Қуқық
Астанада туристік индустрияны дамыту бойынша акселерация кеңесі өтті 14.12.2024
Астана, 2024 жылғы 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның қолдауымен туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша акселерация өткізді. Мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасында өткен сындарлы диалог барысында шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жерлерін пайдалану үшін ай сайынғы төлемдерді төмендету, несиелендіру мерзімдерін ұзарту және мемлекеттік қолдау шаралары, инфрақұрылым мен коммуникацияларға қолжетімділік талқыланды.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өзінің құттықтау сөзінде Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің болжамдары бойынша туризм индустриясының жаһандық экономикаға қосқан үлесі 2024 жылы рекордтық көрсеткішке – 11,1 трлн АҚШ долларына жететінін атап өтті. Осы тұрғыда 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тарту міндетін іске асыру аясында экономиканың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның туристік секторының әлеуетін тиімді ашудың маңыздылығы артып отыр. Тәсілдер мен реттеу стандарттарын жетілдіру саланы жаңғыртуға ғана емес, инвестиция ағынының артуына да ықпал етеді.«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әлихан Байдусенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-пен бірге туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.Сонымен қатар іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің, қаржы институттарының, квазимемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдері, оның ішінде «PANA ASIA» ЖШС, «TÖR’RE» компаниялар тобы, «Қасқасу Резорт» ЖШС, «Vista lagom» ЖШС және басқалар қатысты.Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды талдау және қажет болған жағдайда оларды ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі штаб отырысында талқылауға енгізу жоспарлануда.Акселерациялық кездесулердің мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін кедергілерді анықтау және жою, елдегі инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту. Бұл тәжірибе тиімді шешімдерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен жеке бизнес арасында өнімді диалог құруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901354
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды 14.12.2024
Қостанай, 2024 жылғы 9 желтоқсан – Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесу өткізіп, бірқатар өндірістік нысандарды аралады.Облыс әкімімен өткен кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және машина жасау сияқты негізгі салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық қызметті қолдау мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту, соның ішінде логистикалық маршруттарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар делегация Рудный қаласында орналасқан «Соколов-Сарыбай кен-өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Соколов кенішіне және байыту фабрикасына барып, темір кенін өндіру, темір рудасының түйіршіктері мен концентраттарын шығару процестерімен танысты. Компанияның өндірісті дамыту және инвестициялық жоспарлары туралы ақпарат берілді.Сапар барысында Ә.Қуантыров 78 млрд теңгеге салынған «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытына және 90 млрд теңге көлемінде инвестицияланған «TEHNOPARK KZ» ЖШС автомобиль кузовтарын шығаратын зауытқа барды. Бұл екі жоба да өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін маңызды болып табылады.Делегация сондай-ақ 90 млрд теңгеге салынатын «KIA» автомобиль зауытының құрылыс барысымен танысты. Жоспарға сәйкес зауыт 2025 жылы пайдалануға беріліп, жылына 70 мың автокөлік шығаратын болады. Инвесторлар зауыттың мультипликативтік әсері туралы айтып, бірқатар корей компанияларының Қостанай облысында автокөлікке қажетті қосалқы бөлшектер шығару өндірісін ашу жоспары бар екенін атап өтті. Бұл жобаны іске асыру үшін «KIA» компаниясы ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшартқа қол қойды.Әрі қарай Ә.Қуантыров пен А.Қожанов құны 20,7 млн доллар құрайтын «Баян Сұлу» АҚ-ның бисквит шығаратын жаңа цехының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл цех 2026 жылы іске қосылады. Сондай-ақ делегация сүт өнімдері мен балмұздақ өндіретін зауытқа және «МИЛХ» ЖШС-тың ірімшік шығаратын цехының құрылыс алаңына барды. Компания басшылығы өндірістік нысандарды кеңейту жоспарлары туралы мәлімет берді.Сонымен қатар «Qostanai Grain Industry» ЖШС-пен өткен кездесуде компания басшылары жалпы құны 70 млрд теңге болатын астықты терең өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаның таныстырылымын өткізді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 415 мың тонна астықты құрайды. Жобаны 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Осы жобаны жүзеге асыру аясында компания ҚР Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қоюға өтінім беруді жоспарлап отыр.Қостанай облысы экономиканы нығайту, салаларды әртараптандыру және жұмыс орындарын ашуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және халықаралық инвесторларды белсенді түрде тартып келеді. Қазіргі уақытта өңірдің инвестициялық пулында жалпы құны 2,2 трлн теңгені құрайтын 38 жоба бар. Бұл жобалар фосфор тыңайтқыштарын, құрылыс материалдарын және азық-түлік тауарларын өндіруді қамтиды. Іске қосылған жобалар 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901732
«YDA Holding» Қазақстанда инвестициялық қызметін кеңейтуді жоспарлауда 14.12.2024
Астана, 2024 жылғы 11 желтоқсан – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров түрік «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Хүсейін Арсланмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар компаниялар тобының Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейту жоспарларын талқылады.Х.Арсланның айтуынша, қазіргі жағдайда Орта дәліздің жоғары әлеуеті мен Транскаспий халықаралық көлік маршрутының маңызы артып келеді, сондай-ақ ол ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті өндірісті дамыту маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты басқарма төрағасы «YDA Holding»-тің Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені мен көлік-логистика саласындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын білдірді.Өз кезегінде Ә.Қуантыров Түркиямен стратегиялық әріптестік деңгейін атап өтіп, «YDA Holding»-пен көпжылдық табысты ынтымақтастық тәжірибесі бар екенін жеткізді. Осыған байланысты Министрдің орынбасары инвестициялар туралы келісім жасасу және жобаны сәтті іске асыру үшін салалық мемлекеттік органдармен келіссөздер ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.«YDA Holding» – құрылысқа маманданған әртараптандырылған компаниялар тобы. Топтың портфелінде құны 10,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 12 елдегі жобалар бар. Компания Қазақстанда 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін құны 320 млн долларды құрайтын үш жобаны жүзеге асырды: Ақтау және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ «Астана-Технополис» АЭА-дағы «YDA Industrial Park» көпсалалы өндірісті ашты. Қазіргі уақытта құны шамамен 1,35 млрд доллар құрайтын тағы үш жоба іске асырылу сатысында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/901899
ТҮРКІСТАН: САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! 14.12.2024
Отандасымыз Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында топ жарды. Ұлттық құрама спортшысы 92 келіде финалда Парвиз Каримовтің (Тәжікстан) осал тұсын тапты. Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері алғашқы және екінші раундта қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады.Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» спортшылары жарады. Ерлер құрамасын сапында 92 келіде Сағындық Тоғамбай топ жарса, әйелдер арасында 57 келіде Ұлжан Сәрсенбек қола жүлдегер атанды.Жалпы Қазақстан ерлер құрамасының еншісінде 4 алтын медаль бар. Олар: Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Сағындық Тоғамбай (92), Айбек Оралбай (+92). Сонымен бірге 5 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Ал әйелдер құрамасы 5 алтын медальмен топ бастады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901363
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 14.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі кәсіпкер, «Саутс-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжановпен және ТСС компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуде тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.Серікжан Сейітжанов өңірде 6 ірі жобаны бастағанын, оның екеуінің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. ТСС корпорациясымен бірлесе Созақта жүзеге асырылатын жоба арқылы жүздеген жұмыс орны ашылып, аймақтың өзіндік кірісі ұлғаймақ. Фосфорды байытып, өңдейтін зауытқа инфрақұрылым жеткізу мәселесі шешімін тапқан. Су, электр жеткізілген. Мұнда өндірілген өнімнің 80 пайыздайы экспортқа шығарылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге аймақта қуаты 320 МВт болатын газ электр станциясы салынады.Жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін келісімшарттарға қол қойылған. Фосфор өндіруде экологияға зияны жоқ заманауи технологиялар қолданылады.Дархан Сатыбалды жобаларға қолдау көрсетілетінін, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901514
ТӨЛЕБИДЕ «ТҰҒЫРЫ БИІК – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ 14.12.2024
Бүгін Төлеби ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Тұғыры биік –Қазақстан» атты әскери-патриоттық форум өтті. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып қызмет ету маңыздылығын, өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту жөніндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымдарын айтып өтті.Сондай-ақ Қазақстан жерін қорғауда ерлігімен есімдері тарих беттеріне жазылған тұлғалар өмірі жайында әңгімеледі. Жастардың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу бағытында еңбек етіп жүрген азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын, ұстаздарға «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін табыс етті.Форум барысында генерал-майор Ақжігіт Исабеков, аудандық маслихатының төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев, білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев сөз алды. Жиында патриоттық әндер шырқалып, Төлеби аудандық Шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимыл тобының сарбаздары қоян-қолтық күресінің әдіс-тәсілдерін көрсетті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901797
ТҮРКІСТАНДА «KULTOBE» МЕДИА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ 14.12.2024
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Kultobe» медиа студиясы ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, Облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Абдіқұлов медиа орталықтың тұсауын кесіп, игі бастамаға сәттілік тіледі.«Kultobe» медиа студиясы өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады.Студия арқылы ұлттық ұстанымдарды дәріптеу және насихаттау, дін мен дәстүрге арналған подкастар, танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу, қоғамдағы өзекті мәселелерге дер кезінде жауап беру көзделген. Мұнда жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/901804
ТҮРКІСТАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 500-ДЕН АСА ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 14.12.2024
Түркістан қаласында «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барып, баспана кілттерін табыстады.– Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыздың жайлы өмір сүруіне, баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгін кезекте тұрған 500-ден аса отбасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алып отыр. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Дархан Амангелдіұлы.«Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылысы Түркістан қалалық әкімдігінің тапсырысымен жүргізілді. Қаланың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі.Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасына пәтерлер табысталды. Жалпы, жыл қорытындысымен түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902044
ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 14.12.2024
Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын алда келе жатқан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.– Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәлім, осыдан 6 жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Түрлі нысандар бой көтеріп, шын мәніндегі инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті қалаға айналды. Қаланы абаттандыру және қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеуге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Түркістан қаласында жасыл желектер алқабын ұлғайту мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Өздеріңізбен бірге «Жастар» саябағы кешенінің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бұл жаңа саябақ қалаға қосымша көрік беріп, тұрғындарымыздың демалысын жақсы өткізуге таптырмас орын болары анық. Біз халық игілігіне берілетін нысандарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.Сондай-ақ шараға қала тұрғындары мен елімізге танымал өнер жұлдыздары – Мадина Сәдуақасова, Ғазизхан Шекербеков, Махмуд Уримбаев өнер көрсетті.Саябақтың жалпы алаңы – 10,5 га. Демалыс аймағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, өзге де ойын алаңдары, сонымен қатар, 2 шақырым жүгіру жолы және веложолдар қарастырылған. Жабық жылыжайда әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктердің 70-ке жуық түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия және тағы басқа аймақтардың өсімдіктері бар. Пальма, фикус, тропикалық, шөл, субтропиктік, цитрус өсімдіктерімен қамтылған. Сонымен қоса оқушыларға биология сабақтарын өту мүмкіндігі қарастырылған. Саябақта құстар мен балықтар бар.Айта кетейік, Түркістан қаласында 32 саябақ, 32 сквер мен аллея, 15 жасыл алаң мен аймақ бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902108
ТҮРКІСТАНДА МҰЗ ЕРІТУГЕ АРНАЛҒАН ТҮЙІРШІК ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛМАҚ 14.12.2024
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров түркиялық «KAR-TEM» компаниясының директоры Исмаил Сонмезбен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыс аумағындағы Өндірістік паркте мұзды ерітетін тұз түйіршіктерін өндіретін жаңа кәсіпорын ашу жобасын талқылады.«KAR-TEM» компаниясы жоғары деңгейдегі гибридті кристалға негізделген түйіршіктерді өндіреді. Бұл түйіршіктер кальций және магний хлоридімен байытылған және өте төмен температурада, яғни -30°C-тан -40°C-қа дейін мұзды тез еріту қасиетіне ие. Экологиялық таза және экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылатын бұл өнімдер қыста жолдарды, алаңдарды, аяқжолдарды және басқа да инфрақұрылымдарды қауіпсіз әрі жылдам тазартуға мүмкіндік береді.Жобаның жалпы инвестиция көлемі 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа кәсіпорынды 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске қосылғанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902443
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 14.12.2024
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген салалардағы жемқорлық мәселелерін шешу жолдары» республикалық жобалар байқауы қорытындыланды. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты.Байқаудың мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, парасаттылық идеологиясын дамыту, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қызметке тарту, осы саладағы перспективалы жобаларды іздеу және азаматтық бастамаларды қолдау.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу мақсатында жарияланған конкурсқа республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан 90-нан астам өтініш келіп түскен. Солардың ішінде іріктелген 10 жұмыстың иегері өз жобаларын қорғады. Қоғам өкілдерінен құрылған комиссия үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды анықтады. Жеңімпаз деп танылған 4 жоба қорғаушылардың әрқайсысы 725 мың теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды. Атап айтсақ, түркістандық Умида Нұрмаханованың «QR код енгізу» жобасы, алматылық Алихан Абдикеровтың «Dauys» жобасы, шымкенттік Сергей Ефремовтың «Балық шаруашылығы» жобасы, астаналық Салтанат Қуаныштың «Sanaly Ai» жобасы жеңімпаз атанды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902523
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫ БІР МЕКТЕП АШЫЛДЫ 14.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Нысан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Еңбекші диқан ауылында орналасқан білім ордасы 600 орынға шақталған.Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушылар мен ұстаздар қауымын құттықтады. Өңір басшысы оқушыларға оқуда озат болуын тілеп, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.«Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы 17800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз білім саласына қолдауды жалғастырамыз», деді Дархан Сатыбалды.Оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына жауап береді. Бастама еліміздегі апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталған.Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтерген. Бұған дейін де осы жоба арқылы Түркістанда бір мектеп тапсырылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902800
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСАДЫ 14.12.2024
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан, қала әкімдері шетелдің кәсіпорындарын аралап, іскерлік байланыс орнатты. Сонымен бірге Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтті. Осы жұмыстардың нәтижесі қандай? Алда қандай жоспарлар бар? Облыс әкімдігінде осы сұрақтар талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.– Бюджет қаржысына инфрақұрылым, нысандар салу жұмысы жүре береді. Бірақ біз тұрғындарға жұмыс тауып беру мәселесін басты назарда ұстауымыз керек. Инвестиция тарту жұмысын күшейтіңіздер. Шетелге іссапарға барып келген басшылар нақты нәтижеге қол жеткізетін болсын. Жүргізілген келіссөздерді жүзеге асырып, инвестициялық жобаларды көбейтіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды осы бағытта семіді ақтамаған әкімдер мен орынбасарларына тиісті шара көрілетінін ескертті.Мәжілісте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Түркістандағы инвестициялық форум мен Қытай, Оңтүстік Корея елдеріне жасалған іссапарлар нәтижесіне тоқталды.Биыл Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT & TOURISM FORUM» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Форумға жалпы 1729 адам, 127 компания қатысты. Форум аясында жалпы соммасы 301,4 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының бірнеше аймағын аралады. Ресми тұлғалармен келіссөздер жүргізді. «Орталық Азия – Корея Республикасы» өңіраралық ынтымақтастықтың форумына қатысты. Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы (KITA) ұйымдастырған бизнес-семинарға қатысты. Іссапар Қытайдың бірнеше ірі қаласы мен аймағында жалғасып, түркістандықтар қытайлық инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.Айта кетейік, биылғы 11 айда облыс экономикасына 1 064,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары. Жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Биыл 134,1 млрд. теңгеге 56 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса, 11 айда 41 жоба іске қосылып, 1 659 жұмыс орны ашылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/902807
ШЫМКЕНТ ТАЗА БОЛАШАҚ ҮШІН БІРІГУДЕ: "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 13.12.2024
13 желтоқсанда Шымкентте "Таза Қазақстан"республикалық бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық акция өтті. Ауқымды іс-шараның мақсаты – аумақтарды тазарту ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының назарын қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне аудару.Іс-шараға қалалық ұйымдардың қызметкерлері, оқу орындарының өкілдері, еріктілер мен бей-жай қарамайтын тұрғындар қатысты. Барлығы 2000-нан астам адам және 75 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.Орталық көшелерді, саябақтарды, скверлерді және оған жақын аумақтарды тазалауға ерекше назар аударылды. Жасыл желектер ретке келтіріліп, қоғамдық кеңістіктер тазартылып, абаттандырылды.Акция аясында қаланың әр ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған сенбіліктер, флешмобтар мен челлендждер өтті.«Ынтымақ-3» шағынауданында тұрғындар еріктілермен бірлесіп «Алюминий Голд» кәсіпорнының маңындағы аумақты тазалады.«Экология - біздің ортақ алаңдаушылығымыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз балаларымыз бен немерелерімізге таза қаланы қалдыра аламыз», - деп атап өтті ауданның ардагерлері кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов.«Сәуле» шағынауданының орталық көшелері ауқымды сенбілікке айналды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев пен белсенді Қайыржан Бөгенбай тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды.«Біз экологиялық мәдениеттің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», - дейді шараға қатысқан Қайыржан Бөгенбай.Қалтаев көшесінде теміржол бойында «Жасыл ел» штабының еріктілері аумақты қоқыстан тазартты. Аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы Зулпыхар Жайшыбеков экологиялық сананы қалыптастыру үшін осындай акциялардың маңыздылығын атап өтті.Измир көшесіндегі Нұрсат шағын ауданында еріктілер мен жастар «Таза көше» акциясын ұйымдастырды. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбек пен «Жасыл ел» штабының үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш экологиялық өмір салтының маңыздылығын атап өтті.«Таза орта - денсаулық пен жақсылықтың кепілі. Біз жастарға үлгі көрсетеміз», - деді Пердеш Есенбек.Республика даңғылында тұрғындармен және жастармен бірге «Жасыл ел» жасағы тазалық орнатты. Аудан ардагерлері кеңесінің басшысы Әділбек Сатыбалды болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.«Таза Қазақстан» акциясы қазірдің өзінде адамдарды біріктіретін және табиғат пен өз қаласына қамқорлық көрсетуге мүмкіндік беретін жақсы дәстүрге айналды», - деп атап өтті іс-шараға қатысушылардың бірі, волонтерлік қозғалыс өкілі.Акция сонымен қатар аудандар мен қалалық инфрақұрылым нысандарының санитарлық жағдайын тексеруді қамтыды. Жауапты мамандар рейдтер жүргізіп, абаттандыру ережелерін бұзатын объектілердің иелеріне ескертулер берді және кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы ры қарай жалғасуда және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға дайын қолдаушыларды көбірек тартуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/902591
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссияcының 5-ші отырысы өтті (2024 жылғы 10-11 желтоқсан, Амман қаласы) 13.12.2024
Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан күндері Амман қаласында (Иордания) Көлік вице-министрі Т.Т. Ластаевтың қатысуымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және қамтамасыз ету министрі Яруб Аль-Куда тең төрағалық етті.Кездесу барысында Қазақстан мен Иордания арасындағы екі жақты қарым-қатынас мәселелері кеңінен талқыланды.Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ көлік дәліздері мен логистиканы дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тікелей әуе қатынасын ашу,қазақстандық тараптың теміржол жобаларына қажетті конструкцияларды (рельстерді, шпалдарды, бекітпелерді және т.б.) жеткізуге дайындығы айтылды. Әуе компанияларына Қазақстан мен Иордания арасында тұрақты рейстерді орындауға мүмкіндік беретін келісімге қол қоюды пысықтау үшін 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында келіссөздер жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді.Отырыс қорытындысы бойынша Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына қол қойылды.Тараптар осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған жаңа бастамалар туралы келісті.Келесі кездесу Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/901674
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады 13.12.2024
Жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында қосымша теміржол пойыздары мен әуерейстер саны артады. Теміржол көлігі:Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздарды іске қосады. Бұл пойыздар қосымша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:№201/202 «Астана – Алматы» пойызы:Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанда және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанжәне 2, 5 қаңтар 2025 жыл.№203/204 «Астана – Шымкент» пойызы:Астанадан: 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.Шымкенттен: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2, 5 қаңтар 2025 жыл.№205/206 «Ақтөбе – Астана» пойызы:Ақтөбеден: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан және 1, 4 қаңтар 2025 жыл.Астанадан: 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 3, 6 қаңтар 2025 жыл.Одан бөлек мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады.Аймақтар бойынша қосымша вагондар:Солтүстік өңірі: 279 вагон – 12 188 орын.Батыс өңірі: 298 вагон – 12 824 орын.Оңтүстік өңірі: 96 вагон – 4 256 орын.2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап қаламаңы бағытында 6 вагон бойынша 3 қосымша электр пойызы іске қосылып, 1 123 қосымша орын қамтамасыз етіледі:№7515/7516 «Астана – Бурабай курорты» күн сайын (сейсенбі және сәрсенбіден басқа).№7553/6811–6812/7556 «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» жұма, сенбі және жексенбі күндері.№7509/6805–6806/7510 «Павлодар – Астана – Боровое курорты» аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері.Қосымша пойыздар мен вагондар жолаушыларға қолжетімді орын санын едәуір арттырып, жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз етеді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында және вокзалдардың билет кассаларында қолжетімді. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.Әуе тасымалы:Қазақстандық әуе компаниялары жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін мереке қарсаңында және алдағы демалыс күндері әуе рейстері санын арттырады.Мәселен, бүгінгі таңда 91 қосымша әуе рейсі іске қосылды, оның ішінде:«SCAT» әуекомпаниясы 39 рейсті қосты. – Астана - Алматы-Астана бағыттары бойынша + 16 рейс,- Алматы-Шымкент + 10 рейс;- Алматы-Мәскеу +7 рейс;- Алматы - Жезқазған + 2 рейс;- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;- Астана-Шымкент + 1 рейс;- Алматы-Өскемен +1 рейс. «Эйр Астана» әуекомпаниясы 10 рейсті қосты: - Астана-Алматы + 10 рейс; Басқа бағыттар бойынша да рейстер санын арттыру мәселесі пысықталуда.«FlyArystan» 39 рейс қосты: - Астана-Алматы + 9 рейс;- Алматы-Шымкент + 3 рейс;- Астана-Шымкент + 3 рейс;- Алматы-Павлодар + 3 рейс;- Алматы-Ақтөбе + 2 рейс;- Алматы-Атырау + 2 рейс;- Алматы-Орал + 2 рейс;- Астана-Қостанай + 2 рейс;- Астана-Орал + 2 рейс;- Астана-Атырау +2 рейс;- Астана-Қызылорда + 2 рейс;- Астана-Түркістан + 2 рейс;- Ақтау-Атырау +2 рейс;- Алматы-Қызылорда + 1 рейс;- Алматы-Қостанай + 1 рейс;- Алматы-Қарағанды + 1 рейс;- Астана-Ақтөбе +1 рейс; «Qazaq Air» 3 рейс қосты: - Астана-Ақтөбе-Астана +1 рейс;- Астана-Шымкент-Астана +1 рейс;- Астана – Қызылорда-Астана +1 рейс. Ішкі бағыттар бойынша тариф көтерілмейді, өзгеріссіз қалады. Әуе билеттерінің құны нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Билетті алдын ала сатып алған абзал.Әуе компаниялар техникалық мүмкіндікті ескере отырып, мереке күндері рейстерді ұлғайту жұмысын әлі де жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902174
Биыл Қазақстанда үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды 13.12.2024
2024 жылы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Шымкент, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы теміржол вокзалдарында толық реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар жолаушыларға сапалы әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге, инфрақұрылымды заманауи талаптарға сай етуге бағытталған.Шымкент және Павлодар қалаларының теміржол вокзалдары реконструкциядан өтсе, Қызылорда қаласы теміржол вокзалы күрделі жөндеу жұмысымен қамтылды.Шымкент вокзалының өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Бұрын тәулігіне 2000 жолаушыға қызмет көрсетілсе, қазір бұл көрсеткіш 6000 жолаушыға жетті. Ғимараттың жалпы аумағы 1770,2 шаршы метрден 2250 шаршы метрге дейін кеңейтілді.Павлодар вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі жүк-жолаушы лифті орнатылды. Ғимарат ішіне тактильді бағыттағыштар төселіп, арнайы демалыс бөлмелері мен санитарлық тораптар жасақталды.Қызылордада 1905 және 1968 жылдары салынған екі тарихи ғимарат жаңғыртылып, жолаушылар ағыны бірнеше есе артты.Үш вокзалда да жөндеу жұмыстары аясында сыртқы келбеті жаңартылып, есік-терезе жүйелері мен инженерлік коммуникациялар ретке келтірілді. Ерекше қажеттілігі бар жандар үшін пандустар, тактильді жолақтар және арнайы кассалар орнатылды. Сонымен қатар заманауи WiFi аймақтары, ақпараттық экрандар мен рентген аппараттары іске қосылды.Қазіргі таңда әртүрлі бағытта Шымкент вокзалынан 20 жұп, Павлодар вокзалынан 16 жұп, ал Қызылорда вокзалынан 15 жұп пойыз қатынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902274
НҚА жобаларын әзірлеу бойынша семинар 13.12.2024
Көлік министрлігінде кезекті жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу қағидаларының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне және оларды «Ашық НҚА» порталында орналастыруға байланысты проблемалар талқыланды.Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902639
Астана мен Бурабай курорты арасында қатынайтын бесінші электропойыз іске қосылды 13.12.2024
Тәуелсіздік күніне орай №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» бағытындағы жаңа туристік электрпойызы іске қосылды. Отандық «ЗИКСТО» зауытында өндірілген бұл электрпойыз сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи стандартына сай келеді. Пойыз 6 заманауи вагоннан тұрады, жалпы сыйымдылығы – 574 жолаушы, аралық аялдамасыз жүреді. Жол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды.Қазіргі таңда Астанадан Бурабай курорты бағытына бес пойыз қатынайды: - №6829/6830 «Астана-Көкшетау» — күнделікті жүреді, 17 аралық аялдамасы бар. Жол жүру уақыты: 3 сағат 28 минут. - №7507/7508 «Астана-Көкшетау» — күнделікті жүреді, 3 аялдама. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут. - №7553/6811-6812/7556 «Астана-Бурабай курорты» — демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) қатынайды, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 35 минут. - №7509/6805-6806/7510 «Астана-Бурабай курорты» — аптасына екі рет (жұма және жексенбі) жүреді, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут. - №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» — күнделікті (сейсенбі мен сәрсенбіден басқа) қатынайды, тікелей маршрут, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 26 минут. Мемлекет басшысының елдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі теміржол жолаушылар тасымалында жаңа мүмкіндіктер жасауды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/902692
Қазақстанда KazLLM үлкен тілдік моделі әзірленді 13.12.2024
Қазақстанда қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде үйретілген KazLLM үлкен тілдік моделі әзірленді. Бұл модель Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) командасымен ҚР ЦДИАӨМ және ҚР ҒЖБМ қолдауымен және үйлестіруімен жасалды.Аталмыш модель ғылыми қауымдастық, стартаптар мен ірі корпорациялар сияқты көптеген пайдаланушыларға қолжетімді болады. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша KazLLM табиғи тілді өңдеу технологияларын түркітілдес кеңістікте дамытуға бағытталған ауқымды TurkLLM жобасының негізіне айналады. Тиісті келісім ТМҰ саммитінде қол қойылған.Бұл жоба ұлттық AI инфрақұрылымын құрудағы маңызды кезең болып, Қазақстанның өңірлік технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін растайды. Жобаны іске асыру жасанды интеллекттің алдыңғы қатарлы құралының құрылуымен қатар, жасанды интеллект саласындағы адам капиталының өсуі мен дамуына ықпал етті.Жобаға Тіл Қазына, «ҰАТ» АҚ, Maqsut Narikbayev University және басқа да институттар секілді лингвистикалық және ғылыми-өндірістік ұйымдар өз үлестерін қосты.«KazLLM моделінің ашық кодты нұсқасының іске қосылуы Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама біздің инновацияларды қолдауға және технологиялық прогреске ықпал ететін ғылыми жетістіктерді ілгерілетуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.Бұл заманауи модель әрбір қазақстандық үшін қолжетімді және инклюзивті цифрлық қызметтерді қамтамасыз етіп, цифрлық теңсіздікті жоюға көмектесетініне сенімдімін», – деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.Модель 148 миллиард токен негізінде үйретілді. 8 миллиард және 70 миллиард параметрлері бар екі нұсқа әзірленді. Олар жасанды интеллект саласында жаңа өнімдер әзірлеудің негізі болып табылады және сапасы мен дәлдігі бойынша ұқсас модельдерден асып түседі.Алғашқы кезеңде KazLLM әзірлеушілер, стартаптар мен компаниялар үшін ашық қолжетімді болады, бұл оның негізінде өнімдер мен қызметтер құруды ынталандырады. Әртүрлі жобаларға модельді жылдам интеграциялауға көмектесетін егжей-тегжейлі нұсқаулықтар дайындалды.«Бұл модель Қазақстанның инновацияларға, тәуелсіздікке және өзінің технологиялық экожүйесінің өсуіне деген ұмтылысын көрсетеді. Біздің командамыз жоғары өнімді жүйелер мен шектеулі ресурстар ортасында оңтайландырылған Meta Llama архитектурасы негізінде 8 миллиард және 70 миллиард параметрлері бар KAZ-LLM екі нұсқасын дайындады. Осылайша, әзірлеушілер біздің модельді күрделі серверлерде де, ноутбуктерде де жүктеп, іске қоса алады», – деп түсіндірді Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) директоры, профессор Хусейн Атакан Варол.Ұлттық тілдік модельді жасау барысында Beeline Қазақстан және оның QazCode IT компаниясы негізгі серіктес болды. Kaz-RoBERTA сияқты тілдік модельдерді әзірлеудегі және шетелдік ұйымдармен серіктестікте шағын тіл топтары үшін жасанды интеллект шешімдерін жасаудағы тәжірибені біріктіре отырып, бұл компаниялар қазақстандықтар үшін инновациялық және қолжетімді модель жасауға айтарлықтай үлес қосты. 8 DGX H100 есептеу қуатымен қамтамасыз етілген серверді ұсыну оқу процесін айтарлықтай жеделдетіп, модельдің мүмкіндіктерін кеңейтті.Салыстырмалы түрде алғанда, кәдімгі компьютерге 1 миллион фотосурет мұрағатын талдау үшін бірнеше күн қажет болса, KAZ-LLM-ді үйретуге пайдаланылған 8 DGX H100 сервері бұл тапсырманы бірнеше секундта орындай алады.«Біздің командамыз Kaz-LLM моделін жасау және үйрету процесіне белсенді қатысты. Қазақ тілінің ерекшеліктерін ескеретін модельді жасау және 50 күндік есептеу жұмыстарын қамтитын күрделі процесс контексті жақсы түсінуге және пайдаланушылармен сапалы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Тестілеу модельдің мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық тапсырмаларды тиімді орындайтынын көрсетті. Біз Kaz-LLM бүкіл Қазақстан үшін маңызды құралға айналып, тілдік цифрлық кедергілерді еңсеруге және аймақтағы цифрлық қызметтердің сапасын жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз», – деп атап өтті QazCode компаниясының бас директоры Алексей Шаравар.KazLLM — бұл қазақ тілінде мәтіндерді өңдеу, талдау және жасау үшін әзірленген заманауи жасанды интеллект тілдік моделі. Бұл қазақ тілінің цифрлық кеңістікте қолданылуын кеңейтуге, бизнеске, ғылымға және қоғамға қолдау көрсетуге бағытталған бірегей әзірлеме. Ол аударма және құжаттарды өңдеуден бастап, қарым-қатынасты автоматтандыруға дейінгі кең ауқымды тапсырмаларды орындай алады.Ұлттық модель бизнеске чат-боттар, тұтынушыларды қолдау жүйелерін әзірлеуге, құжат айналымын автоматтандыруға және деректерді талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, жергілікті банктер қазақ тіліндегі сұрауларды өңдеуді жеделдете алады, ал ритейл бұл модельді өз процестеріне енгізу арқылы пайдаланушы тәжірибесін жақсартады. Білім беру және ғылыми ұйымдар қазақ тілін үйренуге арналған қосымшалар мен ғылыми мәтіндерді талдау және студенттерге көмек көрсету құралдарын жасай алады. Медиа және контентпен айналысатындар жаңалықтар жасау, аударма сапасын жақсарту және мәтін жазуға арналған құралдарды жасау мүмкіндігіне ие болады.KazLLM-ді пайдалану сілтемесі:https://huggingface.co/collections/issai/issai-kazllm-10-6732d58c81bcaf177442c362ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/902638