Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматыда 2025 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау инфрақұрылымын модернизациялау аяқталады 06.12.2024
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық тұжырымдамасы аясында 2025 жылдың соңына қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау инфрақұрылымын толығымен модернизациялау жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев 2025-2027 жылдарға арналған мегаполис бюджетінің жобасы қаралған қалалық мәслихат сессиясы барысында хабарлады.Ауқымды жоба 2012 жылы құрылған ҚТҚ жинау инфрақұрылымының әбден тозуына байланысты 2023 жылдан бастап іске асырылуда. Басты мақсат-экологиялық жағдайды жақсарту, қала тұрғындарының жайлылығын арттыру және санитарлық тазалаудың заманауи стандарттарына сәйкестендіру.Қала әкімі кешенді шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мәселен, бүгінде қоқыс таситын көліктердің күнделікті желіге шығу көрсеткіші 2023 жылғы 70% - дан 2024 жылы 85% - ға дейін өсті, 2025 жылы 95% - ға дейін жеткізілетін болады.Бүгінгі таңда Алматыда 1 454 контейнер алаңында орналасқан 8 003 контейнер қолданылады. Модернизация аясында 3 текше метр тереңдіктегі контейнерлер көбейтілді, бұл жағымсыз иістердің таралуына және құстардың немесе қаңғыбас жануарлардың қол жетімділігіне жол бермейді. 2023 жылы 42 алаңда 214 контейнер орнатылды, оған 600 млн теңге бөлінді. 2024 жылы мұндай контейнерлер саны 142 алаңда 786 бірлікке ұлғайтылды, оған 1,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы 581 алаңда тағы 1683 контейнер орнатылады, бұл 4,3 млрд теңге көлемінде салымдарды талап етеді.Сонымен қатар, 2024 жылы көлемі 1,1 текше метр болатын 1800 - пластикалық еуроконтейнерлер сатып алынды, 2025 жылы тағы 1 000 осындай контейнер сатып алу жоспарлануда. Осылайша, 2025 жылы модернизацияланған контейнерлік алаңдардың үлесі 100% - ға жетеді.Бұл шаралар қалдықтарды жинау тиімділігін арттырып қана қоймай, қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеу қағидаттарын одан әрі енгізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қала тұрақты даму бастамаларына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бейілділігін көрсетуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897739
Әрқайсысында жауапкершілік: Алматыда объектілерді паспорттау жалғасуда 06.12.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың үш жылдық бюджетінің жобасы қаралып жатқан мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде абаттандыру паспорттарын енгізу барысы туралы айтып берді. Бұл құжаттар биылғы жылы қабылданған қаланы абаттандырудың жаңа ережелерінде қарастырылған.«Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әкімдік сүйікті қаламызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру – жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің басымдығымыз. Абаттандырудың жаңа сапасына қол жеткізу және жасыл қорды кеңейту үшін осы маңызды басымдықтарды қаржыландыру 2025 жылы 40% - ға немесе 50 млрд теңгеге 170,5 млрд теңгеге дейін ұлғаяды», - деді Ерболат Досаев.Қала басшысы ағымдағы жылдың шілде айында аумақтарды абаттандыру паспорттарын енгізуді көздейтін қаланы абаттандыру ережелері бекітілгенін еске салды. Паспорттау кәсіпкерлер мен басқа субъектілердің іргелес аумақтар үшін жауапкершілік шекараларын нақты анықтауға мүмкіндік береді.Абаттандыру паспортында ЖТҚ аумақтарын, құрылыс, балалар және спорт алаңдарын, нөсерлі кәріз желілерін, бақша-саябақ жиһаздарын және МАФ ұстау тәртібі сипатталған. Ғимараттар мен құрылыстардың иелері қасбеттерді уақтылы жөндеуді және сырлауды қоса алғанда, оларды тиісті күтіп ұстау мен пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, қасбеттер мен аумақтардың эстетикалық және санитарлық жағдайының дұрыс застігі үшін меншік иелерінің әкімшілік жауапкершілігі бекітілген.Паспорттау процесі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде магистральдық көшелерде, қалалық маңызы бар аймақтарда және жаяу жүргіншілер кеңістігінде мыңнан астам нысан қамтылды. Екінші кезеңде аудандық маңызы бар көшелерге назар аударылады, ал соңғы кезең жергілікті маңызы бар көшелер мен аулаішілік аумақтарды қамтиды.Бұл құжат 2 мыңға жуық кәсіпкерлік нысаны үшін ресімделді және 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін 6 039 нысанды қамти отырып, паспорттауды толық аяқтау кезең-кезеңмен қамтамасыз етілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897756
Қазақстанда өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттарды есепке алу және ресімдеу рәсімі жеңілдетілді 06.12.2024
Бұл процестер енді цифрлық форматта жүргізіледі.Есепке алу құралдарын тіркеу және тексеру саласындағы бірқатар функцияларды техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне ауыстырудың арқасында жұмыс жеңілдетілді. Цифрлық платформаға көшіру себебінен, атап айтқанда, тексерілетін өлшеу құралдары туралы сертификаттарды, сондай-ақ олардың жарамсыздығы туралы хабарламаларды рәсімдеу айтарлықтай оңтайландырылды және жеңілдетілді. Деректер техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап автоматты түрде тіркелетін болады. Бұдан кейін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа қағаз жүзінде есеп тапсырудың қажеті болмайды.Сонымен қатар, техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде өлшеу құралдарын тексеру деректерін есепке алу автоматтандырылған режимге ауыстырылды, бұл тексеру зертханалары үшін де, өлшеу құралдарының иелері үшін де деректерге қолжеткізуді жеңілдетеді.Сондай-ақ, өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттың жаңа нысаны бекітілді, ол техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде электронды түрде қолжетімді, бұл бастапқы деректерді толтыру процесіне дәуір жеңілдетеді. Сертификаттарда тексеру белгісі туралы ақпарат және ақпараттық жүйе автоматты түрде жасайтын QR коды болады.Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы 3 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізу жолымен заңнамалық тұрғыда бекітілген:«Салыстырып тексерілетін өлшеу құралдары туралы деректерді электрондық есепке алу және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру қағидаларын бекіту туралы»;«Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы»;«Өлшеу құралдарын тексеруді жүргізу, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификат нысанын бекіту туралы».Өзгерістер тексеру зертханаларында өлшеу құралдарын тексеру процестерін автоматтандыруға, оңтайландыруға және жеделдетуге, өлшеу құралдарын тексеру және есепке алу процестерінің сапасы мен ашықтығын жақсартуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/897685
Қазақстанның ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 12,7%-ға өсті 06.12.2024
ҚР Парламенті Сенатында өткен «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» атты парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров негізгі тауарлар бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі халық қажеттілігінен бірнеше есе жоғары екенін мәлімдеді.Мәселен, ұн бойынша қамтамасыз ету деңгейі халық сұранысынан 2,4 есе, күріш пен күнбағыс майы бойынша – 1,7 есе жоғары, ал қой еті – 106%, сиыр еті – 101% деңгейінде.Министр атап өткендей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі индикаторлар мен міндеттер Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы және ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2028 жылға дейін екі есе арттыруға арналған Жол картасы сияқты стратегиялық құжаттарда көрсетілген.«Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша салада оң динамика байқалады. Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 12,7%-ға өсіп, 7,1 трлн теңгені құрады. Өсімдік шаруашылығында өсім 18,8% немесе 4,5 трлн теңге, ал мал шаруашылығында 3,3% немесе 2,6 трлн теңге болды», – деп министр негізгі көрсеткіштерді атап өтті.Министр биылғы жыл дәнді дақылдардың рекордтық өнімімен ерекшеленгенін еске салды: 26,7 млн тонна астық жиналды, бұл 2023 жылғы деңгейден 1,5 есе жоғары. Өндірістің өсуі күріш, қарақұмық, майлы дақылдар мен картоп сияқты басқа да негізгі дақылдар бойынша да байқалды.Мәселен, майлы дақылдардың жалпы өнімі 3,2 млн тоннаны құрап, өткен жылғы деңгейден 46%-ға өсті. Күріштің жалпы өнімі 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға, қарақұмық – 42%-ға, күнбағыс тұқымы – 35%-ға артты. Картоп 2,9 млн тонна жиналды, бұл 40%-ға өскенін көрсетеді.Сойылған ет өндірісі 4,4%-ға өсіп, 889,0 мың тоннаны құрады, оның ішінде сиыр еті – 6,2%-ға, құс еті – 10,3%-ға артты. 3,1 млн тонна сүт (4,2%) және 3,8 млрд тауық жұмыртқасы өндірілді. Сүт-тауарлы фермаларда орташа сүт өнімділігі 7,4%-ға өсті.«Саланың табысты дамуы тиісті жем-шөп базасын қамтамасыз етусіз мүмкін емес. Биыл 35,2 млн тонна шөп дайындалып, бұл бір жарым жылдық қорды құрады. Қалған жем-шөп түрлері бойынша қажеттіліктің 111%-ы қамтамасыз етілді. Бұл көлемдер ауыл шаруашылығы жануарларын қыс мезгілінде тұрақты азықтандыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897740
Жетісу облысының әкімдігі Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 06.12.2024
Бүгін Талдықорған қаласында облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында облыс тұрғындарын диагностикалау, емдеу, оңалту бағытында, жаңа технологиялар мен озық емдеу әдістерін меңгеруде, инновациялық әдістемелерді дамытуда екі жақты білім мен тәжірибе алмасу жүргізіледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой бастаған орталықтың білікті ұжымына өңірлермен ынтымақтастық орнатуға ықылас танытып, бастама жасағандары үшін шынайы ризашылығын білдірген Бейбіт Исабаев облыста денсаулық сақтау саласына жасалып отырған қолдау шаралары жайлы қысқаша айтып өтті.- Жетісу облысының денсаулық сақтау саласына тұрақты негізде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 59 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 33-і жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Жалпы облыста ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен соңғы 3 жылда 61 блоктық-модульдік медициналық нысан салынды, атап айтқанда 2022 жылы – 12, 2023 жылы – 22, 2024 жылы – 27. Денсаулық сақтау саласы нысандарын соңғы жылдары 53% жаңарттық. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен Талдықорғанда заманауи онкологиялық орталық салынады. Өңірде қабылданған қолдау шараларының нәтижесінде өткен 9 айда облысқа 152 медицина маманы келді. Екі жылда медицина мекемелеріне 63 жедел жәрдем машиналарын алып бердік. Біз өз тарапымыздан денсаулық сақтау саласына жаңа нысандар салу, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандарға қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамыз. Мемлекет басшысы айтқандай, халықтың денсаулығы – елдің ең басты байлығы. Сондықтан сіздер мен біздің мақсатымыз ортақ, - деген Б. Исабаев өзара ынтымақтастық орнатудың халықтың денсаулығын нығайтып, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететін шара болатынына сенім білдірді.Өз кезегінде ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой Президенттің Іс Басқармасының Медициналық орталығы күндерін ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.- Мемлекет басшысы өңірлік денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлу туралы тапсырма берді. Президенттің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері елдің барлық өңірлерінде өткізіледі. 90 жылдан астам уақыт ішінде Президенттің Іс Басқармасының Медициналық орталығы денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшы болып келеді. Соңғы 3 жылдың өзінде орталықтың медицина қызметкерлері 150-ден астам жаңа технологияны сынақтан өткізді. Өңірлердегі әріптестерімізге медициналық практикалық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бұған бүгін қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум ықпал етіп отыр, бұл осындай акцияларды тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Негізгі мақсатымыз – аймақтарға жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Мәселен, Жетісу өңірінің тұрғындары облыстан сыртқа шықпай-ақ, күрделі медициналық көмекті жергілікті жерде де ала алады. Біздің бірлескен жұмысымыз медициналық қызметтердің сапасын кезең-кезеңімен жақсарта түсуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті А.Цой.Кездесу барысында Жетісу облысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының өзара ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.Атап өтсек, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығы күні аясында мамандар осы аптаның басынан Талдықорғанның бірқатар медициналық мекемелерінде пациенттерді қабылдады. Мамандар қатарында эндокринолог, травматолог, генетик дәрігер, аритмолог дәрігер, гастроэнтеролог, пульмонолог, ангиохирург, геронтолог, невропатолог, аллерголог, эпилептолог бар. Акцияның аясында 31 операция жүргізілді, оның 7-і бірегей операция. Жүкті әйелдерді, балалар мен қарттарды қоса алғанда, 207 пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді. 193 маман қатысқан 11 дәріс пен презентация өткізілді.Жетісу облысы - «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» акциясы өтіп отырған 14-ші аймақ. Акцияның негізгі мақсаты - ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің озық тәжірибесін өңірлердің денсаулық сақтау саласына тарату, бұл өз кезегінде халық тұратын елді мекендерде жоғары технологиялық қызметтер мен емдеудің озық әдістерінің қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фототілші: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/897676
Астанадан қыс мезгілінің басынан бастап 66 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды 06.12.2024
Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер Астанадан 840 мың текше метрден астам қар шығарды. Қар тазалау жұмысы тәулік бойы үздіксіз іп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.6 желтоқсан күні күндізгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды күреуге 2,7 мыңнан астам жол жұмысшы мен 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.6 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 84 ауыр жүк рейсімен 878 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 66 519 рейспен 847 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897629
Ерболат Досаев - Алматыда абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда 06.12.2024
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәслихат сессиясы барысында хабарлады, онда 2025-2027 жылдарға арналған мегаполис бюджеті қаралды.«Абаттандырудың жаңа сапасына қолжеткізу және жасыл қорды кеңейту үшін осы маңызды басымдықтарды қаржыландыру 2025 жылы 40% - ға немесе 50 млрд.теңгеге, яғни 170,5 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.Ыңғайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету үшін абаттандырудың жаңа Ережелері қабылданды, аулаларды кешенді күтіп ұстауға үш жылдық шарттар енгізілді, сондай-ақ магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеттерін жөндеу тәсілдері қайта қаралды.2024 жылдың қаңтарынан бастап алғаш рет аулаларды күтіп ұстауға үш жылдық шарттар жасалды. Олар санитарлық тазалауды, абаттандыру элементтерін жөндеуді және жасыл аймақтарды күтуді қамтиды. Бұл тәсіл мердігерлердің жауапкершілігінің кемшін жағын жояды және жұмыс тиімділігін арттырады. 2023-2024 жылдары «Алматы тазалық» паркі үшін 141 бірлік техника сатып алынды, 2025 жылы тағы 32 бірлік техника сатып алу жоспарлануда. «Алматы тазалық» жұмысы 2025 жылы магистральдық көшелерді тазалауға бағытталатын болады.Алматыда қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін кешенді жұмыстар аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көгалдандырудың жаңа тәсілдері белсенді түрде енгізілуде. 2023-2024 жылдары 643 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды, ал 2030 жылға дейін бекітілген Жол картасына сәйкес 2,5 млн ағаш пен бұта отырғызу жоспарлануда.Жасыл қордың жағдайын жақсартудың негізгі бағыттарының бірі тамшылатып суару және автосуару жүйелерін енгізу болды. 2023 жылы 500 мың ағаш (200 км тамшылатып суару) қамтылды, 2024 жылы 220 мың ағашқа тағы 110 км қосылды. 2025 жылы 120 км тамшылатып суару және 168 км авто суару орнату жоспарлануда, бұл 240 мың ағашқа күтім жасауды қамтамасыз етеді.2025 жылдан бастап ірі көлемді көшеттерді жаппай отырғызуды бастау жоспарлануда: биіктігі 4 метрден асатын 23 мың ағаш және биіктігі 6 метрден асатын 4 мың ағаш.Сонымен қатар, қалада көгалдар мен гүлзарларды (бірінші деңгей), бұталар мен сәндік өсімдіктерді (екінші деңгей), сондай-ақ ірі ағаштарды (үшінші деңгей) қамтитын үш деңгейлі көгалдандыру қолданылады. Бұл жасыл желекті едәуір ұлғайтуға және қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897626
Ерболат Досаев: Алматыда аулаларды кешенді ұстаудың үш жылдық шарттары енгізілді 06.12.2024
Алматыда аула аумақтары мен көше-жол желісін санитарлық ұстау бойынша жаңа қағидат енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында хабарлады, оның барысында 2025-2027 жылдарға арналған мегаполис бюджеті қаралды."Әкімдік алғаш рет санитарлық тазалауды, абаттандыру элементтерін жөндеуді және жасыл аймақтарды күтіп ұстауды қамтитын аулаларды кешенді күтіп ұстаудың үш жылдық шарттарын жасасу тәжірибесін енгізді. 4 020 аула аумағына және 24 млн шаршы метр көше-жол желісіне қызмет көрсету үшін 2025 жылдың бюджетінде 27 млрд теңге қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10% - ға өскен", - деді Ерболат Досаев.Айта кету керек, бұған дейін аулалар мен көшелерді күтіп ұстау бойынша конкурстар жылына бір рет өткізіліп, мердігер ұйымдарға қымбат арнайы техниканы сатып алу тиімсіз болған. Бұл келесі жылы олар тендерді жеңе алмауы мүмкін деген қорқынышпен байланысты болды, бұл мұндай инвестицияларды негізсіз етеді.Осыған байланысты, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланы жинау жұмыстарын жүргізудің сапасы мен жеделдігін жақсарту үшін ағымдағы жылдан бастап қаржыландыруды жыл сайын индекстеу шартымен үш жылдық шарттар жасау арқылы конкурстар өткізіледі.Бұл шара мердігерлік ұйымдарды дамыту үшін неғұрлым болжамды және орнықты жұмыс ортасын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инновация конкурстық рәсімдер кезінде мердігерлердің болмауына байланысты тазалаудың тоқтап қалуын болдырмайды. Өз кезегінде мердігерлер техниканы сатып алу және қызметкерлер құрамын кеңейту шығындарын жоспарлай алады.Бүгінде Алматыда санитарлық тазарту 24 млн шаршы метр аумақты қамтиды; ұзындығы 2777 км 2318 көше; 1304 км тротуар және 1167 км арық. Сондай-ақ, қаланың сегіз ауданында күн сайын 4020 аула тазаланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897633
Ерболат Досаев: Алматыға «бақ қала» мәртебесі қайтарылады 06.12.2024
Мемлекет басшысының Алматыны «бақ қала» ретінде қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында мегаполисті ауқымды көгалдандыру бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025–2027 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы талқыланып жатқан мәслихат сессиясында мәлімдеді.Негізгі бастамалардың бірі 2022 жылы бекітілген «Жасыл Алматы» жол картасы. Бағдарламаның басты мақсаты 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу. Жыл сайын 320 мың ағаш пен бұта отырғызу көзделген. 2025 жылға дейін 1,2 млн, ал 2030 жылға дейін шамамен 1,3 млн ағаш отырғызылады.2024 жылы 320 мың жасыл желектің 224 мың көшеті отырғызылды, оның ішінде 150 мыңнан астамы ағаш, ал 74 мыңы бұта. Ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда, жыл соңына дейін тағы 96 мың көшет отырғызу жоспарланған.«Мемлекет басшысының «Алматы – бақ қала» мәртебесін қайта жаңғырту тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2023-2024 жылдары 500 км автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды. 2025 жылы тағы 290 км желі тарту үшін 4,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүйе 1 млн-нан астам ағашты автоматты суару жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді», – деді Ерболат Досаев.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың сәуір айында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Алматы – бақ қала» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында 7 мыңнан астам жасыл желек, оның ішінде 4 015 жеміс ағашы (оның 3 855-і алма ағашы), 1 090 жапырақты ағаш және 2 600 бұта отырғызылды.Негізгі көгалдандыру жұмыстары қаланың маңызды аймақтарында жүргізілді: «ALA» саябағында 2 270 алма ағашы, ҮАК көшесінің солтүстігіндегі саябақта 500 жеміс ағашы (250 алма ағашы және 250 өрік ағашы), Боралдай өзені бойындағы бақылау алаңында 1 000 жапырақты ағаш отырғызылды.Аудандық әкімдіктер де алма ағаштары аллеяларын және бұталарды отырғызуға белсенді атсалысты. Алатау ауданында 70 алма ағашы және 250 бұта, Медеу ауданында 220 алма ағашы, оның ішінде 150-і Алматы хайуанаттар бағы аумағында, Бостандық ауданында 230 алма ағашы, оның ішінде 150-і Тұңғыш Президент саябағында отырғызылды.«Жасыл Алматы» жол картасы – тек экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бастама. Жасыл желектер микроклиматты жақсартуға, ауа ластану деңгейін төмендетуге және жайлы қалалық орта құруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897639
Алматыда 2025 жылы қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға арналған бюджет биылғы жылмен салыстырғанда 40% - ға ұлғаяды 06.12.2024
Алматыда қаланы абаттандыру және көгалдандыру шығындарын қаржыландыру ұлғаяды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қаралған сессия барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді."Мемлекет басшысының бастамасымен" Таза Қазақстан " бағдарламасы аясында әкімдік сүйікті қаламызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Бұл жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің негізгі басымдықтарымыз", - деді Ерболат Досаев.Осылайша, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға арналған шығыстарды қаржыландыру 2024 жылғы 121,6 млрд теңгеден 2025 жылы 170,5 млрд теңгеге дейін 40% - ға ұлғаяды.Сондай-ақ, Алматыда "Халық қатысатын бюджет"бағдарламасын табысты іске асыру жалғасуда. Соңғы үш жылда 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы – 18,8 млрд теңге. 2025 жылға бюджетте 17,1 млрд теңге қарастырылған.Өз сөзінде Ерболат Досаев атап өткендей, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы қала тұрғындарының идеялары мен тілектерін іске асырудың тиімді құралына айналды және Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті.Айта кетейік, алматылықтардың ұсыныстары бойынша бағдарлама аясында аула аумақтары, балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, жаңа қоғамдық кеңістіктер, жаяу жүргіншілер аймақтары құрылды, сыртқы жарықтандыру желілері жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/897645
Талдықорғанда мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті 06.12.2024
Талдықорғанда мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өттіІ.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, профориентолог Айдос Жұманазармен кездесу өтті. Жиынға Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ата-аналары қатысты.Кездесу барысында министр кеңесшісі Руслан Емелбаев, аналитик Айдос Жұманазар қатысушыларға жоғары білім алу және кәсіби бағдар бойынша кеңес беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.«Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Оқуға түсудегі басты мақсат – әйтеуір бір грантты ұтып алу емес, мамандықты дұрыс таңдау. Осы орайда, балаларымызға мамандық таңдауға мүмкіндік беріп, оның сол салаға бейімділігі мен қабілетін бағамдау аса маңызды», – деді министр кеңесшісі.Аналитик Айдос Жұманазар түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу, жоғары оқу орындарына түсу, мамандық таңдау және білім беру гранттары туралы маңызды ақпараттар берді.І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев: «Бүгінгі кездесуде ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер кәсіби мамандардан кеңес алып, мамандық таңдаудың ерекшеліктерін білді», – деп келген қонақтарға талдықорғандық түлектер мен ата-аналары атынан алғыс айтты.Жиын соңында ата-аналар мамандық таңдау, білім беру гранттарының түрлері, жоғары оқу орындары белгілеген шекті балдар, квоталар, құжат қабылдау бойынша өздерін толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарын қойып, жауабын алды. Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жетісу облысының әкімдігі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және Жетісу облысының білім басқармасы бірлесе өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/897681
Қазақстанда 2,7 трлн теңгеге азық-түлік өндірілді 06.12.2024
Осы жылдың 10 айында Қазақстанда азық-түлік өңдеу саласында оң динамика байқалды. Азық-түлік өндірісі 1,1%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгені құрады.Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» мәселесіне арналған парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.Министр бірқатар азық-түлік өнімдерінің өндірісінде айтарлықтай өсім бар екенін атап өтті.Мәселен, 80,6 мың тонна жарма (77%), 604 мың тонна өсімдік майы (10,1%), 41,1 мың тонна ірімшік пен сүзбе (9,9%), 200,3 мың тонна ашытылған сүт өнімдері (5,2%), 58,6 мың тонна шұжық өнімдері (3,4%), 27 мың тонна сары май (2,8%) өндірілген.Өңдеуді дамыту бойынша кешенді жоспар аясында ет, сүт, күріш, жүгері, күнбағыс және қарақұмық сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 2028 жылға қарай азық-түлік өндірісі көлемі 4,5 трлн теңгеге дейін өседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897701
Астанада «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды 06.12.2024
«Астана Опера» театрында ұлы итальялық композиторға арналған «Джакомо Пуччиниге арнау» гала-операсы сахналанды.Концертті әйгілі дирижер, итальялық Джузеппе Аквавива басқарды.Аталмыш іс-шара композитордың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.Көрермен алдында Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларын жетекші солистер шырқады.Қатысушылар арасында әлемге әйгілі опералық әншілер — Мария Мудряк, Марина Медичи және Раффаэле Абете, сондай-ақ Қазақстан сахнасының жұлдыздары, хор әртістері мен театрдың симфониялық оркестрінің музыканттары болды.Бағдарламада Пуччинидің сирек орындалатын шығармаларынан ариялар, дуэттер шырқалды. Бұл әстістер мен көрерменге оның музыкалық мұрасын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік берді.Музыкалық бағдарламадан бөлек, театр фойесінде «Жүз жылдық мұра, шеберлік және итальялық құмарлық» атты бірегей көрме ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/897680
Қазақстандық делегация Францияның ядролық саладағы жетекші компанияларымен бірқатар келіссөздер жүргізді 06.12.2024
4-6 желтоқсан аралығында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Франция Республикасында болды.Сапар барысында Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегатпен, энергетика жөніндегі министр-делегатпен және Францияның энергетика және климат жөніндегі директорымен кездесулер өтті.Қазақстандық делегация Францияның атом саласындағы жетекші ұйымдарымен, соның ішінде ірі энергия өндіруші компаниямен және EDF атом электр станцияларының операторымен, Framatome атом электр станцияларына арналған жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші, сондай-ақ Arabelle Solutions атом электр станцияларына арналған турбиналық жабдықтарды жеткізушімен келіссөздер жүргізді.Сонымен қатар, күрделі инфрақұрылымдық нысандар, соның ішінде атом электр станциялары үшін инжинирингтік қызметтер, жобаларды басқару және цифрлық шешімдерге маманданған Assystem халықаралық консалтингтік компаниясымен кездесу өтті.Делегация сондай-ақ Радиациялық қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институтының (IRSN) дағдарыс орталығында және атом электр станцияларына арналған жабдықтар шығаратын зауытта болды.Француз тарапы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын атом энергиясы алатын Франция бұл салада әлемдік көшбасшы болып табылады.Естеріңізге сала кетейік, EDF Қазақстан үшін ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің қысқаша тізіміне енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/897664
Павлодар облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 800-ден астам объект бейімделген 06.12.2024
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 813 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады.Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 22 166 объект толығымен бейімделген.2024 жылдың соңына дейін Павлодар облысында 690 нысанды бейімдеу жоспарланған еді, өңірде жоспар артығыфмен орындалып, 813 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.Мәселен, өңірдегі 813 объектінің ішінен төмендегі объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:- денсаулық сақтау объектілері – 96;- білім беру мекемелері – 323;- мәдениет нысандары – 151;- сауда және қызмет көрсету объектілері – 55;- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 140;- спорт нысандары – 21;- көлік инфрақұрылымының объектілері – 3;- қоғамдық тамақтандыру ұйымдары – 3;- әлеуметтік қорғау объектілері – 6;- басқалары – 15.Бұдан басқа, осы жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 46 тексеру жүргізді, оның ішінде: 33 профилактикалық бақылау шеңберінде, жоспардан тыс 13 тексеру болды.Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 44 ұйғарым берілді, 2,3 млн теңгеден астам сомаға 10 әкімшілік айыппұл салынды.Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпастан жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/897641
ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов отандық өрт сөндіру автотехникасын шығару зауытында болды 06.12.2024
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру автотехникасын шығаруға маманданған жетекші отандық зауыттардың біріне барды. Ведомство басшысы техниканың заманауи үлгілерімен және оны құрастыру үдерісімен танысты. Сонымен қатар кәсіпорын өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Өндірісті оқшаулау және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Біздің ынтымақтастығымыз өрт сөндіру бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыруға және ТЖМ техникалық базасын жақсартуға бағытталған. Біз техниканы жаңғырту, мамандарды оқыту және қызмет көрсетуді оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастырамыз», - деп министр атап өтті. Сонымен қатар кездесуде бүкіл ел бойынша сервистік орталықтарда жүргізушілерді даярлау және өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мәселелері қаралды. Бүгінгі кездесу отандық өндірісті дамытудағы және қауіпсіздік жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам болды. Бұл ТЖМ қызметінің кез келген төтенше жағдайларға дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/897607
Хабарландыру «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Әділет Министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» НҚА жария талқылаудың басталуы туралы 06.12.2024
Осымен 2023 жылғы 19 мамырда «Ашық НҚА» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15323347) жария талқылау үшін «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Әділет Министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» НҚА орналастырылғанын хабарлаймыз.Жария талқылау 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/897646
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 06.12.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев тағайындалды. Облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып, тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Қызметіне сәттілік тіледі.Аппараттың жаңа басшысы облысты дамыту бағытында бар күш-жігерін салатынын, мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді. Сенім артқан облыс әкіміне алғысын білдірді.Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастады. 2010-2011 жылдары ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, лицензиялау бөлімінің басшысы, 2011-2012 жылдары ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2013-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды.2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, 2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.2020-2021 жылдары ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары, 2021 жылғы тамыздан ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болған. 2023 жылдан бастап қазірге дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/897572
TOP-5: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕРАСТЫ СУ ОРЫНДАРЫ 06.12.2024
1. АЛМАТЫ ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫАлматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен және өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау үшін барланған. Минералдануы 0,5-0,6 г/л дейін, судың сапасы жақсы және «ауыз су» талаптарына сай келеді. Жерасты су қорының «А» санаты бойынша болжамды мөлшері тәулігіне 457 мың текше метр. Бүгінде су орнынан тәулігіне 200 мың текше метр су алынады.2. КӨКЖИДЕ ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫАқтөбе облысындағы Ембі қаласынан 95 шақырым жерде орналасқан. Жерасты суы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда тәулігіне 7,84 мың текше метр су алынады. Есептік пайдалану мерзімі - 27 жыл. Жерасты су қорының «А+В+С1» санаттары бойынша болжамды мөлшері тәулігіне 196,5 мың текше метр.3. ТАЛҒАР ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫАлматыдан шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барланған. Жерасты суларының қоры А+В+С1 санаттары бойынша тәулігіне 989,28 мың текше метр мөлшерінде бекітілген.4. МЕРКЕН ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫМеркі және Новоскресенское ауылдарының аралығында Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Аудан орталығы Меркі қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету және жерді суландыру мақсатында барланған. Жерасты суларының қоры А+В+С1 санаттары бойынша тәулігіне 770 мың текше метр көлемінде бекітілген.5. КЕҢҚИЯҚ ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫАқтөбе облысындағы Кеңқияқ кентінен 11 шақырым жерде орналасқан. Жерасты суы ауыз сумен жабдықтау және өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда тәулігіне 1,442 мың текше метр су алынады. Су қорының болжамды мөлшері «А+В» санаттары бойынша тәулігіне 5,0 мың текше метр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/897506
Рекордтық 580 млрд теңге егіншілерді қолдауға бағытталды 06.12.2024
Биыл ауыл шаруашылығын жеңілдікті қаржыландыруға рекордтық 580 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат егіншілерге тікелей несие беруге, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, форвардтық сатып алуға бағытталды.Нәтижесінде, республика егіншілері дәнді дақылдар бойынша рекордтық көлемде өнім жинады: орташа өнімділік гектарына 16,1 центнер болып, 26,7 млн тонна астық бастырылды. 2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Сонымен қатар 3,2 млн тонна майлы дақыл бастырылды, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс және 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Агротехнологияларды дұрыс қолдану, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді тиімді қорғаудың арқасында жоғары өнімділікке қол жеткізілді.Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жалғасын табады. Президент тапсырмалары бойынша әзірленген Жол картасы аясында 2024–2028 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылды. Жалпы, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2030 жылға қарай бидай өнімділігін гектарына 20 центнерге дейін арттыру жоспарланып отыр. Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға арналған көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру биылдың өзінде басталып кетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897507