Enbekshi QazaQ

Қуқық

Туризм және спорт министрі хоккейден алтын медаль жеңіп алған Қазақстан ерлер құрамасын құттықтады 15.02.2025
«Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы топ жарып, ел қоржынына төртінші алтын жүлдені салды. Финалдық сайыста отандастарымыз Азиядағы азулы қарсыласымыз – Жапония хоккейшілерінен басым түсті. Азиадада біздің хоккейшілер тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Біздің хоккейшілер әр Азиадада жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да сол дәстүр жалғасып, команда өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді. Хоккейшілерімізді кезекті мерейлі жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938313
AMANZHOLOV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ГАЖ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДА 15.02.2025
AMANZHOLOV UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ГАЖ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАЭкология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Назгүл Жеңсікбаева геоақпараттық технологиялар көмегімен табиғи және тарихи-мәдени нысандардың экожүйесін сақтауды зерттеуде. Оның негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстанның киелі орындарының бірыңғай тізімін жасап, туризмді дамыту.Жақында ғалымның авторлық жобасы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруын жеңіп алды. Енді Назгүл Жеңсікбаеваның табиғи, сәулеттік, тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтауға, туристік тартымдылықты арттыруға және экожүйені қорғауға мүмкіндік беретін идеясын жылдам әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.– Мен ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, өңіріміздің жаңа немесе аз зерттелген туристік орындары туралы ақпарат беруді жоспарлап отырмын. Мысалы, геологиялық ескерткіш Қиын-Керіш, Қалғұты ауылы, көне түркі балбал тасы, ерекше діни-ғұрыптық тастар және т.б. бойынша мұрағаттық фотолар мен бейнематериалдар жинап, оларды қазақстандықтар мен шетелдіктер үшін арнайы веб-ресурсқа жүктеу жоспарымда бар, – деді профессор.Оның айтуынша, электронды жолкөрсеткіште әртүрлі монографиялар, энциклопедиялар, цифрлық карталар жинақталады. Бұл Қазақстанның әлемдік деңгейде танылуына оң әсер етіп, киелі жерлер мен олардың экожүйесінің жағдайын мониторингтеуге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта жоба авторы Оңтүстік Алтайдың картографиялық жинақтарын құрастырды және туристік маршруттарды әзірледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/938286
Астанада Әкім Таразидің «Жолы болғыш жігіт» пьесасы сахналанды 15.02.2025
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің «Жолы болғыш жігіт» пьесасын сахналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Спектакльдің қоюшы режиссері – мәдениет саласының үздігі Нұрфат Вахитов. Оның айтуынша, елу жылдан астам уақыт бұрын жазылған туындының түпнұсқадағы тілі, айтар ойы, құрылымы сақталып, тек қазіргі заманға сай өзгерістер енгізілген.«Спектакльдің негізгі айтар ойы – қазіргі жастардың жаңашыл идеяларын жүзеге асыруы үшін қолдау көрсету маңыздылығы. Олардың мүмкіндіктерін арттырып, қоғамға пайда әкелетін бастамаларын дамыту жолдары қарастырылады. Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болғандықтан, спектакльде жұмыскерлердің рөлі де ерекше көрсетіледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы ой қозғалады», – дейді Нұрфат Вахитов.Автордың жары, көрнекті жазушы-драматург, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова спектакльді тамашалап, оң бағасын берді.«Жастар» театры осы шығарманы толыққанды түсіне ала ма, астарлы мағыналарды жеткізе ала ма, Кірпішбай мен Асау Бөкеннің бейнелері қалай шығады деген күмәнмен келген едім. Бірақ спектакльді көргеннен кейін бұл күмәнім түгелдей жойылды. ХХІ ғасырда тағы да Кірпішбаймен кездесіп отырмыз. Қоғам өзгермеді. Бірақ соны өзгертетін күш – реформатор Асау Бөкендер. «Жаңа Қазақстан», «Әділетті қоғам», «Еститін мемлекет» – бұл Асау Бөкен. Бізге осындай кейіпкерлер керек. Спектакль жастарға рух беретіндей сахналанды», – деді Роза Мұқанова.«Жастар» театрында басты кейіпкер Асау Бөкенді актер Ербол Тілеукенов сомдайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/937639
Астанадан бір түнде 28 мың текше метрден астам қар шығарылды 15.02.2025
Қыс мезгілі басталғалы елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Қалада қар шығару жұмысы күндіз-түні жалғасып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.14 ақпан күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2557 жол жұмысшысы мен 1274 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.14-іне қараған түні елордадан 2117 рейс арқылы қар полигондарына 28 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері 465 703 ауыр жүк көлігімен қаладан 5,7 миллион текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938072
«Біртұтас тәрбие: ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі»: Астанада республикалық семинар өтті 15.02.2025
Қ. Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «Біртұтас тәрбие: ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғам үндестігі» тақырыбында республикалық семинар өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әдістемелік орталықтары басшыларының орынбасарлары, әдіскерлері, мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары мамандары қатысты.«Бұрын «Тәрбие тұжырымдамасы» бойынша экологиялық, дене тәрбиесі, ұлттық тәрбие, адамгершілік тәрбие деп бөліп-бөліп қарастыратынбыз. Ал 2024-2025 оқу жылында Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының жетекшілігімен каскаттық әдіс бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қайта жаңғыртылып, оқу-тәрбие процесіне қайта енгізілген болатын. Соған байланысты әр өңірдегі білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың басшылары, орынбасарлары және мамандары қажетті білім алған еді. Олар кейін өз өңіріндегі мамандарды оқытты. Осы процесті әрі қарай жалғастыру мақсатында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтарды пәнге кіріктірудің тиімді жолдарын ұйымдастыру бойынша республикалық семинар өткізіп отырмыз. Семинарға әр өңірден 3 делегаттан келіп отыр, жалпы 60-қа жуық қатысушы бар», - деді Астана қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Жангелді Әмірғали.Семинар аясында әр өңірден келген мамандар бағдарлама бойынша бірлесіп жұміс істеудің әдіс-тәсілдерін талқылау үшін педагогикалық хакатон өткізілді. Одан басқа түрлі тақырыптар бойынша тәжірибелік алаңдар жұмысы ұйымдастырылатын болады.Айта кетейік, семинардың келесі күні Qundylyq talks форматында пленарлық сессия жұмысы өтпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938161
Елордалық хоккейшілер VI Қысқы спартакиаданың күміс жүлдегері атанды 15.02.2025
8-13 ақпан аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы VI Қысқы Спартакиаданың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бес күнге созылған тартысты додада Шығыс Қазақстан облысының командасы (4 жеңіс) алтын медальға ие болды. Астана қаласының хоккейшілері 3 жеңіс, 1 жеңіліспен Спартакиаданың күміс жүлдесін еншілесе, Алматы қаласы (2 жеңіс, 2 жеңіліс) үздік үштікті қорытындылады.ШҚО мен Астана қаласының хоккейшілері 2013, 2017, 2025 жылдың шешуші ойындарында тағы жолықты. Финалдық матчта елордалықтар жылдам екі шайба соғып, біршама уақыт алда тұрған еді. Алайда жанкүйерлердің қызу қолдауымен алаң иелері екінші кезеңде алға шығып, 6:2 есебімен жеңіске жетті.Жалпы, турнирде Астана, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 97 хоккейші бақ сынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938292
Өнерлі әжелерден құрылған «Сағыныш сазы» ансамбліне – 5 жыл 15.02.2025
Астанада өнерлі зейнеткерлерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамбліне 5 жыл толды. Осыған орай ұжым елордада арнайы концертін өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Ансамбль өз жұмысын 2019 жылдың желтоқсан айында Сарыарқа ауданына қарасты қалалық ардагерлер ұжымында бастаған. Өнер ұжымының репертуары алғаш құрылған кезде халық әндерін орындаудан басталған еді. Үнемі шығармашылық ізденісте жүрген ансамбльдің репертуарында 80-ге жуық ән бар.Жақында өнер ұжымы өзінің бес жылдық мерейтойына орай есептік концерт ұйымдастырып, өнерсүйерді қауымды әуезді әндерімен таңқалдырды. Концерттік бағдарламада терме, халық және эстрадалық әндермен қатар, күй орындалды.«Біздің «Сағыныш саз» ансамблінде 63-78 жас аралығындағы 20-ға жуық өнерлі зейнеткер бар. Олар өз репертуарларын үнемі жаңартып тұрады. Соңғы кезде эстрадалық жанрды жаңғыртып келеді. Олардың орындауындағы «Қайдасың», «Махаббат мұңы», «Сағыныш сазы», «Есіл ағады», «Тамшылар» т.б әндері көрермен көңілінен орын алуда. Ансамбль өнерпаздары қаламызда өтетін мәдени іс-шараларға белсене қатысып, өнер жолындағы жүкті бірлесе көтеріп, киелі сахна төрінде өнер көрсетуден жалыққан емес» - деп сөзін түйіндеді Есіл ауданы бойынша БҰӨСО-ның мәдени ұйымдастырушысы Гүлшат Әлекешқызы.Бүгінде «Сағыныш сазы» ансамблі өз замандастарының сүйікті әншілеріне айналып, қала тұрғындарын өнердегі жетістіктерімен қуантып келеді.Атап айтқанда, 2024 жылы Түркістан қаласында өткен «Astana Stars» «TURKESTAN GRAND FESTIVAL» байқау-фестиваліне қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938298
Жұмысшы мамандықтар жылы: «AMANAT» партиясының қоғамдық кеңесі көшпелі отырыс өткізді 15.02.2025
«AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Кеңес мүшелері елордадағы Техникалық колледждің тыныс-тіршілігімен, өндірістік шеберлік сыныптары мен зертханалардың жұмысымен танысты.«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» арнайы пәндер оқытушысы Гүлнәр Кенжебекова «Оқу полигоны» шеберлік сағатында «Көтергіш-көлік жабдықтарын пайдалану және қызмет көрсету» туралы баяндады.\«Машина жасау технологиясы» өндірістік оқыту шебері Дәулет Кеңесұлы «Аймақтық құзыреттілік орталығы» шеберлік сағатында «Сандық бағдарламалы басқару станоктардағы жұмыстардың қыр-сырын түсіндіріп берді.Сондай-ақ өзге де оқытушылар өз тәжірибелерін бөлісті.Мәселен, «CББ бағдарламалау виртуалды сыныбы» зертханасында өткен шеберлік сағатында өндірістік оқыту шебері Бақыт Сариева, ал өндірістік оқыту шебері Ғалымжан Бижігітов «Индустрия 4.0» шеберлік сағатында келушілерге жұмысшы мамандығының маңыздылығын айтып, өз салалары бойынша жан-жақты әңгімеледі.Бұдан әрі колледж студенттері станоктармен, түрлі жабдықтармен қалай жұмыс істейтінін көрсетті.«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбектің айтуынша, биыл Жұмысшы мамандықтар жылы болғаннан кейін қандай да бір мәселелер болса, оны көтерген дұрыс. Ол мәселе шешімін табады.«Колледждердегі мамандықтар бойынша қоғамда өзгеше көзқарас бар. Біз сол теріс көзқарасты жоюымыз қажет. Маман иелерінің мәртебесін көтеріп, насихаттауымыз керек. Қоғамдық кеңес мүшелері бүгінгі кездесуден алған әсерлерін бөлісіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Алда барлық техникалық колледжді аралап шығу жоспарымызда бар. Кейін қорытынды жиын өткізуіміз керек. Оған Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын, барлық колледж директорларын шақырып, көтерілген мәселелерді айтып, сол тарапта жұмыс істеуіміз қажет», - деді Мұхаммед Болысбек.Осы орайда «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық мәселелері қоғамдық кеңесінің мүшелері, колледж басшылары мен оқытушылар өздерін мазалайтын проблемаларды ортаға салып, оның шешілу жолдарын бірге қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938305
Елордада оқушылар iKomek орталығының жұмысымен танысты 15.02.2025
Астана қаласындағы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектептің «Жас сақшы» сыныбы iKomek 109 орталығының қызметімен танысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шарада 6-сынып оқушылары iKOMEK109 орталығының қала тыныштығын сақтауға қалай үлес қосатынын өз көздерімен көріп, атқаратын рөлі туралы мол мағлұмат алды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталыққа оқушылар жиі келіп тұрады.«Оқушылар 24/7 режимінде желіде болатын операторлардың жұмысын, жедел әрекет ету арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысатын видеобақылау операторларының қызметін көрді. Ең бастысы, оқушыларға әр азамат қоғамдық жауапкершілік арқылы өз ортасына, тұрып жатқан жеріне, елінің дамуына қандай зор үлес қоса алатынын жеткізе алдық деп есептеймін», - деді Астана қаласы әкімдігінің iKomek 109 «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» басшысы Асқар Тақсымов.Күніне қала тұрғындарынан орта есеппен 6 мың қоңырау түсетін орталықтың қарбалас тыныс-тіршілігін танысқан оқушылар қоғамдық жауапкершіліктің маңыздылығын түсінгендей.Ал бұл, өз кезегінде, жас ұрпаққа тәртіп сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне саналы түрде қарауға мүмкіндік бермек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938307
Астанада Ардагерлері кеңесінің V пленумы өтті 15.02.2025
Астана қаласында Алматы ауданы Ардагерлері кеңесінің V пленумы өтті. Жиынға Астана қаласы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Алматы ауданы филиалының төрағасы Азамат Айтқожин және Астана қаласы Мәслихатының депутаттары мен аудан ардагерлер Кеңесінің мүшелері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Өмірден өткен ардагерлерді бір минуттық үнсіз еске алудан кейін пленум отырысын Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасы Марат Мұстафин ашып, аудандық ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысы мен 2025 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады.«Өткен жыл еліміздің өмірінде маңызды оқиғалар көп болды. Дегенмен ардагерлеріміз алға қойған міндеттерді абыроймен атқарды. Былтырғы жылы біздің Алматы ауданында зейнеткердің саны 36 мыңға жетті. Олардың 8 мыңнан астамы Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің құрамында болса, 66-сы бастауыш ардагерлер ұйымдарына біріктірілген. Аудан ардагерлері Кеңесінде 4 Ұлы Отан соғысының және 267 тыл ардагерлері бар. Төртеуі ҚР-ның алдындағы ерекше еңбегі үшін марапатталған, және «Қазақстанның Еңбек Ері» сыйлығын алған 4 адам бар», – деген Марат Кәрімұлының баяндамасынан кейін талқылау басталып басқа да қатысушыларға сөз берілді.Осылайша күн тәртібінде ардагерлердің бастауыш ұйымдардың жаңа төрағалығын жаңа құрылған Сарайшық ауданына тапсыру және оларды Алматы аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшелігінен шығару сияқты мәселелер қаралып, ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, 2025 жылғы міндеттері бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/938310
Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқыға салды 15.02.2025
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Ақмола облысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Жиында салық реформалары, оның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселесі талқыланды. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 7 ақпанда Астанада бизнес өкілдерімен өткен кездесуде Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесі бойынша мәселені қосымша пысықтауды тапсырған болатын. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Үкімет мүшелері «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп жергілікті жерлерде кәсіпкерлік қоғамдастықпен салық саясаты мәселелерін талқылау мақсатында өңірлерге барды.  Дәурен Темірбеков ҚҚС сараланған мөлшерлемелері бойынша Үкіметтің ұсыныстарын жеткізді. Қосылған құн салығының жалпы мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылуда, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан толығымен босату жоспарланып отыр. Бірқатар салалар үшін 10% аралық мөлшерлеме енгізіледі. Осылайша, Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесін саралау: 16%, 10%, 0%, салықтан босатуды қамтиды.  «ҚҚС өсімі үй маңындағы дүкендерге, мейрамханаларға, сұлулық салондарына және басқа да бөлшек сауда орындарына әсер етпейді», — деп түсіндірді ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев. Кездесу барысында салалық қауымдастық өкілдері салық заңнамасына ұсынылатын өзгерістерге қатысты өз пікірін білдірді. «Салықты көтеруден басқа, бюджет шығыстарының құрылымын сыни тұрғыдан қайта қарау маңызды. Өткен жылы енгізілген қатаң бюджеттік ережелердің сақталуына бақылауды күшейту қажет, ел экономикасының ішінде резервтерді іздеу қажет. Еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесінің 10%-ға төмендеуі ҚҚС мөлшерлемесін көтеру есебінен өтемақымен қатар жүрмеуі тиіс, ол дербес салық реформасы болуы керек», — деп есептейді Ақмола облысы Туристік қауымдастығының басшысы, туризм және экология салалық кеңесінің төрағасы Қайрат Сұлтанов. Шағын бизнес субъектілері атынан «С.А. Ахмадиев» ЖК басшысы Сәдібек Ахмадиев сөз сөйлеп, тіркеу кезінде ҚҚС-ты 50 мың АЕК-ке дейін ұлғайтуды қарастыруды ұсынды. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек қосылған құн салығында мөлшелме мен шекті тіркеу мәселесі ақылға қонымды түрде қабылдануы тиіс екенін айтты. «Ақмола бизнес-қоғамдастығының пікірі ескеріледі деп үміттенеміз, біз әріптестеріміздің барлық ұсынысын ҰКП Орталық аппараты арқылы қаржы министрлігіне жазбаша түрде жолдаймыз. ҚҚС мөлшерлемесі мен шекті тіркеу мәселесі білікті сарапшылардың, кәсіпкерлер мен депутаттардың пікірін ескере отырып, ақылға қонымды түрде қабылдануы керек», — деп толықтырды ол. Өз кезегінде вице-министр Дәурен Темірбеков келіп түскен барлық ұсыныс мұқият қаралып, талданып, әрі қарайғы жұмыста ескерілетінін атап өтті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938136
Ақмола облысы сумен қамтамасыз ету бағдарламасын аяқтауда 15.02.2025
Қазақстанда халықты жүз пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы биыл мәресіне жетеді. Жыл соңына дейін елдің барлық қалалары мен ауылдарында ауыз су мәселесі толық шешіледі. Ақмола облысында бұл үшін 400 шақырымнан астам су құбырын салу мен реконструкциялауды көздейтін 45 жоба іске асырылуда. Астананың іргесіндегі елді мекендерді сумен жабдықтау жұмыстары аяқталып келеді, соңғы 4 жоба жүзеге асырылса 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізіледі.«Биыл облыс орталығының іргесіндегі Станционный кентінде, сонымен бірге, Қосшы, Макинск және Ерейментау қалаларында жүзеге асырылып жатқан жобаларды аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыруға аудандық және облыстық бюджеттерден қомақты қаражы бөлінді», - деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Ауылдық елді мекендердегі халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы ретте, биыл 37 ауылда су құбыры желілері салынады.«Ауыл тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында биыл 37 ауылда су құбыры желілерін салу жоспарланған. Сонымен қатар, суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылады», - деп толықтырды спикер.Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 12 мыңнан астам ақмолалық таза ауыз сумен қамтылады. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тозуын азайтуға бағытталған 70 жобаны жүзеге асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938142
Ақмола облысының төрт колледжі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда 15.02.2025
Мемлекет басшысы  жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 11-15 ақпан аралығында Астана қаласының «EXPO» көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» ауқымды фестивалі өтуде. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.Іс-шара жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын айқындауға, олардың беделін арттыруға және жастарды сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ынталандыруға бағытталған.Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов, білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек, облыстық мәслихат депутаттары және т.б. делегация өкілдері іс-шараға қатысып, алаңдардың жұмысымен танысты.«Фестиваль техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бизнеспен үйлесімді жұмысының айқын үлгісі болды. Мұнда нарықтың өзекті талаптарына жауап беретін ең жаңа технологияларды, заманауи жабдықтарды және бейімделген білім беру бағдарламаларын көрсететін жетекші кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары ұсынылғаны маған қатты әсер етті. Қонақтар отандық колледждер ұсынған жаңа және сұранысқа ие мамандықтармен танысып, әлеуетті жұмыс берушілерімен тілдесе алады», - деп атап өтті Досұлан Айтбаев.Фестивальда Ақмола облысының төрт колледжі өздерінің білім беру мекемелерін және мамандар даярлау саласындағы жетістіктерін ұсынды.- Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі механизаторлар  мен автомобиль жолдарын салушылар үйін таныстырады, бұл машина жасау, құрылыс және көлік инфрақұрылымы салаларымен танысуға мүмкіндік береді.- Көкшетау қаласының Азаматтық қорғаныс көпсалалы жоғары колледжі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұрышын ұйымдастырады, мұнда қонақтар төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жұмысымен таныса алады.- Щучинск қаласының Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі орманшылар үйін дайындап, табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және экотуризм мамандықтары туралы ақпарат береді.- Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжі байытушылар үйін ұсынады, онда кен өндіру, пайдалы қазбаларды игеру және өңдеу салалары бойынша мамандықтармен танысуға болады.Көрме орталығының аумағында сегіз тақырыптық көше мен 40 шығармашылық үй ұсынылған.Фестиваль аясында қонақтар жұмысшы мамандықтарының негізгі бағыттарын көрсететін тақырыптық аймақтарды аралап, заманауи мамандықтармен танысып, тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан шеберлік сабақтарын тыңдай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы екі күнде бұл көрмеге 15 000-нан астам адам келген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/938250
ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды сақтау мәселелері бойынша семинар-отырыс өтті 15.02.2025
ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті 38 тексеру жүргізіп, 193 өтінішті қарады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан 697 әдеп бұзушылық анықталды. 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 адам әкімшілік жаза алды. Әдеп кодексі заңнамасының және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша 665 іс-шара өткізілді.2024 жылы мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен түрлі тренингтер, семинарлар, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізу бойынша Алтай ауданы көшбасшы болды. Ең төменгі көрсеткіш Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласында тіркелді.Спикерлер мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жауапкершілік танытып, азаматтарға құрметпен қарайтынын атап өтті.Облыста қызметтік этика мен моральдық-адамгершілік құндылықтардың жоғары стандарттарына бағытталған жұмыстар жалғасады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/937964
ШҚО-да 2024 жылы 12 сумен қамту жобасы іске асырылды 15.02.2025
Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен 100% қамту жөніндегі тапсырмасына орай 2024 жылы облыста жалпы сомасы 60 миллиард теңгеге 30 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 12 жоба аяқталды.Нәтижесінде үш жарым мыңға жуық адам таза ауыз суға қол жеткізді.- Жыл қорытындысы бойынша 213,8 шақырым сумен қамту желісі және 14,5 шақырым су бұру желісі салынды. Бұл су желілерінің тозу көрсеткішін 49,1% - ға және су бұру желілерінің тозу көрсеткішін 69,7% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Облыс тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 99,4%-ды құрады, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.Оның айтуынша, биыл жалпы құны 65,2 млрд. теңгеге 29 жоба іске асырылуда.Сондай-ақ 531,6 шақырым су желілерін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу көрсеткішін 1,8%-ға (жоспарланған 47,3%-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938233
Өскемендік кәсіпкерлер болашағы зор жобаларды ұсынды 15.02.2025
Қала әкімдігінде кәсіп иелерімен қалалық штабтың екінші отырысы өтіп, төрт ірі жоба талқыланды.Ұсынылған идеялардың бірі пластикті кәдеге жарату мен оны бастапқы шикізатқа айналдыруға бағытталған. Бұл бастама жылына 4 тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуді көздейді.Тағы бір бастама – балаларға арналған білім беру ойындарын әзірлеу. Идея авторы бірінші кезекте ұлттық және оқу элементтеріне назар аударып отыр.Отырыста таныстырылған ең ауқымды жоба – 22 қабаттан тұратын көпсалалы кешен құрылысы. Оның ішінде коммерциялық алаңдар, мейрамханалар мен қонақүй болады деп жоспарланып отыр. Биіктігі 60 метрді құрайтын нысан Өскемендегі ірі ғимаратқа айналады.Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталмақ.Айта кету керек, қалалық штаб бизнесті қолдау және әкімшілік кедергілерді жою үшін құрылған. Мұнда түрлі идеялар талқыланып, кәсіпкерлерге нақты ұсыныстар беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/938275
2024 жылы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен еліміздің 4 млн-нан астам азаматы қамтылған 15.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 4,7 млн жұмыскердің пайдасына 258,1 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды.Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізілді, олар өз қызметкерлерінің пайдасына өздерінің қаражаты есебінен төленеді. 2024 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі 1,5%, 2025 жылы - 2,5% құрады. Кейіннен 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5% - ға дейін жеткізіледі.Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Аталған шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз аударымдары есебінен және шартты-жинақтаушы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен болады.ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/937767
А. Сарбасов жастарды жұмыспен қамту бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабарлады 15.02.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал адам – адал еңбек» жастар форумында жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекет жүзеге асырып жатқан шаралар туралы айтты.Бірінші вице-министр өз сөзінде жастар зияткерлік, инновациялық және еңбек әлеуетінің резерві бола отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бере алатынын атап өтті.Бүгінде экономикалық белсенді жастардың үлесі жұмыс күшінің жалпы санының 39%-ды немесе 3,8 млн адамды құрайды, оның ішінде 3,5 млн-ы жұмыспен қамтылған жастар.«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек нарығында талап етілетін дағдыларды алу үшін кәсіптік стандарттар мен жаңа оқу бағдарламаларын бекіту, жұмыс берушілер, мектептер мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, тәлімгерлік институтын дамыту, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу және оқушылар мен ТжКБ студенттерін жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқыту, қауіпсіз жұмыс орнын құру, сондай-ақ жұмысшы кәсіптерінің имиджін арттыруға бағытталған іс-шаралар көзделген», – деді Ақмәди Сарбасов.Вице-министр алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланатынын, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыскерлердің жартысынан астамы тиесілі болатынын және олардың 400 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтары екенін айтты. Жұмысшы кадрлар көбінесе көлік, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында сұранысқа ие.«Кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы кәсіптері бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87% жаңартылды.Кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін 12 мыңнан астам дағдылар мен құзыреттерді қамтитын Цифрлық дағдылар банкі құрылды, бұл халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес келеді.Кәсіптік мансапты таңдау және өзінің мансаптық траекториясын басқару үшін «Мансап компастары» жобасы іске асырылуда.Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту және жұмыс орнында оқыту белсенді дамып келеді. Биыл 12 мыңға жуық адам осындай курстардан өтеді.Студенттердің іс-тәжірибелік дағдыларын игеру үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын табуға мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Онлайн оқыту платформасында бүгінде 643 курс қолжетімді, 400 мыңнан астам оқыды», – деді Ақмәди Сарбасов.Бірінші вице-министр жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған жұмыссыз жастар жеке қажеттіліктеріне қарай жұмысқа орналасу бойынша қолдау ала алатынын атап өтті.«Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда жастар практикасы ұйымдастырылады, оған өткен жылы 33,3 мың жас қатысты.Жұмыс берушілермен серіктестікте маңызды шара NEET жастарын жұмысқа орналасу жолындағы кедергілерді еңсеруде атаулы қолдау болып табылады. Ол үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде 2024 жылы 9,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.Жастардың мансаптық дамуы үшін зейнет жасына жақындаған адамдардың тәжірибесі мен дағдыларын жас мамандарға «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында беруге болады», – деді бірінші вице-министр.Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, өткен жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 287 мың жас (236 мың адам жұмысқа орналастырылған) тартылған, оның 150,6 мыңы (136,9 мың адам жұмысқа орналастырылған) ауыл жастары.Skills.enbek.kz қысқа мерзімді оқыту порталында еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытумен 18,5 мың жас қамтылды, оның ішінде 16,2 мың адам сертификат алды.«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 25,6 мың жас қамтылды, оның 16,2 мыңы сертификат алды.Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға өз кәсібін ашу үшін 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Өткен жылы мұндай гранттарды 3,5 мың жас алды.Сондай-ақ, вице-министр форумға қатысушыларды «Дипломмен ауылға», «Ауыл аманаты», «Ауыл – Ел бесігі» сияқты басқа да мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар туралы хабардар еттіСонымен қатар, Ақмәди Сарбасов платформалық жұмыспен қамтуды реттеу үшін қабылданған шаралар туралы айтты, бұл түрлі интернет-платформаларда жұмыс істейтін 500 мыңнан астам азаматымыз үшін заңды құқықтар мен әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сөз соңында Ақмәди Сарбасов жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат әлеуетті ашуға және оны дамыту үшін жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/938090
Батыр Әлияның 100 жылдығына арналған логотип бекітілді 15.02.2025
Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан.Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді.Логотип - батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.Мерейтой аясында Ақтөбеден шығатын барлық өнімдерде осы логотип бейнеленеді. Бұл бастама Әлия Молдағұлова атындағы туған өлкенің ғана емес, барша қазақ елінің батыр қызға деген құрметін көрсетпек.100 жылдықты атап өту жоспарына сәйкес облыстық деңгейде 100-ден аса іс-шара өтеді. Мерейтой республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілді.100 жылдық қарсаңында Әлия ауылдық клубы, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атындағы мемориалдық музейіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күні кеше облыстық Әлия музейі заманауи цифрлық технологиялар таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/937955
Шымкентте генерал Сабыр Рахымовты еске алды 15.02.2025
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж аты аңызға айналған генералдың туғанына 123 жыл толуына орай бірқатар шаралар ұйымдастырды. Аталмыш шараға оқу орнының, әскери-техникалық мектептің жеке құрамы және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ахшалов Сабыр Рахымовтың айрықша еңбегін атап өтті. Тұңғыш қазақ генералының есімі мәңгі жадымызда қалу үшін оқу орындарына, көшелер мен мектептерге аты беріліп, батырға ескерткіштер орнатылды. Іс-шаралар Сабыр Рахымов дүниеге келген Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкібелі ауылында да өтті. Оның есімімен аталатын орта мектепте әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін оқып, Сабыр Рахымовтың жауынгерлік жолындағы маңызды сәттерді бейнелейтін театрландырылған қойылым көрсетті.Естеріңізге сала кетсек, Сабыр Рахымов Түркістан әскери округінде қызмет етіп, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кавказда, Белоруссияда және Ростов облысында шайқастарға қатысты. 1943 жылы жауынгерлік ерлігі үшін генерал-майор атағын алды. 1945 жылы наурызда Гданьск маңындағы шайқаста қаза тапты. 1965 жылы ерен еңбегі мен көрсеткен ерлігі үшін Сабыр Рахымовқа (қаза тапқан соң) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/938061