Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан мектептерінің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды 24.12.2024
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді. «Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева. Қазіргі уақытта елімізде барлығы 221 ППТК, 105 ПМПК және 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/905694
12,1 млн га пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлер 2022 жылдан бастап мемлекетке қайтарылды 24.12.2024
Бұл жұмыс ҚР АШМ ЖҚК және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясымен бірлесіп жүргізілді.Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылар 3,7 млн га аумақта жерді игеруге кірісті.Мемлекеттік меншікке қайтарылған жерлердің 4,8 млн гектары бүгінгі күні қайта бөлінді.Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы республикалық комиссия ретінде қайта құрылды. Оның негізгі міндеті – жерлерді ауыл халқының қажеттіліктері үшін қайта бөлуге және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау.Сондай-ақ, қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес, салық төлеуді, инвестиция тартуды және ауылдық аумақтарды дамытуға ықпал ететін қолданыстағы ауыл шаруашылығы өндірушілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер үшін жер пайдалану құқығын жалғастыру мәселесі пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905466
Қазақстандық оқушы Сауд Арабиясында өткен ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды 24.12.2024
Қарағандылық 11 жасар Платон Нечаев Сауд Арабиясының Жубайл қаласында өткен Оқитын қалалардың 6-шы халықаралық конференциясына (6th International Conference on Learning Cities) қатысты. Бұл алаңда тұрақты даму, климаттың өзгеруі және оқитын қауымдастықтар құру мәселелерін талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар жиналды.Платон Нечаев экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы креативті ойлауды дамытуға ықпал ететін, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыратын «PLATON 5D ойлау» білім беру бағдарламасын таныстыру үшін арнайы шақырылды.Сонымен қатар, қарағандылық оқушы конференцияға арнайы «Уақыттың сиқырлы компасы» деп аталатын жаңа ертегісін ұсынды. Платон Жубайл мен Қарағанды балалары арасында тәжірибе алмасу мақсатында екі қалада достық ағаштарын отырғызуды ұсынды.Айта кетейік, Платон – Қазақстанның ең жас креаторларының бірі. Оның әңгімелері әртүрлі оқиғалар мен кейіпкерлерге, сүйікті қаласы Қарағандының тарихына арналған.Жас қаламгер иллюстрацияларын жасанды интеллект көмегімен өзі жасайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905452
Азаматтық қоғамды дамыту: ҮЕҰ Қазақстандағы әлеуметтік әл-ауқатқа қосқан үлесі 24.12.2024
Мемлекет азаматтық сектормен өзара қарым-қатынасты жобалық әріптестік арқылы нығайтып келеді.Бүгінде ҮЕҰ – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруда негізгі серіктес.Елімізде жыл сайын ҮЕҰ-мен 2000-нан астам бірлескен әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Олардың саны артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда, жобалардың жалпы саны 41%-ға, гранттық жобалар 33%-ға өсім көрсетті.Халық арасында ерекше сұранысқа ие жобалар келесі салалар бойынша жүзеге асырылуда: әлеуметтік осал топтарды қолдау – 726 жоба, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 290 жоба, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту – 232 жоба, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу – 140 жоба, азаматтардың денсаулығын сақтау – 100 жоба.Бұл жобалар білім беру, инклюзивті қоғам құру, жастардың әлеуетін дамыту саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы:Гранттық жобаларды жүзеге асыру аясында 500-ден астам жұмыс орны құрылды.670 шағын грант арқасында белсенді азаматтар мен шағын ұйымдар өз бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.100 мыңнан астам адам оқу шараларына қатысты, ал 2000-ға жуық ҮЕҰ әдістемелік және кеңестік көмек алды.Халықтың әртүрлі топтарына көмек көрсету үшін 20 мыңнан астам волонтер дайындалды.1,2 миллионнан астам адам, соның ішінде 15 мың ерекше қажеттіліктері бар адам әлеуметтік көмек алды.120-дан астам мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді.4405 ауыл тұрғыны өз аумақтарын басқару процесіне қатысуға белсенді түрде тартылды.Жергілікті қауымдастықтың әртүрлі мәселелерін шешу үшін 36 жаңа бастамашыл топ пен ҮЕҰ құрылды.2024 жылғы басты жаңалықтардың бірі – 5 стратегиялық жобаның жүзеге асырылуы. Бұл жобалар азаматтық қоғамды дамытуға, волонтерлік қызметті қолдауға және әдеби шығармашылықты ілгерілетуге бағытталған.Аталған жобалар шеңберінде стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру үшін Азаматтық қоғамды дамыту орталығы және Ұлттық волонтерлік фронт-кеңсесі ұйымдастырылды.Мұндай жобалардың ерекшелігі – олардың ауқымдылығы мен стратегиялық маңыздылығында. Олар ағымдағы міндеттерді шешумен қатар, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты негіз қалыптастыруға арналған.Сонымен қатар, ҮЕҰ қызметін институционалдық қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы механизмі енгізілген.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы – республикалық, салалық және өңірлік деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай марапат.Осы уақыт ішінде 486 ҮЕҰ сыйлықақы алды: 2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63, 2019 жылы – 63, 2020 жылы – 38, 2021 жылы – 64, 2022 жылы – 54, 2023 жылы – 79, ал 2024 жылы – 66 ҮЕҰ.Биыл сыйлықақыға үміткер ретінде елдің барлық өңірлерінен 146 өтінім түсті, олардың ішінен 66 ұйым жеңімпаз атанды. Бұл ұйымдардың жобалары түрлі мәселелерді шешуге бағытталған нақты үлестерін көрсетті.Осылайша, ҮЕҰ-ны ынталандыру мен қолдау олардың жұмысын жандандыруға ғана емес, әлеуметтік жауапты қоғамды қалыптастыру арқылы мыңдаған адамдардың өмірін жақсартуға ықпал етеді.Азаматтық қоғамды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды басымдығы болып қала береді. Ауқымды бағдарламаларды іске асыру, қаржыландыру көлемін арттыру және азаматтық бастамаларды қолдау халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, азаматтық қоғам институттарын нығайтуға, олардың әлеуеті мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға мүмкіндік береді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905529
Қазақстан мен Өзбекстан дезинформация мен жалған жаңалықтарға қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтеді 24.12.2024
18 желтоқсан, бейсенбі күні Ташкентте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің өкілдері кездесу өткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2025 жылға арналған ақпараттық саладағы өзара іс-қимыл жоспарына қол қойды.Құжатқа Өзбекстан Президентінің 8 тамызда Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар аясында қол қойылды. Сол сапарда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық коммуникациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме мен шешім қабылдаған болатын.Жоспарда медиаконтент алмасуды ұйымдастыру, БАҚ үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру, жас журналистерді қолдау және дезинформацияға қарсы бірлескен күрес қарастырылған.Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлескен медиажобаларды интеграциялаудың маңыздылығын және дезинформация мен жалған жаңалықтарға қарсы күрес механизмдерін әзірлеу қажеттілігін атап өтті.Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында БАҚ өкілдері үшін баспасөз турларын ұйымдастыруға келісті.Сонымен қатар, кездесу барысында Өзбекстан Президенті Телерадио кешенінің басқарушы директоры Роберт Мурадян Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық пен контент алмасуды нығайтуға бағытталған қазақстандық Silk Way телеарнасының жоспарлары мен перспективалары туралы айтты.Талқылау қорытындысы бойынша тараптар контент алмасуға дайын екендерін білдірді.Айта кетейік, 17-19 желтоқсан аралығында Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің ақпарат және БАҚ-қа жауапты министрлер мен жоғары лауазымды тұлғаларының VI кеңесіне қатысып жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905637
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 24.12.2024
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда жол және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.Іс-шара барысында субъектілермен өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізілді. . Отырыста келесі мәселелер талқыланды: Жол саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар мен қабылданатын шаралар туралы; Іс-шараның қорытындылары туралы; 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы.Аталған бағыттар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың зерттеу объектілері. қызметі.Отырыстың қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Бюджет қаражатын жұмсаудың ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/905530
Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды 24.12.2024
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Данияр Құттыбайұлы Өтепов облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.Данияр Құттыбайұлы 1978 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін, 2002 жылы «Әулие-Ата» университетін «жер кадастры», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнының инженер жерге орналастырушысы болып бастаған.2002-2006 жылдары Шу аудандық жер ресурстарын бақылау комитетінің жетекші маманы, бас маманы, 2006-2007 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2012 жылы жер ресурстарын басқару агенттігінің бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2013-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905414
БҚО-да екі жыл ішінде маңызды салаларға 500-ден астам қажетті техника сатып алынған 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары тіршілікті қамтамасыз ететін салалардың материалдық техникалық базасы жаңғыртылудан өтті.Маңызды салаларға 530 қажетті техника сатып алынды. Оларға облыстық бюджеттен 10 млрд.теңгеден (10,3 млрд) астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, төтенше жағдай саласына – 44 бірлік, полиция департаментіне – 165 бірлік, орман мекемелеріне – 88 бірлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына – 58 бірлік, денсаулық сақтау саласына – 117 бірлік, білім саласына – 58 бірлік техника алынды.Материалдық техникалық базаның жаңғыртылуы – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына әкеледі.Алдағы уақытта материалдық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасады. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/905593
Батыс Қазақстан облысында жылдар бойы тұрып қалған құрылыс нысандарының мәселесіне нүкте қойылды 24.12.2024
Батыс Қазақстан облысында 2020-2023 жылдары басталып, аяқталмаған 55 әлеуметтік нысан тіркелген болатын.Аталған нысандардың тұрып қалуына мердігерлердің жауапсыздығы, қаржыландырудың тоқтап қалуы, қажетті материалдардың жетіспеушілігі және т.б жағдайлар себеп болды.Алайда 2023-2024 жылдары нысандардың құрылысы қайта жанданып, бүгінгі таңда 53 нысан салынып бітті.Атап өтерлігі, нысандардың қатарында – тұрғын үйлер, мектептер, спорт кешендері, су құбырлары және т.б болды.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мердігерлерді жауапқа тартып, тиісті қаражат көздерін тауып мәселеге нүкте қойды.Мәселен, БҚО Тасқала ауданында шынықтыру-сауықтыру кешені және Теректі ауданында үш қабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталу керек еді. Алайда түрлі себептерге байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Облыс әкімінің тапсырмасымен аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, биылғы жылы нысандардың құрылысы толықтай аяқталды. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/905596
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы экономикасы тұрақты дамуды көрсетуде 24.12.2024
Алматы қаласы Қазақстанның экономикалық орталығы ретінде биыл өз әлеуетін нығайтып, экономиканың өсу қарқыны, кәсіпкерлікті дамыту және қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағыттарында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Мегаполистің стратегиялық жоспарлары аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен шаралар шаһардың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына ықпал етті. Тұрақты экономикалық өсім. Алматы Қазақстанның жетекші экономикалық өңірлерінің бірі мәртебесін сақтап келеді. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша экономикалық дамудың жоғары қарқыны 9,7% деңгейінде сақталып отыр. қаланың экономикалық өсу қарқыны 6,6%-ды құрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі болжамды 5,5% деңгейінде, ал, 2025 жылы бұл өсім 6,4%-ға дейін жетеді деген болжам бар. Мұның бәрі басым салаларды қолдау бағдарламаларын сәтті іске асырудың және шағын және орта бизнестің (ШОБ) айтарлықтай үлесінің нәтижесі. Шағын және орта бизнес Алматы экономикасында маңызды рөл атқарады. 2024 жылы кәсіпкерлікпен айнасқандар саны 942 мың адамға жетті. Яғни, жұмыс орындарын құрудағы үлес - 80%-ды құрады. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында 1,8 мың жобаға 53,1 миллиард теңге бөлінген, ал 2025 жылға 71 млрд теңге жоспарланған, бұл шағын және орта бизнестің тағы 2 мың жаңа жобасын қолдауға мүмкіндік бермек. Басты басымдық – шағын және орта бизнестің қала экономикасына қосқан үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру. Соның нәтижесінде сауда, қызмет көрсету, өндіріс және IT технологиялар салаларында жүздеген жаңа бизнес жобалар жүзеге асырылған. Инвестициялық әлеует. Алматының инвестициялық тартымдылығы биыл арта түсті. 2024 жылғы 11 айда Алматыға негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Жалпы қала экономикасына биыл 2 трлн теңге құйылса, 2025 жылы 2,3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Негізгі инвестициялар құрылыс, көлік инфрақұрылымы, білім, медицина, цифрландыру және «жасыл» технологиялар сияқты салаларға бағытталған. Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және халықаралық экономикалық форумдарға белсенді қатысу арқылы Алматы қаласы бизнес жүргізу және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін тартымды өңір ретінде өз позициясын нығайтты. Алматылықтардың әл-ауқатын арттыру. Қаланың экономикалық өсуі алматылықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етті. Қазіргі инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті. Бұл IT, қаржы және қызмет көрсету сияқты жоғары жалақы төленетін салалардың қарқынды дамуымен байланысты.Жылдық инфляция 2024 жылдың соңына дейін 8,5%-ға дейін, ал 2025 жылы 7,5%-ға дейін баяулайтыны болжанып отыр.Тұрғындар табысының артуы тұтынушылық белсенділіктің өсуіне де ықпал етті. Қалада бөлшек сауда көлемінің ұлғаюы, жаңа сауда-ойын-сауық орталықтарының дамуы және жоғары сапалы білім беру мен медициналық қызметтерге сұраныстың артуы байқалады. Биыл желтоқсанның басында Алматы қаласының мәслихатына 2025-2027 жылдарға арналған бюджет енгізілді. Ел тарихында алғаш рет 2025 жылға арналған қалалық бюджет2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе жоғары. 2023 жылдың басынан бастап Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін жобалық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсіп, 458 млрд теңгеге жетті. Жұмыс орындарын құру және жұмыссыздықты төмендету. Алматының дамуының басым бағыттарының бірі – халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу. Биыл жыл басынан бастап 68 мың жұмыс орны құрылды, олардың 82%-ы тұрақты жұмыс орны. Соның нәтижесінде, Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеген. Әлеуметтік бағдарламаларды енгізу және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қаладағы жұмыссыздық деңгейі біршама төмендеді. Әсіресе жастарды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Жастар үшін арнайы тағылымдамалар мен гранттық бағдарламалар іске қосылды, яғни бұл мыңнан астам түлектің оқуын аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасуына мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, Алматы тұрақтылығы мен әлеуеті жағынан Орталық Азияның жетекші экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905487
Әуезов ауданында аулаларды көркейту жұмыстары жалғасуда: тұрғындарға жайлы жағдай қалай жасалып жатыр 24.12.2024
Әуезов ауданында биыл жүзеге асырылған маңызды нысандармен танысу үшін баспасөз туры өтті. Аудан әкімі Абзал Егембердиев пен жоба қатысушылары аудандағы жетістіктер туралы егжей-тегжейлі баяндады.Баспасөз турының алғашқы нысаны №2 шағын ауданындағы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көріктендірілген аула болды.Бұл аумақ №41 және №42 үйлердің арасында орналасқан. Биыл мұнда 390 шаршы метрлік футбол алаңы салынды, балалар және спорттық алаңдар жаңартылды, 19 көше жарығы тіректері мен 12 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ 300 метрлік жасыл қоршау және 50 ағаш отырғызылып, 3 мың шаршы метрден астам жасыл желекті суару жүйесі іске қосылды. Ұзындығы 400 метр тротуар төселді.Ауланы соңғы рет қайта жаңарту 2017 жылы күрделі жөндеу бағдарламасы аясында жүргізілген, содан кейін тек косметикалық және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.Былтыр Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 174 аула жөнделсе, биыл күрделі жөндеу аясында 23 аула қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 41 ауланы және 16 жаяу жүргінші аймағын қамтитын 57 жоба жүзеге асырылды.Келесі нысан №1 шағын аудандағы «Халық қатысатын бюджет» аясында жүзеге асырылған жаңа сквер болды. №20 үйдің артындағы бос тұрған жер кәдеге асты. Мұнда жаяу жүргіншілер аймағы, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажерлер, сондай-ақ үсті жабылған воркаут аймағы пайда болды. Жасыл желектер мен альпі төбешіктерін суару жүйесі орнатылып, 90 қайың ағашы отырғызылды.«Өзімнің және аудан тұрғындарының атынан алғыс айтқым келеді. Мұнда сквер ашылатынын естігенде қатты қуандық. Біз зейнеткерлер көбінесе үйде боламыз. Спортпен айналысып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Сондықтан осындай сквер біз үшін үлкен бақыт», – деді аудан тұрғыны Ұлмекен Қожаназарова.Баспасөз турының соңғы нысаны елдегі алғашқы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектеп болды. №97 мектеп қайтадан салынды, себебі бұрынғы ғимарат апатты жағдайда еді.«Жайлы мектеп» жобасы елдегі апатты ғимараттарды жоюға, үш ауысымда оқуды азайтуға және мектептердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған.Жаңа білім ұясында 600 оқушы оқи алады, отандық өндірістің заманауи жиһаздарымен, жаратылыстану пәндеріне арналған зертханалармен, акт залымен, кітапхана және коворкинг аймағымен жабдықталған. Мектеп аумағында волейбол, баскетбол, футбол және теннис алаңдары орналасқан. Оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау, есіктерді құлыптау және дыбыстық сигналдарды пайдалану жүйелері орнатылған.Экскурсия барысында журналистерге робототехника кабинеттері, зертханалар, спортзал және асхана көрсетілді. Баспасөз туры аясында аудан әкімі Абзал Егембердиев мектеп президентімен үстел теннисін ойнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905496
Қауіпсіздік үшін цифрлық интеграция 24.12.2024
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайларды стратегиялық жоспарлау және жедел басқару жөніндегі қолбасшылық орталығының базасында азаматтық қорғау саласындағы жаңғырту және цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов, Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Б.Әбдішев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі М.Олжабеков, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі. Н.Құрмалаев және мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Кеңестің негізгі мәселелерінің бірі Республика Қорғаныс министрлігі Басқару орталығының ІТ-инфрақұрылымын жаңғырту болды. Қазақстан. Төтенше жағдайлар вице-министрі Б.Әбдішев төтенше жағдайлар кезінде анағұрлым тиімді мониторинг пен жедел басқару үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында басқару орталығын жаңарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап өтті.«2024 жылы бірлескен жұмыстың арқасында Көптеген мүдделі тараптар, жедел, жүйелік, бұл кешенде орман өрттері аумағын бақылау бойынша нақты шешімдер қабылданды, бұл оны азайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Е.Нысанбаев.Қорғаныс күштерінің басқару орталығы. Қырғыз Республикасы азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарын жедел басқаруға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге жауапты негізгі құрылымдық бөлімше. Орталықтың инфрақұрылымын жаңарту аясында ағымдағы жылы желіні жөндеу және ақпараттық-техникалық базаны жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұл процеске «Қазавиалесохрана» РМК, «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Республикалық диспетчерлік қызметінің мамандары тартылды.Кеңес цифрлық бастамаларға және мемлекеттік органдардың мониторинг бойынша бірлескен жұмысына ерекше назар аударды. төтенше жағдайлар. және оларды жою. Tabigat.gov.kz сонымен қатар мониторинг ғарыштық технологиялар мен табиғи ресурстардың интерактивті картасы сияқты цифрлық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Қабжанова Tabigat.gov.kz платформасының мүмкіндіктерін көрсетсе, М.Елемесов орман өрттерін ерте анықтау және республикалық диспетчерлік қызметке хабарлау жүйесін автоматтандыруды ұсынды.Кеңес сонымен қатар далалық және орман өрттерінің таралуын модельдеу, ол өртті басқару процестерін автоматтандыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Өртті модельдеу жұмыстарының барысы көрсетіліп, «НҚ ҚГС» АҚ платформалық шешімдер департаментінің инженерлері мен «Қазгидромет» РМК бас директоры су тасқынын болжау жүйесі туралы айтып берді. Кездесу соңында – «Талсим» және «Талсим» су тасқынын болжау жүйелері. Delft-FEWS таныстырылды, содан кейін төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесінің маңызды жаңартуы көрсетілді.Кездесу соңында қатысушылар ақпараттық жүйелер мен азаматтық процестерді үйлестіруді үйренді. қоршаған ортаны қорғау саласында материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін біртұтас климаттық орталық құру бойынша алдағы қадамдарды талқылады. Сонымен қатар, аталған жобаны жүзеге асыру үшін ведомствоаралық техникалық спецификацияны әзірлеу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/905148
ҚР СІМ-де әлеуметтік жұмыс және тұрақты даму мәселелері талқыланды 24.12.2024
Астана, 2024 жылғы 18 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан жағдайында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіби әлеуметтік жұмыстың келесі қадамдары: the SOLID жобасы» кәсіби әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің ұлттық альянсымен бірге.Қорытынды конференция аясында тәуелді мінез-құлқы бар адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған Қазақстан, Орталық Азия, Қытай және Германияда SOLID жүзеге асыратын жобалар талқыланды. және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар.Конференцияда сонымен қатар Қазақстандағы кәсіби әлеуметтік жұмыс призмасы арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі жағдайы талқыланды. Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби бірлестігі бес жыл ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісті және алдағы бес жылда мүдделі тараптармен келесі бірлескен қадамдарды ұсынды.Шараға депутаттық корпустың, салалық министрліктердің, Конституциялық соттың өкілдері қатысты. , Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық және академиялық сала, сарапшылар қауымдастығы, азаматтық қоғам, сондай-ақ SOLID жобасының ғылыми жетекшісі, профессор Хайно Стовер.Өзінің құттықтау сөзінде Министрліктің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істері Алуа Нәдірқұлова кәсіби қоғамдастық үшін ғана емес, еліміздің және өңіріміздің бүкіл әлеуметтік саласы үшін маңызды оқиға туралы ақпаратпен бөлісті. «Бүгін біздің алдымызда неғұрлым әділ және тұрақты әлем құрудың жаһандық күн тәртібі болып табылатын Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізудегі әлеуметтік жұмыстың рөліне қатысты негізгі аспектілерді талқылау міндеті тұр», - деді Елші.Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Дементьева Наталья Григорьевна салалық министрліктер, оның ішінде Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Білім және басқа да министрліктер үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу мүмкіндігін зерделеу барысын атап өтті. , Адам құқықтары саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында.Өз құқығы бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы өз кезегінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жағдайды жақсарту, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және қиындықтарға тап болған адамдардың құқықтарын қорғау сияқты негізгі міндеттерді шешуді атап өтті. , оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, сот төрелігі және оңалту саласында.Жалпы алғанда қорытынды конференцияда талқылау ашық және сындарлы болды. Мемлекеттік органдар мен академиялық саланың, сарапшылық қоғамдастықтың, азаматтық қоғам өкілдерінің сұрақтарын, сондай-ақ докторанттар мен докторанттардың баяндамаларын тыңдап, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде кәсіби әлеуметтік жұмыс мәселелерін жүйелі түрде жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар берді. Қазақстан контексі. < /p>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/905273
2024 жылдың басынан бері көп балалы отбасыларға 432 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы төленді. 24.12.2024
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі және 2024 жылы:- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 472,9 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/905402
Балалар кітапханасы жаңа жылдық оқуларға шақырады 24.12.2024
Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы 20 желтоқсанда биылғы жылдың соңғы оқуын өткізуде. Бастауыш сынып оқушылары үшін өлең шумақтарымен жазылған жаңа жылдық ертегілер дайындалды.Ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Салтанат Қайырбек өз шығармаларын оқиды. Бастауыш сынып мұғалімі Галия Лоренц голланд жазушысы Тед ван Лисхауттың шығармасын орыс тілінде оқиды. "Фермер Вилли және алғашқы қар" атты шағын әңгіме балалық шақтағы қарапайым қуаныштарды баяндайды.Мерекелік атмосфера сыйлау үшін кітапханада қарағандылық Валерий Роголев жасаған жаңа жылдық инсталляция рәсімделді.Басталуы сағат 12:00-де.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/905350
Инфрақұрылымды жақсарту – басты міндет: Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласын дамытудағы басымдықтарды атады 24.12.2024
Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев биылғы жылы тұрғындармен 13 кездесу өткізіп, онда 400-ге жуық сұрақ көтерілді. Өңір басшысының жеке қабылдауына қалалар мен аудандардан 139 адам қатысты. Ашық диалог өзекті мәселелерді шешуге бағытталған мәселелер шеңберін анықтауға көмектеседі.Қорытынды жиын Саран қаласында, қалалық мәдениет орталығында өтті.- Жалпы Саран қаласы дамып келеді, бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар бар. Бұл бірінші кезекте техникалық жабдықтарды жаңғырту және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту мәселелері. Сумен жабдықтау желілерін қайта құру жалғасуда, екінші су таратқышты жаңғырту жұмыстары басталды. Қаланы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін бұл жобалар келесі жылы аяқталуы тиіс, деді Ермағанбет Бөлекпаев.Жылумен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Мердігер жабдықты орнатуды жалғастыруда. Жылу көзінің жобалық қуатына шығуы тұрақты бақылауда.Электр желілерін жаңарту қажет.Экономиканы әртараптандырудың арқасында Саран моноқалалар санатынан шықты. Қазіргі уақытта «Саран Солтүстік» индустриялық аймағының учаскелерінде жалпы құны 380 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.Жиында тұрғындар «Солтүстік Саран» индустриалды аймағын салуға мүмкіндік бар ма деген сауал қойды. өнеркәсіптік аймақтан Қарағандыға дейінгі жеке меншік жол. Осылайша ауыр жүк көліктері қазіргі басты жолды тоздырмайды. Жобаның мүмкіндіктері зерделенетін болады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік мәселелері де көтерілді. Олардың бірқатарын шешуді облыс әкімі бірден тапсырды.Қаланың жаңа әкімі Дарын Бұлқайырға абаттандыру, тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар жүктеді. Аулалар мен үйлердің қасбеттеріне арналған бағдарлама болуы керек.- Жыл басынан бері барлық қалалар мен облыстарда кездесулер өткіздім. Барлық жерде өзекті мәселелер көтерілуде. Бұл негізінен құрылыс, тұрғын үй, абаттандыруға қатысты мәселелер. Облысымыздың тұрғындарын толғандырып жүрген күнделікті мәселелер. Жақын арада әлі де қорытынды жасауымыз керек. Олардың кейбіреулері шешімін тапты. Шешімдерін әзірлеу үшін арнайы зерттеу мен талдауды қажет ететін мәселелер бар, деді Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/905351
Астанада бір мезетте 30-дан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды 24.12.2024
Бүгін 18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам мерекелік шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Барлық орында көптеген ойын-сауық түрлері ұйымдастырылған: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар.Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы «Астана Арена» стадионының тұрағында және «Қазақ Елі» монументінің алаңында жағылды. «Астана Арена» стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен және өрнектермен, сары және қызыл реңдегі 2500 ойыншықпен, гирляндалармен және т.б. безендірілген. Шыршаны жағу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, AYREE, балалар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, сырғанақтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды.Сондай-ақ, Нұра ауданында бүгін тағы сегіз орында шырша шамы жағылды: орталық саябақта, «Зеленый квартал» ТК скверінде, Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал скверінде, «Сарыарқа», «Керуен Сити», «Азия парк», «Хан Шатыр» және «Айланд» сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында және Сығанақ пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында.Сарайшық ауданындағы Қазақ елі алаңында шырша шамын жағу кезінде қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, балаларға арналған аниматорлар және түрлі ойындар ұйымдастырылды. Келушілер ән айтты, би биледі, сырғанақ пен мұз айдынында көңіл көтерді, фотоаймақтарда естелік үшін суретке түсті. Орналасқан жердің өзінде 2 мұз айдыны, екі сәулесі бар сырғанақ, биіктігі 25 метрлік шырша, шағын архитектуралық нысандар мен жарық-люминациялық пано орнатылған.Сондай-ақ, Сарайшық ауданындағы «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы маңында жаңа жылдық шырша жағылды. Алматы ауданында жаңа жылдық шыршалар шамы Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында, «Sana Sport» Спорт кешенінің аумағында, Рысқұлбеков көшесіндегі «Алма» саябағында, Astana Music Hall (құмыра) маңында және Қошқарбаев даңғылы, 80/1 мекенжайында жағылды.Есіл ауданында, ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша да жарқырап тұр. Шырша 4000-нан астам ойыншықпен безендірілген, олардың ішінде диаметрі 15-тен 40 см-ге дейінгі шарлар, гирляндалар және т.б. бар. Алаңда сырғанақтар мен мұз айдыны бар, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандардың фонында ертегі кейіпкерлерінің жанында суретке түсе алады.Байқоңыр ауданында бес орында жаңа жылдық шыршалар мына орындарда безендірілді: Жастар сарайының аумағы, К.Ататүрік атындағы саябақ, Ж.Тәшенов көшесінде, Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кеменгерұлы көшелерінің қиылысы) және Кирпичный тұрғын алабында (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы), «Қоянды» саяжай алабында. Сонымен қатар, ауданда Кеншілер, 5 және Досмұхамедұлы, 6 мекенжайлары бойынша бес метрлік екі шырша орнатылды.Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі алты шыршаның шамы жарқырап тұр. Олар мына мекенжайларда орнатылған: қалалық алаң, Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекеннжайындағы сквер, «Көктал» саябағы, Есіл өзенінің жағасы және Юбилейная көшесі, 22.Естеріңізге сала кетейік, елорданың 6 ауданында бүгін 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, сырғанақтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы қалашықтар өз жұмысын бастайды.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905303
Батыс Қазақстан облысында екі жылда 1 мың километр жол жөнделген 24.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары аралығында 1 мың километрден астам жол жөнделген. Атап айтқанда, 2023 жылы – 562 км жол жөнделсе, 2024 жылы – 445 км жолдың құрылысы аяқталған.Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы бағытында4 кезеңнен тұратын барлығы 144 км жолдың биыл бірінші және төртінші кезеңдері, яғни 72 км жолы қайта жаңғыртылса, екінші және үшінші кезеңдері (72 км) 2025 жылы КПО б.в компаниясы есебінен іске асырылатын болады. Күні бүгінде, аталған учаскелерде инертті материалдарды тасымалдау, айналма жолдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.Ел Президентінің 2019 жылы берген тапсырмасы аясында өңірдегі Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 км жолды салу міндеті тұрған болатын.Аталған жолдың 2019-2022 жылдары, яғни 4 жылдың ішінде 125 километрі аяқталған болатын. 2023 жылы –104 километрі, 2024 жылы – қалған 16 километрі салынып бітті.Облыс орталығынан 500 шақырым жерде орналасқан Жәнібек ауданының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалыққа толы болды. Ауданға апаратын жолдың құрылысы толықтай аяқталды. Талай жыл жол қиындығын көрген тұрғындар бүгінде облыс орталығына еш қиындықсыз қатынайды.«Бұрындары облыс орталығына қатынау үшін көп уақытымызды жоғалтатынбыз. Биыл жолдың құрылысы толықтай аяқталып, халық игілігіне берілді. Бұл ауданымыздың экономикалық дамуына үлкен әсер етеді. Жол салып беруге қолдау білдірген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз» - деп атап өтті Жәнібек ауданының тұрғыны Бекет Әліпқалиев.БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/904875
Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 22 жаңа мектеп бой көтерген 24.12.2024
Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары 22 жаңа орта мектеп бой көтерді.2023 жылы жылы 16 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 2024 жылы жаңа 6 мектеп салынып, аяқталуда. Сонымен бірге, 2025 жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 6 мектептің құрылысы жалғасын табады.Сондай-ақ, келер жылы КПО Б.В. компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдық міндеттемелері аясында 8 мектептің құрылысы жүргізіледі.Сонымен қатар, екі жыл ішінде облыс бойынша 7 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Ал, 2025 жылы 5 мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Облыс мектептеріндегі химия, физика кабинеттерін жабдықтау бойынша былтырғы жылы 60 кабинет, биылғы жылы 160 кабинет қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Аталған білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3 млрд. теңге қаражат бөлінді.Осы атқарылған жұмыстар облыстағы үш ауысымды және оқу орны тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді.Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі білім саласын дамыту бағытында мемлекет тарапынан тиісті жұмыстар жалғасатынын атап өтті.«Мемлекет басшысының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Осы бағытта облысымызда жаңа мектептер салынып, білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде кадрларды даярлау мәселесіне де баса назар аударудамыз. Өткен екі жылда жергілікті мектеп түлектеріне облыстық бюджеттің қаржысына 141 бакалавриат, 27 резидентураға оқу гранттары бөлінді» - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/904995
Қазақстан жастары: 2024 жыл қорытындысы 24.12.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысын шығарды. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы негізгі оқиғаларады назарларыңызға ұсынамыз.Қазақстан жастарының саны ел халқының үштен біріне жуық – 5 759 781 адамға жетті.Жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастарды қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда: оларды жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету бойынша бірқатар гранттық жобалар жүзеге асырылды. Түрлі салада таланттарды анықтап, қолдауға арналған байқаулар ұйымдастырылды.2024 жылғы Қазақстан жастарымен жұмыс істеудегі басты бағдар – Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында белгілеген «Адал азамат» тұжырымдамасы. Бұл – адалдық, әділдік пен еңбекқорлықты насихаттау.Осылайша, жастар ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтары «Таза Қазақстан» республикалық акциясын ұйымдастыруға белсенді атсалысты. «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмыспен 35 мыңға жуық жас қамтылды.NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасуына да ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда олардың саны 160 мыңнан асады. Бұл – білімі, жұмысы жоқ жас қазақстандықтар. 2024 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі NEET санатындағы жастар бастамаларын қолдау үшін «Zhas project» жобасы аясында 280 грант бөлді.Жұмыспен қамтуға ықпал ету мақсатында Астанада 2023 жылдан бастап «Jol Tap» бағдарламасы, ал 2024 жылдан бастап Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында «Jumys Tap» бағдарламасы іске қосылды. Биыл ел бойынша 500-ден астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.2024 жылдың басында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы жаңартылды. Биыл кеңес мүшелерінің бастамасымен жас мамандарға арналған «Jas Kenes Syilygy» алғаш рет табысталды.Сонымен қатар, биыл Қазақстанда Халықаралық жастар күні бірінші рет 3-12 тамыз аралығында «Жастармен бірге» ұлттық онкүндігі өтті. 10 күн ішінде 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 миллионнан астам адам қастысты.Қазақстанның талантты жастарына «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты марапаты берілді. Сыйлықты өнер, ғылым, спорт, медиа және ақпараттық технологиялар салаларында жетістікке жеткен 20 жас қазақстандық иеленді.«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 30 жеңімпазы мемлекеттік қолдауға ие болды. Олардың жобалары мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар және бизнес салаларында үздік деп танылды. Биыл грантқа жаңа «Волонтерлік» бағыты қосылды.2024-2026 жылдарға республикалық жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту бойынша жол картасы әзірленді.Сонымен қатар, қазақстандық жастардың халықаралық тәжірибе мен өзара байналыс орнатуына жағдай жасалуда. Астанада 5 тамыз күні Қазақстан мен Өзбекстан командалары арасында ZAKOVAT зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. 18 сәуірде Астанада шығармашыл жастар мен жастар ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен қазақ-қырғыз жастар форумы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905036