Қуқық
Астанада қар күреуге 2700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды 21.01.2025
Елордада екі күннен бері қалың қар жауып тұр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреу жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.21 қаңтар күні таңертеңнен бері қар күреу жұмысына 2700-ден астам жол жұмысшы мен 1600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.21 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер 2509 ауыр жүк көлігінің көмегімен қаладан 31 мың текше метр қар шығарды.Жалпы, қыс мезгілі басталғалы 281 541 рейспен 3,5 миллион текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921590
NEET санатындағы жастар, тазалық, еріктілер қызметі: Жастар саясаты мәселелері басқармасы былтыр қандай шаруалар атқарды 21.01.2025
Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомствоның өткен жылы атқарған шаруалары туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Басқарма басшысының айтуынша, былтыр ведомствоның көмегімен 13 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды.Негізгі бағдарламалар қатарында «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары іске асырылды. Ал жаз мезгілінде «Жасыл ел» жобасы аясында 4 200 адам жұмысқа орналастырылып, олар елорданы абаттандыруға белсенді қатысты.Сонымен қатар, Joltap жобасы аясында 3 773 адам SMM, таргет, графикалық дизайн және видеомонтаж сияқты цифрлық мамандықтарды игерді.Сонымен қатар, 3 904 адам тігінші, бариста, сатушы-кассир және бухгалтерлік есеп негіздері сияқты мамандықтар бойынша оқудан өтті.Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, елордада NEET санатындағы жастардың үлесі 6,1%-ды немесе 26 447 адамды құрайды. Жастарды әлеуметтендіру үшін «Жас жігер», «Үздік» жобалары жүргізіліп жатыр.«2024 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында зиянды әдеттермен күресу мақсатында насыбайды өртеу бойынша ауқымды акция және «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясы өткізілді. Ал есірткі заттары туралы жарнамалық жазуларды бояу бойынша рейдтер ұйымдастырылды.Экологиялық шаралар аясында жастар «Таза дүйсенбі», «Сәтті сәрсенбі», «Жасыл Астана» акцияларына белсенді қатысып, қаланы көгалдандыру және тазалау жұмыстарына атсалысты.2024 жылы ойынқұмарлықтың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді. Колледж студенттерімен психиатрлар мен наркологтардың қатысуымен 8 кездесу өткізіліп, 500-ден астам ақпараттық буклет пен парақша таратылды.«Еріктілер мектебі» аясында 2024 жылы волонтер ШЫҰ саммиті (200 ерікті) және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (1 600 ерікті) сияқты халықаралық іс-шараларға белсенді қатысты», - дейді басқарма басшысы.Самат Ибраев сөзін жалғай отырып, «Жас сарбаз» жобасы аясында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар өткізілгенін, сондай-ақ 110 мектеп пен 35 колледжде 10 000-нан астам жас оқитын «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары ашылғанын қозғап өтті.«Отбасы институтын нығайту мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында аспаздық, қыш-құмыра ісі бойынша мастер-кластар, спорттық эстафеталар мен шығармашылық байқаулар өткізілді. Жастардың шығармашылық қабілетін ашу мақсатында «Жастар жалыны» фестивалі, «Жастар фест» және «Жаңа белес» жобалары ұйымдастырылды.Астана жастарына қолдау көрсету мақсатында әртүрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асырып, олардың дамуы мен жүзеге асыруы үшін қолайлы орта қалыптастырылып жатыр», - деп Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев сөзін қорытындылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921616
Астанада нөсер және тазарту құрылыстары салынып жатыр 21.01.2025
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында нөсер және тазарту құрылыстары салынып жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Елорданың қарқынды дамып келе жатқанын ескерер болсақ, нөсер және тазарту құрылыстарын салу – маңызды бағыт. Елордада бірқатар инженерлік инфрақұрылымның құрылысын жүргізіп жатырмыз.Мәселен, Е32 (Нұра ауданы) көшесінде кәріз сорғы станциясын (КСС) салып жатырмыз. Бұл ғимарат қуаттылығы тәулігіне 290 мың м3 болатын қаладағы ең өнімді станциялардың бірі болады. Оны іске қосу қаланың сол жағалау бөлігін су тарту жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал бұл тұрмыстық кәріз коллекторларының су басу және толып кету қаупін азайтады. Бұл нысанды осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Абай даңғылында кәріз сорғы станциясын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, бұл 80-ші жылдардағы тозығы жеткен желілер мен құрылыстарды қолданыстан шығаруға мүмкіндік береді. Бұл станция сонымен қатар қаланың оң жағалауындағы тұрмыстық кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Сондай-ақ, нөсерлі кәріз жүйесін дамыту мәселесімен жүйелі түрде айналысамыз. Біз жауын-шашын кезінде ағын су жиналатын қаланың жекелеген учаскелеріндегі нөсерлі кәріз желілері мен құрылыстарының жарамдылығына байланысты нақты қиындықтарды шешеміз.Биыл Ақбұлақ шағын ауданында нөсер кәрізінің тазарту құрылысын реконструкциялау жұмысын аяқтаймыз. Жоба аясында тазарту құрылыстарының өнімділігін тәулігіне 21 мың м3 дейін арттыру, сорғы жабдығын ауыстыру, жаңбыр суы ағынының тазарту жүйесін тиісті жағдайға келтіру жұмысы орындалатын болады. Бұл жобаны іске асыру Момышұлы даңғылында және т.б. орындарда су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.Жалпы, қала бойынша 2024 жылы 24 км сумен жабдықтау желісі, 11 км тұрмыстық кәріз желісі салынды, сол сияқты 8,1 км сумен жабдықтау желісі, 2,1 км тұрмыстық кәріз желісі ауыстырылды және реконструкциялаудан өтті. Бұған қоса, 3 кәріз сорғы станциясы және 7,3 км нөсер кәрізінің магистральды коллекторы салынды», - деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921725
Бала қауіпсіздігі: елорданың Алматы ауданында рейд жүргізілді 21.01.2025
Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер өтіп жатыр. Іс-шараларға аудан әкімдігінің, полиция және білім басқармаларының өкілдері қатысуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бақылаусыздықты болдырмау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Іс-шара барысында қатысушылар ішкі істер органдарында есепте тұрған жағдайы төмен отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттеді. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтар сияқты қоғамдық орындарды тексеруге ерекше назар аударылды.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы бойынша сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынады.Елорданың барлық ауданында күн сайын рейд жүргізіліп, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921733
Астанада мектеп оқушылары тігін фабрикасының жұмысымен танысты 21.01.2025
Елордалық мектеп оқушылары үшін тігін фабрикасымен таныстыру экскурсиясы өтті. Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының болашақ мамандығын таңдауына көмектесу үшін өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.№23 орта мектептің 7-9 сынып оқушылары Астана қаласының арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Ютария» тігін фабрикасының жұмысымен танысты.Мектеп оқушыларына тігін өндірісінің заманауи технологиялары көрсетіліп, әмбебап станоктарда жұмыс істеу барысы жан-жақты түсіндірілді. Балалар қызметкерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды.«Біз жұмыс киімінің қалай тігілетінін өз көзімізбен көріп, күртешелерге белгілі бір пішін беретінін білдік. Біз үшін бұл өте қызықты болды», - деп 9-сынып оқушысы Диана Дидарова өз әсерімен бөлісті.Бұл экскурсияның мақсаты – мектеп оқушыларын еңбек нарығында сұранысқа ие қазіргі мамандықтармен таныстыру, сонымен қатар техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты дамыту.«Біз жастармен кездесіп, зауытымызды көрсеткенімізге қуанамыз. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың мамандық таңдауда қателеспеуіне және саналы таңдау жасауға септігін тигізетініне сенімдіміз», - деп атап өтті күрте цехының шебері Алтын Ташметова.Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, Астанада Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Astana Invest» қалалық инвестициялық даму орталығымен және Астана даму орталығымен бірлесіп, 7-11 сынып оқушылары мен колледждің бірінші курс студенттері үшін ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру экскурсиялары өтіп жатыр. Жоба аясында қазірдің өзінде 5 мыңға жуық мектеп оқушысы мен студенттер елордадағы кәсіпорындар мен оқу орындарын аралау мүмкіндігіне ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921739
Сарыарқа ауданында түнгі уақытта көшеде жалғыз жүрген 17 жасөспірім полицияға жеткізілді 21.01.2025
Астананың Сарыарқа ауданында кезекті профилактикалық рейд жүргізілді, оның мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осындай іс-шаралар ауданда тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Мобильді топтар құрамында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен аудан әкімдігінің өкілдері бар. Олар жастар көп жиналатын қоғамдық орындарды үнемі патрульдеумен қатар ойын-сауық орындарын да тексереді.Түнгі рейд барысында компьютерлік клубтар, ойын алаңдары мен барларға баса назар аударылды. Бір сағатқа созылған тексеру барысында 23:00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз көшеде жүргені, сондай-ақ кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарын аралағаны үшін 17 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді.Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олармен және балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, ресми ескертулер жасалды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда заңды өкілдерге айыппұл салынуы мүмкін.«Полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады. Учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары ойын-сауық орындарының иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тартатын тұлғаларды анықтау», – дейді Сарыарқа аудандық ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Дастан Мусин.Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмағандарға 23:00-ден кейін жалғыз көшеде жүруге және 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921754
Жылыту маусымы: елордада жер үйлерге улы газды анықтайтын 300-ден астам датчик орнатылды 21.01.2025
Елордалық ТЖД қызметкерлері жылыту маусымында жеке тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық жұмыс нәтижесінде 1500-ден астам әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы қамтылып, 308 улы газды анықтайтын датчиктер орнатылған.Астанада 2024-2025 жылғы жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлерде 120-дан астам рейд өтіп, оның барысында 31 мың тұрғын үй аулааралық бақылаумен қамтылды. Бұл профилактикалық шараларға құтқарушылардан бөлек жергілікті атқарушы органдар, полиция және прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ «Астана жастары», «Lider.kz», «Қызыл жарты ай» және «Қанат» волонтерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.Бұдан басқа, жылыту маусымы басталғалы бері орнатылған 400-ден астам улы датчиктер тексеріліп, оны қадағалау бойынша нұсқамалар берілді.Сондай-ақ, тұрғындарға жылыту маусымында пештерді, қазандықтарды, жылу генераторлары мен калоферлік қондырғыларды, үйді жылыту үшін пайдаланатын басқа да жылыту құрылғылары мен жүйелерін тексеру қажеттігі ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921826
5G станциялар, iKomek, QalaQyzmet: елордада цифрландыру саласында қандай бастамалар жүзеге асты 21.01.2025
Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Бексұлтан 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ведомство өкілінің мәліметінше, қауіпсіздікті арттыру мақсатында қалада жалпы саны 15 039 камера орнатылып, оның бір бөлігі полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген.Сол сияқты iKomek109 бірыңғай байланыс орталығы елорда тұрғындарына қолжетімді әрі тиімді қызмет көрсету орталығына айналды. 2024 жылы орталық мамандары 2,2 миллион өтініш пен 438 мың оқиғаны өңдеді. Күн сайын 5-8 мыңға дейін өтініш түседі, олардың басым көпшілігі бірден шешімін табады.«QalaQyzmet» қалалық қызмет көрсету орталығы 2024 жылы 200 мыңнан астам қызмет көрсетті. Бүгінде тұрғындар орталық кеңселерінде және онлайн-платформалар арқылы 120 түрлі қызметті ала алады.Сонымен қатар, өткен жылы «Birge» қалалық қызметтер порталы іске қосылды. Онда 30 мыңнан астам өтініш өңделіп, 25 мыңнан астам кеңес берілді.«Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Smart Astana» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Ол қала өмірінің түрлі саласын қамтитын 70-тен астам қызметті ұсынады. Қазіргі уақытта қосымшаны 30 мыңнан астам адам белсенді қолданады. Бұл қызметтер қатарында коммуналдық төлемдер, дәрігерге жазылу және басқа да қажетті мүмкіндіктер бар.Бұған қоса, 2018 жылдан бері 2 000-нан астам қатысушыны қамтыған STEM олимпиадалары өткізіліп келеді. 2024 жылы IT өнімдерін жасауға үйрететін жаңа білім беру жобасы – «Capital No-Coders» іске қосылып, оған 200-ден астам оқушы қатысқан. Елордада интернет инфрақұрылымын жаңғырту аясында 22 нысан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, 5G желісі бар базалық станцияларының саны 262-ге жетті. Бұл қадамдар тұрғындар мен бизнес үшін тұрақты әрі жылдам интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді Қуандық Бексұлтан.2024 жылғы маңызды жетістіктердің бірі – қалалардың өмір сүру сапасы мен тұрақты дамуын бағалайтын ISO 37120 халықаралық стандартының енгізілуі болды. Астана білім беру, денсаулық сақтау, экономика және қауіпсіздік сияқты 19 негізгі сала бойынша 128 көрсеткіш негізінде бағалаудан өтті.«2024 жылы басқарма цифрландыру бағытында маңызды жетістіктерге жетті. Бұл нәтижелер тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Бұл жұмыстар Астананы одан әрі қауіпсіз әрі жайлы қала етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/921865
ЖРВИ және метапневмовирус: санитарлық дәрігер Астанадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты 21.01.2025
Соңғы аптада Астанада 6093 жіті респираторлық вирустық инфекция жағдайы тіркелді. Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева елордадағы ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша қауіп тобына шалдыққандардың үлесі: 14 жасқа дейінгі балалар – 51,3%, бір жасқа дейінгі балалар – 4,2%, жүкті әйелдер – 2,3%. Мектеп оқушылары арасында аурушаңдық көрсеткіші – 17,1%, балабақшаға баратын балалар арасында – 10,1%.«Жіті респираторлық вирустық инфекция болып саналатын метапневмовирустың әлемде таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы ақпаратқа байланысты, бұл вирус туралы аздап түсіндіріп өткен жөн. Адамның метапневмовирусы – көптеген елдерде ондаған жылдар бойы айналымда жүрген классикалық вирустардың бірі. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымдық ұлғаюы кезінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар біздің елімізде де бұл вирустың штамдары анықталды», - деп түсіндірді Шағалтаева.Метапневмовирустың негізгі белгілері – жөтел, мұрынның ағуы, ентігу, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы. Арнайы симптоматикалық ем қолданылмайды;Елордалық санитарлық дәрігер жедел респираторлық вирустық инфекцияларды, оның ішінде метапневмовирусты жұқтырудан сақтайтын профилактикалық шаралар туралы еске салды.Жеке гигиена. Қолыңызды сабынмен жиі және мұқият жуыңыз және антисептиктерді қолданыңыз. Вирустарды жұқтыру мүмкіндігін азайту үшін бетіңізге, әсіресе көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға қол тигізбеңіз.Үлкен жиындардан аулақ болуға тырысыңыз, әсіресе эпидемия кезінде. Қоғамдық орындарда, әсіресе жіті респираторлық вирустық инфекция маусымында бетперделерді қолдану бұл ауруды жұқтыру қаупін айтарлықтай азайтады.Үй-жайларды желдету. Үнемі желдету және дезинфекциялау арқылы тазалау вирустардың концентрациясын азайтуға көмектеседі.Дұрыс тамақтану. Диетаға, витаминдерге, әсіресе D дәруменіне бай көкөністер мен жемістерді көбірек қосыңыз.Иммундық жүйені нығайту. Тұрақты жаттығулар мен жеткілікті ұйқы денені қалпына келтіруге және вирустардан қорғануға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922019
Астанадан бір күнде 55 мың текше метрге жуық қар шығарылды 21.01.2025
Астанада бірнеше күннен бері тоқтаусыз қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы үздіксіз режимде қар күреу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.22 қаңтарға қараған түні қар тазалау жұмысына 300-ден астам жол жұмысшысы және 1600-ден жоғары арнайы техника шықты.21 қаңтар күні елордадан қар полигондарына 4343 рейспен 54 961 текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 286 495 ауыр жүк рейсімен 3 млн 627 мың 904 текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/922023
Су сөздігі «Су тастау». 21.01.2025
Су тастау - қоймадағы су көлемін азайту.Бүгінгі таңда Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймалары «су тастау» режимінде жұмыс істеп жатыр. Бұл көктемгі тасқын суын қабылдау үшін бос орын дайындау мақсатында жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/922030
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА 21.01.2025
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар жалғасын табуда.2024 жылдың 21 қаңтарында Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында халықтың әртүрлі топтары үшін түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар өткізілді. Барлық акциялардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа деген қамқорлықты насихаттау.Жезқазған қаласында белсенді жастар Жастар ресурстық орталығының аумағында қар тазалау жұмыстарын жүргізді.««Таза Қазақстан» адамдарды біріктіретін дәстүрге айналды, оларға игі және пайдалы іс жасауға, табиғатқа, туған қаласына қамқорлық көрсетуге тағы бір себеп береді», - деп атап өтті Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов.Жаңаарқа ауданында жастар да шетте қалмады, олар аудан орталығында орналасқан «Мәңгілік ел» алеясының қарын тазарту жұмыстарын жүргізді.Облыстың барлық қала-аудандарының білім беру ұйымдарында «Таза аудан», «Таза Қазақстан», «Менің таза қалам» сияқты экологиялық тақырыптарға ашық сабақтар мен сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушыларға қоршаған ортаға қамқорлықтың маңызы, табиғатты қорғау қажеттілігі туралы түсіндірілді.Қаражал қаласында жалпы білім беретін мектептерде «Табиғатты аялайық!» атты оқушылар арасында сурет салудан байқау өтті.Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жастары мен еріктілері тұрғындарға брошюралар мен буклеттер таратты. Олар тұрғындарға табиғи ресурстарды сақтау және қоғамдық орындардағы қоқыстардың алдын алу, қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу бойынша кеңестер берді.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері барлығы 148 мыңнан астам адам, 1317 ұжым қатысты. Сондай-ақ 1997 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, нәтижесінде 3493 тонна қоқыс шығарылды, 264 кәсіпорын мен 224 әлеуметтік нысан жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/921731
Көкшетау қаласы жаңа архитектуралық стильмен болашаққа қадам басуда 21.01.2025
Көкшетау қаласының әкімдігі қолайлы қоршаған ортаны құру мақсатында үйлесімді архитектуралық-суреттемелік көріністі қалыптастыруға бағытталған дизайн-кодты бекітті. Дизайн-код экологиялық таза технологияларды енгізу және қоғамдық кеңістіктерді үйлестіру арқылы қаланың перспективалық дамуын ескереді.Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін архитектуралық-ландшафттық орта, көшелердің, магистральдардың және басқа аумақтардың сыртқы көрінісі, жабдықтарды орналастыру және ғимараттардың қасбеттерін әрлеуді реттейтін бірыңғай талаптар жиынтығы енгізілді. Бұл шаралар қалалық кеңістіктің бірегейлігі мен тұтастығын сақтауға көмектеседі.«Қалалық ортаның барлық элементтеріне пастельді монохромды реңктерден тұратын бірыңғай түсті палитраны енгізу ұсынылады. Бұл ғимараттардың қасбеттерін әрлеу материалдарына, маңдайшаларға, ақпараттық құрылымдарға, жабдықтарға, көше жиһаздарына, көшпелі сауда нысандарына, велосипед тұрақтарына, қоршаулар мен инженерлік құрылымдарға қатысты. Ғимараттардың қасбеттерін әрлеуде архитектуралық стильге сәйкес келмейтін түсті шешімдерді қолдануға тыйым салынады» - деп атап өтті Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айнұр Таңкыбаева.Бүгінгі таңда Көкшетауда шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді және көшелер алуан түрлі маңдайшалармен жарқырайды. Бірыңғай стиль маңдайшалары көшелердің көрінісін жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға көмектеседі.Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін автобус аялдамаларында ауа райынан қорғайтын және ыңғайлы орындықтармен жабдықталған заманауи павильондарды орнату ұсынылады. Тұрғын үй кешендерінің абаттандырылған аулалары ойластырылған ландшафтық дизайнмен және көгалдандырумен қамтамасыз етіледі, бұл жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын құруға ықпал етеді.Декоративті жарықтандыру қалалық кеңістіктерді абаттандыруда маңызды рөл атқарады. Көкшетауда жылы түстерді және жарықдиодты прожекторларды қолдану ұсынылады, бұл қалаға кешкі және түнгі уақытта жайлы және тартымды көрініс береді. Бұл ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге және тартымды қоғамдық кеңістіктерді құруға көмектеседі. Екі жақты декоративті жарық шамдары көшелерді қосымша жарықтандырып, оларды қауіпсіз әрі серуендеуге жайлы етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/921440
Ақмола облысында көкөніс өнімдерін бұғаттан шығару басталды 21.01.2025
2024 жылғы желтоқсаннан бастап Ақмола облысында өңірлік тұрақтандыру қорының көкөніс өнімдерін бұғаттан шығару жұмыстары басталды. Бұл шара қыс-көктем мезгілінде картоп және басқа да әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.Көкөніс өнімдерінің қорларын бұғаттан шығару жұмыстары аясында 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың 18 қаңтарына дейін «KOKSHE» ӘКК» АҚ өзіне қарасты сауда орындары және серіктестерінің сауда нүктелері арқылы 708 тонна картоп, 7 тонна сәбіз және 7,2 тонна қырыққабат сатты.«Агротрейд Кокше» компаниясының картобы «Скиф Трейд» ЖШС («Small») сауда желісінде килограммы 125 теңге көлемінде бекітілген төмендетілген бағамен сатылуда. Бұл тек осы сауда желісінде бағаның 55%-ға (бұрынғы бағасы килограммына 276 теңге болған) төмендеуіне мүмкіндік берді.Сонымен қатар, «Kokshe Market» әлеуметтік павильондарында картоптың килограммы 105 теңгеден сатылуда. Бұл картопты ТОО «Зеренда Сақтау өнімдері» өндіреді және ол қаланың 11 сауда нүктесінде сатылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/921751
«БОЛАШАҚ» стипендиясын тағайындау бойынша 21.01.2025
2025 жылғы 17 қаңтарда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды, онда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу жаңа қағидалары бекітілді.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.Мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Бұл категория бойынша мемлекеттік қызметкерлерге «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады.Сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМҰ сияқты ұйымдарда өтеу мүмкіндігі қарастырылған.Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.Жалпы бұл өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің әртүрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/921503
Жетісуда полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады 21.01.2025
Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді.Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.– Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.– Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қуандық Әлжанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/920777
Мопедтерді тіркеу: не білу қажет 21.01.2025
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі.Оларды пайдалану үшін:полицияда тіркелу;А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;техникалық тексеру;азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.– Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/921119
МВД предупредило казахстанцев за рубежом о новом виде мошенничества 21.01.2025
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті.Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды.– Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, – деді ведомствода.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/921415
БҚО-да полицейлер мен еріктілер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізді 21.01.2025
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акция өткізді.Өткен демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ауқымды профилактикалық акция өткізді. Іс-шара облыс орталығындағы бірнеше ірі базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары және сауда үйлерін қамтыды.Акцияның басты мақсаты – тұрғындарды интернеттегі алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру және ең кең таралған алаяқтық схемалары туралы ескерту болды. Полиция қызметкерлері сауда орындарының келушілеріне күмәнді онлайн-сделкалармен қалай әрекет ету керектігі және алаяқтарды қалай тануға болатыны туралы түсіндірді.Іс-шара барысында интернет-алаяқтық әдістері және жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер берілген 5 мыңға жуық ақпараттық хабарлама таратылды. Сондай-ақ барлық жастағы азаматтармен, әсіресе алаяқтыққа жиі ұшырайтын қарт адамдармен консультациялар мен әңгімелесу жүргізілді.– Интернет-алаяқтық соңғы жылдары азаматтардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін басты факторлардың біріне айналды. Адамдар тек алдауға түспеу жолдарын біліп қана қоймай, көмекке уақытында жүгінуді де меңгергені маңызды. Бүгінгі акция халықтың ақпараттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тағы бір қадам болды, — деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс қимыл басқармасының бастығы Артур Мусагалиев.Осындай іс-шаралар болашақта да жалғасын тауып, барлық азаматтардың цифрлық кеңістікте өздерін қорғау деңгейін арттыру мақсатында жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/921869
Нұрдәулет Қилыбай: "Таза Қазақстан" - бұл жақсы дәстүр, оны тоқтатуға болмайды 21.01.2025
20 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасының іске асырылу барысы қаралды.Өңір басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне өңірде басталған елді мекендерді тазарту және абаттандыру дәстүрін жалғастыруды тапсырды.- Барлық қалалар мен аудандар біздің ұлттық дәстүрімізге айналған аумақты тазалау бойынша іс-шараларды сапалы өткізу бойынша өз қызметін жандандырып, тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Егер сізге арнайы техника қажет болса, ұсыныстар беріңіз. Қалай болғанда да, біз Маңғыстауда жоғары қарқынмен басталған тазалық дәстүрін тоқтатпауымыз керек. Қазір өңірдегі ауа райы да тазарту жұмыстары үшін қолайлы. Барлық мүмкіндіктер пайдаланылуы тиіс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Өткен жылы басталған" Таза Қазақстан " іс-шарасы өңірде белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылы арнайы жоспар бекітіліп, аудандарда, қалалар мен ауылдарда тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Хайдар Төлеушовтың айтуынша, сенбіліктерге 2024 жылы 168 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1738 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 27 462 тонна қоқыс шығарылды, 69 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің 61-і жойылды. Сонымен бірге теңіз жағалауының түбін тазарту жұмыстары жүргізілді.- Ақтау қаласы Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза қала" жобасы аясында республикада 6-шы орынға ие болды. Қазіргі уақытта "Моноқала" жобасы басталды, оған облыстан Форт-Шевченко және Бейнеу ауданы Жаңаөзен қалалары енгізілді, - деп хабарлады Хайдар Төлеушов."Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асырудың 2024-2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дайындалды.Айта кетейік, "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы 2025 жылы да жалғасады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/921513