Enbekshi QazaQ

Қуқық

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 23.01.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралды.Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А. Бейсенбаев құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жәбірленуші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5189 тұлғаға қатысты «қорғау нұсқамасы» шығарылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықбұзушылық жасауы мүмкін 39 құқықбұзушыға қатысты қосымша шектеу шарлары қолданылып, 20 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 19-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы А.Ахметов эпидемиологиялық жағдай және метапневмовирустың таралуының алдын алу шараларымен бөлісті. Қалада былтыр бірқатар инфекциялық және паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болды. Ғ.Әбдімәжитұлы бұл ретте профилактикалық шараларды күшейтіп, білім беру ұйымдары асханаларындағы санитарлық ақуалды да қатаң бақылауға алуды тапсырды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбеков те медициналық ұйымдардың нәтижелі жұмыстарын баяндады. Қала басшысы жауаптыларға халық денсаулығын жақсарту шараларын сапалы атқарып, ең алдымен есепте тұрған науқастарды медициналық препараттармен мерзімінде қамтуды тапсырды.   Сонымен қатар жиын барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің және «Шымкент-қайырымды қала» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жұмыстары да қорытындыланды. Қала әкімі сала басшыларына халыққа қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс тиімділігін арттыруда бірқатар тапсырмалар берді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/921292
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІК ДРЕНАЖДЫ ҰҢҒЫМАЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА 23.01.2025
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков кезекті жұмыс сапарында Жетісай және Шардара ауданында “Ислам Даму” банкінің қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылып жатқан 512 тік дренаж ұңғымаларында атқарылған жұмыстарды бақылап, мердігерлермен жиналыс өткізді. “Қазсушар” РМК Түркістан филиалының директоры Казыбек Бедебаев жоба бойынша күтілетін нәтижеге тоқталып, жұмыс есебін ұсынды. Соңғы 10 жылда табысы мен күнкөріс көзі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасы төмендеген. Мамандар мұны аудан аумағындағы 380 тік дренажды ұңғыманың 210 данасының істен шығып, жерасты суы деңгейінің көтерілуімен байланыстырған болатын. Ауданда қазіргі таңда 16 010 гектар аумақта орналасқан 97 тік дренаждың құрылысын “Киікбай Строй Сервис” ЖШС жүргізуде. Суармалы жердің 19 911 гектарына 113 дренаж орнату міндеті “Арт-Құрылыс” ЖШС мекемесіне тапсырылған. Шардара ауданында жалпы тік дренаждар саны – 302. Тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру "Ислам Даму" банкі арқылы қаржыландырылып, жүзеге асуда. Бүгінге дейін жаңадан 229 тік дренажды ұңғыма қазылды. Жұмыстар өндірістік кестеге сай жалғасуда. Нұрбол Тұрашбеков сала мамандарына жобалардың сапасына баса мән беруді ескертіп, жұмысты ширатуды тапсырды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920624
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 23.01.2025
Биыл да Түркістан облысы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша өңірде күнделікті өткізілетін 7263 сенбілік іс-шарасы бекітілді. Бұл жұмыстарға тұрғындар мен кәсіпкерлер де тартылып, тазалық жұмыстары білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, дін нысандарында күшейтілмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясында атқаралып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарлармен бөлісті. Қазіргі таңда аудан, қала әкімдіктері және Облыстық кіріс департаменті тарапынан кәсіпкерлік нысандарының және іргелес жатқан аумақтарды таза ұстау бағытындағы жұмыстар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасына сәйкес, барлық сала бойынша жеке жол картасы әзірленуде. Бүгінгі таңда «телеграмм бот» платформасына 885 өтінім түскен. Оның ішінде, 866 өтінім орындалған болса, қалған өтінімдер орындалу барысында. 2024-2025 жылдары жолдарды қысқы күтіп ұстау үшін 4 мың шақырымға жуық жолға 121 арнайы техника, 259 жұмысшы жұмылдырылып, 4 мың текше метрден астам құм, 600 тоннаға жуық тұз қолданылуда. Мәжілісте Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысын баяндады. Аймақта 29 мектептің құрылысы басталған. Оның 13-і тапсырылды. Қалған 16-сы биыл ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Тапсырылатын 16 мектептің 12-сінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу, инженерлік инфрақұрылым тарту және сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары 60% орындалған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Жайлы мектеп» жобасын уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруды, жұмысты жандандыруды тапсырды. Аталған мәселелер қатаң бақылауға алынған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921093
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 31 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-НЫ ТАПСЫРДЫ 23.01.2025
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: 31 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-НЫ ТАПСЫРДЫ Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 31 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 60%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 136, оны Түркістан облысының оқушысы жинады. Тестке қатысушылардың 69,3%-ы қазақ тілінде, 30,6%-ы орыс тілінде, 27 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18,2%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 13,5%-ы «Биология-Химия»,  13,3% «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 55 адам тапсырған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 101 талапкер қатысты. Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қазіргі таңда 71 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 37 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 34 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ. Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады. Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.   ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/920834
Неміс компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын 23.01.2025
Қазақстан делегациясы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының басшылығымен Германияда өткен аграрлық іс-шараларға қатысып, стратегиялық келіссөздер жүргізді.Сапар барысында Германияның ауыл шаруашылығы министрі Джем Оздемирмен және Германияның азық-түлік пен ауыл шаруашылығы федералды министрлігінің парламенттік статс-хатшысы О. Никпен кездесулер өтті. Кездесулерде Орталық Азия елдері үшін Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру туралы идея алғаш рет Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Германияға ресми сапары барысында ұсынылған болатын.Қазақстандық делегация John Deere, DF Deutsche Forfait AG, BVVG және Innari сияқты жетекші неміс компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобалар мен Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері қарастырылды.18-19 қаңтар күндері делегация 16-шы Берлин ауыл шаруашылығы министрлері конференциясына және «Grüne Woche» халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстан көрмеде агроөнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Сапар нәтижесінде Германия компанияларының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға жоғары қызығушылығы расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920463
Мәртөк және Кеңсахара ауылдарының тұрғындарына коммуналдық тұрғын үйлердің кілттері табысталды 23.01.2025
Мәртөк ауданында Мәртөк ауылында орналасқан 39 екі пәтерлі жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Аталған жоба 2020 жылы «ҚазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен басталған болатын.Аудан әкімі Медет Ысқақов қатысқан салтанатты іс-шарада тұрғын үй кезегінде тұрған төрт санаттағы азаматтарға 86 тұрғын үйдің кілті табысталды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға – 25 пәтер, жетім балаларға – 15 пәтер, әлеуметтік осал топтарға – 32 пәтер, ал мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет ұйымдарының қызметкерлеріне – 14 пәтер берілді.Сонымен қатар, Кеңсахара ауылында 2024 жылы басталған 4 екі пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы да биыл толығымен аяқталды.Бұл үйлердің құрылысы кезінде барлық қажетті жұмыстар орындалды: терезелер мен есіктер орнатылып, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелері жүргізілді. Үй ішіндегі коммуникациялар мен жылыту жүйелері толық іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923233
ТЖМ құтқарушылары 61 шетел азаматын құтқарып, эвакуациялады 23.01.2025
Бүгін таңертең Әйтеке би ауданы "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" республикалық маңызы бар а/ж 114 шықырымында "Тәжікстан Республикасы – РФ Челябинск қ." бағыты бойынша жолаушылар автобусы бұзыдып қалды.ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан Т.Жүргенов ауылының жылыту пунктіне 61 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.Эвакуацияланғандардың көпшілігі, Тәжікстан Республикасының азаматтары және Ресей Федерациясының 1 азаматы болып табылады. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/923242
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ 23.01.2025
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына іссапары аясында инфрақұрылымдық мәселелерді талқылау бойынша жиналыс өткізді. Онда қаладағы өзекті мәселелер қозғалып, шешу жолдары қаралды. Онда ауыз су, кәріз жүйесі, электр желісі, газдандыру, жылу қазандықтары, санитарлық тазалық жұмыстары, тұрғын үй аулаларын абаттандыру, қала тұрғындарын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді жаңғырту мәселелері талқыланды.Қала әкімі Жандос Тасов өңірде атқарылған жұмыстарды баяндады. Өткен жылдың қорытындысымен 18 000 абоненттің 15 319-ы табиғи газ жүйесіне қосылды. Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100 % ауызсумен қамтылып, тағы 2 жоба әзірленуде. Ал кәріз жүйесімен қала тұрғындарының 78,1 %-ы, электр желісімен толық қамтамасыз етілген. Былтыр 120 тұрғынға пәтер берілді. Одан бөлек, бірқатар жобалар талқыланып, жан-жақты қаралды.Жиналыс барысында Зұлпыхар Сансызбайұлы Кентаудың даму әлеуеті зор екенін айтып, жол сапасын жақсартып, инвестиция тартуды және қаладағы туризмді жандандыруды тапсырды.– Бүгін біз Кентау қаласындағы өзекті мәселелерді талдауға және оларды шешу жолдарын қарыстыру үшін жиналып отырмыз. Қалада шешімін таппаған мәселелер бар. Кентау өндіріске бейімделген. Қала таулы әрі экотуризмді дамытуға қолайлы. Сондықтан туризмнің дамуына тың серпін беретін жобалар әзірлеп, ұсыныңыздар. «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша жұмыс жүйелі түрде жалғасын табуы тиіс. Көктемге дайындық жұмыстарын пысықтаңыздар. Су басу қаупі бар көшелерге арық жүйелерін орнатып, алдын алу жұмыстарын жүргізіңіздер. Инвестиция тартуда үздіксіз жұмыстар істелуі керек. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет. Осы бағытта жұмыстарды күшейтуді тапсырамын, – деген облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарма басшыларымен бірлесе жұмыстар атқаруды жүктеді.Жиын барысында тұрғын үй, жол, кәріз, санитарлық тазалық, туризм салаларын дамыту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралып, баяндамалары тыңдалды.Сонымен қоса Кентау қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, қаладағы өзекті мәселелерді саралады. Олардың басым бөлігі туристерге жағдай жасау, қаланы жарықтандыру, орталық аллея және спорт кешенін салу, қалада бос тұрған ғимараттарды халық игілігіне тапсыру, көгалдандыру жайын қозғады. Ұсыныстарды мұқият тыңдаған облыс басшысының бірінші орынбасары жауапты мамандар мен сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді. Депутаттар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер хаттамаға түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923232
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 85,5%-Ы ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН 23.01.2025
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылым саласын дамытып, елдегі табиғи газға қосылған елді мекендер санын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы орайда 2025 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 807 елді мекеннің 563-і (69,7%) немесе 1 833 455 тұрғын, яғни 85,5%-ы табиғи газбен қамтылған.Биыл да өңірдегі көгілдір отынды тұрақты пайдаланушылар санын біршама арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылмақ. Жыл соңына дейін облыс аумағындағы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету үшін 47 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Оның 25-і 2025 жылы пайдалануға берілсе, қалған 27 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі.Бұдан өзге, «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілген. Құжатқа сәйкес, облыстағы 244 елді мекен (311 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923234
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН 23.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың 2025 жылдағы алғашқы жиыны өтті. Мәжілісте облыста жүзеге асырылып жатқан 15 жобаның жай-күйі қаралып, өзекті мәселелері талқыланды. Облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды.– Инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу – басым бағыттар. Бүгін қаралған жобалар біз үшін өте маңызды. Сәттілік тілеймін. Өз тарапымнан облыста қолға алынған әрбір инвестициялық жобаның сәтті жүзеге асырылуына толық қолдау көрсетемін. Инфрақұрылым, құжаттандыру және өзге де мәселелерді заң шеңберінде шешеміз. Аймақта жаңа өндіріс орындарын көбейту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырамын, – деген Нұралхан Көшеров әрбір инвестормен пікір алмасып, өтініштерін, есептерін тыңдады.Инвестштаб отырысында инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштері, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Олардың бірқатарына тоқталсақ, Сайрамда бу-газ қондырғысы, мал сою бекеті мен мал бордақылау алаңы, Созақта газ өндіру жобалары жүзеге асады. Ордабасы ауданында заманауи кірпіш зауыты мен алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы қарқынды. Сауран ауданында инженерлік жабдықтар, өнеркәсіптік су бекіту арматурасын шығаратын зауыттар салынады. Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжайдың құрылысы жалғасуда. Сарыағаш ауданында құс фермасы кеңейтілсе, өзге аудандарда да инвестициялық жобалар пысықталып жатыр.Айта кетейік, өткен жылы Түркістан облысында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1 334,9 млрд. теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Экономиканың дамуына тың серпін беретін 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Алдағы уақытта аймақта жаңа зауыттар ашып, жұмыс орындарын көбейту жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923062
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ 23.01.2025
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров көкөніс сақтау қоймаларын аралап көрді. Өңір басшысы жауапты басшыларға азық-түлік тауарлары бағаларының шекті межеден аспауын жіті бақылауды, өңір тұрғындарын арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыруды жүктеді. Сондай-ақ жауапты басшыларға дүкендерді өздері аралап, бағалардың нақты жай-күйімен көзбе-көз танысуды тапсырды.Көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Бүгінде өңірде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда.Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923237
Елорданы газдандыру: Астананың 300 мың тұрғыны газбен қамтылады 23.01.2025
Астананы газдандыру бойынша ауқымды жоба аясында елорданың 216 мыңға жуық тұрғынын қамтыған 14 мың абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Қалалық Энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Күпешов жобаның жүзеге асырылу кезеңдері туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада газ тарату желілерінің құрылысы үш кезеңге бөлінген. 2023 жылы екі кезеңнің құрылысы аяқталып, Сарыарқа, Алматы, Есіл және Нұра аудандарының тұрғындарын қосуға мүмкіндік берді.Сондай-ақ «Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылыту станцияларына және Ильинка, Телман, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендерін газбен қамту желілерінің құрылысы аяқталды.Жылу электр станцияларындағы 16 қазандық пен 20 әлеуметтік нысан газға көшірілді. Әлеуметтік нысандарды дизельдік отыннан газға көшіру өткен жылыту маусымында 977 миллион теңге бюджетті үнемдеуге мүмкіндік берді.Үшінші кезең аясында 2024 жылдан 2026 жылға дейін жұмыстар жоспарланған.«Бүгінде қалада 800 шақырым газбен қамту желісі, 27 газ тарату пункті, 58 шкафтық газ тарату пункті жұмыс істейді. 216 мыңға жуық адамды қамтитын 14 мың абонент газбен қамтылған. Газдандыруға жататын халықтың жалпы саны 300 мың адамды құрайды. 12 мыңнан астам абонент газға қосылған», - деді Нұрлан Күпешов.Жеке тұлғалар үшін газ тарифі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап текше метріне 38,9 теңге болып бекітілді. Ауданы 100 шаршы метр болатын үй үшін газбен жылытудың құны шамамен айына 17-20 мың теңге, 120 ш.м. – айына 20-25 мың теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922284
Екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқытылатын болады 23.01.2025
Ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты."Астана қаласының білім басқармасы 2025 жылдың 22 қаңтарында ауа — райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін қала мектептерінде сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысатынын хабарлайды", - деп хабарлады басқарма.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922294
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25-26 қаңтарда өтеді 23.01.2025
Астанада 25-26 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922345
Заң және тәртіп: насвай мен вейп Әуесқойлары Астанада жауапқа тартылуда 23.01.2025
Биыл да елорданың барлық алты ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен пайдаланылуын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бір ай ішінде 60-тан астам сауда орны тексеріліп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 30-дан астам жағдайы анықталды, оның ішінде насыбай шығаратын жерасты цехтары да бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің мамандарымен жүргізуде. Рейдтерге жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері қатысты.Есіл ауданында жүргізілген рейдтердің нәтижесінде насыбайдың саудасы тіркелді. Дүкен иесі жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды.Нұра ауданында рейдтік іс-шаралар барысында тұрғын үй кешендерінде орналасқан 16 кәсіпкерлік нысанында профилактикалық түсіндіру жүргізілді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды. Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20 қаптама насыбай мен 15 қорап снюс тәркіледі. Барлық құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.Байқоңыр ауданы бойынша осындай жұмыс бес кәсіпкерлік нысанында жүргізілді, рейд нәтижесінде 2 сату орнында 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 1,5 кг-ға жуық насыбай тәркіленді.Алматы облысында ірі елді мекендерде орналасқан төрт кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Насыбай мен снюсты заңсыз сатудың бір дерегі анықталды. Сонымен қатар, дүкен иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салуды еске салып, мұндай бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.Мұндай тексерулер Сарыарқа ауданындағы сауда орындарында да жүргізілді. Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылдары, Гете, Ә.Молдағұлова, І.Дүкенұлы және т.б. қамтылды.Сарайшық ауданында өткен рейд барысында 10 сауда орны тексеріліп, сату фактілері анықталып, дүкен иелері айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында шағын және орта бизнес субъектілерімен шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК немесе 98 300 теңге айыппұл салынды.Елорданың барлық алты ауданында рейдтер жүріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922381
Вейп пен насыбайды заңсыз сату: Сарайшық ауданындағы сауда орындарына рейд жүргізілді 23.01.2025
Елордада шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сату фактілерін анықтауға бағытталған кезекті рейд жүргізілді. Іс-шараны Сарайшық ауданы әкімдігі мен полиция бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Тәртіп сақшылары кәсіпкерлер арасында профилактикалық жұмыстың маңыздылығына тоқталып, дүкен иелері мен тұтынушыларға вейп пен снюс сатуға салынған тыйымды орындамаудың салдары, сондай-ақ оларды пайдаланудың зияны туралы ақпараттандыру қажеттілігіне тоқталды.«Аралау барысында төрт сауда орны тексеріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тыйым салынған заттарды сату бойынша алдын алу шаралары жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп атап өтті Сарайшық аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Айбек Негметов.Шегілмейтін темекі өнімдері мен вейптерді заңсыз сататын сауда орындарына 25 АЕК немесе шамамен 98 300 теңге айыппұл салынуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922414
Астанада өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін арнайы жиын өтті 23.01.2025
Елорданың №101 орта мектебінде балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздікті нығайту мақсатында жиын өтті. Қалалық Білім басқармасы және Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен өткен кеңеске білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтар қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі уақытта үлкен де, кіші де білместіктен алаяқтықтың құрбаны болып жатыр. Бұл туралы жиын барысында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев атап өтті.«Балалар интернет пен мобильді құрылғыларды белсенді пайдаланады. Бұл бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан, оларды әртүрлі қауіптерге, мысалы, «дропперлер», интернет алаяқтық және қаржылық қылмыстарға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан оқушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі аспектілерінің бірі – олардың цифрлық кеңістікте хабардар болуы және қорғалуы. Осы бағытта 5-11-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс ашық сабақ бағдарламалары әзірленді, олар тәуекелдердің алдын алуға және пайдалы дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы.Ал Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Мэлс Ақылбаев бүгінде оңай жолмен ақша тауып, бәс тігіп, құмар ойынға және қаржылық пирамидаларға құныққан жастардың саны, өкінішке қарай, артып келе жатқанын атады.«Елде заңсыз ойын бизнесінің зардабын жоюға бағытталған түрлі шара қолға алынғанмен, жымысқы әрекетін жасырын түрде жүзеге асыратындар азаматтарды сан айламен арбайтын болған. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылғандардың дені – жастар. Сондықтан да жас ұрпақпен кешенді жұмыс жүргізу өзекті. Мәселен, республика бойынша қаржы пирамидаларына 2 500 азамат алданып, 3 млрд теңге көлеміндегі қаржысынан қағылды. Сондықтан жасөспірімдер үшін маңыздысы – ата-анасының айтқанына құлақ асу және жеңіл ақшаға құнықпау», - деді М.Ақылбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922434
Елордалық колледжде жұмысшы мамандар қалай дайындалатыны көрсетілді 23.01.2025
Елорда әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында Астана сервис және туризм колледжінің ұжымымен кеңес өткізді. Іс-шара «Жастардың кәсіби дамуы – табысты болашақтың кепілі» ұранымен өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Кездесуде басты назар кәсіби білім берудің маңыздылығын арттыру және әйелдердің экономикадағы, жұмыспен қамту және тұлғалық дамудағы рөліне қатысты мәселелерді талқылауға бөлінді.«Комиссия колледж қызметімен және оның техникалық жабдықталуымен танысты. Мұнда оқу мен тәжірибелік сабақтарды өткізуге барлық жағдай жасалған. Әр мамандық бойынша шеберханалар бар. Оның үстіне колледж бен Әйелдер ісі жөніндегі комиссия арасында меморандумға қол қойдық. Ынтымақтастық аясында біз бизнес-қауымдастық өкілдерін шақырдық. Осылайша, бұл колледждің студенттері бүгінде келісімшартқа отырған кәсіпорындарда өндірістік оқудан өтетін болады. Әлеуметтік серіктестер студенттерді оқыту және дамыту үшін өз платформаларын ұсынады. Біздің комиссия бүгін жұртшылықпен және мемлекеттік органмен байланыс орнатты», - деді Астана қаласының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Қарлығаш Сәркенова.Өз кезегінде сөз алған колледж директоры Салтанат Басығараева жиналғандарды оқу орнының жұмысымен таныстырып, оның ішінде оннан кем емес шеберханаларға экскурсия өткізді.Қыздарға арналған колледжде «Бойтұмар» атты үйірме бар. Мұнда болашақ үй шаруасындағы әйелдер моншақтан зергерлік бұйымдар тоқиды, кесте тігеді. Сабақтар арасындағы үзіліс кезінде студенттер коворкинг орталығында демалады, олар да сабаққа дайындала алады. Шахмат үйірмесі, жаттығу залы мен бассейн бар. «Қонақ үй ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттердің өз мамандығын іс жүзінде меңгеруі үшін қонақүй бөлмесі мен қабылдау бөлмесі бар шеберхана жасақталды.«Тамақтандыруды ұйымдастыру» семинары аспаздар үшін ашық, онда олар колледж жылыжайында өсірілген өнімдерді пайдалана отырып, шеберліктерін шыңдай алады. Бүгін қонақтарға жаңа сығылған шырын мен қызылша, асқабақ, сәбіз сияқты түрлі нан өнімдері ұсынылды.Болашақ автомеханиктерге тренажерлары бар сервистік шеберхана, тіпті нағыз машина да бар. Мұнда олар барлық заттарды бөлшектеп, құрастыра алады. Ландшафты дизайн шеберханасында оқушылар кірпіш қалауды және әдемі қоғамдық кеңістіктер жасауды үйренеді. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар, гүлдердің неше түрі бар. Болашақ гүл өсірушілер мен флористердің де өз құзыреттілік орталығы бар. Мұнда олар панельдер мен гүл композицияларын жасайды, эпоксидті шайырмен, гипспен және изолонмен жұмыс істеуді үйренеді.«Қазіргі таңда колледжде 10 мамандық және 16 біліктілік бойынша 1060 студент білім алуда, оның ішінде «Жұмысшы» мамандығы бойынша 756 студент бар. Колледжде 537 студент немесе 49 пайызы дуальді форма бойынша білім алып жүр. Оның аясында «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша 50 студент жұмысшы мамандығын игереді», - деді білім ошағының директоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922661
Байқоңыр ауданында насыбай мен снюс сатылған сауда орындары анықталды 23.01.2025
Байқоңыр ауданында насыбай және өзге де шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында кезекті рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара барысында А.Пушкин мен Ж.Тархан көшелерінде орналасқан 5 нысан тексеріліп, шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша профилактикалық түсіндіру жүргізілді.Рейд нәтижесінде 2 сату нүктесінде 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ насыбайдың 1,5 кг-ға жуығы тәркіленді.Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922664
«Таза Қазақстан»: қала тұрғындары онлайн чат-ботқа жиі жүгінеді 23.01.2025
Елордада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарының өтініштерін қабылдау жалғасуда. Мұнда әрбір қала тұрғыны қаланы абаттандыруға қатысты мәселені қозғай алады. Жүйе жұмыс істей бастағалы бері 1200-ден астам өтініш түсіп, оның мыңнан астамы орындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Чат-бот іске қосылғаннан бері қала тұрғындары 1293 өтініш қалдырса, оның 1129-ы орындалды, қалған бөлігі бойынша жұмыстар жүргізілуде.Түйткілді мәселелердің санаттары анықталып, жауапты тұлғалар тағайындалды. Өтініштердің негізгі санаттарына абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жол жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жатады.Қыс мезгілінде қоңыраулар көбейеді, өйткені еріген қар суы салдарынан аялдамалар тұрақты тазалануы керек. Сонымен қатар, аялдамалардағы жылу жүйелерінің жұмысына байланысты өтініштер түсіп жатыр. Барлық ескерту уақтылы өңделеді, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықты азайтуға көмектеседі.«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындарға жылдам және ашық байланыс.Тұрғындармен белсенді байланыс орнатылып, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922927