Қуқық
Аягөз ауданында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде 03.12.2024
Аягөз ауданында қар тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Көшелер мен қоғамдық орындарын қардан тазалау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылды.Жалпы аудан аумағында қар тазалау жұмыстарына 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылып, коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағынан 500 тонна қар шығарылды. Жұмыстар ауданның барлық басты көшелерінде, әлеуметтік нысандар маңында және ауылдық округтерде жүргізілуде. Сондай-ақ жолдарды мұздан тазарту мен арнайы қоспалар себу жұмыстары да қолға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/895576
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қытай Халық Республикасы Бас Кеден басқармасымен өзекті мәселелерді шешу үшін жедел топ құрады 03.12.2024
ҚХР-ға жұмыс сапары аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Бас кеден басқармасының басшысы Ю Цзяньхуамен кездесті. Кездесуге Қытай тарапынан ҚХР БКБ басшысының орынбасары Ван Лицзюнь, БКБ бірқатар департаменттері мен бөлімшелерінің басшылары қатысты.Тараптар Қазақстан-Қытай тауар айналымын ұлғайту мақсатында өзара іс-қимылды, оның ішінде ҚХР-ға экспортқа арналған жаңа өнімдерді келісуді, қазақстандық кәсіпорындарды ҚХР импорттаушылар тізіліміне енгізуді және басқа да мәселелерді талқылады.«Бүгінгі кездесу-сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам. Біздің бірлескен күш - жігеріміз көшбасшыларымыздың тапсырмаларын орындауға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдімін»,- деп атап өтті министр.Кездесу нәтижелері бойынша тараптар жұмыс тобы шеңберіндегі жедел мәселелерді шешу бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895575
Қазақстан Елшісі Того Президентіне сенім грамоталарын табыс етті 03.12.2024
Ломе, 2024 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі және Того Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Сәулекүл Сайлауқызы Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбеге сенім грамоталарын табыстады.Сенім грамоталарын табыстау рәсімі барысында Қазақстан Елшісі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізіп, Астана екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, соның ішінде саяси диалог пен сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше көңіл бөлетінін айтты.Өз кезегінде Того Президенті Ф. Гнассингбе Қазақстан Тогоның Орталық Азиядағы басты серіктесі екенін айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты белсенді дамытуға дайын екенін жеткізді. Ол 2023 жылғы қарашада Астанаға ресми сапары барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаевпен өткен кездесуді жылы лебізбен еске алды.Того Президенті Қазақстан мен Того арасында сауда-экономикалық байланыстарды талқылау үшін 2025 жылы Қазақстанда өтетін Астана халықаралық форум жұмысына қатысуға ниетті екенін қайта растады.Того Президенті Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, елдер арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған қызметіне табыс тіледі.Қазақстан Республикасы мен Того Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 2014 жылғы 14 қазанда дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қою арқылы орнатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/895497
«Қазақконцерт» солисті Италияда өткен халықаралық байқауда бірінші орын иеленді 03.12.2024
«Қазақконцерт» солисті Айгерім Алтынбек Италияда өткен опера әншілері арасындағы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды.Композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Қазақстан, Жапония, Қытай, Корея, Ресей және Ираннан 70 өнерпаз қатысты.Марапаттау рәсімі Аркоредегі беделді Борромео вилласында өтті.Айгерім финалистер арасында үздік деп танылып, Аркоре муниципалитетінің стипендиясын, сондай-ақ 2025 жылы Италияда өтетін ауқымды концертке қатысу құқығын жеңіп алды.Айта кету керек, Айгерім Алтынбек Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында да үшінші орынды иеленді. Отандасымыз әйгілі итальян опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығына ие болып, Болгарияның Варна қаласындағы театрда «Сестра Анджелика» операсындағы рөлді орындау құқығына ие болды.Осылайша, өнер иесі әлемдік сахналардағы жетістіктерімен тыңдарманын қуантып жүр.Айгерім Алтынбек Қазақ ұлттық өнер университетін «Вокалдық өнер» мамандығы бойынша, доцент Татьяна Николаевна Руднева сыныбында тәмамдаған. Опера әншісі бірнеше рет халықаралық (Италия, Финляндия, Литва, Ресей, Германия және т.б.) және республикалық байқаулардың лауреаты атанған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/895556
Астанада соғым FEST өтеді 03.12.2024
Астанада 7-8 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын соғым FEST өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО тұрағында өтеді. Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында осы күндері елорда тұрғындарының қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. өнімдерді сатып ала алады.Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Соғым FEST әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895499
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Жамбыл және Түркістан облыстарына жұмыс сапары 03.12.2024
Рабочая поездка министра водных ресурсов и ирригации Нуржана Нуржигитова в Жамбылскую и Туркестанскую область Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/895535
Ақтау және Құрық теңіз порттары қалай дамып жатыр? 03.12.2024
Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов Ақтау және Құрық порттарының даму барысымен, сондай-ақ «Ерсай» және «Саржа» терминалдарының жұмысымен танысты.Порттардың басшылығы аймақтық және халықаралық сауданы кеңейтуге бағытталған даму жоспарларын ұсынды. Ақтау портында контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Қазіргі уақытта топырақты әкелу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 20-дан астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жобаның инвесторы – Қытайдың ең ірі порттық компаниясы «Port Lianyungang Group». Жобаны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл жоба жүзеге асқан соң порттың өткізу қабілеті жылына 240 мың ЖФЭ-ге (жиырма футтық эквивалент) дейін артады. Сонымен қатар, портта қайта тиеу техникасы жаңартылды: 4 тиегіш және салмағы 63 тоннаны құрайтын кран сатып алынды. Келесі жылы Ақтау портының су айлағында тереңдету жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.Құрық портында биыл қараша айында жылдық қуаты 1 миллион тоннаны құрайтын жаңа астық терминалы іске қосылды. Биыл Иранға 2 800 тонна арпа жөнелтілді. 2024 жылдың мамыр айында «Ерсай» терминалы іске қосылып, Өзбекстанға 153 ірі габаритті жүк жіберілді. Сондай-ақ, Құрық портында теңіз кемелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін кеме қозғалысын басқару жүйесі (КҚБЖ) енгізілді. 2024 жылдың алғашқы 10 айында Ақтау порты арқылы 4,2 миллион тонна жүк тасымалданды, ал Құрық портының паромдық кешені арқылы жүк тасымалы 22%-ға өсіп, 23 134 бірлікті құрады.Бұл жобалар Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Транскаспий бағытының дамуына ықпал етеді. Сапар соңында Жәнібек Тайжанов Ақтау теңіз портының жұмысын жақсартуға қатысты бірқатар тапсырма берді. Теңіз порттары арқылы астық пен контейнерлерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға баса назар аударылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/895518
ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫН РЕФОРМАЛАУ 03.12.2024
2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Кейбір азаматтар тобының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, 8 категорияға жататын тұлғаларға арендалық және кредиттік тұрғын үйден кемінде 70% үлеспен бірінші кезектегі құқық беріледі:* Ұлы Отан соғысының ардагерлері;* Жетім балалар;* Көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар;* 1 және 2 топтағы мүгедектер;* Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;* Ұлы Отан соғысына теңестірілген ардагерлер;* Басқа мемлекеттер аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер;* Жесірлер.Отбасы банкінің жаңа функцияларына қатысты Заңның ережелері ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң, яғни келесі жылдың 24 мамырынан бастап күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/895511
Білім беру жобасы Agrisen.kz С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-де іске қосылды 03.12.2024
ҚазАТЗУ, Agrisen.kz қазақстандық Aitas Agro Агрохолдингі және Франция АШМ білім беру жобасын іске асырды.Жобаның негізгі мақсаты - мамандардың білімі мен дағдыларын өзектендіру арқылы ауыл шаруашылығында адами капиталды дамыту.Жобаның тұсаукесеріне Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильвен Гийоге, Францияның ТМД елдері бойынша АШМ атташесі Мари-Агнес Амос, Aitas Agro агрохолдингінің вице-президенті Рабиға Тоқсейітова, аграрлық компаниялардың басшылары, фермерлер, білім беру мекемелерінің өкілдері мен сарапшылар қатысты.«Бұл іс-шара Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Ауыл шаруашылығы - экономикамыздың негізгі салаларының бірі. Осы салада білікті және кәсіби мамандарды даярлау - біздің бірінші кезектегі міндетіміз», - деді Ербол Тасжүреков.Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гийоге жоба Agrisen.kz азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ғана емес, екі ел арасындағы экономикалық әлеуетті дамытуға да бағытталған.«Біз агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруға дайынбыз. ҚазАТЗУ француз серіктестері-agroparistech және agreenium ұйымдарымен көпжылдық ынтымақтастықты мақтан тұтады. Бұл ынтымақтастық біздің студенттерімізбен оқытушыларымызға озық технологияларға, француз ғалымдарының бірегей тәжірибесімен озық тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Басқарма төрағасы – ҚазАТЗУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов.Жоба шеңберінде әлемдік сарапшылардың тәжірибесін енгізу, білім беру әдістемелерін жетілдіру және тренингтер өткізу көзделген.Тараптар арасында ҚазАТЗУ, Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі және «Aitas Agro» ЖШС ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Францияның аграрлық саладағы бірлескен бастамаларын одан әрі дамыту үшін негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895515
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымында төрағалықты қабылдайды 03.12.2024
Мешхед, 2024 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысына қатысты.Кездесу барысында делегация басшылары ЭЫҰ аясында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды қарастырды.ҚР Сыртқы істер министрі өз сөзінде 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұйымда төрағалықты қабылдайтынын және оны «Өңірлік көлік байланысы мен тұрақты дамуды ілгерілету» ұранымен өткізетінін мәлімдеді.Қазақ тарапы ЭЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту қажеттілігін атап өтті. Осыған орай транзиттік-көлік бағыттарын дамыту, жоғары жылдамдықты жүк пойыздарын іске қосу, цифрлық транзиттік жүйені құру және өңір ішіндегі сауда көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ортақ міндеттерді шешу мақсатында ЭЫҰ мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арасында ынтымақтастық орнату ұсынылды.Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» экономиканы дамыту мәселелеріне үлкен мән беретіні аталып өтті. Осыған орай ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Өңірлік климат саммитіне белсенді қатысуға шақырылды.Анықтама: Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылған. ЭЫҰ-ның негізгі мақсаты – мүше мемлекеттердің экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту. Ұйым құрамына 10 ел кіреді: Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан. Қазақстан 1992 жылдан бері ЭЫҰ-ның мүшесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/895531
Еңбекмині Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын жетілдіреді 03.12.2024
Мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ведомство басшысының бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат 18 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Бұйрықтың жобасы сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесін кеңейтуді көздейді. Оған айқын гипотензия және бұлшықет әлсіздігі, тұрақты жалпыланған гиперкенездер, айқын үйлестіру бұзылыстары және т.б. сияқты аурулар енгізіледі.Сонымен қатар, құжатта он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік мерзімсіз немесе 5 жылға белгіленетін аурулар мен жағдайларды енгізу көзделген. Мысалы, көру өткірлігінің 0,04-тен 0,08-ге дейін төмендеуі, жақсы көрінетін көзде түзетумен және/немесе жақсы көрінетін көзде көру өрісінің барлық бағыттарда бекіту нүктесінен жақсы көретін көзде 20 градусқа дейін тарылуында мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленеді, ал қатерлі ісік кезіндегі жойылмайтын нәжіс, зәр шығару жыланкөз жаралары, стомалары кезінде мерзімсіз белгіленеді.Сондай-ақ, бұйрық жобасында тіршілік тынысының шектелуіне әкеп соқтыратын адам денсаулығы мен функцияларының бұзылуын неғұрлым егжей-тегжейлі бағалау үшін жұмыс істеудің халықаралық жіктемесінің ережелері енгізілді.Жоғарыда аталған өзгерістер мүгедектікті белгілеу рәсімін жеңілдетуге, сондай-ақ осы қызметті ұсыну сапасын арттыруға ықпал етеді.Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15324605.3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні екенін естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда 732,1 мың мүгедектігі бар адам тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/895532
ТЖМ басшысы азаматтарды жеке қабылдады 03.12.2024
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғау органдарының ардагері Мақсат Есполовпен елдегі өрт-құтқару спортын дамыту стратегиясындағы өзгерістерді талқылау үшін кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту бағдарламаларын енгізу болды. Балалардың төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі талқыланды. Министр Шыңғыс Әрінов өтініштерді тыңдап, көтерілген мәселелердің әрқайсысы бойынша түсініктеме берді. Қабылдауға ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов та қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/895506
Жердің деградациясының көші-қон ағындарына әсері 03.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы 2-13 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан БҰҰ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенциясы (БҰҰ ШҚК) тараптарының 16-шы конференциясына белсенді қатысуда.3 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев осы күннің екінші негізгі іс - шарасы – жер деградациясының көші-қон ағындарына әсеріне арналған министрлік диалогына қатысты.Талқылауға сондай-ақ қазақстандық тараптан Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конвенцияның ұлттық үйлестірушісі, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов қатысты.Өз сөзінде Ерлан Нысанбаев: «Жер мен құрғақшылықтың деградациясы — бұл шұғыл іс-қимыл мен жаһандық ынтымақтастықты талап ететін сын-қатерлер. Қазақстан жерді қалпына келтіру, ресурстарды басқаруды жақсарту және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Біз әріптестерімізді барлық елдеріміз бен өңірлеріміз үшін тұрақты және гүлденген болашақ құру үшін ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерге шақырамыз» - деп атап өтті.Бұл іс-шара Қазақстанға жерді қалпына келтіру саласындағы өзінің жетістіктері мен бастамаларын көрсетуге, сондай-ақ жаһандық экологиялық сын-қатерлерді бірлесіп шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді. Диалогқа қатысу еліміздің тәжірибемен бөлісуге, халықаралық күш-жігерді қолдауға және барлық өңірлер үшін тұрақты және гүлденген болашақ құруға үлес қосуға дайын екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895522
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ 03.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.– Қазақстан, әсіресе, Түркістан облысы үшін Түркия Республикасының орны айрықша. Біз – бауырлас елдерміз. Түрік бауырлар үшін де Түркістан мен Қожа Ахмет Ясауидің маңызды екенін білеміз. Біз Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық беріп отырмыз. Шетелдік кәсіпкерлермен келіссөздер тұрақты жүруде, жобалар жүзеге асуда. Түркиямен де іскерлік байланысты нығайтып, сіздердің өндірістік мүмкіндіктеріңізді, тәжірибелеріңізді қолданғымыз келеді. Инвестициялық бастамаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз. Түркістанның өз өнімдерін, өз брендтерін қалыптастыруға күш саламыз, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жобаны жүзеге асыратын орынды әзірлеп, инфрақұрылымын реттеуді тапсырды.«Milat Hali» – халықаралық деңгейде танымал ірі компания. Кілем өндірісінде экспорттық әлеуеті жоғары. Компанияның басқарма төрағасы Искендер Каплан Түркістанда жаңа жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.– Тарихи Түркістанға келгеніме қуаныштымын. Бұл шаһар мені тартып тұрады. Түркістанның Түркі әлемінде орны ерекше. Біздің компания кілем және кілем бұйымдары өндірісінде халықаралық деңгейде мойындалған. Әлемнің көптеген еліне тауар экспорттаймыз. Түркістанда да заманауи кілем фабрикасын ашуға дайынбыз. Жұмысты тез бастап кетуге ниеттіміз, – деді ол.Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің делегациясы Түркия елінде болып, инвесторлармен келіссөздер, меморандумдар жасаған болатын. Келіссөздер жемісін беруде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895438
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ 03.12.2024
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жылына 80 мың тонна мақта талшығын өндіретін «Жанасыл» зауыты ресми түрде іске қосылды. Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді.Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, өндіріс орнының ашылуымен аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтады.«Ауданымыздың даму стратегиямызда инвестициялық жобаларға басымдық беріп отырмыз. 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд. теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде мақта-тоқыма кластерін дамытуда жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Осы арқылы 3020 адам жұмыспен қамтылып, бюджетке қосымша 1 млрд. 862 млн. теңге салықтық түсімдер түседі деп болжануда. Бүгінгі ашылып отырған зауыт – сол жобаларымыздың бірі. Ендеше, жаңа өндіріс орнының ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз бай және бақуатты бола берсін!» деді Бақыт Насырханұлы.Бүгінде зауыттың Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 13 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Жиын-терім науқаны басталғалы 41 мың тонна «ақ алтын» жинап үлгерген. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттауда. Айта кетейік, аталған зауыт жанынан тамшылатып суғару таспасын шығаратын және мақта тұқымын өндіретін екі өндіріс орнының құрылысы да жүріп жатыр.Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 млрд. теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Ал мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 млрд. теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі жоба да 2025 жылы іске қосылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895442
АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 03.12.2024
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Арыс қаласы мәслихатының келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі болып Маңқараев Қайсар Зәкірұлы тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді қала активіне таныстырып, бірқатар тапсырма жүктеді.– Бүгін қаладағы кадрлық өзгерістерге байланысты жиналып отырмыз. Арыс қаласының әкімі қызметін атқарып келген Гүлжан Мамытқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. Гүлжан Мамытқызы өзін білікті басшы ретінде таныта білді және қаланың дамуына өз үлесін қосты. Алғысымызды білдіреміз. Бүгін қалаға жаңа әкім тағайындалып отыр. Облыстың бағыты – өндіріс және жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, экономиканы көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Қайсар Зәкірұлына осы бағытта белсенді жұмыс істеуді тапсырамын. Логистикалық әлеуеті жоғары Арыстың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, өндірісі дамыған қалаға айналдыру қажет. «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, аймақты абаттандыру да маңызды, – деген Дархан Сатыбалды басым бағыттарды белгілеп берді.Қайсар Маңқараев 1979 жылы, 9 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 16 жыл, 9 ай. Еңбек жолын 2000 жылы бастап, Шымкент қаласында, «Береке» ЖШС-інде кассир, менеджер, экономист болып жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының дәрменсіз кәсіпорындарға мониторинг бөлімінің жетекші маманы болды. Ал 2005-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі органдарында еңбек еткен. 2010-2016 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында басшылық лауазымдарында, Орал қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды. 2016-2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды. 2022 жылдан бері Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/895447
Астанада кезекті бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті 03.12.2024
Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға 2 мыңға жуық адам қатысып, 80-нен астам мекеме жұмыс ұсынды. Жәрмеңкені елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» ресурстық орталығы, Еңбек мобильділігі орталығы және аталған жоғары оқу орны бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңке жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін, сол сияқты жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталды.«Жәрмеңкеге ұлттық және жекеменшік компаниялар, мемлекеттік ұйымдар секілді бірқатар жұмыс беруші қатысып, жоғары оқу орны түлектеріне, студенттерге және елорда жастарына бос жұмыс орындарын ұсынды. Басқарма тарапынан мұндай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылады. Себебі осындай іс-шаралардың арқасында жастар өздері қалаған мекемелерге жұмысқа орналасып жатады. Яғни жәрмеңкенің тиімділігі – жастар бірқатар компания өкілдерімен бір алаңда тілдесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алады», - деді өз сөзінде қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Айдар.Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар жәрмеңкеде жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар үшін өз мамандығы бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы да жұмыс табуға болатынын атап өтті.Биыл бас қалада жастарға арналған осындай 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, іс-шараға тұрақты түрде қатысатын жұмыс берушілер саны артуда. Білім, сауда, қаржы, құрылыс саласындағы мекемелер жұмыс іздеп жүрген азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түйіндемелерін қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895480
Парахоккей: Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар шеберлік сабақ өтті 03.12.2024
«Тарлан» мұз айдынында тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін парахоккейден шеберлік дәрісі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Балалар арасындағы парахоккей Ресейдің бейімдік хоккей федерациясымен бірігіп дамытылуда.«Қазақстан бойынша парахоккей тек 2022 жылы ғана қолға алынып, әлемдік дивизиондарда өнер көрсеткен едік. 2023 жылы алғаш рет Astana 2023 World Championship B-Pool-ды өткізсек, енді балалар секциясын да қолға алғалы жатырмыз. Салыстырмалы түрде біз бірден ересектер сапынан бастап кетіп едік. Енді 8-16 жас аралығындағы балалар парахоккейдің базасын меңгеріп, техникалық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алады. Жалпы Қазақстан бойынша парахоккейден мұз айдыны Астана мен Талдықорғанда ғана бар. Уақыт өткен сайын жетіле береміз деген сенімдемін», - деді парахоккейден Қазақстан федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров.«Спортта жоғары жетістікке жетудің қарапайым өмірде де рөлі өте жоғары. Себебі спорт адам бойындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі – ерік-жігерді шыңдайды. Следж-хоккей соңғы жылдары ғана қолға алынғанымен, әлемдік дәрежеде қарқынды түрде дамып жатыр. Бүгін Қазақстан тарапымен біріге отырып, парахоккейді дамытып отырғанымызға қуаныштымыз. Осы орайда өз тарапымыздан 10 шананы сыйға бердік», - деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Юрий Мельник.Іс-шара соңында тірек-қимыл аппараты бұзылған 50-ге жуық бала арнайы іріктеуден өтіп, Қазақстан мен Ресей командаларының арасында жолдастық матч ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895483
Алматыда тазалаудың жаңа жүйесі: көпжылдық келісімшарттар, заманауи техника және инновациялар 03.12.2024
Алматы әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көшелер мен аулаларды күтіп ұстау бойынша кешенді тәсіл әзірленіп, қолданылатын алғашқы қала болды.Сонымен, мердігерлік ұйымдармен үш жылдық шарттар жасалады. Енді компаниялар өз бизнесінің ұзақ мерзімді дамуын тыныш жоспарлай алады және мамандандырылған жабдықтар сатып алуға және паркін жаңартуға қаражат сала алады. Бұл ретте, жыл сайын бөлінетін сома үш жылдық келісімшарт аясында индекстеледі. Сонымен қатар, аудан әкімдері тендерге қатысуға ниет білдірушілер болмаған кезде конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде қиналмайды.Сонымен қатар, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі оңтайландырылды, оның қызметі магистральдық және қалалық маңызы бар көшелерді тазалауға шоғырланған. 2025 жылы «Алматы Тазалық» күшімен жұмыстарды орындау алаңының көлемі қала көшелерінің 70% - дан 50% - ға дейін төмендейді. Бұл келесі жылдан бастап көбірек компанияларды тартуға мүмкіндік, бұл жеке сектор субъектілерінің дамуына серпін береді және мемлекеттің қатысу үлесін төмендетеді.Тағы бір жаңалық-аулаларды кешенді күтіп ұстау шарттарын жасасу. Бұл жаңалық алғаш рет Алматыда қолданылды, ол үшін әкімдік ҚР Қаржы министрлігінің тиісті бұйрықтарына түзетулер енгізді. Енді мердігерлермен жасалған шартта жұмыстардың барлық кешені бірден келісіледі. Бұл санитарлық тазалау, абаттандыру элементтерін жөндеу және жасыл желектерді күту. Жаңа тәсіл бір ауладағы әртүрлі учаскелерге жауапты мердігерлер арасындағы келіспеушіліктерді жоюға және аумақтың санитарлық жағдайы үшін орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді.Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, қаланы санитарлық тазалауды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері ауданның барлық аумағында жұмысты тиімді орындауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұзақ мерзімді негізде жұмыс істеуге мүдделі мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігі де артады.«Біздің Жетісу ауданында күздің соңғы аптасында үй маңындағы аумақтарды, скверлерді, арықтар мен көшелерді санитарлық тазарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Айтпақшы, олардың аудан аумағында жалпы ұзындығы 290 км болатын 269 адам бар.аудандағы көшелерді, тротуарлар мен арық желілерін сапалы және уақтылы санитарлық күтіп ұстауды 165 жұмысшы мен 156 арнайы техникадан тұратын үш ұйым бақылайды. Олардың ішінде қар тиегіштер, құм таратқыштар, самосвалдар, автогрейдер, щеткалары бар тракторлар және басқалар бар. Әр ұйымда жолдардағы сырғанауды уақтылы жою үшін құм – тұз қоспасын сақтауға арналған жабық базалар бар», - деді аудан әкімі.Тазалау жүйесін жаңғырту Алматының көшелері мен аулаларын таза әрі жайлы етуге мүмкіндік берді. Мұны мегаполистің тұрғындары мен қонақтары атап өтуде.«Жетісу ауданының тұрғыны ретінде мен қаланың өзгеріп жатқанын көремін. Мен экологиялық акцияларға қатысатын «Өрнек» демалыс орталығына барамын-ағаш отырғызып, қоқысты тазалаймын. «Таза Қазақстан» бағдарламасы шынымен де жұмыс істейді және бұл бізді белсенді болуға ынталандырады! Алматы — біздің қаламыз, біз оны таза етеміз!», - деп бөлісті алматылық Камила.Жалпы, Алматыда санитарлық тазарту 24 млн шаршы метр аумақты қамтиды; ұзындығы 2777 км 2318 көше; 1304 км тротуар және 1167 км арық. Сондай-ақ, қаланың сегіз ауданында күн сайын 4020 аула тазаланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/895456
Қазақстан мен Пәкістан сыртқы істер министрлері ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 03.12.2024
Мешхед, 2024 жылғы 3 желтоқсан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дармен кездесті.Сондай-ақ, кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды, бұл бағытта екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.Қараша айында Исламабадта өткен саяси консультациялардың нәтижелерін оң бағалай отырып, сұхбаттастар әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.Сондай-ақ кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды, бұл бағытта екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқаратыны аталып өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/895465