Астанада семсерлесуден ашық қала чемпионаты өтті
09.02.2025 13:56:00 1400
Елордада семсерлесуден Астананың ашық чемпионаты аяқталды. Дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жас спортшылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Турнирге Астана, Тараз және Қарағанды қалаларынан 70-ке жуық спортшы жиналды, олар жекелей сында мықтыны анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Биылғы чемпионатқа 2011-2012, 2013 және одан кіші туған жасөспірімдер қатысты. Олар семсерлесуден сайысқа түсіп, жоғары шеберлік көрсетті.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша №9 ДЮСШ студенттері үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл чемпионат ақпан айында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады. Жергілікті мамандардың айтуынша, бұл жарыста жоғары нәтиже көрсеткен елордалық спортшылар ел чемпионатында Астана намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929938