Қуқық
Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер 12.12.2024
Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер2024 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында «Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер» атты Халықаралық форум өтті. Форумды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.Халықаралық форумның мақсаты – Қазақстанның 2027–2030 жылдарға арналған ғылыми және технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындау және Академия жүргізген форсайт-зерттеулерінің нәтижелерін таныстыру.Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ауыл шаруашылығы вице-министрлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, Ресей Ғылым академиясы (РҒА) Президенті орынбасарының басшылығымен РҒА делегациясы, Оңтүстік Кореяның жетекші ғалымдары, соның ішінде KISTI институтының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, ірі қазақстандық және халықаралық технологиялық ұйымдардың, бизнес пен өнеркәсіптің өкілдері, стейкхолдерлер, жетекші шетелдік және отандық ғалымдар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.Форум барысында мынадай негізгі бағыттар қаралды:Ақпараттық және ғарыштық технологиялар;Биомедицина және денсаулық сақтау;Экология және тұрақты даму;Энергетика және машина жасау;Жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеу.Форумда биомедицина және IT салаларындағы этика мәселелері, сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіп арасындағы өзара әрекеттестік арқылы ғылыми шешімдерді бизнеске енгізу жолдары талқыланды.ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті А. Күрішбаев өз сөзінде ғылым мен технологияларды дамыту басымдықтарын айқындауда форсайт-зерттеулердің стратегиялық құрал ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, «Форсайт тек ағымдағы жетістіктерді талдап қана қоймай, болашақты қалыптастыруға және басымдықтарды жүзеге асыру стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл оны ұзақ мерзімді жоспарлаудың маңызды элементіне айналдырады».Ол Қазақстанда форсайт-бастамаларды жүзеге асыруда жинақталған оң тәжірибе бар екенін атап өтті. Алдын ала кезеңде, яғни пре-форсайтта алты негізгі бағыт айқындалды: ақпараттық және ғарыштық технологиялар, өмір мен денсаулық туралы ғылымдар, экология, агроөнеркәсіп кешені, геология және жаңа материалдар, энергетика және машина жасау. «Біз 30 форсайт-сессия өткізіп, 1100-ден астам сұхбат жүргіздік, бұл 200-ден астам перспективалық ғылыми міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті А. Күрішбаев. Бұл деректер Ұлттық ғылым академиясының сайтында ашық қолжетімді түрде орналастырылған.Өз баяндамасында А. Күрішбаев өңірлік форсайт-орталықтарын құрудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Алғашқы орталық С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында ашылған. «Келесі жылы біз осындай жеті орталықты ашуды жоспарлап отырмыз. Олар өңірлік экономиканы дамытуға ықпал ететін инновацияларды енгізу алаңдарына айналады», – деді ол.Сонымен қатар, ол халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтіп, Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтымен (KISTI) меморандумға қол қойылғанын жеткізді. «Форсайттың ақпараттық-талдамалық жүйесін құру бойынша бірлескен жоба Қазақстанға ғылыми-техникалық үрдістерді болжау және серпінді технологияларды қалыптастыру үшін әлемдік озық тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді», – деп атап өтті А. Күрішбаев.Ұлттық ғылым академиясы президентінің баяндамасы форсайт-зерттеулердің қазақстандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, оның халықаралық мәртебесін нығайтудағы және инновациялық экономиканы дамытудағы маңыздылығын айқын көрсетті.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау сөзінде форумның отандық ғылымды дамытудағы маңызды мәселелерді талқылау және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегияларды қалыптастыру алаңы ретіндегі рөлі атап өтілді (құттықтау сөзді ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанқұатов Ғ.Ж. оқып берді).ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бекбауов Бағлан Абдашимұлы өзінің құттықтау сөзінде аграрлық ғылымның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол ғылым мен өндіріс арасындағы тығыз байланыстың қажеттілігін ерекше атап өтіп, ғылыми-білім беру саласындағы реформалар, бағдарламалық-мақсаттық қаржыландырудың жүзеге асырылуы және селекция мен тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, форум қатысушыларының бірлескен жұмысы жемісті болатынына сенім білдірді.ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Мұратов Тимур Мұратұлы өз сөзінде медициналық ғылымның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол медициналық ғылымды қаржыландыруды күшейту, ғылыми инфрақұрылымды дамыту және кадрлар даярлау арқылы қазақстандық медицинаны жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграциялау мен заманауи зерттеулерді жүзеге асыру қажеттігін ерекше атап өтті.Форумда сондай-ақ баяндама жасағандар қатарында Ресей ғылым академиясының вице-президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, РҒА академигі Чекморев П.А., Defence Global компаниясының бас директоры Jinsung HONG, The Academy at Harvard Square өкілі David YS HONG, экономика ғылымдарының докторы, Environment Europe Limited (Оксфорд) компаниясының бас директоры, Рим клубының толық мүшесі Шмелев Станислав Эдуардович, РҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, П.Н. Лебедев атындағы физика институтының директоры Николай Николаевич Колачевский, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бас хатшысы Шайменова Жанар Есентаевна, РҒА корреспондент-мүшесі, "ГЕНЕРИУМ" АҚ вице-президенті Дмитрий Анатольевич Кудлай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы Токбергенов Исмаил Тасанбиевич, сондай-ақ ҚР ҰҒА академиктері мен жетекші халықаралық сарапшылар бар.Форум аясында ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, ақпараттық-талдамалық жүйелер саласындағы озық білім мен тәжірибені трансферлеу және ғылым мен технологияларды дамытудың серпінді бағыттарын айқындау бойынша Корей ғылыми-техникалық ақпарат институтымен (KISTI). IT, агроөнеркәсіптік кешен, тау-кен металлургия кешені және медицина салаларындағы ынтымақтастықты дамыту туралы Ресей ғылым академиясымен (РҒА). Форум идеялар алмасу, отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегияларын әзірлеу және заманауи технологиялық дәуірдің өзекті сын-қатерлерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.Өткізген күні: 2024 жылғы 12 желтоқсан (бейсенбі), уақыты: сағат 09.00 Өткізген орны: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі 28, Ғылым Ордасы Қосымша ақпарат үшін: +7 775 943 0305 (Алиханов Қуантар Дәуленұлы)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/902107
ҚР Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 12.12.2024
2024 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Энергетика министрлігінде энергетикавице-министрі Сұңғат Есімхановтің қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.Қоғамдық кеңестің мүшелеріне Қазақстан Республикасында АЭС салу жоспары туралы, бөлінген генерацияны дамыту моделін (нетто-тұтынушылар секторын) жетілдіру туралы ақпарат беріліп, АЭҚБК, АЭӨД, «ҰЯО» РМК, «ЯФИ» РМК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК 2024 жылғы қызметі туралы есебі тыңдалды.Сонымен қатар отырысқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «ҚР ЭМ Ядролық физика институты» РМК ҰАК өкілдері де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/901887
Ірі мұнай-газ жобаларының операторлары отандық өндірушілермен 17 млн. АҚШ долларына келісім шарттарға қол қойды 12.12.2024
2024 жылғы 12 желтоқсанда Атырауда Энергетика министрлігінің жұмысы шеңберінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі жобаларында В тобы бойынша мұнай-газ машина жасау тауарларын оқшаулау жөніндегі IMB орталығының семинары (құбыр өнімдері, сорғылар мен тығыздағыштар, «ОВКВ» жүйелері және технологиялық сүзгілер) өткізілді.Іс-шараға 35-ке жуық отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері және қоғамдық бірлестіктер қатысты.Вице-министр Қ.Арымбек сөйлеген сөзінде ірі мұнай-газ жобаларының (НКОК, КПО, ТШО) операторларымен бірлесіп жер қойнауын пайдалану мақсатында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша тұрақты негізде жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.Жүзеге асырылатын жұмыс нәтижелерінің бірі қазақстандық жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді ынталандыруға және қолдауға бағытталған құралдар мен тетіктер көзделген НКОК, КПО және ТШО жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын қайта қарау болып табылады. Жақында жаңартылған бағдарламаларды қабылдау күтілуде.Бүгінгі күні Операторлардың нақты көрсеткіштерді бекітуге және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндірушілердің қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған тендерлік рәсімдерге өзгерістер қабылдау мәселелері соңғы кезеңдері қарастырылуда.Семинар соңында салтанатты түрде НКОК, КПО және ТШО және отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілер арасында 17 млн.АҚШ долларынан астам сомаға 10 келісімшартқа қол қойылды.Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.Сондай-ақ, бүгін Атырау қаласында вице-министр Қ.Арымбек көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалануға жасалған барлау келісімшарттары, сондай-ақ алдағы жылға арналған алдағы жоспарлар шеңберінде Атырау облысының жер қойнауын пайдаланушыларының атқарған жұмыстары туралы мәселелерді талқылау бойынша кеңес өткізді.Вице-министр көмірсутектер саласындағы компаниялардың бірінші басшыларының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтау және жобалық шешімдерді орындау жөніндегі ақпаратын тыңдады.Жер қойнауын пайдаланушыларға рәсімдерді айтарлықтай оңтайландыруға бағытталған 2024 жылы Жер қойнауы туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді.Мұнай-газ компаниялары барлау ұңғымаларын бұрғылау, мұнай мен газдың жедел қорларын жасау, кен орындарын сынамалық пайдалануға беру, бұрын бұрғыланған ұңғымаларды балансқа қабылдау және т.б. туралы ақпарат берді.Энергетика министрлігі барлау мен өндірудің келесі кезеңдеріне уақтылы көшу үшін белсенді іздеу және бағалау жұмыстарын жалғастыруды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/901934
Маңғыстауда отбасылық үлгідегі балалар ауылына су жаңа «Toyota Hiace» автокөлігі сыйға тартылды 12.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында тарту етілген жаңа көлік - балалар мен тәрбиешілер үшін көптен күткен сыйлық болды. Бұған дейін пайдаланылып келген көлік әбден тозып, жарамсыз күйге түскен. Балалар ауылының тәрбиеленушілері енді қажетті жерге 16 орындық шағын автобуспен қатынайтын болды.- Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына үнемі қамқорлық танытады. Президентіміздің қолдауын ерекше сезініп келеміз. Бүгін де мекемеміз жаңа әрі жайлы автокөлікпен толығып, біз үшін үлкен мереке болып жатыр. Балалардың қуанышында шек жоқ. Осы мүмкіндікті сыйлаған жандарға шексіз алғысымызды айтамыз., — деді балалар ауылының директоры Айгүл Байбатырова.Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шара барысында балаларға сыйлықтар үлестіріліп, мекеменің 15 қызметкеріне қаржылай сыйлық табысталды. Тосынсыйға толы кеш эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әлемге әйгілі қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин, көпшілікке хит әндерімен танымал Bytanat және жас талант Ержан Максимдер әннен шашу шашты.Айта кетейік, Ақтаудағы «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» 2005 жылы ашылған. Қазіргі таңда мұнда 30 тәрбиеші жұмыс істейді. Балалар мектепке дейінгі, мектептік және колледж деңгейінде білім алып, бос уақыттарында түрлі үйірмелерге қатысады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901775
Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті 12.12.2024
Бүгін, 12 желтоқсан күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының тұрғындарымен ауқымды кездесу өткізді. Оған 600-ден астам адам қатысып, қаладағы түйіткілді мәселелерді жеткізді.Алдымен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Әбілқайыр Байпақовтың мәліметінше, қаладағы су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында бес ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Каспий» тұщыту зауытының қуаттылығын екі есеге арттыру, жеке инвесторлар есебінен жаңа тұщыту зауыттарын салу және «МАЭК» аумағында кері осмос әдісі арқылы су өндіру жобалары бар.Инфрақұрылымды дамыту аясында биыл «МАЭК» ЖШС-нің 11,4 шақырым жылу жүйелері жаңартылды. Бұл 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен 44 шақырымды қамтиды. Сондай-ақ, қазан айынан бастап 16-шағынауданда 905 метр кәріз және су құбырлары салынды. Ал 15-шағынауданда абаттандыру жұмыстары жалғасып, 35-шағынауданда жолдар мен инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде.Кәсіпкерлікті қолдау бағытында, ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну үшін жыл басынан бері облыстық мешіт жанында 50-ден астам жәрмеңке өткізілді. Жергілікті өндірушілерге өнімдерін делдалсыз сату үшін жаз мезгілінде 68 сауда орны ұйымдастырылды.Биыл Ақтауға 300 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Туризм саласын дамыту мақсатында теңіз жағалауындағы «4» А шағынауданы абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолдары, шезлонгтар, жарық шамдары және арт-нысандар орнату жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, Ақтау Түрікменстанның Анау қаласынан «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін қабылдап, 2025 жылы наурыз айынан бастап бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға дайындық жүргізуде.Ақтау қаласында 2024 жылы 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың ішінде газобетон өндіру зауыты, аммоний сульфатын өндіру зауыты, Абай атындағы ұлттық мектеп құрылысы, көтерме-тарату орталығы, көпфункционалды өндірістік база және тұрғын үй кешендерін салу сияқты жобалар бар. Қазіргі уақытта 7 жоба іске асырылды. Қалған бір жоба жылдың соңына дейін аяқталады. Ал алдағы үш жылда 21 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылып, өңірдің экономикалық әлеуеті артпақ.Кездесу барысында жергілікті тұрғындар ауыз су, жылу жүйесі, азық-түлік бағасының тұрақтылығы, жол белгілері, тұрғын үй алу, қала ішіндегі жол, салымшылар мәселесі сынды көптеген өзекті сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, туризм, мәдениет және спорт салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды.Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшыларына туындаған мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды.Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген қала тұрғындарын қабылдауға кірісті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901791
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігі талқыланды 12.12.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру жөніндегі республикалық семинарға қатысты. Бауыржан Омарбеков іс-шара шеңберінде өңірлік саясатты іске асыру, сондай-ақ бюджеттің 4 деңгейін кеңейту және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы баяндама жасады.Вице-министр «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде жаңа тәсілдерді енгізудің, сондай-ақ 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту және 2025 жылға дейінгі жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Негізгі бастамалардың ішінде сайлау заңнамасын жетілдіру, ауыл әкімдерінің өкілеттігін кеңейту, қалаларда ЖӨД дамыту және бюджеттің IV деңгейін нығайту мәселелері бар.Б. Омарбеков Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылына барған кезде жергілікті тұрғындармен кездесті. Олар «Ауыл – Ел бесігі» жобасы мен өздері туған ауылдағы инфрақұрылымды дамытуға қызығушылық білдіруде. Вице-министр ҰЭМ бюджеттік бағдарламаларының шеңберінде Қызылорда облысының инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаражат бөлініп отырғанын атап өтті. 2022-2024 жылдары облыс әкімдігіне 174 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 31,6 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Қызылжарма ауылына электр желілерін орнатуға, жолдар мен көшелерді жарықтандыруға арналған 6 жобаны іске асыру үшін 1,3 млрд теңге бағытталды.Сондай-ақ, жаңа электр желілерін салу үшін 2025 жылғы республикалық бюджеттен 713,9 млн.теңге бөлу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/902055
Ақтөбеде жазушылар форумы өтті 12.12.2024
Шығармашылық академиясында «Қазақ жазушыларының ТМД елдері архивтеріндегі зерттеу жұмыстары» атты форум өтті. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырды. Шараға Ресейден арнайы келген ғалымдар, Қазақстанның әр өңірінен келген тарихшылар, жазушылар және зерттеушілер қатысты.Форум аясында бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті. Қатысушылар «Түрік халықтарының әдет-ғұрыптары», «Парсы-тәжік және қазақ халқына ортақ әдеби желілер мен арналар», «ХХ ғасырдың басындағы Түркістандық қаламгерлердің мұралары», «Ташкент және қазақ тарихнамасы», «Қазақ-Әзірбайжан руханият сабақтастығы», «Қазақ-Әзірбайжан әдеби байланысы», «Қазақстан әдебиеті бойынша Армения архивтеріндегі зерттеулер», «Қазақтың саяси тұлғалары және қазақ ақын-жазушыларының Грузиямен әдеби-мәдени байланысы», «Қазақтың Ер Едігесі», «Отыншыдай ер қайда?», «Ілиястың Ресейдегі іздері», «Қазақия... Сиберия...», «Породненные войной и целиной», «Алаш ардақтысы», «Алаштың Ақсұңқары», «Қазақ кітабының қилы тағдыры» сияқты еңбектермен танысты. Форум қазақ әдебиеті мен тарихының жаңа қырларын танып-білуге арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/901835
«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, төрт жолақты қозғалыс ашылды 12.12.2024
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысында ұзындығы 96 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталып, төрт жолақты қозғалыс ашылды.Ақтөбе облысындағы автожолдың жалпы ұзындығы 1869 шақырым, оның 117 шақырымында соңғы жылдары қайта жаңарту жұмыстары және 280 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары барысында республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға) автожолының учаскесі «Ақтөбе-Қандыағаш» көлік дәлізінің дамуына ерекше көңіл бөлінді. Бұл дәліз аймақ пен еліміз үшін маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Ол Қазақстанды Ресеймен байланыстырып, Астраханға қарай шығуға мүмкіндік береді.Толығырақ: https://t.me/qazavtojol/5627Дереккөз: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/901842
Қазақстан ТЖМ өзінің автопаркін жаңартуда 12.12.2024
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің автопаркін белсенді жаңғыртуды жалғастыруда. Алдағы күндері ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне 45 жаңа мамандандырылған автомобиль, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған 20 машина келіп түседі. Техника республикалық бюджет қаражатына сатып алынды. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестициялардың маңыздылығын көрсетеді. Автопаркті жаңарту Қазақстан ТЖМ төтенше жағдайларға жедел және сапалы ден қоюға, сондай-ақ ведомство қызметкерлері үшін жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов: «Ел Президенті мен үкіметтің қолдауымен біз қазіргі заманғы автомобильдерді сатып алуды жалғастырып жатырмыз. Бұл біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі міндеттерді тиімді орындау қабілетімізді айтарлықтай арттырады. Біз ТЖМ жұмысын жақсартып қана қоймай, азаматтарымыз үшін жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысамыз». Автопаркті жаңғырту – Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын жетілдіру жолындағы тағы бір қадам. Ол жеделдікті жақсартуға, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға және халық үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/901615
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА В ПОСЛАНИИ НАРОДУ КАЗАХСТАНА 12.12.2024
❕СКАЗАНО:«Фермеры и промышленники нуждаются в качественном анализе и прогнозе по воде. Это касается и ежегодных поставок, и среднесрочной перспективы. Поэтому надо планировать загодя».СДЕЛАНО:Для исполнения поручения Главы государства при Министерстве водных ресурсов и ирригации создан информационно-аналитический центр водных ресурсов. Центр станет одним из ведущих институтов страны, который будет разрабатывать предложения по эффективному использованию и защите водного фонда, развитию ирригационных сетей, а также вести информационно-аналитическую работу.Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности совместно с министерствами экологии и природных ресурсов, чрезвычайных ситуаций, а также Министерством водных ресурсов и ирригации разрабатывается информационная система прогнозирования и моделирования паводков Tasqyn. Система позволит предотвращать чрезвычайные ситуации и делать прогнозы для принятия стратегических решений. Информационную систему планируется запустить до конца года.Министерство водных ресурсов и ирригации в рамках меморандума с Делфтским институтом водного образования IHE Delft разрабатывает информационную систему по прогнозированию течения рек на основе платформ Talsim и Delft-FEWS. В рамках пилотного проекта создаются модели Есильского и Нура-Сарысуского бассейнов. Для анализа данных и интеграции моделей адаптируется программное приложение Delft-FEWS.Министерство ведет работу по цифровизации 3500 км ирригационных сетей. На сегодня реализуется проект реконструкции водных станций с установкой автоматизированной системы учета воды на 5 каналах в Кызылординской области.До 2026 года будет автоматизировано 16 ирригационных каналов в Туркестанской, Жамбылской областях и области Жетісу. До конца 2027 года будут проведены работы по цифровизации 16 ирригационных каналов в Кызылординской области.В результате министерство намерено сократить расход поливной воды на 500 млн кубометров в год.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901616
ЖЭК саласындағы 2024 жыл: Қазақстанның жасыл энергетика бағытындағы негізгі жобалар мен жетістіктер 12.12.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы маңызды оқиғалар мен елеулі жетістіктерге толы жылдың қорытындысын шығаруда. Жобалардың сәтті жүзеге асуы және стратегиялық келісімдердің жасалуы Қазақстанның халықаралық энергетикалық күн тәртібіндегі ұстанымын нығайтады.ЖЭК инфрақұрылымын дамыту2024 жылы жалпы қуаты 34,75 МВт болатын үш жаңа ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. Бұл 13,7 млрд теңге сомасына инвестициялар тартудың арқасында мүмкін болды. Жыл соңына дейін жалпы қуаты 128,4 МВт болатын тағы бес нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде, бұл елдің энергетикалық әлеуетін одан әрі нығайтады.Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы белгіленген қуаты 2903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Бұл нысандар көміртегі ізін азайтуда және елдің электр желісін таза және тұрақты энергиямен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Экономикаға және жұмыспен қамтуға қосқан үлесі2024 жылы ЖЭК секторындағы жұмыс орындарының жалпы саны 1809-ға жетті. Бұл жаңартылатын энергетиканың экологиялық ауысу үшін ғана емес, ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де маңыздылығын көрсетеді.Стратегиялық жобаларды іске асыруЖылдың басты оқиғасы Жамбыл облысында қуаттылығы 1 ГВт ірі жел электр станциясын салуға Masdar компаниясымен инвестициялық келісімге қол қою болды. Жоба энергияны жинақтаудың заманауи жүйелерін қамтиды, бұл Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырудағы маңызды қадам.Жалпы белгіленген қуаты 1,8 ГВт ЖЭК объектілерін салу туралы Қытаймен үкіметаралық келісімге қол қою да маңызды жетістік болды. Бұл жоба халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді, Қазақстанға жаңа инвестициялар мен технологияларды тартады.Шағын масштабты ЖЭК нысандарын қолдау2024 жылы халық арасында шағын ауқымды ЖЭК объектілерін дамытуды ынталандыруға бағытталған Заң қабылданды. Жаңа механизм күн батареяларын және басқа да энергияны үнемдейтін технологияларды тұрмыстық деңгейдеорнатуды айтарлықтай жеңілдетеді, бұл елдегі жасыл энергияны танымал етуге маңызды үлес болады.Тұрақты энергетикалық ауысуҚазақстан жаңартылатын энергияны дамыту қарқыны бойынша Орталық Азияда көшбасшылық танытуды жалғастыруда. 2024 жылы ел ЖЭК қуатын сәтті арттырып қана қоймай, тұрақты экономика мен экологиялық таза энергетиканы дамыта отырып, өзінің энергетикалық инфрақұрылымын нығайтты.Энергетика министрлігі жаңа жобаларды іске асыру, инвестициялар тарту және инновацияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты жалғастыруда. Жаңартылатын энергетиканың орнықты дамуы көміртегі шығарындыларын азайту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолында маңызды басымдық болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/901374
Энергетика министрлігінде өндіріс озаттары мен ардагерлеріне, сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ саласы салалық кәсіподағының кәсіподақ жетекшілеріне ведомстволық наградалар табысталды 12.12.2024
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстандық Мұнай – Газ кешенінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ) бірлескен жұмысының арқасында Жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, нақты өнімді және адал еңбекті одан әрі ынталандыру, өндіріс озаттарын, ардагерлерді және кәсіподақ қозғалысы жетекшілерін қоғамдық көтермелеу жүйесін дамыту әлеуметтік серіктестіктердің бірлескен іс-қимылының негізгі лейтмотиві болды.Астанада ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында «ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ» басшылығының бастамасымен және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен алдыңғы қатарлы өндіріс қызметкерлеріне, кәсіподақ жетекшілері мен белсенді мүшелеріне ведомстволық наградаларды салтанатты түрде табыстау өтті. Қазақ мұнайының 125 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салалық кәсіподақ ұйымының отырысы өтті.Құрметті мұнай-газ қызметкерлерін, кәсіподақ жетекшілері мен саладағы кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов пен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары – «ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ» төрағасы Сұлтан Қалиев қатысты.Салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтаған Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов барша мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін келе жатқан мереке – Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан ерекше үлесін атап өтті.«Бүгінде Қазақстанның мұнай-газ секторы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады. Республиканың мұнай-газ өнеркәсібінің ұзақ та даңқты тарихы бар. Еліміздегі көптеген мұнай-газ кәсіпорындарының табысының негізінде мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, жоғары тиімділік және бай өндірістік тәжірибесі жатыр», - деп атап өтті Әлібек Жамауов.«ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ» атынан Сұлтан Қалиев әріптестерін құттықтады.Мұнай-газ саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне жемісті еңбектері үшін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында аянбай еңбек етіп, нақты нәтижелерге қол жеткізгендері үшін алғысын білдірді.«Бүгінде әріптестеріміз аға ұрпақтың дәстүрін лайықты жалғастырып, ұлттық және салалық жаңғырту бағдарламаларын, индустриялық-инновациялық дамуды табысты жүзеге асыруда, әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіріп, нығайтуда.Қазақстандық мұнай-газ кешені салалық кәсіподақ кәсіподақтардың барлық деңгейдегі ұжымдық келісім-шарттар процесіндегі рөлі мен жауапкершілігін күшейту, өндірісті тұрақты дамыту мақсатында жұмыс берушімен белсенді және сындарлы диалог жүргізуде», - деп атап өтті Сұлтан Қалиев.Марапаттау рәсімі барысында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов пен Қазақстанның Еңбек Ері, «Теңізшевройл» ЖШС дирекциясының атқарушы кеңесшісі Руслан Қуатов «ҚазМұнайГаз», «QazaqGaz» ұлттық компанияларының еншілес кәсіпорындарының кәсіподақ қызметкерлері және жергілікті кәсіподақтарының төрағалары, еліміздің жетекші мұнай-газ компаниялары ведомстволық наградаларымен және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медальдарымен өндіріс озаттарына сыйлық табыс етті.«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметі» төсбелгісімен: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметкерлері жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Шалқар Мәженақов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ақпараттық жүйелер және телекоммуникациялар бөлімінің бастығы Нұрбол Елубаев марапатталды.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет сертификаттары «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС кәсіподақ ұйымының жетекшілері Данияр Төлешовке, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Темірлан Құлболдиновке және «QazaqGaz өнімдері» ЖШС Медет Кенжеғалиевке табыс етілді.«Қазақстан Мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медалімен өндіріс озаттары, кәсіподақ қозғалысы ардагерлері мен жергілікті кәсіподақ ұйымының жетекшілері, салалық кәсіподақтың сайланбалы орталық органдарының мүшелері марапатталды.Олардың қатарында: «Oil Transport Corporation» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Темірқасов, «Азия газ құбыры» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Қапанов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Байсейітов, «Қазгермұнай» БК» ЖШС кәсіподақ комитеті басқарма төрағасының орынбасары Қуат Нұрғожаев, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Мұқашева, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының жетекші өндіріс қызметкерлері, мұнай саласының операторлары Болат Бегалиев, Талғат Исабеков және Қайрат Рүстембеков, салалық кәсіподақ белсенділері Асқар Бектасов, Дәулет Абдусаттаров және Гүлнәр Сүлеймен қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/901770
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ 12.12.2024
2024 жылдың 12 желтоқсанында Ұлытау облысының барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында түрлі бағыттағы экологиялық іс-шаралар өтті. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, тұрғындардың экологиялық санасын арттыру және табиғатқа деген қамқорлықты насихаттау.Облыстың барлық қала-аудандарының білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан», «Менің таза қалам», «Табиғатты аялайық!» сияқты экологиялық тақырыптарда ашық сабақтар мен сынып сағаттары ұйымдастырылды. Білім алушыларға қоршаған ортаға қамқорлықтың маңызы, табиғатты қорғау қажеттілігі туралы түсіндірілді.«Мектебімізде экологиялық тәрбие бағытындағы ашық сабақтар, сынып сағаттарды өткізу дәстүрі бұрыннан бар. Сондықтан да, «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталғалы бері бұл жұмыс одан да жандана түсті. Мұндай іс-шаралар барысында қоршаған ортаға, табиғатқа, жануарға деген жақсы қарым қатынасты оқушылардың санасына сіңдіртуге тырысамыз», - дейді Жезқазған қаласы №1 жалпы білім беретін мектебінің педагогы Ақжарқын Токишева.Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жастары мен еріктілері бірігіп тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында брошюралар мен буклеттер таратты. Олар тұрғындарға қалдықтарды қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу, табиғи ресурстарды сақтау, қоғамдық орындарда қоқыс тастамау туралы кеңестер берді.Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданының жастары «Ардағым-ардагерім» акциясы аясында ардагерлер мен қарттардың үйінің аулаларын қардан тазалап үлкен кісілердің алғысын алды.«Таза Қазақстан» басталғалы бері жалпы саны 148 мыңнан аса адам, 1317 ұжым қатысты. Сондай-ақ, 1972 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды, нәтижесінде 3457 тонна қоқыс шығарылды, 264 кәсіпорын мен 224 әлеуметтік нысан тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/901740
СҚО әкімі кәсіпкерлермен кездесті 12.12.2024
Бүгін кәсіпкерлер палатасында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың өңірдің бизнес өкілдерімен кездесуі өтті. Мұндай жүздесу дәстүрлі түрде ашық диалог форматында өткізіліп, онда бизнесті дамыту мен шағын және орта бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері талқыланады. Сұрақ-жауап форматы мемлекеттік органдар мен бизнес арасында сындарлы қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді.Жиын барысында кәсіпкерлер өнімді экспорттау, қоғамдық көлікті дамыту, субсидиялау, туризмді қолдау, мектеп оқушыларының тамағын ұйымдастыру және басқа да тақырыптарды қамтыды. "Барлық қойылған сұрақтар назарға алынды. Біз өңір экономикасын дамытуға бағытталған бизнес бастамаларды белсенді түрде қолдауды жалғастырамыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. Қатты су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсетілді. Олардан 3,3 млрд теңгеге 107 өтінім қабылданды.Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктері табысты жұмыс істеуде. Субсидиялар, кепілдіктер, гранттық қаржыландыру және инфрақұрылым құру сияқты шаралар қарастырылған. Бұл мақсатқа облыста 267 миллиард теңге бөлінген. Бұл шаралардың тиімділігін статистикалық мәліметтер растайды: белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 35,9 мыңға дейін жетті немесе өсім 1,7%, өнім шығару 476 млрд.тг құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/901316
Әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже мен қағидаға өзгерістер енгізіледі 12.12.2024
Қарулы Күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Аталған түзетулер нормативтік құқықтық актіні "Резервте қызметті енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында осы жылдың 27 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15345407 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/901763
Қазақстан мен Иордания арасындағы экономикалық ынтымақтастық артады 12.12.2024
Амман қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен Иордания Хашимит Корольдігінің Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі Яруб Әл-Кудтың бірлескен төрағалығымен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан–иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.Екі елдің делегация өкілдері сауда және инвестиция, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, денсаулық сақтау, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Иорданиямен тауар айналымы 4,2 есеге өсіп, $6 млн-ды құрады. Сонымен бірге бірлескен комиссияның төрағалары тауар айналымын одан әрі өсіру үшін қолда бар әлеуетті атап өтті.Экспорттық тауар тізілімін кеңейту мақсатында Қазақстан бидай мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін қосқанда, 15 тауар позициясы бойынша Иордания нарығына шикізаттық емес тауарларды жеткізуді арттыруға дайын.Бұл ретте Қазақстан Иорданиялық компаниялардың еліміздің аумағында ет, астық, бұршақ және басқа да өнімдер өндіретін кәсіпорындарды құруға қатысуға мүдделі.Иордания тарапы қазақстандық астықты баламалы көлік жолдары, оның ішінде Каспий теңізі арқылы импорттауға жоғары қызығушылық танытты. Қазақстан өз тарапынан тауарларды Иордания нарығына және MENA мемлекеттері (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері) нарықтарына экспорттау үшін Акаба портының әлеуетін пайдалануға мүдделі.Туризмді дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Иордания әуе компанияларының Қазақстанға тікелей рейстерді ашу үшін «ашық аспан» режимін қолдану мәселесін талқылау маңызды қадам болды.Тараптар уранды қосқанда, геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Иорданияның мемлекеттік уран компаниясымен (JUMCO) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының Корольдіктің уран жобаларына қатысуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.Қатысушылар екі елдің іскер топтарының, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық миссияларды ұйымдастыру арқылы тікелей өзара әрекеттесуінің қажеттігін атап өтті. Осы мақсаттарда қазақстан–иордания Іскерлік кеңесінің жұмысы жанданатын болады, оның отырысын келесі жылы Астанада өткізу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/901641
Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды 12.12.2024
Маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында топ жарды.Таиландта өтіп жатқан құрлық біріншілігінде жерлесіміз 86 келіде үздік атанып отыр. Ол жарысты жартылай финалдан бастап финалға шыққан болатын.Шешуші айқаста жаңаөзендік саңлақ өзбекстандық Жасурбек Юлдошевтен басым түсіп, өзінің спорттың мансабындағы айтулы табысына қол жеткізді.Әзірге еліміздің ерлер құрамасының қоржынында 2 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль бар. Тағы екі отандасымыз финалда күш сынасады.Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем біріншілігінде 81 келіде топ жарған еді. Ол Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901470
Азаматтардың қауіпсіздігі - басты назарда 12.12.2024
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады. Сонымен қатар, Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Пиротехника» алдын-алу шарасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Комиссия отырысына білім, денсаулық сақтау сынды басқармалардың өкілдері қатысты.Жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізу мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» республикалық алдын-алу іс-шарасы жоспарының тармақтарын шұғыл орындау бойынша тапсырмалар берілді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мен әлеуметтік нысандар басшыларына жаңа жылдық мереке кезінде күшейтілген кезекшілікті ұйымдастыруға нұсқау берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901208
Ерсін Ескендіров Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды 12.12.2024
Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы 1985 жылдың 28 желтоқсанында Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжін «заңгер», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметінен бастады. Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр жөніндегі бас маманы, ШҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің заңгері, бас маманы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеген.Әр жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары, Абай облысының Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы сияқты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901327
Облыс әкімі Ақсуат ауданының жаңа әкімін таныстырды 12.12.2024
Шара барысында ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қызметтің негізгі бағыттары айқындалып, міндеттер белгіленді.Бірінші кезектегі міндеттерге ауданның инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901468