Қуқық
Көкпекті ауданында шаруашылық құрылымдарының және кәсіпкерлердің ортақ қоры ашылды 14.02.2025
Іс — шара аудандағы өмір сүру сапасын жақсарту үшін бизнес өкілдері, фермерлер мен жұртшылықты бір ортақ мақсатпен біріктірді. Шарада ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері ауданның дамуына ат салысуға дайын екендіктерін жеткізді. Қор бұқаралық спорттық-мәдени шараларды қаржыландырып, түрлі бастамаларға демеушілік көмек көрсетеді. Сондай-ақ қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға да қолұшын созбақ. Жас мамандарды қолдау мен оқытуға ерекше назар аударылады. Бұл болашақта ауданды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ететін стратегиялық бағыт. Бастама өндіріс көрсеткіштерін жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, экономикалық өсу және әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934188
Мақаншыдан жәрмеңке келді 14.02.2025
Семейде кезекті мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Мақаншы ауданы шаруаларының қала тұрғындары үшін әзірлеген жәрмеңкеге халық көп жиналды. Облыс орталығында өткен жылдың қараша айынан бері ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңке азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.Бүгінгі жәрмеңкеге Мақаншы ауданына қарасты ауылдық округтердің шаруалары қатысты. Шаруалар қалалықтардың қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие өнімдерін әкелген.«Біз Семей тұрғындарының сұранысын ескере отырып, жалпы салмағы 1,7 тонна болатын 7 сиыр, 5 бас қой етін, табиғи қоспасыз 20 литр сүт, 20 литр қаймақ, 20 келі май, 20 келі ірімшік әкелдік. Омарташылардың 70 келі балын сатылымға шығардық. Алакөлдің 90 келі балығы мен 50 келі нан өнімдерін сөреге қойып отырмыз», - дейді Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин.Бұдан бөлек көкөністерден 210 келі сәбіз, 1050 келі картоп, 260 келі қырыққабат, 180 келі пиязды нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудалады.Мақаншылықтар жәрмеңкені нағыз мерекеге айналдырып жібергендей. «Северный» сауда-логистикалық орталығының ауласына киіз үй тігіп, жәрмеңкеге келушілерге дастархан жайылды. Аудан жастары жәрмеңкешілерге ыстық шәй мен бауырсақ таратып, Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы семейліктердің көңілін көтерді.Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес мұндай жәрмеңкелер мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934225
Камила Харбинде бақ сынайды 14.02.2025
ІХ қысқы Азия ойындарында жарыс жолына шығатын тағы бір спортшымыз Камила Елгазинова. Үржар ауданында дүниеге келген ол шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері.2014 жылдан бері республикалық, 2022 жылдан бастап Әлемдік деңгейдегі жарыстар мен чемпионаттарға қатысып келеді. ҚР Чемпионатының жүлдегері.Абай облысы денешынықтыру және спорт басқармасының берген ақпарына сәйкес, жерлесіміздің алғашқы жаттықтырушысы Ербол Лепсибаев, қазіргі жаттықтырушысы Оксана Яцкая.Камила 9 ақпан күні сағат 11:00-де 5 шақырымдық із қуалау (гонка), 12 ақпан күні сағат 11:00-де 4х5 шақырымда эстафеталық жарыс жолына шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934245
Жарма және Аягөз аудандарындағы нысандарға экскурсия жүргізілді 14.02.2025
Жылу маусымының өту барысын бақылау мақсатында Абай ауданы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырхановпен бірге Жарма және Аягөз аудандарында болды.Жұмыс сапары барысында Шуақ кентіндегі және Шуақ кентіндегі жылу жүйелерінің ағымдағы жұмысы тексерілді. Жауапты тұлғаларға температуралық кестенің тұрақты сақталуын және жылу көздерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді.Сонымен қатар, апаттық-құтқару және жөндеу жасақтарының жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын үйлердегі, әлеуметтік және әкімшілік нысандардағы температуралық режимге бақылауды күшейту бойынша тапсырмалар берілді. Азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беріп, жылу жүйесіндегі ақауларды тез арада жою қажеттігіне ерекше назар аударылады.Қазіргі таңда облыста жылу беру маусымы әдеттегідей жалғасуда және тұрақты бақылауда.Сонымен қатар, «Ұлттық мектеп» жобасы аясында Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп құрылысының барысын тексеру жұмыстары жүргізілді. Нысан 2025 жылдың 25 тамызында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында шатырды орнату және үй-жайдың ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Нысанның мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын мұқият қадағалап, құрылыс қарқынын жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.Мұндай білім ошақтарының басты ерекшеліктерінің бірі – жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптар мен үстел ойындары орнатылатын оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындарының болуы. Сондай-ақ мектеп балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін озық бейнебақылау және кіруді басқару жүйелерімен жабдықталады.«Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКҚК үшін 10 төсектік жансақтау бөлімшесінің құрылысы 2025 жылға толықтай қаржыландырылды. Осыған байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарына тексеру жүргізілді.Бүгінгі таңда үй-жайларды ішкі безендіру жұмыстары жалғасуда, заманауи құрал-жабдықтар мен жиһаздар сатып алынуда.Салынып жатқан реанимация бөлімінде реанимация бөлмелері бар емдеу алаңы, медбикелерге арналған посттары бар реанимация палаталары, сондай-ақ жалпы аумақ бар. Бөлім жедел терминалдық жағдайы бар науқастарға жедел және ұзақ мерзімді реанимациялық шараларды жүргізуге арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934246
Денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды 14.02.2025
Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қатысты. Кездесуде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.Мәселен, өткен жылы денсаулық сақтау индикаторларының орындалуына талдау жасалды. Өңірде денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданды.Отырысқа қатысушылар ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударды. Денсаулық сақтау нысандарының ескіруі және ауылдық жерлерде медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселелері де көтерілді. Ұсынылған шешімдердің қатарында жаңа медициналық мекемелер салу және емделушілер үшін жатын орны қорын жақсарту бар.Отырыс барысында медицина саласындағы ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар айтылды.«Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау және қадағалау енгізілді. Бұл жаңалық жалған және контрафактілік өнімдермен күресуге, сондай-ақ дәрі-дәрмек айналымының заңдылығын бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2024 жылдың қазан айынан бастап облыста «Әлеуметтік әмиян» жобасын іске асыру басталды. Ол халық үшін дәрі — дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және оларды іске асырудың заңсыз схемаларын болдырмайды», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.Соңында өңірде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/934261
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады 14.02.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берілді.Президентке елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғаны баяндалды.Соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Сонымен қатар тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың барлық санаты бойынша ашылуы жақсара түскен.Ержан Сәденов қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. 2024 жылы полиция іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған.Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды. Соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Министрдің айтуынша, соңғы 12 айда есірткі таратуға қатысты ақпарат жариялаған 7500-ге жуық интернет-ресурс анықталды, 22 тоннаға жуық есірткі айналымға жіберілмеді, 64 есірткі зертханасы жойылды. Интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталды. Нөмірлерді ауыстыруға арналған 48 SIM-box құрылғысы әшкереленді. Алаяқтардың 2 миллиард теңгеден астам қаржыны елден шығаруына жол берілмеді.Ведомство басшысы кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.Akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/931494
Қазақстандық арнайы жасақтардың командалары халықаралық жарыстан елге оралды 14.02.2025
Қазақстандық арнайы бөліністердіңкомандалары БАӘ-ден елге оралды. Халықаралық «UAE SWAT Challenge» жарыстарында мемлекет намысынқорғап, үздік нәтиже көрсетті.Элиталық турнирдің жүлдегерлері мен қатысушыларын елорда әуежайында жақындары, әріптестері, сондай-ақ күштік құрылымдардың басшылығы салтанатпен қарсы алды. «Жауынгерлеріміздің жетістігі - бұл жеке жеңістері ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Бұл еліміздің күштік құрылымдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиімді орындауға әрдайым дайын екендіктерін көрсетеді. Сіздер баршаға өз күштеріңізді, төзімділік пен кәсібиліктеріңізді көрсетіп, әлемдік деңгейде арнайы бөліністердің элитасы арасында еліміздің позициясын нығайттыңыздар», - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.Бес күн бойы өткізілген «арнайы жасақ арасындағы олимпиада» әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команданы біріктірді. Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда қатысты.Әлемнің үздік жауынгерлері шынайы операциялар негізінде жасалған бес күрделі кезеңнен өтті. Әртүрлі тактикалық сценарийлер бойынша әзірленген сынақтар әлемдік стандарттарға сай жабдықталған Дубай полициясының оқу орталығының базасында жүргізілді. Бұл тактикалық операциялар, шабуылдау, адамдарды құтқару, биік нысандарды еңсеру және кедергілерден өту.Тартысты турнирде қазақстандық командалар жеделдік, ұйымшылдық, дәлдік және біліктіліктерін көрсетті. ІІМ «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орынға ие болды - олардың екеуі «алтын». Жалпы көрсеткіш бойынша«Сұңқар» сайыпқырандары жарыстың күміс жүлдегері атанды.Басқа да командалар қазақстандық жанкүйерлерді жоғары нәтижелерімен қуантты. Екінші кезеңде Мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar А» командасы «алтын» алса, ҚР ҰҚК-ның «Arystan Team» командасы екі кезеңде үздік үштіктен көрінді.ҚР ІІМ-нің «Tomiris» әйелдер командасы ерекше көзге түсті. Қазақстан атынан нәзік жандылардың құрамасы мұндай жарысқа алғаш рет қатысуда. Бәсекелестіктің жоғарылығына қарамастан олар әйелдер командалары арасында 2-ші орынға ие болды.Арнайы бөліністер арасындағы бұл турнир биыл алтыншы рет өткізілді. Әр жыл сайын қатысушылар саны да артып келеді. Аталмыш сайысқа алғаш рет 2019 жылы ІІМ Ұлттық ұланының командасы қатысқан. 2023 жылдан бастап бұл қатарға еліміздің басқа да арнайы бөліністері белсенді түрде қосыла бастады.Өткен жылы қазақстандық арнайы бөліністердің арасында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar» командасы елімізге тарихи жеңіс – жүлделі үшінші орынды сыйлады. Олар тек Дубай полициясының екі командасына есе жіберген болатын.Турнир заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасуға, арнайы жасақтың дайындық деңгейі мен халықаралық ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізіп, жалпы жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға оң әсер етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/933081
Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес: ІІМ есірткімен күресте маңызды қадам жасады 14.02.2025
ІІМ есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды.Бұл азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен есірткіге тәуелділіктің алдын алып, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге, осы бағытта жұртшылықтың білімін шыңдап, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.- Бүгінгі сұрақ өте маңызды. Жастарымыз сіздерді үлгі тұтады. Сол себепті осындай ұсынысты қарап, сіздерді маңызды шараға жинап отырмыз. Есірткінің алдын алуда бірлесе жұмыс істесек деген ниетпен жиналдық, - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.Кеңес құрамына танымал тұлғалар, спортшылар мен осы бағыттағы сарапшылар кіреді. Әр түрлі сала өкілдері болса да, бәрінің мақсаты мен мүддесі бір – заманауи бес кеселдің бірі есірткімен күрес.- Ішкі істер министрлігі жанынан мұндай кеңестің құрылып жатқаны үлкен қадам. Яғни, бір министрліктің ғана жұмысы емес, бұл қоғам болып күресетін дерт, әрбір ата-ананың алаңдайтын мәселесі, әрбір мұғалімнің зер салып көре білетін қырағылығына да байланысты. Балаңа, болашағыңа алаңдайтын болсаң, мұндай бастамадан қоғамның кез келген белсенді мүшесі қалыс қалмауы керек, - деді тележүргізуші Дана Нұржігіт.Іс-шара барысында кеңес мүшелеріне арнайы куәліктер табысталды. Сонымен қатар дауыс беру арқылы кеңес төрағасы сайланды. Ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов болды. Сондай-ақ кеңес төрағасының орынбасарлары да таңдалды. Олар "Есірткісіз болашақ" қорының төрағасы Жандос Ақтаев және министрліктің есірткіге қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.Кеңес қоғамдық сананы өзгерту, есірткілердің зияны туралы халықты ақпараттандырып, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/933733
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті 14.02.2025
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, геология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы 2024 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған міндеттер белгіленді.Отырыс барысында Министр Қанат Шарлапаев, сондай-ақ вице-министрлер Қуандық Қажкенов, Жәннат Дүбірова, Иран Шархан және Олжас Сапарбеков баяндама жасады.Сондай-ақ отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Энергетика, көлік, экология және табиғи ресурстар, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, сондай-ақ Министрлік жетекшілік ететін сала ұйымдары мен компанияларының өкілдері шақырылды.Алқа отырысын ашқан министр Қанат Шарлапаев 2024 жылдың соңына қарай өңдеуші өнеркәсібі мен тұрғын үй құрылысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Мәселен, өңдеуші өнеркәсібіндегі өнім көлемі металлургия (+6,9%), машина жасау (+9,7%), химия (+7,7%) және басқа да салалардағы өсім есебінен 5,9%-ға өсті.«Мұндай өсім соңғы бес жылда бірінші рет болып отырғанын айта кеткен жөн. 2024 жылы шамамен 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба іске қосылып, 14,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Жыл қорытындысы бойынша құрылыста оң нәтижелерге қол жеткізілді. Соңғы он жылда тұрғын үй құрылысының рекордтық көлемі байқалды. Жоспар бойынша 18 млн шаршы метр болғанымен, 18,9 млн ш.м. метр жаңа тұрғын үй салынды, бұл 172 мыңнан астам үйді құрайды (нақты тұрғын үй көлемінің индексі – 106,4%)», – деді министр.Вице-министр Олжас Сапарбеков өнеркәсіптік сектордағы қызметтің негізгі көрсеткіштерге толығырақ тоқталды.2024 жылы түсті металлургия секторындағы көрсеткіштердің ұлғаюы мысты толлинг көлемінің және мыс зауыттарындағы өндірістің ұлғаюымен қамтамасыз етіледі. Еліміздегі түсті металл өңдеу секторы жыл сайын оң өсу динамикасын көрсетті. 2024 жылы отандық өндірушілер мыс өңдеуді 16,5%-ға, алюминийді 9,6%-ға, мырышты 33%-ға, қорғасынды 4,6%-ға ұлғайтты.Бұл металдарды өңдеу кабель және сым бұйымдары, терезелер, есіктер, витраждар, арматура, аккумуляторлар және т.б секілді қосымша құны жоғары тауарларды өндіруге бағытталған.Химия өнеркәсібінде минералды тыңайтқыштар (азот, фосфор) өндірісін 25%-ға, полипропиленді 46%-ға және сары фосфорды 13%-ға арттыру есебінен өндіріс көлемі 3%-ға өседі деп күтілуде.Вице-министр 2024 жылы машина жасау өндірісінің көлемі 9,7%-ға артқанын атап өтті. 2025 жылы 5%-дық өсім күтілуде. 2024 жылдың соңына қарай жеңіл автокөліктердің 134 мыңнан астам данасы өндірілді, оның 23 мыңы СКД талаптарына сәйкес келеді. Биыл 149 мың дана өнім шығару жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін жинақтаушы бұйымдарды өндіру жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда, оның нәтижесі шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.«Автомобиль секторын дамыту локализацияны тереңдету және құрамдас база өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Бұл мультимедиялық жүйелерді шығаратын зауыт іске қосылып, Алматы қаласында жоспарланған автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу арқылы жүзеге асырылады», – деді О.Сапарбеков.Вице-министр Қ. Қажкенов тұрғын үй құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды .«Тұрғын үй секторында мемлекеттік тұрғын үйді қолдау шаралары халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін тұрғын үй және кезекте тұрғандарға несиелік тұрғын үй беру түрінде қолданылады. 2024 жылдың соңына дейін тұрғын үй құрылысын ынталандыруға барлығы 893,5 млрд теңге бөлінді », – атап өтті вице-министр.Сондай-ақ ол министрлік құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды азайтуға және жағдайды жақсартуға, үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға және құрылыс нарығында тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзірленгенін айтты. Бұл тәсілдер Мәжілісте қаралып жатқан Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды жақсарту туралы заң жобасында қарастырылған .«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы аясында 2025 жылы 290 млрд теңгеге 11 мың қарыз беру жоспарлануда. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20%-дан 10%-ға дейін төмендейді.Президент бастамасымен қолға алынған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын жүзеге асыру мақсатында «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бастапқы жарна 10% құрап, бұл бағдарлама бойынша 72 миллиард теңге сомасына 2,4 мың несиесі беріледі.Вице-министр И. Шархан өткен жылы 23 қатты пайдалы қазба кен орны алғаш рет мемлекетке тіркелгенін айтты. Барлау нәтижелері бойынша алтын қорының ұлғаюы 20 тоннаны, мыс – 48 мың тоннаны, хром – 464 мың тоннаны, қорғасын мен мырыш – 290 мың тоннаға жуықты құрады.«Министрлік жер қойнауын мемлекеттік геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің өңірлік жұмыстарының нәтижесінде қатты пайдалы қазбалар бойынша перспективалы 38 учаске анықталды. Олардың арасында сирек кездесетін металдар, бериллий, қоңыр көмір, алтын, цирконий, ниобий және вольфрам бар », – деді Иран Шархан.Геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру және жаңа кен орындарын ашу мақсатында заңнамалық реформа жүргізіліп, геологиялық барлау учаскелеріне қолжетімділіктің қолдану қағидаты белгіленген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданды. Қабылданған заңнамалық және әкімшілік шаралар секторда ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын бастауға әкелді. Бүгінгі таңда барлауға 3000 лицензия берілді.Вице-министр Қазақстанға жаңа компаниялар мен әлемдік алпауыттардың келгенін айтты, соның ішінде: Fortescue, Barrick, BHP, First Quantum Minerals және т.б. Мемлекетте жұмыс істеп жатқан Rio Tinto мен отандық компаниялар іздеу алаңдарын кеңейтті. Тек он шетелдік компания геологиялық барлауға 41 млрд теңгеге жуық инвестиция салуды жоспарлайды, бұл 25 мың км² астам аумақтарды барлауды қамтамасыз етеді.1:200 000 масштабтағы жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар 2026 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағын 2,2 млн ш. км. дейін геологиялық-геофизикалық барлаумен қамтуға қол жеткізуге бағытталған. 2024 жылдың соңында бұл көрсеткіш 2014,4 мың ш. км. дейін өсті. Министрлік 2025 жылы оны 2 038,2 мың ш.км. жеткізуді жоспарлап отыр. 3 жылға қаржыландыруға арналған бұл жұмыстардың жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асады.Вице-министр Ж. Дүбірова министрліктің салаларын цифрландыру жобалары туралы айтты. Оның ішінде 2025 жылдың 1 қаңтарында іске қосылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы. Барлауға немесе өндіруге өтінім беруден бастап оның аукционына және лицензияны беруге дейін цифрлық форматта үздіксіз процесті жүзеге асырылды.Бүгінгі таңда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді. Табиғи ресурстардың Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының интерактивті картасы арқасында әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар инфрақұрылымнан бастап геологиялық-геофизикалық есептерге дейін сұралған аумақтың толық бейнесін алады.«Егер бұрын жер қойнауын пайдаланушы әкімдіктерге, министрлікке барып, делдал іздеп, келіссөздер жүргізу керек болса, енді барлығын қажетсіз қағазбастылықсыз онлайн режимінде алуға болады. Біз барлауға немесе өндіруге өтінім беруден бастап оның аукционына және лицензияны беруге дейін цифрлық форматта үздіксіз процесті жүзеге асырдық», – атап өтті вице-министр.Интерактивті карта – маңызды элемент. Ол жер қойнауын пайдалану үшін алынған барлық аумақтарды қамтиды, сондай-ақ аукционға шығарылатын учаскелерді орналастыруға мүмкіндік береді. Енді инвесторлар да делдалсыз тікелей порталға кіріп, қалаған сайтты таңдап, аукционға қатысуға өтінім бере алады. Сонымен, ағымдағы жылдың қаңтарында 21 учаскеге электронды аукцион өткізілді, инвестиция көлемі 40 млн долларды құрады.Одан бөлек, жасанды интеллект енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол геологиялық ақпаратты танып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі сипаттамаларды талдап, Big Data негізінде Қазақстандағы кен орындары мен пайдалы қазбалардың болжамды үлгілерін жасайды. Сондай-ақ Ж. Дүбірова Бірыңғай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық платформасын құру жұмыстары туралы айтты. Бұл Бірыңғай есеп айырысу орталығы, Пәтер иелерінің кооперативі және т.б. сияқты жеке дерекқорлардың, сондай-ақ мемлекеттік деректер қорларының ақпараттарының агрегаторы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/932440
QazIndustry 63 миллион теңгеге кәсіпорындардың өтінімдерін мақұлдады 14.02.2025
«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу шараларын жалғастыруда. Жыл басынан бері орталыққа еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ілгерілетуге бағытталған шығындарды өтеу бойынша 58 өтінім түсті.QazIndustry бизнесті ынталандыру дирекциясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша кәсіпорындардың шығындарын өтеуге мақұлданған сома 63 млн 184 мың теңгені құрады. Өтінімдердің басым бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен байланысты.Өтінімдердің ең көп саны Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан түскен. Кәсіпорындар арасынан әсіресе, металлургия, агроөнеркәсіп кешені (азық-түлік пен сусын өндірісі) және құрылыс материалдарын шығаратын салалар белсенділік танытуда.Мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіру жұмыстары аясында QazIndustry өкілдері өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне кеңес беру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуде. Осы бағытта жыл басынан бері ашық есік күндерін қоса алғанда, жалпы саны 8 іс-шара ұйымдастырылды. Мамандар сондай-ақ мемлекеттік қолдау механизмдерін түсіндіру мақсатында кәсіпорындарға бару арқылы да түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/932574
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы: халықаралық тәжірибе және тиімділік 14.02.2025
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды, онда барлауға немесе өндіруге өтінім беруден бастап оның аукционына және лицензияны беруге дейінгі үздіксіз процесс цифрлық форматта жүзеге асырылды.Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысы барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты.Бүгінгі таңда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді.Мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде жер қойнауын пайдаланушыларға Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасына жазылу бонустарын тікелей төлеуге мүмкіндік беретін «электрондық әмиян» қызметі енгізілді.Платформаның интерактивті картасының арқасында әлеуетті жер қойнауын пайдаланушылар инфрақұрылымнан бастап геологиялық-геофизикалық есептерге дейін сұралған аумақ бойынша толық ақпаратты алады.Тиімділік пен ашықтықты арттыру мақсатында қатты пайдалы қазбаларға берілген лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау процесі цифрландырылды. Бұрын бұл бақылау 3000 лицензия мен келісімшарт бойынша қолмен жүргізілетін .Жер қойнауын пайдаланушылардың жыл сайынғы есептері автоматтандырылды, бұл қағазбастылықты болдырмайды.Бірыңғай геологиялық қызметті геологиялық ақпаратпен толтыру үшін «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ 56 мыңнан астам ашық қосалқы геологиялық есептерді цифрландырып, жариялады.Платформаның іске қосылуы 2024 жылдың шілдесінен бастап жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесі: халықаралық тәжірибе зерделенді, бизнес-процестер реинжинирингтен өтті, жүйе архитектурасы мен енгізу тәсілі қайта қаралды. Финляндия, Канада, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ұқсас геопорталдардың тәжірибесі негізге алынды.Жоғарыда аталған платформаның цифрлық қызметтерін енгізуді ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ жүзеге асырды. Ол келесі сілтеме бойынша қолжетімді: minerals.e-qazyna.kz.Платформа іске қосылғаннан бері қатты пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензия алуға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қызметтерге 506 өтініш цифрлық форматта өңделді.Ағымдағы жылдың қаңтар айында Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы қатты пайдалы қазбалардың қоры бар 21 жер қойнауы учаскесі бойынша аукциондар өткізілді. Аукционға 50-ден астам компания қатысты. Қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 20 млрд 69 млн теңгені құрады.Осылайша, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының цифрлық қызметтерін іске қосу геология және жер қойнауын пайдалану саласында мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылын сапалы жаңа деңгейге көтеру, жер қойнауы ресурстарының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету саласындағы маңызды белеске айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/932635
Алматы облысында Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті жөндейді 14.02.2025
«Мемсараптама» РМК «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ ғимаратын күрделі жөндеу жобасы бойынша оң қорытынды бердіМектеп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында орналасқан. Құрылыс алаңы 1964,02 м2 құрайды.Жоба шатырды ауыстыруды, іргетасты, қабырғаларды нығайтуды, ішкі және сыртқы әрлеуді, терезелерді, есіктерді ауыстыруды, жаңа кіру топтарын, спорт және ойын алаңдары, халықтың мобильділігі төмен топтарына арналған тұрақтарын жобалауды жоспарлап отыр.Тапсырыс беруші – «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, бас жобалаушы – «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/933124
Құрамы күрделі полиметалл кендерін өңдеудің тиімді технологиясы 14.02.2025
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ ғалымдары Чинасыл-Сай кен орнының полиметалл кенін өңдеудің тиімді технологиясын әзірледі. Кендердің бұл түрін өңдеу проблемасы олардың құрамының күрделілігімен байланысты. Кендерде алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да минералдар араласып келеді. Мысалы, Чинасыл-Сай кен орны жағдайында – бұл пирит.Ғалымдардың міндеті – шығындарды азайта отырып, барлық пайдалы компоненттерді барынша алу. Зерттеулер барысында зиянды цианид реагентін пайдаланбай және өнеркәсіптік өнімді қосымша ұнтақтамай-ақ, кенді байытудың гравитациялық-флотациялық технологиясының оңтайлы режимдерін жасады.Технология үш өнімді алуға мүмкіндік береді: алтын мен күміске бай гравитациялық концентрат, қорғасын және мырыш флотациялық концентраттар. Сапасы жағынан олар бағалы металдарды өндіру үшін одан әрі пайдалануға дайын.Бұл технология басқа кен орындарының осыған ұқсас кендерін өңдеуге жарамды, бұл оны Қазақстанның тау-кен өндіру саласын дамыту үшін перспективті шешім етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/933133
Қазақстан мен Нигерия экономикалық қатынастарды кеңейтуге келісті 14.02.2025
Астана, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Ифе Корольдігінің өкілі, «Қазақстан-Нигерия» бизнес кеңесінің атқарушы хатшысы Адени Адесоджи бастаған нигериялық бизнес делегациямен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT және энергетика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Нигерия арасындағы саяси диалогты нығайтуға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты 2025 жылғы қаңтарда Әбу Дабиде өткен «Тұрақты даму апталығы» халықаралық саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нигерия Президенті Болы Ахмед Тинубудың кездесуі аталып өтті.Ә.Қуантыров Қазақстан мен Нигерия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Нигерия Қазақстанның Африка құрлығындағы байланыстарын кеңейтуге серпін беретін маңызды серіктес бола алады.«Қазақстан мен Нигерия экономикадағы негізгі салаларда өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға үлкен мүмкіндіктерге ие. Біз сауда байланыстарын кеңейтуге, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды бірлесе дамытуға, сондай-ақ саяси диалогты тереңдетуге дайынбыз. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз екі ел арасындағы әріптестікті нығайтып, бизнес пен экономикалық өсім үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», – деді Министрдің орынбасары.Өз кезегінде А.Адесоджи Нигерияның Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтып, Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер, жұмыс орындарын құру және технологиялық алмасуды дамытуға жол ашатынына сенім білдірді.Сонымен қатар тараптар көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріне қатысуы Азия мен Африка арасындағы сауда ағындарын арттыруға ықпал етуі мүмкін.Келіссөздер аясында 2025 жылдың ақпан айына жоспарланған қазақстандық делегацияның Нигерияға сапары талқыланды. Сапар барысында Нигерия Үкіметінің өкілдері мен іскер топтарымен кездесулер өткізіліп, басым салалардағы ынтымақтастық жобалары қарастырылатын болады. Қазақ тарапы бұл сапар екіжақты әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты барлық деңгейде, оның ішінде салалық консультациялар мен бизнес-форумдар арқылы жандандыруға уағдаласты.Анықтама: Ифе Корольдігі – қазіргі Нигерия аумағында орналасқан, бай тарихи және мәдени мұраға ие ежелгі мемлекеттердің бірі. Африкадағы ең көне корольдіктердің бірі саналатын Ифе йоруба халқының ата-баба жері және Африка өркениетінің маңызды орталығы ретінде танымал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/933301
Беларусьтің жаңа елшісі Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті 14.02.2025
Астана, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Алексей Богдановтың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Е.Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, оған жұмыста табыс тілеп, оның қызметі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Сұхбат барысында тараптар 2024 жылы екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өзара іс-қимылының жемісті қорытындыларын атап өтіп, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.Өткен жылдың қараша айында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтың Беларуське жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар тараптар халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Кездесу соңында Беларусь Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, достық пен серіктестік рухында өз елінің Қазақстанмен көпжоспарлы ынтымақтастығын үдемелі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/934076
Мәжілісте әкімдердің ТЖ жариялау және азаматтық қорғау шараларын күшейту жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту мәселесі талқыланды 14.02.2025
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге қатысты мәселелер қаралды. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ұсынылып отырған өзгерістер жергілікті атқарушы органға объектілік масштабтағы төтенше жағдайларды өздері жариялауға мүмкіндік беретінін атап өтті.«ЖАО-ға объектілік сипаттағы ТЖ жариялау бойынша өкілеттік беру, әсіресе тұрғын үй объектілерінде зиянды өтеу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жөнінде жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жергілікті бюджет резервтерінен қаражат бөлу рәсімін де жеңілдетеді», - деп министр атап өтті. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар дала өрттерін сөндіруге қажетті ресурстармен, соның ішінде жанар-жағармай материалдарымен, өртті жоюға қатысушылар үшін тамақтану және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жауапты болады. Өңірлерде азаматтық қорғау оқу орталықтарын құру жоспарлануда, онда мамандар халықты ТЖ жағдайында түрлі қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдарға үйрететін болады. Бұл шаралар төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін арттыруға, қауіп-қатерлерді азайтуға және жергілікті жерлерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/931487
«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды 14.02.2025
2025 жылғы 6 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасты. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор К.А. Тұрсынбаев. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі. Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932135
SOCAR Midstream Operations Limited және ТЖМ «Теңіз жасағы» АҚ арасында шартқа қол қойылды 14.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінде Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы мен ҚР ТЖМ «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы арасында шартқа қол қойылды. Іс-шара Каспий теңізіндегі мұнайдың төгілуін жою саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде өтті. Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов екі ел үшін де осы маңызды мәселе бойынша жұмыс істеуге дайын екендігі үшін Әзербайжанға ризашылығын білдірді. Әзербайжан тарапынан SOCAR Midstream Operations Limited атқарушы директоры Фархан Әлиев, қазақстандықпен — "Теңіз жасағы" АҚ Басқарма төрағасы Берік Бисалиев келісімге қол қойды. Шартқа қол қою Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылған маңызды оқиға болды, бұл Қазақстанның Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілділігін көрсетеді. Тараптар Каспий теңізіндегі авариялық жағдайларға уақтылы ден қоюға бағытталған барлық міндеттемелерді орындау туралы уағдаласты. Бұл оқиға Каспий теңізінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның экологиялық флорасы мен фаунасын сақтау бойынша одан әрі ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932532
«Көктем-2025» РКШОЖ барысында Атырау облысында практикалық іс-шаралар пысықталды 14.02.2025
2025 жылғы 6 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды. Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында ТЖ-ны жою іс-қимылдарын пысықтау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Атырау қаласында орналасты. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор К.А. Тұрсынбаев. Оқу-жаттығуға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты. «Көктем-2025» Республикалық командалық–штабтық оқу – жаттығуы-бұл басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын су тасқыны кезеңінде ықтимал ТЖ жоюға дайындаудың маңызды кезеңі. Біз тек сценарийлерді пысықтап қана қоймаймыз-біз жедел әрекет етудің, үйлестірудің және барлық қызметтердің өзара әрекеттесуінің нақты тетіктерін жасаймыз. Осындай оқу-жаттығулардың арқасында біз халықты және инфрақұрылымды су тасқыны салдарынан қорғау жөніндегі іс – қимылдардың дайындығы мен тиімділігін арттырамыз», - деп атап өтті вице-министр Кеген Тұрсынбаев. Оқу-жаттығудың бірінші күні көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасының дайындығына келтірілді, ТЖ-ны жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау бойынша іс-шаралар пысықталуда. Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді. Өңірлерде елді мекендерден қар шығару, автомобиль және теміржол жолдарындағы каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары, сондай-ақ барлық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, басқа да алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін су басуға неғұрлым бейім елді мекендер айқындалды, онда су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығу шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің дайындығын тексеру мақсатында Атырау облысында су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін ТЖ-ны жоюға азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдарын практикалық пысықтау жүзеге асырылады. Оқу-жаттығу орындары өткен жылғы су тасқыны кезінде орын алған нақты жағдайлар болып табылады. Бесікті ауылының аумағында Аспа елді мекенінен зардап шеккендерді эвакуациялау, сондай-ақ мұз астына түскен көліктерден адамдарды құтқару пысықталды. Операцияға құтқару қызметтері, соның ішінде ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациясы және жетуі қиын жерлерде жұмыс істеу үшін өтімділігі жоғары техника қатысты. Оқу-жаттығудың маңызды элементтерінің бірі уақытша орналастыру пункттерінің дайындығын қамтамасыз ету болды, олар Аспа ауылының тұрғындарына тамақ, медициналық көмек және жатын орындарын ұсына отырып, жайлы тұруды қамтамасыз етті. Оқу-жаттығуда су тасқыны жағдайында көмек көрсетуге дайындалған азаматтық қорғау күштері мен құралдарына да маңызды рөл берілді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңі су тасқыны қаупі төнген және орын алған кезде қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді арттыруға бағытталған өңірлік тактикалық-арнайы жаттығулар болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932577
Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша «Көктем-2025» оқу-жаттығуы өтуде 14.02.2025
«Көктем-2025» республикалық оқу-жаттығуы шеңберінде еліміздің 11 өңірінде су тасқыны қаупі кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу су тасқыны кезеңіне дайындықты арттыру және әртүрлі ведомстволар мен қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында өткізілуде. Жамбыл облысында су басу қаупі кезінде авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқу-жаттығу өтті. Талас өзенінің су деңгейі көтерілген жағдайда төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды эвакуациялады, сондай-ақ сорғы станциялары мен мотопомпаларды пайдаланып су тасқынының салдарын жойды. Құтқарушылар мен полиция халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, судың одан әрі таралуына жол бермеді, бөгендер мен жол төсемдерін нығайтты. Жетісу облысында қорғаныш құрылыстарын нығайтуға көңіл бөлінді, ал Қаратал ауданында Қаратал өзенінің арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Өңір тұрғындары су тасқынына қарсы іс-шараларға, соның ішінде үйлерінің жанындағы арық желілері мен құбырлы өткелдерді тазартуға белсене қатысуда. Маңғыстау облысының Ақтау қаласында да халықты эвакуациялау және су басу салдарын жою бойынша іс-шаралар пысықталды. Операцияға құтқарушылар, волонтерлер, коммуналдық және шұғыл қызметтер қатысты. Уақытша орналастыру орындарында ыстық тамақ ұйымдастырылып, медициналық көмек көрсетілді. Түркістан облысында құлақтандыру жүйесі техникалық тексеруден өтті, бөгендерді нығайту, су өткізгіш құбырларды тазарту және арналарды тереңдету жұмыстары орындалды. Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында мамандар Қотырбұлақ өзенін кеңейту және тереңдету бойынша жұмыстар жүргізді, бұл су басудың алдын алуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласы мен Теректі ауданында практикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар Ақтөбе және Қызылорда облыстарында да оқу-жаттығу өтті. Бұл өңірлерде су тасқынының алдын алу және төтенше жағдайларды жою бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар пысықталды. Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтері белсенді қатысты. Бұл іс-шаралар су тасқыны маусымына шұғыл қызметтердің дайындық деңгейін растап, ықтимал табиғи апаттар жағдайындағы іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/932933