Қуқық
Алматыда жаңа жылдық отшашу мен мерекелік концерт өтті 06.01.2025
Алматыда Астана алаңында Жаңа жыл ауқымды түрде әрі ерекше тойланды.Астана алаңына жиналған Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Мемлекет басшысының жаңа жылдық құттықтауын көріп, іле-шала Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын қосыла шырқады.Іс-шараның шарықтау шегі деп 2025 жылдың алғашқы сәтінде-ақ түнгі аспанды жарқыратқан ғаламат отшашуды айтуға болады. Жиналғандар түрлі-түсті отшашуларға тамсана қарап, тарихи сәтті қалт жібермеуге тырысып, естелікке бейнеге түсірді.Жаңа жылдық концерт барысында Қазақстанның танымал артистері өнер көрсетті. Олардың арасында Chingiz Typhoon, Makvin, Orynkhan, 6ellucci, Мархаба Сәби, Moldanazar, RaiM және 2RAR болды. Сондай-ақ, көрермендерге диджейдің әуезді музыкасы ұсынылды.Астана алаңындағы жаңа жылдық іс-шара 2024 жылдың қорытындысы мен 2025 жылдың шымылдығын ашу болды. Бұл кешті ашық аспан астында өткізуді ұйғарған барлық қатысушы ұмытылмас әсер алды.Айта кетсек, бүгін Алматыда тағы бір ауқымды концерт Абай алаңында өтті. Онда Бүркіт, Ғазизхан Шекербек, 2RAR, бойз-бенд «Aлl Давай» тобының солисі әрі продюсері Шоқан Маратұлы және басқа да танымал өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912931
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда 06.01.2025
2024 жылы Алматыда контейнерлік алаңдарды жаңғырту және ескі металл контейнерлерді заманауи пластикалық тереңдетілген модельдерге ауыстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Бұл 3 м3 контейнерлер отқа төзімді және ылғалдан қорғайтын материалдардың арқасында орналастыру алаңын азайтуды, жағымсыз иістер мен жануарлардың қол жетімділігін блоктауды, пайдаланудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.Бүгінгі таңда қалада 1 454 контейнерлік алаң орнатылған, оның 287 – і тереңдетілген.Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында Алматыда Еcosen және Экохаб Econetwork экостанцияларын қоса алғанда, қайталама шикізатты қабылдаудың 8 кешенді пункті жұмыс істейді. Қалдықтардың «құрғақ» фракцияларын жинау үшін 1300-ден астам торлы контейнерлер орнатылды, жыл басынан бері пластикалық және алюминий сусын банкаларын қабылдауға арналған 53 фандомат іске қосылды.«Green Recycle» ЖШС қоқыс сұрыптау кешені жылына 550 мың тоннаға дейін қалдықтарды өңдейді. 2024 жылдың 11 айында қалдықтардың 15,2% қайта өңделді, бұл 74 637 тонна қайталама шикізатқа сәйкес келеді.Жалпы, қала аумағында тұрғындардан ҚТҚ жинау және әкету бойынша 100% қамту қамтамасыз етілген. Қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді 21 қоқыс шығарушы ұйым ұсынады. Барлығы 283 арнайы техника жұмылдырылды.Бұл күш-жігер әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға және Алматы тұрғындары үшін экологиялық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912933
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды 06.01.2025
Алматыда соңғы екі жылда IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) инвестиция тартылды. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы хабарлады.Шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 2022–2024 жылдарға арналған «Алматы IT-экожүйесін дамыту» үш жылдық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба смарт-қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттарда IT-экожүйені дамытуға және стартаптарды қолдауға бағытталған.MOST іс-шараларына 7 мыңнан астам адам қатысты. Тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 19,2 млн АҚШ доллары, ал стартаптардың жиынтық табысы 5,37 млрд теңгеге жетті. Жоба аясында 2 049 жұмыс орны құрылды.Акселерация және инкубация бағдарламаларын 309 стартап сәтті аяқтады, олардың 16-сы халықаралық нарықтарда сатылымдарын растады. Жоба аясында 1 189 IT-маман мен 101 кәсіпкер оқытылды.Сонымен қатар, «Digital Urban Planner, Smart City Engineer» бағдарламасы бойынша 55 маман даярланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912936
Алматыда 2025 жылы қай жолайырықты салу мен көшелерді ұзарту аяқталады 06.01.2025
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы, сондай-ақ Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін және Абай даңғылын қаланың шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аяқталады.Мамыр айында Абай даңғылын Б.Момышұлы көшесінен қаланың шекарасына дейін ұзарту жобасы іске қосылады. Ұзындығы 5,3 км болатын бұл алты жолақты жолдың екі жағында да веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары қарастырылған.Жазда Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталады. Ұзындығы 3,2 км болатын бұл жолдың арқасында Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 40%-ға төмендейді.Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайырықтың құрылысын және оған іргелес аумақты көркейту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912940
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады 06.01.2025
Алматыда 2024 жылы 11,7 мың оқушы орнымен қамтамасыз еткен 18 білім беру нысаны салынды. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына дейін орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартының енгізілуі болды. Осы жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200 бірлікке дейін артты, бұл 15,3 мың оқушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. 2025 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен автобустар саны тағы 100 бірлікке көбейтіліп, бұл одан да көп оқушыны оқу орындарына қауіпсіз және ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді.Бұған дейін автобустар шалғай және жетуі қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түскен өтінімдерге сәйкес маршруттарға шығатыны атап өтілген. Бұл мектеп автобустарын бөлу кезіндегі басымдықтардың бірі. Әр мектеп үшін оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914035
Жеке сектордағы жаңа инженерлік желілер: Алматының Алмалы ауданында сумен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатыр 06.01.2025
Алматының Алмалы ауданында бұрын орталықтандырылған инженерлік коммуникация болмаған жеке секторда сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы аяқталды.Маңызды жобалардың бірі – Индустриальная, Циолковский, Волховская және т.б. 12 көшеде су құбыры желілерін салу болды. Бүгінде осы көшелердің тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру аясында ұзындығы 15 км болатын жаңа кәріз желілері орнатылды, олар 19 көшені қамтиды. Оның 6 көшесінде жеке сектордың құрылысынан бері орталықтандырылған кәріз желілері болмаған. 2025 жылы қалған 13 көшеде жобаны іске асыру жалғасады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,8 мың тұтынушы орталықтандырылған инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.Төле би көшесі мен Волховская көшесінің қиылысындағы су құбыры сорғы станциясы да ойдағыдай жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті. Бұрын станция апатты жағдайда болған және оның жабдықтары 1992 жылдан бері жөнделмеген. Реконструкциядан кейін 4 көпқабатты үйдің 500-ден астам тұрғыны үздіксіз сумен қамтамасыз етілді.Жалпы, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылдың басынан бері 219 км жаңа су құбыры және кәріз желілері салынып, 27,3 км бар желілер жаңартылды, бұл 60 мыңғы жуық абонентті қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 240 км су құбыры желісін салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/914037
Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының тағайындау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті 06.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігінің жанындағы комиссия отырысында Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасы қаралды.Комиссия талқысына ұсынылған үміткер JENYS клубының спорт директоры Айдашев Марат болды. Комиссия мүшелері үміткердің спорт саласындағы тәжірибесін, басқару дағдыларын және өңір спортының даму болашағына қатысты көзқарасын жан-жақты қарастырды.Еске сала кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914057
БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша іріктеу комиссиясының отырысы өтті 06.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің жанындағы комиссияның кезекті отырысында Батыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық лауазымына үміткерлердің кандидатуралары қарастырылды.Талқыға екі кандидат ұсынылды: «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сәбитов және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов. Комиссия мүшелері әр үміткердің спорт саласындағы тәжірибесін және өңір спортының даму әлеуетіне қатысты көзқарасын мұқият саралады.Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/914061
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды 06.01.2025
ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Ұлттық рухтың шырағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрме мақсаты – І. Есенберлиннің шығармашылық мұрасын дәріптеу, жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін оқырмандарға таныстыру.Көрмеге Ұлттық кітапхана қорынан 200 басылым, соның ішінде 150 кітап, 50 журнал қойылған.Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. «Ұлы даланың даңқты ұлы» атты бірінші бөлімде жазушының өмірі мен қызметі туралы материалдар: энциклопедиялар, библиографиялық анықтамалар мен әдебиеттер ұсынылған.«Тарихи роман табиғаты» атты екінші бөлімде І. Есенберлиннің шығармалары, соның ішінде 10 томдық шығармалар жинағы, «Сұлтан», «Айша», «Адамгершілік жыры», «Ғашықтар», «Көшпенділер» трилогиясы ұсынылған.«Халық жүрегіндегі қаламгер» атты үшінші бөлімде І. Есенберлиннің шығармашылығы туралы Қазақстанның белгілі жазушыларының естеліктері, әдебиеттанушылардың еңбектері қойылған.Көрме 2025 жылдың 3 сәуіріне дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/913736
«Шатырдағы екеу» фильмі Үндістандағы кинофестивальде екі аталым бойынша жүлде алды 06.01.2025
«Шатырдағы екеу» фильмі Үндістанның Калькутта қаласында өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.Айта кетерлігі, фильмде бірден бес дебют орын алды – продюсер Әлия Шәріпбаева, сценарий авторы Жанна Тимофеева, қоюшы-суретші Елена Айтова, актриса Лидия Ярцева және режиссер Гүлшат Смағұлова.Сонымен қатар, фильм өткен жылы Нью-Йорктегі Oniros Film Awards беделді конкурсының ширек финалына шықты.Кинокартина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.«Шатырдағы екеу» фильмінде тағдыры қиындыққа толы жас жігіт Дамир мен аутизмге шалдыққан жасөспірім Костяның арасындағы достық суреттеледі. Шығармашылық топ картинада инклюзияның маңызын және ерекше балалардың қоғамға бейімделу мәселесін көтерген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/913901
Ұлттық академиялық кітапханада «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды 06.01.2025
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тарихтан тағылым» атты иллюстративті кітап көрмесі ашылды.Жылдың басында дәстүрлі ұйымдастырылатын көрмеге биыл мерейтойлары аталып өтетін тарихи тұлғалар мен ақын-жазушылардың, қазақтан шыққан белгілі мемлекет және қоғам қайраткелерінің архив шежірелері, құжаттары, фотолары, еңбектері, кітаптары мен құнды туындылары қойылды.Биыл елімізде бірқатар айтулы шаралар жоспарланып отыр. Осыны негізге алған көрме бес бөлімнен тұрады:«Қазақ хандығына 560 жыл» – тақырыптық көрмеде 100-ден астам кітап және мерзімді басылым материалдары ұсынылған;«Ұлы Жеңіске 80 жыл» – бөлімде әскери тақырыпқа қатысты кітаптардан бөлек, сұрапыл соғыстан сыр шертетін құжаттар беріліп отыр;«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» – елдің конституциялық құрылымының дамуы туралы материалдар;«Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» – Ассамблеяның қызметі туралы, оның елдегі бейбітшілік, келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызы, Қазақстанның заманауи бірегейлігін қалыптастырудағы этномәдени әртүрліліктің рөлі туралы соңғы жылдары жарияланған баспа өнімдері, тың деректі материалдар қамтылған;«Тұғыры биік тұлғалар» – Қазақстанның танымал тарихи тұлғаларының мерейтойларына орай олардың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған 500-ден аса кітап, естеліктер, фото-суреттер, нақылсөздер мен дәйексөздер қойылған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/914009
Ринат Мұхаметқали ҚР МАМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды 06.01.2025
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы Мәдениет және ақпарат министрілігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалдыРинат Мұхаметқали 1981 жылы туған. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.2010-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болған.2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/914047
ТЖМ көшкін қаупі туралы ескертеді 06.01.2025
2024-2025 жылдарғы қысқы кезең басталғалы қар жамылғысы біркелкі түскен жоқ. Қазіргі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандардың көпшілігінде қардың биіктігі орташа көпжылдық мәндерге жуық және шамалы жоғары, қар көшкіні жағдайы тұрақты, Қазселденқорғау мамандарының бақылауында. Шығыс Қазақстан облысында күрделі қар көшкіні жағдайы қалыптасуда. Бүгінгі күні қардың биіктігі нормадан 25%-ға артық. Кей жерлерде қар жамылғысының максималды биіктігі 120 см. Соңғы бірнеше күнде қардың ең үлкен тәуліктік түсуі 20 см. Сонымен қатар қар көшкіні жағдайына ауа температурасының жоғарылауы және қар бұрқасыны әсер етеді. Профилактикалық түсулерді жүргізу жөніндегі шешім қар жамылғысының жай-күйін (оның биіктігі, қардың түсуі нәтижесінде айтарлықтай көбеюі, қардың борап ауысуы, тұрақсыз жай-күй және т.б.) ескере отырып қабылданады. 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі шамамен 6665 м3 болатын 15 профилактикалық қар көшкіні түсірілді. «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы ТЖ департаментімен бірлесіп Жамбыл облысы Жуалы ауданының «Көксай» шатқалында «Қар көшкіні» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу шеңберінде адамдарды құтқару және қар көшкіні жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары көрсетілді. Бұдан басқа «Қазгидромет» РМК маусымдық болжамы негізінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы және таулы аумақтың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық түседі деп күтілуде. Қар мен жылымық таулардағы қар жамылғысының тұрақсыз күйін тудырады және қар көшкінінің шиеленісуіне әкеледі. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ жақын арада қар көшкінінің алдын алуды жоспарлауда. Тау шаңғышылары, туристер, альпинистер үшін аса қауіпті. Сондықтан адам шығынын болдырмау, қар көшкінінің астында қалмау үшін тауға баратын әрбір адам таудағы және қар көшкіні кезіндегі негізгі мінез-құлық ережелерін үйренуге міндетті. Егер қар көшкіні туралы ескерту жарияланса, тауларға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, онда жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу, қозғалыс маршруттарын жасау, дайындықсыз учаскелерде серуендеуден және сырғанаудан аулақ болу, таңбаланған соқпақтармен жүру, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар жерлер туралы мүмкіндігінше көбірек білу, қауіпті беткейлерден мүмкіндігінше аулақ болу керек. Егер тауға шықпас бұрын қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған дұрыс, ал қар көшкіні болмаған жағдайда оның шөгуін күткен дұрыс. Сонымен қатар тауға жалғыз немесе екі адам бармаған маңызды: топпен жүрген жөн. Бұл қар көшкіні кезінде сақтандыруды қамтамасыз етеді, мысалы егер топ мүшелері қар көшкіні сызығына байланған болса, бұл қар басқан спутникті анықтауға мүмкіндік береді. Тауға шықпас бұрын, қар көшкінінде қалған адамды табуға мүмкіндік беретін қар көшкінін қабылдағышты өзіңізбен бірге алып жүрген жөн. Ұялы телефонды өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпау өте маңызды (ол бірнеше адамның өмірін сақтап қалды). Сонымен қатар қар көшкініне тап болған адамға «қалқып шығуға» мүмкіндік беретін үрлемелі жастықтар жүйесі бар арнайы қар көшкіні рюкзактарын алған дұрыс. Тауда сіз тек аңғар жолдармен, төселген соқпақтармен және таудың жоталарымен жүруіңіз керек, бұл ретте тік қарлы беткейлерге шығуға, , оларды кесіп өтуге немесе зигзагпен жүруге болмайтынын есте ұстаған жөн. Егер қар көшкіні жоғары көтерілсе және бірдеңе жасауға уақыт болса, қар көшкіні сізге қарсы жүрген кездегі мінез-құлықтың негізгі ережелерінің бірін есте сақтау өте маңызды: көшкін легінен қауіпсіз жерге кетіп, төмен емес, көлденеңінен қозғалу керек. Сонымен қатар жотаның артына, үңгірге тығылуға, биіктікке, берік тасқа немесе берік ағашқа шығуға болады. Егер бұл қар көшкінінен кете алмаса, мінез-құлық ережелерінің бірі көшкін легіне тартылатын және қозғалысты шектейтін барлық нәрселерден: рюкзактан, шаңғылардан, таяқтардан, мұз кешкіштен бірден құтылу керек екенін айтады. Сіз бірден көшкін легінің шетіне қарай жылдам жүре бастап, жоғарыда қалу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауыңыз керек, егер мүмкіндік болса, ағашқа, тасқа, бұтаға ілініп қалудың жолын тапқан жөн. ТЖМ тау беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкінін тудырмау үшін таудың қарлы беткейлеріне және тауға бармауға кеңес береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/913882
2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті 06.01.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы келесі оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізді. Сараптамада 278 оқулық пен оқу-әдістемелік құрал қаралды, оның 266-сы мақұлданып, пайдалануға ұсынылды. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Брайль шрифтімен және жазуы үлкейтілген оқулықтар әзірленді. 4-сыныптар үшін цифрлық сауаттылық, орыс тілі және шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), бейнелеу өнері, еңбекке баулу, жаратылыстану пәндері бойынша оқулықтар және ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын мектептерге арналған оқу құралдары бекітілді. «Пәндік сараптама комиссиясында тәжірибелі педагогтер мен ғалымдар жұмыс істеді. Оқу әдебиеттерін бағалау әр басылымды сынақтан өткізу мен талдау нәтижелеріне негізделіп, ғылыми-педагогикалық талаптарға сәйкес жүргізілді. Бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім берудің заманауи талаптарына толық сәйкес келіп, оқушылардың табысты оқуына және болашақта қажетті маңызды дағдылар мен білімдерді дамытуға бағытталған», – деп атап өтті министрліктің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Назира Әбдірахманова. Сондай-ақ айта кету керек, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік құралдар алғаш рет кешенді сараптамадан өтті. Оқу-әдістемелік кешенге әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, оқулық, үлестірме және демонстрациялық материалдар мен альбомдар кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/913636
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі 06.01.2025
Қымбатты отандастар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді. Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.Диқандарымыз мол астық жинап, қамбаны дәнге толтырды. «Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңаша келбетке ие бола бастады. Алғаш рет азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті.Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсті. Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Көптеген әлеуметтік нысан салынды.Парламент депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша заңдар қабылдады. Сондай-ақ биыл біз еліміздің келешегіне айрықша әсер ететін өте маңызды шешім қабылдадық. Атом электр станциясына қатысты референдум өткіздік. Көпшілік бұл бастамаға қолдау білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/913030
Құрметті маңғыстаулықтар, ардақты жерлестер! 06.01.2025
Жаңа жыл — жақсылық пен жаңарудың жаршысы. Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылдың табалдырығын аттар шақта әр шаңырақтың төрінде үміт пен сенімнің оты маздайды. Жаңа жыл — арман мен мақсаттарға қанат бітіп, ізгі ниеттердің орындалуына бастайтын уақыт.Өткен 2024 жыл Маңғыстау өңірі үшін үлкен жетістіктер мен айтарлықтай өзгерістер жылы болды. Аймақта ауқымды құрылыс жобалары, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму шаралары жүзеге асып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында тың серпін байқалды. Маңғыстау халқының бірлігі мен еңбегінің арқасында өңіріміз экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеуде.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылды. Алдағы жылы да осы қарқынды тоқтатпай, өңіріміздің дамуы мен халқымыздың өмір сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасатын болады.Құрметті ағайын, өздеріңіз үшін, Отанымыз үшін, туған жеріміз үшін еңбек етіп жүрген әрбір жанға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында маңғаз Маңғыстауымыз өркендеп келеді.Жаңа 2025 жылы әр шаңыраққа амандық, табыс, денсаулық пен бақыт тілеймін. Еліміздің ырысы молайып, берекесі арта берсін!Жаңа жыл құтты болсын!Құрметпен, Маңғыстау облысының әкіміНұрдәулет ҚилыбайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/913036
Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды 06.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апатыкезінде көмек қолын созған азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.Президент «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен азаматтарды құтқарып, көмек көрсеткен азаматтардың жанқиярлық әрекеттерін айырықша атап өтті. «Құтқарушылар, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары шұғыл әрі үйлесімді әрекет етті, кәсіби деңгейі мен азаматтық жауапкершілігі жоғары екенін көрсетті. Жақын жердегі Маңғыстау өңірлік электр торабы компаниясының жұмысшылары бірден көмекке келді. Төңіректегі тұрғындар да зардап шеккендерді құтқаруға атсалысты. Азаматтарымыздың жанқиярлығы арқасында барынша көбірек адамның өмірін сақтап қалдық. Мен құтқару жұмыстарына қатысқан әрбір адамға шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Қазақ халқының апаттан зардап шеккендерге жанашырлығы мен тілеулестігі азаматтарымыздың жаппай қан тапсыруға асыққанынан да айқын байқалды»,- деді Мемлекет басшысы.Бүгін, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысыныңәкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандықAzerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырағанкезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттікнаградалармен марапаттап, ПрезиденттіңАлғыс хатын табыстады.Салтанатты шара барысында Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен «ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті» ММ маманы-криминалисі Айбек Әлібаевмарапатталды.Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре,Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімі алыс радиомаркерлік пунктінің бөлімше бастығы Ботағарин Нұрлан, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Серіболат Оңғар, Маңғыстауоблысы төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарықызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндірубөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысыМәрлен Сәркенов марапатталды. «Құрмет» ордені «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергинаға, «Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК орталығының меңгерушісі Бақытжан Қойбековке табысталды. «Ерлігі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары Қожабек Аллабергенов,Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» РММ құтқарушысы Манас Бағытов, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екіншіпилоты Естемес Әлішер, «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКК фельдшері Қисаев Тимур, «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесініңкомандирі Құдабаев Асхат, «Апаттармедицинасы орталығы» ММ Маңғыстауоблысы бойынша филиалының фельдшеріҚұбайдуллаев Заманбек, «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оразбеков Оспан, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы «Вышка» диспетчерлік пунктінің диспетчері Толстиков Ярослав, «Маңғыстау өңірлік электр-тораптық компаниясы» АҚ Ақтау электр желілер ауданының шебері Шопанов Нұралы марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологы Есен Жан, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ қызмет бастығының орынбасары Жұмағұлов Бекболат, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Оразалиев Эльдар марапатталды. Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы табысталды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қиын сәтте жедел көмекке келіп, жәрдемдескен жандарға алғысын білдірді. - Сын сағатта жедел әрекет етіп, өзгелердің өмірін құтқаруда асқан батылдық пен адамгершілік таныттыңыздар. Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз – өңіріміздің ауызбіршілігінің, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы екенін тағы да дәлелдедіңіздер. Көрсеткен көмектеріңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Осындай батыр жандар барда халқымыздың еңсесі биік боларына сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Апат орнына алғашқы болып келген «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ қызметкері Нұралы Шопанов біздің орнымызда кез-келген адам болса дәл осындай қадамға барар еді дейді. «Біз жұмыс орнымызда болатынбыз. Ұшақтың құлағанын көріп, ойланбастан жүгірдік. Тіпті ұшақтың жарылып кетуі мүмкін дегенді ойламаған да екенбіз. Ішінде адамдар болса тезірек шығарып алып, көмек көрсетсек деген ой ғана болды» дейді ол.Фельдшер Тимур Қисаев ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсетті.- 25.12.2025 жылы, шамамен 11 сағат 00 минут шамасында аға-дистпетчерден шақырту түсті. Әуе ұшағы апаттық жағдайда қонайын деп жатқандығы туралы айтылды. Дереу сол маңға қарай бағыт алдық. Науқастарды көріп, қарап алғашқы көмек көрсеттік. Қалған бригадаларға және аға диспетчерге хабарлап, қанша науқас бар екенін, нешеуі ауруханаға тасымалданғаны бойынша хабар жеткіздім,- дейді Тимур Қисаев.Түпқараған аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ақманов Сәкен сол сәттегі әсерімен бөлісті. -Аспанда қисая ұшқан ұшақ санаулы уақытта жерге құлағанын көрген бойда оқиға орнына бет алдық. Ұшақтың ішіндегі адамдардың жан айқайын естіген бойы сол маңда қызметте жүрген "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" мамандарымен бірлесе әуе бортындағы жолаушыларды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырдық. Әдетте мұндай көріністі тек кинолардан көріп жүрген біз алғашқы сәтте есеңгіреп те қалдық. Ендігі мұндай апаттың болмауын тілейміз»,-деді учаскелік полиция инспекторы. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/913328
Еліміздегі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайындалып жатыр 06.01.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды. Бүгінгі таңда еліміздегі су қоймаларында бос орындар дайындалып жатыр.Мәселен, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді. 20-шы желтоқсаннан бері 5,06 млн текше метр су жіберілді. Министрлік 2025 жылғы 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін 300 млн текше метрге немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.Ақтөбе су қоймасында 51 млн текше метрге жуық су бар. 1 сәуірге дейін 47,32 млн текше метрге дейін азайту жоспарлап отыр. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,45 млн текше метрге дейін азайтылды. Бүгінгі таңда су қоймасынан секундына 8,3 текше метр су жіберіліп жатыр.Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы 79% толы. Министрлік 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін тағы 8%-ға азайтуға ниетті. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 69 млн текше метр су бар. Көктемде тасқын суын қабылдау үшін су қоймасын 39%-ға дейін босату жоспарланып отыр.Ұлытау облысындағы Кеңгір қоймасындағы су көлемі 86%-ға азайтылды. Көктемге дейін тағы 11%-ға жуық босату жоспарда бар. Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасында 585,4 млн текше метр су бар. Су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес 1 сәуірге дейін су көлемін 499,37 млн текше метрге немесе 61%-ға дейін азайту күтілуде.«Көктемде тасқын суын қоймаларға жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды сауатты бөлу жұмысын алдын-ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұраныстары толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/913793
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ 06.01.2025
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ.Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Ғылым және білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Шымкент қаласы тұрғындарына есеп беру кездесуін өткізді.Кездесуде Вице-министр министрліктің атқарған жұмыстары, алға қойған жоспарлары мен бастамалары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Жоғары білім берудегі негізгі басымдықтарға тоқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің бүгінге дейін жүзеге асырған жобалары жөнінде, білім мен ғылым саласының маңызды сұрақтары туралы сөз қозғады.Оның ішінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің «Ұлттық қор —балаларға» жобасынан айырмашылығы мен тиімділігі туралы кеңінен түсінік берді. Жас ұрпақтың сапалы білім алуын ойлаған ата-ана бұл туралы толыққанды мәліметті министрлік сайтынан алуға болатынын жеткізді.Сондай-ақ, жоғары білім берудің қолжетімділігі, озық кадрлық қамтамасыз ету, үздік білім беру жүйесін дамыту сияқты тағы басқа басымдықтардың негізгі мақсатын айқындады. Кездесуге қатысушылар жоғары білім саласына байланысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.Кездесуден кейін Талғат Ілиясұлы арнайы брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Журналистерді жоғары оқу орындарының лицензиясы, педагогикалық білім беру бағдарламаларын жетілдіру мен қолдауға арналған сұрақтар қызықтырып, тұшымды жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/912330
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті 06.01.2025
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездестіКеше Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, аудан әкімі Ернар Есіркепов пен зиялы қауым және түрлі қоғамдық қауымдастық өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.Кездесуде Талғат Ешенқұлов ғылымға қаржы бөлу, оқытудың жаңа бағдарламалары және ғылыми әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға баса назар аудару жөнінде атқарылып жатқан жұмыстармен халықты хабардар етті.Оның сөзінше, кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл санап артып келеді. 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінген. Оның ішінде 78,2 мыңнан астамы бакалавриатқа, 13,1 мыңы магистратураға және 2,9 мыңы докторантураға берілген.Сонымен қатар, жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінбек.Талғат Ешенқұлов 2024-2025 оқу жылында ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар бөлу бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатқанын айтты . Сондай-ақ «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы» Заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының екінші оқылымында мақұлданған. Ендігі ҚР Президентіне қол қоюға жіберілмек.Министрліктің атқарған жұмысын жергілікті жұртқа кеңінен баяндаған шенеунік ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, Huawei Technologies Kazakhstan, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылғанын да айтты. Нәтижесінде Huawei сертификатталған курстарын ұсыну үшін 40 ЖОО базасында Huawei ICT Academy құрылған.Жиын соңында Ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/912460