Қуқық
Қарағанды облысындағы аудит қорытындылары туралы ақпарат 09.02.2025
Аудит қорытындысы туралы ақпаратқа және 5,3 млрд теңгеге қатысты келесідей түсініктеме береміз. 2020 жылғы пандемия кезінде Мемлекет басшысы жалпы еліміз бойынша жұмыспен қамтуды қолдауға, жұмыс орындарын құруға және жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол бермеуге қаражат бөлуді тапсырды.Қарағанды облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында қаражат әлеуметтік нысандарды, жолдар мен ТКШ жүйелерін жөндеуге жұмсалды.Қарыз шарттары келесідей болды: ақша 12 жылға, жылдық мөлшерлемесі 6,1%-бен берілді, өтеу 2030 жылдан басталады.Сондай-ақ, 2020 жылы «Шаңырақ» жобасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы шеңберінде мемлекеттік облигациялар шығару есебінен қаражат бөлінді. Бұл ретте аталмыш қаражат жергілікті атқарушы органдар үшін қарыздың жалпы лимитінде ескерілмеген, себебі үкімет пандемия кезінде жеке рұқсат берген.«Қарағанды Су» ЖШС түсіндіргендей, ҚР қолданыстағы заңнамасында компанияның уақытша бос ақшалай қаражатын қысқа мерзімді банк депозитіне орналастыруға тыйым салу көзделмеген. 2024 жылы ЖШС-де Жоғары аудиторлық палата (ДПӘ) мен Қарағанды облысының Тексеру комиссиясының тексеруі өтті, сауалдар арасында бюджеттік несиелеу бойынша қаражатты пайдалануға қатысты сұрақ болды. Бірде-бір тексеруде уақытша бос ақша қаражатын депозитке орналастыру бойынша бұзушылық тіркелмеген.«Теплотранзит Караганды» ЖШС хабарлағандай, 2015–2022 жылдар аралығында жылу желілерін қайта жөндеуге жалпы сомасы 16,6 млрд теңге қаражат тартылды. 2021 жылдан бастап жасалған несиелік шарттар бойынша негізгі қарызды төлеу басталды. 2021—2024 жылдары 527 млн теңге төленді. 2024 жылы тарифтік сметада қаржы қаражатының болмауына байланысты кредитті уақтылы төлемеу бойынша бір бұзушылыққа жол берілді. Бүгінгі таңда заң бұзушылықтар жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/930816
Облыстың су басу қаупі бар 51 елді мекенге маусымдық гидробекеттер орнатылады 09.02.2025
Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өңірде су тасқынының алдын алу туралы әкімдік отырысы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК Атырау филиалының директоры Салауат Төленов аймақтың гидрометеорологиялық жағдайы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Ресей Федерациясынан үлкен көлемде су келуі мүмкін деген болжам бар.
- Облыс аумағында «Қазгидрометтің» 12 гидробекеті орналасқан. Мұнда күніне екі рет су деңгейі, температурасы, мұз жағдайы өлшеніп, айына үш рет су өтімі тексеріліп, стандартты бақылау жүргізіледі. Қазір облыстың барлық су объектісінде тұрақты гидрологиялық жағдай тұрақты, мұз қату кезеңі жүруде. Өзендерде қысқы кезеңге тән деңгейлер жүруде. 28 желтоқсаннан бүгінге дейін Иректі су қоймасының су төгіндісі секундына 60 текше метрді құрады. Өткен ақпанда су жіберу секундына 25 текше метр болған. Кеше Иректі су қоймасының жұмыс көлемі - 2 624 млн, судың келуі 19,1 текше метр/сек болды,-деді Салауат Төленов.
Серік Шәпкенов тек шекті деңгейлерді емес, келіп жатқан судың көлемін де ескеру қажетін айтты. Бұл ретте көпжылдық орташа көрсеткішке, өткен жылғы мәліметтер мен жоспарланған көлемдерге сүйену маңызды. Өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, су белгіленген деңгейге ғана жетіп қоймай, барлық каналға тарап, қосымша қауіп төндіреді. Осыған байланысты Ақтөбе және БҚО шекарасына жақын жерге су келу көлемін бақылау үшін бекеттер ашу, сондай-ақ су басу қаупі жоғары 51 елді мекенде маусымдық гидробекеттер орнату керек. Бұдан бөлек, «Қазгидрометке» шекаралас аймақтардағы гидрологиялық жағдай бойынша жедел ақпарат алмасу жүйесіне көшу тапсырылды. Тарих көрсеткендей, су тасқыны екі жыл қатарынан қайталануы мүмкін, сондықтан дайындық пен уақытылы ақпараттандыру басты назарда болуы тиіс.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаевтың айтуынша, өңірде су өткізу құбырларын тазалау, бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын күшейту жұмыстары жүруде. Былтыр Жайық өзені бойында 590 км бөгет, 20 км канал қазылды, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда 8 су өткізгіш қондырғы орнатылды. Өзен учаскелерінде 7 км жағалау нығайтылып, 121 км түп тереңдетіліп, 90 км жаға бекітіліп, тазартылды.
- Тасқынға қарсы іс-шаралар әлі де жүргізілуде,наурызда толық аяқтау жоспарланды. ТЖ резервінде жанар-жағармай, инертті материалдар мен қапшықтар қоры құрылды. Нөпір судың салдарымен күреске 1510 адам, 244 техника, соның ішінде жүзу құралдары мен тікұшақтар дайын. Одан бөлек, қажеттілік болған жағдайда басқа өңірлердің күштері мен құралдарын жұмылдыру қарастырылды,-деді Н.Жаңабаев.
Бұдан бөлек, Серік Шәпкенов қала,аудандардың дайындық шараларын тыңдады. Әкімдер өз аймақтарындағы қауіп-қатер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Аймақ басшысы салынған бөгеттерді тексеріп, қажет болса нығайтуды, сондай-ақ қар суы келетін аумақтардағы гидрологиялық жағдайды бақылауды тапсырды.
- Былтыр бізге үлкен сынақ болды. Өзіміздің осал жерімізді байқадық, енді барлық техника әр елді мекенде дайын болуы керек. Сонымен қатар, эвакуацияны тиімді ұйымдастыру мәселесіне де ерекше назар аудару қажет. Су басу қаупі жоғары аймақтардағы шаруақожалықтарға алдын ала ескертіп, малды уақытша орналастыратын орындар дайындалуы қажет. Барлық су өткізу нысандары мен салынған бөгеттер жан-жақты тексеріліп, жедел штабқа нақты ақпарат ұсынылуы тиіс. Былтыр қомақты қаржы бөліп, материалдық-техникалық базамызды жаңарттық. Біз ең нашар жағдайға дайын болуымыз керек, босаңсуға болмайды,-деді С.Шәпкенов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/930851
ҚР АШМ Digital Almaty 2025 форумында АӨК цифрландыру жетістіктерін таныстырды 09.02.2025
Халықаралық технологиялық форум – Digital Almaty 2025 аясында «Цифрландыру – ЕАЭО аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы» тақырыбында панельдік сессия өтті.Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Гоар Барсегян, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.Сессияда агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына арналған өзара байланысқан экожүйе құру бойынша бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы АӨК цифрландыру саласындағы елдің жетістіктерін таныстырып, ЕАЭО аясында ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын атап өтті.Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан заманауи шешімдерді белсенді түрде енгізуде. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу жүйелері, субсидиялау процестерін автоматтандыру және өсімдік шаруашылығын мониторингілеу жүйелері бар.Сонымен қатар, жасанды интеллект технологияларын әзірлеу және енгізуге ерекше назар аударылды. Бұл технологиялар ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін және жердің түсімділігін болжауға, сондай-ақ субсидияларға өтінім беру үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл бастамалар агроөнеркәсіптік кешенді басқару тиімділігін айтарлықтай арттыруға бағытталған.Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстанның бастамаларын қолдап, АӨК жедел дамуы үшін үздік цифрлық тәжірибелерді интеграциялау маңызды екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/930665
Вице-министрдің қатысуымен өткен кеңесте Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. 09.02.2025
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізіп, онда өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.Вице-министр жалпы өңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 11%-ды құрайтынын атап өтті. Бұл көрсеткішті арттыру үшін жергілікті шаруалар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын белсендірек пайдалануы қажет. Оның ішінде тыңайтқыштар, жоғары сапалы тұқымдар пайдалану, техникаларды жаңарту және мал шаруашылығын қарқынды дамыту сияқты агротехнологияларды кеңінен енгізу бар.Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 700 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. Қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау 1 қарашада басталды, ал қаржыландырудың өзі 29 қарашада басталды.«Егіс жұмыстарын несиелендіруді қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесін шешу үшін несие сомасының 85% мөлшерінде «Даму» РФ кепілдік механизмін қолдану жалғасады. Жеңілдікті лизингке 200 млрд теңге бөлінеді, бұл 5 мыңнан астам бірлікке техника-трактор паркін жаңартуға мүмкіндік береді», - деді Ербол Тасжүреков.Сонымен қатар СПК арқылы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, оның аясында облысқа 8 млрд теңге 13 жобаларды іске асыруға бағытталады. Оның ішінде 5 жоба көкөніс сақтау қоймаларын салуға, 4 жоба сүт-тауар фермасына, 2 жоба жерді суаруға және 1 жоба балық жем өндіруге қатысты және ауыл шаруашылығы жануарлары мен техникасын лизингке беру, суарудың суды үнемдейтін технологияларын енгізу.Барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/931113
Қостанай облысының дамуы: инвестициялар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала 09.02.2025
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды. Осыған сәйкес, Қостанай облысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Инвестициялар және өнеркәсіпӨткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына салынған инвестиция көлемі 11,7%-ға артты. 2024 жылы мемлекеттік қолдау мен жаңа инвесторларды тарту есебінен бұл көрсеткіш одан әрі өседі. Өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мақсатында ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыттың құрылысы басталады, нәтижесінде 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады.Президенттің тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін магистральды газ құбырының құрылысы басталады. Бұл өңірдегі елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік беріп, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосуға жағдай жасайды.Агроөнеркәсіптік кешенАӨК облыс экономикасының негізгі салаларының бірі болып қала береді. 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 22,1%-ға ұлғайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау екі есе артты, бұл минералды тыңайтқыштарды қолдануды кеңейтіп, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жылы өңірде 337 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, оның ішінде 150 мың тоннасы көктемгі егіс жұмыстарына дейін сатып алынуы тиіс.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аграрлық секторда өнімді терең өңдеуді дамыту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Осы бағытта өңірде биыл бидайды терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталады. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту арқылы ішкі нарықты отандық өніммен толық қамтамасыз ету міндеті қойылды.Инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы2024 жылы өңірде 1 300 км автожол жөнделеді, оның ішінде республикалық маңызы бар тас жолдар, ауылдарға кіреберіс жолдар және көшелер қамтылады. Сарыкөлден Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол және Ұзынкөл-Троебратное учаскесі толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Бестөбе ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары басталады.Ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда. 2024 жылы 40 жобаны жүзеге асыруға 7,7 млрд теңге бөлінді, қосымша 23 жобаға 13 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді деп күтілуде. Соңғы екі жылда ауыл халқының үйлеріне су тарту деңгейі 61,5%-дан 68,9%-ға дейін өсті.Өткен жылы 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5 мыңнан астам отбасының баспана алуына мүмкіндік берді. “Қостанай жастары” бағдарламасы аясында 3 жыл ішінде 250 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, бұл жұмыс биыл да жалғасады.Энергетика және жаңартылатын энергия көздеріӨңірдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңартылатын энергия көздері саласында 5 жоба іске асырылады. 1 күн электр станциясы, 1 газ-поршеньді станция және 3 жел электр станциясының құрылысы басталады. Бұл жобалардың жалпы құны 580 млрд теңгені құрайды, ал өндірілетін қуаттылық 1 ГВт-тан асады. Осы жобалар жүзеге асқаннан кейін облыстың электр энергиясын өндіру көлемі 10 есе артып, ішкі қажеттілікті толық жабады.Әлеуметтік салаСоңғы екі жылда облыста 40 мыңнан астам адамға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік берген 25 медициналық нысан пайдалануға берілді. Биыл Арқалық аудандық ауруханасының перзентханасы күрделі жөндеуден өтеді, сондай-ақ Арқалық және Жітіқара аудандық ауруханалары жаңғыртылады.Білім беру саласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда. 2023 жылы 4 мектеп пен 7 балабақша салынды, биыл тағы 7 мектеп пен 5 балабақша ашу жоспарланған. Сонымен қатар, “Жұмысшы кәсіптері жылы” аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту көзделген. Өңір экономикасының индустриялық және аграрлық әлеуетін ескере отырып, жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлау басым бағыттардың бірі болып отыр.ҚорытындыҚостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй құрылысын кеңейту және әлеуметтік саланы жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/931095
Қазақстан ғарыш технологиялары саласында тағы бір экспорттық келісімге қол қойды 09.02.2025
2025 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Конго Республикасы үшін айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін әзірлеу және іске асыру туралы инвестициялық келісімге ресми түрде қол қойылды. Құжатқа «Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы» АҚ мен Конго Республикасының өкілдері қол қойды.Жоба ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстардың мониторингі, ауыл шаруашылығы, экология және урбанистика салаларында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған. Келісім аясында жер бетін жоғары дәлдікпен және жедел бақылауға қабілетті жоғары технологиялық спутниктік платформа құру көзделген.Аталаған келісім Конго Республикасына Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің халықаралық тобына қосылуға мүмкіндік береді. Бұл топқа қазірдің өзінде Моңғолия кіреді. Бұл ғарыштық технологияларды әзірлеу саласындағы кеңейтілген халықаралық ынтымақтастықтың негізін қалайды, деректер мен мониторинг және аналитика саласындағы озық әзірлемелермен алмасуды қамтамасыз етеді.«Спутниктік платформадан бөлек, Қазақстан оқыту мен тәжірибе алмасуды қамтитын кешенді шешім ұсынады. Қазақстан технологиялық әзірлемелердің орталығы ретінде өз позициясын арттырып келеді. Осы орайда халықаралық әріптестер біздің шешімдерімізге сенім артады. Бұл – отандық ғарыш индустриясының жоғары деңгейін растайтын екінші табысты экспорттық жоба», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Бұған дейін, 2024 жылғы 2 қыркүйекте, тараптар Жерді қашықтан зондтау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жол картасына қол қойды, бұл қазіргі келісімге отыру жолында маңызды қадам болды.Бұл келісім Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы ғарыш саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға, екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуге және жаңа технологиялық бастамаларды дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/930894
«Қазақстанда Силикон алқабына ұқсас жұмыс мәдениеті бар» - сарапшылар Digital Almaty 2025 көрмесінде AI мүмкіндіктері мен қиындықтарын талқылайды 09.02.2025
Жобаны әзірлеуге, үздік хабтарда резиденцияға, ірі инвесторларға және бірегей бизнес-ресурстарға қол жеткізуге арналған гранттар – Digital Almaty 2025 IT мамандары, стартаптар, инвесторлар, бизнес өкілдері және мемлекеттік органдар арасындағы байланыстырушы көпір болды.Форумның басты тақырыбы – жасанды интеллекттің өнеркәсіпке, экономикаға және мемлекеттік басқаруға әсері. Оның қаржы, мемлекеттік басқару, ESG, медицина, білім беру және киберқауіпсіздік салаларына интеграциялануы талқыланды.Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астанада стартаптар мен IT-компанияларды біріктіретін Alem.AI жасанды интеллект халықаралық орталығын құру туралы хабарлады. Ол сондай-ақ ЕАЭО елдерін жобаға қосылуға шақырды. Сондай-ақ пленарлық отырыс барысында үздік IT шешімдері мен инновациялық жобалары үшін Digital Awards жеңімпаздары марапатталды.Форумның іскерлік бағдарламасы аясында 37 панельдік сессия өткізілді, оған 200 спикер қатысты, оның 60-ы шетелдік. «AI басқаратын: үкімет, бизнес, қоғам» атты панельдік пікірталастардың бірінде қатысушылар AI саласындағы үкімет пен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ табысты цифрлық трансформация үшін инфрақұрылым мен оқытуға инвестиция салу қажеттілігін атап өтті.Сарапшылар бүгінде жасанды интеллект барлық салада олармен бірге жүретін әрбір адамның серігі болуы керек деген пікірге келісті. «Біз AI-ны неғұрлым тез қабылдайтын болсақ, соғұрлым тезірек жақсы мұғалім, жақсы дәрігер, жақсы бизнес иесі бола аламыз», - дейді Veon Group бас директоры Каан Терциоглу.Oxford Insights негізін қалаушы және бас директор Ричард Стирлинг AI бұрын адамдар атқарған функцияларды көбірек алып жатқанын атап өтті. Мысалы, AI медициналық деректерді талдап, диагноздарды ұсына алады. Дегенмен, оның пікірінше, бүгінгі таңда ең тиімді модель – адамдар мен АИ арасындағы ынтымақтастық.«Еңбек нарығы өзгеруде. Мен жұмыссыздықты айтып отырған жоқпын, бірақ әр адам құнды тәжірибе жинай отырып, жасанды интеллектпен жұмыс істеуге бейімделіп, үйренуі керек», - деп атап өтті Стирлинг. Жасанды интеллект еңбек нарығына кері әсер етеді деп ойламаймын. Бұл, керісінше, еңбек нарығының өсуіне, салалардың өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын. «Мүмкін, бірнеше мамандық жойылып кетуі мүмкін, бірақ жалпы өсу болады», - деп бөлісті оның пікірімен Сол Кэмпбелл.Соңғы 12 жылда тек қана AI стартаптарына инвестиция салып келе жатқан Gagarin Capital және Davidovs В.К. негізін қалаушы Ник Давыдов Қазақстанның IT саласының инвестициялық қорына баға берді. Ол Қазақстанда Кремний алқабындағыдай еңбек мәдениеті бар екенін атап өтті«Тамаша білім, керемет талант, адамдар ақылды және төзімді. Жұмыс мәдениеті өте жақсы және Силикон алқабының мәдениетіне сәйкес келеді. Адамдар аптасына 100 сағат жұмыс істеуге және қажет нәрсені жасауға дайын», - дейді Ник Давыдов.Freedom Holding Corp. бас директоры. Тимур Турлов AI-ның жоғары шығындарына қарамастан, оны енгізу өнімділік пен бизнес тиімділігінің артуына байланысты әлдеқайда көп пайда әкелетініне сенімді. «Жасанды интеллектті енгізу AI құрудан әлдеқайда көп пайда әкеледі. Тіпті ондаған және жүздеген миллион доллар жұмсалса да, оның мәні түпкі пайдаланушылар үшін пайда болады», - деді Турлов.Қазақстанда AI енгізу жоспарларымен ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бөлісті. Тиісті департамент AI Movement және LMS сияқты білім беру платформаларын әзірлеуді, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында AI бойынша республикалық олимпиаданы бастауды жоспарлап отыр. Бұл шаралар AI мамандарының кәсіби қоғамдастығын қалыптастыруға көмектеседі.«Біз AI ұлттық платформасын дамыту үшін есептеу қуатын беруді жоспарлап отырмыз. Бұл мемлекеттік органдар үшін AI агенттерін құруға және ұлттық тіл үлгілерін, соның ішінде KazLLM әзірлеуге негіз болады. Ұлттық AI платформасы деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың жабық контурында жұмыс істеу үшін қолжетімді болады», - деді Мәдиев.2025 жылдың өзінде АИ саласындағы жұмысты реттейтін заң жобасын қабылдау жоспарлануда. Ағымдағы жылы сондай-ақ АИ дамытудың Ұлттық стратегиясын әзірлеу басталады - Қазақстанда АИ технологияларын дамытудың басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын кешенді құжат AI инфрақұрылымының маңызды нысаны Астанадағы Alem.AI халықаралық орталығы болады. Мәдиев түсіндіргендей, оны құрудағы мақсат – ел экономикасына да, қазақстандықтардың күнделікті өміріне де жасанды интеллект енгізу.2030 жылға қарай 1 миллион қазақстандықты, оның ішінде 500 мың мектеп оқушысын, 300 мың студентті және 90 мың мемлекеттік қызметкерді жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйрету жоспарлануда. Білім беру бағдарламаларын іске асыру цифрлық трансформацияға дайын мамандар буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Сонымен бірге, МРМК басшысы ЕДБ Төрағасының орынбасары Тигран Саркисянмен кездесіп, Цифрлық бастамалар қорының жобалары, соның ішінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа, Астананың көлік моделі және телерадио хабар тарату саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр жасанды интеллектіні дамыту үкімет үшін басымдық болып табылатынын, оның ішінде мемлекеттік АИ платформасы мен АИ агенттерін құруды атап өтті. ЕАДБ мұндай жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ венчурлық бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Цифрлық Алматы 2025 көрмесіне барлығы 200-ге жуық компания, оның ішінде жас стартаптар, IT гиганттары, халықаралық технопарктер, инновациялық жобалар, инвесторлар және бизнес өкілдері қатысты шешімдер. epsilon3ai, Finflow, arlan biotech және qala ai сияқты негізгі номинациялардың жеңімпаздары 15 мың доллар көлеміндегі сыйлықтармен марапатталды. Финалға қатысушылар арасында серіктестердің арнайы сыйлықтары, соның ішінде бұлттық қызметтер, жарнамалық науқандар, халықаралық хабтардағы резиденция және Қазақтелекомның 10 мың доллары сияқты сыйлықтар үлестірілді.Сондай-ақ, FIRST Tech Challenge халықаралық чемпионатының бір бөлігі болған робототехника турнирі – Digital Министрлік кубогының жеңімпаздары марапатталды. Жарысқа Қазақстаннан 24 үздік команда қатысты. Турнир жеңімпазы болып алматылық «Сана БИЛ» командасы 1 миллион теңгеге ие болды. Бұл турнир Қазақстанда STEM білім беруді танымал етудегі маңызды қадам болды және технология саласындағы жастарға жаңа мүмкіндіктер ашты. Ақпан айында Алматыда Хьюстонда өтетін БІРІНШІ Чемпионатқа қатысатын Орталық Азияның үздік командаларын анықтайтын Almaty Tech Cup турнирінің финалдық кезеңі өтеді.Форум аясында компаниялар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастық туралы 25-ке жуық меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 150-ден астам іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізілді, олардың IT саласына әсерін біз жақын арада көре аламыз.Digital Almaty 2025 өзінің ЕАЭО өңірі мен Орталық Азия үшін цифрлық технологиялар саласындағы басты оқиға ретіндегі мәртебесін тағы бір рет растады, тәжірибе алмасу алаңына айналды, ҚР Баспасөз қызметінің перспективаларын талқылайды және >Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/931025
Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өткізілді 09.02.2025
2025 жылғы 4 ақпанда электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті.Кеңес отырысын Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі және электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі Салалық кеңес төрағасының орынбасары Есімханов Сұңғат Қуатұлы ашып берді.Сұңғат Қуатұлы Қазақстанның электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы кәсіби біліктілікті дамыту және арттыру үшін талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті.Салалық кеңес мүшелерінің дауыс беруі нәтижесімен Құрбанәлиев Әлішер Әбуұлы Салалық кеңестің жаңа төрағасы болып сайланды.Әлішер Әбуұлы «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары болып табылады және Қазақстанның энергетика саласында үлкен тәжірибесі бар, бұл салалық кеңестің жұмысына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.Сондай-ақ, отырыста Салалық кеңес мүшелері Салалық кеңестің2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылап келісті.Қорытындылай келе Салалық кеңес мүшелерімен электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы кәсіптік стандарттардың 10 жобасы талқыланып келісілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/931070
Қазақстанда мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба аяқталды 09.02.2025
Энергетика министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен (Бірыңғай оператор) бірлесіп 2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде сәйкестендіру құралдарымен мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба жүргізді. Пилоттық жоба шеңберінде мотор майларының отандық өндірушілердің, импорттаушылардың, көтерме және бөлшек саудада өткізушілердің өнімдеріне сәйкестендіру құралдарын түсіру бойынша эксперименттер жүргізілді. Пилоттық жобаға қатысушылар өздерінің өндірістік процестеріне таңбалау жүйесінің интеграциясын сынау мүмкіндігіне ие болды. Мотор майларын таңбалау тұтынушылар үшін мотор майларының шығу тегі туралы ақпараттың ашықтығы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді, өнім айналымын бақылаудың тиімділігін арттырады, контрафактілік өнім айналымына қарсы іс-қимылға, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді, сондай-ақ отандық өндірісті дамытуға және мотор майлары саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/931060
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті 09.02.2025
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кең көлемде өткізілуде.Эколоиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру болса, акция аясында түрлі ағартушылық акциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілуде.Атап айтқанда, Тараз қаласында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде студенттер арасында «Таза өлке» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Шара аясында қатысушыларға экологиялық мәдениет туралы кең түсінік берілді.«Бүгінгі дөңгелек үстел жастар арасында, әсіресе, оқушылар мен студенттер арасында қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді. Акция арқылы туған жерді сүю, табиғи байлықты сақтау, оны таза ұстап, жасыл желекті арттыу ұғымы терең қалыптаса түседі. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы әрбір қазақстандыққа өзінің маңыздылығын және елдің дамуына қосқан үлесін сезінуге мүмкіндік береді» - дейді белсенді жас М. Нұрділләұлы.Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.Жамбыл ауданында жастар арасында «Табиғатты аялайық» викторинасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел отырысы, Қордай ауданында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында жастармен кездесу, Мойынқұм ауданында ауылдық округтер арасында «Таза аудан» челленджі өткізілді.Т.Рысқұлов ауданында «Таза өлке бізге аманат» тақырыбында еңбек ардагерлері жастармен, Шу ауданында волонтерлар №10 Шу коллледжінің студенттерімен кездессе, Меркі ауданында жастар арасында «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты флешмоб, Сарысу ауданында «Бірге – Таза Қазақстан!» тақырыбында эко-ойын, Талас ауданында «Таза Қазақстан – Таза әлем» атты жастардың жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылды.Айта кетейік, аталған шаралар облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы ағымдағы жылғы алғашқы апталық болып табылады. 2024 жылы акция барысында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылып, 30 875 тонна қоқыс шығарылған болатын. Сондай-ақ, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/930661
Алматы облысында бір аптада 995 жұмыс орны ашылды 09.02.2025
Облыста халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Тек соңғы аптаның өзінде 995 жаңа жұмыс орны ашылып, оның 420-сы жұмысқа орналасқан. Ең көп бос жұмыс орындары білім беру саласында пайда болды – 112 адам мектептер мен балабақшаларға, соның ішінде Қарғалы ауылындағы No1 мектеп-лицейіне, Райымбек ауданының Жастар мектебіне және атындағы орта мектепке жұмысқа қабылданды. Бейсеуова А. Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен үйде мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты емдеу мекемелеріне 45 маман жұмысқа орналасты. Көлік және қойма секторында 65 адам, өнеркәсіпте 24 адам, балық шаруашылығында 15 адам, құрылыста 10 адам жұмыс істейді. Негізгі жұмыс берушілер қатарында «Жетісу Вольфрамы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Төре жайлау», білім беру және медициналық ұйымдар бар. Құрылған жұмыс орындарының жалпы санының 567-сі субсидияланса, 428-і enbek.kz порталында жарияланған. «Жаңа жұмыс орындарын құру – біздің басты міндетіміз. Біз жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер үшін қолайлы бос жұмыс орындарын таңдай отырып, мақсатты негізде жұмыс жасаймыз. «Облыстың әрбір тұрғынына жұмысқа орналасып, отбасын асырауға мүмкіндігі болуы маңызды», - деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Матанқызы. Жалпы, 2025 жылы облыста 61,2 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, бұл халықты қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/929485
Алматы облысында мемлекеттік меншік қайтарылуда 09.02.2025
Ұшқоныр су шаруашылығы колледжі. 2016 жылы бұл нысан сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Алайда, инвестор келісімшарт бойынша 66,6 млн теңге инвестиция салу міндеттемесін орындамаған. Осыған байланысты сот шешімімен мүлік қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды.Есік көлі бөгеті және 141,6 га жер учаскесі. 2018 жылғы тендердің шартына сәйкес, инвестор 1,1 млрд теңге көлемінде инвестиция салуға тиіс болған. Алайда, бұл міндеттемелер орындалмаған. 2024 жылы сот шешімімен нысан мемлекетке қайтарылды.Ағымдағы жылы жалпы сомасы 23 млрд теңгеден астам инвестиция тарту туралы келісім жасалып, бұл нысанды кешенді қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған. Нәтижесінде, су тапшылығы мәселесі шешіліп, ауыл шаруашылығы, жергілікті тұрғындар мен туризм инфрақұрылымына оң әсер етеді деп күтілуде.Қаскелеңдегі Өнер мектебінің екі ғимараты. 2015 жылы мемлекет 134 млн теңгеге сатып алған бұл нысанға қатысты келісімшарт 2023 жылы сот шешімімен жарамсыз деп танылды. Апелляциялық шағымдану нәтижесінде ғимараттар коммуналдық меншікке қайтарылды.Алматы экономикалық колледжі. Алғашында оның дамуына 100 млн теңге инвестиция қарастырылғанымен, кейін бұл сома 10 млн теңгеге дейін қысқартылған. Келісімшарт шарттары мүлде орындалмағандықтан, колледж мемлекетке қайтарылды.7 су шаруашылығы нысаны. Келісімшарттық міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты 2024 жылы бұл нысандар жергілікті атқарушы органның бақылауына өтті.Мемлекеттік активтерді тиімді басқару және инвестиция тарту мақсатында коммуналдық мүлікке ауқымды түгендеу жүргізілді. Оның нәтижесінде 967 бос, апатты және иесіз ғимарат анықталды. Оның ішінде 427 жеке меншік нысан апатты жағдайда болып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні, сондай-ақ елді мекендердің сәулеттік келбетіне кері әсер ететіні белгілі болды.Жүргізілген талдау нәтижесінде 304 пайдаланылмайтын нысан бойынша жиынтық тізім жасалып, оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыратын Жол карталары бекітілді. 188 иесіз нысанды мемлекет меншігіне қайтару мақсатында оларды ресми түрде иесіз деп тану рәсімдері жүргізілуде.Қаржы басқармасының мәліметінше, бұл ғимараттардың бір бөлігі бұзылып, кейбірі аукционға қойылады, ал қалғандары қайта жаңғыртылады.Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Ол бос тұрған ғимараттардың жаңартылып, халық үшін маңызды нысандарға айналуы мүмкін екенін айтты.Қазіргі уақытта 69 нысан инвестициялық жобаларды іске асыруға іріктеліп, 5 нысан бойынша әлеуетті серіктестерді іздеу жөнінде конкурстар басталды. Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару жаңа инвестициялар тартуға, жергілікті бюджетке қосымша табыс көздерін құруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп сенеді билік өкілдері.Өткен жылы Алматы облысында жалпы ауданы 397 313 гектарды құрайтын 1 340 жер телімінің пайдаланылмай отырғаны анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/930209
Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды 09.02.2025
Алматы облысы әкімінің өкімімен Аскар Тасбулатович Тойчубеков 2025 жылғы 4 ақпаннан бастап Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Аскар Тасбулатович 1975 жылы туылған, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Текелі қалысының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері қызметінен бастаған.Әр жылдары Алматы облысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде, сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінде әр түрлі лауазымдарды атқарған. 2020 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 26 қараша аралығында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/930646
Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті 09.02.2025
Елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысты.Кездесу барысында STEM International компаниясының басшысы Винсент Тассар өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасын таныстырды.Жобаның негізгі мақсаттары:✅ «Шымбұлақ» курортын кеңейту және оны «Ой-Қарағай» демалыс аймағымен біріктіру.✅ Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру.✅ Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту.✅ Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту.✅ Жыл сайынғы туристік ағынды 5 миллион адамға дейін көбейту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/930530
Харбин-2025: Алғашқы жеңіс 09.02.2025
Хоккейден Қазақстан ерлер құрама командасы #Harbin2025 ойындарындағы алғашқы матчында Таиланд командасын ірі есеппен жеңіп, турнирді сенімді бастады.Таиланд 0:12 Қазақстан Келесі ойын 5 ақпан, 17:00-де Қытайға қарсы өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/930775
Қорғаныс министрінің бұйрығымен реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің үлгілік шарты бекітілді 09.02.2025
Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үлгі шартты бекіту туралы» қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының бұйрығын дайындады.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Әуе қорғанысы күштерін пайдалану туралы» Заңының 15-1-бабына сәйкес әуежай қызметі саласында ақылы қызметтер көрсетуді одан әрі жүзеге асыру мақсатында әзірленді салалар» және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасы. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 18 ақпанына дейін «электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15426162Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/930836
Хабарландыру: «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 09.02.2025
2025 жылғы 6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің бақылау органдарын, күштері мен құралдарын су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға дайындау» тақырыбында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-кезеңі өтеді Атырау қ. Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Жетісу облысында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізіледі Таңертеңгі сағат 0-де еліміздің 11 аймағындағы барлық қолжетімді дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған орай, сабыр сақтап, дүрбелең мен қауесеттерге берілмеуіңізді сұраймыз.Аккредиттеу үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 87755697405, 87782692193Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/930390
Қауіпсіздік негіздерін ерте жастан үйрету: ТЖМ құтқарушылары балаларға арналған сабақтар өткізуде 09.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік негіздеріне оқыту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Бұл жұмыстың мақсаты-балаларды төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету ғана емес, сондай-ақ болашақта болуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан балалардың бойына дарыту.
Шымкент қаласының балабақшасында кішкентай тәрбиеленушілер нағыз құтқарушылармен кездесті. Бұл танымдық іс-шара балаларға төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білуге және күнделікті өмірде қауіп-қатерден аулақ болуға мүмкіндік берді. Құтқарушылар балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері туралы айтып, үрейге бой алдырмай, бірден 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалып, қауіпті жерден тез кету қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
Кездесудің практикалық бөлігі балалардың ғимараттан «жаттығу эвакуациясын» қамтыды, оның барысында балалар өрт болған жағдайда іс-қимыл алгоритмін пысықтай алды. Құтқарушылардың формасын сынап көру және олардың жабдықтарымен танысу мүмкіндігі ерекше қуанышқа бөленді.
Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектебінде ТЖД қызметкерлері 4-6 сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі негіздері бойынша оқыту нұсқамасын өткізді. Балалар өрттің алдын алуды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын, соның ішінде өрт сөндіргішті дұрыс қолдануды үйренді. Құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтарды көрсетіп, оның қолданылуы туралы айтып берді, бұл балалардың қызығушылығын тудырды.
Қыста су объектілері мен мұздың жанындағы жүріс-тұрыс ережелеріне ерекше назар аударылды. Сарапшылар қауіпті жағдайларды болдырмау үшін сақталуы керек сақтық шараларын түсіндіріп, оқиға болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектебі мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде өрт қауіпсіздігінің кезекті бұрышы ұйымдастырылды. Оқушылар өрттің салдарын анық көре алды: өртенген тұрмыстық техника, зақымдалған газ баллондары және нақты оқиғалар болған жерлерден алынған электр жабдықтарының өртенген элементтері.
Сонымен қатар ТЖД қызметкерлері өрт сөндіргіштердің әртүрлі түрлерін көрсетіп, олардың жұмыс принципін түсіндіріп, дұрыс пайдалану жөнінде нұсқау берді. Іс-шараның маңызды бөлігі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйрету болды, бұл әсіресе төтенше жағдайларда өзекті.
Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені ерте жаста балалар қажетті білім мен дағдыларды жақсы меңгереді. ТЖМ қызметкерлерімен тұрақты сабақтар өскелең ұрпақтың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/930926
Мәдени және демалыс паркіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық мәдени және демалыс паркін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді. Жалпы аумағы 6 гектар паркке ғимараттар мен аттракциондар, бетонды скейтпарк салу жоспарланған.Бүгінде «Bi Global» серіктестігі кең көлемді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Демонтаж жұмыстары толық аяқталып, субұрқақтардың орны дайындалуда. Қайта жаңғыртуды парктің ашылу маусымына, яғни мамыр айына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру межеленген.Аймақ басшысы құрылысқа сапалы материалдар пайдалануды, атракциондардың қауіпсіз болуын, жұмыстарды уақытылы аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930692
Мемлекет қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс 09.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобалар және күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты екенін, су тапшылығына қарамастан күріштен мол өнім жиналғанын атап өтіп, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Биыл да барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімді қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейту керек. Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының соңғы жылдардағы төмендеу тенденциясын ескеріп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өте маңызды. Инвестиция көлемін 10 пайыздық өсіммен меже бекітіңіздер.Жоспарланған жобалардың барлығын мерзімінде жүзеге асыруды және іске қосуды қамтамасыз етіңіздер. Өңірдің шикізаттық қорын, қолда бар ресурстарды, инженерлік-инфрақұрылымды тиімді пайдаланып, отандық және шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейту қажет.Кәсіпкерлік басқармасының басшысы, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асуын үйлестіріңіз. Мәселені қатаң бақылауға алыңыз.Облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдануды жалғастырыңыздар. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз етіңіздер.Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.Заң бұзушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орындамаған өнім берушілермен прокуратура органдарының ұсынымдарын негізге алып келісім-шарттарды бұзу қажет ”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.Айта кетейік, 2025-2029 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 87 инвестициялық жоба жүзеге асып, 8 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 275,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаның іске қосылуы, 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделуде. Өткен жылы Қытай, Ресей, Италия, Испания, Голландия, Корея, Өзбекстан, Түркия елдерінің өкілдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы бірқатар келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/930701