыттың қуаттылығы жылына 25 мың тонна өнім шығаруға жетеді. Өнім ішкі нарықпен қатар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталады. Кәсіпорында 200-ге жуық адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар.Жыл басынан бері «Жастар Рухының» бастамасымен облыс аумағындағы алты өндірістік нысанға экскурсия ұйымдастырылып, 100-ден астам студент қамтылды.Жыл соңына дейін тағы 20 колледжбен меморандумға қол қойылып, 500-ден астам студентке өндірістік тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971186?lang=kk
Әскери қызметшілер тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды 11.04.2025
Пшихавр шатқалындағы Ішкі әскерлердің біріккен ротасы (қазіргі ҚР Ұлттық ұланы) күші басым содырлар тарапынан шабуылға ұшыраған қайғылы күннің 30 жылдығына орай Астанада еске алу шаралары өтті. Осыдан 11 жыл бұрын 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскерлердің 17 жауынгерінің есімдерін мәңгі жадымызда сақтау үшін орнатылған ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Іс-шараға Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ өкілдері, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері қатысты.Рәсім бір минут үнсіздіктен басталды. Сол ұрыста қаза тапқандардың бірі қатардағы жауынгер Ербол Бекебаевтың анасы Жанат Елубайқызы өз естеліктерін айтып берді. Анасының айтуынша ұлы үлкен жүректі, болашағына сенетін арманшыл қарапайым жігіт болған.– Сын сағатта да ол әскери борышына адал болып, адам нанғысыз табандылық танытты, осы қалпында туған-туыстарының және халқының жадында мәңгі қалады, – деді Жанат Бекебаева.Сол күні ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлттық ұланның бейне студиясы дайындаған, тәжік-ауған шекарасындағы шайқас туралы баяндайтын деректі фильмнің көрсетілімі өтті.Бұл күні Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде жас жауынгерлердің бойында патриотизмді қалыптастыруға тәрбиелейтін және батырларды еске алу шаралары өткізілетінін айта кеткен жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971158?lang=kk
Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің бесінші кезеңіне аккредиттеу туралы 11.04.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 4-5 шілдеде орын алады.Сіздерді 5 шілдеде «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 3 шілдеде сағат 12.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын және паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін «Syrian talks» тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/21204?lang=kk
Бас штаб бастығы еліміздің шығысындағы әскери бөлімдер мен мекемелерді тексерді 11.04.2025
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында Абай облысының әкімі Берік Уәлимен және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесті. Министрдің бірінші орынбасары атқарушы органдардың басшыларымен  өңірлердің қорғаныс әлеуетін нығайту, аумақтық қорғаныс құрамаларын жарақтандыру және әскери дайындалған резервті дайындау мәселелерін талқылады.Абай гарнизонында Бас штаб бастығы 54835 әскери бөлімінің авиациялық техника тұрақтарының техникалық жағдайын зерделеді. Аумақтық қорғаныс құрамасының күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттарының құрылыс сапасы мен орындау мерзімдеріне назар аударды.  Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов әскери госпитальдегі жөндеу жұмыстарының да орындалу барысын тексерді.Ол сондай-ақ, 12794 әскери бөлімінің әскери техника паркінде болды. Әскери бөлімдерге жас сарбаздардың келуіне байланысты Бас штаб бастығы казармалық қор мен оқу орталығының жай-күйін, сондай-ақ әскери бөлімдердің әскерге шақырылушыларды орналастыруға және оқытуға дайындығын егжей-тегжейлі зерделеді.Өскемен гарнизонының Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы механикаландырылған құрамасында Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бөлім командирінің баяндамасын тыңдады.Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барған кезде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскерге шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға, әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізуге және психологиялық тестілеуге ерекше назар аударды.Әскери-техникалық мектептің филиалында ол оқу процесінің ерекшеліктерімен, оның материалдық-техникалық базасымен танысты. Курсанттармен әңгімелесу барысында әскери-есептік мамандықты игерудегі жетістіктер мен олардың болашақтағы жоспарларымен танысты.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов гарнизондардың әскери инфрақұрылымын дамыту, әскери объектілерді техникалық жарақтандыру және жеке құрам үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970788?lang=kk