Аустрия астанасында Ұлы Жеңістің 81 жылдығын атап өтті

Аустрия астанасында Ұлы Жеңістің 81 жылдығын атап өтті

10.05.2026 12:02:44 221

Вена, 2026 жылғы 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай Вена қаласының орталығында Аустрияны фашизмнен азат ету жолында қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Елшілері, Армения мен Қырғызстан дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ бұрынғы КСРО елдерінің диаспорасы мен Аустрия азаматтары қатысты.

Бірлескен рәсім қаза тапқандардың рухына деген терең құрметтің және аймақ халықтарын біріктіретін ортақ тарихи мұраны мойындаудың белгісі болды.

Қатысушылар соғыс майдандарында ерлікпен шайқасқан мыңдаған қазақстандықтарды, сондай-ақ жанқиярлық еңбегімен Жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерін еске алып, олардың рухына тағзым етті. Олардың батылдығы, төзімділігі және Отанға деген сүйіспеншілігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Қазақстан әрдайым ортақ өткен тарихқа және бостандық пен тәуелсіздікті қорғап қалған ұрпақтардың ерлігіне деген құрметке негізделген халықтар арасындағы бейбітшілік, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуды қолдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1217210?lang=kk