Enbekshi QazaQ

Қуқық

Білім берудің болашағы: Қазақстан AI дәуірі үшін кадрларды қалай дайындайды 01.02.2025
Білім берудің болашағы: Қазақстан AI дәуірі үшін кадрларды қалай дайындайды31 қаңтарда Digital Almaty 2025 халықаралық технологиялар форумында «Ұлттық білім беру стратегиясы: AI кадрларын даярлау» тақырыбында панельдік сессия өтті. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар жасанды интеллект саласындағы білім берудің негізгі мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев өз сөзінде жасанды интеллект саласындағы кадр даярлаудың барлық салалар үшін стратегиялық маңыздылығын және елдің цифрлық экономикасын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.Сессия модераторы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кіріспе сөзінде AI саласындағы білім беруді дамыту қажеттілігін атап өтіп, Қазақстанда 20 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша мамандар даярлап жатқанын мәлімдеді.Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы әрі бас директоры Тодзю Дюк жасанды интеллекттің инклюзивті әрі ашық болуы керек екенін айтты. Ол барлық қоғам мүшелерінің мүдделерін ескеретін және алгоритмдердегі біржақтылықты азайтатын технологияларды дамыту қажеттілігін атап өтті.Oxford Insight компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Ричард Стирлинг білім беруде AI технологияларын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Ол AI негізіндегі жекелендірілген білім беру жүйелері білімге қолжетімділікті айтарлықтай арттырып, студенттердің жеке қажеттіліктеріне сәйкес оқыту процесін бейімдеуге мүмкіндік беретінін айтты.BIEG China компаниясының Болашақ білім беру орталығының директоры Пол Ким білім беру технологияларының тұрақты үлгілерін талқылады. Ол инновациялар мен цифрландыру білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар оны студенттер үшін кең ауқымда қолжетімді етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Пол Ким қазақстандық жастардың ерекше таланты бар екенін атап өтті. Ол студенттердің дарындылығы мен әлеуетінің деңгейіне таң қалды және бұл AI-Sana бағдарламасын іске қосу үшін Қазақстанды таңдаудағы басты фактор екеніне тоқталды.Сарапшылар AI саласында кадр даярлау стратегияларын талқылап, оқытудың практикалық бағытталуын, білім беру бағдарламаларын нарық сұраныстарына бейімдеуді және университеттер, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара әрекеттестіктің маңыздылығын атап өтті.Дискуссияны қорытындылай келе, министр Қазақстанның AI-Nation құру үшін барлық қажетті алғышарттарға ие екенін атап өтті. Бұл үдерісте мемлекет, бизнес және білім беру мекемелері арасындағы тығыз ынтымақтастық маңызды рөл атқаратынын, сондықтан Қазақстанның халықаралық аренада жасанды интеллект саласында көшбасшы орын алуына мүмкіндік туатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929245
AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СУ СҮЗГІЛЕРІН ӘЗІРЛЕДІ 01.02.2025
AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СУ СҮЗГІЛЕРІН ӘЗІРЛЕДІМемлекет басшысы ағынды суларды тазарту инфрақұрылымын жаңғырту және су айдындарының ластану мәселесін шешу қажеттігін бірнеше рет атап өткен. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары тұрмыстық және өндірістік мақсаттарда қолданатын инновациялық отандық су сүзгілерін әзірледі.Жақында С.Аманжолов атындағы ШҚУ құны 125 000 000 теңге тұратын су тазартатын сүзгі өндіретін L-BW 380 жабдығын сатып алды. Жаңа техника сүзгілерге қажетті сапалы корпустар жасауға мүмкіндік береді.Ғылыми қызметкерлердің айтуынша, өнімді нарыққа бір жылдың ішінде шығару жоспарланған. Осы уақыт аралығында ғалымдар тобы техникалық білім алып, сүзгі жасайтын жұмыс орнын дайындаулары қажет.«Су объектілерін тазарту үшін композициялық сүзгі материалдарын өндіру» жобасы әлемдегі өзекті мәселелердің бірі – ауыз су сапасының төмендігін шешуге бағытталған. ШҚУ ғалымдары биополимерлер, керамикалық және көміртекті материалдар негізінде графит оксидімен модификацияланған сүзгілеуші композициялық сорбенттер өндірісін жолға қоймақ. Сондай-ақ оларды картридж түрінде құрастыруды және корпусын дайындауды университет базасында жүзеге асырады.Алдағы уақытта қазақстандықтарға ауыр металдардан, микроорганизмдерден және органикалық қосылыстардан тазартылған су қолжетімді болады. Алғашқы отандық сүзгі ресейлік аналогтарға қарағанда бағасы арзанырақ. Ал тұрмыстық сүзгі 4-5 ай бойы қызмет етеді.– Елдегі жерүсті су айдындарының шамамен 70%-ы ластанған. Бұл жағдайды, әсіресе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар қиындата түсуде. Өндірістік көздерден шыққан ағынды сулардың шамамен 20%-ы тазартылмай, тікелей су айдындарына жіберіледі. Біз ұсынған жетілдірілген тазарту құрылғылары арқылы бұл мәселені шешуге болады деп ойлаймын, – деді жоба жетекшісі, университеттің аға ғылыми қызметкері Тілек Қуанышбеков.С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті су ресурстарын қорғау ісіне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Екі жыл бұрын «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы енгізілген болатын. Оның басты мақсаты – гидроресурстар мониторингінде геоақпараттық әдістерді қолдана алатын, су ресурстарын экологиялық нормалар мен ұтымды пайдалану стандарттарына сай басқара алатын мамандар даярлау.Осылайша ШҚУ гидрологтар, гидрохимиктер, сел мамандары, гляциологтар және табиғатты пайдалануда ГАЖ мамандарының резервін дайындап келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929253
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Ербол Қарашөкеев қордайлықтармен кездесті 01.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды.Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өңір басшысы алдымен аудан тұрғындарымен кездесті.Жиынға бірқатар басқарма мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.Облыс әкімі алдымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылады.Қордай ауданында 2024 жылдың қорытындысына сәйкес барлық салада оң динамика қалыптысты: өнеркәсіп өндірісі (101,1%), бөлшек сауда тауар айналымы (104,0%), құрылыс жұмыстары (142,3%), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі (102,4%), ауыл шаруашылығы (104,8%) саласында өсімге қол жеткізілді.Жиында Ербол Қарашөкеев жауаптыларға мемлекеттік қолдаудың қарапайым шаруаларға, тұрғындарға жетуі қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар аудан әкімдігіне кәсіпкерлік саласын дамыту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау міндетін қойды.Жергілікті жерде ірі кәсіпорындардың құрылуы халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына, аймақтың экономикалық дамуына серпіліс берері сөзсіз.– Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде үнемі айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді. Бұл бағытта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «жекелеген» мәселелерді ғана шешпей, елдегі тұтас инвестициялық ахуалды жақсарту — басты мақсатымызға айналуы тиіс, — деді облыс әкімі.Қордай ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алып, салада оң өсім байқалады. Дегенмен, 2022 жылдан бері Қордай ауылындағы 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тұралап тұр.– Мәселе мердігер компанияның жұмысты жүйелі жүргізе алмауынан туындаған. Бұл – аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Қазір заң аясында тиісті шара қабылдануда. Қателік қайталанбауы тиіс, — деген аймақ басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасады.Жиында аудан әкімі мен орынбасарлары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.Облыс әкімі әлеуметтік салаға жеке тоқталып, аудан әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарына балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.Сұрақ-жауап бөлімінде аудан тұрғындары бірқатар мәселені көтеріп, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру, медицина және жайылымдық жерге қатысты мәселе қозғалды.Сондай-ақ аудан орталығындағы стадионды заманауи үлгіде жаңғыртудан өткізіп беруді сұрады.Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген сауалдар қараусыз қалмайтынын жеткізді. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленеді.Жиын соңында облыс әкімі егін, мал шаруалығында жаңа әрі озық технологияларды енгізу жұмыстарын жандандыруды, «Ауыл аманаты» жобасының бесінші бағытына басымдық беріп, кәсіп ашу шараларын аудан тұрғындарына кеңінен насихаттауды, жас мамандарға, жастарға әлеуметтік қолдау көрсетуді, азық-түлік қауіпсіздігін және жанар-жағар май, сұйытылған газ тапшылығын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен жүйелі жұмыс жүргізіп, бақылауға алуды тапсырды.Бұдан соң, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ асты.Айта кетейік, 2024 жылы Жамбыл облысының барлық деңгейдегі әкімдері халықпен 759 кездесу өткізді. Онда көтерілген 2 754 мәселенің 2 514 орындалып, 240 бақылауға алынған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/929251
Қордай ауданына жұмыс сапары: көлік әлеуеті, тұрғын үйдің қолжетімділігі, қоғамдық тәртіп 01.02.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды.Өңір басшысы «Қордай» бақылау-өткізу бекетінің қызметін тексеріп, цифрлық сервистерді енгізу бойынша жұмыс нәтижелерімен танысты.Автоматтандырылған турникеттер кезекті жоюға және құжаттарды тексеру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.Жаңғыртудан кейін бекеттің өткізу қабілеті тәулігіне 1 мыңнан 2,5 мың көлікке және 6 мыңнан 23 000 адамға дейін артты.Аймақ басшысы өткізу бекетінің инфрақұрылымын жақсарту, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.Ербол Қарашөкеев тұрғын үй саясатын іске асыру барысымен де танысты.Қордай ауылында әлеуметтік осал санаттағы мұқтаж азаматтар үшін барлығы 2,1 млрд. теңгеге 144 пәтер сатып алынды. Ербол Қарашөкеев баспаналарды аралап, тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Облыс әкімі өткен жылы пайдалануға берілген аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратында болды.Ғимарат азаматтарды қабылдауға қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған.Іс-сапар барысында өңір басшысы құқық бұзушылыққа қарсы күрес, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/929252
Қоғамдық кеңес отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2024 жылғы жұмысының қорытындылары талқыланды 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның басшылығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.Бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың министрліктің 2024 жылғы жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. Ол ведомствоның басты міндеті сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды ілгерілету және әлемдік аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау болып табылатынын атап өтті.Ә.Бақаев экономикалық дипломатияға және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатқа ерекше назар аударды. Өткен жылы Қазақстан 15,7 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартты. Еліміздің үлесіне Орталық Азиядағы барлық тартылған инвестициялардың 63 пайызы тиесілі.Қазақстандық төлқұжаттың мәртебесін арттыру бойынша белсенді жұмыс жалғасып, еліміз «Global Passport Power Rank 2025» рейтингінде 51-ші орынды иеленді, деп атап өтті министрдің орынбасары.Іс-шарада Қоғамдық кеңес мүшелерінің Сыртқы істер министрлігі мен оның шет елдердегі мекемелерінің азаматтардан түсетін өтініштерімен жұмысына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есептері тыңдалды.Бұл мәселе бойынша СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков баяндама жасады. Ол консулдық қызметтің негізгі міндеті шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғау екенін атап өтті. ҚР СІМ-ге консулдық мәселелер бойынша келіп түскен 100 мыңға жуық өтініштің 99,9%-ы қанағаттандырылды. Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында «е-Otinish» жүйесіне еліміздің 95 шетелдік мекемесі қосылған.Отырыс барысында ҚР заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы да талқыланды. Бұл мәселе бойынша заң қызметі және халықаралық құқық департаменттер директорларының есептері тыңдалды.Отырысқа қатысушылар Қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жоспарын бекітті.Кездесу соңында қоғам белсенділері Министрлік жұмысының түрлі бағыттары бойынша практикалық ұсыныстар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929249
ТЖМ-де төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті 01.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінде Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыс орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларының,сондай-ақ аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының, ТЖМ басшыларымен лауазымды тұлғаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында өтті.Отырыс барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығы, тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі және оларды қауіпсіз пайдалану бойынша өткізілетін іс-шаралар, республиканың бүкіл аумағында мобильді құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін (MassAlert) енгізу мәселелері талқыланды.Аталған мәселелер бойынша Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері сөз сөйледі. Сондай-ақ, еліміздің бірқатар өңірлері әкімдерінің орынбасары тыңдалды.«Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірлердің су тасқынына дайындығы мәселелерін ерекше бақылауда ұстау қажет. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде тек жер сілкінісі кезінде ғана емес, сондай-ақ барлық ауқымды төтенше жағдайлар қаупі немесе туындауы кезінде де MassAlert жүйесінің толыққанды жұмыс істеуіне бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету», - деп қорытындылады вице-министр Кеген Тұрсынбаев.Отырыс қорытындысы бойынша вице-министр Кеген Тұрсынбаев мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға халықтың қауіпсіздігін арттыруға және мемлекеттік органдардың су тасқыны құбылыстарын болдырмауға және жоюға дайындығына бағытталған ұсынылған іс-шараларды іске асыру үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/928625
Сенат депутаттары «Тасқын» ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты. 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сергей Ершов Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару қолбасшылық орталығында болып, су тасқыны кезеңіне дайындық барысымен және ТЖД жұмысымен танысты. «Тасқын су тасқынын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесі. Сапар аясында Сергей Ершов Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған, Су ресурстары және ирригация, Цифрлық министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде болды. Даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ «Қазгидромет». Басқосуды ашқан Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев депутатқа жаңартылған басқару орталығының жұмысымен және ТЖ мониторингі жүйесімен таныстырды. Одан кейін. , Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандары тиімді болжау және су тасқыны қаупін басқаруға бағытталған «Тасқын» су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесінің функционалдығын көрсетті. «Тасқын» ақпараттық жүйесі болжау процестерін автоматтандыруға арналған. су қоймасына құйылатын су және көктемгі өзендердің ағыны, сондай-ақ гидрографтың цифрлық болжамын және су қоймаларынан жоспарланған су ағызуды пайдалана отырып су басу аймақтарын модельдеу. Сапар соңында Сергей Ершов ақпараттық жүйелерді одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті және бірқатар ұсыныстарды ұсынды. су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарының тиімділігін арттыру.< br> Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/928818
Облыстық балабақшалар арасында «Таза Қазақстан — жасыл балабақшадан» атты семинар өтті 01.02.2025
Жиынға мектепке дейінгі алты ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері қатысып, экологияға қатысты түрлі жобасын таныстырды.Семинар мақсаты — қоршаған ортадағы экологиялық мәселелерді анықтау және оны шешу жолдары, сондай-ақ балақайлардың өлкетануға қызығушылығын арттыру.Кездесу барысында тәрбиешілер мен бүлдіршіндер «Кішкентай эколог», «Жасыл экономика біртұтас тәрбие», «Полиэтилен пакетінің зияны» тақырыбындағы жобаларын таныстырды. Сонымен қатар «Экоәлем» шеберлік сағаты өтіп, «Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз?» атты диалогтік алаң ұйымдастырылды.- «Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны аялауға бағытталған маңызды әрі жан-жақты қолдау тапқан бастама. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәлім беру — тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік маңызы зор құнды бағыт. Балаға табиғатты мектепке дейінгі шақта тереңірек таныстырудың ерекше маңызы бар. Себебі адамның денсаулығы, ақыл-ойы мен санасы, еңбек пен сыртқы ортаға деген көзқарасы жеті жасқа дейін қаланады. Сондықтан осындай іс-шаралардың жиі өтуі өте пайдалы. Бұндай іс-шаралар өткен жылдан бері жалғасын табуда. Былтыр осы бағытта мектепке дейінгі ұйымдара 27 облыстық, 208 қала және аудан көлемінде жиын өтті, - деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.Исатай ауданы Аққыстау ауылы «Нұршуақ» балабақшасының педагог-тәрбиешісі Перизат Қалыбекқызы бүлдіршіндерге қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретіп жүр.— Балаларға қоқыс жәшіктеріне пластикті, шыны бөтелкені, политилен пакет пен тамақ қалдықтарын бөліп тастауды ойын арқылы үйретемін. Олар әріп танымағандықтан әдісті суреті бар карталар арқылы жасаймын. Қазір ата-аналардан балақайлардың үйге барғанда қоқысты сұрыптап тастайтынын және оны өздеріне үйрететінін жиі естимін, - дейді тәлімгер.Айта кетейік, бұл семинар облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Өңірде мектепке дейінгі 337 ұйымда 35 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың ішінде 151 мемлекеттік, 86 жекеменшік және 100 орталық бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/928663
Қазақстандық өнімнің 60-тан түрін Иранға экспорттау ұсынылды 01.02.2025
Алматы қаласында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Иранның өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрінің орынбасары, Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мохаммад Али Дехган Дехнавимен кездесуі өтті. Кездесуде екі ел арасындағы өзара тауар айналымын ұлғайту мәселесі талқыланды.«Біз Иранмен тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін арттыру мүмкіндігін көріп отырмыз. Иран нарығына жеткізу үшін 162 миллион доллар сомасына астық, күнбағыс майы, ет өнімдері және басқа да тауарларды қоса алғанда, 60-тан астам тауар позициясын ұсынуға дайынбыз», - деп атап өтті министр Арман Шаққалиев. Ол Қазақстан екі мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын айтты. Иран Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.Екі елдің сауда қатынастарын нығайту мақсатында алда өтетін сауда-экономикалық миссия, сондай-ақ 2025 жылдың ақпанында Тегеранда жоспарланған бизнес-форум маңызды рөл ойнамақ. Миссияның мақсаты - елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту, қазақстандық өндірушілер мен ирандық сатып алушылар арасында тікелей байланыстар орнату, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту болып табылады. Оған қоса сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға ықпал ете отырып, екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 296 миллион АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға артық. Қазақстаннан Иранға экспорт көлемі 29,1%-ға өсіп, 100,6 миллион АҚШ долларын құрады.Қазақстаннан Иранға жеткізілетін негізгі тауарлар арпа, бидай, рапс дәні, күнбағыс майы, жүгері, сондай-ақ, қой, ешкі және сиыр еті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/929264
Қазақстан мен Жапония: маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты дамыту 01.02.2025
Бүгін Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев JICA Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің және JOGMEC металлургиялық және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі Жапония ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу өтті. маңызды пайдалы қазбалар саласындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін өтті JICA дамушы елдерге техникалық көмек көрсету бағдарламаларын жоспарлайтын және жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым болып табылады. Әріптес елдерге әртүрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, соның ішінде энергияны үнемдеу мәселелерін шешуге көмектеседі2011 жылдан бастап Қазақстан JICA-мен энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ынтымақтасады. Ұйым Индустрия және құрылыс министрлігіне энергия үнемдеу саясатын әзірлеу мен енгізуде, сондай-ақ энергия тиімділігін бақылау және бақылау жүйесін құруда қолдау көрсетті. Қазақстанда Жапония тәжірибесі негізінде энергияны үнемдеу саясатының негізгі құралы – Мемлекеттік энергетикалық тізілім (SER) құрылды.Жапондық JOGMEC металлургиялық және энергетикалық қауіпсіздік ұйымы бұрынғы Жапония ұлттық мұнай корпорациясының функцияларын біріктіреді. және бұрынғы Жапония металдар тау-кен агенттігі.2024 жылдың тамызында Индустрия және құрылыс министрлігі JOGMEC-пен геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. > Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/929263
Дәстүрлі жәрмеңке өтті 01.02.2025
Абай ауданында азық-түлік бағасын ұстап тұру бағытында тиісті шаралар жүзеге асырылуда. Бүгін Қарауылда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеде картоп, сәбіз, қырыққабат, пияздың келісі 120 теңгеден саудаланды, бұл нарықтық бағадан 2-3 есе арзан.Сонымен қатар, сиыр етін -2200, жұмыртқаның данасын-50, 25 келілік жемді (кебек) -1100 теңгеден алуға мүмкін болды.Сөреге Бородулиханың балы, әртүрлі балық түрлері, сүт өнімдері, тауық еті де қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/929250
Степногорскіде жедел басқару орталығы ашылды 01.02.2025
Степногорскіде жедел басқару орталығы ашылды. Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын 324 бейнебақылау камерасы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді.Ақмола облысында аумақтық полиция бөлімшелерінің күнделікті қызметіне инновациялық технологияларды енгізу жалғасуда. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру өңірлік полиция департаменті үшін негізгі міндетке айналды, ал ұсақ құқық бұзушылықтарға жедел ден қою — полиция қызметінің тиімділігінің басты көрсеткіші.Ішкі істер министрі жариялаған "Профилактика жылы" аясында Степногорск қаласында полиция қызметкерлері мен моноқала тұрғындары үшін маңызды әрі көптен күткен оқиға болды.Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тәулік бойы бақылауды ұйымдастыру мақсатында 31 қаңтар күні қалада заманауи жедел басқару орталығы жұмысын бастады.Салтанатты ашылу рәсіміне полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашев, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын 324 бейнебақылау камерасы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді. Орталықтың жедел залында 26 қызметкер жұмыс істейді, олардың арасында "102" жедел желісінің операторлары, бейнебақылау инспекторлары, нұсқаушылар және ҚКБТ инспекторлары бар.Орталықта 324 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, оның ішінде 139 камера Степногорск көшелерінде және 9 камера жақын маңдағы елді мекендерде: Ақсу және Қарабұлақ кенттерінде орнатылған. Сонымен қатар ЖБО жүйесіне 176 "бұлтты бейнебақылау" камерасы қосылған, олар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларын онлайн режимде бақылауды жүзеге асырады.Болашақта орталыққа қаладағы орта мектептер мен колледждердегі бейнебақылау камералары қосылмақ.Айта кету керек, Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасын орындау аясында цифрлық жобаларды енгізу және жаңа технологиялық жабдықтарды, әсіресе бейнебақылау жүйелерін қолдану құқық бұзушылықтарды болдырмауға және қылмыстарды жедел ашуға, осылайша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазіргі таңда өңірде үш толыққанды ЖБО жұмыс істейді: облыс орталығы Көкшетау қаласында, сондай-ақ Щучинск және Степногорск ірі қалаларында. Өткен жылы ЖБО көмегімен облыста 270-тен астам қылмыс ашылып, 49 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/928934
Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі ашылады 01.02.2025
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова Шәкәрім университетінің жұмысымен танысты. Іс-сапар барысында профессор-оқытушылар құрамымен аграрлық ғылым мен білім беруді дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.Кездесудің тағы бір негізгі мақсаты болашақта мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған технопаркін құру. Абай облысындағы қолайлы климат пен мал шаруашылығының дамыған инфрақұрылымы осы бастамалардың өзектілігін атап көрсетеді.«Университеттің аграрлық сектор үшін білікті мамандар даярлауда бай тарихы бар. Технопарк құру арқылы жергілікті өнімді қайта өңдеудің сапасы мен көлемін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҰАҒББО басшысы.ЖОО басшылығы ынтымақтастықты тереңдетуге және аграрлық бағытты дамыту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/929108
Алматыда «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» тақырыбымен Digital Almaty 2025 VII Халықаралық цифрлық форумы басталды 01.02.2025
Биыл форум жасанды интеллект әсерінен өнеркәсіпті трансформациялауға және оның өндірістік процестердің тиімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттырудағы негізгі рөліне арналған.Форума ясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтті, оған Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығы қатысты.Digital Almaty 2025 форумы Industrial AI – ге және оның өнеркәсіпке ғана емес, медицина, білім беру, креативті индустрияның басқа да негізгі салаларына ықпалына назар аударады. Биыл тұрақты даму (ESG), киберқауіпсіздік, қаржы секторына, медицина мен биотехнологияға ЖИ енгізу тақырыптарына ерекше назар аударылды. Форум аумағында алғаш рет технология мен спортты біріктіретін дрон-футболдан чемпионат, сондай-ақ озық әзірлемелерді көрсететін роботтардың интерактивті паркі ұйымдастырылды.Іс-шараға 220 компания қатысады, олардың арасында тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының көшбасшылары, жасанды интеллект, робототехника, финтех және медтех саласындағы стартаптар бар. Форумға Ричард Стирлинг (ces Oxford Insights), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас директоры), Тоджу Дюк (Bedrock ai негізін қалаушы), Йорам Вайнгаард (CEO Dealroom) және т.б. сияқты әлемдегі жетекші сарапшылар жиналды.Digital Almaty 2025 форумы кезінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект қазірдің өзінде жаһандық экономиканы өзгертіп жатқанын және Қазақстан көшбасшылар қатарында болуға ұмтылатынын атап өтті. «Ол үшін технологияларды енгізіп қана қоймай, экожүйені құру — кадрлар даярлау, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту маңызды. Мұндай форумдар нәтижелі диалог пен бірлескен бастамалар үшін платформа құра отырып, мемлекеттің, бизнестің және ғылымның күш-жігерін біріктіруге көмектеседі».Министр ұлттық бағдарлама аясында 2030 жылға қарай 1 миллион азаматын ЖИ-ке оқыту жоспарланғанын хабарлады. Бұған AI Kyzmet Bootcamp бағдарламасы аясында 500 мың оқушы, 300 мың студент, сондай-ақ 90 мың мемлекеттік қызметші кіреді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын, стартаптарды қолдауды, жетекші әлемдік компаниялардың зертханаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқару үшін ЖИ саласындағы әзірлемелерді біріктіретін Халықаралық орталық Alem.AI ашылады.ЖИ саласындағы заманауи білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін AI Movement және LMS білім беру платформаларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында AI Olymp республикалық олимпиадасын іске қосу жоспарлануда. Бұл бастамалар озық технологиялармен жұмыс істеуге дайын кәсіби қоғамдастық құруға мүмкіндік береді.Министр сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы өршіл мақсаттарды іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет екенін атап өтті. Қазақстан ЖИ енгізу үшін есептеу қуатын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл ұлттық тіл модельдерін, оның ішінде KazLLM құру үшін негіз болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін ЖИ-агенттерді дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық платформа және мемлекеттік құрылымдардың жабық контурындағы деректермен қауіпсіз және құпия жұмысты қамтамасыз етеді.Институционалдық қолдау да маңызды бағыт болып табылады. 2025 жылы ЖИ реттеу туралы заң жобасын қабылдау, сондай – ақ осы саладағы басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын негізгі құжат – ЖИ дамытудың ұлттық стратегиясын әзірлеу жоспарлануда. Форумда Astana Hub AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, FIRST Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда 24 Үздік мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін таласады. Негізгі оқиғалардың бірі Industrial AI Battle – AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптардың жарысы, жүлде қоры 60 000 доллар және форум серіктестерінің гранттары.Дәстүрлі стартаптар аллеясы мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік беретін 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады. "ИндустрияX"аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар өнеркәсіптік кәсіпорындарда АИ енгізудің табысты кейстерін ұсынады. Панельдік талқылау барысында АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Иран елдерінен келген жетекші жер қойнауын пайдаланушылар ментехнопарктер өндірістік процестерде жасанды интеллектті қолдану туралы әңгімелейді.Екі күндік цифрлық іс-шараға 40мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.Digital Almaty 2025 ұйымдастырушылары: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/928802
Жаслан Мәдиев ЕАЭО елдерінің премьер-министрлеріне Alem.AI Халықаралық орталығын таныстырды 01.02.2025
Digital Almaty 2025 алаңында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығын таныстырды.Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығы жиналды.Орталықты құру - бұл Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған бастамасы, сондай-ақ Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын және цифрлық технологиялар дамитын ел болуы тиіс екенін атап өтті.Alem.AI жасанды интеллект саласындағы зерттеулер, стартаптар және халықаралық ынтымақтастықтың басты алаңы болады. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, орталық 2029 жылға қарай қазақстандық ЖИ-шешімдердің экспортын 5 млрд долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын іске қосады және Астананы Орталық Азияның негізгі зияткерлік орталығына айналдырады.Alem.AI әртүрлі салаларда 10 000 талантты тартуға, 1 000 ЖИ мамандарын оқытуға, 100 ЖИ стартаптарын іске қосуға және жасанды интеллект саласындағы 10 ғылыми зерттеулерді іске асыруға ықпал етіп, ЖИ экожүйесін дамытудың катализаторы болады. Орталық жаңа жұмыс орындарын ашады, халықаралық компанияларды тартады және басқарудағы цифрлық трансформацияның драйвері болады. Жоба сонымен қатар маңызды әлеуметтік әсерге ие – ол озық технологиялар мен білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізу арқылы өмір сүру сапасын жақсартады және білікті мамандарды даярлау жасанды интеллект саласындағы кадр тапшылығын жоюға көмектеседі.Цифрлық даму министрлігі Telegram, TOP, Tether, inDrive, Google және басқа да әлемдік технологиялық компанияларымен өз кеңселерін Alem.AI орталығында орналастыру туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл компаниялар AI шешімдерін әзірлеумен, ғылыми зерттеулермен және жаңа инновациялық өнімдерді жасаумен айналысады. Astana Hub инфрақұрылымында Telegram, Playrix, TikTok, enrive, EPAM, Glovo, DAMUMED, Presight.ai және басқалар сияқты халықаралық алыптар жұмыс істейді. Орталықтың ашылуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған, оның ауданы 20 000 м2, ал өзі ЭКСПО экожүйесінде орналасады.Alem.AI зерттеулерді, озық ЖИ-өнімдерін әзірлеуді және жасанды интеллект саласына инвестициялар тартуды қолдай отырып, Қазақстандағы ЖИ-индустриясын дамытудың негізгі элементі болады. Қазақстан инфрақұрылымды ғана емес, технологиялық серпіліс үшін толыққанды экожүйені құра отырып, ЖИ жаһандық нарығында жетекші ойыншы болуға қадам жасайды.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/928980
Digital Almaty-2025 стартап алаңында 80-нен аса жоба таныстырылды 01.02.2025
Digital Almaty-2025 технологиялық форумында стартап алаңында отандық жетекші стартаптардың инновациялық жобалары көрсетіліп жатыр. Мұндай іс-шараларға қатысу стартаптардың масштабқа шығуына, инвестициялар тартуына және халықаралық нарыққа шығуына жол ашады.Стартап алаңға жас компаниялар өз идеяларын мыңдаған қатысушыға, соның ішінде инвесторларға, сарапшыларға және бизнес өкілдеріне таныстыруға мүмкіндік алады. Стартап алаңға қатысушылар арасында Орталық Азияның жетекші стартапы болған Astana Hub резиденттері бар, соның ішінде Higgsfield.ai америкалық қорлардан $16 миллион инвестиция тартқан, Google бойынша әлемдегі ең жақсы 25 стартаптың қатарына кірген және 2 миллионнан аса қолданушысы бар; 2022 жылы құрылған Grand Mobile ойын студиясы қазірдің өзінде 60 миллион ойыншыға аудитория жинады, ал оның 2024 жылғы кірісі $20 миллион құрады, оның 60% -ы халықаралық нарықтардан келеді; EDTECH саласында жұмыс істейтін CodiPlay үш жыл ішінде әр түрлі елдердегі, соның ішінде Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядағы 600-ден астам мектепті қамтыды және жақында $100 млн-дық бағалауда $9 млн жинады. "Digital Almaty сияқты форумдарға қатысу стартаптар алдында масштабқа шығу мен өсу үшін бірегей мүмкіндік ашады. Біз үшін бұл жобаларымызды таныстыруға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктестіктер орнатуға, инвестициялар тартуға және сала көшбасшыларымен тәжірибе алмасуға арналған орын. Біз Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум — Digital Bridge-ді қоса алғанда, ірі іс-шаралардың стартап-алаңдарына үнемі қатысамыз және мұндай алаңдардың инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға қалай ықпал ететінін көреміз. Мұндай форумдар инновациялық серпіліс пен халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасай отырып, Қазақстанның IT-экожүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады", - деді Arlan Biotech басшысы Болат Сұлтанқұлов.Arlan Biotech жобасы генеративті AI көмегімен дәрі-дәрмектер әзірлеу процесін өзгертеді. $150-200 млрд нарықтағы фармацевтикалық компаниялардың шығынын азайта отырып, бірнеше минут ішінде антиденелердің нақты тізбегін жасауға мүмкіндік береді. Стартапты биомедицина, машиналық оқыту және биотехнология саласындағы сарапшылар құрған және оны қазірдің өзінде танымал венчурлық инвестор Тим Дрэйпер мақұлдады, солайша қазақстандық стартаптардың ішінде үздігіне айналды. Қазір Arlan Biotech атышулы Meet the Drapers реалити-шоуында $1 миллион ұтысты сайысқа қатысып жатыр.BEKSAR бизнесті автоматтандырудың әмбебап платформасын ұсынады, ITMLab мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлейді, Qala AI қалаларды тұрақты дамыту үшін AI шешімдерін енгізеді және Aurma.kz Қазақстан бойынша медициналық тауарларға қол жеткізуді жеңілдетеді. Сондай-ақ қатысушылар арасында қазақ мұрасын насихаттау үшін заманауи технологияларды қолданатын Qazaq Dinosaur War ойын стартапы бар.Еске сала кетсек, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 Халықаралық форумы өтеді. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929058
Digital Almaty форумында ЕАЭО елдері үшін сенімді үшінші тарап сегменттерінің интеграциясы көрсетілді 01.02.2025
Жыл сайын өтетін Digital Almaty 2025 форумында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін сенімді үшінші тарап сегменттерінің алғашқы интеграциясы таныстырылды. Технология мемлекетаралық деңгейде электрондық қолтаңбалардың қауіпсіз және заңды расталуын қамтамасыз етуге бағытталған.Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (ҚР СБҮТ) - Қазақстан аумағындағы электрондық қолтаңбалардың, оның ішінде шетелдік қолтаңбалардың түпнұсқалығын растайтын ақпараттық жүйе. Ол қатысушы елдердің ақпараттық жүйелері арасындағы трансшекаралық электрондық өзара әрекеттестік кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) төлнұсқалығын растауды қамтамасыз етеді.Трансшекаралық ЭЦҚ-ны енгізу халықаралық мәмілелерге қол қоюға және растауға қажетті қағаз құнын едәуір қысқартуға көмектеседі. Сондай-ақ технология электрондық мәмілелер мен халықаралық транзакцияларға деген сенім деңгейін арттырады, бұл өз кезегінде ЕАЭО елдері экономикаларының одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.Демонстрация барысында Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының операторлары сенім білдірілген үшінші тараптың ұлттық сегменттерінің өнеркәсіптік пайдалануға және мемлекетаралық тестіге дайындығы туралы есеп берді.Интеграциялық көрме барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО шеңберінде электрондық қолтаңбаларды өзара тану технологиясы бизнес-процестерді жеделдетуге, құжат айналымын жеңілдетуге және одақ елдері арасындағы мәмілелердің қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.Цифрлық технологияларды дамыту алдағы жылдары басым бағыттардың бірі болып қала береді, ал ЭЦҚ-ны кеңінен пайдалану халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға елеулі әсер етеді. Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасыЖайнагүл Сейдахметова+7 778 602 26 26press@nitec.kz;www.nitec.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929112
«ҰАТ» АҚ мен МӘС ЕАДБ гранттық қаржыландыруының қолдауымен GovStack жобасы аясында ынтымақтастықты нығайтады. 01.02.2025
Бұған дейін ТМД елдерінде электронды үкіметті дамытуға бағытталған GovStack жобасы аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) мен Халықаралық электр байланыс одағы (ХЭО) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Қол қойылған келісімдердің түпнұсқаларымен алмасу «Цифрлық Алматы 2025» форумы аясында өтті. Сондай-ақ форумда «ҰАТ» АҚ мен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) арасында келісімге қол қойылды, оның аясында грант бөлінеді. GovStack жобасын жүзеге асыру үшін.GovStack – 2020 жылы БҰҰ қолдауымен ITU, Эстония, Германия және Digital Impact Alliance бірлесіп жасаған халықаралық бастама. Жоба дүние жүзіндегі елдердегі цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған және жеке сектор, азаматтық қоғам және үкімет сарапшыларын біріктіреді.GovStack жобасы ТМД аймағындағы мүдделі тараптарға (үкіметтер мен мекемелер) әлеуетті арттыруда көмек көрсетуге, GovStack тәсілін, құралдары мен ресурстарын пайдалана отырып, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу, сондай-ақ бағдарлама серіктестерінің тәжірибесі мен тәжірибесін тарту.Жоба аясында әрбір қатысушы ел электрондық үкіметті дамытуға және жақсартуға бағытталған озық тәжірибемен бөліседі. мемлекеттік қызметтер. «ҰАТ» АҚ электрондық үкіметті құру, анықтамалық архитектураларды дамыту, сондай-ақ бизнес-процестерді реинжинирингтеу және мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру саласындағы тәжірибесімен бөліседі. «Біз сенім үшін алғыс айтамыз және оның қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. бұл ауқымды жоба. Мұндай халықаралық серіктестермен жұмыс істеу үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде электронды үкіметті дамытуға үлкен үлес қосудың бірегей мүмкіндігі болып табылады. Біз GovStack жобасын сәтті жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз», - деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Баян Қоңырбаев.ҰАТ» АҚ-ның үлесі Еуразиялық даму бағдарламасының гранттық қаржыландыруының арқасында мүмкін болғанын атап өткен жөн. Банк «ҰАТ» АҚ мен ЕАДБ арасында жасалған келісім бойынша. Бұл жобаның маңыздылығын және оның ұлттық цифрлық трансформацияны қолдайтын тиімді шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесін көрсетеді. Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз:ҰАТ» АҚ қоғаммен байланыс бөліміЖайнагүл Сейдахметова+ 7 778 602 26 26press@nitec.kz;www.nitec.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929156
Digital Almaty-2025 форумында сарапшылар жасанды интеллекттің артықшылықтары мен қатерін талқылады 01.02.2025
"AI және адам: қауіп пе, игілік пе?"- мұндай сұрақты Digital Almaty-2025 форумында өткен панельдік сессияда жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар қойып, онда этика, қауіпсіздік және ЖИ-ді реттеудің негізгі мәселелерін талқылады.Сарапшылар Қазақстанда ЖИ пайдаланудың ашықтығы мен қауіпсіздігінің маңызды аспектілерін, оның қолданылуын бақылауды және этикалық стандарттарды сақтауға бағытталған халықаралық тәжірибелерді қарастырды. Талқылау барысында жасанды интеллекттің артықшылықтары да, ықтимал қатері де айтылды.Спикерлердің айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллекттің таралуымен қатар дербес деректердің құпиялығын бұзу қаупі де артып келеді. Бұл жеке пайдаланушыларға да, жалпы мемлекетке де айтарлықтай зиян келтіреді. ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2024 жылы қазақстандықтар интернеттегі алаяқтық салдарынан 45 млрд теңге жоғалтқан, сондағы 98% жағдайда олар жеке деректерін алаяқтарға өз еркімен тапсырған."Киберқылмыс тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде асқан қарқынмен өсіп жатыр. Жаңа қатерлерге дайын болмасақ, жасанды интеллект қылмыскерлерге де біршама мүмкіндік береді. Алаяқтар қазірдің өзінде бейне және аудио жазбаларды қолдан жасау үшін дипфейк технологияларын қолданады, бұл ақпарат қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Интернеттегі деанонимизация туралы ойлану маңызды, өйткені әрбір адам тарататын деректері үшін жауапты болуға тиіс", — деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов.Сессияға қатысушылар арасында Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы және бас директоры Тодзю Дюк (Ұлыбритания) сияқты әр түрлі елдердің сарапшылары болды. Ол табысты AI компанияларын басқарып қана қоймай, оған қоса жасанды интеллектті дамытуда этикалық стандарттарды белсенді түрде насихаттайды. Ол өзінің "Building Responsible AI Algorithms" кітабында AI алгоритмдерінде ашықтық, әділдік, құпиялық және сенімділік құрылымын ұсынды."Жасанды интеллект қарқынды дамып келеді және көптеген артықшылықтар ұсынады, дегенмен қоғамға бірдей қолжетімді болғанға дейін ғана. Оны қолданудың негізгі бағыттарының қатарына аштыққа қарсы күрес және денсаулық сақтауды жақсарту, дағдарыстық жағдайларға ден қою, қауіпсіздікті арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жатады. Алайда одан бөлек елеулі қатерлер де туындайды, мысалы: әлеуметтік теңсіздік, құпиялықты бұзу, алгоритмге бейімдік, тіпті ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сондықтан технологияның бүкіл қоғамға пайдасын тигізуі үшін жасанды интеллектті пайдаланудың жауапты тәсілін әзірлеу, ашықтық, есеп беру және этикалық нормаларды сақтау тетіктерін әзірлеу маңызды", — деп атап өтті Тодзю Дюк.Сондай-ақ талқылауға Flowsell.me басшысы Дәурен Мәкенов, Yandex машиналық интеллект зертханасының басшысы Александр Крайнов, Kscooters техникалық директоры Иван Кононов және TargetAI Limited директоры Дамир Жаримбетов те қатысты. Сессия модераторы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов болды.Спикерлер ЖИ-ді қауіпсіз және тиімді дамыту үшін деректердің өңделуін бақылауды, манипуляциялардан қорғауды және энергия ресурстарына теріс әсерді азайтуды қоса алғанда, реттеудің нақты қағидаттарын енгізу қажет деген пікірге тоқталды. Сондай-ақ, алгоритмдердің әділдігін қамтамасыз ету, дискриминациялық механизмдерді алып тастау және жаппай енгізуден бұрын ЖИ-ді тексерудің сенімді жүйелерін әзірлеу маңызды.Мамандарды ЖИ-мен жұмыс істеуге дайындау және технологияның мәдениетке, медиа мен коммуникацияға әсері сияқты маңызды тақырыптар көтерілді. Оған қоса спикерлер еңбек нарығының өзгеруін талқылады: ЖИ дәстүрлі жұмыспен қамтуға қауіп төндіре ме әлде адамның күш-жігерін толықтыратын құрал бола ма? Автоматтандыру мен адам үлесі арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңыздылығы айтылды.Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 Халықаралық форумы өтеді. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929202
Астанада Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті 01.02.2025
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мырзатай Жолдасбековтің «Күндерімнің куәсі» атты кітабының тұсаукесері өтті.Алты томдық кітапта мемлекет қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің 1993-2018 жылдар аралығын қамтитын күнделік жазбалары жинақталған.Бұл жазбаларда халықаралық қатынастың қалыптасып, дамуы, ел мүддесіне қатысты тарихи шешімдердің қабылдануы, автордың қазақтың тарихын, мәдениеті мен өнерін, әдебиетін, салт-дәстүрін, ғылымы мен білімін дамытуға қосқан үлесі, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ішкі, сыртқы саяси ахуалы, ұлтаралық қатынас мәселелері, сондай-ақ адамгершілік пен ұлттық тәрбие туралы ойлары да қамтылған.Кітап таныстырылымы барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.«Алты томдық жинағыңыз – тәуелсіз еліміздің тарихын тануға, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және рухани әлемімізді кеңейтуге қосылған сүбелі үлес. Өткен дәуірдің маңызды оқиғалары, халқымыздың басынан өткен тағдырлы кезеңдері шынайы баяндалған туындының өскелең ұрпаққа берер тағылымы зор болары анық. Бұл еңбек – тек сіздің ғұмыр жолыңыздың айнасы ғана емес, бүкіл қазақ елінің тарихы мен рухани мұрасын байытатын құнды дүние. Сондықтан жаңа кітаптарыңыз болашақ ұрпаққа бағдар болатын, елдік пен ерліктің мәнін ұқтыратын маңызды шығармалардың бірі боларына сенімдімін», – делінген құттықтау хатында.Іс-шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, журналистер, оқырмандар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/929100