Қуқық
Солтүстікқазақстандық көп балалы отбасылар сыйлық пен құттықтаулар алуда 29.12.2024
Жаңа жылда барлығы ғажайыптарды күтеді, әсіресе балалар. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығының көпбалалы отбасыларын келе жатқан мерекемен құттықтады. Димаш және Газима Жакуповтар жеті баланы тәрбиелеп отыр, ал Светлана Кулага сегіз баланың анасы. Өңір басшысы перинаталдық орталықта батыр аналар Әсемгүл Сагитова мен Манат Маханбеталиеваны қуанышты сәт — сәбидің дүниеге келуімен құттықтады. Екеуі де алты баланың анасы атанды. Орталықтағы басқа да аналар құттықтауға ие болды. Оларға мықты денсаулық, бақыт пен береке тіледі. Біздің өңір ана мен жаңа туған сәбидің денсаулығын белсенді түрде қолдайды, сапалы медициналық көмек және қамқорлық көрсетіледі. Орталықта барлық жағдай жасалған, 53 тәжірибелі дәрігерден тұратын персонал жұмыс істейді. Сондай-ақ, 10 акушер-гинеколог бюджет есебінен резидентурада оқып жатыр, бұл өңірдің медициналық кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Биыл өңірде 4,2 мың бала дүниеге келді. Сондай-ақ, бала сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында қазіргі заманғы әдістер - ЭКО қолданылады. Осы жобаның арқасында тек биыл 102 бала солтүстікқазақстандық отбасыларға бақыт сыйлады.Облыста 7,4 мың көпбалалы отбасы бар. Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, жеңілдіктер, автобуста тегін жүру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген ипотека ұсынылады. Бұл шаралар көпбалалы отбасылардың өмір сапасын жақсартуға және балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/911131
Жамбыл облысы әкімінің шыршасы өтті 29.12.2024
Таразда «Ғажайып оқиғаларға толы Жаңа жыл!» тақырыбында Жамбыл облысы әкімінің балаларға арналған дәстүрлі шырша мерекесі өтті.Балалардың қуанышына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ортақтасып, оларға 80 мың теңгенің сертификаты мен тәтті сыйлықтар тарту етті.Шырша мерекесінде балақайлар ертегі кейіпкерлерінің ерекше қойылымын тамашалады. Түрлі әндер шырқалып, театрландырылған қойылым көрсетілді. Балалардың жүздері бал-бұл жайнап, шаттана би билеп, ән салды.Аталған шараға жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың шыққан 100 бала қатысты.Айта кетейік, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің атынан өтетін жаңа жылдық шырша қатысушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды.Балалар алдымен «Көне-Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралады, әрмен қарай облыстық драма театрға барды. Театрда балаларға арналған жаңа жылдық қойылым көрсетілді. Қойылымнан ерекше шабыт алған олар қайта жолға шығып, спорт кешеніне аялдады. «Тараз-Арена» және «Теннис» спорт кешендеріндегі жаттығу залдарын, бокс алаңын және бассейнді аралап, мекеме жұмысымен танысты. Осылайша бүлдіршіндердің қызықты өткен күні «Танысу кешімен» жалғасын тапқан болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/909616
Ербол Қарашөкеев ардагерлермен кездесті 29.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ардагерлердің басын қосып, емен-жарқын дидарласты.Ербол Қарашөкеев 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды. Ол халықтың әл-ауқатын көтеру - негізгі стратегиялық мақсат екенін айта келе, келер жылы облысқа инвестиция тарту, ШОБ-ты қолдау, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және өзге де салалар бойынша мақсат-міндеттерді атап өтті.- Қастерлі Отанымыз бен өңіріміздің алға өрлеуіне елеулі үлес қосып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырсыздар. Сіздерге құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз деп білемін.Бүгінде аға буын өкілдері жастарға жол көрсетіп, олардың бойына ұлттық болмыс пен құндылықты сіңіріп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес, – деген облыс әкімі ардагерлердің дендеріне саулық, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тіледі.Бұдан соң аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін Бастауыш ардагерлер ұйымының бірқатар мүшесі Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында Опабек Досаев, Полина Ким, Жексен Арынов, Күләш Назарбекова сынды азаматтар бар.Басқосуда бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері сөз сөйлеп, ел мен жердің амандығын тіледі.Кездесуді қорытындылаған Ербол Қарашөкеев ардагерлермен байланысты үзбейтінін, олардың құнды ұсыныс-пікірлерін үнемі назарында ұстайтынын айтып, естелікке фотоға түсті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/909619
Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылы сапалы ауызсуға қосылды 29.12.2024
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданы Ерназар ауылында ауызсу жүйесі ел игілігіне пайдалануға берілді.Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды қуанышымен құттықтады.Елді мекендегі ауызсу құбырының тозығы жеткен. Бірде су сорғыш насосы істен шықса, енді бірде құбырдан ақау табылған. Бүгінде 25 шақырымға жуық ауызсу құбыры жаңартылып, ауызсу мұнарасы салынды. Енді Ерназар ауылының 1643 тұрғыны жаңа жылды сапалы ауызсумен қарсы алады.Жалпы биыл Бектөбе, Қызылшарық, Өрнек, Жаңаөткел ауылдарында осы бағыттағы жұмыс атқарылуда. Нәтижесінде 2025 жылы аудан халқы 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтылады деп күтілуде.Тұрғындарының атынан Төрехан Қырқымбаев сөз алып, ризашылығын жеткізді.- Ескірген су жүйелері берекемізді алды. Жаңа жыл қарсаңында сапалы ауыз суға қол жеткізіп, қуанышымыз еселеніп отыр, – деді ауыл қариясы.Ерназар ауылындағы ауызсу құрылысын "Байсын-А" ЖШС-сы жүргізіп, 8 айда аяқтады.Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 25 елді мекенге тіршілік нәрі тартылды. Оның ішінде 10 елді мекенге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 15 ауылға кешенді блок-модуль орнатылды. Нәтижесінде өңір халқын ауыз сумен қамту деңгейі 97,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) ұлғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910063
Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» деп жарияланды 29.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қабырғалы қаламгерлермен өңірді дамытудың мүмкіндіктерін талқылап, ұсыныс-тілектерін тыңдады.Өңір басшысы өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуы мен 2025 жылға арналған жоспарларды кеңінен тарқатып айтып берді. Көркем сөз шеберлерін Қазақстан Жазушылар Одағының 90 жылдығымен құттықтады.Жергілікті қауырсын қалам иелерін қолдау мақсатында 24 ақын-жазушының кітабы жарық көрді.- Мемлекет басшысы «Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақтығын айғақтайтын ұлы қазына» деп атап өткендей, қай кезеңде болмасын әдебиет ұлтты тәрбилеуші басты құрал болып қала береді. Біздің басты міндетіміз – жастарды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізге сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазіргі жаһандану кезеңінде ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалудың маңызы зор деп білемін. Бұл аса жауапты мәселеде Сіздердің салмақты ойларыңыз бен әрбір шығармаларыңыз өскелең ұрпаққа рухани азық, – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысында «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы аясында 2025 жыл «Кітап оқу жылы»болып жарияланғанын хабарлады.Келер жылы тарихи жер-су атауларына байланысты «Әулие Ата аңыздары» атты жинақ жарыққа шығады.2025 жылы Таразда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ТМД елдерінің «Достастық жәрмеңкесі» өтеді.Сонымен бірге келер жылы белгілі тұлғалар мен жазушылардың мерейтойларын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.Кездесу барысында жазушы Пернебай Дүйсенбин, жазушы, драматург Елен Әлімжан, ақын Шырын Мамасерікова, ардагер журналист Бекет Момынқұл, жазушы Сабырғали Рысбай, қос ақын Үміт Битенова мен Ғайни Әлімбекқызы сөз сөйледі.Оқушыларға тарихи экскурсиялар ұйымдастыру, тарихи және сәулеттік мұра – Әулиата кезеңіне тиесілі ғимараттарды сақтау, аты аңызға айналған алып тұлға, әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойы аясында іс-шаралар өткізу, жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығын дәріптеу туралы ұсыныстар айтылды.Облыс әкімі барлық ұсыныс-тілек ескерілетінін атап өтіп, алдағы уақытта әдебиет пен мәдениетті дамытудың өзекті мәселелері дәстүрлі кездесулерде талқыланатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910266
Жамбыл облысында металлургиялық кәсіпорын іске қосылады 29.12.2024
«ҚазПроТемір» компаниясы «Тараз» индустриялық аймағының аумағында қара металды балқыту, шаршы дайындамаларды шығару, жұқа мырышталған және полимерлі жабыны бар болатты өндіру бойынша зауыт салуда.Өндіріс ошағы жылына 500 мың тонна болат дайындамаларын шығаруға қуатты. Жобаның құны 55,4 млрд. теңгені құрайды.Қазіргі уақытта зауыт аймағы толығымен бетон қоршаумен қоршалған. Ішінара жолдар салынуда. Ұңғымалар орнатылып, іргетас шұңқыры қазылды. 2025 жылдың мамыр айында іске қосылатын жобаның бірінші кезеңін салу үшін жер жұмыстары аяқталды.Металлургиялық зауытта тек отандық шикізат пайдаланылмақ.Құрылыс жұмыстарына 50 адам жұмылдырылған.Кәсіпорын Қытайдан келетін құрал-жабдықтардың алдын ала төлемін жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910401
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр 29.12.2024
800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан экологиялық акция дәстүрлі түрде жалғасын табуда.Облыс орталығы Тараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты жастар арасында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылған шара барысында жастарға экологиялық акцияның мақсаты түсіндіріліп, қоршаған орта тазалығының маңыздылығы насихатталды.«Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Таза қаланың тынысы кең. 2024 жылы басталып, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркейуіне көп үлесін қосты. Осы орайда біздің жастар адамдардың қоршаған ортадағы, ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретуді, экологиялық еріктілер қозғалысымен өзара әрекеттесуді мақсат етті. Өзін және отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі» - деді сенбілікке қатысушы Д. Байпақ.Акция аясында аталған бағыттағы шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді.Жамбыл ауданында жастармен алдын алу профилактикалық шарасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Таза Қазақстан – таза әлем» атты, Қордай және Талас аудандарында «Таза Қазақстан» тақырыбында жастармен кездесу өтті.Мойынқұм ауданының жастарымен «Таза Қазақстан» челленджі бастау алса, Т. Рысқұлов және Шу ауданының белсенді жастары студенттермен кездесу ұйымдастырды.Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.Бұл жұмыстарға жалпы 1104 бірлік техника қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910646
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды 29.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығының жұмысымен танысты.Әлеуметтік нысан Тараз қаласы Құмшағал тұрғын алқабында орналасқан.Орталық ғимараты 1975 жылы пайдалануға берілген, 2 қабатты. Биыл күрделі жөндеу жүргізіліп, балалардың игілігіне тапсырылып отыр. Құрылыс жұмыстары 6 айда аяқталды.Мұнда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, домбыра, бейнелеу өнері, қолөнер, вокал, би, робототехника, театр, шахмат, таэквандо сынды үйірмелер бар.- Бұл ғимаратта балаларымыз білім алды. 2016 жылы жаңа мектеп қолданысқа беріліп, ұл-қыздарымыз сонда ауысты. Әкімдік бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдаланып, замануи орталық ашып отыр. Енді балаларымыз телефонға телмірмей, бос уақытын тиімді өткізетініне сенімдіміз! – дейді Тараз қаласының тұрғыны Хансұлу Исабаева.Ербол Қарашөкеев ғимарат ішін толық аралап, бүлдіршіндердің өнері мен олардың дайындаған қолөнер бұйымдарын тамашалады. Ол тұрғын алқаптағы барлық балаға орталықтың қолжетімді болуын ескертіп, алдағы уақытта сұранысқа сай үйірмелердің санын арттыруды тапсырды.Айта кетейік, Жамбыл облысында 78 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/910768
Мектеп инфрақұрылымын жаңартудың оқу процесіне оң әсері 29.12.2024
Жыл қорытындысы бойынша елімізде 200 мыңнан астам оқушы орны құрылды. Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп. Бұрын-соңды болмаған мектеп салу шаралары үш ауысыммен байланысты проблемаларды айтарлықтай қысқартты. Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Сонымен қатар 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті, 967 мектеп үшін 1621 заманауи пәндік кабинет (робототехника, химия, биология, физика, STEM) сатып алынды. 1 мың ауылдық мектеп жаңғыртылды. 10 мыңнан астам білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы арттырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім беруді цифрландыру процесін жеделдету бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша интернет жылдамдығы мектептердің 19%-дан 90%-ға дейін ұлғайды. Қазақстандық мектептерде сапалы интернет көрсеткіші 3 есеге артты. Бұл ретте мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды және 11 платформада қолжетімді. Астана, Маңғыстау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының 215 мектебінде тиісті санаттағы балаларды тегін тамақтандыруға арналған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910797
Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды 29.12.2024
Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады. Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар арасында бәсекелестік қалыптастыруға бағытталған. Өйткені олардың басшылығы мүмкіндігінше көбірек бала тарту үшін білім беру сапасын арттыруға және білікті тәрбиешілерді жұмысқа алуға мәжбүр болады. Қазіргі уақытта бұл механизм Қазақстанның төрт қаласында – Таразда, Шымкентте, Түркістанда және Оралда пилоттық режимде енгізілген. Алдағы уақытта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда. Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары үшін 4,2 мыңнан астам консультациялық пункт жұмыс істейді. Бұл тармақ балаларды тәрбиелеу мен дамытуға маңызды көмек көрсетеді, оларды оқыту мен мектепке дайындаудың тең бастапқы жағдайларын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы 328 мыңнан астам ата-ана мен балаға әдістемелік және педагогикалық қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910799
Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке қабылдау өткізді 29.12.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында өңірлердің тұрғындары бейнеконференцбайланыс режимінде өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.Өтініштер мектепке дейінгі және орта білімнен бастап техникалық, кәсіптік және инклюзивті білім беруге дейінгі білім беру жүйесін дамытуға байланысты тақырыптарды қамтыды.Қабылдау барысында министр келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауына алынды. Айтылған мәселелерді жедел шешу үшін Министрліктің салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.Айта кетейік, министр азаматтарды жеке қабылдауды өңірлерде, сондай-ақ Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісінде орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/960653?lang=kk
Соңғы 10 жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 55%-ға қысқарды 29.12.2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысында 2013 жылдан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 55%-ға азайғанын атап өтті. Алайда, осыған қарамастан, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстармен байланысты мәселелер әлі де сақталып отыр. Статистикаға ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әсер етті. Министр жасөспірімдер арасындағы қылмыстың негізгі себептерінің бірі балалардың ата-аналарының бақылауынсыз болуы, сондай-ақ интернет-ресурстардың теріс әсері екенін атап өтті.Соңғы 5 жылда балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 3 есеге – 2024 жылдың 11 айында 18,5 мың жағдайға дейін өсті. Сондай-ақ балалардың түнде ересектерсіз сыртта өз бетінше жүру фактілері 2019 жылғы 59,5 мыңнан 2024 жылы 107,5 мыңға дейін, 2 есеге артты. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі мектептерде қорқыту мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын белсенді түрде енгізуде, сондай-ақ өңірлерде орталықтар ашу арқылы балаларға психологиялық қолдауды күшейтуде.«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нормалар заң жүзінде күшейтілді, баланы қорлау (қорқыту) фактілері үшін, олардың ата-аналарының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік енгізілді, девиантты мінез-құлқы бар балалар басым тәртіппен қосымша біліммен қамтылады. 19 желтоқсанда Парламент білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды мақұлдады, онда қамқоршылық органдарының штат санының нормативі алғаш рет заңнамалық түрде бекітілді. Бұл новелла әр баланың құқығын қорғауға мүмкіндік береді», — деп нақталады министр.https://primeminister.kz/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910485
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер әлемдік жетістіктермен танылып, марапаттар иеленді 29.12.2024
Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі - халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды. IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Екі жыл қатарынан ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге артты, бұл мыңдаған балаларға жаңа мүмкіндіктер ашты.Ел тарихында тұңғыш рет бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болып, ерекше құрмет белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Бұл еліміздің педагогтарының еңбегіне Президент көрсеткен жоғары баға, құрмет пен сенім. Сонымен қатар Мемлекет басшысының қолынан 27 педагог «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша тағы 64 педагог «Үздік педагог» мәртебесіне ие болды. Барлық 93 педагогқа 3,9 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік сыйлық тағайындалды. https://primeminister.kz/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910497
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі негізгі аспектілер мен заманауи тәсілдер 29.12.2024
Бүгінде елімізде 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 565 мың студент оқиды, оның 177 мыңы биыл қабылданды.Қосарлы оқыту жүйесімен 94 мың студент қамтылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 143 мың орынға ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Студенттерді сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамту 90% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыстың 65% машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, техникалық мамандықтарға бағытталған. Қазақстанда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 79% құрайды. Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Оқытуда тиімді озық әдістемелер мен тәсілдерді тарату мақсатында локомотив-колледждер айқындалды, қазіргі заманғы колледждер базасында 3 IT-орталық құрылды.Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.https://primeminister.kz/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/910500
Экология саласындағы жыл көрсеткіші 29.12.2024
Бақылау-инспекциялық қызметМемлекеттік экологиялық инспекция 1001 тексеру жүргізді. 2620 құқықбұзушылық анықталды, 1664 ұйғарым берілді, 2201 айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 82,8 млрд теңгені құрайды.Мемлекеттік қызметтер көрсету2024 жылы экологиялық реттеу аясында 13 148 мемлекеттік қызмет көрсетілді.Өтініштерді қарау кезінде ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ кез келген шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады.Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюАғымдағы жылы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 4887 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 4310-ы немесе 91%-ы жойылды.Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдамағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 164 лауазымды тұлғасы 9,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін (ШАМЖ) енгізу2024 жылдың соңына дейін шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуға міндетті 91 кәсіпорын анықталды. Бүгінгі таңда 69 кәсіпорын ШАМЖ орнатты.ШАМЖ-ды уақытылы орнатпағаны үшін инспекторлық тексерулер аясында 26 кәсіпорын 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909953
Жыл көрсеткіші. Климат 29.12.2024
21 – 2024 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен БҰҰ-ның СОР29 Глобалды Климаттық Саммиті аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны алаңында 21 құжатқа қол қойылды.24 – 128 ұсынылған стартап жобасының ішінен 24-і 2024 жылы GCIP халықаралық бағдарламасы аясында табысты акселерациядан өтті.2 – Қазақстандық «Ozen-M» стартапы 2024 жылы ЮНИДО-ның Глобалды іс-шарасы – Cleantech Days аясында 22 халықаралық команда арасында 2-орын алды.33 – Әзірбайжанның Баку қаласында өткен БҰҰ-ның СОР29 Глобалды Климаттық Саммиті аясында Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны алаңында 33 тақырыптық сайд-ивент өткізілді.4 – 2024 жылы ең үздік қолжетімді әдістер бойынша 4 анықтамалық әзірлендіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909967
Жыл көрсеткіші: Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі 29.12.2024
Президенттің 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың басынан 264,9 миллион көшет отырғызылды. Оңтүстік өңірлердегі отырғызу жұмыстары жалғасуда.2024 жылғы 1 шілдеден бастап орман өртін сөндіру станциялары мен десантты-өрт сөндіруші қызметкерлеріне (өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері, өрт сөндірушілер, трактористер) қызметтік лауазымдық жалақысының 100%-ы көлемінде жалақысы арттырылды (3,3 мың адам).Ағымдағы жылы елдің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 1384 дана өртке қарсы техника мен 921 дана тіркеме және жабдық алу үшін 52,0 миллиард теңге бөлінді, соның ішінде лизинг арқылы 40,0 миллиард теңге қарастырылған.2024 жылы Қазақстан Республикасының ормандарында 294 орман өрті тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе аз, сол кезде өрт оқиғаларының саны 810-ға жеткен болатын. Өртпен қамтылған аумақ та үш есе азайды. Ертіс өңірінде таспа ормандарындағы бір өрттің орташа аумағы 0,2 гектардан аз болды.2024 жылдың маусымында Прага мен Берлин хайуанаттар бағынан Қазақстанның Қостанай облысындағы Алтын-Дала резерватына 7 Прежевальский жылқысы алғаш рет жеткізілді.2024 жылдың 21 қыркүйегінде Нидерланд хайуанаттар бағынан «Іле-Балқаш» резерватына 2 дана жолбарыс сәтті жеткізілді.Бүгінде дүниежүзілік киік популяциясының шамамен 99%-ы Қазақстан Республикасында шоғырланған. Бұрын киіктер саны бірқатар дағдарысқа ұшыраған болатын, 2003 жылы олардың саны тек 21 мыңды құраған. Мемлекет қабылдаған және қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қолдауымен іске асырылған қорғау шараларының арқасында тек қана олардың жойылып кетуін болдырмай, сонымен қатар олардың санының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді. 2024 жылы көктемгі әуе санақ нәтижелері бойынша, олардың саны ұрықтан бұрын 2 833 600 жеткен (1 620 000 – Орал популяциясы, 1 150 000 – Бетпақдала популяциясы және 63 600 – Үстірт популяциясы). Бұл нәтижелер киікттің жағдайының ХТҚО (Халықаралық табиғатты қорғау одағы) Қызыл тізімінде «қатер төнген» статусынан «құқұметті» деген дәрежеге көтерілуіне мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш киік популяциясын қалпына келтіруге бағытталған көпжылдық жұмыстардың нәтижесі болып табылады және қабылданған шаралардың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінен бастап «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құландарын «Іле-Балқаш» және «Алтын дала» резерваттарына қайта енгізу бағдарламасы басталды.Бағдарлама аясында 67 құлан ауланды. Олардың 43-і Іле-Балқаш резерватына көшіру үшін жіберілді, бұл аймақта жыныс ағзаларын көбейту үшін жасалған қадам болды. Ал 24 құлан Алтын дала резерватына жеткізілді. Бұл оқиға тарихи маңызға ие, өйткені алғаш рет құландар ұзақ қашықтыққа, толық логистикалық дайындық пен жануарлардың тасымалдануы кезінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы тасымалданды.Бүгінгі күні барлық құландар сәтті түрде резерваттарға жеткізіліп, уақытша қамау үшін вольерге шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909993
Жыл көрсеткіші: Жасыл даму 29.12.2024
51,9 млрд теңге – «Жасыл даму» АҚ 2024 жылы республикалық бюджетке төлеген салықтар мен дивидендтердің жалпы сомасы (оның ішінде КТС – 32,3 млрд теңге, дивидендтер – 19,6 млрд теңге).183,4 млрд теңге – басым жобаларды іске асыру үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы. Қаражаттар келесі бағыттарға бөлінді:66,4 млрд теңге – қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға;50 млрд теңге – ТЖМ мен ІІМ негізгі құралдарын жаңартуға;35 млрд теңге – жергілікті атқарушы органдар мен Орман шаруашылығы комитетіне арналған өрт сөндіру техникасын сатып алуға;17 млрд теңге – автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық операторға арналған техниканы сатып алуға;15 млрд теңге – Қазақстанның аудан орталықтарының автобус паркін жаңартуға.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/909998
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесі 29.12.2024
Ағымдағы жылғы 25 желтоқсанда Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті.Кеңес отырысына Үкіметтік емес ұйым мүшелері, Министрліктің өкілдері, сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы министрліктің есебі ұсынылды.Вице-министр Ж. Әлиев 2024 жылы қоршаған орта сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша министрліктің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.Вице-министр Н. Шәрбиев биоәртүрлілікті қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатқандығы атап өтті. Бұл бағытта нәтижеге қол жеткізу үшін министрлік барлық қажетті шараларды, соның ішінде заманауи технологияларды қолдануды жалғастыруда.Вице-министр Н. Құрмалаев министрліктің цифрландыру саласындағы негізгі жобаларына қысқаша тоқталды.Қорытындылай келе, Министр әрбір кеңестің мүшелеріне қатысқаны үшін шынайы ризашылығын білдірді және алдағы уақытқа жоспарланған бірқатар міндеттерді белгіледі.Қоғамдық ұйымдар, өз кезегінде, Министрге тиімді ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, үкіметтік емес ұйымдармен конструктивті диалогқа ашықтығы мен дайын екендігін ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910191
Шымкентте мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңі ашылды 29.12.2024
Шымкентте «Standard Steel KZ» ЖШС-нің түсті металл концентратын шығаратын қорғасын өндірісінің қалдықтарын өңдейтін зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.«Осындай жобаларды іске асыру экологиялық қауіпсіздік қана емес, сонымен қатар ресурстардың жаңа көзін құру, табиғатты сақтау және салауатты болашақты қамтамасыз ету мүмкіндігі.Бизнес-қоғамдастықты ондаған жылдар бойы жинақталған өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық технологияларды енгізе отырып, компанияның осындай бастамасына қолдауға лайықты. Бұл қадам - үлкен істің бастамасы деп білемін.Жалпы кәсіпорынның қызметі өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді» - деп Е.Нысанбаев атап өтті.Шымкент қаласының басшысы өз сөзінде өндірісті іске қосу қала экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің экологиялық зардаптарын азайтатынын атап өтті.«Елімізде өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді, кәсіпорындар саны жыл сайын артып отыр. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, азаматтардың әл-ауқаты жақсаруда», - деді Ғ.Сыздықбеков.Жалпы құны 13 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Бірінші кезең жүзеге асырылғаннан бүгінгі күнге дейін зауыт жылына 4600 тоннадан астам мыс-күміс концентратын өндірді. Қондырғының іске қосылуы кәсіпорынға өндіріс көлемін ұлғайтуға және қосымша жыл сайын 20 мың тоннадан астам мырыш оксидін шығаруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/910211