Еңбек адамы: Ғабдуллин Жақсығали. 38 жыл еңбек өтілі бар инженер-гидротехник
09.02.2025 13:55:31 1388
1986 жылы Саратов гидромелиоративтік гидротехникалық құрылыс, мелиорация, су ресурстарын басқару және экология саласына бағытталған жоғары оқу орнын аяқтаған.
Су шаруашылығындағы еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысы Су шаруашылығы мекемесі Жаңақала пайдалану учаскесінде гидротехник лауазымынан бастады.
«Төртқұлақ» және «Қарасу» көлтабандар учаскесіндегі су өткізу имараттарын күрделі жөндеуден өткізіп, көптеген гидротехникалық құрылыстардың жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына білікті маман ретінде өз үлесін қосқан.
2018 жылы «Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Су шаруашылығының үздігі» белгісімен, 2023 жылы Су шаруашылығы күніне орай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, Су шаруашылығы саласындағы жөндеу-пайдалану, қызмет көрсету жұмыстарына қосқан мол үлесі және зор еңбегі үшін «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының «Алғыс хатымен», 2024 жылы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Бүгінгі таңда ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы Киров пайдалану учаскесінің инженер-гидротехнигі болып жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/930097