Enbekshi QazaQ

Қуқық

2024 жыл қорытындысы: Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері 29.11.2024
Биыл Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласында айтарлықтай табысты еңбек етті. Бұл жыл ел үшін маңызды кезеңге айналып, қазақтың мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін айқындайтын көптеген ірі іс-шаралармен есте қалды.Ұйымдастырылған көрмелер, фестивальдер мен гастрольдер ел ішіндегі мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, қазақ мәдениетін шетелде белсенді түрде насихаттауға ықпал етті. Министрлік 2024 жылғы жұмысын қорытындылады. Қазақ мәдениеті шетелде: жетістіктер мен табыстарБиыл қазақ өнері алғаш рет әлемге әйгілі өнер алаңдарында: Венеция биенналесі мен Гиме – Азия өнер музейінде ұсынылды. Бұл көрмелерді шамамен екі жүз мың адам тамашалады.Сонымен қатар, Қазақстанның баспа өнімдері алғаш рет әлемнің басты кітап көрмесі – Frankfurter Buchmesse-де көрсетілді. Бұл шараға әлемнің 153 елінен делегация қатысты.Мәдениет бағыты бойынша білім алған 255 студент Қытай, Италия, Ұлыбритания, Австрия, АҚШ, Түркия, Чехия, Испания және басқа да елдерде өткен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды.Бұдан бөлек, биыл Қазақстанның шығармашылық ұжымдары 14 елге гастрольдік сапармен барды. Оның ішінде Франция, Вьетнам, Түркия және АҚШ елдерінде сәтті өнер көрсетті. Бұл іс-шаралар халықаралық байланыстарды нығайтып, қазақ мәдениетін шетелде танытуға ықпал етті.Тяньцзинь музейіндегі «Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі де маңызды оқиғалардың бірі болды. Көрме ашылған сәттен бастап 400 мың адам тамашалады.Мәдени дипломатияның маңызды бөлігі ретінде Тәжікстан мен Түрікменстанда Қазақстанның Мәдениет күндері де табысты өтті.Айта кететін жетістіктердің бірі – «Qazaq Culture» ақпараттық-ағартушылық платформасының іске қосылуы. Бұл платформа сегіз тілде, соның ішінде БҰҰ-ның алты ресми тілі, қазақ және түрік тілдерінде ақпарат таратады. Аталған бастама Қазақстанның бай мәдени мұрасын әлемге танытуға бағытталған.2024 жылы қазақ қайраткерлерінің есімдері де ұлықталды. Құрманғазы, Абай сынды тұлғалардың ескерткіштері Түрікменстан, Тәжікстан және Татарстанда орнатылды. Бұл жетістіктер қазақ мәдениетінің халықаралық аренадағы беделін арттыру және оны әрі қарай дамыту бағытында министрліктің белсенді жұмыс атқарып жатқанын көрсетеді.Елдің мәдени келбеті2024 жылы Қазақстанда мәдени мұрасы мен байлығын көрсететін көптеген маңызды мәдени іс-шаралар өтті.Айтулы оқиғалардың бірі – 17 мыңнан астам көрермен жинаған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты. Ойындардың жабылу рәсімінде әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің керемет концерті ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» атты картинасының көрмесі өтті. Бұл көрмені 37,7 мыңнан астам көрермен тамашалады.Қараша айының соңында ХVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Фестиваль аясында халықаралық байқау және Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің фильмдері бойынша байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Ресей, Тәжікстан, Татарстан, Түркия, Өзбекстан, Филиппин және Франция сынды елдерден 50-ге жуық фильм ұсынылды, бұл кино өнерінің сан түрлі қырын айшықтай түсті.Жыл бойы өткен көптеген концерттердің ішінен 30 қазанда Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Бисенғалиевтің қатысуымен өткен симфониялық концертті ерекше атап өтуге болады.16 қазанда Мәскеудегі Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда «Астана Опера» театрының гастрольдері өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның мәдени дипломатиясын дамытуда маңызды қадамға айналды.Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмібай Сариевтің шығармашылығына арналған концерттер өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанның белгілі тұлғалары мен тарихи даталарына арналған мерейтойлық іс-шараларБиыл Қазақстанда елдің ұлы тұлғалары мен тарихи даталарына арналған ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтуде. Бұл іс-шаралар тек ұлы қайраткерлердің есімін ұлықтаумен шектелмей, сонымен қатар, елдің мәдени мұрасын дамытуға үлес қосуда.Маңызды мерейтойлар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің 90 жылдығы, Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығы, Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы, Герольд Бельгердің 90 жылдығы, Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығы, Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы.Бұл іс-шаралар қазақ мәдениетінің маңызы мен оның халықаралық аренадағы рөлін ерекше көрсетеді. Мысалы, қараша айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің француз тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымы өтті.Аталған мерейтойлар қазақ халқының рухани мұрасын жаңа деңгейге көтеріп, оның әлемдік мәдениеттегі орнын айшықтай түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893401
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жыл қорытындысы: креаторларды қолдау және азаматтық қоғамды дамыту 29.11.2024
Мемлекет басшысының белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қоғамның өзекті мәселелерін шешуге азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасалуда. Волонтерлер қозғалысы қарқын алуда. Министрлік 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысын ұсынды. Креативті индустрияларМемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында креативті индустрияларды қолдау бойынша шаралар кешені әзірленді. Креативті индустриялар субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Республика бойынша 10 креативті орталық пен хаб ашылды. Волонтерлер қозғалысын қолдауВолонтерлер қозғалысының дамуында оң динамика қалыптасты. Белсенді волонтерлер саны 200 мыңнан (2022) 240 мыңға (2024) дейін өсті. Волонтерлік қызметті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 3-4 қазанда АӨСШК Жастар кеңесінің қамқорлығымен АӨСШК-ге мүше 14 мемлекеттен 450 адам қатысқан Волонтерлер слеті өтті.Жыл сайын волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға 50-ден астам волонтерлік жобалар жүзеге асырылып, 240 шағын гранттар. 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберілді. 2021-2023 жылдар аралығында 9 волонтер жіберілді. Қоғамдық кеңестер құрамындағы жастарҚоғамдық кеңестердегі жастардың үлесі 2022 жылғы 4,1%-дан 2024 жылы 12%-ға дейін өсті.Қазақстанда 262 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (оның 36-сы орталық, 226-сы жергілікті деңгейде). Қоғамдық кеңестерде барлығы 4 мыңға жуық адам болса, оның 86%-ы азаматтық қоғам өкілдері. 63 қоғамдық кеңес 100% азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады. Қайырымдылықты дамытуЗаңнамаларды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың, қайырымдылық ұйымдарының, квазимемлекеттік және бизнес секторларының өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.Ұсынылып отырған шаралар жеке тұлғалардың тек өздерінің немесе жақын туыстарының пайдасына қайырымдылық жинақтарын реттеуге, қайырымдылық ұйымдарының міндетті есептілігін енгізуге және бірыңғай цифрлық қайырымдылық платформасын құруға бағытталады. Жастар еңбек жасақтары қызметін трансформациялауЖастарды маусымдық жұмыспен қамтудың жаңа бағыттарын құру арқылы (инженерлік, ауылшаруашылық, педагогикалық, құрылыс және т.б.) жыл сайын кемінде 30 мың адам қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893609
Алматыда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті 29.11.2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің туындысы — «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті.Жаңа ұлттық опера Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген.Қойылымды сахналауға әйгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылды.Театрдың жетекші әртістерінің, симфониялық оркестр мен хордың қатысуымен тарихи дәуір шынайы сахналанды.Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер өткізіліп, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынады.Үш күн бойы көрермендер ортағасырлық ең ірі мемлекет — Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасап, маңызды тарихи сәттер мен ұмытылмас эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893625
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша қорытындылар 29.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында сағат 16:00 бастап «КОREМ» АҚ сауда алаңында Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 441.9 МВт;ҚР БЭЖ Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 180 МВт.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз).Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 3 энергия өндіруші ұйым қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 412 МВт құрады. Сауда жүйесінде 3 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 412 МВт құрады.ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында сатып алынған электр қуатының іске асырылмаған көлемі 29.9 МВт құрады.Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтің іске асырылмаған көлемі 123.2 МВт құрады.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/rus/itogitorgov/rynok_moshnosti/.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892734
Сұңғат Есімханов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті 29.11.2024
Бүгін вице-министр Сұңғат ЕсімхановҚарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.Өз сөзінде вице-министра өңірді газдандыру бойынша жоспарларға ерекше тоқталып өтті.Бүгінгі таңда Қарағанды облысын газдандыру 80 млрд теңге сомасын құрайтын 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздеп отыр, оның ішінде: Қарағанды қаласында 29 528 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 16 іске қосу кешені және Теміртау қаласындағы 6 357 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 8 іске қосу кешені. Сонымен қатар 2457 абонентке техникалық шарттар берілді (Қарағанды қ. – 1 742, Теміртау қ. – 715), 1823 абонент газға қосылды (Қарағанды қ. – 1 167, Теміртау қ. – 656).Бұған қоса газ желілерін салу бойынша 2024 жылға 11,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде Қарағанды қаласының АГТС-«Қарағанды «САРЫ-Арқа» МГ газ тарату желілерін, Теміртау қаласының АГТС Теміртау МГ «САРЫ-Арқа» газ тарату желілерін салу және Қарағанды облысы Шахтинск қаласын газбен жабдықтаудың тарату желілері бар Шахтинск» АГТС және газ бұру құбырын салу.Өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жылумен қамтамасыз ету бойынша Сұңғат Есімханов бүгінгі таңда облыстың электр станцияларының белгіленген жылу қуаты 4416,3 Гкал / сағ. қолда бар жылу қуаты – 3220,2 Гкал/сағатты құрайды.Облыстың жылумен жабдықтаудың ірі көздері ЖЭО-3 және ЖЭО-2 болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2400 Гкал/сағ-тан асады, ал қолда бар қуаты 1800 Гкал/сағ-тан асады және ЖЭО-3 орташа тозуы 69 %, ал ЖЭО-2 72 %-ды құрайдыОсыған орай 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қарағанды облысы бойынша 2025 жылға арналған 4 жобаны іске асыруға 8,6 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған.Атап айтсақ, Теміртау қаласындағы (Республика даңғылынан Ушинский көшесіндегі сорғы станциясына дейін Құрылысшылар даңғылы бойынша және Құрылысшылар даңғылынан ТК18-ге дейін (Мир даңғылы- Металлургтер даңғылы) Ушинский көшесі мен Мир даңғылындағы) жылу желілерін реконструкциялау және Қарағанды қаласының Октябрь ауданының БТ3-тен ТП1-ге дейінгі «Соединительная» жылу магистралін реконструкциялау, ЖЭО-3-тен Орталық жылу бөлу орталығы-1-ге дейінгі 1-кезектегі жылу магистралін реконструкциялау.Сондай-ақ, вице-министр Қарағанды облысында жалпы қуаты 272,5 МВт 8 ЖЭК объектісі бар,оның ішінде қуаты 270,8 МВт 6 күн электр станциясы, қуаты 1,1 МВт 1 электр станциясы және қуаты 0,6 МВт су электр станцияларының жұмысын және энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 500 МВт ЖЭС ауқымды жобасын іске асыру жоспарын атап өтті.Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893224
Сұйытылған мұнай газы тауарына ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу жөнінде 29.11.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №619 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сұйытылған мұнай газына қатысты ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндетті болып табылатын бұйрығы күшіне енетінін хабарлайды, бұл газды өндіру мен айналымы Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңымен реттеледі.Бұл бұйрық елдің ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893481
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды 29.11.2024
HR Enbek еңбек ресурстары порталында пікірлерді орналастыру бойынша жаңа функционал пайда болды. Онда жұмыскерлер – қазіргі және бұрынғы жұмыс орындары туралы, ал жұмыс берушілер – жұмыс жасайтын және жұмыстан шыққан жұмыскерлері туралы пікір қалдыра алады.Пікірлер бес жұлдызды бағалау (өте нашардан өте жақсыға дейін) мен мәтіндік сипаттаманы қамтиды. Функционалдылық жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара әрекеттесуінің оң немесе теріс тәжірибесін бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл міндетті емес.Пікір қалдырып, оның түпнұсқалығына кепілдік беру үшін оған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек. Сіз өзіңіздің жазбаларыңызды «Менің пікірлерім» (пайдаланушы қалдырған) және «Мен туралы пікірлер» (пайдаланушы алған) салымдарындағы тиісті бөлімде көре аласыз. Жасалған және алынған пікірлер туралы барлық деректерді құжат форматында жүктеуге болады.Сондай-ақ, қызметкер мен жұмыс беруші бір пікір қалдыра алады, бұл ынтымақтастық туралы ақпаратты толықтыруға немесе нақтылауға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға үміткерлерді іріктеу кезінде «Жұмыскерлер» бөлімінде олар бойынша бұрынғы жұмыс орындарынан кері байланыс сұрай алады. Бұл ретте кандидатқа 1414 нөмірінен SMS арқылы немесе порталдағы жеке кабинетке, сондай-ақ HR Enbek мобильдік қосымшасында келісуге сұрау салу жіберіледі. Жұмыс беруші ақпаратқа келісім алғаннан кейін ғана қол жеткізе алады.Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер туралы пікірлерді көру мүмкіндігі барлық ізденушілер үшін 2025 жылы қолжетімді болады.Бұл функционал жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынастардың ашықтығын арттыруға, жұмыс іздеу және қызметкерлерді жұмысқа алу процесін жеңілдетуге бағытталған.Пайдаланушы берілген ақпарат үшін толық жауап беретінін ескеру маңызды. Осы онлайн-платформаларда дәйексіз ақпарат қалдырған жағдайда заңдық тұрғыдан жауапкершілік қарастырылған. Жалған ақпаратты тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/892779
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан 29.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты.1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған.Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.Айта кетейік, бұл - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде салынған бесінші мектеп. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892798
80 000-нан астам педагог тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті 29.11.2024
Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар аяқталды. Биылғы жылы 80 мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымдарының басшылары оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.Курсқа қатысушылардың жартысынан көбі ауыл мектептерінің мұғалімдері, олардың саны - 46 074 педагог. Сондай-ақ 62 мың педагог мемлекеттік тілде білім алды.Оқыту 56 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Олардың ішінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану, арт-педагогикалық технологиялар және пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер теориялық материалдармен ғана жұмыс жасамай, сондай-ақ практикалық тапсырмаларды да орындады. Курстарды аяқтағаннан кейін оларға курстан кейінгі қолдау көрсетіледі.«Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің үздіксіз дамуы басты рөл атқарады. Заманауи әлем мұғалімдерден білім беруді ғана емес, сонымен бірге шабыттандыруды, бағыт беруді және өзгермелі жағдайларға бейімделуді талап етеді. Біздің орталықтың оқытушылары 3 160 курс өткізді, онда 81 803 педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 965 педагогі, мектептердің 68 458 педагогі және колледждердің 1380 педагогі оқытылды», – деді «Өрлеу» Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова.Естеріңізге сала кетейік, курстар биыл ақпан айында басталған болатын, ол мұғалімдерді қолдау мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Мұндай курстар білім сапасын арттырып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ ол педагогиканың қазіргі тенденцияларын, білім берудің заманауи технологиялары мен әдістерін меңгеру арқылы оқушыларға сапалы, қазіргі талапқа сай білім беру мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/893201
Елімізде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою-тазалық пен экологиялық қауіпсіздікке жасалған маңызды қадам 29.11.2024
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Гарыш Сапары" Ұлттық компаниясымен серіктестікте еліміздің барлық жеріндегі рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. Құқық қорғау органдарымен және әкімдіктермен бірлескен күш-жігердің нәтижесінде соңғы үш жылда қоқыс үйінділерінің саны айтарлықтай азайды.Мәселен, 2024 жылы экологиялық инспекторлар рұқсат етілмеген полигондарды анықтау бойынша 4496 шығу жүргізді.Бүгінгі таңда Қазақстанда 4896 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, оның 3887-сі жойылды, бұл жалпы санның 81% құрайды.Экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 9,5 млн теңгеге 159 лауазымды тұлға, оның ішінде 2,6 млн теңгеге 60 аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасары жауапкершілікке тартылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне қарсы күрес аясында әкімдіктермен және полиция департаменттерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуді қамтитын іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, белсенді іске асырылуда. Биыл республика бойынша барлығы 120 рейд жүргізілді. Қалдықтарды басқару жауапкершілігін арттыру мақсатында айыппұл санкцияларын қатаңдатуды көздейтін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде:▪️Кәсіпкерлік субъектілерінің санатына қарай-200-ден 1000 АЕК-ке дейін. Қайта бұзылған жағдайда-көлік құралдары тәркіленіп, 750-ден 2000 АЕК-ке дейін.▪️Жеке тұлғаларға — 100 АЕК, қайталанған жағдайда-200 АЕК.Тарату деңгейі 70% - дан аз жергілікті атқарушы органдармен осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігі туралы кеңес өткізілді.Рұқсат етілмеген полигондарды жою және одан әрі іс-қимылдар жөніндегі келесі кеңес 2024 жылғы желтоқсанға жоспарланған.Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоршаған ортаны жақсарту мақстаныда кешенді шаралар қолдана отырып, рұқсат етілмеген полигондар мәселесін шешу үшін белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893462
Халықпен кездесу. Жезқазған 29.11.2024
Бүгін Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаеваның халықпен, қоғам өкілдерімен және аймақтың үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуі өтті.Кездесу барысында облыс белсенділері экология мәселелерін көтерді (атмосфераға зиянды қалдықтар шығару, өнеркәсіптік қалдықтар, ТЭЦ, қоқыс шығарудың уақытында жүргізілмеуі және т.б.), Жезқазған қаласындағы Ботаникалық бақ мәселесі және басқа да мәселелер талқыланды.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының аясында экология мен тұрақты даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Құжатта автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату мәселесі басты назарға алынды.Ұлытау облысында 5 кәсіпорын автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуы тиіс («Kazakhmys Smelting», «Жайрем тау-кен байыту комбинаты», «Kazakhmys Energy», «Жезқазған жылу және су кәсіпорны») және «Kazakhmys Distribution»), оның 4-і бұл жүйені орнатқан. Қазіргі уақытта 4 кәсіпорынның екеуі ақпараттық жүйеге қосылған («Kazakhmys Smelting», «Жайрем тау-кен байыту комбинаты»), ал «Kazakhmys Distribution» кәсіпорны толық іске қосылады жылдың соңына дейін. Ал «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) кәсіпорны қазіргі уақытта тестілеу режимінде жұмыс істейді.2021-2023 жылдар аралығында және ағымдағы жылдың көктемінде республика бойынша 970,8 миллион көшет отырғызылды, соның ішінде Ұлытау облысында жоспар бойынша 3,1 миллион көшет отырғызылды.Жаңаарқа орман шаруашылығында жылына шамамен 1 миллион 300 мың көшет өсіруге арналған 70 гектарлық тұрақты питомник салынып жатыр.Экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында тексеру қызметі 2023 жылы 11 тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде 26 құқық бұзушылық анықталып, оларды жою жөнінде 26 нұсқама берілді. 28 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 24 миллион теңге.2024 жылдың алғашқы 10 айында 11 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 58 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 3,3 миллиард теңге, 62 айыппұл 66 миллион теңге көлемінде ерікті түрде өндірілді.Министр халықпен кездесу барысында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ірі кәсіпорындарға кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу міндетті екенін атап өтті. Бұл шара жаңа ірі кәсіпорындарға ең жақсы қолжетімді технологияларды (НДТ) қолдануды талап етеді. Аймақта «Қазақмыс Корпорациясы» мен «Kazakhmys Smelting» (Қазақмыс Смэлтинг) сияқты екі ірі кәсіпорын НДТ-ны белгіленген мерзімде енгізуі қажет.НДТ енгізу қоршаған ортаға оң әсер ететіні анықталды.Қоқыс пен қалдықтармен күресудің негізгі проблемасы - қоқыс басқару инфрақұрылымының әлсіздігі, қоқыс полигонының стандарттарға сәйкес келмеуі және заңсыз қоқыс қалдықтарының көп болуы.Қазіргі уақытта аймақтағы қалдықтарды басқару бағдарламалары толық бекітілмеген. Жалпы 5 қала мен аудандардың 3-де бекітілген, қалған 2 аудан бойынша жұмыстар жалғасуда.2024 жылдың бірінші жартысында Ұлытау облысында тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 60 мың тоннаға жетті, ал қазіргі кезде облыста қайта өңделген немесе сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі 0 пайызды құрайды.34 қалдықтарды орналастыру объектісінің тек 2-і экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.Облыста 133 заңсыз қоқыс орны анықталды, бірақ олардың ешқайсысы жойылмаған. Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына заңсыз қоқыс орындарын уақытында жоймағаны үшін 369 200 теңге айыппұл салынды.Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893551
Жезқазған қаласындағы нысандарға бару, жұмыс кеңесі 29.11.2024
Бүгін Ұлытау облысындағы іс сапар аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады.Министр Ботаникалық баққа барды, Жезқазған ботаникалық бағы ҚР ЭБЖМ ОШЖӘК "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК филиалы болып табылады. Ботаникалық саябақтың проблемалық мәселелерінің бірі-оның техногендік қолайсыз аймағында орналасуы. Министр Ботаникалық бақ қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмысымен танысып, жұмыс кеңесін өткізді.Е. Нысанбаев "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС, Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік нысандарын аралады. Кәсіпорындардың жұмысымен танысып, АМЖ қосу мәселелерін, Ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу мәселелерін қарастырды.Облыс әкімдігінде Ұлытау облысының әкімі Д. Рысбековтың төрағалығымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың қатысуымен облыстық құрылымдық бөлімшелер, департаменттер мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында Министр ҚР Үкіметі қабылдаған Ұлытау облысының экологиялық ахуалын жақсарту бойынша Жол картасына тоқталып, әр тармақтың маңыздылығын айта отырып, іске асырушы әр мемлекеттік органның жауапкершілігін атап өтті. Кездесу барысында ҚТҚ, қоқыс полигондары, қоқысты қайта өңдеу мәселелері көтерілді. Кездесуге қатысушы, "Таза қала-Жезқазған" өкілі қоқыс жинау бойынша презентация ұсынды.Астана қаласының үлгісі бойынша Жезқазған төңірегінде "жасыл белдеу" құру бойынша ұсыныстар да қызықты болды. Министр өз сөзінде, Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын "жасыл белдеу" жобасын әзірлеуге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.Кеңес қорытындысы бойынша Экология министрлігінің аумақтық құрылымдық бөлімшелеріне, Жезқазған қаласының әкімдігіне ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893626
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Францияның Қазақстандағы елшісі Гиоге Сильванмен кездесті 29.11.2024
ҚР Әділет министрлігінде Әділет министрі Азамат Есқараев пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гиоге Сильванның кездесуі өтті.Азамат Есқараев Сильван мырзаны жақында Францияның Қазақстандағы Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның негізгі дипломатиялық міндеттерді шешудегі кәсіби тәжірибесін атап өтті. Министр Қазақстан мен Франция арасындағы заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарына негізделген әріптестік қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Әділет министрі Сильван мырзаға сапары үшін алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін нәтижелі диалогтың жалғасын табатынын айтып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағытта әрі қарай өзара іс-қимыл жасауға және құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/892765
Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді 29.11.2024
2024 жылғы 28 қарашада Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР Үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді, олардың тақырыптары құлдықтан, мәжбүрлі еңбектен, адам саудасынан бостандық құқығын, әйелдер және балалар құқығын, мүгедектігі бар адамдардың, мигранттар мен босқындардың, азаматтағы жоқ адамдардың құқығын, сондай ақ құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі туралы мәселелерді қозғайды.Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) төрт жылда бір рет жүзеге асырылатын БҰҰ-ға мүше барлық 193 мемлекеттегі адам құқықтары туралы ақпаратты шолудың бірегей механизмі болып табылады. ӘКШ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің құрылымына кіреді және әрбір елге адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары туралы хабарлауға, сондай-ақ осы саладағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.Өздеріңіз білетіндей, ӘКШ шеңберінде Қазақстанның қорғауының үшінші циклі 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің 245 ұсынымы алынды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғарыда аталған құқықтар ішінен 63 ұсынысты қолдады және жүзеге асырады.«Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросы» ҚБ директоры Денис Андреевич Дживагоның үйлестіруімен баламалы баяндамаларды әзірлеуге тікелей қатысқан ҚР ҮЕҰ Коалициясының сарапшылары Айгуль Шакибаева, Жанар Нурмаханова, Анара Ибраева, Александр Муха сөз сөйледі.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар адамның әмбебап құқықтарын қорғауды нығайту бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, оның ішінде ҚР ҮЕҰ Коалициясының балама баяндамасын талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/892782
Абай облысында жергілікті бюджет түсімдерінің көлемі артты 29.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен жергілікті бюджет жоспарын орындау, уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл және салықтық әкімшілендіру міндеттерін шешу мәселелеріне арналған отырыс өтті.\nЖиында Абай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2024 жылдың 11 айында жергілікті бюджетке 102,1 млрд теңге мөлшерінде белгіленген түсімдер жоспары 6,5 млрд теңгеге асыра орындалғанын атап өтті. Күтілетін түсімдер 108,6 млрд теңгені құрап, орындалудың 106% - на сәйкес келеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 млрд теңгеге артық, бұл 125% өсімді көрсетеді.\n114,3 млрд теңге деңгейінде бекітілген жылдық жоспар жыл ішінде 127,4% - ға дейін ұлғайтылды. Өңірде жалпыға бірдей декларациялау белсенді енгізілуде. Бұл кірістердің ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы күресте ықпал етеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады, олардың арасында тұрғын үйді жалға алу, жолаушылар тасымалы, іс-шараларды ұйымдастыру және блогер ретінде жұмыс істеу сияқты ең танымал қызмет түрлері бар. Алайда, бұл азаматтардың едәуір бөлігі әлі күнге дейін салық төлеуден тыс қалады. Бұл бюджетті толықтыру мүмкіндігін шектейді.\nАлакөл жағалауында 223 демалыс базасы мен түрлі бизнес нысандары жұмыс істейді. 2023 жылы осы субъектілерден түскен түсімдер 160,5 млн теңгені құрады, оның 89,3 млн теңгесі демалыс базаларына тиесілі. 2024 жылы бұл соманы 210 млн теңгеге дейін ұлғайту күтілуде. Туристерге қызмет көрсетуді жақсарту үшін ағымдағы жылдың жазында нысандар тексерілді. БКМ және POS-терминалдарды пайдалану ережелері түсіндірілді. Тамыз айында басталған «Salyq кэшбэк» жобасы аясында есепке алынған чектер саны 257%-ға ұлғайды. Бұл 1 млрд теңге мөлшерінде қосымша түсімдерді қамтамасыз етті.\nОтырысты қорытындылай келе аймақ басшысы өңірдегі салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру үшін жол картасын әзірлеуді тапсырды. Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлік қызметті бақылауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ құрамына атқарушы органдардың, салық құрылымдарының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері кіретін жұмыс тобын құру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/889496
Саран қаласының орыс тілді оқушылары мемлекеттік тілді білуде бақ сынады 28.11.2024
Саран қаласындағы орыс тілді мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасындағы жыл сайынғы "Мемлекеттік тіл – мерейім" қалалық байқауында қатысушылар қазақ тілін жақсы білетіндіктерін көрсетті.Зияткерлік сайыс үш кезеңнен тұрды. Алдымен бастауыш сынып оқушылары өздерін қазақ тілінде таныстырды. Келесі турда Отан туралы өлең оқуы тиіс болатын. Соңғы кезеңде конкурсанттар Қазақстан туралы сұрақтарға жауап берді, бұл олардың өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуін бағалауға мүмкіндік берді.– Ең алдымен қазылар алқасы балалардың сөздік қорын, олардың қазақ тілінің ерекше дыбыстарын дұрыс айту қабілетін және аудитория алдында сөйлеген сөздеріне деген сенімділігін бағалады. Тұсаукесерлердің өзіндік ерекшелігі мен креативтілігі де ескерілді, – дейді Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының директоры Альбина Нұрмаханова. – Бұл байқау балаларға ашылуға мүмкіндік беріп қана қоймай, мұғалімдер жұмысының жарқын үлгісі болып табылады. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілді толыққанды зерделеуге түрткі болады. Біз балалар мен ересектер арасында қазақ тіліне деген қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз.Бас жүлдені Кирилл Тарасик жеңіп алды (№ 16 ЖББМ). Бірінші орынды Виктория Пузырная (№ 17 мектеп-гимназия) және Мубина Мирзаева (№ 7 мектеп-интернат) бөлісті.Екінші орын Мирослава Сатритдиноваға (№16 ЖББМ) және Нурилло Пулатовқа (№ 17 мектеп-гимназия) берілді. Көшбасшылар үштігін Усман Арсаев (№ 2 ЖББМ) және Александра Балабат (№6 ЖББМ) түйіндеді.Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, қалған қатысушылар алғыс хаттар мен кәдесыйлар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891817
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің қайсысында рұқсат құжаттары бар 28.11.2024
Қарағандыда қазір 55 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның 48-інде барлық рұқсат құжаттары бар, төрт көппәтерлі тұрғын үйде құжаттардың толық пакеті бар, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылды, біреуінің рұқсаты жоқ және екеуі ұзақ уақыт салынып жатқан үйлер.Тұрғын үй кешендері туралы толық ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан, сондай-ақ Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 42-11-76, 42-12-65.Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін барлық рұқсат құжаттары бар салынып жатқан үйлердің тізімі:Шахтерлер даңғылы, 41б мекенжайындағы «Dream House» ТК қоспағанда, әкімдік беретін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендері жоқ.Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҮҚК) құрылады, бұл заңмен тыйым салынбаған, бірақ КТҮ құрылысының аяқталу мерзімдері туралы 100% кепілдік бермейді. Мұндай «Жилой фонд» ТҮҚК (барлық нысандар) және «Comfortniy Gorod» («Новый Город-2» ТК, «Новый Город-3» ТК, «Британский Комфортный Квартал» ТК) құрылыс компанияларында құрылған.Үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер жарамсыз болып табылады. Оларға алдын ала брондау шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын беру шарты жатады.Құрылыс салушылар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салынатынын, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделгенін есте сақатағаны жөн.Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/891917
Қарағанды көктемгі тасқынға алдын ала дайындалып жатыр 28.11.2024
Жаз айларында Қарағандыда 17 км жаңбыр суы жүйесі тазартылды. Соңғы уақытта қоқыстан 30 км құтқарылды. Желтоқсан айының соңына дейін 529 метр жаңбыр суы коллекторлары орнату жоспарланып отыр. Қала әкімі Мейрам Кожухов көктемгі тасқынға дайындық туралы Instagram парақшасында жазды.«Шахтерлар даңғылының тағы бір проблемалық учаскесінде – № 36/2 үйдің маңындағы бақылау камерасынан – еріген судың бір бөлігін ағызып шығару үшін қосымша құбыр орнатудамыз. Қазіргі таңда еріген су осы бақылау камерасына 1200 мм диаметрі бар екі құбыр арқылы түсіп келсе, оны ағызатын бір ғана құбыр болды. Енді біз осы олқылықты түзетіп жатырмыз – камерадан құбыр жүргізіп, оны әрі қарай Сарыарқа көшесіндегі Жартас каналына қосамыз (канал жолдың астымен өтеді, құбырының диаметрі жеткілікті үлкен)», – деп жазды қала әкімі өзінің блогында.Сондай-ақ, ол Тәттімбет көшесінің арғы бетінде орналасқан далада су бұру арығын салу жұмыстары туралы айтып өтті. Көктемде сол жерден үлкен су ағысы келеді. Осының салдарынан жақын маңдағы ғимараттар су астында қалмауы үшін қалалық қызметтер арық қазып жатыр, ол арық «Тауңыл» ықшам ауданынан өтіп, Жартас каналына қосылады.Қаланың оңтүстік-шығысында Университет көшесінде 78/15, 78/11, 78/19 үйлерінің маңында 263 метр қосымша жаңбыр суы жүйесі салынып жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892038
Отбасылық жанжалдан криминалға дейін: Қарағандыда қауіпсіздік шаралары күшейтілуде 28.11.2024
Қарағандыда екі жыл қатарынан облыс әкімдігінің қолдауымен полиция департаменті құрған отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істеп келеді. Оның ерекшелігі – кешенді тәсіл: тұрмыста зардап шеккендерге олар бір жерден құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек қызметтерін біріктірді. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев бұл тәжірибені басқа қалаларда да қолдануды тапсырды.Облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске қатысты көзқарастарымен бөлісті.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заңмен күшейтілген. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов отбасылық жанжалқойларды жиі әкімшілік қамауға алынатынын айтты.Ол күнделікті өмірдегі әрбір екінші зорлық-зомбылық мас күйінде жасалатынын атап өтті. Көбінесе ерлі-зайыптылардың екеуі де алкогольді асыра пайдаланады.– Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетіледі. Агрессорға қатысты әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолданылады. Бірақ мінез-құлықты психологиялық тұрғыда түзету саласындағы мамандар да жанжалқойлармен жұмыс істеуі керек, өйткені жанжалдар мен зорлық-зомбылық солардан туындайды, – деп атап өтті Қайырбек Шәкенов.Мемлекеттік және уәкілетті органдар арасында уақтылы ақпарат алмасуға қатысты да проблема бар. Облыс әкімі бұл мәселені шешуді тапсырды.– Өткен жылы Отбасыларды қорғау және көмек көрсету жөніндегі бірыңғай орталық ашылды. Бұл оң нәтиже берді. Теміртауда, Балқашта және басқа да қалаларда осындай орталықтар құру қажет. Шығындар аз, ал пайдасы зор, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Сондай-ақ, комиссия отырысында ойын-сауық орындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету талқыланды. Әдетте қылмыстық әрекеттер түнгі сағат 4–5-ке дейін жұмыс істейтін дәмханалар мен барларда жиі орын алады.Биыл полиция бөлімдеріне олардың аумағында түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2,5 мың хабарлама келіп түсті. Кейбіреулер бойынша қылмыстық істер қозғалды және әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды. Тәртіп бұзу себептерінің бірі кәсіпкерлердің мекеме күзетшілерінің жұмысына немқұрайлы қарауында деп аталды. Мамандандырылған күзеті бар жерде қылмыстар аз болатыны атап өтілді. Бірақ ол жерлерде көбінесе жанжалдарды шешуде дағдылары мен тәжірибесі жоқ адамдар жұмыс істейді. Сонымен қатар, күзетшілердің өздері де даулы жағдайлар туындататыны айтылды. Жиналыста ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингін ашық түрде жариялау ұсынылды.ІІМ ойын-сауық орындарының жұмысын түнгі сағат екіге дейін, ал олардағы алкогольдік ішімдіктерді сатуды сағат 23:00-ге дейін шектеу туралы заңнамаға түзетулер әзірледі. Бұл жоба Мәжіліс депутаттарының қарауында.ВАК отырысында талқыланған тағы бір мәселе – коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатудағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл. Жағдай туралы Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі Қонысбек Ахметов баяндады.– Жергілікті атқарушы органдар мен ірі көмір операторларымен орнатылған өзара іс-қимылдың арқасында біз ағымдағы жылыту маусымына кіруді қиындықсыз және артық дүрбелеңсіз өткіздік. Біздің ұсыныстарымыз негізінде бірқатар практикалық шешімдер қабылданды, оның ішінде теміржол вагондарының өткізу қабілеті арттырылды, тупиктердің тәулік бойы жұмыс істеу тәртібі енгізілді, қосымша салмақ өлшеу пунктері ашылды. Қажетті іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді, тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, – деп атап өтті ол.Облыс әкімі алыпсатарлықты болдырмау үшін көмір бағасын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, отынның сапасын бақылауды талап етті, өйткені тұтынушылар сапасыз көмірден келетін жылу әлсіз деп шағымдануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892043
Жас педагогтарға арналған жаңа көкжиектер: елордада әдіскерлер форумы өтіп жатыр 28.11.2024
Елордада «Әдістемелік орталықтарды трансформациялау: даму векторы және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы стратегиялық рөл» тақырыбында әдіскерлердің II республикалық форумы басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 60-қа жуық әдіскер қатысты. Оған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың білім басқармаларының өкілдері қатысады.Форумның мақсаты – әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.Форумның пленарлық сессиясы аясында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы туралы негізгі статистикалық деректерді ұсынды, сондай-ақ жалпы елде де, жекелеген өңірлер бойынша да білім беру сапасының көрсеткіштері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дауешова өз сөзінде бұл іс-шараның миссиясы әдіскерлердің біліктілігін арттыру болып саналатынын, бұл өз кезегінде сапалы оқытуға ықпал ететінін атап өтті.«Мұндай бастамалар жас педагогтар үшін жаңа көкжиектер ашады және елордалық білім беруді одан әрі дамыту үшін сенімді негіз қалыптастыра отырып, олардың шығармашылық бастамаларын қолдайды», — деп толықтырды спикер.Сондай-ақ, форум жұмысына сарапшылар қауымдастығы, ғалымдар мен әдістемелік орталықтардың өкілдері қатысты, бұл ашық диалог пен идеялармен алмасу үшін кеңістік құруға мүмкіндік берді.Қостанай облысының әдістемелік орталығының басшысы Айымгүл Балтабаева өз әсерімен бөлісті.«Бүгін біз өз жұмысымызда қолдануға болатын өте маңызды ақпарат пен ұсыныстар алдық. Біз сондай-ақ өз тәжірибемізбен бөлісуге дайын табысты мектептермен танысамыз. Бәріміз өңірлерден келгендіктен, бұл іс-шара форматы біз үшін өте пайдалы.Мен осы форумның қатысушысы болғаныма қуанамын және біздің басты мақсатымыз – білім сапасын арттыру үшін қажетті жаңа білім алатыныма сенімдімін. Әр мектепте және әр мұғалімде біз олардың кездесетін қиындықтарын анықтаймыз және бірлесіп шешім табамыз. Мұндай жұмыс оң нәтиже беріп, әдістемелік қызметіміздің тиімділігін арттырады деп үміттенеміз», – деді Айымгүл Балтабаева.Айта кетейік, II Республикалық әдіскерлер форумы елордада 28-30 қараша аралығында өтеді. Ертең педагогикалық хакатон өтеді деп күтілуде. Мұндай форматта алғаш рет фасилитацияланған сессия ұйымдастырылады, онда қатысушылар әдістемелік орталықтардың қызметін одан әрі трансформациялау бойынша ұсыныстармен жұмыс істей алады.«Жол картасы жасалады деп үміттенемін. Келешекте біз әдістемелік орталықтардың қызметін трансформациялау бойынша жұмысты біртіндеп жүргізетін боламыз», – деп қорытындылады Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева.Форумның үшінші күні кәсіби дамуға арналады. Алтынсарин атындағы кітап үйінің базасында медиа сауаттылыққа және білім беру процесінде жасанды интеллекті пайдалануға арналған шеберлік сыныптары жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/892519