Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қарағанды облысының құрамасы конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды 26.11.2024
Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қатысқан 17 команданың ішінен Қарағанды облысының құрамасы үшінші болды.Қарағанды қысқы спорт мектебінің тәрбиеленушілері үшін мұндай нәтиже – жетістік. Біздің конькимен жүгірушілерде жаттығуға ыңғайлы база жоқ. Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл мәселені шешуге тырысады.– Бірақ біздің жаттықтырушылар Нина Гернен мен Дмитрий Лазарев – өз ісінің нағыз кәсіпқойлары. Олардың тәрбиеленушілері қандай жағдай болмасын, осындай тамаша нәтижелер көрсетуде, – дейді қысқы спорт түрлері мектебінің басшысы Гүлнар Әліқұлова.Қарағандылықтар жалпы командалық есепте ғана емес, жеке есепте де медаль жеңіп алды. Александр Берг бірден үш қашықтықта Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ тағы да күміс медаль жеңіп алды. Павел Манаков екінші орын алды. Ерасыл Бақтиярұлы қола жүлде иегері атанды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890405
Қарағандыда сурдотаэквондодан Ұлттық құрама Азия ойындарына дайындығын бастады 26.11.2024
Қарағандыда сурдотаэквондодан ұлттық құрама жаттығуда. Спортшылар 1–12 желтоқсан аралығында Малайзияда өтетін Азия ойындарына дайындалуда.Осы жылдың мамыр айында Қазақстан чемпионаты өтті. Оның нәтижелері бойынша ең мықты таэквондистер таңдалды. Қазір команданың Азия ойындарына дейінгі жиындарының соңғы кезеңі аяқталуда.– Бүгін соңғы жаттығу күні. Барлық спортшылар дайын, – дейді республикалық сурдотаэквондо федерациясының президенті және жаттықтырушы Руслан Ищанов. – 22 адамның ішінен бұл біріншілікке 12 спортшы барады. Себебі Азия ойындары ерлер үшін тек бес салмақ дәрежесін және әйелдер үшін де сонша ұсынады. Қарағанды облысынан Аян Әбдіраш, Виктор Фрундин, Нұрдәулет Жақып, Аида Мақатова және Айжамол Әбдікатова өнер көрсетеді. Біз медальдар ұтып аламыз, бұл сөзсіз. Біздің бәсекелестеріміз – Корея, Иран, Қытай, Филиппин елдерінің спортшылары. Бұл елдерде таэквондо өте дамыған.Ел намысын Сурдлимпиада мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Фрундин қорғайды. Ол плюс 87 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.– Көптеген қарсыластар болады, бірақ мен үшін ең мықтысы – корейлер мен ирандықтар. Біздің команда жеңеді және біз көптеген медальдар аламыз деп үміттенемін, – дейді Виктор.Биыл ұлттық құраманың 16 спортшысы әлем чемпионатына қатысты. Сурдотаэквондистер екі алтын, төрт күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан үшін елеулі жетістік, деп есептейді Руслан Ищанов.2025 жылдың қараша айында Токиода Сурдлимпиада ойындары өтеді. Спортшылар Азия ойындарынан кейін бірден дайындала бастайды.Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890434
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынына дайындық аясында Петропавл және Сергеев су тораптарында жағалау нығайту жұмыстарын жүргізді 26.11.2024
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқынына дайындық аясында Петропавл және Сергеев су тораптарында жағалау нығайту жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда жоспарланған 19 жөндеу жұмысының 18-і аяқталды.Петропавл және Сергеев су қоймаларының жоғарғы және төменгі бьефтерін батиметриялық түсірілімдерін жүргізді. Петропавл су торабының автокөлік көпірінің техникалық жай-күйі мен суасты тексеріс жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/890450
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі 26.11.2024
2025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне шамамен 1,6 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Министр азаматтарды қабылдап, Арал теңізін сақтау мәселесі туралы сұрақтарға жауап берді.Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айынан 2024 жылғы сәуірге дейін Арал теңізіне шамамен 1,3 млрд текше метр, ал жыл басынан бері 2 млрд текше метр су жіберілді.Сондай-ақ, Солтүстік Арал мәселесі осы айдың басында Түркіменстанда өткен Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысының күн тәртібінде болды.🗣«Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, теңізді толтыруда су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды рөл атқарады. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде биыл Қызылорда облысының шаруалары 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Солтүстік Аралға жіберілді. Мәселе өте маңызды, біз оны жан-жақты қарастырып, үнемі бақылауда ұстаймыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске сала кетейік, министр Түркіменстанда өткен көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша 1-ші сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су жіберу туралы келіскен болатын. Бұл еліміздің оңтүстік аймақтарына 2025 жылғы суару маусымы үшін қажетті су көлемін жинауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/890452
2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының шамамен 1200 бірлігін сатып алу жоспарлануда 26.11.2024
ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол жылжымалы құрамын және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Ол қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны шамамен 1,8 мың бірлікті құрайтынын хабарлады. Тозу деңгейі – 61%.«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 185 локомотив сатып алынды. Келесі жылы 187 бірлік сатып алу жоспарланған, ал одан кейінгі үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі деп күтілуде. Бұл локомотивтердің жетіспеушілігін толық жоюға ықпал етеді», — деді Марат Қарабаев.Көлік министрлігінің мәліметінше, жүк вагондарының жалпы паркі 139 мың вагонды құрайды.Нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Оның ішінде «Қазақстан темір жолына» 38 мың вагон тиесілі, олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға, яғни еліміздің энергетикалық секторына және халыққа жеткізілетін көмірді тасымалдауға жұмылдырылған. 2026 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 800 бірлігі биыл пайдалануға берілді.«Жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл – 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады», — деп мәлімдеді Марат Қарабаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/890439
Қазақстан ТХКБ және «Солтүстік–Оңтүстік» транзиттік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін арттыруға ниетті 26.11.2024
ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында Қазақстанның көлік транзиттік дәліздерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Ол қазіргі уақытта ТХКБ және «Солтүстік–Оңтүстік» транзиттік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.«Әлемдегі дәстүрлі қалыптасқан логистикалық бағыттардың өзгеруіне байланысты Солтүстік–Оңтүстік дәлізінің маңызы күннен күнге артып келеді. Оның өткізу мүмкіндігі жылына 10 млн тонна. Нақты тасымалданған жүк көлемі биыл 1,8 млн тоннаны құрады. Дәліздің әлеуетін ескере отырып, оның өткізу мүмкіндігін 20 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Марат Қарабаев.Ол үшін, министр атап өткендей, ағымдағы жылдың шілде айында дәлізді Иран, Түрікменстан және Ресеймен синхронды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Осы дәліз бойынша жүк ағынын тарту мақсатында Қазақстан транзиттік тасымалдарға 50% мөлшерінде арнайы тарифтік жеңілдіктер ұсынды. Одан басқа, Солтүстік–Оңтүстік дәлізінің шығыс бағытында Біріккен көлік-логистикалық компаниясының (БКЛК) үлгісі бойынша Біріңғай логистикалық оператор құру жұмыс жүргізіліп жатыр. қазіргі сәтте Қазақстан мен Ресей тарапы бірлескен кәсіпорын құру үшін дайындық жұмыстарын аяқтады. Түрікмен тарапынан осы жобаға қатысу мәселесі бойынша шешім күтілуде.Биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға өсіп, 3,8 млн тоннаны құрағаны атап өтілді. https://t.me/KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/890468
Ауыл шаруашылығы вице-министрі азаматтарды қабылдады 26.11.2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов азаматтарды жеке қабылдауды жүргізді.Түрлі мәселелер бойынша 7 адам қабылданды. Жер учаскелерін беру, саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру, мақта өсірушілерді қолдау және т. б. мәселелер қарастырылды.Вице-министр барлық өтініштерге толық жауап берді, сондай-ақ сұрақтар егжей-тегжейлі зерттелетініне және ескерілетініне сендірді.Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/890462
Қазақстанда квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілген шетелдіктердің санаттары өзгереді 26.11.2024
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесіне» өзгерістер әзірледі. Құжат 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Осы түзетулер шетелдік қатысудың үлесі жүз пайыз болатын заңды тұлғаларды құрушы шетелдік инвесторларды қоса алғандағы тұлғалар санатын нақтылауға бағытталған. Өзгерістерге сәйкес, мұндай заңды тұлғалардың бірінші басшысы мен оның орынбасары еңбек қызметін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмай жүзеге асыра алады.Жоба мәтінімен және ұсынылған өзгерістермен «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15310429 сілтемесі бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/890466
Астанада зейнеткерлер ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті 26.11.2024
Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімінде қазақтың ұлттық ойыны арқан тартудан жарыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Арқан тартысқа 9 команда қатысып, белсенді 36 зейнеткер атсалысты. Жарыстың мақсаты – егде жастағы адамдардың күш-қуатын дамытып, ойын арқылы қимыл бірлігін қалыптастырып, әлеуметтік топ арасында достық қарым-қатынасты нығайту.Зейнеткерлерден құралған «Жұлдыз», «Жеңіс» және «Алға» командалары жеңіске жетті. Барлық жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.Арқан тарту жарысы Астана қаласы әкімдігінің Спорттық- бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырылған болатын.«Жалпы біздің орталықта ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді насихаттау бағытында зияткерлік клубтарымыз жұмыс істейді. Жақында «Енші бөлу» ғұрпы бойынша ашық сабақ, тоғызқұмалақтан турнир өткіздік. Алдағы уақытта асық атудан жарыс өткізу жоспарда бар. Ұлттық дәстүрімізді насихаттауға бағытталған мәдени шараларға зейнеткерлеріміз үлкен қызығушылық танытады» - деп сөзін түйіндеді Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсетулер орталығының басшысы Динара Зәкір.Айта кетейік, елорданың 5 ауданында орталықтың 5 филиалы бар. Олар Алматы ауданы бойынша Р.Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46-үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде және Нұра ауданы бойынша Төле би көшесі, 44-үйде орналасқан.Қаладағы орталықтар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.Астанада құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барып, күнделікті уақытын пайдалы өткізеді. Орталыққа 12 000-нан астам келеді, олардың 3 мыңнан астамы сауықтыру үйірмелерін таңдаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/890389
Қазақстан СІМ-де еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ОАР Елшісін қабылдады 26.11.2024
Астана, 2024 жылғы 26 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай Оңтүстік Африка Республикасының Елшісі Кийтуметци Мэттьюсті қабылдады.Сұхбат барысында Ә.Бақаев К.Мэттьюске екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға күш салғаны үшін алғыс білдірді.Атап айтқанда, Ә.Бақаев африкалық дипломаттың Астана мен Претория арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.Кездесу соңында ОАР Елшісіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хат табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/890402
Ғылым мен өндірістің интеграциясы: Теміртауда тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша хакатон өтуде 26.11.2024
Теміртаудағы Қарағанды индустриалды университетінің базасында “Ғылым мен өндіріс интегрциясы” атты тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша ғылыми-инновациялық хакатоны басталды. Ғалымдар, өнеркәсіп өкілдері және менеджерлер тек Qarmet зауыты үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл отандық өнеркәсіп үшін ғылыми-технологиялық шешімдерді іздеу және әзірлеу үшін жиналды.Бұл алтыншы хакатон. Осы жылдың басынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғалымдар мен өндірушілердің өзара іс-қимыл тәжірибесін дамыту бойынша жұмыс бастады. Өнеркәсіп өкілдері зерттеушілерге техникалық міндеттер қояды, ал олар өз кезегінде мемлекеттің қолдауымен оларды жүзеге асырудың шешімдерін іздейді.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз ғылымның күш-жігерін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттаймыз. Тау-кен металлургия саласынан басталды, өйткені бұл экономиканың негізі, – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. – Біздің мақсатымыз – ғылыми ұжымдарды өнеркәсіптік кәсіпорындармен біріктіру және процестерді жақсартуға, тиімділікті арттыруға және өнімнің құнын қосуға көмектесетін инновациялық шешімдерді табу. Атап айтқанда, Qarmet металлургиялық комбинаты ескірген технологиялық проблемалар үшін шешімдер алады, ал ғалымдар – нақты тұжырымдалған ғылыми-техникалық міндеттерге қол жеткізеді.Сондай-ақ, ҚарИУ фойесінде өндірістік процестерге сәтті енгізілген ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.Хакатон алдында металлургия комбинаты өндірісінің техникалық сарапшылары мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен ҚарИУ жоғары оқу орындарының ғалымдарының кездесуі өтті. "Qarmet" АҚ Бас директоры Вадим Басиннің айтуынша, стандартты емес шешімдерді талап ететін бірқатар техникалық міндеттер қалыптасты. Мысалы, шахталарда метан концентрациясын төмендету үшін газды дренажды ұңғымаларды бұрғылаудың инновациялық технологияларын әзірлеу қажет.Қарағанды облысының әкімдігі ғылыми және өнеркәсіптік жобаларға қолдау көрсетуге дайын.– Теміртау – біздің өңір үшін басты қала. Облыс өндірісінің 30%-ы металлургия комбинаты және оның айналасындағы кәсіпорындар. Біз үшін Qarmet-тің дамуы өте маңызды, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. – Келесі жылдан бастап облыста инновациялық кәсіпорындарды қоса алғанда, 11 ірі жобаны іске асыру басталады. Егер ғылым белсенді қатысатын болса, біз бұл бастамаларды қолдауға дайынбыз. Соның ішінде біз Qarmet комбинатымен байланысты жобалар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға дайынбыз.Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда ғылымды дамыту жоспарларымен бөлісті. Алдағы жылдары елімізде 30-дан астам шетелдік жоғары оқу орындарының кампустары ашылады, оның ішінде Қарағанды облысында да. Инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу үшін орталыққа айналатын ғылымды қажет ететін аумақтарды құру жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890025
1 желтоқсаннан бастап аграршылардан арзандатылған дизель отынын алуға өтініш қабылдау басталады 26.11.2024
Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы 2025 жылға арналған арзандатылған дизель отынының көлемін қалыптастыруға өңір аграршыларынан өтінімдер қабылдау туралы жариялады. Мемлекеттік қолдау көктемгі дала науқаны мен егін жинауға арналған.Өтінімдер 2024 жылғы 1–30 желтоқсан аралығында порталда қабылданады gosagro.kz. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890027
Қарағанды облысында 161 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 26.11.2024
Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару жалғасуда. Осы жылға қойылған жоспар орындалды. Кейбір жағдайларда жер пайдаланушылар учаскелерді игеруге кірісті.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында хабарланғандай жыл басынан бері өңірде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мемлекетке 161 064 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті белгілеген жоспар 23,9%-ға асыра орындалды.Өңірдің жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Ведомствоның мәліметінше, жер пайдаланушылар 11,5 мың га игеруге кірісті. Заңсыз берілген 4050 га жерді жалдау шарты жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың га мәжбүрлеп тәркіленді. Соттарда тағы 6 335 га қатысты іс қаралуда."Бұдан басқа, 94,3 мың га өз еркімен, ал 46,7 мың га жалдау шартының мерзімінің аяқталуына байланысты қайтарылды", – делінген хабарламада.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890024
Испаниялық "Қағаз үй" сериялының режиссері Карлаг туралы фильм түсіреді 26.11.2024
Netflix-пен эксклюзивті келісімшарт бойынша Карлаг туралы "Бітімгершілік" /La Tregua атты қазақстандық-испандық фильмнің түсірілімі басталды. Картинаның бас режиссері – "Қағаз үй" сериялымен көрермендерге танымал Мигель Анхель Вивас.Фильмде адамдардың қиын тағдыры, өмір сүру үшін күнделікті күреске қарамастан, адамның қадір-қасиетін сақтау туралы айтылады.Жұлдызды режиссер актерлердің шеберлігіне ерекше назар аударады. Жаңа фильмдегі басты рөлдерді бұрын "Қағаз үй" телехикаясында Рио рөлін сомдаған Мигель Эрран және "Элита" драмасында Андер Муньосты бейнелеген Арон Пипер, сондай-ақ қазақстандық актерлер Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Ақкөзов сомдайды.1930–1950 жылдардағы Карлаг атмосферасы костюмдермен, реквизиттермен және декорациялармен беріледі, оларды жасау үшін суретшілер мұрағаттар мен мұражайларда көп уақыт өткізген екен.Бастапқыда фильмді Қазақстанда түсіру жоспарланған болатын, бірақ кейін жоспарлар өзгерді. Испанияның Бильбао қаласының маңында түсірілім үшін миниатюралық Карлаг салынды.– Біз барлық жағдайды, қазақ даласын дәл жаңғырту мүмкін емес екенін түсінеміз, бірақ біз барынша тырыстық. Біздің команда көптеген құжаттарды зерттеді, Қоюшы-суретшілер тобы орасан зор жұмыс жасады. Қиын болды, бірақ біз Бильбаода Қазақстанның бір бөлігін қайта жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, – дейді фильмді түсіруге жауапты Plano a Plano кинокомпаниясының директоры Цезарь Бенитес."Бітімгершілік" – қазақстандық актерлердің, продюсерлердің, үйлестірушілердің және басқа да мамандардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылып отырған Netflix үшін алғашқы жоба.– Бұл жоба халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Біз оны жоғары стандарттар мен жаһандық әлеуетке баса назар аудара отырып, оны іске қосуға мұқият дайындадық. Қазіргі жағдайда, әлем сын – тегеуріндерге және ортақ тіл табуға тап болған кезде, мұндай жобалар өнердің біріктіруге қабілетті екенін көрсетеді, – деп атап өтті фильмнің бас продюсері Аманат Қонақбаев.Түсірілім екі жарым айға созылады. Авторлар дайын фильмді А санатындағы ең үлкен фестивальдарда көрсетеді деп көзделіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890028
Қарқаралыда туған өлке туралы әндер жинағы таныстырылды 26.11.2024
Қарқаралыда туған өлке туралы ноталар мен әндер жазылған кітаптың тұсаукесері өтті.Іс-шара үлкен концертпен атап өтілді, онда жинаққа енген композициялар орындалды.Кітапқа барлығы 61 ән кірді.Оларды Шолпан Жандарбекова атындағы Қарқаралы мәдени-демалыс орталығының қызметкерлері жинады.– Мұндай жинақты құру идеясы маған бірнеше жыл бұрын Людмила Мельникованың "Табигат Падишасы" әні пайда болған кезде келген болатын. Оның ноталары "Қарқаралы" газетінде жарияланды, ал әннің өзі Қарқаралының 180 жылдығына арналды. Жинақтың шығуына арналған концертте мен бұл әнді өзім орындадым, – деп еске алады Шолпан Жандарбекова атындағы мәдени-демалыс орталығының әдіскері Баян Ахметова. Идеяны бірден жүзеге асыруға мүмкіндік болмады. Сәйкес әндер аз болды және жинақта басып шығаруға болатын ноталар барлығына бірдей табылмады. Мәселені шешуге пікірлес әріптестер көмектесті.– Мен мәдени-демалыс орталығына жұмысқа келгенде әріптестеріме өз идеям туралы айттым. Олар мені қолдады, біз әлеуметтік желілерде Қарқаралы туралы ән іздейтініміз туралы хабарландыру жарияладық. Осылайша, бірте-бірте барлық қажетті материалдар жиналды, – деді Баян Ахметова.Жинаққа енгізілген әндерді YouTube платформасында тыңдауға болады – https://youtu.be/CFmtNSJEWJ0?si=vn--EDRqyh2NwY89. Жинақтың шығуына арналған концерттің толық жазбасы сол жерде жарияланды.Шығармаларды Сержан Мұсайын, Жақсыгелді Кемалов, Дәуренбек Аркенов, Нұрлытаң Саятқызы сынды әншілер, сондай-ақ "Салтанат" ансамблі мен "Қарқаралы әуендері" вокалдық тобы орындайды.Кейбір әндерді авторлардың өздері – Қанат Мерсалимов, Сәрсен Әбішев және Әлімжан Мәкенов орындады.Сахнада "Аңыз" хореографиялық ансамблі де өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890074
Таза Қазақстан: жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті 26.11.2024
Атырау облысында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – таза аймақ» атты пікірсайысы турнирге студенттер мен жұмысшы жастардан құралған 12 команда қатысты.Турнир жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, туған өлке табиғатын аялау, экологиялық мәдениетті дәріптеу мақсатында өтті.Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының маманы Нұрмұхан Тілеген жастар арасында ұйымдастырылатын экологиялық шаралар жалғасын табатынын айтты.- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шаралар облыста ауқымды түрде өтіп жатыр. Бүгінгі турнир соның көрінісі. Қатысушылар өлкенің өзекті мәселесін қозғап, ортақ шешімін ұсынуда. Сондай-ақ тың ақпараттармен бөлісіп, мәселеге қатысты пікірін ашық түрде білдіруде. Экологиялық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шара легі мұнымен тоқтамайды,-деді Н.Тілеген.Пікірcайысқа қатысушы Шұғыла Болғанбайдың пікірінше, турнир интеллектуалдық біліктілікті шыңдап қана қоймай, жаңашыл идеялар арқылы ел дамуына үлес қоспақ.- Дебатқа аймақтың ахуалына бей-жай қарамайтын жастар жиналды деп білемін, себебі мұнда өзекті экологиялық мәселелер көтерілуде. Әр адам өлкені аялауды өзінен, күнделікті әдетінен бастаған дұрыс. Сонда ғана оның бойындағы жауапкершілігі артып, экологиялық мәдениеті жоғары болады деп сенемін, - деді Ш.Болғанбай.Турнирдің жалпы жүлде қоры - 150 000 теңге. Үздік спикерлерге қаржылай сыйлық беріліп, алғыс хатпен марапатталды.Бүгінге дейін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияларға 60 мыңнан астам адам қатысып, 1477 техника жұмылдырылып, полигондарға 1726 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/890329
Алматы әкімі-Райымбек бойынша BRT жобасы даңғылды қасбеттен қасбетке дейін жаңартуды қарастырады 26.11.2024
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлары және Райымбек даңғылындағы BRT жобасы туралы айтып берді.«Келесі жылы Райымбек даңғылын толығымен қайта құруды жоспарлап отырмыз. BRT құрылысы аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтан басқа, бүкіл көше абаттандырылады, яғни біз қасбеттен қасбетке дейін бүкіл ені бойынша жүреміз. Жөндеу кезеңінде жүргізушілер үшін белгілі бір қолайсыздықтар болады, бірақ жұмыстар тоқсан сайын минималды жабындармен ұйымдастырылады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Мегаполис әкімі «жұмыс істеп тұрған» автобустардың арқасында қаланың шығыс және батыс бөліктерінің байланысы артатынын атап өтті.Естеріңізге сала кетейік, жобада ең аз үзілістермен бөлінген жолақтарды, жаңа аялдама кешендерін ұйымдастыру, сондай-ақ даңғыл бойындағы кешенді абаттандыру қарастырылған. Аялдамаларды платформаларда жабдықтау және қиылыстарға жақын орналастыру жоспарлануда. Бұл ретте автокөлік қозғалысына арналған жолақтардың негізгі саны сақталады. Жоба бірнеше кезеңге бөлінген: Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылынан Ахременко көшесіне дейін және одан әрі «Барлық» базарына дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/890364
«Таза Қазақстан» Алматыда: қалада қоқыс алаңдары белсенді түрде жаңартылып, замануи контейнерлер енгізілуде 26.11.2024
Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көмілген үлгідегі заманауи қоқыс контейнерлері орнатылуда. Жыл басынан бері 128 алаңда көмілген типтегі 650 контейнер орнатылды, жыл соңына дейін 14 учаскеде тағы 136 контейнер орнатылады. Бұл контейнерлердің бірқатар артықшылықтары бар: олар толығымен жабық, қаңғыбас жануарлар мен құстардың кіруінен қорғалған, жағымсыз иістерді кетіреді және аула аумақтарының көрінісін жақсартады. 2025-2026 жылдары қалада 2000-нан астам көмілген контейнер орнату жоспарлануда. Олар үлкен сыйымдылығымен ерекшеленеді, аз орын алады және отқа төзімді полипропилен маталарымен жабдықталған. Контейнердің түбіндегі арнайы пластикалық науа сұйықтықтың ағып кетуіне жол бермейді. Жаңа контейнерлер Әуезов және Бостандық аудандарында пайда болды. Жетісу ауданында кейбір орнатылған контейнерлерге келесі жылдан бастап тиісті техника сатып алынғаннан кейін қызмет көрсетіледі. Түрксіб ауданында бірнеше алаңда тозған қоқыс жәшіктері жаңасына ауыстырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Тұрғындар орнатылған контейнерлердің ыңғайлылығы мен эстетикалық көрінісін атап өтуде. «Бұл цистерналар ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар заманауи, эстетикалық көрініске ие, бұл ауданның келбетін айтарлықтай жақсартады. Бұл абаттандыруға жасалған маңызды қадам, мен барлық тұрғындарды жауапкершілікке шақырамын: ортақ еңбегімізді құрметтеп, қоқысты контейнерлердің жанына қалдырмайық», - дейді Алмагүл шағын ауданының тұрғыны Анастасия көршілеріне. «Бұрын темір контейнерлер жиі коррозияға ұшырайтын, әсіресе жазда, жоғары температура иісті күшейтетін. Енді жаңа контейнерлерді орнату арқылы бұл мәселе әйтеуір шешімін табатын болды. Біз ауданымыз барлық тұрғындар үшін өмір сүруге қолайлы, әлдеқайда таза және жайлы бола түседі деген сенімдеміз», - деп атап өтті Бостандық ауданының тұрғыны Виктория Горбунова. Жалпы, Алматыда қалдықтарды бөлек жинауға ынталандыру үшін бірқатар бастамалар іске асырылуда:•қаладағы мекемелерде 1200-ден астам экобокс орнатылған;•пластик және алюминийден жасалған бөтелкелерді қабылдайтын 11 фандомат жұмыс істеп тұр;•нан қалдығын жинау үшін 500 контейнер орнатылған;•қайталама шикізатты қабылдаудың 8 пункті жұмыс істейді. Қалада қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда, бұл Алматы тұрғындары үшін экологиялық қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/890365
ҚАРИУ-ДА «ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОНЫ БАСТАЛДЫ 26.11.2024
ҚАРИУ-ДА «ҒЫЛЫМ МЕН ӨНДІРІСТІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ» ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОНЫ БАСТАЛДЫХакатон 25-27 қараша аралығында Қарағанды индустриялық университеті базасында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тау-кен металлургия кешенінің проблемалық мәселелері, университеттер мен ҒЗИ-дың бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасының жоғары білімі мен ғылымын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде елімізде ғылыми кадрлар даярлау тұрғысынан Қарағанды өңірінде ғылымды дамыту мәселелерін талқылау.Іс-шара өндіріске енгізілетін ғылыми жобалар көрмесінен басталды: грант иегерлері өздерінің табысты жобаларын таныстырып, олардың өндірістік процестерге қалай жүзеге асырылғанын көрсетті. Бір платформада Қазақстандағы ең ірі «QARMET» АҚ металлургиялық кәсіпорны үшін ғылыми топтардың, өндірістік саланың және басқарушылардың өкілдері бірлесіп, іздестіру және ғылыми-технологиялық шешімдерді әзірлеу үшін жиналды. Хакатон қатысушылары ғылыми әзірлемелердің нақты инновациялық өнімдер мен технологияларға айналу процесін көре алды.Хакатонның бірінші күнінде «QARMET» АҚ дамуының ағымдағы және перспективалық сын-қатерлерін талқылауға және ғылыми міндеттерді тұжырымдауға арналған дөңгелек үстелдер өтті. Хакатонның нәтижесі Хакатон бағыттары бойынша прототиптер мен жобалық шешімдердің тұсаукесері болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/890343
Астанада «Mümkındıkter alañy» жастар форумы өтті 26.11.2024
Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен жастарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Fenomen jas» жобасы аясында Астанада «Mümkındıkter alañy» атты форум өтті.Жобаның мақсаты – қоғамның дамуына үлес қосып жүрген талантты адамдарды ынталандыру және насихаттау, жастарға үлгі боларлық рөлдік модель қалыптастыру, қазақстандық жастарды мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға тарту.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері және белсенді жастар қатысты.Форум барысында «Fenomen jas» жобасының қатысушылары тәжірибелерін және жетістікке жету құпияларын бөлісті.Сондай-ақ, «Uly dala saryny» сыйлығының қорытындысы шығарылып, үздік жастар мен жастар ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар табысталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/890358