Қуқық
Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті 24.12.2024
Бүгін Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды.Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews кеңсесінің ашылуы Қазақстанның ақпарат саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Министр бұл тек географиялық ауқымды кеңейту емес, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын, заманауи жетістіктерін әлемге көрсетуге берілген жаңа мүмкіндік екенін айтты.«Мемлекет басшысы қазақстандық мәдениетті, туристік және инвестициялық әлеуетті халықаралық деңгейде таныстыруды тапсырған болатын. Менің ойымша, бұл кеңсенің ашылуы осы жұмыстарға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл кеңсе мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналып, жаңа идеялар мен креативті шешімдерді ілгерілетуге үлес қосады. Бұл бастама арқылы тек өзара түсіністікті арттыратын ғана емес, жаһандық медиа кеңістікті байытатын жобалар дүниеге келетініне сенімдімін», – деді министр.Бірлескен ынтымақтастық аясында Euronews 39 миллионнан астам көрерменді қамтыған Көшпенділер ойындарының материалдарын трансляциялады.Сондай-ақ, қазақ халқының мәдени мұрасы мен инвестициялық жобалары туралы 10 бағдарлама, хабарлар мен сұхбаттар жарияланды.«Қазақтар – Ұлы Дала өркениетінің мұрагерлері, Орталық Еуразиядағы көкпаршы көшпенді халықтардың мемлекеттілік дәстүрінің ізбасарлары. Қазақ хандығы 1465 жылы Алтын Орда күйрегеннен кейін құрылып, кейіннен тәуелсіз мемлекет ретінде қазіргі Қазақстан Республикасының қалыптасуына әкелді. Келесі жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан 20 миллион халқы бар әлемдегі ең ірі 40 экономика қатарынан орын алып, көптеген экономикалық және саяси реформалармен үлгі боларлық жолды көрсетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен бірнеше саяси реформалар табысты жүзеге асырылды. Осы өзгерістердің арқасында бүгін тарихи сәт – Астанадағы Euronews кеңсесінің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Біз Қазақстанның экономикасы, мәдениеті және мұрасы туралы халықаралық аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Қазақстандық кәсіпкерлермен, суретшілермен және таланттармен жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа шындығын және жарқын болашағын көрсететін үш түпнұсқалық телешоу әзірлейміз», – деді өз кезегінде «Euronews» Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас.Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі – Euronews academy жобасын жүзеге асыру. Оның аясында отандық журналистерге шетелдік спикерлердің қатысуымен офлайн тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастырылатын болады. Бұл қазақстандық БАҚ өкілдерінің кәсіби дағдыларына оң әсерін тигізеді.Қазіргі уақытта 20 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың қатарында мәдениет, өнер және өмір салты туралы «Modern Nomads» шоуы, бизнес пен экономикаға арналған өңірлік шоу – «East-West Connect», сондай-ақ өңірлік тұлғалармен сұхбаттар – «Voices from Central Asia» жобалары бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/905319
Әлеуметтік даму – өңіріміздің басты басымдығы 24.12.2024
Бүгін Қостанай облысының әкімі Кумар Аксақалов облыстық мәслихат сессиясына қатысты. Онда ағымдағы жыл қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі жоспарлар жарияланды.Бюджет пен кірістің өсуіКелесі жылы облыс бюджеті 606,1 млрд теңгеге жетіп, биылғы жылмен салыстырғанда 6,2%-ға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға артық болады. Өңірдің жеке кірістері де 7%-ға артып, 179,7 млрд теңгені құрады. «Біз қол жеткізген нәтижемен тоқтамаймыз, алдағы уақытта бюджетті одан әрі арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді Кумар Аксақалов.Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы2025 жылы білім беру саласына 210 млрд теңге бөлінеді, бұл облыс бюджетінің 35%-ын құрайды. Соңғы екі жылда осы салаға бөлінген қаржы 20%-ға өсті. Келесі жылы мектептер мен балабақшалар құрылысы жалғасады, сондай-ақ 1–4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге 5,7 млрд теңге қарастырылған.Денсаулық сақтау саласына 110 млрд теңге бөлінеді. 2024 жылы 25 медициналық нысанның құрылысы аяқталады, ал келесі жылы Қостанай ауданындағы емхана салынып бітеді. Сонымен қатар аудандық ауруханалар мен емханаларға медициналық техника сатып алуға қосымша 4 млрд теңге жұмсалмақ.Спортты дамыту мен тұрғын үй құрылысыДене шынықтыру мен спортты дамытуға 20 млрд теңге бөлінеді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 47%-ға артық. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында 22 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат Құнай ықшамауданында 12 көпқабатты және 124 жеке тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға, Береке ықшамауданында 5 үйдің құрылысын аяқтауға жұмсалады. Тобыл қаласында 10 үйдің құрылысы аяқталып, тағы 30 үйдің құрылысы басталады.Жол құрылысы мен сумен жабдықтауКелесі жылы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге 93 млрд теңге бөлінеді, бұл биылғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. 80 кіреберіс жол мен 103 елді мекендегі 362 көшені жөндеу жоспарланған.Сумен жабдықтау жобаларына 13 млрд теңге бағытталады. «Біздің мақсатымыз – 2026 жылға дейін барлық елді мекендерді сапалы сумен қамтамасыз ету», – деп атап өтті өңір басшысы. 2025 жылы осы салада 30-дан астам жоба жүзеге асырылады.Бизнес пен агроөнеркәсіптік кешенді қолдауКелесі жылы оңтүстік өңірлердің тұрғындарына 1%-дық жеңілдікпен несие беру бағдарламасы жалғасады. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 17 млрд теңге бөлініп, Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесі қолданылатын болады.ҚорытындыКумар Аксақалов жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында жергілікті өкілді органдардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. «Мәслихаттар – билік пен халық арасындағы көпір. Өңіріміздің табысы барлық билік тармақтарының тиімді өзара іс-қимылына тікелей байланысты», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/904512
Қостанай облысында «Аруана-2010» ЖШС-нің жаңа диірмен кешені ашылды 24.12.2024
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Аруана-2010» ЖШС-нің диірмен кешенінің ашылуына қатысты. Жаңа нысан өңірдің тамақ өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадамға айналды. Диірмен кешенінің құрылысына 3 миллиард теңге инвестиция құйылды. Оның қуаттылығы жылына 180 мың тонна ұн өндіруге жетеді. Кешен облыста 100 жаңа жұмыс орнын ашты, бұл әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін аса маңызды. Құмар Ақсақалов жаңа кәсіпорынның ашылуы Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру болып табылатынын атап өтті. Қайта өңдеу саласын дамыту стратегиясы Алдағы жылдары облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 60%-дан 70%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл мақсатқа заманауи технологияларды қолданатын жобаларды іске асыру арқылы қол жеткізілмек:•«КАЙДЗЭН» ЖШС-нің бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауыты (инвестиция көлемі – 9 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 170 мың тонна, 70 жұмыс орны).•«AC Agro» ЖШС-нің ұқсас зауыты 2026 жылы іске қосылады (24 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 100 мың тонна, 50 жұмыс орны).•«Qostanai Grain Industry» ЖШС 2027 жылға қарай жылына 415 мың тонна астықты терең өңдейтін жобаны іске қоспақ. Бұл жоба глютен, крахмал, аминқышқылдары және биоэтанол сияқты сұранысқа ие өнімдерді өндіруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мүмкіндіктер «Бұл жобалар егістік алқаптарын әртараптандыруға, шаруашылықтардың рентабельділігін арттыруға, ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорт көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов. Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар да дамып келеді. Мысалы, «МИЛХ» ЖШС ірімшік өнімдерін өндіретін зауыты (инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна, 35 жұмыс орны). 2027 жылға дейін жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу өңір бюджетіне қосымша 3 миллиард теңге түсім әкеліп, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрады. Сондай-ақ жалақы көлемі 70%-ға артады. Өңір экономикасы үшін маңызды қадам «Аруана-2010» ЖШС диірмен кешенінің ашылуы қайта өңдеу саласының тұрақты өсуін қамтамасыз ете отырып, облыс экономикасын нығайтады. Құмар Ақсақалов жаңа нысан мемлекет пен бизнестің табысты ынтымақтастығының жарқын үлгісі болатынына сенім білдірді. «Кешен өңірдің дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін», – деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/905047
Алматы жастар үшін мүмкіндіктер қаласы: жаңа орталықтар,пәтерлер және спорттық инфрақұрылым 24.12.2024
Алматы жастарын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Алматыда ОКҚ-нің көшпелі брифингінл қала әкімі Ерболат Досаев айтты.2024 жылы қалада 11 комьюнити-орталық және 4 нарко-STOP орталығы ашылып, 33 демалыс орталығы жаңғыртылды. Жыл басынан бері мегаполисте студенттік жатақханаларда 8 мыңнан астам (8 273) төсек-орын ашылды, сондай-ақ «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 3 321 пәтер берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматыда 3 спорттық-сауықтыру кешені ашылып, 50 көше-спорттық инфрақұрылым нысаны салынды.Осы шаралардың арқасында NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3% - дан 6,4% - ға дейін төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904921
«Бұл менің арманым еді» – Алматы әкімі мектептерді бір ауысымға көшіру туралы 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептерді бір ауысымды оқытуға көшіру мерзімі мен оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы журналистердің сұрағына жауап берді.«Биыл біз 43 мектепті бір ауысымды оқытуға көшіру үдерісін бастадық – бұл менің арманым еді, балалар бір ауысымда оқыса деген. Біз бұл бастаманың оң әсерін көріп отырмыз. Ұзақ мерзімді перспективада 2027 жылдың соңына дейін мектептердің кем дегенде 40%-ын, шамамен 95 мектепті бір ауысымда оқытуға көшіру жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың жүктемесін азайтып, қосымша сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді, себебі бір ауысымға көшу екі ауысымды режимнен туындайтын жүктемені жеңілдетеді», – деді Ерболат Досаев.Әкімнің айтуынша, оқу жылының басында қала мектептерінде оқушы орындарының тапшылығы шамамен 30 мың болған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.«Жайлы мектеп» жобасы аясында біз 22 мың оқушы орнын ашамыз. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін төмендейді. Одан әрі әкімдік білім беру нысандарын өз қаражаты есебінен салу және жаңғырту жұмыстарын жалғастырады. Бұл алдағы уақытта орын тапшылығының көбейіп кетуіне жол бермейді», – деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/904926
Алматы «Смарт сити» енгізуде: кешенді қауіпсіздік жүйесі мектептерді, балабақшалар мен ауруханаларды қамтиды 24.12.2024
«Смарт сити» мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.2022 жылы Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі (БВМЖ) іске қосылды. Бүгінгі таңда оған 50 мың видеокамера қосылған.2024 жылыкКешенді қауіпсіздік жүйесі барлық мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде (191) және мектептерде (215), сондай-ақ 64 медициналық мекемелерде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905292
1000 еуроконтейнер және жаңа контейнерлік алаңдар: Алматыда ҚТҚ шығару инфрақұрылымы қалай жаңғыртылуда 24.12.2024
Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) жинау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Қатты тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару – жайлы қалалық орта құрудың маңызды міндеті. 2012 жылы салынған инфрақұрылым физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген», – деді әкім.Мегаполис басшысы 2,8 мың евроконтейнер мен жерасты контейнері 400 алаңда жаңартылғанын атап өтті.2025 жылы 723 алаңда тағы 2,7 мың жаңа контейнер, оның ішінде 1 683 жерасты және 1 000 еуроконтейнер орнату арқылы қаладағы барлық контейнерлік алаңды толық жаңғырту аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905293
Алматыда 2025 жылы жылумен және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарлануда 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ - да өткен брифингте жылумен және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтты.2024 жылы Алматыда 20 км жылумен жабдықтау желілері, 220 км астам электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылып, 85 қазандық қайта жаңартылды, бұл жылыту тиімділігін едәуір арттырды.Келесі жылы ауқымды міндеттер жоспарланған - 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту.Қабылданып жатқан шаралар инфрақұрылымның тозуын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.2024-2025 жылдардың қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8% — ға азайып, 54,1% -ды құраса, ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7% - ға азайып, 63,3% - ға жетті.Қала басшысы инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту әкімдік жұмысының басым бағыты болып табылатынын атап өтті. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам инфрақұрылымды жаңартуға қаражатты тиімді бөлуді қамтамасыз ететін инвестициялық бағдарламаларды пайдалану болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905294
Алматыда оқушы орындарының тапшылығын жою және білім беру инфрақұрылымын жақсарту белсенді түрде шешілуде – Ерболат Досаев 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі брифингте қаланың білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелерін баяндады.Биыл Алматыда 18 білім беру нысаны салынып, 11,7 мың оқушы орны қамтамасыз етілді. Осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына қарай орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады.Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартын енгізу. Бұл жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200-ге жеткізілді, бұл 15,3 мың оқушыны қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы автобус саны тағы 100-ге көбейтіледі, бұл оқушыларға мектепке қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде баруға жағдай жасайды.Қала әкімі Ерболат Досаев білім беру инфрақұрылымын дамыту сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.Жалпы, Алматыда оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл жаңа мектептер салу, жергілікті бюджет есебінен қосымша ғимараттар салу арқылы жүзеге асуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905296
Инфрақұрылымды жаңғырту және бюджетті ұлғайту: Алматыда денсаулық сақтау саласы қалай дамып отыр 24.12.2024
Алматыда денсаулық сақтау саласында 32 нысан салу және жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте мәлімдеді.Биыл денсаулық сақтау саласының қаржыландыру 25%-ға артты. Әсіресе, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.Биыл Алматының мәслихаты медициналық-санитарлық көмектің біріңғай стандартын бекітті, соның аясында 4 МСАК орталығы мен 1 емхана салынды, сондай-ақ 32 нысанның құрылыс және жаңғырту жобалары (15 аурухана, 2 перзентхана, 7 емхана, 6 МСАК орталығы) әзірленуде.Сонымен қатар, 2024 жылы қалада Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге маңызды үлес қосқан ерте араласу орталығы құрылды.Қала әкімі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл басым бағыттағы жұмыстар келесі жылы жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905297
Алматыда жедел медициналық жәрдем автопаркі 40 пайызға жаңартылды 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте қалада медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Мәселен, осы жылдың маусым айында Қазақстанда алғаш рет «Фетальды хирургия» пилоттық жобасы енгізілді. Енді Алматыда жылына 150-ге дейін жатырішілік операция жасауға болады. 2024 жылы 3 753 пациент 9,2 млрд теңге сомасына 45 нозология бойынша орфандық препараттармен қамтамасыз етілді. Айта кетерлігі, бұл бағыттағы қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 10% - ға өсті.Соңғы екі жылда жедел медициналық жәрдем автопаркі 37% - ға жаңартылды. 2023 жылы 55 машина, 2024 жылы 48 машина сатып алынды.Қала басшысы денсаулық сақтау саласындағы таңдалған курстың дұрыстығын а.ж. 11 айының қорытындылары нақты растайтынын атап өтті, ол бойынша ана өлімі 48,2% – ға, нәресте өлімі – 5,4% - ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-16% - ға төмендеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905298
Алматы табиғи тәуекелдерден қорғауды нығайтады: сейсмикалық қауіпсіздік және тау бөктеріндегі жұмыстар 24.12.2024
Алматылықтардың қауіпсіздігі негізгі басымдық болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.Табиғи тәуекелдерді азайту мақсатында 1974 жылдан бері алғаш рет Мохнатка және Горельник тауларында беткейлерді тазарту жүргізілді, 6 мореналық көлде профилактикалық жұмыстар жүргізілді және Есентай өзенінің арнасы нығайтылды.Ең маңызды міндет-сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. 10 916 нысанға сейсмоаудит жүргізілді (1 641 – көппәтерлі тұрғын үй, 9 275 – азаматтық нысан). Ағымдағы жылдың 17 қазанда "Mass Alert" халықты хабардарететін жүйені пайдалана отырып, қалалық сейсмикалық тексеру жүргізілді.Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905299
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті 24.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының мамандарын кәсіби мереке - Энергетика күнімен құттықтап, оларға құрмет марапаттарын тапсырды.Қазақстан Президентінің Жарлығымен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов «Құрмет» орденімен марапатталды. Оның кәсіби жолы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ құрамына кіретін Жамбыл аудандық электр желілерімен байланысты. Нұрахан Сейітқұлов ауылдық округтің шеберінен ЖАЭС-тің бірінші басшысына дейінгі жолдан өтті.III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Алматы Қала Жарық», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго» және «Алматы электр станциялары» кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды.Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың Алматы инфрақұрылымын дамытудағы және қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы басты рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/905300
Облыс әкімі ҚР мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты 24.12.2024
Мәслихаттардың 30 жылдығы атап өтілуде. Осыған орай «Amanat» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның қатысуымен салтанатты жиын өтті.Шараға барлық сегіз шақырылымның депутаттары шақырылды.Облыс әкімі депутаттық корпусты атаулы күнмен құттықтап, мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін атап өтіп, олардың өңірді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдаудағы маңыздылығына тоқталды. Асхат Шахаров түрлі шақырылымдағы депутаттарға азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.«Ақтөбе облысының мәслихаттары 30 жыл бойы халықтың сенімін ақтай отырып, елдің бірлігі мен тұрақтылығы үшін еңбек етті. Сіздер – халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Әлеуметтік-экономикалық даму процестерін қалыптастыру сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Депутаттар әрқашан бюджетті қалыптастырудан бастап, инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтің әлеуетін көтеруге дейінгі маңызды мәселелерге назар аударады. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқара беретіндеріңізге сенімдімін», - деді аймақ басшысы.Сондай-ақ, әкім бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өзекті мәселелерді қалай шешкені туралы естеліктерімен бөлісті. Ол әріптестерімен бірге инфрақұрылымды жақсарту, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау және ауылдық жерлерді қолдау бойынша қалай жұмыс істегенін айтты.Өз кезегінде Гүлқасима Сүйінтаева облыс әкіміне депутаттармен тиімді қарым-қатынас орнатқаны үшін алғысын білдірді. Төраға мәслихаттың жемісті қызметін, депутаттардың сіңірген еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, оларға өңірдің дамуына және халықтың әл-ауқатына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.«30 жыл ішінде облыстық мәслихатта 8 шақырылым ауыстырылды, осы кезеңде 260 адам депутат болып сайланды. Мәслихат – бұл азаматтардың мүдделері мен билік тетіктері ұштасатын алаң. Біз әртүрлі партиялар мен кәсіптерден болғанымызбен, біздің ортақ мақсатымыз - халықтың әл-ауқатын арттыру және елімізді дамыту.Бүгінгі сегізінші шақырылым жаңа форматта жұмыс істеуде: сайлау алғаш рет пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша өтті, бұл қоғамды демократияландырудағы маңызды қадам болды. Депутаттық корпус тәжірибе мен жаңа идеяларды үйлестіре отырып, 70%-ға жаңарды. Мәслихатта 34 депутат бар: 17-сі партиялық тізімдер бойынша, қалғандары бір мандатты округтер бойынша сайланды.Мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында ел Президенті мәслихаттардың өкілеттіктерін нығайтудың, бюджеттік жоспарлауға белсенді қатысудың және қоғаммен тікелей диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Біз бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз», - деді Гүлқасима Сүйінтаева.Салтанатты жиын барысында түрлі шақырылымдардың депутаттары мәслихаттағы өз жұмыстарын еске алып, сөз сөйледі. Олардың арасында облыстық мәслихаттың бірінші хатшысы Балихан Жоламанов, Парламент Сенатының бұрынғы депутаты Мұхтар Жұмағазиев, бірінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Қуанышев және басқалар бар. Олар өз қызметінің маңызды сәттері туралы айтып, тұрғындармен өзара іс-қимылдың және өңірдің өзекті мәселелерін шешудің маңыздылығына тоқталды. Депутаттар халыққа қызмет ету әрқашан олардың жұмысының басты міндеті болғанын және болып қала беретінін алға тартты.Ресми шара соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар халық қалаулысы Ақтөбе облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905262
ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МҰНАЙ БИТУМДАРДЫ МОДИФИКАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАСТАЛДЫ 24.12.2024
ЕСЕНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МҰНАЙ БИТУМДАРДЫ МОДИФИКАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАСТАЛДЫЕсенов университетінің «Инжиниринг» және «Ғылым және технологиялар» факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы және өндірістік мекемелері мен ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерінен құралған зерттеу тобы 2023-2025 жылдарға жоспарланған «Мұнай битумдарын резеңке-техникалық қалдықтармен модификациялау» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асырып келеді.Жоба жетекшісі т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Анар Аккенжееваның айтуынша, жоба қалдықтарды қайта өңдеп кәдеге жарату және жол битумының физика-химиялық сипаттамаларын жақсарту үшін резеңке-техникалық қалдықтарымен мұнай-жол битумдарын модификациялау технологиясын зерттеу және әзірлеу мақсатында жүргізіледі.«Битум модификациясына қолдану үшін девулканизацияланған резеңке үгінділер алынып, жай және девулканизацияланған резеңке үгіндісінің құрамы мен құрылымы зерттелді. Битумдарды модификациялау процесінің уақыты мен температурасы, резеңке үгінділердің оңтайлы мөлшері анықталды. Резеңке-битум байланыстырғыштарының үлгілерінің құрылымы зерттелді», - деді ғалым.Зерттеу тобы Маңғыстауда ерекше қорғалатын аумақтар мен аймақтың резеңке қалдықтарымен ластануы сияқты экологиялық мәселені шешу өңірдің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтеді.Ғылыми жобаны жүзеге асыруға «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының магистранттары, жас ғалымдар тартылған. Жоба нәтижелері бойынша Scopus базасының бірінші квартиліне кіретін жоғары рейтингті журналдарда екі мақала жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/904934
ӨМІР БОЙЫ ОҚУ: БІЛІМ БЕРУ МЕН ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЖАҚЫНДАТУ ЖОЛЫ 24.12.2024
ӨМІР БОЙЫ ОҚУ: БІЛІМ БЕРУ МЕН ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЖАҚЫНДАТУ ЖОЛЫАлматы қаласында заманауи еңбек нарығының талаптарына білім беру жүйесін бейімдеудің құралы ретінде микроквалификацияларды дамытуға арналған семинар өтті.Стратегиялық серіктестер форумының аясында Италияның Академиялық мобильділік және тану ақпараттық орталығы (CIMEA) мен ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы арасында микроквалификациялар бойынша семинар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілген болатын.Семинар Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен өткізілді.Семинар жұмысына Қазақстанның 103 жоғары оқу орны мен колледждерінің өкілдері қатысты.Семинардың ашылуында сөз сөйлеген ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова бейресми білім беру және микроквалификацияларды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы айтты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова микроквалификацияларды әзірлеу және енгізу стандарттары туралы баяндама жасады. «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ляззат Шонаева кәсіби біліктіліктерді әзірлеудегі Ұлттық палатаның рөліне тоқталды. Ұлттық біліктілік жүйесінің әдістемелік қолдау департаментінің директоры Сандуғаш Конқаева кәсіби біліктіліктерді дамытуда әртүрлі құрылымдардың өзара іс-қимылы туралы баяндады.CIMEA бас директоры Лука Лантеро және директоры Киара Финокетти халықаралық тәжірибе жайлы атап өтті. Олар Италияның тәжірибесі мен микроквалификациялар саласындағы халықаралық стандарттарды ұсынды.Семинар бағдарламасы экономикадағы негізгі салаларда: IT, маркетинг, қаржы және өндіріс салаларында микроквалификацияларды енгізудің табысты үлгілерін талқылауды қамтыды. Іс-шараның қорытындысында Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығы мен CIMEA арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибені интеграциялауға жол ашады.Үш күнге созылатын семинар қатысушыларға халықаралық тәжірибелерді жан-жақты зерделеуге және CIMEA-ның жетекші мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл шара кәсіби білім беруді жаңғыртуда және оның еңбек нарығының өзекті талаптарымен байланысын нығайтуда маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/904969
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ 24.12.2024
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ2024 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.Кездесу Астана қаласы, Astana IT University, Мәңгілік Ел даңғылы 55/11, EXPO бизнес-орталығы, С1 блок мекенжайы бойынша өтеді.Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/905270
Жамбылдық үздік жастар марапатталды 24.12.2024
Ең үлкен өңіраралық бәсекелестік – талантты жастар үшін. Дарынды жастарды облыста ұстау, тұрақтандыру, өзге өңірлерден тарту үшін оларға жергілікті жерде барынша қолдау көрсету маңызды. Өңірдің үздік жастарын марапаттау салтанатында осылай деген аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бәсекелестікте Жамбыл облысының әлеуеті зор екенін, түрлі қолдау шаралары ұйымдастырылып жатқандығын жеткізді.Шара барысында Ербол Қарашөкеев түрлі салада жыл бойы жемісті еңбек еткен жастарға «Әулиеата үздігі» сыйақысын және түрлі жобалар бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстады.- Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында», – деп сенімді баға берген болатын. Бұл сөз білімі ерек, ойы ұшқыр, талабы мықты жастардың қатарын арттырып, олардың ұранына айналды десек қателеспейміз.Еліміздегі әрбір игі бастамалардың барлығы жастардың кемел келешегіне негізделген. Сіздер еңбек пен білімді, ар мен намысты, Отан алдындағы парызды ту етіп ұстасаңыздар алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ деп есептеймін. Жастық жігерлеріңіз жалындай берсін! – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев 2025 жылы өңірде «Тараз - кітап оқитын қала» жобасы қолға алынатынын атап өтіп, игі бастамаға барша жамбылдық жастың қолдау көрсететініне сенім білдірді. Сонымен бірге 10 мыңнан астам еріктінің ерен еңбегіне алғыс айтты.Бұдан соң үздік жастарға облыс әкімінің «Әулиеата үздігі» сыйақысы табысталды.«Үздік жас ақын» номинациясы бойынша облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша «Еуразия» бірінші арнасы телеарнасының тілшісі Ұлдана Жұбай, «Үздік жас педагог» номинациясы бойынша Ә. Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Дәурен Естаев, «Үздік жас спортшы» номинация бойынша ҚР спорт шебері Бексұлтан Боранбай, «Үздік жас медицина саласының маманы» номинациясы бойынша Жамбыл аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі Бикен Аманғалиқызы, «Үздік жас өнер саласының маманы» номинациясы бойынша К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Дидар Басықараев, «Үздік жас құтқарушы» номинациясы бойынша Тараз қаласы №20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Байдаулет Дусейнов, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» номинациясы бойынша облыстық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құндызай Бөгенбаева, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша Талас ауданы әкімдігінің сектор меңгерушісі Батырхан Төмешбай, «Үздік жас өндіріс саласының маманы» номинациясы бойынша «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің аға зертханашысы Салтанат Займанова, «Үздік жас өнертапқыш» номинациясы бойынша канадалық «MaintainX» Старт АП компаниясының қызметкері Мұхтарәлі Әбуәлі марапатталды.Салтанатты шарада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Атап айтқанда, ғылым бағыты бойынша Дәулет Жаманқұл, Шынар Тоқтамыс, мәдениет бағыты бойынша Аяна Ким, Ақарыс Сайлау, ақпараттық технологиялар бағыты бойынша Әлихан Әділ, Мерей Жолдасбек, бизнес бағыты бойынша Патима Байтұрсын, Азамат Немелбек, медиа бағыты бойынша Мерей Бает, Ерқасым Әбдірахман 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.Айта кетейік, Жамбыл облысы халқының 29,1 пайызын жастар құрайды. Биыл 23 758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Жасыл ел» жобасы аясында 2 000 жас маусымдық жұмысқа орналасты.344 жастың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант берілді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 326 жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.Өткен жылы «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 144 жасқа баспаналы болу бақыты бұйырса, биыл 140 жас отбасыға пәтер кілті табысталады. Аталған бағдарлама келесі жылы да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/905175
Шет ауданында 34 отбасы жаңа үйге қоныстанды 24.12.2024
Тәуелсіздік күні аясында Шет ауданының 34 отбасына жаңа үйдің кілтін алды.Ақсу-Аюлы ауылында 26 адам баспана алған, оларға 3 және 4 бөлмелі пәтер берілді. Ақжал кентінде екі жаңа таунхауста сегіз отбасына үй берілді.Жаңа қоныстанушыларға кілтті Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров табыс етті. Ол тұрғындарды көптен күткен оқиғамен құттықтап, оларға жаңа үйде бақыт пен береке тіледі."Тұрғын үй кезекте тұрғандар үшін арнайы салынған. Үйлер әрленіп, тапсырылған. Барлық пәтер сатып алу құқығымен жалға беріледі", – деп атап өтті аудан әкімдігінде.Жаңа үйлердің айналасы асфальтталған. Жылумен жабдықтау үшін ортақ қазандық қарастырылған.Биыл Шет ауданында 122 кезекте тұрғандар пәтер алды. Ауыл тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904486
Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жылдық шараларға шақырады 24.12.2024
Қарағанды хайуанаттар бағы 22 желтоқсанда жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырады. Мерекелік шара көшеде және жаңа ғимаратта өтеді. Хайуанаттар бағында барлығы төрт шырша орнатылады.Ертеңгілікте балаларға эльфтер мен аққалалар өнер көрсетеді. Бағдарламада Аяз Ата және Ақшақармен бірге шыршаның айналасындағы би, сондай-ақ көңілді ойындар, викториналар мен жарыстар бар.Мереке 13:00-де басталып, 15:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904487