Enbekshi QazaQ

Қуқық

Жаңақорғанда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында тағы бір жаңа мектеп ашылды 09.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының «Саяжай» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 600 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.«Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді.Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді», – деген болатын.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Біз ұрпақ білімін арттыруға, қоғамда ұстаз беделін көтеруге әркез мүдделіміз. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы табысқа жетті. Сәулеті жаңарған мектептер бой көтерді.Өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы 270 млрд теңге болса, биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңгеге жетті, яғни 16,9 пайызға артты. Жаңа мектептердің ашылуы – жай ғана ғимараттардың салынуы емес, бұл жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау.Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 оқушыға арналған 10 мектеп құрылысы басталып, облыс орталығындағы 900 орындық алғашқы мектепті өткен жылдың қазан айында табыстадық.Жыл басында Жаңақорған ауданының «Жаңарық» ауылында, Арал қаласында 300 орындық, Қызылорда қаласында 600 орындық мектептерді пайдалануға бердік. Жыл ішінде тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысын аяқтаймыз.Бүгін, міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асырылған, құны 4 млрд 709 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» ел игілігіне табыстаудамыз. Біз бұл арқылы Жаңақорған кентінде қарқынды өсіп келе жатқан «Саяжай» шағын ауданындағы балаларымыз баратын мемлекеттік мектептің мәселесін шештік. Енді оқушыларға басқа мектептерге қатынаудың қажеті жоқ.Алдымызда нақты жоспарларымыз бен бастамаларымыз әлі де көп. Оларды іске асыру бағытындағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз. Қуаныштарыңыз құтты болсын!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Жиында Мұрат Әбенов аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.Айта кетейік, өткен жылы аймағымызда 6 мектеп бой көтеріп, 5 мектепке қосымша ғимарат ел игілігіне табысталды. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі шешілді.«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы», Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ел игілігіне табысталды. Жыл ішінде Шиелі ауданында да 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» жұмысын бастайды.Облыс орталығындағы «Шығармашылық академиясы», музыкалық колледждің жаңа ғимараты мамыр айында, дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты наурыз айында аяқталмақ.Биыл «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданының «Жалаңаш» ауылынан 150 орындық мектеп салынады. Былтыр 3 млрд 100 млн теңгеге 8 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.Мемлекет басшысының 1 300 мектепті жаңғырту тапсырмасына сәйкес алдағы 3 жыл ішінде облыстағы 51 мектеп, оның 9-ы биыл күрделі жөндеуден өтеді.Салтанатты іс-шарада Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен заманауи білім ордасының құрылысын жүргізген мердігер мекеменің қызметкерлері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930720
Азаматтарды қабылдау Жаңақорған ауданында жалғасты 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 76 азамат келді. Олар тұрғын үй, электр, газ желісін тарту, әлеуметтік көмек, жер телімі, аяқ су, жұмысқа орналасу, денсаулығына байланысты мүгедектік алу, тағы басқа мәселелерді көтерді.Облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары келген азаматтардың мәселелерін жан-жақты қарап, заң аясында тиісті түсіндірме берді.Сунақата ауылының тұрғыны «Еңбек», «Екпінді», Қожамберді, «Сүттіқұдық» елді мекендерін газдандыру мәселесін қозғады. Аймақ басшысы жоғары қысымды газ құбырын салуға жоба-сметалық құжаттар әзірленгенін, қаржысын шешу жұмыстары қолға алынғанын айтты.Қабылдауға келген аудан тұрғыны «Кейден» ауылындағы күкірт қышқылы зауытының ауаны ластағанына шағымданды. Оған қызметті жүзеге асырудың экологиялық шарттарын айқындайтын құжат, яғни экологиялық рұқсат рәсімделгені түсіндірілді.Құқық қорғау органдарының басшылары келушілерді толғандырған мәселелерді заңдық тұрғыда шешудің жолдары туралы кеңес берді.Кейінгі жылдары дәстүрге айналған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930741
Облыс әкімі Шиелі ауданының тұрғындарын қабылдады 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, Парламент Мәжілісінің депутаты М.Әбенов,құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Қабылдауға келген 81 азамат негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек, көпір салу, жер үлесін алу, инфрақұрылым және өзге де түйткілді мәселелерді көтерді. Құзырлы орган басшылары халықты қабылдап, өтініштерін тыңдады.Аймақ басшысы қозғалған мәселелерді мамандар мұқият зерделейтінін, соның негізінде заң шеңберінде шешім қабылданатынын айтты. Тұрғындардың сауалдарын жан-жақты зерттеп, терең талдауды жауапты басқарма басшыларына тапсырды.Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны шаруа қожалығындағы заңды үлес жерін және шаруашылық есебіндегі техникаларды қайтарып алуға көмек сұрады. Облыс әкімі қатысушылар құрамынан шығу және жер учаскесiн бөлу туралы құжаттар әзірлену сатысында екенін жеткізді.«Тартоғай» ауылының тұрғыны өзі тұратын ауылды, «Сұлутөбе», «Майлытоғай», «Бәйгеқұм», Бала би елді мекендерін газдандыруды сұрады. Аталған ауылдарға газ жүргізудің жоба-сметалық құжаттамасына енгізілген түзетудің орындылығын мақұлдау мәселесі облыстық бюджет комиссиясы отырысында қаралады.Қабылдауда тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларынан өз мәселелерінің заңдық тұрғыдағы шешімін сұрады. Барлық сауалдарға толыққанды жауап, маман кеңесі берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930756
Қостанай облысында қысқы спорт түрлерін дамыту: жастар үшін жаңа мүмкіндіктер 09.02.2025
Мемлекет басшысы спорттың қолжетімділігін арттыруды басты міндет ретінде айқындады. Қостанай облысында әр бала өз әлеуетін толық жүзеге асыра алуы үшін қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.   Хоккейді дамыту   Балалар хоккейін дамыту – өңірдегі басты бағыттардың бірі. Қазіргі таңда «Рысь» хоккей академиясында 5 пен 12 жас аралығындағы 120 бала тегін жаттығуда. Олар үшін барлық жағдай жасалған: заманауи мұз айдыны, кәсіби жаттықтырушылар және сапалы спорттық жабдықтар. Биыл ауылдық жерлерде екі жабық хоккей кортының құрылысы аяқталып, шалғайдағы балалар үшін спортпен айналысу мүмкіндігі кеңейеді.   Қысқы спорт түрлеріне арналған инфрақұрылым   Хоккейден бөлек, өңірде 7 қысқы спорт түрі дамып келеді: •шаңғы жарысы, •шорт-трек, •коньки тебу спорты, •керлинг, •мәнерлеп сырғанау, •биатлон.   Бүгінде бұл спорт түрлерімен айналысу үшін қажетті инфрақұрылым бар: •3 мұз сарайы, •коньки тебу стадионы, •36 шаңғы базасы, •77 хоккей корты.   Кәсіби спортшыларды даярлау   7-14 ақпан аралығында Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарында Қостанай облысының намысын 10 спортшы қорғайды: •3 шаңғышы, •4 конькиші, •1 шорт-трекші, •2 керлингші.   Спортшылардың дайындығына жоғары деңгейде көңіл бөлініп, 70,3 млн теңгеге заманауи жабдықтар сатып алынды.   Спорт – бұл тек жеңіс пен рекорд емес. Ол – мінез, тәртіп және биік мақсаттарға ұмтылу. Қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамыту – Қазақстанның болашақ чемпиондарын тәрбиелеуге жасалған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/930103
Астанада қар тазалау жұмыстарына 2600-ден астам жолшы жұмылдырылған 09.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.4 ақпанда күндізгі ауысымда елордадағы қарды тазалауға 2630 жол қызметкері мен 1783 бірлік арнайы техника шықты.37 ақпанға қараған түні қаладағы қардан шамамен 46 мың метрден астам қар шығарылды 81 ауыр жүк көлігі.Қыс басынан бері коммуналдық қызмет 383 545 ауыр жүк көлігімен қаладан 4 миллион 897 мың текше метрден астам қарды қоқыс алаңдарына шығарды.Біріншіден, көлік кептелісін болдырмау үшін ережеге сәйкес көлік қозғалысы өте көп аумақтар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды аймақтар – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, қоғамдық көлік бағыттарын, аялдамалар мен тротуарларды тазалау да басты назарда.Қалада бірнеше жабдықталған қар шығару алаңдары бар. Олар көлік нөмірлерін оқу, бейнебақылау және жарықтандыру жүйесімен жабдықталған.Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескерту болған жағдайда ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930618
«Сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған»: директор «Жайлы мектеп» жобасы туралы айтты 09.02.2025
Жайлы мектеп жобасы - бұл балалардың заманауи стандарттарға сәйкес келетін жағдайда өсуіне, білім алуына және табысқа жетуіне мүмкіндік беретін Қазақстанның болашағына инвестиция. Астанадағы №33 орта мектептің директоры Дана Оразалина «Жайлы мектеп» жобасы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Спикердің айтуынша, осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үркер тұрғын алабында балаларға арналған заманауи мектеп салынды.«Біздің мектеп 2 мың оқушыға есептелген. Сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған: заманауи жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалар, оқу залы бар кітапхана, телестудия, кең асхана, 4 спорт залы. Қазіргі таңда мектепте 60-тан астам мұғалім жұмыс істейді, 900-ден астам бала білім алуда», - дейді Дана Оразалина.Бір ауысымда жұмыс істейтін бұл мектептің ерекшелігі – үйірмелер мен шығармашылық секциялар түрінде қосымша білім беруді жүзеге асырудың жоғары мүмкіндігі. Сондай-ақ оқу үйірмесі, домбыра, шахмат, спорт секциялары, түрлі пәндерден қосымша сабақтар бар. Қазіргі таңда балаларды жан-жақты қолдау, түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында аталған іс-шараларды ұжым қызметкерлері тегін жүргізуде.«Бүгінгі таңда мектепте ата-аналарды қолдау орталығы ашылды. Қолдау орталығы «Даналық мектебі» деп аталады. Онда ата-аналарға түрлі психологиялық көмектер көрсетіледі. Қазіргі мектептердің басты мәселелерінің бірі – ата-аналар қауымымен қарым-қатынасының нашарлығы, мектепке деген сенімсіздік, мұғалімдердің қоғам тарапынан жаппай айыпталуы. Орталық бұл мәселелерді ата-аналармен бірлесіп шешуге тырысады. Сонымен қатар, әр сенбіде «режиссер сағаты» деп аталады. Онда қаладағы жұмысына байланысты уақыты аз ата-аналарға жеке кеңес беріледі», – дейді Дана Оразалина.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930633
Биыл Астанада қанша мектеп қолданысқа беріледі 09.02.2025
Астанада халық санының көбеюіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген сұраныс пен қажеттілік артып келеді. Бұл мәселені шешу мақсатында мемлекеттік бюджет пен жеке инвестиция есебінен мектеп, балабақша мен медициналық ұйымдар сияқты қала тұрғындары үшін аса маңызды нысандардың құрылысы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Мәселен өткен жылы елордада 24 мектеп ашылса, биыл тағы бірнеше білім ордасын пайдалануға беру жоспарланған. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев алдағы уақытта қай ауданда және қанша жаңа нысанның ашылатыны жайлы толығырақ айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Былтыр елімізде пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті. Салынған мектептердің саны жағынан елорда алдыңғы қатарларда. Өткен жылы Астанада бір ауысымда 33 мыңдай оқушыға арналған 24 мектеп ашылды. Оның көбісі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Аталған жоба бойынша салынған мектептер жаңа оқу жылында 22 400 елордалық оқушыны қабылдады. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, «Жайлы мектептердің» жетеуі Есіл ауданында, төртеуі Нұра ауданында, үшеуі Алматы ауданында, ал қалған екеуі Сарыарқа ауданында орналасқан. Сонымен қатар бюджеттік инвестициялық жоба бойынша 1 550 орындық 3 мектеп, 3 240 орындық 5 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. Бұл елордадағы үш ауысымды, оқушы саны шамадан артық және апатты мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қасымхан Сенғазиев елордалық оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектеп салу жұмыстары биыл да жалғасатынын жеткізді. 2025 жылы бір ауысымда 23 мың оқушы сабақ оқи алатын 15 мектеп ашылады. Оның ішінде төртеуі бюджеттік инвестициялық жоба бойынша салынып, 2 700 оқушыны қабылдайтын болады. Аталған 4 мектептің екеуі Нұра ауданында, қалғаны Алматы ауданында орналасады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу биыл да жалғасады. «2025 жылы жалпы сыйымдылығы 22 912 орындық 15 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 14 мың оқушыға арналған 7 білім ордасы ашылады. 4 мектеп Нұра ауданында, 2 мектеп Алматы ауданында, 1 мектеп Байқоңыр ауданында орналасады. Елордадағы жекеменшік мектептер саны да арта түседі. Жеке инвестордың қаржысы есебінен салынатын 4 мектеп жаңа оқу жылында шәкірт қабылдайды. Осылайша бұл мектептерде 6 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. 5172 оқушыға арналған 3 мектеп Есіл ауданында, 1040 оқушыға арналған 1 мектеп Нұра ауданында орналасады», - деді Қасымхан Сенғазиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930857
«Заң және тәртіп»: Астанада рейд барысында сауда орындары тексерілді 09.02.2025
Астанада Сарыарқа ауданының аумағында мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Басты мақсат – алкогольдің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі өнімдерін сату фактілерін болдырмау. Тексеру барысында бірқатар сауда орны қаралып, олардың ішінде екеуінде заң бұзушылықтар анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда: - ҚР ӘҚБтК 423-1-бабы – 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальян қоспасын және темекіні қыздыру жүйелерін заңсыз сату. - ҚР ӘҚБтК 200-бабы – алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзу. «Рейд барысында алкоголь мен темекі өнімдерінің заңсыз сатылымы әлі де өзекті мәселе екенін көрсетті. Бұл өнімдердің кәмелетке толмағандарға сатылуы мен контрафакт өнімдерінің айналымы азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтарды жою және қоғамда заңға бағыну мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырамыз», - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Дамир Хисматуллин. Аудан әкімдігі кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, ал қала тұрғындарын алкоголь мен темекінің заңсыз сатылу фактілері туралы хабарлауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/930884
«Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегіші екі есе артық су жинай алады»,- Су ресурстары және ирригация министрлігі нысанның жобалық қуатын қалпына келтіреді 09.02.2025
Су ресурстары министрлігі тасқын суларды тиімдірек өткізу, ауылшаруашылық жерлерін суару және Солтүстік Аралдың су балансын сақтау үшін Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады. Министр Нұржан Нұржігітов аймаққа жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жай-күйін тексерді.«Бүгінде Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және нығайту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жобаны іске асыру контрреттегіште екі есе көп су жинауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинайды. Сондай–ақ, нысанды жаңғырту төтенше жағдай қаупін азайтуға және Солтүстік Аралға су жіберуді жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Нұржан Нұржігітов Отырар ауданында су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта өсіру жобасын іске асыруға ниетті қытайлық инвесторлармен кездесті. Министр шетелдік кәсіпкерлермен бірге мақта саласын дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.Одан әрі министр Бәйдібек ауданына барып, «Бәйдібек-ата» су қоймасының құрылысын тексерді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 48% орындалды. Су қоймасы 68 млн текше метр су жинай алады. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.Мақтаарал ауданында министр ауыл шаруашылығы алқаптарынан жерасты суы ағызылатын «Мырзашөл» орталықтандырылған коллекторлық-дренаж каналының жұмысымен және жай-күйімен танысты. Өзбекстанмен шекара бойында орналасқан нысанда жағалау нығайту жұмыстары, сондай-ақ су келетін шағын каналдарды реконструкциялау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/930907
Су ресурстары және су шаруашылығы министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына жұмыс сапары 09.02.2025
Су ресурстары және су шаруашылығы министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына жұмыс сапарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/930918
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РАКТЫҢ ЖАҢА ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСЫҒЫ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАЛҒАН. 09.02.2025
Бүгін, 4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін атап өтеді. Бұл күн қатерлі ісіктің алдын алу, ерте диагностикалау және тиімді емдеудің маңыздылығын еске салады.Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 40 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі және жылына 12 мыңнан астам адам онкологиялық аурулардан қайтыс болады.Қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлері:• Сүт безі обыры - 5 652 жағдай• Колоректальды қатерлі ісік - 4,30 жағдай қатерлі ісік – 2 907 жағдай• Жатыр мойны обыры – 1921 жағдай2024 жылдың соңында 230 мыңнан астам онкологиялық науқас динамикалық бақылауда болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық.Окологиялық скринингтердің, заманауи диагностикалық технологиялардың және емдеу әдістерінің енгізілуі, сондай-ақ ауруларды ерте анықтау және олардың біліктілігін арттыруға ықпал етті өлім-жітім.қабылданғандарға рахмет шаралар 2024 жылы 0-I сатыдағы қатерлі ісіктің жаңа жағдайларының 31,4%-ын диагностикалауға, сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлімді 3,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКК) шеңберінде тегін жүргізіледі. Пациенттің міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі жағдайына қарамастан, диагностикаға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алады.Министрлік азаматтарды емханаларда тұрақты түрде тегін онкологиялық скринингтен өтуге және онкологиялық ауруға күдіктенсе дереу медициналық мекемелерге хабарласуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/930604
Қолжетімді сот төрелігі: ҚР Әділет министрлігі мен IPrav цифрлық заң қызметтерін дамытуда 09.02.2025
ҚР Әділет министрлігі мен «IPrav» ЖШС компаниясы арасында заң қызметтеріне арналған ЖИ базасындағы мобильді қосымшаны әзірлеушілермен стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Серіктестіктің негізгі мақсаты – азаматтарға тез, тиімді және қауіпсіз түрде білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді дамыту. Өзара серіктестік ЖИ технологияларын дамытуды, білім беру бастамаларын, халыққа қажетті өзекті құқықтық проблемаларды анықтау мақсатында зерттеулер жүргізуді қамтитын болады."Мемлекет басшысы әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам екенін атап өткен болатын. Сондықтан осы бағыттағы біздің бірлескен күш-жігеріміз халыққа арналған құқықтық қызметтердің қолжетімділігін арттырудың, кедергілерді азайтудың және құқықты қолдану процестерін жеделдетудің маңызды бөлігіне айналады" - деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков. Өзара ынтымақтастық жасанды интеллект шешімдерін заң саласына интеграциялауға негізделген. Бұл пайдаланушылар үшін де, кәсіпқойлар үшін де жаңа мүмкіндіктерді ашады. Меморандумға сәйкес, Әділет министрлігі әзірлеушілерге дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа «IPrav» мобильді қосымшасының функционалына жылдам әрі сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. «Біз үшін меморандумға қол қою – бұл IPrav дамуының жаңа кезеңі ғана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Біз Әділет министрлігімен қол жетімді және заманауи құқықтық жүйені құру үшін күш-жігерді біріктіруде зор әлеуетті көріп отырмыз», - деді «IPrav» ЖШС директоры Жұлдыз Ержанова. Ынтымақтастық Қазақстан азаматтарына, әсіресе ауылдық және шалғай өңірлеріндегі азаматтарға құқықтық көмекке ыңғайлы және жедел қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Біз технологияны халық пен құқықтық жүйе арасындағы көпірге айналдыру міндетін қойып отырмыз. Цифрландыру құқықтық сауаттылықты арттыру және Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан көмек алып, өз құқықтарын қорғай алатын жағдай жасау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын айтып өтті IPrav негізін қалаушы Қаныш Кенжетаев. Сондай-ақ, бірлескен инновациялық жобалар мен пилоттық бағдарламаларды іске асыру, министрліктің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлері үшін оқыту сессияларын өткізу жоспарлануда, бұл олардың цифрлық құралдарды пайдаланудағы құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді. IPrav мобильді қосымшасы – заңгерлік қызметтерді іздеуге және онлайн алуға болатын жаңа құрал. Қазақстандық мамандар әзірлеген IT-стартаптың мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарға білікті құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету.Қосымшаның ерекшелігі – машиналық оқыту принциптері бойынша жұмыс істейтін кіріктірілген ЖИ көмекшісі - Әйтеке чат-боты. Қазіргі уақытта виртуалды ЖИ көмекшісін «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?», «Жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек?», «Тұтынушылардың құқықтарын қалай қорғауға болады?». , «Ипотекалық несиені төлемеген жағдайда не болады?», «Түрлі әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл көлемі қандай болады?», «Мұраны қалай рәсімдеуге болады?» «Автокөлікті қалай тіркеуге болады?» деген сияқты сұрақтарға жауап беру үйретіліп жатыр. IPrav барлық жас санаттары үшін түсінікті, қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс ұсынады. Онда шұғыл әрекет ету үшін жақын жердегі адвокатпен байланысуға мүмкіндік беретін SOS функциясы қарастырылған. Бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Мамандардың рейтингтік жүйесі таңдаудың ашықтығын және қызмет сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жақын арада пайдаланушылардан кері байланыс алу және оның функционалын жақсарту үшін мессенджерлер арқылы Әйтеке ботына ашық тестілеу өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/930666
«ACTIVITY BOOM»: Алматының белсенді жастарына арналған жеңілдіктер 09.02.2025
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, жастарға тамақтану, демалыс орталықтарына жеңілдіктер ұсынатын «Activity BOOM» жобасы жұмысын жалғастыруда. Арнайы әзірленген дисконттық карта қала жастары үшін қоғамдық көлік, мейрамханалар, киім дүкендері, сұлулық салоны, сапалы тау шаңғы жабдықтарын жалға ұсынатын дүкендер желісіне жеңілдіктер ұсынады. Бұл картаны алу үшін тек комьюнити орталықтарының резиденті болу жеткілікті. Картаны Jas.Almaty платформасына тіркеп, жеңілдіктерді QR код арқылы оңай пайдалануға болады. Аталмыш картаны болып алған студенттер өз әсерлерімен бөлісті.«Мен «Activity BOOM» картасын Жетісу ауданындағы комьюнити орталықтан алдым. Біз достарымызбен тауға жиі шығамыз. Тауға шығатын керек жарақты жалға беретін дүкеннің бар болғаны біз үшіні керемет жаңалық болды. Достарым да осындай карта алғысы келеді!», - деді қаламыздың студенттерінің бірі Сұлтан Едігеев.Қазіргі таңда «Activity BOOM» 30-дан астам серіктеспен жұмыс істейді. Олардың арасында «FOOTLAB» футбол орталығы, «Tobe» тау шаңғы жабдықтарын жалға алу орталығы, Almaty OWL COFFEE, «Maestro» киім дүкені, Weekend lounge, «Aeka posh» сұлулық салоны, «Puff n Play» және «Z CLUB» ойын клубтары және т.б бар. Серіктестердің толық тізімі мен жеңілдік пайызын JasAlmaty.kz сайтының мобильді нұсқасынан көре аласыздар.Жастар саясаты басқармасының мәліметінше 2025 жылдың соңына дейін 50 000-нан астам жас алматылық аталмыш картаға ие болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929615
«Медеу» мұз айдынын реконструкциялау барысында оның тарихи келбеті мен мәдени мұрасы сақталады 09.02.2025
Алматы спорт нысандарын басқару жөніндегі дирекциясының мәліметінше, 2023 жылы «Медеу» мұз айдыны мен оның инженерлік желілерінің техникалық жағдайын тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеудің мақсаты – жаңғырту тұжырымдамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Сараптама қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта мұз айдыны жаппай сырғанау үшін қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Жаңғырту бойынша негізгі бағыттар: «Медеу» БТСК аумағын көркейту жұмыстары: мұз айдынының батыс сызығы бойымен серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, іргелес аумақты жақсарту мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.Инженерлік жүйелерді жаңғырту: тоңазытқыш жабдықтары мен мұз жабынын суыту жүйесін жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыра отырып, технологиялық тақтаны жаңарту, жылыту жүйесін газға ауыстыру, жылыту және көрермендерге арналған орындарды жылыту жүйесін жаңғырту, энергияны үнемдеуді арттыру және келушілерге қолайлы жағдай жасау үшін инфрақұрылымдық элементтерді жаңарту, инженерлік жүйелер, коммуникациялар мен электр жабдықтарын толықтай ауыстыру жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «Медеу» қонақ үйін толық реконструкциялау жоспарға енген.Реконструкциялау барысында «Медеу» мұз айдынының тарихи келбеті мен мәдени мұрасын сақтау басты басымдық болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/929638
Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері Дубай мен Абу-Дабиді бағындырды 09.02.2025
Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құрылған «Алматы әжелері» жасы үлкен сәнгерлер модельдер Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар шекті. Дубайдағы Тода инновациялық театрында режиссер әрі продюсер Ольга Сапожникова түсірген «Ұзақ ғұмыр» атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі – «Алматы әжелері» тобының мүшелері. Фильмнің тұсаукесері аясында алматылық зейнеткер әжелер «Ақ кербез» сән топтамасын ұсынып, ұзақ өмір сүру, денсаулықты сақтау және кез келген жаста оптимистік көзқарасты ұстану құпиясын бөлісті. Сән көрсетілімі кештің жарқын сәтіне айналып, сұлулық, дәстүр мен заманауилықтың үйлесімін көрсетті. Іс-шараға Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің өкілдері, қалалық әкімдік, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, сондай-ақ белсенді ұзақ өмір сүру тақырыбына қызығушылық танытқан көптеген көрермен қатысты. Сонымен қатар, «Алматы әжелері» Абу-Дабидегі Лувр музейінде де өнер көрсетті. Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары көрермендерді өзінің нәзіктігімен, стилімен және өмірлік қуатымен тәнті етті. Фильмнің тұсаукесері мен мерекелік іс-шара Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, халықаралық аудиторияға белсенді және денсаулыққа пайдалы өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Айта кетейік, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Алматының барлық ауданында жұмыс істейді. Қалада 15 орталық бар: атап айтқанда, үш бөлімшесі бар қалалық белсенді ұзақ өмір сүру орталық және үкіметтік емес ұйымдардың 11 филиалы. Соңғы екі жылда бұл орталықтарға келушілер саны 7 есе артты: 2022 жылы 833 адам болса, 2024 жылы 6 073 адамға жетті. Көрсетілетін қызметтер саны да 26 есеге өсіп, 12 мыңнан 313 мыңнан астамға ұлғайды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары 40-тан астам тегін қызмет түрін ұсынады, оның ішінде білім беру бағдарламалары, тренингтер, дене шынықтыру, йога, би, сондай-ақ шығармашылық шеберханалар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/930461
Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылы төрт мектеп пайдалануға беріледі 09.02.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа арнаған Жолдауында сапалы білім алу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған «Жайлы мектеп» бағдарламасы туралы бастама көтерді. Абай облысында 2025 жылдың соңына дейін 2700 оқушыға арналған төрт жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар, биыл тағы бір мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. «Жайлы мектеп» жобасы - тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің барлық балалары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа мектептерде тек техникалық жабдықтауға ғана емес, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта құруға да баса назар аударылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Жеделсатылар, пандустар және арнайы бағыттаушы белгілер орнатылған. Әр мектепте психолог, логопед және дефектологтар жұмыс істейді. Жаңа мектептердің басты ерекшеліктерінің бірі - жұмсақ жиһаздармен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған оқушылар мен оқытушылар үшін демалыс орындарының болуы. Сонымен қатар, білім беру мекемелері балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. 2024 жылы Семейде 1200 орындық ІТ-мектеп-лицейі салынды. Бұл қаладағы оқушы орны тапшылығын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді және жаңа технологиялармен жабдықталған. Үш қабатты ғимаратта физика, химия, биология, информатика кабинеттері, мультимедиялық сыныптар, графика және модельдеу кабинеті, сондай-ақ зертханалар, телестудия, смарт-сыныптар, 3D-принтерлер мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Мектепте 280 орындық акт залы және 420 орындық асхана бар. «Төрт білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтіп, робототехника, химия, биология, физика және STEM-бағыттары пәндері бойынша 56 заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталған. Педагогтардың біліктілігін арттыру да маңызды қадам болды. 5 300-ден астам мұғалім тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бүгінгі таңда Абай облысында орта білім беру ұйымдарының 38% - аудандық және ауылдық мектептер құрайды. Олардың 86-сы жаңғыртылған», - деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев. Жоба қазақстандық өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді. Жаңа мектептерге арналған барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді, бұл ұлттық экономиканы нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады. Еліміздің барлық өңірлерінде жаңа білім беру нысандарының құрылысының арқасында қосымша жұмыс орындары құрылуда. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде (Семей қаласының ІТ-мектеп-лицейі) 184 педагог жұмыспен қамтамасыз етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/930480
2025 жылы жаңа автомобиль жолдарының құрылысы және 13 мың шақырым жолды жөндеу басталады 09.02.2025
Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында 2025 жылы жөндеу жұмысы 13 мың шақырым жолды қамтитыны жоспарланғанын айтты. Оның 9,5 мың шақырымы қажетті қаржымен қамтамасыз етілген, қалған шақырымын қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды, ал жергілікті жолдарда – 91%-ды құрайды.Өткен жылдары басталған ұзындығы 1,08 мың шақырым жобалардың: Қалбатау – Майқапшағай (405 км), Күрті – Қонаев (67 км), Қызылорда – Жезқазған (398 км) және Ұзынағаш – Отар (42 км) құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 1 045 шақырым бірінші техникалық санаттағы жаңа магистралдардың құрылысы басталады.Министр мердігерлерді таңдау кезінде отандық компанияларға немесе шетелдік әріптестердің қатысуымен консорциумға артықшылық берілетінін, бұл қазақстандық құрылыс секторының одан әрі тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасы бойынша, 2029 жылға дейін 3 мың шақырым жолды бірінші және екінші санаттарға ауыстыра отырып, реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл аталған сала мен ел экономикасының дамуына жаңа серпін береді.Ағымдағы жөндеумен 6,6 мың шақырым қамтылады. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін өңіраралық және аудандық жолдарды қосу. Биыл Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Абай облыстарында ауқымды жұмыстар жоспарланған.Жөндеу жүргізілмегеніне 30 жылдан 50 жылға дейін болған жолдар, Петропавл – Жезқазған (703 км), Қандыағаш – Шалқар (246 км), Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы (156 км), Қарағанды – Аягөз – Боғас (452 км) толық жөндеуден өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/930380
Ақылы жолдардан түсетін кіріс 2026 жылы 100 миллиард теңгеге жетуі мүмкін 09.02.2025
Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін кірістің айтарлықтай өскені туралы баяндады. 2024 жылы кіріс көлемі 48 млрд теңгеге жетті. Биылғы жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелерді енгізу жоспарлануда, бұл кірісті 60 миллиард теңгеге дейін арттырады. Келер жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге дейін артуы мүмкін.«Сонымен қатар, ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жабуға пайдалану мәселесі қарастырылуда», - деді министр.Бюджет жүктемесін азайту және өзін-өзі қамтамасыз ету мақсатында қайта құру және жөндеу жұмыстары аяқталған аудандарда «жөндеу жұмыстары біртіндеп жалғасуда». Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын ақылы жол жүйесі жұмыс істейді.Сонымен қатар, министр жол бойындағы сервистік нысандарды дамытуды атап өтті. Елімізде 1446 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді, оның 90 пайызы ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу, сондай-ақ 400-ден астам заманауи сервистік нысандардың құрылысына ірі инвесторларды тарту жоспарлануда.«2029 жылға қарай 60 кешенді нысанның құрылысы жоспарлануда, оның 10 бірлігі биыл жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі 120 млрд теңгені құрайды. Бұл нысандарға демалыс орындары, TIR тұрағы және жанармай құю станциялары кіреді. Елдегі жол бойындағы сервистік нысандарды дамыту негізінде қонақүйлердің бірінші ұлттық желісі мен олардың франшизасы қалыптасады. Бұл көлік үдерісінің дамуына әсер етіп қана қоймай, автотуризмнің дамуына да ықпал етеді», - деп атап өтті Марат Қарабаев. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/930388
Қазақстанда жолдарды басқару үшін «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленеді 09.02.2025
Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде жол инфрақұрылымын басқаруды жаңғырту үшін негіз болатын «E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы енгізілетінін айтты. Платформа қолданыстағы цифрлық жүйелерді біріктіреді және барлық автомобиль жолдары – халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық жолдар туралы ақпаратты жинау және есепке алу үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.Платформаның негізгі қызметінің бірі жол саласын дамытуда ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жол активтерін сенімді бақылау және тиімді басқару. Сонымен қатар «E-Joldar» автожол пайдаланушылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жол активтерін басқаруға жауапты мамандар арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасайды.Министрдің айтуынша, платформаны енгізу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған, бұл жол қызметтерінің сапасын едәуір арттыруға және инфрақұрылыммен байланысты мәселелерді шешуді жеделдетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/930397
Олжас Бектенов: Жол құрылысы жобаларының қымбаттауына жол бермеу үшін жерді жедел сатып алуды заңнамалық тұрғыдан пысықтау қажет. 09.02.2025
Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жаңа жол жобалары бойынша жұмыстардың уақытылы жүргізілуі туралы мәселені көтерді.Көлік министрі Марат Қарабаев жерді басып алу және карьерлерге лицензия беру қарқыны туралы баяндады.Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарының кешіктірілуіне жол бермеу үшін құрылыс жұмыстарының алдын-алу және дайындық жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. жобалардың құрылысын кешіктіруге және болашақта олардың құнын көтеруге жол бермеу мақсатында алдын ала жүргізілсін», - деді Премьер-Министр.Әкімдіктерге алдағы жобалар үшін жер учаскелерін резервте ұстауды қамтамасыз ету, бұл жерлерді беруге мораторий жариялау және олардың нысаналы мақсатын өзгерту тапсырылды. Индустрия министрлігі Ақматтармен бірлесіп, жол жобаларына қатысатын карьерлердің құжаттамасын дайындауы керек. Көлік министрлігі автомобиль жолдарын салу үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін жеделдетіп алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтауы керек @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/930400