Қуқық
Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді 28.11.2024
Бүгін, 28 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді.Алғы сөзінде вице-министр өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму саласын жетекшілік ететінін атап өтіп, сонымен қатар жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілерді қолдау және Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құрылғаны туралы айтты.Кездесу Талдықорған қ. «Тіл сарайы» ғимаратында өтті. Қатысушылар отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуы, химия өнеркәсібін лицензиялау, энергия тарифтерін көтеру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т.б. қатысты сұрақтар қойды.Одан бөлек, «Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО дамыту тақырыбы қозғалды.Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бизнес өкілдері айтқан мәселелер мен ұсыныстарды шешу үшін күш біріктіру ұсынды.Жұмыс сапары аясында вице-министр сондай-ақ кәсіпорындардың қызметімен танысу мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС және «ASMA INDUSTRIAL» ЖК кәсіпорындарында болды. Дмитрий Ерофеев автор фото. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/892591
Продукция аграриев Карагандинской области выходит на рынки Центральной Азии и Китая 28.11.2024
В начале октября АО «НК «Продкорпорация» запустила программу консолидации экспортных партий зерна для небольших фермерских хозяйств и трейдеров. Проект реализуется в соответствии с поручением Главы государства по наращиванию экспорта товаров агропромышленного сектора. Одним из первых участников программы стала компания BidayShah, которая специализируется на поставках казахстанской сельхозпродукции за рубеж.Как рассказал директор ТОО «BidayShah» Даурен Омеркулов, при поддержке зернового оператора его компания уже заключила четыре экспортных контракта с покупателями из Кыргызстана, Узбекистана и Китая. На рынки этих стран отправится продукция сельхозтоваропроизводителей Карагандинской области: ТОО «Агросинтез», ТОО «4 Luck», ФХ «Нурасыл», ФХ «Карагайлы».«Наше сотрудничество с хозяйствами Осакаровского района началось в 2022 году. Обычно мы стараемся закупать зерно у аграриев по цене выше рыночной, чтобы фермеры могли получить свою выручку и поддерживать рентабельность бизнеса. Реализация товара на внешних рынках позволяет вести расчёты в валюте, а благодаря реальному покупателю деньги возвращаются в течение трех-четырех недель, в зависимости от договора», — пояснил Даурен Омеркулов.По его словам, агропредприятия уже завершили погрузку пшеницы и семян льна. В ближайшие дни 19 вагонов с сельхозпродукцией прибудут в Кыргызстан, остальные 16 поступят заказчику из Узбекистана. На оперативность совершения сделки позитивно повлияло содействие государственного зернового оператора.«Продкорпорация помогла не только с поиском покупателей, но и с согласованием дополнительных планов перевозок по железной дороге, а также предоставила нам надежных экспедиторов. Самостоятельно нам было бы сложнее найти импортеров в короткие сроки, заключить контракты и обеспечить доставку», — отметил трейдер.По мнению Даурена Омеркулова, казахстанские производители и экспортеры сельхозпродукции заинтересованы в новых рынках сбыта, но главным сдерживающим фактором для них становятся вопросы логистики.«Сектор АПК сегодня находится в состоянии сжатой пружины, ему нужно чуть-чуть помочь в логистике, и эта отрасль выстрелит. Из-за географической удаленности от емких платежеспособных рынков нашим производителям и трейдерам приходится тратить существенные деньги на доставку товара, что автоматически делает его неконкурентоспособным по цене. Поэтому субсидирование транспортных расходов станет существенным вкладом государства в развитие экспорта. Тогда у мелких и средних трейдеров, небольших агрокомпаний появится больше возможности выйти на мировые рынки», — считает эксперт.Сейчас Правительство разрабатывает механизм возмещения расходов экспортеров на транспортировку зерна на приоритетные рынки, в том числе Азербайджан, страны Евросоюза, Северной Африки, Иран, Афганистан и Юго-Восточную Азию. Даурен Омеркулов убежден, что результат этой работы не заставит себя долго ждать. Высокий покупательский потенциал новых рынков будет стимулировать производителей казахстанской продукции осваивать зарубежные направления. И еще один важный момент: когда фермер поймет, какие виды продукции пользуются спросом у покупателей разных стран, он быстрее перейдет к диверсификации производства.«Кому интересно выращивать что-то новое, если он не знает, кто это купит? Вопрос упирается в рынок сбыта. В нашей стране можно производить широкий спектр культур, но они остаются невостребованными на локальном рынке. Казахстанцы, например, больше предпочитают изделия из мягкой пшеницы, а не из гречневой муки — это просто не входит в наши привычки. Да, доля таких продуктов постепенно растёт, но давайте смотреть объективно: через 10 лет их потребление не увеличится в десять раз. При этом на внешних рынках, особенно в Европе или Азии, спрос на такие культуры есть. Сейчас Юго-Восточная Азия активно открывает для себя новые виды продукции. Европа интересуется органическими товарами, внутренний Китай, где живёт 80% платежеспособного населения, также ориентирован на нишевые культуры. Все это создает для казахстанских производителей и трейдеров дополнительные возможности», — подчеркивает эксперт.До конца маркетингового года BidayShah планирует экспортировать порядка 10 тыс. тонн зерна. В основном компания сосредоточена на поставках льна и зернобобовых культур на внешние рынки. В перспективе планирует расширять наименования экспорта, есть желание продавать гречиху и нут иностранным потребителям.Даурен Омеркулов рассчитывает и дальше продвигать экспортные партии зерна через Продкорпорацию. Вместе с тем, он подчеркивает необходимость консолидации усилий государства и бизнеса. В частности, на базе национальных компаний по продвижению экспорта KazakhExport, KazTrade и Продкорпорации предлагает создать диалоговую площадку для трейдеров.«Один в поле не воин. Мелкому трейдеру с небольшими объемами трудно конкурировать на рынке. Из-за отсутствия согласованности мы теряем возможности. Чтобы выходить на крупные рынки, нужно объединяться, договариваться и совместно преодолевать барьеры. Это повысит рентабельность и поможет открыть новые горизонты для казахстанской агропродукции», — подытожил директор ТОО «BidayShah» Даурен Омеркулов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/892568
Жасанды интеллект жобаларына арналған Industrial AI Accelerator акселерациялық бағдарламасы 28.11.2024
«Industrial AI Accelerator 2024–2025» — бұл жасанды интеллектті дамытудың ұлттық стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі салаларында жасанды интеллектті (ЖИ) қолданбалы енгізуді ынталандыру үшін әзірленген пилоттық акселерациялық бағдарлама.Бағдарламаны Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ЖИ комитетінің қолдауымен Индустрия 4.0 бас амбассадорлары ұйымдастырады.Акселератордың мақсаты — пилоттық жобаларды іске қосу және іске асыру, ЖИ шешімдерінің ұлттық каталогын құру және озық технологияларды пайдалана отырып салаларды трансформациялау.Бағдарлама шеңберінде 25 пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда:5 пилоттық жоба - 2024 жылдың соңына дейін20 пилоттық жоба - 2025 жылдың ақпанына дейін.Интенсивті практикалық бағдарлама Қазақстан экономикасының негізгі салаларында ЖИ шешімдерін енгізуге және масштабтауға бағытталған:МедицинаЭнергетика және мұнай-газ саласыӨндіруші өнеркәсіп және құрылысҚаржыҚатысушылар Тапсырыс беруші компаниялардың нақты міндеттеріне қол жеткізе алады, халықаралық сарапшылардың қолдауымен пилоттарды жинақтауға көмек және Қазақстанда және одан тыс жерлерде жобаларды масштабтау мүмкіндігіне ие болады.Қатысушылар үшін құндылық:Пилоттық жобаларды іске қосу.Халықаралық сарапшылар мен трекерлердің қолдауы.DEMO DAY-да шешімдерді корпоративтік және мемлекеттік тапсырыс берушілер алдында ұсыну мүмкіндігі.Жобаларды масштабтау мүмкіндігіКім қатыса алады?ҚР тіркелген компаниялар.Пилотты сәтті іске қосқан жағдайда Қазақстанда тіркелуге дайын шетелдік компаниялар.Қатысушыларға қойылатын талаптар:MVP кезеңінде шешімдер (белгілі бір мәселені шешетін жұмыс істейтін прототип).Бағдарлама аясында нақты кейстермен жұмыс істеуге дайын кем дегенде екі маманнан тұратын команда.Маңызды күндер:Өтінімдерді қабылдауды аяқтау: 7 желтоқсан.Қатысушыларды іріктеу: 10 желтоқсан.Акселерация кезеңі: 10 - 20 желтоқсан аралығы.Біз жасанды интеллект көмегімен Қазақстан экономикасын өзгертуге, бағдарламаға қосылуға дайын стартаптар мен компанияларды шақырамыз. Бұл инновациялық әзірлеушілер үшін өз шешімдерін көрсетудің, пилоттық жобаларды іске қосудың және елдегі ЖИ дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі.Қалай өтінім беруге болады:Толық ақпарат және тіркеу industrial-ai-acceleration.kz сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/892579
Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның орындалуы Ұлттық комиссия бақылауында 28.11.2024
2024 жылғы 28 қарашада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында әйел тергеушілердің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуге мамандануы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметі қаралды.«Президент ана мен бала мүддесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл – мемлекеттің стратегиялық міндеті. Биыл Ұлттық комиссия «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтауды қамтамасыз ету бағытына басымдық береді. Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарды тергеу жүйесін жетілдіру мәселесі Ұлттық комиссияның тұрақты бақылауында. Біздің міндетіміз – тергеуші әйелдердің әлеуетін пайдалана отырып, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның орындалуын бақылау және оны толық қамтамасыз ету», – деді отырыста Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов пен Ұлттық комиссия мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омарова сөз сөйледі.ІІМ құрылымындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшенің штат саны 256 бірлікке дейін ұлғайтылды. Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеумен 261 әйел-тергеуші айналысады.Құрылған топтардың тиімді жұмыс істеуі үшін қызметтің ұйымдастырушылық негіздері, оның ішінде әйел тергеушілердің осы қылмыстық істерді айрықша тергеуі туралы талаптары айқындалған қағидалар әзірленіп, бекітілді.ІІМ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері ағымдағы жылы 16 мың бұзушылықтың жолын кесті, 91 мың дебошир әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 24 мыңы қамауға алынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Мобильді топтар мекен-жайы бойынша 33 мыңнан астам отбасын қарап, көмекке мұқтаж 1 мыңнан астам отбасын анықтады.Ұлттық комиссия «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп «Бір қадам» «One-Stop-Service» пилоттық жобасына бастамашылық жасады, жобаны Айман Омарова басқарады. Жоба ағымдағы жылы 46-дан астам қылмыстық істі қарады, олардың көпшілігі балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты. Өтініш білдірген 669 әйелдер мен балалар шұғыл құқықтық, психологиялық және сараптамалық көмек алды.Жоба өзінің сұранысы мен тиімділігін көрсетті. Ағымдағы кезеңде жоба шеңберінде талап-арыздар берілді, соның негізінде кәмелетке толмағандарды бүлдіру, зорлау, қудалау, қорқыту, түрмедегі зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде кісі өлтіру бойынша қылмыстық істер қозғалды.Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасын қадағалауды жалғастырады. Бұл жұмыстың тиімділігі құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бей-жай қарамайтын азаматтардың келісілген жұмысы қаншалықты сәтті құрылатынына тікелей байланысты болады.Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892578
Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды 28.11.2024
2024 жылғы 28 қараша Астанада Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Жэнь Цзиндун, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, мұнай және газ, сондай-ақ атом энергиясы сияқты энергетиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов екі Мемлекет басшыларының басшылығымен Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі, оның ішінде энергетика саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтті.«Біздің энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы табысты өзара іс-қимылдың жарқын мысалы болып табылады. Бұл екі елдің тұрақты дамуына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді», — деді А.Жамауов.Қазіргі уақытта Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында 26 жоба іске асырылуда, олардың жиынтық қуаты 1140,85 МВт құрайды.«МАЭК» ЖШС алаңында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалар талқыланды.Мұнай тасымалы саласында Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жұмыстары жалғасуда.Сонымен қатар, газ саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстан аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, «Орталық Азия – Қытай» газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ экспорттауды жалғастыруда. Қазақстан Түркіменстан мен Өзбекстаннан ҚХР-ға газ транзитінде де маңызды рөл атқарады.Тараптар сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, мүмкіндік ҚХР аумағы арқылы үшінші елдерге табиғи уран транзитін кеңейту перспективалары талқыланды.Қазақстандық тарап Қытай тарапының «Қытай – Орталық Азия» энергетикалық ынтымақтастық форумын өткізу жөніндегі бастамасын құптады.Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылы ҚХР аумағында Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитеттің 14-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892594
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді 28.11.2024
2024 жылғы 28 қарашада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Спикер болып ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дубаев Рашид Күлтайұлы сөз сөйлейді.Рашид Күлтайұлы газ жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Басты міндет – газдың үздіксіз және қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету, ағып кету, апаттар және адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды барынша азайту. Бұл инфрақұрылымды жаңарту, жүйелі тексерістер жүргізу, қатаң стандарттарды сақтау, сондай-ақ мамандар мен азаматтарды оқыту және хабардар ету сияқты кешенді тәсілді талап етеді.Бүгінгі таңда еліміздің газификация деңгейі 59%-ды құрайды, яғни 11,6 миллион адам газбен қамтамасыз етілген. Әсіресе батыс және оңтүстік аймақтарда газификация деңгейі жақсы дамыған, алайда Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында газификация деңгейі төмен болып отыр.«Газбен жабдықтау саласындағы апатқа байланысты соңғы статистика алаңдаушылық туғызуда. Оқиғалардың негізгі үлесі жылыту кезеңіне тиесілі: жағдайлардың 70% — газ баллондарына байланысты проблемалар, 25% — улы газбен улану және 5% - басқа оқиғалар. Жылыту кезеңінде көптеген тұрғындар тұрмыстық баллондарды көшеде сақтайды, кейін оларды сұйытылған көмірсутек газының толық булануын күтпестен үйлеріне кіргізіп, газ жабдықтарына қосады, бұл апат қаупін едәуір арттырады», - деп ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев атап өтті.2024 жылы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің инспекторлары газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізді, 479 бұзушылық анықталды, 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 12 нысанның жұмысы тоқтатылды. 2022-2023 жылдары 190-нан астам тексеру жүргізілді, 1000-нан астам бұзушылық анықталып, 31 іс қозғалды.Газ жүйелерін тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін мемлекет тарапынан бақылау ғана емес, профилактикалық іс-шаралар мен тұрақты тексерулер жүргізу де маңызды. Биыл тұрғын аудандарда 500-ден астам аралау ұйымдастырылды, әсіресе ерекше назар аударуды қажет ететін әлеуметтік инфрақұрылым мен жеке үйлер тексерілді. Сонымен қатар газбен жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен 80-нен астам кеңес өткізіліп, әлеуметтік желілерде 800-ден астам материалдар жарияланды.ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев сөз соңында газ жабдықтары мен тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік шараларын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/892560
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 2 ЕСЕ АЗАЙДЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды баяндады.– Республикадағы көпбалалы отбасылардың ауқымды бөлігі біздің облысымызға тиесілі. Еңбекке қабілетті жастардың үлесі мол. Сондықтан, біз жұмыс орындарын ашу мәселесін назарда ұстап отырмыз. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар, өндіріс орындарын ашу арқылы тұрғындар еңбекке тартылуда. Жүйелі атқарған жұмыстың арқасында соңғы екі жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын 2 есеге дейін, яғни, 92,4 мың адамға немесе 53%-ға төмендетуге қол жеткіздік. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 198 мың адам болса, бүгінде 92,4 мың адамды құрап отыр. Жұмыс орындарын ашу – біздің негізгі бағытымыз, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысында биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 104 635 жұмыс орны құрылған.Жуырда Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Түркістанға келіп, шетелге жұмыс күштерін дайындайтын арнайы орталықтың ашылуына қатысты. Бұл орталықта Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда жұмыс істегісі келетін азаматтарды оқытып, дайындайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892470
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛЕТІН ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ АРТТЫ 28.11.2024
Түркістан облысының туристік әлеуеті жыл сайын көтеріліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты.Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны – 210 мың адам. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» және 99 гектар жерге атшабар салынуда.Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892483
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТТЫ 28.11.2024
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.– Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты міндеттің бірі. Осы бағытта ауқымды жұмыс жүруде, – деді Дархан Сатыбалды.Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын (2 млн. 97 мың адам) немесе халықтың 97,9%-ы ауыз сумен қамтылған (737 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 13 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,6%-ға жетеді. Екі жылда 187 мың тұрғын ( 91 елді мекен) табиғи газға қосылды. Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 820 мыңға немесе 84,9%-ға жетеді (557 елді мекен).Биыл 1161 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 560 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94%-ға жеткізіледі.Құрылғанына 90 жыл болған (1934 жылы) Кентаудағы жылу орталығы 85 пайызға тозған. Осыған орай, орталықты қайта жанғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 6 қазандыққа қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі таңда 4 қазандыққа қайта құру жұмыстары толық аяқталып, штаттық режимде жұмыс істеуде. 2 қазандықта қайта құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу желілеріндегі температура белгіленген нормативтен де жоғары берілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/892498
«Астана – есірткісіз қала»: мамандар елордалық оқушылармен кездесті 28.11.2024
Елордада жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша кезекті басқосу Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында өтті. Оған білім ордасының 10 мен 11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Бүгін мектебімізде «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мұндай бағыттағы бірінші іс-шара емес. Кездесуге 300-ден аса оқушы қатысып отыр. Оның мақсаты – жастарға қателіктерден аулақ болу керектігін түсіндіру», - деді М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Өскінбаева.Іс-шараға «Жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ жетекші маманы, психолог Әсел Пірімбек, Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Тоқтарбай жетекшілік етті.Кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының болашақ өмірге келтірер зиянын түсіндіру, теріс әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.«Есірткі таратуға көбінесе жасөспірімдер тартылады. Себебі өзгелерге қарағанда оларға өз ықпалын жүргізу оңайырақ. Мектеп жасындағы балалар «ертегідей өмір сыйлаймын», «қаржылық жағдайың жақсарады» деген сияқты уәдеге алданады. Шын мәнінде, бұл жалған. Бүгінгі кездесу осындай жағдайдың алдын алу мақсатында өтуде. Ақпаратпен қаруланған адам сақтық шараларын ұстану жолдарын біледі», - деді Әсел Пірімбек.Маманның сөзінше жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың негізгі себептерінің бірі бұл – ешкімге керек еместігін сезіну.«Шын мәнінде, бұл – қалыпты жағдай. Жасөспірім шақта мұндай болып тұрады. «Мені ешкім түсінбейді» деп ойлау – қате. Мәселен, мен қазір сіздерден жеке-жеке «Өзіңізді жалғызбын деп сезінесіз бе?» деп сұрасам, оның жауабы «иә» болады. Ал көбісі бұл «жалғыз қалу» сезімінен қашады. Осы орайда мен өзгеден көмек сұрау ұят еместігін айтқым келеді. «Анашым, әкешім, менің жағдайым нашар. Менімен сөйлесіңізші» деп айту ұят емес. Егер сіздің ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз ішіңіздегі сырыңызды айтатындай жақын болмаса, онда сіз кез келген уақытта мектеп психологына көмекке жүгіне аласыз. «Психологқа бар» десе, шошып кетеді. Есі дұрыс емес адам ғана барады деп ойлайды. Бұл – қате пікір. Маманның ақылын тыңдау түк те ұят емес. Психолог пен коучқа өмірде жетістікке жеткен адамдар да барады», - деді маман.Мамандардың айтуынша, есірткінің қармағына бір іліккен адам одан оңай құтылып кете алмайды. Бұл дертке шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Нәтижесінде өзінің денсаулығын, өмірін құртады. Тіпті жақындарының өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.«Жасөспірімдер есірткіге «жоқ» деп қалай айтады? Оның бойында сенімділік қасиеті болуы қажет. Ата-анасынан, ұстаздарынан, қатарластарынан қолдау іздеу керек. Сондай-ақ бос уақытында спортпен, шығармашылықпен айналысқаны жөн», - деді ол.Жасөспірімдер еліктегіш келеді. Сондықтан бір рет есірткіні қолданғанда ештеңе бола қоймас деп, нәтижесінде нашақор болғанын білмей қалады дейді мамандар.Сөз соңында психолог оқушыларға «есірткінің адам мәселесін шешпейтінін естен шығармаған жөн» екенін жеткізді.«Бірқатар қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Есірткі таратқаны және оларды сақтағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл – адам өмірінің шамамен жартысы темір тордың ар жағында өтеді деген сөз. Одан шыққан соң адам көңілді болмайтыны рас. Сондай-ақ мұндай адамға қоғамның қарым-қатынасы да басқаша болады. Мәселен, биыл Астанада есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 150-ден астам адам жауапқа тартылды. Олар – 16 мен 45 жас аралығындағы адамдар», - деді Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Тоқтарбай.Сонымен қатар кездесу барысында оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіліп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы, оқушыларға құқықтық мәдениет құндылықтары, заң үстемдігі қағидаттары түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/892252
Елордалық оқушылар робот құрастырып шығарды 28.11.2024
Астана қаласының М.Мақатев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары ақылды робот құрастырып шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Оқушылардың айтуынша, оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға өздері құрастырып шығарған робот ерекше мотивация беретін көрінеді. Сондай-ақ, өзара байланыс ретінде пайдаланудағы тиімділігі де байқалды. Бұл роботқа қызығушылық танытатындар да бар.«Қазіргі уақытта Темірбек еліміздің басқа қалаларындағы оқу орындарында балалармен кездесіп жүр», - дейді информатика пәнінің ұстазы Айдана Оңғарбекқызы.Робот сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылар енді оны жүргізудің жолын ойластырып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891200
Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды 28.11.2024
Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті.Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/892516
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды 28.11.2024
Алматының Медеу ауданындағы Көлсай шағын ауданында орталық сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаңа су инфрақұрылымы объектілері іске қосылды. Медеу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев құрылыс жұмыстарының нәтижелерімен танысты.2014 жылы қалаға қосылған тұрғын үй массивінде инженерлік желілер болмаған. Олар тек 2021 жылы салынды, алайда, ағымдағы жылы Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған «Балқаш» ауқымды жобасын іске асырудың арқасында су беру мүмкін болды. ТЖ желісі бойынша тәулігіне 6,9 мың текше метрге 5 резервуар және 7,3 мың текше метрге 3 скважина салынды.Осы жоба аясында Көлсай шағын ауданында биыл су көзімен – «Балқаш» су қабылдау станциясымен байланыстыратын, көлемі 400 текше метр сорғы станциясы мен резервуар орнататын магистральдық су құбыры желісі салынды.Нәтижесінде Көлсай шағын ауданының 2 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылды. Сонымен қатар, бұл магистраль 4 мыңға жуық адам тұратын Юбилейный шағын ауданын да үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.«Мемлекет басшысы Алматы қаласын сумен жабдықтауға және су бұруға ерекше көңіл бөледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз, әсіресе қаланың жоғарғы бөлігінде қалаға қосылған, бірақ назардан тыс қалған қосылған аумақтарға ерекше көңіл бөлудеміз, Олар Медеу және Бостандық аудандарында орналасқан, бұларды сумен жабдықтауды 100%-ға жеткізуге ниеттіміз. Бұған дәлел – Көлсай шағын ауданы. Мұнда ештеңе болмаған, бұрынғы бау-бақша серіктестіктері, тар дәліздер. Біз жаңа желілерді ғана емес, сонымен қатар осы аймақтарды тұрақты және үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін қосымша сорғы станцияларын, су қоймаларын орнаттық. Біз тек желілермен ғана емес, жол инфрақұрылымын да жақсартамыз. Осындай жобаларды іске асыру бойынша жаңа стандарттарға сәйкес, қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін көшелердің бүкіл еніне асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Ерболат Досаев. Қала басшысы 2025-2026 жылдарға бұл жұмыс ауданда жалғасатынын атап өтті. Екі жыл ішінде ауданның 20 мыңнан астам тұрғынын қамти отырып, жалпы ұзындығы 136 км инженерлік желілер салу жоспарлануда.«Медеу ауданына ерекше көңіл бөлініп, барлық шағын аудандар тәртіпке келтірілетін болады. Атап айтқанда, Каменское плато шағын ауданы, онда біз 50 км-ге жуық желі саламыз. Сондай-ақ, біз Таулы қырат шағын ауданын да қамтимыз. Көптеген адамдар гүлденген аймақ ретінде қабылданатын таулы қыраттың жоғарғы бөлігінде инженерлік желілер жоқ, сондықтан 30 км-ге жуық жаңа желілер салынады. Инженерлік коммуникациялармен қаладан 25 км жерде орналасқан Алатау шағын ауданы да қамтылады.Менің ойымша, 2025 жылдың соңына қарай айналма жүйелердің контурлары анықталып, сумен барынша қамтамасыз етілетін болады», - деп түйіндеді сөзін Алматы әкімі.Айта кетейік, Медеу ауданының жоғарғы бөлігін сумен жабдықтау жер үсті көздерінің әсер ету аймағында орналасқан. 2022 жылы скважиналардағы су деңгейінің 2,5 есе – 150-ден 60 м3-ге дейін төмендеуі байқалды. Содан кейін қала әкімі тұрғындарды жерасты сумен жабдықтау көздеріне қосу бойынша алғашқы ауқымды жобаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Оның жүзеге асуы арқасында бүгінгі таңда Медеу ауданының 20 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар, екі жыл ішінде ауданда 79,3 км магистральдық және тарату инженерлік желілері салынды. 14 сорғы станциясы, 7 таза су қоймасы, 3 скважина, су мұнарасы орнатылды. Бүгінде ауданның 35 мыңнан астам тұрғыны, оның ішінде ешқашан кәріз болмаған шалғайдағы массивтер орталық коммуникациялармен қамтамасыз етілген.Жалпы, Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылдың басынан бері 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды, бұл 60 мыңға жуық абонентті қамтуға мүмкіндік берді. 2025 жылы 240 км құрылыс және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892508
Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосу 28.11.2024
Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургия кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосу2024 жылғы 28 қарашада Астанада «Ғылым және өнеркәсіп: тау-кен металлургиялық кешеніндегі ҒЗТКЖ қайта іске қосу» атты форум өтті.Іс-шара ғылым, өнеркәсіп және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіріп, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) тиімділігін арттыру және ғылыми қоғам мен тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты жақсарту стратегияларын талқылауға мүмкіндік берді.Форум қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым мен өнеркәсіп арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.«Өткізілетін Хакатондардың басты міндеті – өндірісті жаңа технологиялық деңгейге көтеру және қосылған құн тізбегін құру. Хакатондар ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын анықтауға, нақты экономика сұраныстарын және қажеттіліктерін шешуге, ғылым мен бизнестің кооперациясын жақсартуға, сондай-ақ экспортқа бағытталған жаңа өнімдер өндірісіне арналған коммерцияландыру жобаларын алға жылжыту мақсатында өткізіледі», – деді министр.Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнара Бижанова бизнестің ғылыми зерттеулерге белсене қатысу қажеттілігін айтып, ғылым мен кәсіпорындардың ынтымақтастығының сәтті мысалдарын келтіріп, өнеркәсіптің қолданбалы мәселелерін шешуде айтарлықтай нәтиже алғанын атап өтті. «Ғылым мен өндіріс – бір-бірімен ажырамас байланысты екі тізбек. Бүгінгі форум – жаңа деңгейдегі ынтымақтастыққа қадам. Бірлескен күш-жігермен елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз деп сенемін», – деп атап өтті Г.Бижанова.«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Тұрақты даму жөніндегі директоры Сәкен Шаяхметов компанияның инновациялық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, ҒЗТКЖ-ға жаңа тәсілдерді енгізудің өндірістің тиімділігін арттырудағы маңыздылығын атап өтті. «Корпорация соңғы бес жыл ішінде ірі ғылыми-технологиялық жобаларды іске асыруға қосқан қосымша үлесін ескермеген кезде, лицензиялық-келісімшарттық шарттар аясында ҒЗТКЖ-ға 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлген. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылғанын да атап өтуге болады. Бұдан бөлек, компания ағымдағы жылы Қазақстанда алғашқы ғылыми-технологиялық хакатонға бастамашылық жасап, табысты өткізді. Форум қорытындысы бойынша тау-кен технологияларымен, экологиямен, байытумен және өнеркәсіптік цифрландырумен ұштасқан өндірістік мәселелерді шешуді көздейтін 4 негізгі жоба іріктелді», – деді Сәкен Шаяхметов.ERG компаниясының Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов инновациялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылған ҒЗИ инженерлік орталығы – ERG R&D орталығының жұмысын баяндап, қазіргі уақытта орталық портфелінде экономикалық әсері 150 миллиард теңгеден астам болатын 48 жоба бар екенін мәлімдеді.Орталықтың көзқарасы тиімділік қағидатын қатаң сақтауды қамтиды: әрбір жоба терең талдаудан, зертханалық сынақтардан және жартылай өнеркәсіптік құрылғыларда тексеріледі. Технологияның тиімділігі дәлелденген жағдайда, өндірістерге енгізіледі. Осылайша, қандай да бір тәуекелдер азайып, инновациялық әлеует артады.Форум аясында стратегиялық сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтіп, қатысушылар ғылым мен бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа механизмдерін, Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешеніндегі инновациялар мен өзекті мәселелерді шешуді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/892494
ЮНЕП Атқарушы директорымен кездесу 28.11.2024
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Пусанда (Оңтүстік Корея) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің ЮНЕП Атқарушы директоры И.Андерсенмен кездесуі өтті. Кездесу барысында қазіргі ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ алдағы уақытта бірлескен жұмыс үшін перспективалық бағыттар талқыланды. ЮНЕП басшысы Қазақстанның халықаралық процестердегі белсенді рөлін атап өтті.P.S. Пусанда Халықаралық келісім бойынша келіссөздердің 5-ші раундының жұмысы жалғасуда, онда пластикпен ластануды болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісім шарттары талқылануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/892455
“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ 28.11.2024
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді. Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. “Тұрғын алабын газдандыру – Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Ғ. Сыздықбеков. Айта кетейік, биыл күзде “Қайнарбұлақ-1”, “Қаратөбе” және “Бозарық-2” тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін “Қайнарбұлақ-2”, “Қайтпас-1”, “Ынтымақ”, “Тассай” және “Еламан” шағынаудандарына да газ жеткізіледі. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/892283
Алматыда «Экологиядағы инклюзия-жаңа жылдық ғажайып» жобасы басталады 28.11.2024
Алматыда 28 қарашадан бастап «Экологиядағы инклюзия-жаңа жылдық ғажайып» жобасы басталады. Акция аясында кез-келген адам ерекше қажеттіліктері бар балалар жасаған жаңа жылдық ойыншықтар мен кеңселер мен басқа мекемелерге арналған дизайн сатып ала алады. Ойыншықтар қайта өңделген пластиктен жасалады және балалар эко-жаттықтырушылармен шығармашылық шеберлік сабақтары аясында боялады.Жобаға жеке тұлғалар да, қала ұйымдары да қатыса алады. Компаниялар өз қызметкерлерін әрқайсысы бір немесе бірнеше шырша ойыншықтарын сатып алатын челленджге қатысуға шақыра алады. Эко-Хаб ойыншықтар жасауға өтінімді қабылдайды және серіктестік оңалту орталығына шақырады немесе балаларға шығармашылық үшін дайын материалдарды беру үшін келеді. Балалар Эко-жаттықтырушылармен бірге шырша әшекейлерін жасайды, содан кейін оларды компаниялар кеңселерін,і, дүкен сөрелерін, мейрамханаларды немесе қалалық шыршаларды безендіру үшін пайдалана алады. Ойыншықтардың бір бөлігі балалардың оңалту орталықтарын безендіру үшін қалуы мүмкін. Процесс аяқталғаннан кейін әр компания Эко-Хабтан есеп алады, сонымен қатар іс-шаралардан алынған бейнеге сілтеме жасайды.Жобаның бастамашысы Евгений Мұхамеджанов акция идеясы кездейсоқ пайда болмағанын айтады: «Бізге шеберлік сабақтарына өз қолдарымен жаңа ойыншықтар жасайтын ерекше балалар келеді. Біз олардың өздерін қажет сезінетінін және мерекеге қатысы бар екенін байқадық, мұнда олар жетістікке жетеді. Сондықтан біз олардың еңбегін қоғам бағалағанын қаладық. Ал ертең, егер олар ойыншықтарын қалалық шыршада, дүкеннің немесе мейрамхананың терезесінен көрсе, онда олардың жүректері одан да қатты тебіренетін болады», - деді ол.Экологиялық таза және креативті ойыншықтар жаңа жылдық корпоративті бокстарға, кеңселер мен сауда нүктелерін безендіруге өте ыңғайлы. Маңызды нәрсе, егер ойыншықтар мерекеден кейін өзектілігін жоғалтса, оларды қайта өңдеуге және жасыл қайта өңдеу циклін сақтай отырып, жаңа өнімдер жасауға болады.Толық ақпарат алу үшін тұрғындар Марков көшесі, 44 мекенжайы бойынша немесе телефон арқылы Эко-хабқа жүгіне алады+7 707 358 9992.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/892265
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда 28.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/892389
Кино – өмір айнасы: «Еуразия» қатысушыларының жүрекке жетер оқиғалары 28.11.2024
Кино – шынайы өміріміздің көрінісі емес пе? XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің үшінші күнінің қатысушыларымен өткен баспасөз конференциясы осыны дәлелдеді. Ең әсерлі фильмдер біздің жадымызда сақталып, адалдық пен үміт туралы сыр шертетінін көрсетті.«Жер ана» фильмінің қоюшы-операторы Исмаэль Бланко Испанияның бос қалып, құрдымға кеткен ауылдары туралы сөз қозғады. Өмір бойы ауылының шаңын жұтып, дала төсінде емін-еркін жүрген тұрғындардың күнкөрісі қиындап кеткен. Бұл жерлерде өмір үшін күресуге тура келеді. Фильмде шөл дала мен мегаполистің тыныс-тіршілігі, артта қалған күндер мен жайлылыққа толы болашақ суреттеліп, қарама-қайшылықтар бейнеленген.«Бұл ауылдардың тұрғындары кәсіби актерлер емес. Олардың бет-әлпеті мен сөйлеу мәнері тарихтан сыр шертеді. Оны ойдан шығару мүмкін емес», – дейді ол.Қырғыз режиссері Дастан Жапар Рыскелди шынайы оқиға негізінде түсірілген «Шекарадағы мәміле» фильмін ұсынды. Оның туындысы Орталық Азия және түркі елдері байқауына қатысуда.«Менің ағам құлдықта болды. Бұл 2000 жылдары болған жағдай, бірақ осыған ұқсас оқиғалар әлі де қайталанып келеді. Біз өздерін қорғай алмайтын адамдар үшін осы туралы үн қатуымыз керек», – дейді режиссер. Осы фильм арқылы Дастан Жапар Рыскелди бүкіл Орталық Азия елдерінде өзектілігін жоғалтпаған құлдық мәселесіне қатысты жанайқайын жеткізбек.Татар режиссері Салават Юзеевтің «Ғашықтар тауы» фильмі адам жанының асыл қасиеті махаббат пен әсемдігін жоғалтпайтын табиғаттың киелі екенін бейнелейді. Фильм кейіпкері махаббат сертімен байланысы бар тауды барынша қорғауға тырысады.«Бұл тау тек табиғаттың көркем сыйы емес. Бұл кейіпкердің адалдығы мен рухани күшінің символы», – деді Салават.Кинофестивальде ерекше әсер қалдырған фильмдердің бірі – Аруан Анартайдың «Жоқтау» картинасы. Аталмыш туынды Орталық Азия және түркі елдері байқауында бақ сынасуда. Отандық режиссердің фильмін тамашалау үшін көрермендер кезекке тұрып, залдың ішінде ине шаншар орын табылмады.«Сценарий жазу барысында мен әлі де қайғыдан қан жұтып отырдым. Жоқтау игі адамдардың дүниеден өткеніне өкініп, оларды еске түсіру үшін айтылатын сөз ғана емес. Бұл біздің мәдениетіміз, мәңгі мекенге кеткендермен сырласудың жолы», – деді режиссер.«Жоқтау» фильмі жеке қайғы мен дала дәстүрінің ұлылығын үйлестіре отырып, көрермендерді терең тебірентті. «Еуразия» кинофестивалі қатысушылар мен көрермендерді шабыттандырып, оларды біріктіре отырып, өз жұмысын жалғастыруда. Көркем туындыларды тамашалау мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Көрсетілімдер кестесімен фестивальдің ресми сайтында таныса аласыздар: https://eurasiaiff.info/Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892407
Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жергілікті қамтуды дамытуын талқылады 28.11.2024
Энергетика министрлігі отандық тауар өндірушілерді қолдау және уран өндіру саласындағы ұлттық компанияның және оның еншілес тәуелді ұйымдарының сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесін ұлғайтуды ынталандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде 2024 жылғы 28 қарашада Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ «Отандық тауар өндірушілерді дамыту және қолдау» атты дөңгелек үстел өткізді. Оның шеңберінде Ұлттық компания импортты алмастыру бағдарламасы бойынша жұмыстағы міндеттер мен перспективалар туралы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған тауар өндірушілердің табысты кейстерін таныстырды.Іс-шараға 20-дан астам отандық тауар өндіруші мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Вице-министр Ә. Жамауов өз сөзінде «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық өндірушілердің елішілік құндылығын арттыру және қолдау, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдар, жабдықтар және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, уран саласының жұмысын қолдауда түйінді үлес қосатын отандық тауар өндірушілердің маңызды рөлі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.Іс-шараның соңында салтанатты түрде уран компаниялары шамамен 2,4 млрд теңге сомаға 8 отандық тауар өндірушімен 20 оффтейк-келісімшарт жасасты. Сонымен қатар сорғыларды, су көтергіш құбырларды, сүзгілерді шығаратын STUWA Konrad Stukerjur gen GmbH (Германия), су, энергетика және минералдық ресурстар секторына арналған бұрғылау қондырғылары сияқты арнайы техника шығаратын BAUER Group (Германия) секілді еуропалық компаниялармен одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Энергетика министрлігінің бұл бағыттағы жұмысы жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892356