Қуқық
Бірінші ауысымдағы оқушылар Астанада қашықтан жіберілді 23.01.2025
Ауа-райының нашарлауына байланысты 23 қаңтарда қала мектептерінің бірінші ауысымының барлық сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн оқитын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты."Ауа-райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 23 қаңтарда 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922938
ШҚО тұрғыны көрсетілген қырағылық үшін 305 мың теңге алды 23.01.2025
«STOP есірткі!» жобасы азаматтық қоғамды есірткінің таралуына қарсы күреске белсенді түрде тартуға бағытталған және есірткі құқық бұзушылықтары туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төлеуді көздейді.Биылғы қаңтар айында облыс прокуратурасына есірткі таратылу фактісі туралы алғашқы белгі келіп түсті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 60 гр астам синтетикалық есірткі тәркіленген азамат анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат α-пирролидиновалерофенон (α-PVP) психотроптық заты екені анықталды.Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Берілген ақпарат үшін хабарлаған азаматқа 305 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.Еске саламыз, пилоттық жобаны жүзеге асыру 4 жақты Меморандум негізінде жүзеге асырылуда, бұл Меморандум прокуратура, Полиция департаменті, облыс әкімдігі және «Парыз» қоры арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалған.Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарына үндеу! Егер сізге есірткі таратылу жағдайлары туралы мәлім болса, 8-771-659-53-22 телефонына немесе «102» арнасына хабарлауыңызды сұраймыз.Жүгінген азаматтарға құпиялылық пен қауіпсіздікке кепілдік беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/922627
«100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығы 23.01.2025
Әділет министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жоспарының 16-тармағын іске асыру мақсатында «100 сұрақ – 100 жауап» атты анықтамалық әзірледі.Анықтамалықта адам құқықтарын және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты өзекті сұрақтарға жауаптар берілген және ол халық пен кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарында қолдануға арналған.Құжатқа сілтеме: «100 сұрақ – 100 жауап» анықтамалығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/922646
ТҮРКІСТАН: МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ 23.01.2025
Биыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, әрбір еңбек адамының қоғамдағы рөлін айрықша атап өтуге бағытталған. Осыған орай, бүгін «Ұлы дала елі» орталығының ұжымы қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға құрмет көрсетті. Қыс ауасында таңмен таласып жұмыста кіріскен тазалық қызметкерлеріне жылы шай мен тәттілер ұсынып, көңілдерін көтерді.– Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз – қаламыздың тазалығы үшін тер төгіп жүрген жандарға алғыс айтып, бір сәт болса да қуаныш сыйлау. Сондай-ақ қолдау көрсетіп, олардың еңбегін бағалау ретінде ұйымдастырдық. Өйткені олардың еңбегі қоғам үшін өте маңызды. Әрбіріміз құрметтеуге тиіспіз, – дейді мекеме басшысы Гүлжанат Дюсенбаева.Айта кетейік, еңбек адамдарын қолдауда айрықша маңызға ие мұндай игі іс-шаралар әрі қарай да жалғасады. Қарапайым жанашырлықтың өзі олардың еңбегін одан әрі бағалауға сеп болмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922676
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАРҒА БЕКЕТТЕР ҚОЙЫЛДЫ 23.01.2025
Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Ракишев мәлімдеді.«Түркістан облысында қыс мезгіліндегі түрлі апаттардың алдын алу бойынша көлік қозғалысын тоқтату үшін уақытша бекеттер қойылды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдарға 5 бекет қойылып, 28 қызметкер мен 8 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Ал, облыстық маңызы бар жолдарға 2 бекет қойылып, 8 қызметкер мен 4 қызметтік автокөлік тартылды. 21 қаңтардан бері Түркістан облысы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық манызы бар «Шымкент–Тараз» автожолында тәулік бойы қызмет атқаруда. Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыстан Тараз қаласы бағытындағы жолдар да толық жабық. Оның ішінде, «Машат», «Шақпақ баба» асуы, Түлкібас және Сайрам аудандарында ішкі жолдарда полиция органдарының 28 қызметкері жолдарды жабу бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, Бәйдібек және Созақ аудандарындағы ішкі жолдар жабылған. Ауа-райының жақсаруына дейін тұрғындарды көлікпен алыс жолға шығудан бас тартуға шақырамыз»,- деді Қанат Жұмаханұлы.Брифингке қатысқан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрлыбек Рахымбердиевтің сөзінше, автожолдарда апатты жағдайларды болдырмау мақсатында 40 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жолдарды қардан тазарту үшін 192 бірлік техника жұмыс атқаруда.«Қазіргі таңда ауа-райының нашарлауына байланысты Созақ ауданындағы жолдарда қалып қойған 3 жүк автокөлігінен 2 адам, Төлеби ауданындағы жолдарда қалып қойған 2 жеңіл автокөліктен 7 адам құтқарылды. Бүгінде облыс аумағында қажет болған жағдайда қолданылатын 2 трассалық медициналық-құтқару пункті бар. Сонымен бірге, 11 стационарлық жылыту пункті дайындалып, 8 жылжымалы жылыту бекеті вахталық автобустардың негізінде жасақталды»,- деді Нұрлыбек Шерахметұлы.Сонымен қатар, брифингте облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Айнабек биыл өңірде 22 өрт оқиғасы орын алғандығын айтты. Олардың ішінде қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Ал, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде қазіргі кезге дейін 134 өрт тіркеліп, 3 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. 2025 жыл басталғалы улы газдан улану жағдайы тіркелмеген.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922934
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БЕТ-ЖАҚ ХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУДЫ МЕҢГЕРДІ 23.01.2025
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауда тәжірибе алмасты.Оталар ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс балалар жақ-бет хирургі Ся-Тун-Чин Руслан Владимирович және ауруханадағы хирург дәрігерлерінің қатысуымен өтті. Аурухана базасында жоғары хирургтің қатысуымен үш балаға бет-жақ хирургиясы бойынша туа біткен ақауларына ота жасалды.Дәрігерлердің сөзінше, күрделі операциялар сәтті өткен. Бет-жақ хирургия емі жасалған балалар отадан кейін медициналық ұйымда дәрігерлердің бақылауында болады.Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі бет-жақ сүйектері қабынған аурулар мен жарақаттары бар науқастарға көмек көрсетіп келеді. Жылына орталықта мұндай 560 ота жасалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922935
Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасында сімаралық консультациялар және Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысы өтті 23.01.2025
Бейжің, 2025 жылғы 22 қаңтар – Қазақстан мен Қытай арасында сімаралық консультациялар, сондай-ақ Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 13-ші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, ал Қытай делегациясын ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь бастады.Саяси консультациялар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамуының перспективаларын талқылап, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарастырды.Сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен күш жігердің маңыздылығына, сондай-ақ Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын ұлғайтуға ерекше назар аударылды.Тараптар алдағы іс-шаралар, оның ішінде осы жылы жоспарланған өзара сапарларды талқылады.Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысында тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты. Отырысқа қатысушылар 2023 жылғы қарашада өткен алдыңғы отырыстан бері атқарылған жұмыстың нәтижелерімен танысты.Іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар Кіші комитеттің 13-ші отырысының Хаттамасына қол қойып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша бірлескен ұсыныстар әзірледі және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922945
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕП ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКІЗІЛЕДІ 23.01.2025
Түркістан облысында білім, денсаулық сақтау нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы пысықталып, алдағы міндеттер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.– Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі 1 300 мектепті жаңғыртудан өткізу туралы тапсырма берген болатын. Мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп енгізілген. Тапсырмаға сәйкес 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Биыл өңірдегі 41 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы облыста бюджет есебінен 50 мектептің құрылысы басталып, 26-сы пайдалануға берілді. Қалған 24 мектептің құрылысын биыл бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіп, тамыз айына дейін аяқтап, тапсыру керек. Одан бөлек, биыл тағы бірнеше мектеп салынады деп күтілуде. Әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болсын. Қадағалаңыздар. Уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуы тиіс, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Түркістан облысы білім басқармасының орынбасары Жандос Нұрпейісовтың айтуынша, облыста жалпы 1082 орта білім беру мекемесінде 554 753 оқушы білім алуда. Өңірдегі мемлекеттік мектептің 791-і типтік, 124-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бүгінде облыста бюджет есебінен 5800 орынды 24 мектеп құрылысына қажеттілік бар. Сондай-ақ 7200 орынды 17 мектептің құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасымен салу жоспарлануда. Жалпы, 2025-2027 жылдар аралығында 12000 орынды 41 мектептің құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда, реновацияған еніп, 2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 26 мектептің 3-еуіне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасымен, 23-іне облыстық бюджет есебінен қаржы қаралған.Облыстағы 1279 мемлекеттік білім нысанының 43-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған болса, 1 236-сы автономды жылыту қазандықтары арқылы жылытылады. Былтыр облыстағы 107 білім беру мекемесінің жылу жүйесі табиғи газға қосылған. Бұл жұмыстар білім саласынан үнемделген қаржысы есебінен жүргізілді. Осы жылы тағы 100 мектепте осындай жұмыстар жүргізіліп, оларға да үнемделген қаржы жұмсалады деп күтіліп отыр.Кезекті баяндама жасаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Кенжебаев өткен жылы өңірде 55 медицина нысаны пайдалануға берілгенін айтып, қазіргі таңда тозығы жеткен 58 нысанның қажеттілігі анықталып отырғанын жеткізді. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанның мәселесін дайын ғимаратты сатып алу арқылы шешу жоспарлануда. Бірінші кезектегі жаңа құрылысты аса қатты қажет ететін нысандар тізімі қалыптастырылып, іске асырылады. Сонымен қатар биыл 4 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922683
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ 23.01.2025
Бүгінде білім сапасын арттыру мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде қосымша білім беру саласын дамытуға бағытталған жобалар да бар. Осындай мүмкіндіктердің арқасында жас кәсіпкерлер өздерінің арман-мақсаттарын жүзеге асырып, қоғамға пайдалы бастамаларды қолға алуда.Солардың бірі – көпбалалы ана Сущенко Наталья. Ол мемлекет қолдауының арқасында қосымша білім беру орталығын ашып, жасөспірімдерге білім беру саласы бойынша қызмет көрсетуде.Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны 2024 жылы 1 млн 476 мың 800 теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, кәсіп бастаған. Қазіргі таңда орталықта 18 оқушы білім алуда. Онда оқушылардың таланты мен қабілетін дамытуға мүмкіндік беріледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922685
ТҮРКІСТАН: РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫ ҮНДІСТАН ЕЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП ЖАТЫР 23.01.2025
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Би-Сұлтан» би ансамблі Үндістан елінің бірнеше қаласында өнер көрсетіп жатыр. Үндістандық көрермен қазақ өнері мен мәдениетіне тәнті болып, құрмет көрсетуде. Бұл жайлы үнді баспасөз беттерінде жарыса жазылып, насихатталып жатыр.Айта кетейік, 18-28 қаңтар күндері аралығында Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында арнайы гастрольдік сапар жоспарланған. Он күн бойы өнер көрсетуге Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры жанынан құрылған «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерінен құралған «Би-Сұлтан» би ансамблі жолға шыққан болатын.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922686
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» АРҚЫЛЫ 749 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 23.01.2025
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылдардағы халықтың табысын арттыру. Бағдарлама пилоттық негізде 2023 жылдан жүзеге асып, өз тиімділігін дәлелдеп келеді.Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 62 ауылдық округте 749 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1185 тұрақты жұмыс орны ашылып, 100-ге жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықтан арылады деп күтілуде.Бұл мәселе аудан-қала әкімдерінің қатысуымен өткен видео-селекторлық мәжілісте кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қаржыландырылатын бағыттарды белгілегенде өңірлердің ерекшеліктеріне назар аударуды ескертті.Жыл ішінде «Ауыл аманаты» жобасымен өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша – 195, мал шаруашылығын дамыту бойынша – 175, құс шаруашылығын дамыту бойынша – 108, балық шаруашылығын дамыту бойынша – 71, кооперативтерді құрал-жабдықтармен жабдықтау бойынша – 62, өз кәсібін ашу бойынша 138 жобаны іске асыру көзделуде.«Түркістан» ӘКК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Файзулла Байдуллаев аудан-қалаларда өндірістік парк ашудың маңыздылығына тоқталып, 2025 жылдың жоспарымен бөлісті.Мәжілісте Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде жиі туындайтын мәселелерді тарқатып, басқарма тарапынан қабылданатын шараларды жеделдету жайын қозғады. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан тарапынан ұсынылған жобаларға қатысты өз сұрақтарын қойып, жауапты мамандармен пікірлесті.Облыс әкімінің орынбасары өңірлерде қайта өңдейтін кәсіпорын ашуға басымдық беру қажеттігін атап өтті. Аудан-қала әкімдері бұл бағыттағы жұмысты ширату үшін жауапты басқармалармен пікір алмасып, жоспарды бірге нақтылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922696
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ 23.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері мен кеңестерін тыңдады.Кездесуді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жүргізіп отырды.Ашық диалог алаңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Түркістан облысының Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанов, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, әдебиет зерттеушісі, профессор Құлбек Ергөбек, республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, ел тұтастығын сақтау, өңір әлеуетін арттыру жайында ой қозғады. Өңірдің өзекті мәселелерін, ұрпақ тәрбиесі жөнінде келелі пікірлер айтты.Ел ағаларының ұсыныстарын тыңдаған аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.– Халқымызда «Батаменен ел көгерер» деген сөз бар. Мемлекет басшысы жауапты қызметке тағайындаған соң бірінші кезекте ел ағаларының ой-пікірлерін білуді жөн санадым. Туып-өскен Түркістан өңіріне қызмет ету – мен үшін үлкен жауапкершілік пен перзенттік парыз. Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемді, білімімді пайдаланып, Түркістан облысын дамытуға күш саламын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге сіздермен бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін. Президентіміз бен Үкіметтің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындауымыз қажет. Ел бірлігін сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз мол. Біз Түркістанды дамытуда сіздердің тәжірибелеріңізге арқа сүйеп, қызмет етеміз. Жаңа бастамалар жемісін беріп, Түркістан облысы барлық жағынан дамыған аймаққа айнала берсін! – деді Нұралхан Көшеров.Жиын соңында Еңбек ардагері Сексенбай Тұрысбекұлы бата беріп, ел тізгінін қолға алған басшыға сәттілік тіледі.Келелі ойлар мен ұсыныстар айтылған жиын салтанатты шараға жалғасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922702
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БАЛЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ 23.01.2025
Шұбар ауылының іргесіндегі «Арыс» өзенінің жағасында жұмыс істей бастаған «АҚ ОРДА Б» ЖК-нің өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді.Жалпы аумағы 4,5 гектар. Оның ішінде 1,3 га жерге тоған қазылып, 20 мың сазан шабағы жіберілген. Жоба құны – 20 млн теңге. Жылына 60 мың тонна сазан шабақтарын өсіріп отырған шұбарлық кәсіпкер Бақытжан Бекбосынов осы кәсіпке ден қойған. Келесі жылдан бастап өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Кәсіпкердің айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Бүгінде кәсіпкер тағы 3,0 га жерге тоған қазуды жоспарлауда.Айта кетсек, қазіргі таңда Ордабасы ауданында балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922933
Тазалық тұрғындардың күнделікті өмір салтына айналуы керек 23.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті, онда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын іске асыру, IT-экспортты дамыту мәселелері қаралды.Оған селекторлық режимде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. ҚР Үкіметінің отырысынан кейін өңір басшысының төрағалығымен өткен кеңесте мәселелер талқыланып, қалалар, аудандар әкімдеріне және сала басшыларына тапсырмалар берілді.Облыс әкімі атап өткендей, Мемлекет басшысы өз Жолдауларында барлық салаларда цифрлық трансформацияның маңыздылығын үнемі атап өтеді. 2025 жылы жасанды интеллектке баса назар аударылады. Азаматтар оны пайдалану тетіктерін енгізу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет. Дайын қызметтерді халықтың тез игеруіне мүмкіндік беру. Жасанды интеллект тақырыбын білім беру олимпиадаларына және басқа да іс-шараларға қосу қажет. Біздің аймақтың технопарктерінде жасанды интеллект өнімдерін әзірлеуден басқа, оның мүмкіндіктерін пайдалану үшін халықты оқыту және насихаттау қажет.Қоршаған ортаны таза ұстау, көгалдандыру, туған жерді абаттандыру тұрғындардың күнделікті әдетіне, өмір салтына айналуы керек. "Таза Қазақстан" порталының басты мақсаты-халықпен жылдам және ашық кері байланыс. Келіп түскен ескертулерге, шағымдар мен ұсыныстарға уақтылы жауап беру қажет.Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында халықтың санитарлық тазалығы, абаттандырылуы, жайлы тұруы үшін жағдай жасалуда. Тұрғындар, жастар ұйымдары мен кәсіпорын қызметкерлері бағдарламаны қолдап, оған белсенді қатысты. Елді мекендердегі скверлер мен саябақтар, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіптік, кәсіпкерлік қызмет объектілері, аулалар мен көшелер қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстарға 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Өңірді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық акция аясындағы іс-шаралар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандырылды. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін экологиялық мәдениетті дамытудың 2029 жылға дейінгі өңірлік жоспары бекітілді. Жыл сайын ауылдарды дамытуға бағытталған "Үлгілі елді мекен" конкурсы өткізіледі. Соңғы екі жылда үздік елді мекендерге 48 бірлік арнайы техника табысталды. 2024 жылы коммуналдық мекемелерге 106 бірлік арнайы техника сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/922819
Алматы облысының Ұйғыр ауданы туризм саласынан 1 миллиард теңгеден астам табыс тапт 23.01.2025
Ұйғыр ауданы туризмді дамытуда жалғастыруда, 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында ауданның қонақ үйлері мен басқа да орналастыру орындарында 91 481 адам демалған, бұл облыс туристерінің жалпы санының 24%-ын құрайды. Орналастыру қызметтерінен түскен табыс 1 миллиард теңгеден асты.Ұйғыр ауданында 84 туристік нысан жұмыс істейді, олардың арасында табиғат аясында демалуға арналған жайлы демалыс аймақтары, бір қабатты бунгалолар, ауылдық үйлер бар.Туристерді тартатын басты фактор – ыстық су бұлақтары. Мұнда денсаулықты жақсартатын процедуралар ұсынылады. Геотермалдық сулар өздерінің емдік қасиеттерімен танымал, ал жақсы дамыған инфрақұрылым, бассейндер мен тамақтану пункттері жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Демалыс аймақтарында тұрақты негізде 700 адам жұмыс істейді, маусымдық қызметкерлерді есептемегенде.Шарын шатқалы облыстың басты көрнекі жерлерінің бірі болып қалуда және мыңдаған туристерді, оның ішінде шетелдік қонақтарды тартуда.«Біздің өңір табиғи ресурстарға бай және демалысқа өте қолайлы жағдайлар ұсынады. Біз инфрақұрылымды белсенді түрде дамытып, туристерді тартуға тырысамыз», — деді Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/922746
Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады 23.01.2025
Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Беларусь Республикасының Елшісі Алексей Богдановты қабылдады.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-беларусь ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын жан-жақты талқылады. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.Сұхбат соңында алдағы іс-шаралар мен бірлескен жобалар аясында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1135247?lang=kk
Қазақстан мен ЕО жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 23.01.2025
Астана, 2024 жылғы 21 қаңтар – Еуропалық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан Республикасында тіркелген Еуропалық одақ елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары үшін шолу брифингін өткізді.Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтары туралы толыққанды баяндап, Орталық Азиядағы және өңір мен Еуроодақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және көлік байланысын кеңейту бағытына ерекше назар аударды. Сондай-ақ ол еуропалық елшілерді еліміздің Ресей, Қытай және АҚШ-пен қарым-қатынастарының басымдықтары туралы хабардар етті.ЕО-мен ынтымақтастық туралы айта келе, Р.Василенко саяси диалогтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-инвестиция, көлік-логистика, жасыл энергетика, маңызды шикізат ресурстары сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттары, сондай-ақ ҚР азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету мәселесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.«Өткен жыл Еуропалық одақпен және оған мүше мемлекеттермен қарым-қатынасымызды дамыту үшін өте жемісті болды. Жаңа күш-жігерді жұмсау арқылы 2025 жылы қарым-қатынастарымыз үшін бұдан да үлкен табыстарға жетіп, достық және өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайта алатынымызға сенімдіміз», – деді ҚР СІМ басшысының орынбасары.ЕО елдерінің елшілерін Қазақстанның экономикалық даму серпінімен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық нұсқауларына сәйкес қабылданып жатқан инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту шараларымен егжей-тегжейлі таныстыра отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара байланысты нығайтуға және Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына ықпал ететін инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салуға шақырды.Сонымен қатар тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі аса өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Брифинг соңында қатысушылар екіжақты және көпжақты бағыттағы ынтымақтастықтың оң динамикасына қанағаттанушылық білдіріп, өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды арттыруға келісті.Анықтама: Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі. Ағымдағы жылғы қаңтар-қараша аралығында тауар айналымы 44,2 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты (ҚР-дан экспорт – 34,6 млрд долл., ҚР-ға импорт – 9,6 млрд долл.). 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестицияның көлемі 180 млрд долларға жетті. Қазақстанда еуропалық қатысуымен 3000-нан астам компания қызмет етуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922066
Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы көпсалалы ынтымақтастығы Бейжіңде талқыланды 23.01.2025
Бейжің, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесті.Сұхбат барысында Министрдің орынбасары Н.Ермекбаевты ШЫҰ Бас хатшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, Ұйым аясындағы көпсалалы ынтымақтастықты қолдау жөніндегі Қазақстанның тұрақты және белсенді ұстанымын тағы растады. Тараптар ШЫҰ ағымдағы қызметінің мәселелерін және 2025 жылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындығын талқылады.Ә.Бақаев 2024 жылғы 4 шілдедегі ШЫҰ Астана Саммитінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды үдемелі іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымды тиімді және мобильді көпжақты құрылымға одан әрі трансформациялау мақсатында ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі нысаналы жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылды.Өз кезегінде ШЫҰ Бас хатшысы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.Сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларында өзара іс-қимылды одан әрі дамыту бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922076
Шет мемлекеттердің елшілері Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады 23.01.2025
Астана, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы ретінде жаңадан тағайындалған Буркина-Фасоның елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсобадан, Лаостың елшісі Сипхандон Ойбуабуддиден, Жаңа Зеландияның елшісі Марк Трейнерден, Данияның елшісі Йеспер Варданнан, Словенияның елшісі Аленка Сухадолниктен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жағдайы мен перспективаларын талқылады.Дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын салаларда одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922098
Қазақстан және Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы 23.01.2025
Астана, 2025 жылғы 22 қаңтар – Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақтылы іске асыруға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимылды қорытындылады, сондай-ақ биік және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасын жоғары бағалады және түрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады.Сонымен қатар халықаралық күн тәртібі мен көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922932