Сербияда қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді
10.05.2026 08:14:21 195
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Сербия астанасында «Белградты азат етушілер» мемориалына гүл шоқтарын қоюдың салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Рәсім Белградты азат ету жолында қаза тапқан Кеңес Армиясының жауынгерлері мен Югославия халық-азаттық армиясының сарбаздарына арналған мемориалдық кешенде өтті.
Қаза болғандарды еске алу құрметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, құрмет қарауылы батырларға тағзым етті.
Осы айтулы күні қазақстандық дипломаттар Суботица және Зренянин қалаларындағы кеңес жауынгер-азат етушілеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қоюдың ресми рәсімдеріне де қатысты.
Қазақстанның Югославияны азат етуге қатысуының тарихи маңызы ерекше. Себебі Белград үшін шайқастарда Қазақстан аумағында құрылған 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы ерлікпен соғысқан.
Бүгінде бұрынғы Югославия аумағындағы шайқастарда қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен шамамен 200 қазақстандықтың есімі анықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1217153?lang=kk