Enbekshi QazaQ

Қуқық

Yessеnov технопаркінде Astana Hub қолдауымен Николя Садирактың 01 Edu бағдарламасы бойынша білім беріледі 03.12.2024
Маңғыстауда IT-мамандарды даярлау және стартаптарды қолдау үшін "Yessenov Technopark" ашылды. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін бүкіл әлем бойынша IT оқыту тәсілін өзгерткен Ecole 42 және 01 edu революциялық әдістерінің авторы, әйгілі француз педагогы Николя Садирак шақырылды.Ecole 42 бағдарламасы - "мұғалімдер мен жаттықтырушыларсыз"әдісіне негізделген. Студенттер өзара әрекеттесу арқылы нақты жобаларды жүзеге асырады. Қазір бұл тәсіл бүкіл әлем бойынша мамандарды даярлау эталонына айналған. Оның осы принципке негізделген 01 Edu платформасы студенттерге жасанды интеллект,блокчейн, ойын дамыту және киберқауіпсіздік сияқты озық бағыттарды игеруге көмектесетін екі жылдық білім беру бағдарламасынан тұрады. Николя Садирактың беру мектебі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен ашылды.Есенов университеті Қазақстанда 01 Edu платформасын енгізген алғашқы жоғары оқу орны. Жаңа технопарк өнімділігі жоғары 90 компьютермен жабдықталған. Бұл білім алушыларға халықаралық еңбек нарығының талаптарына сәйкес оқуға және нақты жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері тек Қазақстанда емес, шет елдерде де бәсекеге қабілетті болады.Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен NSDS Digital Investments арасында Қазақстанда және Орталық Азияда цифрлық және жасанды интеллект білімін дамыту мақсатында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен NSDS Digital Investments-тің тең құрылтайшысы Николя Садирак қол қойды.Astana Hub басты серіктес рөлін атқаратын бұл ынтымақтастық 01Edu платформасы негізінде инновациялық бағдарламалау мектептері желісі – Tomorrow School-ды дамытуға, жасанды интеллект бойынша инновациялық оқу бағдарламасын құруға, қазақстандық таланттарды халықаралық аренада ілгерілетуге, сондай-ақ екі тараптың әртүрлі іс-шараларға қатысуына және білім алмасуға бағытталған.Tomorrow School – Қазақстан Республикасы Президентінің жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту жөніндегі бастамасы шеңберінде осы жылдың қазан айында Astana Hub технопаркі іске қосқан Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі. Tomorrow мектебі тек 01 edu платформасы негізінде жұмыс істейді және алдын ала бағдарламалау дағдыларын қажет етпестен AI саласында тегін білім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/895461
Еңбекминінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті 03.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне арналған үшжақты дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібінде Еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) жобасы және ХЕҰ-ның еңбекті қорғау мен еңбек инспекциясына қатысты Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге түсініктемелер жобасы қаралды.Дөңгелек үстел жұмысына ХЕҰ, Еңбекмині, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері қатысты: Республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институты, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Қазақ көмір кәсіподақ» көміршілер салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «PARYZ» Жұмыс берушілер Ұлттық конфедерациясы, «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ және басқа ұйымдар.Отырысты ашқан Ақмәди Сарбасов Еңбекмині қызметінің негізгі бағыттарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау болып табылатынын атап өтті.Өз сөзінде ол Еңбек министрлігі 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыруды қоса алғанда, еңбек заңнамасының нормаларын жүйелі түрде жетілдіріп отыратынын атап өтті.«Тағы бір маңызды жетістік еңбек инспекциясын Министрліктің қарамағына қайтару болды, бұл жұмыскерлердің құқықтарын сақтау жөніндегі жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді. ХЕҰ-ның бұл ұсынысы сәтті жүзеге асырылды», – деп атап өтті вице-министр.Ақмәди Сарбасов гендерлік теңдіктің маңыздылығына, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалаудан қорғауға баса назар аударды.Іс-шара аясында ХЕҰ еңбекті реттеу, еңбек инспекциясы және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі маманы Дарко Дочински Қазақстанның тау-кен өндіру саласындағы құқықтық нормаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынды.ХЕҰ конвенцияларының ережелерін орындаудың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік диалог құруды жеңілдетуге және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар айтылды.Дарко Дочински заңнамаға ұсынылған толықтырулар еңбек инспекциясының әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында қауіпсіз және салауатты өндірістік орта құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде қатысушылар ХЕҰ ұсыныстарын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады және оларды енгізу бойынша одан әрі іс-қимылдарды келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/895425
Жамбыл облысындағы елді мекендердің 98,1 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылады 03.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты ауыз сумен қамту мәселесі қаралды.Бұл бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов баяндама жасап, ауыз су нысандарының құрылысы мен кешенді блок-модуль орнату жұмыстарының талдау қорытындыларымен бөлісті.Жамбыл облысында 4 қала мен 367 ауылдық елді мекен бар. Оның ішінде Тараз, Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқап пен 54 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.Ағымдағы жылы 37 елді мекен мен 2 қаладағы 5 тұрғын алқапқа тіршілік нәрін тарту, 16 елді мекеннің ауыз су жүйелерін қалпына келтіру жоспарланған.Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі қалаларда 98,8 пайызға (2023 ж. - 97,5%), ауылдық елді мекендерде 98,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) жетуі тиіс. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтылды.Басқосуда Ербол Қарашөкеев ауыз сумен қамтудың төмен деңгейі қалыптасқан аудан әкімдерінен есеп алып, құрылысы кешеуілдеген жобаларды жіпке тізді. Бұдан бөлек, ауыз суға қатысты тұрғындардың шағымына назар аударды.- Мемлекет басшысы халықты 2025 жылдың соңына дейін 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша алдымызға нақты міндет қойды. Бұл тапсырма мүлтіксіз орындалуы тиіс. Уақыт өте тығыз, — деді облыс әкімі.Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша жауаптыларға мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауға ала отырып, ауыз су нысандарының сапалы әрі мерзімінде тапсырылуына ерекше көңіл бөлу, келесі жылдың еншісіндегі жобаларды жете пысықтау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/895283
ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА 3 852 ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНДЫ 03.12.2024
Шымкент қаласында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарлама бойынша өткізілген конкурсқа 3852 өтінім түскен. Өтінімдер жұмыс күндері қаралады. «Жастар» бағдарламасы балдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Конкурс нәтижесі түскен өтінімдердің қаралу уақытына қарай ауқымдылығына байланысты 55 жұмыс күнде шығарылады.Айта кетейік, «Жастар» бағдарламасына өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қарашада сағат 9:00-ден 29 қарашада сағат 19:00-ге дейін жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/895316
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ 03.12.2024
Түркістанда жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. Олардың құрылысы жіті қадағалауға алынған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде болды. Облыс басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, жауапты тұлғаларға кешеннің ішкі дизайны бойынша тапсырмалар жүктеді. Жаңа нысан жақын күндері ашылады.Заманауи спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Кешенде спорттық іс-шаралар мен бокс, күрес, таэквондо және ойын спорт түрлерінен оқу-жаттығу жиындары өткізілетін болады.Спорт кешені 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, күту залы, қонақтарды күту бөлмесі, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар.Ғимараттың жұмыстарына «Строй Сервис–7» ЖШС жауапты. Спорт кешенінің жалпы алаңы – 1,8 гектар. Сыйымдылығы 1000 адамды құрайтын нысанның аумағы – 7 248,0 шаршы метр. Жалпы құны – 3,1 млрд. теңге.Облыс әкімі сондай-ақ жаңадан салынып жатқан заманауи ипподромның құрылыс алаңында болды. Құрылыс жұмыстары 2 кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. 99 гектар жерге орналасатын жаңа атшабар (ипподром) көпфункциялы спорт нысанның құрылысының жалпы құны 13,5 млрд. теңге құрап отыр. Онда Ұлттық спортымызды дамытуға бағытталған өзге де спорт түрлеріне орын бөлінеді.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Облыста тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында соңғы 3 жылда 100-ден астам спорт нысаны пайдалануға берілді. Олардың арасында «Түркістан-Арена» стадионы, «Мұз сарайы», «Теннис орталығы», «Olympic Center» спорт кешені жұртшылықтың оң бағасына ие болды. Сонымен қатар 7 теннис корты салынып, жалпы ұзындығы 51 шақырым веложол төселген. Октябрь Жарылқапов атындағы стадион жаңартылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895357
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ПАРАҚTIMES» КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР 03.12.2024
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фараб» кітапханасында «ПарақTIMES» кітап жәрмеңкесі басталды. Онда Ұларбек Дәлейұлы, Ырысбек Дәбей, Ерлан Жүніс бастаған елімізге белгілі қаламгерлер, жергілікті зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, оқырмандар қатысып жатыр.Ашылу салтанатында сөз алған Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев бұл жобаның маңызы зор екенін, соңғы кезлері жастардың кітап оқуға қызығушылардың артып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ осында өтіп жатқан челленджге қолдау танытып, «Фараб» кітапханасына бірнеше кітап сыйлады.Шара барысында түрлі байқаулар өтіп жатыр. Жаңа кітаптар таныстырылуда. Оқырман қауым өлең оқып, өз өнерлерін көрсетуде. Қазіргі күнде еліміз бойынша 10-нан астам кітап дүкендері мен баспалары жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде «Алқа», «Qasym» баспа үйі, «ХАНКОМИКС», астаналық «Шұғыла» баспа үйі, «Отбасы» хрестоматиясы, «Жебе» баспасы, «Қызмет» баспасы, «Кітаптар әлемі» кітап дүкені бар.Ұйымдастырушылар жобаның атауы неден шыққанына тоқталды. «Кітап оқу – ең алдымен парақтаудан басталады. Қоғамның назарын осыған аудару. Кітап оқудан алшақтап қалған немесе оқуды енді бастамақ болып отырған адамға кітап оқы дегеннен гөрі, кітапты парақтап көріңіз деген ұсыныс жағымдырақ естіледі. Әр адам парақтау арқылы өзіне кітап әлемін ашады. Сондай-ақ, өмірдің әрбір күні жаңа парақ емес пе? Бүгінгі күніңізді кітап оқудан бастаңыз деген ұсыныстан шығады, – деді Бейсенкүл Нарымбетова.Айта кетейік, жобаның мақсаты – жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қала тұрғындары арасында кітап оқуды насихаттау, балалар арасында кітап оқуға деген құштарлықты қалыптастыру. Осы арқылы Түркістан қаласының интеллектуалды қала атанып, түркістандық мәдениеттің қалыптасуына үлес қосу. Баспагер, баспаханалармен қатар ақын-жазушыларды жәрмеңкеге қатыстыра отырып қазақстандық баспа саласының дамуына қолқабыс ету. Рухани астананың оң иммиджінің қалыптасуына ықпал ету.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895365
АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТӨРТ ОТБАСЫ ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 03.12.2024
Бүгін Арыс қаласында төрт отбасы үшін ерекше күн болды. Олар көптен күткен жайлы үйлеріне қоныстанып, жаңа өмірге қадам басты. Әсем де жайлы баспаналар «Құрылысшылар» ассоциациясы бірлестігінің демеушілігімен тұрғызылды. Әрбір үйдің ішкі және сыртқы жабдықтары толықтай дайын, ауыз су мен электр жарығы орнатылған. Бұл қайырымдылық шарасы қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі мен жерлестеріне деген жанашырлығын айқын көрсетті.Жаңа қоныс иелерінің арасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы, Арыстың мақтанышы Азамат Мақұлбеков те бар. Өзінің спорттағы жеңістерімен бүкіл қаланың мәртебесін көтерген Азамат үшін бұл баспана – үлкен жетістіктерге жетелейтін жаңа белес.Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова өз сөзінде жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтап, игі істі жүзеге асырған «Құрылысшылар» ассоциациясына алғысын білдірді:– Бұл тек баспана беру ғана емес, адамдардың болашағына сенім сыйлау. Осындай қамқорлық пен қайырымдылық біздің қаламыздың бірлігін нығайтып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосады, – деді шаһар басшысы.Жаңа да жайлы баспаналы болған тұрғындар арасында мүгедектігі бар балалар асырап отқан жандар бар. Жаңа қонысқа ие болған олар өз қуаныштарымен бөлісіп, демеушілерге алғыстарын жеткізді. Олар үшін бұл күн ұмытылмас сәтке айналды.Қоныс иелерін құттықтауға қала ардагерлері де келіп, дәстүрге сай шашу шашып, жаңа шаңырақтарға ақ баталарын берді. Олар әр үйге молшылық, бірлік пен татулық тіледі.Бұл игі шара қайырымдылықтың, ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі болды. Арыстағы осындай бастамалар қаланың дамуына, тұрғындардың әл-ауқатының артуына үлкен үлес қосары сөзсіз.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895370
Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады 03.12.2024
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті. Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13%-ы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Баршыңызға белгілі Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталуда. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд. теңге инвестиция құйылды. Дегенмен, аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді,- деді С.Шәпкенов.Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1 миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп күтіліп отыр.Сондай-ақ Мемлекет басшысы еліміздің батысындағы мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жылына 1,25 млн. тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауыты мен жылына 1 млрд. текше метр газ өндіретін Ескенедегі зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы жылдары бутадиен, синтетикалық каучук шығаратын «Бутадиен» зауытының және газ бөлу кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895324
«Бизнестің жол картасы – 2025»: Атырау облысында 1000-ға жуық кәсіпкердің жобасы қолдау тапты 03.12.2024
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 41,6 млрд. теңге құрайтын 1000-ға жуық шағын және орта бизнес субъекті қолдау тапты. Оның ішінде несие сомасы 31,4 млрд. теңге құрайтын 634 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, 318 кәсіпкердің жобасы 10,2 млрд. теңгеге кепілдендірілді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аймақтағы шағын және орта бизнес иелерінің тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Биыл оған облыстық бюджеттен 761 миллион теңге бөлініп, 83 жоба іске асып жатыр.- Жобалар ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың табысын арттыруға және өңір экономикасын нығайтуға айтарлықтай үлес қосуда. Жобалардың 50-і мал шаруашылығын дамытуға, 30-ы шағын және орта бизнесті қолдауға және үшеуі егін шаруашылығын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар биыл жүзеге асырылған 3 ірі инвестициялық жобаның нәтижесінде жаңадан 90 жұмыс орны құрылды,-деді С.Шәпкенов.Келер жылы жалпы құны 26,2 миллиард теңгені құрайтын 4 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның аясында тағы да 187 жұмыс орны құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895327
Биыл Атырау облысында 22 мыңғы жуық тұрақты жұмыс орны ашылды 03.12.2024
Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлім етті.Өңірде 49 мыңнан аса азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. 31 374 жұмыс орны ашылды. Оның 22 мыңға жуығы– тұрақты. 1637 азамат «Бастау-бизнес» жобасы аясында оқытылып, 822 отбасы әлеуметтік көмек алды. 291 облыс тұрғынына жалпы сомасы 428,1 млн. теңге қайтарымсыз грант берілді.- Бұл шаралар өңірдегі жұмыссыздық деңгейін азайтуға және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізді. Биыл 18 713 азамат «Болашақ» кеңею жобасынан босатылады деп болжанған еді. 1 қарашадағы жағдай бойынша 11 155 адам жұмысынан босатылды, оның 4104-і (37%) – Атырау облысының тұрғыны. Жобаның аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған атыраулықтардың 90%-ы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895332
«Жайлы мектеп»: Атырау облысында 7 мектептің құрылысы жүріп жатыр 03.12.2024
Оның алтауы келер жылы, үшеуі 2026 жылға қарай пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.Биыл өңірде 1200 және 300 орындық екі жайлы мектеп ашылды. Жыл аяғына дейін Водников ауылындағы 1200 орындық тағы бір жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Қазір облыста 20 мектеп пен 6 балабақша салынып жатыр.- Атырауда үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесі өзекті. Оны шешу жоспарына сәйкес, өңірде биыл 4200 орындық 3 мектеп пайдалануға берілді. Алдағы екі жылда 27 мектептің құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде өңіріміздегі 9 үш ауысымдық 4 апатты мектептің мәселесі түбегейлі шешіледі.-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895341
Атырауда дәрігерлерді қолдауға арналған кешенді іс- шаралардың нәтижесінде 140 маман жұмыс істеуде 03.12.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде облысқа білікті мамандарды шақыру мақсатында бірқатар ынталандыру шарасы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бір реттік үстемақы беру арқылы өңірдегі мемлекеттік медициналық ұйымдарғаа 140 дәрігер тартылды.- Осы жылы өзге өңірден келген және оқуын жаңа аяқтаған жас мамандарға бір реттік берілетін көмектің көлемін шамамен 2 есеге арттырдық. Ауылдық жерге барып жұмыс істеуге келіскен ақхалаттыларға 10 млн, аудан орталығында қызмет етемін дегендерге 8,5 млн теңге төледік. Ал облыс орталығында еңбек етемін дәрігерге 5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлеріне арналған бірегей тұрғын үй бағдарламасы аясында 42 дәрігер баспаналы болды. Бұл бағдарлама ипотеканы алғашқы жарна салмай-ақ, жылдық мөлшерлемесі 5%-бен, 25 жылға дейін рәсімдеуге мүмкіндік берді.Қосымша 105 қызметтік пәтер сатып алынды. Халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында қолға алынған жұмыстар жалғасады,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Биыл денсаулық сақтау саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 5,1 миллиард теңге бөлінді. Медициналық ұйымдарға 45 жаңа санитарлық көлік сатып алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895344
Атырау облысында бір жылда спорттық секциямен қамтылған бала саны 75,7%-ға артты 03.12.2024
Аймақта балаларды спортқа баулу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 17 спорттық секциямен 22 мыңнан астам бала шұғылданады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 75,7%-ға өсті. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.- Дені сау ұрпақ қалыптастыру және балалардың спортта айтарлықтай жетістікке жетуіне жағдай жасау үшін спорттық нысандардың санын арттырып жатырмыз. Жыл басынан бері аймақта 5 спорттық нысан ашылды. Қазіргі уақытта 14 нысанның құрылысы жүруде. Өңірде спортпен шұғылданатын бала саны 20 358-ге жеткен. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын сақтануға тырыс жүргендері қуантады, -деді Серік Шәпкенов.Сонымен қатар Серік Шәпкенов 2025 жылы саланы цифрландыру жұмысы басталатыны туралы айтты. Бұл бөлінген қаражаттың жұмсалуын қадағалауға, кәсіби спортшылар мен спорт саласы қызметкерлерінің деректерін жинауға, спортшыларды іріктеу процесінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы жұмыстан бөлек келер жылы 12 мың адамға арналған стадионның және ұлттық спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жалпы аталған жобалар спорт саласының дамуына серпін беріп, өңірдегі жас спортшылардың кәсіби шыңдалуына жағдай жасайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895347
Атырау облысында ауыз сумен қамту және су бұру жүйесін жақсарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр 03.12.2024
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында іске асып жатқан жобалар туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.Жалпы өңір халқының 99,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Биыл Қызылқоға ауданының Қоңыраулы, Аққора ауылы мен Махамбет ауданының Бала Ораз елді мекеніне 18,9 шақырым су құбыры жүргізілді. Сонымен қатар Махамбет ауданына қарасты Атамбаев, Көздіқара, Есмахан елді мекендеріне жалпы ұзындығы 61,7 км болатын су құбырын тарту жұмыстары аяқталып келеді. Қос жобаның нәтижесінде 600 адам таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ Махамбет, Исатай, Құрманғазы ауданында 16 су тазарту станциясы жаңғыртылып жатыр.- Тасқынның салдарына қарамастан халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытында жұмыстар жүйелі жүруде. Мәселен, қалада тәулігіне 50 мың текше метр су тазалайтын №5 сүзгі станциясын жаңғырту жұмысын жыл соңына дейін аяқтап, іске қосамыз. Сондай-ақ келер жылы тәулігіне 60 мың текше метр су тазалайтын №6 сүзгі станциясының құрылысы басталады. Биыл қала аумағында 60 шақырым су желісінің жаңғырту жұмысын бастадық. Оның 30 шақырым су құбыры темірден пластикке ауыстырылды. Қалған 30 шақырымдағы жұмысты келер жылы аяқтаймыз. Бұған қоса қаладағы 1950 жылдан бері жөндеу көрмеген, ұзындығы 40 км болатын кәріз желісін жаңартып жатырмыз. Бүгінде бұл жұмыстың 17 шақырымында жұмыс аяқталды , - деді С.Шәпкенов.Сондай-ақ Атырауда 1945 жылдан бері жөнделмеген кәріз сорғы станцияларын жаңғырту,күрделі жөндеу жұмысын басталған. 9 кәріз сорғы станциясы жаңғыртылуда. Жыл соңына дейін бесеуіндегі жұмыс аяқталады. Оған қоса 36 станцияны реконструкциялау үшін жобалық сметалық құжат дайындалып жатыр. Ал Құлсары қаласында 14 кәріз сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтті. Исатай ауданы Аққыстау ауылында кәріздік тазарту ғимаратының құрылысы жүрде.– Атырау халқын алаңдатқан басты мәселенің бірі – ықшам аудандардағы кәріз жүйесі. Жауын-шашын кезінде тұрғындардан түсетін шағым көбейеді. Жердің тұздылығы тағы бар. Мәселені шешіп, Атырау қаласындағы бірнеше ықшам ауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін бүгінде 22 учаскеге жүргізілетін кәріз желісінің жобалық сметалық құжаты жасақталды. 2026 жылдан бастап жүргізілген кәріз желісі қаланың оң жағалауындағы кәріздік-тазарту ғимаратына қосылатын болады. Жалпы бұл жұмыс 5 жылды алатындықтан, кезең-кезеңімен істеледі, - деді өңір басшысы Серік Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895352
Атырау облысында инвестициялық жоба аясында 742 шақырым электр желісі жөнделді 03.12.2024
Өңір басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде Атырау облысын электр желісімен жабдықтау мәселесіне тоқталды.Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері ЭЧ-4 мекемесіне қарасты 160,9 шақырым электр желісі ауыстырылып, нәтижесінде 54 000 адам тұрақты электр энергиясымен қамтылды. «Атырау Жарық» АҚ инвестициялық жобасы аясында 742 шақырым желі жөнделді. Сондай-ақ қалада ықшам аудандардағы жарықтың жиі сөну мәселесі жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен шешілуде.- Жиі көтерілетін өзекті мәселенің бірі «Нұрсая» ықшам ауданындағы электр желісі мен қуатына байланысты. Оған осыдан 16 жыл бұрын жүргізілген электр желісінің жағдайы себеп. Қазір ескі желі заманауи кабельдерге ауыстырылды. Осы жұмыстың арқасында аталған ықшам ауданға қатысты тұрғындардан жарықтың өшуі туралы түсетін шағым саны соңғы 3 айда 4 есеге дейін азайған,-деп атап өтті С.Шәпкенов.Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын жерасты кабелін ауыстыру жоспарланып отыр. Қазір 20 шақырым жерасты кабелі жаңасына ауыстырылған.Жоба аясында жыл соңына дейін «Жұлдыз», «Жұлдыз-3», «Водников» ықшам ауданы және Берқайыр Аманшин, Бақтыкерей Құлманов көшесі мен Қаныш Сәтпаев даңғылындағы электр желісі ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895364
Биыл экологиялық талаптарды бұзған мекемелерге барлығы 32 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды 03.12.2024
Биыл облыстық экология департаменті өңірдегі экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін 27 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 149 әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов баспасөз брифингінде мәлім етті. - Ереже бұзған сегіз мекемеге сот шешімімен 12 млрд 193 млн теңге айыппұл салынды. Ал 129 әкімшілік іс бойынша 19 млрд 419 млн теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.Атмосфералық ауаға тарайтын газдардың, басқа да зиянды заттардың мөлшерін азайту мақсатында биыл 419,5 га орман алқабына 965,7 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ қала мен елді мекендер ішіндегі 52,3 га жерге 78,9 мың тал егілді. Сонымен қатар аймақта ауаға шығарылатын эмиссия көлемі де азайып келеді,-деді С.Шәпкенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895376
В Атырауской области для обслуживания дамб и каналов создано предприятие «Табиғат» 03.12.2024
Предприятие «Табиғат» занимается обслуживанием дамб, возведенных в области, а также каналов и других гидрологических объектов. Об этом рассказал аким Атырауской области Серик Шапкенов на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК.– До весны мы проверим качество этих дамб и при необходимости дополнительно укрепим их. В целях предупреждения паводков в Жылыойском районе проводится ряд работ. В частности, дноуглубительные работы будут проведены на 95 километрах канала Курсай и реки Жем. На сегодня расчищено и углублено 43 километра. Эта работа будет продолжена, – сказал глава региона Серик Шапкенов.В Жылыойском районе будут построены дамбы для защиты города Кульсары, сел Шокпартогай, Тургызба и Аккиизтогай. Планируется очистить канал Куржем протяженностью 6,6 км, Камысколь и другие озера. Кроме того, будут реконструированы водопропускные сооружения в каналах.В своем выступлении глава региона Серик Шапкенов отметил, что с нового года возобновит свою работу областной оперативный штаб по организации противопаводковых мероприятий.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/895382
Заң және тәртіп: Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қалай көмектеседі 03.12.2024
Қазақстанда, соның ішінде елордада да осы күндері «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» Халықаралық акциясы өтіп жатыр. Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға «Үміт» дағдарыс орталығында тұрақты негізде кешенді көмек көрсетіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Дағдарыс орталығы 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 70 орынға есептелген және әлеуметтік қызмет көрсетудің Мемлекеттік стандарты шеңберінде жұмыс істейді.«Біз тұруға, күніне бес рет тамақтануға жағдай жасап, жалпы жан-жақты қолдау көрсетеміз. Біздің басты міндетіміз – қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету ғана емес, адамдарға өз өмірлерін қалпына келтіруге көмектесу», - деді орталық директоры Ғалихан Куканбеков.Түскен әрбір адам үшін оңалтудың жеке жоспары әзірленеді. Орталықта болу бір айдан алты айға дейін созылады, содан кейін мамандар бір жыл бойы клиенттермен бірге жүруді жалғастырады. Орталық сегіз бағыт бойынша көмек көрсетеді: тұрмыстық, медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, мәдени, еңбек және педагогикалық қызметтер.Биыл 16 адам жұмысқа орналастырылды, 12 бала балабақшаға орналастырылды, ал 13 бала жақын маңдағы мектептерге ауыстырылды. Төрт отбасы жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алды, ал екеуі «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша конкурстан өтті.Сонымен қатар орталық медициналық мекемелермен белсенді түрде ынтымақтасады, онда орталықтың қамқоршылары тексеруден өтіп, білікті медициналық көмек ала алады.Орталық толық құпиялылықты қамтамасыз етеді. Өтініштер анонимді болуы мүмкін, деректер шифрланады және ақпаратты ашудан бас тарту құқығы қатаң сақталады. Мұнда арт-терапия, медитация және гештальт терапиясы сияқты әдістерді қолданатын екі психолог жұмыс істейді.«2024 жылы біз 47 әйел мен 106 балаға көмектестік. Біздің мақсатымыз – адамдарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру және олар өздерін жалғыз сезінбеуі», - деді директор.18 бен 58 жас аралығындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары орталыққа өз бастамасы бойынша немесе білім, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша жүгіне алады.Орталыққа +7 7172-49-78-89 нөмірі бойынша хабарласуға болады.25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елордада тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою және балалардың құқықтарын қолдау мақсатында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» Халықаралық акциясы өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895137
Заң және тәртіп: Астана жастары үшін ерекше спорттық турнир ұйымдастырылды 03.12.2024
Jarqyn bolashaq жобасы елордалық жастар арасында лудомания мен алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда. Жоба аясында қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде (Kopis) бамперболдан матч ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бампербол – бұл футбол түріндегі көңілді спорттық ойын, онда ойыншылар үлкен үрлемелі шарларды киеді. Шарлар дененің жоғарғы бөлігін жауып, қозғалу үшін аяқтарын бос қалдырады.«Біз бұған дейін пейнтбол және боулинг турнирлерін ұйымдастырдық, жастарға құмар ойындар мен алаяқтыққа әртүрлі пайдалы баламаларды ұсынуға тырыстық. Бампербол – бұл аса танымал болмаса да, қызықты спорт түрі, оған тек фотосуреттің өзінен-ақ назар аударға болады. Мұндай спорттық ойын-сауық командалық рухты нығайтуға және белсенді демалуға өте жақсы ықпал етеді», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Амангелді.Қызықты спорттық іс-шара Kopis студенттерінің, еріктілер мен қала белсенділерінің назарын аударды. Бампербол турниріне 100-ден астам адам қатысты.Жеңімпаз командалар Алғыс хаттармен марапатталды.Сондай-ақ жоба аясында осы аптада 100 адамның қатысуымен тимбилдинг өткізу жоспарлануда.Jarqyn bolashaq жобасы – жастарға құмар ойындарға пайдалы балама табуға және алаяқтардан қорғануға көмектесетін жоба.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда, соның ішінде елордада да осы күндері 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Халықаралық акциясы өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895174
Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды 03.12.2024
Алматыда 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында күзгі және қысқы маусымның аяқталуына орайластырылған ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді.Көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, көше урналары және арық желісі қамтылды.Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер қаланы суыққа және қарға дайындауды аяқтады. Қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жол жұмысшысы тартылатын болады. Жұмыстарды тиімді жүргізу үшін «Алматы тазалық» МКК автопаркі 32 заманауи машинамен толықтырылды. Санитарлық тазалау жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метр 2 777 км 2 318 көшені қамтиды.Күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы арық желісінен шамамен 160 текше метр сметаны, лай мен қоқысты шығарады. Шығарындылар негізінен пластиктен және жапырақтардан тұрады.«Eco Almaty» ЖШС әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде Үлкен Алматы өзендерінің арналарын; әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскеде Есентай, сондай-ақ Алматы қаласының шегінде ұзындығы 19,2 км Д. Қонаев атындағы ҮАК тазартты.Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес әзірленген жаңа ережелер аясында бүгінде 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.Жалпы, бүгінде 10 493,5 текше метр қоқыс, оның ішінде 4 408 текше метр жапырақтар жиналды.Гүлзарларда, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнату жөніндегі іс-шараларға белгілі мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар және белсенді қала тұрғындары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/895319