Қуқық
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу 13.12.2024
Қазақстан су ресурстарын басқару жүйесін реформалауда елеулі қадам жасады. Бұл өзгерістер суды тұрақты және тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында су ресурстарына қол жеткізу және сапасы мәселесіне баса назар аударылды. Су тапшылығы проблемасы халық саны мен экономиканың өсуі аясында өзекті бола түсуде.Қазақстан трансшекаралық су көздеріне тәуелді болып қала береді, бұл теңгерімді су саясатын жүргізу қажеттілігін күшейтеді. Президент «Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы, осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады», деп атап өтіп, көршілес мемлекеттер бұл мәселеде өзара тиімді шешімдерді іздеуі керегін айтқан болатын.2024 жыл Қазақстанның су секторын реформалау мен дамытудағы маңызды кезең болды. Үкімет сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жедел жаңғыртуға бағытталған жұмыс жүргізді.Қазақстан трансшекаралық су көздеріне тәуелді болып қала береді, бұл теңдестірілген су саясатын жүргізу қажеттілігін шиеленістіреді. Президент «Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы, осы су көздері біздің халықтарымыз бен экономикамызды жақындастырады» деп атап өтіп, бұл мәселеде көрші мемлекеттермен өзара тиімді шешімдерді үнемі іздеу керегін айтқан болатын.2024 жыл Қазақстанның су секторын реформалау мен дамытудағы маңызды кезең болды. Үкімет сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жедел жаңғыртуға бағытталған жұмысты қолға алды. Маңызды міндеттерге жаңа су қоймаларын салу, жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, цифрлық технологиялар мен су үнемдеу шешімдерін енгізу жатады. Су ресурстарын басқару саласындағы реформаларды іске асыруды жалғастыру, су үнемдеу арқылы ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ су секторы үшін ғылыми базаны кеңейту және мамандар даярлау маңызды жаңалық болды.Инфрақұрылымды және ирригацияны жаңғыртуЕлімізде ауыл шаруашылығы жерлерін тұрақты суаруды қамтамасыз ететін су қоймаларын, бөгеттер мен каналдарды қосқанда, 13 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстар бар. 2024 жылы еліміздің оңтүстік аймақтарындағы суармалы жерлерге 10,9 км3 су жіберілді, ол суармалы егістікке арналған су қабылдаудың жалпы көлемінің 97%-ын құрайды. Талас және Шу өзендері бойынша көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды, бұл сумен жабдықтау және суару бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігінің айғағы. Биыл Шардара су қоймасына 4,8 млрд м3 су келді, яғни, 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.Мемлекет басшысы жедел ден қоюды талап ететін бірқатар негізгі бағыттарды атап өтті. Олардың ішінде – су инфрақұрылымын жаңғырту, тарифтік саясатты қайта қарау, су үнемдеу технологияларын енгізу және заңнамалық базаны жетілдіру ісі бар. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері еліміздің су шаруашылығы саласын түбегейлі өзгертуге бағытталған ауқымды реформаларды бастады. Жаңа нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды: жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді, Мәжілісте алғашқы тыңдаулар өткізілді, 2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы бекітілді, сондай-ақ 2028 жылға дейін су саласын дамытудың кешенді жоспары және 2026 жылға дейін су үнемдеу жөніндегі Жол картасы әзірленді.Бұл құжаттар су саласын жаңғыртуға, су үнемдеу технологияларын енгізуге және климаттың өзгеруінің салдарына орнықтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ маңызды қадам Су секторын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесін құру болды, ол өзекті мәселелер мен инновациялық шешімдерді талқылау үшін негізгі алаңға айналады.Су қоймаларын және ирригациялық жүйелерді жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 20 жаңа су қоймасын салу, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды қосқанда, жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын реконструкциялау жоспарланған.Бұл бастамалар су қоймаларының сыйымдылығын едәуір арттыруға және су ресурстарын басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді. Суару арналарын жаңарту тасымалдау кезінде судың жоғалуын 50%-дан 25%-ға дейін азайтуға көмектеседі, Бұл ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін қосымша су көлемін қамтамасыз етеді.Осы жылғы көрсеткіштер айтарлықтай ілгерілеуді көрсетеді: 2024 жылы Қазақстанда 93 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізілді, жалпы ұзындығы 592,9 км 260 бөгет салынып, нығайтылды.Жаңа Су кодексінің негізгі принциптеріКодекс су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерін шешуге, су тапшылығының алдын алуға және климаттың өзгеруі жағдайында экожүйелерді сақтауға бағытталған. Құжат бес негізгі қағидаға негізделген:- Суды тіршілік пен экономикалық дамудың негізі ретінде тану;Су ресурстарының экономикалық құндылығын есепке алу;Жер үсті және жер асты суларын кешенді пайдалану;Ұтымды пайдалану және суды үнемдеу;Су ресурстарын басқару мәселелеріне жұртшылықты тарту.Құжатта халық пен экономиканы су тапшылығы мен су объектілерінің ластану қаупінен қорғауды қамтитын су қауіпсіздігі ұғымы алғаш рет енгізілді. Сондай-ақ – «экологиялық ағын» – өзендердің, көлдер мен теңіздің экожүйелерін қолдау үшін сақталатын судың ең аз көлемі жайлы да ұғым енді. Бұл су объектілерінің сарқылуын және деградациясын болдырмайды.Су кодексі 121 бапты, 14 тарауды және 6 бөлімді қамтиды. Ол табиғатты пайдалануға, агроөнеркәсіптік кешенге, құрылысқа және энергетикаға байланысты 4 кодекске (экологиялық, кәсіпкерлік, азаматтық және жер) және 9 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.Су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыруСу секторын реформалау шеңберіндегі негізгі бағыт су ресурстарын есепке алу, басқару және болжау үшін цифрлық технологияларды енгізу болып саналады.2025 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр, ол су айдындарының нақты уақыттағы жай-күйіне мониторинг жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны мен құрғақшылықты болжауды қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 сәуірдегі тапсырмасын орындау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп ықтимал төтенше жағдайларды модельдеуге, стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдар жасауға мүмкіндік беретін «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеуде.Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 3,5 мың км суару желілерін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.Атап айтқанда, Қызылорда облысында Жаңашиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек және Сунақата сияқты бес арнада суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау стансаларын қайта құру жобасы іске асырылуда.Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында – 2024 жылдан 2026 жылға дейін 16 суару каналы автоматтандырылады.Сондай-ақ Қызылорда облысында 16 магистралды және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды іске асыру мерзімі 2026 жылдан 2027 жылға дейін, Ислам даму банкінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Оларды іске асыру нәтижесінде суаруға арналған су шығынын жылына 0,5 км3 төмендету жоспарлануда.Арналарды автоматтандыру судың сапалы және дәл есебін қамтамасыз етеді. Су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығында ұйымдастырылған ахуалдық орталық базасында үздіксіз мониторинг жасалады.2024 жылғы шілдеде Қазақстан Үкіметінің қаулысымен «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» РММ мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ болып қайта құрылды. Орталықтың қызметі келесі бағыттарға негізделетін болады:су пайдаланушылардың есеп беру жүйесін жетілдіру;су шаруашылығы саласындағы барлық деректерді жинау және өңдеу;су тасқынын қысқа және ұзақ мерзімді болжау және модельдеу;су тапшылығы қаупі туралы хабарлау;басқарушылық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органға өңделген деректерді ұдайы ұсыну және басқалар.Су секторын цифрландыру төтенше жағдайларға жедел ден қоюға ықпал етеді және су қорларын орнықты пайдалану үшін жағдай жасай отырып, басқарудың ашықтығын күшейтеді.Судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күресМинистрлік су ресурстарын басқарудағы бұзушылықтарға қарсы күресті бастады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Қазсушар» филиалдарына аудит жүргізді.Су кодексінің жобасына су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі – тергеу енгізіледі. Бұл шара су қорын қорғауды күшейтуге және бұзушылықтар үшін жауапкершілікті арттыруға арналған.Бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсті. Егер бұрын олардың саны 98 адам болса, қазір Қазақстанның бассейндік инспекцияларының жалпы штаты 242 адамды құрайды. Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекциялар бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді.Су дипломатиясы және көрші елдермен ынтымақтастықҚазақстан су дипломатиясын белсенді дамытуды жалғастыруда. Осы жылы еліміз Халықаралық Аралды құтқару қорына үш жылдық төрағалық етуді бастады әрі көршілермен сумен жабдықтау мәселелері бойынша маңызды келіссөздер жүргізді. Жыл басынан бері Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендер бойынша 35-ке жуық отырыс өткізілді.Қырғызстанмен және Өзбекстанмен Шу, Талас және Сырдария трансшекаралық өзендері арқылы Қазақстанға су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қытаймен 20-дан астам өзен, соның ішінде Ертіс және Іле өзендері бойынша келіссөздер жүргізілуде.Трансшекаралық су ресурстарын әділ бөлуге ықпал ететін Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы БҰҰ Конвенциясына Қазақстанның қатысуы маңызды қадам болды.Суармалы жерлерді кеңейту және суды үнемдеу технологияларыСу ресурстарының негізгі көлемін жер үсті сулары орташа көпжылдық көлемде 106 км3 қамтамасыз етеді, оның 55,7%-ы еліміз аумағында қалыптасады, қалған 44,3% – Қытай, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстаннан келетін трансшекаралық өзендерге тиесілі.Барлық су ресурстарының шамамен 60%-ы ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылады, бұл Қазақстанды ауыл шаруашылығында суды пайдалану бойынша Орталық Азиядағы суды көп қажет ететін елдердің біріне айналдырады. Бұл суармалы су шешуші рөл атқаратын аграрлық өндірістің сипатына байланысты.Қазақстанның ауыл шаруашылығы климаттың ерекшелігі мен су тапшылығын ескере отырып, суарудың тиімді әдістерін қажет етеді. Бұл тұрғыда су үнемдеу технологияларын енгізу жалғасуда және суармалы жерлердің көлемі 2024 жылы 312,2 мың гектардан 462,2 мың гектарға дейін ұлғайды. Тамшылатып суару мен жаңбырлату жүйелерін енгізуге ерекше назар аударылды. Бұл әдістер суды үнемдеуге ғана емес, сонымен қатар дақылдардың өнімділігін айтарлықтай арттырады. Атап айтқанда, тамшылатып суару арқылы фермерлер суды тұтынуды 40-50%-ға азайтып, дақылдардың өнімділігін 1,5-2 есе көбейте алады.Үкімет сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялауды ұлғайтты. Қаржыландыру бағдарламалары мен фермерлерді оқыту суарудың озық әдістерін таратуға көмектесті, бұл өз кезегінде аграрлық сектордағы экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына әкелді.Елді мекендерді сумен жабдықтау2024 жылға Қазақстанда 324 сумен жабдықтау жобасын іске асыруға 218 млрд теңге бөлінді. Бұл соманың 106 млрд теңгесі қалалардағы 122 жобаға, ал 112 млрд теңгесі ауылдық елді мекендердегі 202 жобаға бағытталды. Осы іс-шаралар шеңберінде биылғы 10 айда 39 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталды, 166 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды, ал 49 ауылда республикалық бюджет есебінен тозған су құбыры желілеріне реконструкция жасалды.2024 жылы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші қалаларда 99,5%, ал ауылдарда – 97,8%-ды құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл қалаларда 0,6% және ауылдық жерлерде 1,2% өсімге сәйкес келеді.Болашақ жоспарға орай елді мекендердің 100%-ын 2025 жылдың соңына дейін сапалы сумен жабдықтау қызметтерімен толық қамтамасыз ету көзделген, бұл еліміздің ауылдық және қалалық аумақтарында тұрмыс сапасы деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Су тасқынын басқару жүйелері және шұғыл шараларЕліміздің су шаруашылығы объектілері суды өткізу міндетін ойдағыдай орындады, суды экожүйелер мен ауыл шаруашылығына бағыттай отырып, су қоймаларын толтыруға мүмкіндік берді. Экономика салаларының қажеттіліктері үшін пайдаланылған 12 млрд м3 астам су жиналды. Егер өткен жылы су қоймаларынан жалпы су жіберу бүкіл су тасқыны кезеңінде шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл 1 айда су қоймаларынан жалпы су жіберу 36 млрд м3 астам құрады, бұл биылғы су тасқынының ауқымдылығын көрсетеді.Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,2 млрд м3 су жиналды, оның ішінде 3,3 млрд м3 су тасқыны кезінде құйылды. Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17,1 млрд м3 су келді. Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су келді. Осының арқасында, алғаш рет аталған су көлемі Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көл жүйелеріне жетті.Мемлекет басшысының 2024 жылғы 1 сәуірдегі тапсырмасын орындау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, су ресурстары және ирригация министрліктерімен бірлесіп «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеуде. Бұл жүйе ықтимал төтенше жағдайларды модельдеуге және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдар жасауға мүмкіндік береді.Су объектілеріндегі су шығыны болжамдары гидротехникалық құрылыстардағы төгінділерді реттеу және қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайлар кезеңінде қоршаған ортаға жүктемені азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге негіз болып саналады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің тарапынан әдістеме су қоймаларында және су шаруашылығы жүйелерінде суды пайдалану режимдерін талдау және түзету мақсатында жүргізіледі, сондай-ақ суды жедел бөлу үшін жасалатын жедел әрі болжамды су шаруашылығы баланстарының есебін регламенттейді. Ақпараттық жүйені іске қосу осы жылдың соңына дейін жоспарланған. Алдағы уақытта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарланған.Институционалдық өзгерістер және жаңа ғылыми мекемелерді құру2024 жыл су ресурстары саласындағы институционалдық өзгерістер тұрғысынан маңызды жыл болды. Атап айтқанда, су ресурстарын басқару жүйесінде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет қалпына келтірілді, ол су қорларын бақылау мен басқарудың сапасын жақсартуға, сондай-ақ сумен жабдықтау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл қызмет су ресурстарының жай-күйін бағалауда және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуде шешуші рөл атқарады.Сонымен қатар Қазақстанның 9 өңірінде гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бойынша мамандандырылған ұйым құрылды. Аталған ұйымдар гидротехникалық объектілерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған, ол өз кезегінде апаттық жағдайлар мен суды жоғалту қаупін азайтады.Маңызды институционалдық реформалардың ішінде балық шаруашылығы функцияларын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне беруді атап өтуге болады. Бұл өзгеріс балық шаруашылығы саласындағы қызметті үйлестіруді және балық өнеркәсібі үшін су ресурстарын пайдалануды жақсартуға мүмкіндік береді.Су секторында ғылымды және білім беруді дамыту2024 жылы Қазақстанда жаңа ғылыми және білім беру мекемелерін құру арқылы су секторын дамытуда маңызды қадам жасалды. Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институтының құрылуы өңірдің экологиясы мен су ресурстарын тұрақты пайдалануды зерттеуге елеулі үлес болды. Бұл институтта зерттеулер жүргізілуде, жаңа технологиялар әзірленуде және Каспий экожүйесінің жай-күйіне мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды, ол экология және су ресурстарын басқару саласында мамандарды белсенді даярлайды, бұл саланың кадрлық базасын нығайтуға ықпал етеді. 2025 оқу жылында университет «Гидроэкология» мамандығын енгізуді жоспарлауда. Бұл білім саласы әсіресе су ресурстарының ластануы, климаттың өзгеруі және су объектілерін ұтымды пайдалану қажеттілігі жағдайында өзекті болып отыр.Су секторы мамандарының біліктілігін арттыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі бірқатар шараларды жүзеге асыруда. 2024 жылы «Қазсушар» қызметкерлерінің жалақысы едәуір көбейді, бұл осы саладағы жұмыстың тартымдылығын ынталандырды. Сонымен қатар су мамандықтары «Болашақ» бағдарламасына енгізілді, бұл министрлік мамандарына шетелде оқуға өтініш беруге мүмкіндік берді. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша су саласының 450-ден астам қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.Студенттерге су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік берген 9 университетпен ынтымақтастық та маңызды элемент саналады.Қазақстан су шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытуда. Атап айтқанда, Тараз өңірлік университеті мен Ташкент ирригация инженерлері институты студенттерге екі елдің дипломдарын алуға мүмкіндік беретін қос дипломды білім берудің бірлескен бағдарламасы туралы келісімге қол қойды.Кәсіби біліктілік бойынша салалық кеңес құру және «Гидротехникалық мелиорация» сияқты кәсіби стандарттарды өзектендіру мамандарды даярлау сапасын едәуір жақсартты. Нидерландымен халықаралық ынтымақтастық аясында су ресурстарын басқару бойынша семинарлар мен тренингтер өткізілді, бұл қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етті.ҚХР-мен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2025 жылы су саласының 100-ден астам маманын оқытуға жіберу туралы келісімге қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/902713
ОДМ: Қазақстан 10 жыл ішіндегі аралық нәтижелерді ұсынды 13.12.2024
Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ОДМ-ға қол жеткізу жұмыстарының аралық нәтижелерін ұсынды.SDG Index Орнықты даму жаһандық рейтингінің деректері бойынша соңғы бес жылда Қазақстан индексі шамамен 71 баллды құрайды. 2024 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан рейтингі бар 167 елдің ішінде 66-орынға ие болды.Вице-премьер Қазақстанда ОДМ-ды тиімді іске асыру үшін берік институционалдық негіз құрылғанын атап өтті. ОДМ жөніндегі үйлестіру кеңесі мен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді мониторингілеу комитеті жұмыс істейді.Үкімет мақсаттарды елдің негізгі стратегиялық құжаттарында, оның ішінде өңірлік даму құжаттарында айқындауды ескере отырып, интеграциялау жөнінде шаралар қабылдады. Соның арқасында денсаулық сақтауды, білім беруді, ғылымды, экологияны, кәсіпкерлікті және т.б. басым салаларды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Қазақстан Париж келісімі шеңберінде экономиканы декарбонизациялау шараларын іске асыруды жалғастыруда. 2023 жылы 2060 жылға дейінгі Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Бұл климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі маңызды қадам.2025 жылы БҰҰ Жоғары деңгейдегі саяси форумында Қазақстан өңірлерде ОДМ-ды айқындауға, гендерлік теңдік пен жастар саясатына баса назар аударылатын үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/903196
Шалқар Байбеков Абай облысы мәслихатының төрағасы болып сайланды 13.12.2024
Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтті. Сессия барысында мәслихат депутаттарының шешімі бойынша жаңа төраға болып Байбеков Шалқар Заманбекұлы сайланды.Сессия жұмысына қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жаңа төрағаны құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Облысты одан әрі дамыту үшін мәслихат пен атқарушы биліктің өзара іс-қимылының маңызын атап өтті.Облыс мәслихатының бұрынғы төрағасы Қуаныш Сүлейменовтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Белсенді қызметі үшін оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасы атынан Құрмет грамотасын тапсырылды. Сондай-ақ депутаттар Қуаныш Сүлейменовке алғысын білдірді.Сессияда 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет, Абай облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарын бекіту және басқада мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902583
Абай облысының Құрметті азаматы атағы табысталды 13.12.2024
Облыс әкімдігінде «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі өтті. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жерлестеріміздің еңбегін атап өтіп, оларға айрықша белгісін салтанатты түрде табыстады.«Бүгін біз, екінші мәрте, өңірдің ең жоғары наградасы – «Абай облысының құрметті азаматы» атағын табыстау үшін бас қосып отырмыз. Бұл – елге адал қызмет жасап, құрметке бөленген, халықтың алғысы мен батасын алған жерлестерімізге арналған мәртебелі атақ. Марапат иелерінің әрқайсысы, өңірге, елге танымал. Тіпті шетелдіктер жақсы танитын жерлесіміз де бар. Сондықтан барлығы құрметке лайық деп санаймыз», - деді облыс әкімі өз сөзінде.«Абай облысының Құрметті азаматы» атағы:1. Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақстанның еңбек Ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева;2. «Вестник», «Адам. Энергия. Атом» журналдардың бас редакторы және ҚР Ұлттық ядролық орталығының төрағасы Эрлан Ғадлетұлы Батырбеков;3. Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арап Сләмұлы Еспенбетов;4. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Александрович Милютин;5. «Зайтенов» шаруа қожалығының басшысы Ерлан Әмірбекұлы Зайтеновке берілді.Айрықша белгі ерекше мағынаға ие. Ондағы ақ түс тазалықты, әділдікті және шексіздікті көрсетеді. Көк - бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы. Алтын түс байлық пен ұлылықты білдіреді. Белгінің ортасында жеті қырымен қоршалған Абай облысының контуры бейнеленген, олардың әрқайсысы оның дамуының негізгі бағыттарын: мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс, инновация және басқа да салаларды бейнелейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902823
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды 13.12.2024
Семейде ойшыл, ақын, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды. Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, ғалымдар, абайтанушылар, қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары қатысты.Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған ескерткіштің ұзындығы - тұғырымен қоса алғанда 7,7 метр. «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты мүсіндік композициясы қоладан құйылып, тұғыры тұтас граниттен жасалған. Бұл композиция арқылы мүсінші Шәкәрімнің данышпан бейнесін оң қолына кітап, сол қолына тасбих ұстату арқылы бейнелеп көрсетті. Ескерткіш авторы – Нұрбол Қалиев. Өнер туындысы Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысына қойылды.Ескерткіштің ашылуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады. Хатты салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев оқып берді.Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде Абай идеяларын жалғастырушы реалистік дәстүрді қалыптастырды. Оның мұрасының тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл түркі және шығыс мәдениеті үшін маңызы зор.Ескерткіштің ашылу салтанатының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтуінің символдық мәні бар. Өйткені Шәкәрімнің рухани мұрасы азаттық пен тәуелсіздік тақырыбымен үндес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/902837
Маңғыстауда «Ақтау – Бекет ата» жаңа туристік маршруты іске қосылды 13.12.2024
Бүгін, 13 желтоқсан күні, Маңғыстау облысында «Ақтау – Бекет ата – Ақтау» бағытындағы жаңа туристік маршруттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шарада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай алғашқы сапарға шыққан жолаушыларға сәттілік тіледі.- Бүгін қасиетті мекенге апаратын жаңа туристік маршрутты іске қосып отырмыз. Бекет ата мешіті – рухани құндылықтарымыздың алтын қазығы. Бұл жоба Маңғыстау өңірінде тарихи-мәдени туризмді дамытуға және қасиетті мекендерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Баршаңызға сәтті сапар тілеймін! – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.Жаңа бағыт аясында туристік автобус аптасына жеті күн бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Жолаушыларды тасымалдау үшін сыйымдылығы 51 орындық, жайлы және заманауи Yutong маркалы автобустар пайдаланылады. Автобустарда сапардың ұзақтығын ескере отырып, санитарлық торап (дәретхана) қарастырылған.Маршруттың бастапқы нүктесі – Ақтау қаласының 26-шағынауданында орналасқан облыстық орталық «Бекет ата» мешіті жанындағы автотұрақ. Автобус таңғы сағат 07:00-де жолға шығып, Оғыландыдағы «Бекет ата» мешітіне жеткізеді. Қайтар уақыт сол күнгі кешкі сағат 17:00-ге белгіленген.Туристік бағытқа билет құны ересектер үшін бір бағытқа – 1500 теңге, ал 7-18 жас аралығындағы балалар үшін – 750 теңге.Жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы – «Caspian Trans Corporation» ЖШС.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/902570
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылдағы соңғы сессиясы өтті 13.12.2024
13 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8-сайланған облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясы өтті. Жиында 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджетін талқылау, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері, облыстық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, партиялық фракциялардың тіркеуі қаралды.Сессия барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2025-2027 жылдарға арналған облыс бюджеті туралы баяндады. Басқарма басшысының мәліметінше, бюджеттің негізгі үлесін, яғни 68%-ын, әлеуметтік сала шығыстары құрайды. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығына бағытталған шығыстар да бар.- Білім беру саласында облыс бойынша 402 балабақша, 210 мектеп және 26 колледж қаржыландырылады. Ал денсаулық сақтау саласында тұрақты түрде тегін берілетін дәрі-дермектерге, медициналық ұйымдарды жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат толық көлемде қарастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру саласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға қаржы бөлінеді, - деді Светлана Нарешова.Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай 2025 жылға арналған жоспарларға тоқталды.- Бүгін осы жылдың соңғы сессиясын қорытындылап отырмыз. Жыл бойы халық қалаулыларымен бірге көптеген мәселелер талқыланды. Облыс дамуында, ел үшін еткен қызметтеріңізге, қолдауларыңызға алғыс білдіремін. Келесі жылы өңірде туризмді дамытуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар. Өздеріңізбен бірге маңызды бастамаларды іске асырамыз деген сенімдемін, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/903151
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының тұрғындарымен кездесті 13.12.2024
Жиында өңір басшысы биыл барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, келесі жылдың жоспарларына тоқталды. Облыс әкімі баяндама барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, ішкі өнім көлемін арттыруға үлес қосып жүрген кәсіпкерлерге, өңір мәртебесін республика деңгейінде көтеріп келе жатқан өзге де маман иелеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жерлестерді қала келбетін түзуде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Кездесу барысында тұрғындар облыс әкімі Дастан Рыспеков пен Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановқа ашық микрофон арқылы толғандырған мәселелерін жолдады. Азаматтардың мәселесі жол сапасын арттыру, дәрігерлердің жеткіліксіздігі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорынының жұмысы, білім беру мекемелеріндегі мәселелер мен инватакси қызметіне қатысты болды. Өңір басшысы кездесуден кейін жезқазғандықтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Облыс әкімі қала басшысына инватакси тасымалының уақытын реттеуді басқармалармен бірлесіп қолға алуды, батыс тұрғын алабы жолына бағдаршам орнату, Ғарышкерлер 13 тұрғын үйінің қасбетін жөндеу жұмыстарын келесі жылы қолға алу жұмыстарын жүргізуді, Үшінші ауылда аялдамалар орнатуды, денсаулық сақтау басқармасына Чернобыль апатына қатысқан азаматтардың медициналық нысандарда ем алуына жеңілдік жолдарын өзге облыстардың тәжірибесіне сүйене отырып қарастыруды тапсырды. Айта кетейік, кездесу басталғанға дейін басқарма басшылары өңір тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/902916
Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды 13.12.2024
Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында халықаралық стандарттарға сай жабдықталған эндоскопиялық диагностика орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен еліміздің штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы Диляра Қайдарова қатысты.Жаңа орталықта жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды пайдаланып, эндоскопиялық тексерулер мен шағын инвазивті оталарды жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, аурудың асқынуын тоқтатады. Сонымен қатар науқастарға седация кезінде қауіпсіз әрі ыңғайлы процедуралар ұсынылмақ.Жаңа орталықтың ашылуы онкологиялық ауруларға қатысты көптеген мәселені шешуге септігін тигізеді. Ерте диагностика маңызды рөл ойнайды. Соның арқасында науқас өз уақытын, дәрі-дәрмек пен қаражатын үнемдей алады. Аурудың алдын алуға да назар аудару керек. Ота бөлмесінде онколог дәрігерлер күн сайын науқастардың өмірі үшін күресіп, ең күрделі операцияларды жасайды. Облысымызда онкологиялық аурулардың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік беретін осындай орталықтың барына қуаныштымыз, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.Өңір басшысы ем алушыларға мейірім көрсетіп, қамқорлық танытатын медицина қызметкерлерінің де жұмысын ерекше атап өтті.Мекемеде жұмыс істейтін мамандардың барлығы бізді жылы шыраймен қарсы алды, бұл да емдеудің маңызды бөлігі саналады. Науқастар мұнда өте жақсы тамақтандыратынын жеткізді. Облыстағы барлық ауруханалар осындай деңгейде қызмет көрсетсе екен деймін. Басқа да медициналық мекемелерді осы дәрежеге көтеру үшін жұмыс істейтін боламыз, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.Сондай-ақ биыл облыстағы шалғай аудандардың халқы скринингтен өтті. Маралды және Катонқарағай ауданында тұратын әйелдер алғашқылардың бірі болып тексерілді. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарына осындай бағдарламалар туралы ақпарат таратып, өз денсаулығына қамқорлық танытудың маңызын түсіндіру керек деді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902558
Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көліктерге арналған электр қозғалтқыштары шығарылуы мүмкін 13.12.2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «ДИМ Строй» компаниясы өндірістік кәсіпорнының қызметімен танысты.Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өз жұмысын 2007 жылы бастаған. Бүгінгі таңда өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Негізгі қызмет түрлеріне күрделі деңгейдегі өндірістік және азаматтық құрылыс, автоматтандыру, электрмен жабдықтау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету, электр құрылғыларын жөндеу, тау-кен, өндірістік және технологиялық жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жатады.Аймақта өнеркәсіп саласын жүзеге асыру үшін бірнеше жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір Риддер ЖЭО-ның инфрақұрылымын күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіруді аяқтап жатырмыз, - деп түсіндірді кәсіпорын басшысы Константин Глухов.Өңір басшысына компания құрастырып, монтаждаған электр қозғалтқышы бар автокөлік үлгілері көрсетілді.Ермек Көшербаев болашақта экологиялық жағдайды жақсарту үшін облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді электр қозғалтқышына көшіру мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.Егер қазірден бастап өндірісте осындай технологияларды қолдансаңыздар, алдағы уақытта автобустардан бастап, қалған көліктерді де біртіндеп ауыстыруға болады, - деді ол жұмысшылармен әңгіме барысында.Облыс әкімі жергілікті өндірістерді қолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Оның сөзінше, «ДИМ Строй» аймақтағы басқа да кәсіпорындар сынды жаңа жұмыс орындарын ашуда, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда және заманауи технологияларды енгізуде үлкен рөл атқаратынын жеткізді.«ДИМ Строй» – жылу энергетикасы бағытында жұмыс істеп, өзге де салалар бойынша жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындардың бірі. Мұнда үлкен ұжым мен өзіндік корпоративтік атмосфера бар, - деді облыс әкімі.Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап компанияның көлік инфрақұрылымын құру мен энергетикалық инфрақұрылымды жобалауға қатысу мүмкіндігін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902565
ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Қытайлық серіктестерімен атом энергетикасы, мұнай-газ жобалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады 13.12.2024
2024 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі А.Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болды.Бейжіңде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті.Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді.Сондай-ақ А.Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, «Shanghai Electric» атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.Уран конверсиялау және байыту зауытына бару Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің Жолдауына сәйкес уранды конверсиялауды және байытуды қоса алғанда, құнды кластерлерді құру қажеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстардың жалғасы ретінде болды.Еске салсақ, 2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өтіп, онда азаматтардың көпшілігі атом электр станциясын салу идеясын қолдаған болатын. Бұл шешім еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/902390
Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда 13.12.2024
Білім сапасын арттыру мақсатында осы жылдың сәуір айында ҚР Үкіметімен Маңғыстау облысында тірек мектептер желісін дамытуға бағытталған «Отпан» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаға 50 мектеп қосылды. Бұл мектептерде 60 мың оқушы білім алып, 7 мың педагог қызмет атқарады. Бейнеуге жұмыс сапары кезінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Оның айтуынша мемлекет білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Өткен жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы аясында жеке инвесторлардың қатысуымен өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде әсіресе, Ақтөбе облысындағы «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру», Алматы облысындағы «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша білім сапасын арттыру», Маңғыстау облысындағы «Отпан» тірек мектептер желісін дамыту», Ұлытау облысындағы «Ustaz Ulytau» жобаларын атауға болады. «Ауыл мектебі - сапа алаңы» республикалық жобасы бұл білім сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам, ол оқу процесінің барлық аспектілерін қамтиды. Ол білім инфрақұрылымын жаңарту, мектептерді заманауи технологиялармен жабдықтау ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа әдістерін енгізу. Жобаның маңыздылығы педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруге басымдық берілуінде. Республикалық жобаның алғашқы нәтижелері қазірдің өзінде ауыл мектептерінде білім сапасының орташа 7-9%-ға артқанын көрсетіп отыр», - деді министр. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау облысында бүгінде 50-ден астам білім беру кеңістігі жаңартылды, оның ішінде пәндік кабинеттер мен STEM-зертханалар бар. Арт- және телестудиялар, балалар үшін демалыс аймақтары жасақталды. 300-ге жуық педагог пен мектеп әкімшіліктері кәсіби біліктілігін арттырды. Жоба екі жылға созылады. Оның қатысушыларының оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізіледі, аяқталғаннан кейін «Өрлеу» БАҰО АҚ мен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобадан кейінгі сүйемелдеу көрсетеді. Атап өту керек, «Отпан» жобасы Оқу-ағарту министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен, Білім беруді тұрақты дамыту қорының және «Halyk» қайырымдылық қорының қатысуымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/902388
Қараша айында Электрондық еңбек биржасында белсенділіктің маусымдық төмендеуі сақталды 13.12.2024
2024 жылдың қараша айында Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланды, яғни жұмыс берушілердің де, ізденушілердің де белсенділігі құлдырау динамикасын жалғастырды. Қазан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22% - ға (26,7 мыңға) азайды, ал түйіндеме саны 14% - ға (14,3 мыңға) азайды.Сұраныстың күрт төмендеуі негізінен жылу саласы жұмыскерлерінің қажеттілігінің төмендеуімен байланысты. Қазандық операторлары арасында айтарлықтай төмендеу болды – қазан айында 7 мыңнан қараша айында 500-ге дейін, қазандық машинистері – 2,3 мыңнан 408-ге дейін, сондай-ақ от жағушылар – 6,3 мыңнан 805-ке дейін төмендеді.Өңірлер бөлінісінде қараша айында ең көп бос жұмыс орындарын Астана қаласының (8 мың), Павлодар (6,4 мың) және Алматы (5,8 мың) облыстарының жұмыс берушілері орналастырды. Бос орындар санының ең көп қысқаруы Батыс Қазақстан (-52%, немесе -4,8 мың), Қызылорда (-49%, немесе -2,5 мың) және Маңғыстау (-42%, немесе -1,5 мың) облыстарында байқалды. Халық тығыз қоныстанған өңірлер арасында төмендеу Түркістан облысында (-34%, немесе -3,2 мың) және Алматы қаласында (-32%, немесе -3 мың) байқалады.Өткен айдағыдай, ЭЕБ-да қараша айында әрбір бесінші бос орынды жеке кәсіпорындар (19,8 мың), қалғандарын (77,1 мың) заңды тұлғалар орналастырды.Барлық түйіндемелердің жартысына жуығын 16 жастан 34 жасқа дейінгі жастар (43,9 мың) орналастырады, олардың ішінде ең белсенділері 16 жастан 24 жасқа дейінгі және 29 жастан 34 жасқа дейінгі топтар болып табылады, олар ЭЕБ-да орналастырылғандардың жалпы санының 18% - ын құрайды. Жұмыс іздеген әрбір төртінші (23 мың) - орта жастағы (35-тен 44 жасқа дейін) ізденуші, ал зейнеткерлікке дейінгі жастағы ізденушілерге барлық түйіндемелердің 9% (8,7 мың) тиесілі болды.Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынды. Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), талдау қызметінің бастығы (шамамен 1,2 млн теңге) және ұшқыштар (шамамен 1,1 млн теңге) сұрады.Осылайша, қараша айында ЭЕБ-да іздеу және жалдау белсенділігінің төмендеу үрдісі жалғасты. Жылыту жүйелерінің операторлары құлдырауға негізгі үлес қосты, себебі бұл кәсіпорындар қазан айында штатты қажетті кадрлармен қамтамасыз етті. Сонымен бірге еңбек нарығында маусымдық ауытқуларға ұшырамайтын мамандықтары бар мамандарға жоғары сұраныс сақталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/901273
Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 627,6 мың адам қамтылды 13.12.2024
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 627,6 мың қазақстандық қатысты. 496,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 311,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарына 185,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 32,2 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 108,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 417 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылды.Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 50,1 мыңы оқуды аяқтады.Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 57,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.Қызмет саласын таңдау мақсатында 202,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың басынан халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/902229
С. Жақыпова қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады 13.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық пен бақыт тіледі. «Биыл біз еліміздегі маңызды тарихи оқиғаның бірі – Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 33 жыл толуын атап өтеміз.Тәуелсіздік – біздің ата-бабаларымыз ежелден армандаған асыл мұраты еді. Егемендік алған Қазақстан өзінің мемлекеттік рәміздерін және төл валютасын енгізді, Конституцияcын қабылдады. Еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланды, даңғыл даму жолына түсті.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің еліміз кезіккен қиындықтарға қарамастан, ұзақ мерзімді әлеуметтік басымдықтарды белгіледі. Осы өткен 33 жыл ішінде әлеуметтік-еңбек саласында үлкен жұмыс атқарылды, барлық салалық заңдар, стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.Әлеуметтік міндеттемелерді орындау және халықтың әл-ауқатын арттыру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтары болып табылады.Бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 4,5 млн адамға, оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға жәрдемақылар мен зейнетақылар төлеуге 5,3 трлн теңге жұмсалды.Биыл БҰҰ-да Қазақстан ратификациялаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндама сәтті ұсынылды.Жалпы, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды күшейту шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі өзгеруде, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының жұмысы цифрландырылуда, төрт пилоттық аймақтағы балаларға қымбат тұратын техникалық оңалту құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Техникалық оңалту құралдарының инновациялық фабрикасы» пилоттық жобасы іске қосылды.Ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік төлем енгізіліп, қазіргі уақытта 13 мыңға жуық адамға тағайындалды.Осы жылдың тағы бір маңызды оқиғасы еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан біздің Министрліктің қарамағына беру болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері құрылды, еңбек заңнамасының сақталуында мемлекеттік бақылаудың тікелей және тәуелсіз жүйесі пайда болды.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының кешенін іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6% - ға дейін төмендетуге ықпал етті. Жыл басынан бері 845 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оқыту және кәсіптік бағдар беру түрінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларымен 315,1 мыңға жуық қазақстандық қамтылды.Барлық қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Барша отандастарымызға зор денсаулық, амандық пен бақыт, ал туған елімізге одан әрі гүлдену мен өркендеу тілеймін!» – делінген Светлана Жақыпованың мерекелік үндеуінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/902582
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды 13.12.2024
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Жібек жолы» телеарнасының ұйымдастыруымен «Жақсы адам–2024» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық елдің дамуына елеулі үлес қосқан және ерлік көрсеткен азаматтардың еңбегі үшін беріледі. Жеңімпаздар арасында құтқарушылар, дәрігерлер, педагогтар және басқа да мамандар бар. Лауреаттардың бірі Ақмола облысы ТЖД Астрахан ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аят Сералиев. Азаматтық қорғау майоры 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезіндегі жұмысы үшін марапатталды. Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылы оқшау қалған, ал Сералиев су басқан аудандардан эвакуациялау операциясын өзі басқарды. Ол 32 адам мен жануарларды құтқарды. Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев: «Елде 80 жылда болмаған су тасқыны жағдайында қазақстандықтар бірігіп, бар күштерін апатпен күресуге салды. Біздің құтқарушыларымыз, соның ішінде Аят Сералиев те алдыңғы қатарда жұмыс істеді». Аят Сералиев Ақмола облысы Сандықтау ауданының тумасы. Ол азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметін 2013 жылдан бері қарауыл бастығы лауазымынан бастады. Қазір басшылық лауазымда жұмыс істейді. Сералиев облыстың әртүрлі аудандарындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, соның ішінде өрт пен қысқы дауыл кезінде адамдарды құтқаруға қатысты. «Менің жұмысым — бұл адамдар алдындағы жауапкершілік. Күн сайын жаңа қиындықтар туындайды, мен қиын сәттерде адамдарға көмектесе алатынымды мақтан тұтамын», — деп азаматтық қорғау майоры атап өтті. Салтанатты рәсім сыйлық иегерлерін қолдаған мемлекет қайраткерлері мен мәдениет өкілдерінің де назарын аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/902338
Шығыс Қазақстан облысында оперетта және драма театрының алғашқы маусымы ашылды 13.12.2024
Оперетта «Magic on stage» состоялась на сцене Восточно-Казахстанского областного театра драмы и оперетты. В программе были представлены лучшие моменты из культовых постановок: «Айсулу», «MAMMA MIA», «Летучая мышь».- Из трех наших оперетт мы выбрали самые лучшие моменты и сделали микс. И для зрителя получился такой яркий концерт. До конца декабря мы поставим оперетту «Айсулу» и «Летучую мышь». Что будем ставить в Новом году - это пока секрет. Планируем гастроли, надо порешать вопрос с транспортом для такого большого коллектива, - рассказал главный дирижер оркестра ВКО театра драмы и оперетты Александр Галсанов.✔️ Мероприятие посетил аким области Ермек Кошербаев. Глава региона подчеркнул необходимость открытия таких театров в Риддере, районе Алтай и Зайсанском районе. - Искусство должно идти в массы. Я очень рад открытию сезона. Теперь необходимо двигаться дальше, расширять репертуар. Обязательно надо отправить вас на гастроли в Алматы и Астрахань. Готовьтесь. Это будет здорово, я думаю, наши артисты смогут произвести определенный фурор,- отметил аким Восточно-Казахстанской области Ермек Кошербаев в ходе неформального общения с артистами.✔️ Сами актеры признаются, что театр оперетты - большой творческий опыт для них.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/902030
Қазақстанда су тасқынын болжауға және модельдеуге мүмкіндік беретін «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде 13.12.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде су тасқынын болжауға және модельдеуге арналған «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде. Жүйе төтенше жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдар жасауға мүмкіндік береді.Ақпараттық жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жасап жатыр.Бүгінгі таңда су тасқынын болжау және модельдеу әдістемесі әзірленіп, бекітілді. Әдістеме бойынша уәкілетті органдар ақпараттық жүйеге су қоймаларындағы су деңгейі, су жіберу көлемі, гидрометео болжам сынды мәліметтерді енгізеді. Жинақталған деректер негізінде жүйе су тасқынының ықтимал сценарийлерін модельдейді.«Tasqyn» ақпараттық жүйесін осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.«Су ресурстары және ирригация министрлігі жедел су бөлуді жүзеге асыру үшін және су қоймалары мен су шаруашылығы жүйелерінің су ресурстарын пайдалану режимдеріне талдау және түзету мақсатында жедел және болжамды су шаруашылығы балансы есебін регламенттейді. Айта кету керек, су шығынын болжау - гидротехникалық құрылыстардан су жіберуді реттеу және қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайда қоршаған ортаға жүктемені азайту бойынша шұғыл іс-шараларды қабылдау үшін аса маңызды»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/902294
Облыс әкімінің Ақтаудағы жеке қабылдауы да түнгі 3:00 дейін жалғасты 13.12.2024
12.12.2024 жылы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесуінен кейін түнгі 3:00 дейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Облыс әкімінің жеке қабылдауы мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін тыңдаудан басталды. Олар қалада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы орта қалыптастыру қажеттігінен бөлек, жеке мәселелерін жеткізді.Сондай-ақ қабылдауға үйінің шатыры мен жертөлесінде, подъездері мен ауласында мәселе туындаған тұрғындар келіп, өңір басшысынан көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай коммуналдық саладағы ақауларды сол сәтте қалпына келтіру үшін жауапты азаматтарды, басқарма басшыларын тұрғындардың үйлеріне жіберді.Өңір басшысының қабылдауына Маңғыстау облысында «Елім» такси қызметін жүзеге асыруды бастаған кәсіпкер әйел келіп, әкімнен қолдау сұрады. Азаматтың өтініші қолдау тауып, жергілікті билік тарапынан меморандум жасау туралы шешім қабылданды.Жалпы, өңір басшысының қабылдауына 150-ден астам тұрғын келіп, өз өтініштерін жеткізді. Халықтың басым бөлігі еңбек дауы, жұмыссыздық, үлескерлердің құқықтарын қорғау, тұрғын үй мәселелері, жылумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласы және туристік бағыттарды дамыту сынды тақырыптарды көтерді.Облыс әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, барлық мәселелерді заң шеңберінде шешу үшін тиісті құқық қорғау органдары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/902379
Облыс әкімі комиссия отырысын өткізді 13.12.2024
Ведомствоаралық комиссия отырысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтар мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Шара облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өтті.Өз кезегінде Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірхан Ермағанбетов жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқарма жастардың қатысуымен түрлі рейдтер, заң сағаттары, спорттық жарыстар, жиналыстар ұйымдастырады. Жыл басынан бері барлығы 120 818 жастың қатысуымен 682 іс-шара өткізілген. «Jastarga – kenes» жобаларын іске асыру аясында оқу орындарында «Ұрпақ және ұлттық құндылықтар» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылып, «ESIRTKIGE JOL JOQ», «TAZA ORTA!», «ALAYAQ.NET» есірткі сатумен байланысты хабарландыруларды жою бойынша рейдтер жүргізілуде. «Заң және тәртіп» және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқандары аясында оқу орындарында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін полицейлермен кездесулер ұйымдастырылуда.Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетовтің ақпараты бойынша, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ, жастармен профилактикалық жұмысты және ата-аналардың бақылауын күшейту керек.Баяндамашыларды тыңдаған өңір басшысы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін мобильді топтардың жұмысын жандандыруды, әйелдер мен балалардың құқықтары туралы халықты хабардар етуді, аудандарда отбасын қолдау орталықтарын ашу мәселесін шешуді, 2025 жылы отбасылық құндылықтар және гендерлік теңдік жөніндегі жобаны қаржыландыруды қарауды тапсырды.Сондай-ақ, Асхат Шахаров жастар арасында қылмыс пен нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жауаптыларға міндеттеді.«Біз жастарды өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етіп, оларды спорттық секцияларға, клубтарға және спорттық іс-шараларға тартуға ерекше назар аударуымыз керек. Ұйымдастырылмаған бос уақыт - бұл біз азайтуға міндетті тәуекел. Денсаулық сақтау, білім және спорт басқармаларына нашақорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл жұмысты күшейту қажет, өйткені жастардың денсаулығы – біздің қоғам болашағының басты факторы. Халықтың қауіпсіздігі үшін қоғамдық орындарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қоғамдық орындарда және тұрғын үйлердің аулаларында бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау камераларын орнату қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттырады», - деп облыс әкімі алға қойылған міндеттердің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/902104