Қуқық
Теміржол саласының даму болашағы: Қанат Шарлапаев «Alstom» компаниясымен кездесті 22.01.2025
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтарындағы президенті Эндрю Делеонимен кездесті.«Alstom» Қазақстанда 35 000 м² аумақты құрайтын Астананың индустриялық аймағында орналасқан «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС (ШҚЗ) арқылы ұсынылған. Жүк және жолаушылар электровоздарын шығарумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Бұл Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы электровоз шығаратын жалғыз зауыт.Зауыт 2012 жылдың желтоқсан айында ашылды. ЭКЗ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) үшін жүк KZ8A және жолаушы KZ4AT сияқты Prima сериялы электровоздарын шығаруға бағытталған. Сондай-ақ Әзірбайжан темір жолы (ADY) үшін Әзірбайжанға 40 бірлік AZ8A жүк электровозын экспорттады.Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 100 локомотив секциясын құрайды.Сонымен қатар, ЭКЗ жылына 240 бірлік қуаттылығы бар борттық трансформаторлар мен тартқыш жүйе түрлендіргіштерін шығарады. Сонымен қатар, зауыт өндірілген күннен бастап 25 жыл бойы KZ8A және KZ4AT локомотивтеріне қызмет көрсетумен белсенді түрде айналысады.Кездесу барысында Қазақстандағы темір жол саласын одан әрі дамытудың жоспарлары мен перспективалары, сондай-ақ «Alstom» компаниясының елдегі қызметін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/922020
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны ұлғайтылды 22.01.2025
Жетісу облысында әлеуметтік сауда орындарының саны 12-ге жеткізілмек. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 7 стационарлық әлеуметтік нүкте, оның ішінде 5-уі әлеуметтік дүкен болса, қазір тұрғындарға ыңғайлы болу үшін тағы 5 көше сауда нысаны қосылып жатыр. Жетісу өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың екі тетігі бойынша 18 мың тоннадан астам өнім қоры бар. Оның 1485 тоннасы картоп. «Жетісу» ӘКК тауарлық интервенцияларды тұрақты негізде әлеуметтік пункттерінде келісім-шарт бойынша азық-түлік өнімдерін сатумен айналысады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.«Жетісу» ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын көкөніс өнімдерінің, оның ішінде картоптың қорын қалыптастырады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен келісім-шарт жасап, өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және өндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді жеңілдікпен несиелеу бойынша жұмыс жүргізеді. Мәселен, 2023-2024 жылдарға арналған жоғарыда аталған тетіктерді жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 9 млрд. қаржы қарастырылды. Көрсетілген мерзімде бөлінген қаражатқа 31,2 мың тонна өнім жеткізуге келісім-шарт жасалды. Оның бүгінгі таңда 12,6 мың тоннасы сатылды. Қазіргі таңда қорда 18 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары бар. Атап айтар болсақ, әлеуметтік нан, І сортты ұн, қант, күріш, кеспе (макароны) күнбағыс майы, қарақұмық, тұз, тауық еті, жұмыртқа, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат.– Картоп бағасының көтерілуіне байланысты осы кезеңде тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенция жүргізіп жатырмыз. Картоптың бағасы 180 теңгеден аспайды. Осы кезеңде Талдықорған қаласында әлеуметтік дүкендерді қосқанда 7 стационарлық әлеуметтік пунктіміз бар. Сонымен қатар, облыс әкімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әлеуметтік сауда орындарын көбейту бойынша жедел шаралар қолға алынды. Біз 5 сауда нүктесін ашып жатырмыз, соның ішінде 2-уі жұмыс жасап тұр. Әзірге бұл қосымша сауда орындары алдағы 2 айда тұрақты жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз, – деді «Жетісу» ӘКК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Ибраимова.Қала орталығындағы жаңа әлеуметтік сауда нүктесінің жұмысы жергілікті тұрғындардың ризашылығына бөленіп үлгерді. Талдықорған қаласының тұрғыны Эльмира Смағұлова әлеуметтік дүкеннің тұрақты тұтынушысы екенін жеткізді.- Бүгін әлеуметтік сауда нүктесінде картоп 180 теңгеге алдым. Яғни 3 есеге арзан баға. Басқа азық-түлік өнімдері мен көкөністер де сатылуда. Сәбіз, «Бақанас» күрішінің дәмді сортын да сатып алдым. Бұл күріштің түрі базардан тым сирек кездестіреміз, – деді қала тұрғыны.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фототілші: Жұмабай Мұсабеков «Жетісу» ӘКК АҚ әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелерінің ТІЗІМІ№АтауыМекен жайыЖұмыс уақыты1№1 әлеуметтік дүкенТалдықорған қаласы, Еркін ауылы, Бесшатыр көшесі, 75сейсенбі-сенбісағат 09:00-ден 18:00 дейін;жексенбі ж/е дүйсенбі - демалыс2№2 әлеуметтік дүкенТалдықорған қаласы, Еркін ауылы, «Көктал» шағын ауданы, Амангелді көшесі, 47Асейсенбі-сенбісағат 09:00-ден 18:00 дейін;жексенбі ж/е дүйсенбі - демалыс3«Жарық» әлеуметтік дүкеніТалдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, 43 үйдемалыс жоқ сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін4 «Talmart» әлеуметтік дүкеніТалдықорған қаласы, «Қаратал» шағын ауданы, 7демалыс жоқсағат 09:00-ден 23:00-ге дейін 5«Talmart» әлеуметтік дүкеніТалдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 116демалыс жоқсағат 09:00-ден 23:00-ге дейін6 «Көк базар» сауда орталығындағы әлеуметтік сауда нүктесіТалдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, Гаухар ана көшесінің қиылысыдемалыс жоқсағат 09:00-ден 18:00-ге дейін7Коммуналдық базардағы әлеуметтік сауда нүктесіТалдықорған қаласы, Алдабергенов көшесі, Рақышев көшесінің қиылысысейсенбі-сенбісағат 10:00-ден 17:00 дейін;жексенбі ж/е дүйсенбі - демалыс Көшедегі сауда нүктелері1Қала орталығындағы әлеуметтік сауда нүктесі («Dynasty» дүкені мен «Қарағаш» сауда орталығының маңы)Талдықорған қаласы, Ақын Сара көшесі, Қабанбай батыр көшесімен қиылысысейсенбі-сенбісағат 10:00-ден 15:00 дейін;жексенбі ж/е дүйсенбі - демалыс2«Береке» коттеджді қалашығының аумағындағы әлеуметтік сауда нүктесі («JLC» дүкенінің жанында)Талдықорған қаласы, «Береке» коттеджді қалашығы №5 көшесейсенбі-сенбісағат 10:00-ден 15:00 дейін;жексенбі ж/е дүйсенбі - демалыс Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/921986
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 21 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛМАҚ 22.01.2025
Жетісай ауданындағы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Түркебай елді мекені табиғи газға қосылды. Осы орайда аудан әкімі Серік Мамытов елді мекенге арнайы барды. Бүгінде ауылда 472 тұрғын бар. Енді жыл соңына дейін Жаңа ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Әбдіхалық, Мырзашөл және Атақоныс елді мекендері табиғи газға қосылмақ. Сондай-ақ, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жетіқазына, Бәйтерек және Сейфуллин елді мекендерін, Мақталы ауылдық округінің Сарқырама, Мақталы, Алмалы, Жібек жолы, Теміржол елді мекендері де қамтылмақ.Одан бөлек, Қызылқұм ауылдық округінің Датқа, Ақтөбе, Жалпаққұм, Алғабас, 1-мамыр, Қосқұдық, Мақталы елді мекендерін, Абай ауылдық округінің Халықтар достығы және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті елді мекенін табиғи газға қосу жоспарланған.Сонымен қатар ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында елді мекендердегі ескірген электр бағаналарын жаңарту, инфрақұрылымды дамыту, ішкі және қалааралық, ауданаралық жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Айта кетейік, өткен жылы Ж.Ералиев ауылдық округінің Абай елді мекені, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм, Қызылту, Қарасақал елді мекендері көгілдір отынға қосылған болатын.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921601
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚТАР МЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ 22.01.2025
Түркістан қаласында жаңа ғимараттар мен нысандар бой көтереді. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер, білім нысандары, бизнес орталықтары мен демалыс аймақтарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың бақылауында. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте 14 жаңа жаңа жоба таныстырылып, сәулетшілер мен жауапты басшылардың сараптауынан өтті.Сәулеттік кеңеске жауапты басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар және сәулет, құрылыс саласының өкілдері қатысты. Өңір басшысы әрбір жобаны терең зерделегеннен кейін ғана кеңес отырысына ұсыну керектігін айтты. Сондай-ақ құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.– Түркістан қаласында жаңа нысандардың салынуы жалғасады. Шаһарды туризмнің тартылыс нүктесіне айналдыруға мүмкіндік бар. Жаңа нысандар салу, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Басталған іс аяқталуы тиіс. Ғимараттардың сәулетіне қатысты талаптар толық сақталуы тиіс. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына мән беру керек. Бізге әлеуметтік тұрғыда тиімді, елге қызмет ететін ірі жобалар қажет, – деді облыс әкімі.Мәжілісте қаланың Мәдени-рухани орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан жобалардың жұмыс барысы баяндалды. Құрылыс нысандарының сапасы мен сәулеті тұрақты бақылауда болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921314
МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНДЕ 14 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ 22.01.2025
Түркістан облысында мақта нарығына экспорттық тәуелділікті жою, тоқыма-тігін саласын дамыту мақсатында «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Жол картасына сәйкес, өңірде 9 мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 14 мың жұмыс орны ашылып, жыл сайын салық түсімі 26,2 млрд теңге құрайтын болады деп жоспарланған. Аталған жоспардың орындалу барысы облыс әкімдігінде арнайы талқыланды.Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мақта кластерін дамытудың маңызына тоқталып, жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.– Мақта кластеріне қатысты жоспарды тағы да нақтылап, қарап шығыңыздар. Келісілген инвесторлармен байланысты үзбей, жобаларды жүзеге асыруға ықпал етіңіздер. Мақта кластерін дамыту көзделіп отырған аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшылары жұмысты күшейтуі тиіс. Екіншіден, мақта алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізуде өңірде ашылған кәсіпорындар тартылуы қажет, – деген Нұралхан Көшеров мақта кластерін қалыптастыруға арналған жобалардың инфрақұрылымын тарту, ұйымдастыру жұмыстарын кешіктірген әкімдерге нақты міндеттер жүктеді.Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плалов осы бағыттағы жұмыстарды баяндады. Сауран, Ордабасы, Шардара аудандарында бір-бірден және Мақтаарал мен Жетісайда кәсіпорыннан құру жоспарланған. «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау көпсалалы нысанының құрылысы басталды. Жаңа қытай технологиясымен 1,2 мың гектарға мақта егілді. Технологияның тиімділігі – суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарына 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік берді.2025 жылы облыс бойынша мақта дақылын 135 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Оның ішінде: дәстүрлі тәсілмен – 85 мың гектар, жаңа технологиямен 50 мың гектарға мақта егілмек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921315
ТҮРКІСТАН: ЖӘРМЕҢКЕДЕ КАРТОП АРЗАН БАҒАДА САТЫЛДЫ 22.01.2025
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға тікелей ықпал жасауда.Түркістан қаласында апта сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Бүгінгі кезекті жәрмеңке «Turan Mall» ойын-сауық орталығының алаңында ұйымдастырылды. Келген халықтың қарасы қалың болды. Тұрғындар мүмкіндіктен қалыс қалмай, күнделікті тұрмысқа қажет өнімдерді тиімді бағада алғандары үшін ризашылығын білдірді.Жәрмеңкеде жалпы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар төмен бағада ұсынылды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіз – 100 теңгеден, қырыққабат – 55 теңгеден, пияз – 77 теңгеден, нан бөлкесі – 70 теңгеден, жұмыртқа данасы – 40 теңгеден сатылды. Бұдан бөлек, аз тұзы – 45 теңгеге қолжетімді болса, І сұрыпты бидай ұны – 190 теңге, қарақұмық жармасы – 220 теңге, сүт – 260 теңге, күнбағыс майы – 520 теңгеден саудаланды.Аталған корпорацияның өкілі Лаура Жанасбаеваның айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықта картоп бағасының қымбаттауы өзекті мәселе болып тұр. Дегенмен Түркістан өңірінің азық-түлік тұрақтандыру қорында көкөністер де, бакалеялық өнімдер де жеткілікті. Бағасы шарықтап тұрған картоп 3 есе арзан бағада халыққа ұсынылып жатыр. Сөрелерді бос қалдырмау мақсатында қордағы өнімдер базарлар, ірі сауда орындары, әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарға тұрақты түрде жеткізіліп, арнайы бекітілген бағада сатылуда.Айта кетейік, бұл бір реттік шара емес. Алдағы уақытта да жалғасады. Тұрақтандыру қорының тауарлары базарларға шығарылса, көшпелі жәрмеңкелер апта сайын өткізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921407
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 22.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланған жиын өтті. Өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.– Жергілікті әкімдерге тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін сапалы, созбалаңға салмай, уақтылы шешуді тапсырамын. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін заң шеңберінде орындап, міндеттеріңізді сапалы атқарыңыздар. Тұрғындарды негізінен тұрғын үй, жер, инфрақұрылымдық мәселелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік мәселелер мазалайды. Осыларды назарда ұстаңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасады. Сонымен бірге өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921615
ТҮРКІСТАН: ТӘЖІКСТАНДЫҚ ДИҚАНДАР МАҚТААРАЛДЫҚ МАҚТАНЫҢ СОРТЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА 22.01.2025
Тәжікстан Республикасы, Соғды облысы, Бабоджон Гафуров ауданының делегациясы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. Делегацияны аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров күтіп алып, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктермен және мақтааралдықтардың тәжірибесімен бөлісті.Ең алдымен қонақтар «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-інде болып, оларға мекеме басшысы Амандық Қостаков тәжірибе стансасындағы зерттеу жұмыстарымен кеңінен таныстырды. Мұнда селекция және тұқым шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, мақтаның М-4011, М-5027 жаңа сорттары туралы, сорттардың артықшылықтары мен өнімділігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Қонақтар қазақстандық сорттарға үлкен қызығушылық танытып, туған жері Соғды облысында 100 гектардан астам жерге егуге ниет білдірді.Мұнан соң делегация «Төрткүл-7» шаруа қожалығына барып, қожалықтың ауыл шаруашылығында қолданылатын техникаларымен танысты. Қожалыққа тиесілі «Джон дир» комбайны, «Беларусь 80», «Беларусь 95» тракторлары, «Elvorti» культиваторы және 4 дана трактор тіркемесі бар. Аудан әкімінің орынбасары ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен лизингтер туралы кеңінен ақпарат берді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда ауыл шаруашылығы техникалары жыл сайын жаңарып жатқанын атап өтті.Ауданның индустриалды аймағынан жақында ғана Орталық Азияда бәсекеге қабілетті «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты ресми түрде іске қосылған болатын. Делегация мүшелері жаңа кәсіпорынның жұмысымен де танысты.Кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан және Еуропа елдеріне экспорттауда. Дәл осындай кәсіпорынды жеке кәсіпкер Қабыл Боев іске қосқан болатын. Құны 3 миллиард теңгені, қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайтын мақта талшығын өңдейтін зауытта 80 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.Тәжікстандық қонақтарға аудандағы тамшылатып суғару технологиясын ендіру шаралары да көрсетілді. «Хамро ата» ауы шаруашылығы өндірістік кооперативі өткен жылы 310 гектар алқапқа мақта дақылын тамшылатып суғару технологиясы арқылы егіп, 1 гектардан 58-60 центнер (ауданның орташа өнімділігі 26,2 центенрді құрауда) өнім алған болатын. Жаңа технологияның арқасында ағын су көлемі біршама үнемделіп, өнімділіктің көлемі 2-2,5 есеге артты. Сонымен қатар тамшылатып суғару технологиясын енгізгені үшін шаруа қожалығына мемлекет тарапынан кеткен шығынның 80%-ы субсидия ретінде өтелді. Орта Азия үшін ағын су мәселесі өзекті болып жатқан қазіргі уақытта қазақстандықтардың жаңа технологияға бет бұрыс жасап жатқанына тәжік делегациясы оң бағасын берді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921896
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ДЕН ҚОЙДЫ 22.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында балық шаруашылығына айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтқан болатын. Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артып келеді. Соның бірі – Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны, кәсіпкер Қалдыкүл Ермекова. Ол балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, қажетті құрал-саймандар сатып алған. Кәсіпкер 2024 жылдың маусым айында өз бизнес жобасын ұсынып, комиссия шешімімен қайтарымсыз 1 476 800 теңге алған.Қазіргі таңда Қалдыкүл Ермекова жеке кәсіпкерлігін ашып, өз жұмысын дөңгелетіп отыр. Бүгінде мұндағы көлемі 40, 120 текше метрлік бассейндерде фарель, сазан және бекіре балықтары бар.– Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мысалы, мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осынау көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек, – дейді грант иегері.Кәсіпкер алдағы уақытта ауданға қарасты жергілікті Жібек жолы ауылдық округінен жер телімін алып, жасанды көл орнатуды көздейді. Осылайша, ол балық басының санын 50 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921976
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖОЛДАРДЫ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАУАПТЫЛАРДЫ СЫНҒА АЛДЫ 22.01.2025
✔️Республикалық маңызы бар жолдардың күтіп-ұстауына көңілі толмаған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров сылбырт жұмыстарды сынға алып, «Қазавтожол» мекемесінің облыстағы өкілдеріне ескерту жасады. Жолдағы ақауларды дер кезінде ретке келтіруді тапсырған әкім жол бойындағы сервистік нысандардың санитарлық тазалығы талапқа сәйкес келмейтінін ескертті. Сондай-ақ қысқы маусымдағы тиісті жұмыстарды талапқа жүргізуді баса айтты.✔️Өңір басшысының төрағалығымен өткен кеңесте облыстағы жолдардың жағдайы мен жақсарту жоспары қаралды. Өзекті мәселелер ортаға салынып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді. Аймақ басшысы саладағы мәселелердің аз еместігін айтып, басқосу барысында тиісті тұлғалардан жауап алды.✔️Өңірдегі жолдардың жағайын Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев, республикалық жолдардағы жұмыстарды «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалының басшысы Ербол Примбеков баяндады.✔️Биыл Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 95%-ға жеткізу көзделген. 2025 жылы облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласын дамыту үшін құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 202 нысан немесе 1 103 шақырым жолдар мен көшелер қамтылмақ. Жыл қорытындысымен 547 шақырымды құрайтын 123 нысан пайдалануға берілмек. Облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелері жаңарып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 140 елді мекенде 89 нысанды жөндеуден өтеді.📌Сапаны арттыруға бағытталған жұмыстарға күш салынады. Нысандардағы жұмыстар мен қолданылып жатқан материалдардың сапасы жауапты және қадағалаушы мекемелерден бөлек, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТО филиалының тұрақты бақылауында. Сынама сапасы талапқа сай келмейтін нысандар қабылданбайды. Сот арқылы кемшіліктер қайта қалпына келтіріледі.📌– Басты талап – жол жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейтіп, сапаның сақталуын қатаң қадағалау. Әрбіріміз өз міндетімізге аса жауапкершілікпен қарауға тиіспіз. Бейінді басқарма мен жол қызметкерлеріне қойылған талап жоғары, сұраныс та жоғары болмақ! – деді Нұралхан Көшеров.📌Облыс әкімі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі және нақты жұмыстар атқаруды, аудан, қалалардағы жолдарды талапқа сай салып, күтіп-ұстау жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Автомобиль жолдарының бұзылуына жол бермеу үшін, кен орындарына арнайы таразылар орнатып, заң талаптарын сақтауды қамтамасыз етуді жүктеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922118
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ 22.01.2025
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ескек есу каналының құрылыс барысын талқылау, оның жан-жағын туристік орталыққа айналдыру бағытындағы жобалар бойынша мамандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.✔️Италиялық сәулетші Доменико Ротоло туризмді дамытуға бағытталған жоспарлары мен жобаларын баяндап, өз тұжырымдамасын таныстырды. Ол отбасымен демалатын және туристерді тартатын аквопарк желісінің, жағажайлар мен қонақүйлердің тұжырымдамасын ұсынды. Сонымен бірге саябақтар, веложолдар салу және өзге де ұсыныстарын жеткізді. Ескек есу каналының халықаралық деңгейдегі сайыстарды қабылдайтынына сенім білдірді. Сонымен бірге мәжіліске бейнебайланыс арқылы қатысқан түркиялық сәулетшілер де өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Тек жаз емес, жылдың 4 мезгілінде де халық пен туристерге қызмет көрсететін орталық салу туралы пікірін білдірді.📌Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға жобаларды жан-жақты зерделеп, инвесторлармен келіссөз жүргізуді тапсырды. Түркістанды туризм орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/922119
0-9 сынып оқушыларына арналған сабақтар қашықтық форматына көшеді 22.01.2025
Ауа-райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды қалалық білім басқармасына сілтеме жасап әкімдіктің ресми сайты."Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2025 жылы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін қала мектептерінде сабақ қашықтықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады білім басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922101
Бородулихада бағаны тұрақтандыру жұмысы жүргізілуде 22.01.2025
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермес үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Жәрмеңке сөрелеріндегі бағалар нарық құнынан төмен. Соның ішінде 19 тауар түріне тікелей жеткізушілермен келісімшарт жасауға ерекше назар аударылды. Бұл бағаны тұрақтандырып қана қоймай, тұрғындарды қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Аудан әкімі Айдар Ибраев Бородулиха ауылында апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Жәрмеңкеде тұрғындар шаруалардан қалаған өнімін еш делдалсыз, қолжетімді бағада сатып ала алады.Ауданда әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бағаға күнделікті мониторингін жүргізуді, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдану тапсырылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруды жалғастыру міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/922056
Жамбыл облысында жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында 68 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда 21.01.2025
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде халықты жұмыспен қамту шаралары талқыланды.Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің сөзінше, биыл салаға 54,4 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға артық.2024 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67 308 жаңа жұмыс орнын құру жоспары бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша 70 056 жұмыс орны құрылып, жоспар 104,1% орындалды.Биыл 68 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті асыра орындалды: 13 111 жұмыс орны ашылды.2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 62 651 тұрғын қамтылды, жоспар 112,7 пайызға орындалды.Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша 52 776 адам (112,4%) жұмысқа орналастырылды.Субсидияланатын жұмыс орындарына 16 915 адам (111,3%) тартылды, оның ішінде 67,3 пайызы тұрақты жұмыс орындары.Баяндамашы жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарға кеңінен тоқталды. 2024 жылы кәсіптік оқытумен 1 243 жамбылдық қамтылды, оның 99,3 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2,9 мың адам «Skills enbek» порталы арқылы онлайн оқытылды.Биыл 1 315 адам газ-электр дәнекерлеуші, кран машинисі, автомеханик, құс өсіруші, тракторшы, ветеринар, косметолог, автослесарь, графикалық дизайнер, электромонтер, химиялық талдау зертханашысы, экскаватор машинисі сияқты танымал мамандықтарды игере алады.Бұдан бөлек, 2 524 жұмыс берушінің қатысуымен 128 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындарына 1 314 азамат орналастырылды.Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, яғни 1 008 адамға 1,5 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар берілді.Спикер сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы айтты.Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.Ербол Қарашөкеев гранттарды бөлудің ашықтығы мен олардың нысаналы мақсатына қатысты мәселелерді бақылауды, зейнетақы жарналарының, электрондық еңбек кітапшаларының бар-жоғын тексеру арқылы мониторингті күшейтуді, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындары бойынша тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/922113
Қостанай облысында өмір сүру сапасын жақсарту: жұмыспен қамту және бизнесті қолдау 21.01.2025
Қостанай облысы әкімдігінің отырысында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды, атап айтқанда, жұмыспен қамту және табыстарды арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта жыл сайын жұмыспен қамту шараларын іске асыруға 4 миллиард теңге шамасында қаражат бөлінеді.2024 жылы 48 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылу бойынша көмек алды, 19 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Көптеген жұмыс орындары өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалар нәтижесінде ашылды. 2025 жылы 8 жобаны іске асыру жоспарланып, 3,4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.Соңғы екі жылда облыстағы жалдамалы жұмысшылар саны 3%-ға артты, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді. Жұмыспен қамту, гранттар және оқыту шаралары халықтың табысын арттыруға әсер етті, бұл өз кезегінде адреске әлеуметтік көмек алушы отбасылардың санының 40%-ға қысқаруына әкелді. 2023 жылы көмек алған отбасылар саны 4 мыңды құраса, 2024 жылы олардың саны 2,4 мыңға дейін төмендеді.Шағын және орта бизнесті қолдауға да айрықша назар аударылады. 1%-бен кәсіпкерлерді қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда, 2024 жылы Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарының тұрғындарына 1,1 миллиард теңге көлемінде 27 кредит берілді, оның басым бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталды. Сондай-ақ, суармалы егіншілік бойынша 2 миллиард теңгеге жобалар қаржыландырылды.Соңғы екі жылда облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға артып, 66 мыңға жетті. Осы сектордағы өнім өндіру 3%-ға өсіп, шығару көлемі 900 миллиард теңгені құрады.Жұмыспен қамту шаралары 2025 жылы жалғасады, жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше назар аударылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/921715
Бесқарағай ауданында сүт және шұжық өндірісі дамып келеді 21.01.2025
Бесқарағай ауданындағы «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы өзінің өндірістік қуатын дамытып, кеңейтуді жалғастыруда. Жуырда аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев шаруашылыққа барып, алдағы жоспарларымен танысты.Қазіргі уақытта шаруашылықта 600-ге жуық ірі қара бар. Кәсіпорын Семей қаласындағы «Айша» серіктестігімен ынтымақтаса отырып, сүт өндіру мен өңдеуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бүгінде олар сүт, айран, қаймақ, сүзбе, май сияқты сүт өнімдерінің кең ассортиментінен бөлек шұжық өнімдерінің 25 түрін шығарады.2024 жылы шаруа қожалығы инвестиция тарта отырып, инфрақұрылымды жаңғыртуды аяқтады. Бұл қаражат сүт-тауар фермасын кеңейтуге, электр және су жүйелерін жаңартуға, сондай-ақ жем өндірудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталды. Атап айтқанда, жоңышқа мен сүрлем жүгерісін өсіру басталды. Бұл жануарларды тұрақты жем-шөппен қамтамасыз етеді. Ол үшін 12 заманауи спринклер машиналары мен сорғы жабдықтары сатып алынды.Кәсіпорынның негізгі мақсаты - өндіріс көлемін ұлғайту және өнім сапасын арттыру. Болашақта тек аудан көлемінде ғана емес, көрші өңірлерге сүт және шұжық өнімдерін жеткізіп, нарықты кеңейтуді жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/921408
Жамбыл облысында бизнесті қорғау бойынша форум өтті 21.01.2025
Жамбыл облысында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен бизнесті қорғау бойынша форум өтті.Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында кәсіпкерлікті қорғаудың тиімді жүйесі құрылып жатқанын жеткізді.– Ел Президенті бизнесті қорғау жөніндегі жұмыстың басымдықтарын нақты айқындап, мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті екенін атап өтті. Кәсіпкерлерге келетін болсақ, олар мемлекеттік аппараттың шынайы тең құқылы серіктестері болуға тиіс, — деді облыс әкімі.Облыста 2025-2028 жылдары құны 3,1 трлн. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Онда барлығы 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. 2024 жылы құны 214 млрд. теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске асырылып, 1,4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды.Кедергілер мен бюрократияны жою үшін инвесторларды қолдау орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.Инвестициялық тартымдылықтың тағы бір факторы – инфрақұрылым. Индустриялық аймақтар дайын өндірістік алаңдарды ұсынады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек өз баяндамасында егжей-тегжейлі айтып берді.«Тараз» индустриалды аймағының аумағында 1,3 мың жұмыс орнын құру арқылы құны 137 млрд. теңгені құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Облыс аудандарында «Меркі», «Құлан», «Сарысу-1» және «Сарысу-2» субаймақтары 180 гектарға құрылды. Бұл субаймақтарда әр ауданның ерекшелігіне қарай орта және шағын кәсіпорындар ұйымдастырылады.«Тараз» индустриялық аймағы мен «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы аумағында шағын орта бизнесті қолдау үшін өнеркәсіпті дамыту қорының қаражаты есебінен заманауи өндірістік жайлардың құрылысы басталды (ауданы 40 мың шаршы метр). Кәсіпкерлермен инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген жайлардың 30 пайызы броньдалды. Өндірістік жайлар төмен бағамен ұзақ мерзімді жалға беріледі. Нысандар осы жылдың 2 тоқсанынан бастап іске қосылады.Нұрғалым Әбдіровтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істердің тіркелуі төрт есеге азайып, 21 инвестордың мәселесі шешілген.Прокуратура органдары 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады.Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті: кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жүйелі мәселелерді ортаға салды.Форумдағы қорытынды сөзінде облыс әкімі бизнес адал жұмыс істеп, заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, қауіпсіз еңбек ортасын құруға тиіс екенін атап өтті.Талқылау нәтижелері бойынша аталған түйткілдерді шешу жолдары әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/921329
ШҚО-да су тасқыны қаупінің картасы жаңартылды 21.01.2025
Бүгін аймақ басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен ауа райының қалыптан тыс жылынуы салдарынан қардың еруі басталған Зайсан ауданына барды. Су тасқынының алдын алу үшін қазір жолдарды тазалау, қарды күреу және жол жиектеріндегі құбырларды тазарту, су өткізетін құрылыстарды тексеру қажет.Облыс әкімі ШҚО ТЖД, ШҚО ПД және басқа да мүдделі басқармалар өкілдерінің, сондай-ақ Тарбағатай ауданы әкімі мен Зайсан ауданы әкімінің орынбасарының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Мамандардың айтуынша, мұндай жылы ауа райы соңғы 50 жылда тіркелмеген.Өңір басшысы Марқакөл және Күршім аудандарында қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны қаупін барынша азайтуға көмектесетін жер асты және еріген суларды тарату әдістері сәтті қолданылып жатқанын атап өтті.— Су тасқынын алдын алу жұмыстары маңызды, ол үшін облыстағы әрбір елдімекен үшін су тасқыны қаупі картасын, оның ішінде әрбір ауылды және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмін жаңарту қажет. Әр аудан, ауыл әкімдері төтенше жағдай орын алған жағдайда бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі керек. Бәріне дайын болуларыңыз қажет. Басқа аудандардың да тәжірибесін қолданыңыздар, - деді Ермек Көшербаев.Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жұмылдырылған.— Зайсан үшін бұл қалыпты жағдай. Жер қатқан кезде, әсіресе Дайыр мен Қарабұлақ ауылдарының маңында жер асты сулары жиі шығады. Су жиналған кезде құбырға, одан әрі Кеңдірлі көліне құяды. Бұл – жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс, алаңдаудың қажеті жоқ, - дейді гидротехник Мирзан Иманжанов.Құтқару қызметі мен синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері өңірде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Сондықтан бұл аумақта су басу қаупі байқалмайды. Мамандар ауа-райының ықтимал өзгерістеріне жедел назар аудару үшін аталған учаскенің және жалпы облыстағы жолдардың жағдайын бақылауды жалғастырады.Тәулік бойы мониторинг жүргізу, күнделікті дайындық, кешенді алдын алу шаралары Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуіне негіз болып табылады, - деді Ермек Көшербаев.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/921507
Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты түрлері федерациясының президентімен кездесті 21.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық су спорты федерациясының президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті. Тараптар су спорты түрлерін насихаттап, дамытудың өзекті мәселелерін, аталған спорт түрінің адам денсаулығына оң әсерін талқылады.Бұл саладағы басым бағыттардың бірі – халықты жүзуге үйрету. Кейінгі бірнеше жылда Азияда World Aquatics сарапшыларының қолдауымен жаттықтырушыларды заманауи жүзу және спортшыларды даярлаудың тиімді әдістерін үйретуге бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асырылып келеді.Ербол Мырзабосынов еліміздегі су спорты түрлеріне арналған инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі туралы айтып, алдағы уақытта бұл бағытқа көп көңіл бөлінетінін жеткізді.«Қазіргі таңда елімізде су спортының дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Тәуелсіздік жылдарында спортшыларымыз құрлық және әлем біріншіліктерінде жетекші орындарға қол жеткізді. Ел тарихында Дмитрий Баландин алғаш рет жүзу спортынан Олимпиада чемпионы атанды. Былтыр су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким әртістік жүзуден тарихи жүлде – алтын медаль жеңіп алды. Осы жетістіктер жылдар бойғы үлкен еңбек пен табандылықтың нәтижесі», – деді Ербол Мырзабосынов.World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусаллам Қазақстанда су спорты түрлерінің табысты дамуына сенім білдіріп, Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында ұлттық құрамаға сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/922060
Алматы әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қосымша өтінім қабылдауды қорытындылады 21.01.2025
Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында өткен «Алматы жастары» бағдарламасының қосымша кезеңі қорытындыланды.www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 2757 қатысушы өтінімін түзетіп, олардың 1872-сі мына бағыттар бойынша құжат тапсырды:• денсаулық сақтау – 456,• білім беру – 773,• мәдениет – 95,• спорт – 23,• ЖОО және ҒЗИ – 196,• БАҚ – 40,• әлеуметтік сала – 75,• коммуналдық қызметтер – 139,• жұмыс істейтін жастар – 75.Қарау нәтижесі бойынша 759 өтінім мына салалар бойынша мақұлданды:* денсаулық сақтау – 210,* білім беру – 332,* мәдениет – 24,* спорт – 3,* ЖОО және ҒЗИ – 74,* БАҚ – 22,* әлеуметтік сала – 18,* коммуналдық қызметтер – 56,* жұмыс істейтін жастар – 20.Оның ішінде ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алады.Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Төлем қабілетін растаған соң олар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй таңдай алады.Қалған 576 қатысушы алғашқы үміткерлердің төлем қабілетін растау мерзімі аяқталғанға дейін резервке енгізілді.Тұрғын үй, зейнетақы аударымдары және басқа да қажетті анықтамалардың болмауынан 1113 өтінім қабылданбады.Толық ақпарат www.almaty-zhastary2024.kz сайтында.Instagram:https://www.instagram.com/akimat_almaty/reel/DFFIYU_TFZN/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/921809