Enbekshi QazaQ

Қуқық

Бішкектегі сауда-экономикалық миссиясына қатысуға өтінімдер қабылдау 25.11.2024
Құрметті экспорттаушылар мен бизнес өкілдері!Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға өтінімдерді қабылдау ашылғанын хабарлайды. Миссияның өткізілу күні мен уақыты: 2024 жылғы 1-3 желтоқсан Миссия бағдарламасы:- Бизнес-форум - В2B-сессиялар - Іскерлік кездесулер Тіркелу міндетті!Миссияға қатысу үшін келесі сілтеме арқылы өтінім формасын толтырыңыз: https://forms.gle/wWjczJUG21STHb4U9 Тіркелу 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 18:00-де жабылады. Анықтама үшін байланыс:Жалмухамбетова Айсауле: +7 702 702 97 97Байболова Асель: +7 775 230 09 82Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз және табысты ынтымақтастыққа үміттенеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/889943
Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы тағайындалды 25.11.2024
Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Руслан Серікханұлы Омаров Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.Руслан Серікханұлы 1978 жылы Семей облысында дүниеге келген.Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының түлегі.1999 жылы Түркия Республикасы Құрлық әскерлерінің әскери академиясын («басқару жүйесінің инженері»), 2000 жылы Түркия Республикасының артиллерия мектебін тәмамдаған.2018 жылы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери істегі менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.ҚР Қарулы күштерінде взвод командирінен бастап, құраманың артиллерия штабының бастығына дейінгі лауазымдарда қызмет етті.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде Зымыран әскерлері және артиллерия штабында жауынгерлік дайындықты басқарды.Жаңа тағайындауға дейін ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының (цифрландыру жөніндегі) орынбасары қызметін атқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889909
Қазақстан мен Эксимбанк экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен бірлескен бұйрықтарды іске асыруды талқылады 25.11.2024
Бүгін Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Қытай Эксимбанктің вице-президенті Ян Дуннин бастаған делегациямен кездесу өткізді.Кездесуде Қазақстандағы экономикалық ахуалдың өзекті мәселелері, қаржы нарығын дамыту, ішкі және сыртқы нарықтарда қарыз алу перспективалары, сондай-ақ екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ян Дуннин Қазақстанның аймақтағы стратегиялық серіктес ретінде маңыздылығын атап өтіп, Банктің экономика мен инфрақұрылымдағы негізгі бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.Дәурен Кеңбеил Қытаймен қаржылық байланыстарды одан әрі ңығайту маңыздылығын, Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына ықпал етеін өзара тиімді жобаларды іске асыруға Қытайдың Эксимбанкінің үлесін оң атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар әріптестікті одан әрі кеңейту әлеуетін атап өтіп, өзара инвестициялық ынтымақтастықтын дамытуын қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/889962
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» өткізілді 25.11.2024
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебіне» республиканың барлық өңірлерінен жастар көшбасшыларын жиналды.Қатысушылар жасанды интеллект және оны өмірде қолдану, мәдени кодты қалыптастыру, вербалды емес тұлғааралық қарым-қатынас өнері және басқа да трендтегі тақырыптарды талқылады.Сондай-ақ, мектеп шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың қатысушылармен кездесуі өтті. Онда ҚХА жастары жұмысының одан әрі бағыттары, алдағы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар айтылды.Креативті бастамаларды дамыту және өңірлерден жастарды барынша тарту, жұмысшы жастармен өзара іс-қимыл жасау, студенттік ассамблеяларды дамыту жобалары талқыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889910
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды 25.11.2024
Қазақстанда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді. Осылайша, Қазақстан жаһандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де қандай болмасын зорлық-зомбылықты жоюға әрекет жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.Бүгін акция аясында Астанада елордалық жоғары оқу орындары арасында чемпионат өтті. Іс-шараның ережелері бойынша командалар гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбындағы кейстерді шешуде креативті тәсілді ұсынуы тиіс.Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық науқанды бастады. Акция аясында әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер ұйымдастырылды, сондай-ақ конференциялар, дөңгелек үстелдер, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында арт-перфоманс және басқа да іс-шаралар жоспарланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889938
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру 25.11.2024
2024 жылдың 29 қараша күні Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.🕒 Кездесудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.📩 Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: 8(701)100-44-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.Жеке қабылдауға жазылу 2024 жылдың 27 қарашаға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Кездесуге жазылу үшін тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды сұраймыз.Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.#халықпенкездесу Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/889919
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЖЫЛЫЖАЙДА КӨКӨНІС ЕГІП, АЛҚАПТАРДА ТҰТ ӨСІРУДІ МЕҢГЕРУДЕ 25.11.2024
Түркістан облысында 50 колледж жұмыс істейді. Оның 28-і мемлекеттік болса, 22-сі – жекеменшік. Өңірдің экономикасын дамытуда басым бағытқа ие ауыл шаруашылығы саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм мамандарын – 3, құрылыс саласы мамандарын 11 колледж даярлауда. Сонымен бірге медицина, өнер және гуманитарлық салалар, педагогика, техникалық және көпсалалы білім мекемелері де бар.Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде колледждерде білім сапасын көтеру, техникалық базасын жақсарту жолдары талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Білім басқармасы басшылығы мен жауапты тұлғаларға аталған білім мекемелерінің жұмысын жүйелеп, қоғамға қажетті мамандықтар бойынша грантты көбейтіп, мемлекеттік тапсырысты оңтайландыруды тапсырды.– Бюджеттен колледждерге қыруар қаржы бөлініп отыр. Ал білім сапасы соған сай ма? Зерделеу, мониторинг жұмыстарын жалғастырыңыздар. Студенттері сабаққа бармайтын, білім сапасы төмен колледж директорларының өз лауазымына сәйкес немесе сәйкес еместері бойынша ұсыныс беріңіздер. Жұмысын дұрыс атқара алмай жүргендеріне заң шеңберінде шара көрілсін. Оқу үрдісін дұрыс үйлестіре алмайтындар орнын босатулары қажет. Екіншіден, жаңадан енгізілетін мамандықтар, оларды білікті ұстаздармен қамту ісіне талдау жасалып, мәлімет ұсынылсын. Бұл мәселені тағы да қарап шығамыз. Жатақхана салу, құрал-жабдықтар бойынша да тиісті ұсыныстар берілсін, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекованың айтуынша, өңірдегі колледждерде 75 мамандық бойынша 47142 студент білім алуда. Оның 35 708-і мемлекеттік тапсырыспен, 11 434-і ақылы негізде білім алады. Педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің саны – 3041, 214 өндірістік оқыту шебері қызмет етеді.Биылғы оқу жылына бөлінген 15 525 мемлекеттік тапсырыс орны толық игеріліп, студенттер қабылданған. Қазіргі таңда 260 студент оқудан шығарылды. Олардың арасында өз өтініштерімен әскерге және академиялық демалыс алғандары бар. Колледж студенттерінің сабаққа қатысуына ай сайын мониторинг жүргізіледі. Мониторингті автоматтандыру мақсатында 25 мемлекеттік колледж білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID жүйесін орнатқан.Өңірдегі мемлекеттік 25 колледждің 9-ының базасы 2020-2021 жылдары «Жас маман» жобасы аясанда республикалық бюджет есебінен 2,5 млрд. теңгеге заманауи құрал-жабдықтармен толыққан. 2023 жылы облыстық бюджеттен 18 колледждің базасын нығайтуға 1,8 млрд. тенге қаражат бөлініп, құрал-жабдықтар сатып алынды. Биыл 10 колледжге 700 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары (7 колледж) мен жылу жүйесін газға ауыстыру (3 колледж) жұмыстары жүруде. Облыс әкімінің тапсырмасымен оңтүстік аудандардағы колледждерді IT саласына бейімдеу мақсатында 1 колледжге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 150 млн. теңге бөлінді.Облыстағы арнаулы оқу орындарында студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыруға басымдық берілуде. Студенттер ветеринария, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өзге да салаларға өндіріске араласу арқылы бейімделуде. «Агрономия» мамандығының студенттері жылыжайда қияр, қызанақ, құлпынай және басқа да дақылдарды отырғызу, баптау, теру және тұтынушыға өткізу сатысына дейін үйренсе, тағы бір білім ордасында студенттер жібек шаруашылығын дамыту үшін тұт ағаштарын өсіру ісін меңгеруде. Балықты терең өңдеу, ІТ саласын дамыту бағытын үйретуде де жұмыстар жанданған.Жыл сайын 9-11 сыныпты бітірушілер саны 77 659-ды құраса колледжге 12 мыңнан астам түлек пен 3000-ға жуық NEET санатындағы жас қабылданады. Биыл «WorldSkills Kazakhstan-2024» чемпионатында Түркістан өңірінің колледж студенттері 2 алтын, 1 күміс, 4 қола, 11 арнайы медальон жеңіп алып, жалпыкомандалық 6-орынды (2023 жылы 9-орында болған) иеленді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889810
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДІ» ҰЛҒАЙТУ, КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 25.11.2024
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте күзгі ағаш егу науқаны мен «Жасыл белдеуді» дамыту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы облыстың елді мекендерін көгалдандыру, күтіп-баптау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.– Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егер де суғару жүйелері жоқ болса, онда ағаш отырғызудың қажеті жоқ. Тұрақты суғарып, күтім жасау керек. Егілген ағаштар жерсіне ме жоқ па соны да қадағалап, осы іспен айналысыңыздар. Бүгінгі күнге дейін қанша ағаш егілді. Оның ішінде қаншасы өнгені туралы мәлімет әзірленіп ұсынылсын. Сондай-ақ «Жасыл белдеуді» ұлғайту мен көгалдандыру жұмыстары күшейтілсін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.Мәжілісте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында республика бойынша елді мекендерде 15 млн. көшет егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары Түркістан облысында 1,1 млн көшет отырғызу жоспарланған. Осыған байланысты «Түркістан облысының елді-мекендерін көгалдандырудың 2022-2025 жылдарға арналған Кешенді іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 2024 жылдың көктем айларында 491 106 түп көшет егілді. Биылғы жылдың күз айында 467,5 мың түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Бүгінгі таңға 438 970 түп көшет босатылды.Орман шаруашылығы мекемелерімен 2024 жылдың күзі мен 2025 жылдың көктеміне жоспарланған көшеттерді босатуға толықтай мүмкіндік бар. Көшеттерді тарқату бағытында жұмыстар жалғасуда.Жалпы Түркістан қаласының айналысынан, қазіргі таңға жасыл белдеу құруға 30 000 гектар жерге мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік орман қоры санатына ауыстырылуда. Биылғы жылдың күз және 2025 жылдың көктем айларында «Жасыл белдеу» аумағында орман екпелерін отырғызу және толықтыру жұмыстары 17 019 гектар жерде атқарылады. Негізгі басым жұмыстар Түркістан қаласын айнала қоршап тұрған «Жасыл белдеудің» 8 185 гектар аумағында жүргізілмек. Бұл жерге толықтыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Оған мекеменің тұқымбағындағы Түркістан қаласы аумағына жерсінген көшеттер пайдаланылады. Сонымен қатар басқармаға қарасты мекемеде 120 гектар жерге заманауи орман тұқымбағын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 47 гектары тұрақты пайдаланылуда. Орман тұқымбағында 21 түрлі ағаш-бұта көшеттері өндірілуде. Атап айтсақ, онда ағаштардың қылқан жапырақты 5 түрі, жапырақты 11 түрі және бұта тектес ағаштардың 5 түрі бар. Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеуге және қаланы көгалдандыруға бір жылда 2,5 млн түп әртүрлі ағаш-бұта көшеттері мен 150 мың түп бір және көпжылдық гүл көшеттері қажет. Осы орайда, жаңадан құрылып жатқан тұқымбақтың 120 гектар жерін «Жасыл аймақ» КММ-нің теңгеріміне алу үшін Сауран ауданы әкімдігінен жерді заңдастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта орман тұқымбағының 120 га жер көлемі ұлғайып, толық игерілген жағдайда, жылына 14,3 млн түп көшет өсіріледі деп күтіліп отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889814
ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР АПТАДА 50-ГЕ ЖУЫҚ СЕНБІЛІК ӨТКІЗІЛДІ 25.11.2024
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүйелі атқаруды тапсырды.– «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда тұр. Тиісті міндеттер жүктелген. Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуі керек. Елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса береді. Барлық құрылым осы іске атсалысуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 807 сенбілік өткізу жоспарланып, 20 маусым - 22 қараша аралығында 768 сенбілік ұйымдастырылған. 18 қараша-22 қараша аралығында 45 сенбілік өткізілген.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен аптада Шардара, Қазығұрт елді мекендердің санитарлық тазалығының жай-күйіне мониторинг жұмыстары жүргізіліп, стихиялы қоқыс үйінділері анықталып, оларды тез арада жою мақсатында ауыл әкімдігімен бірлесіп, арнайы техникалар мен құралдар тартылған. Өңірдегі ауылды аймақтардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сұру ортасын қалыптастыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «Үлгілі ауыл» байқауы өтіп, жеңімпаз анықталған. Бас жүлде иегеріне, яғни Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы үшін қажетті әлеуметтік нысан анықталып, 2025 жылға аталған нысанның құрылысы үшін облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлу жоспарлануда.Түркістандағы индустриалды аймақты жинап, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемеге, жауапты басқармалар және қала әкімдігіне бекітілген секторлардың 70 гектары аумағында ретсіз өскен өсімдіктерді тазалау, реттеу, аймақты жарықтандыру, тазалық жұмыстары атқарылған. Облыс әкім аппаратының қызметкерлері анықтаған 170 қоқыс орнының 164-і ретке келтіріліп, қалған 6 орында тазалау жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889817
Қорғалжын ауданының әкімі тағайындалды 25.11.2024
Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Қорғалжын ауданының әкімі болып Алмас Алин тағайындалды.Қорғалжын ауданының жаңа әкімін аудан активіне Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.Алмас Алиннің алдына ауданның дамуы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында халық тұрмысына қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндеттер қойылды.Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкіміне барлық жоспарланған объектілердің іске қосылуын жеке бақылауда ұстау және олардың бұзылуына жол бермеу, жылыту маусымын қауіпсіз және ақаусыз өткізу, сумен жабдықтау объектілерінің уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету тапсырылды.Сондай-ақ, Алмас Алинге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлік саласын, тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде нақты жұмыс жүргізу қажет.Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді іске асыруда табыс тіледі, оған қоса Қорғалжын ауданының бұрынғы әкімі Берік Жанбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/889851
Алматыда туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» форматындағы Жобалық кеңсе ашылды 25.11.2024
Алматы қаласының Туризм басқармасы мен «Almaty Business Development Company» ЖШС бірлесіп, туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» (One Stop Shop) форматындағы Жобалық кеңсені іске қосты.Мақсаты – Алматыда туристік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторлар мен кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету.«Бір терезе» форматы кәсіпкерлерге барлық қажетті консультациялар мен қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беріп, инвесторлардың уақытын және ресурстарын үнемдейді.Жобалық кеңсенің негізгі қызметтері:Консультациялық қолдау: туристік жобаларды жүзеге асыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша, соның ішінде заңнамалық талаптар мен әкімшілік рәсімдер бойынша кәсіби кеңес беру.Жобаларға жәрдемдесу: стратегиялық жоспарлау, құжаттарды дайындау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді қоса алғанда, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көмек көрсету.Мемлекеттік қызметтерді алу: рұқсаттар, лицензиялар және басқа да қажетті құжаттарды алуға жәрдемдесу, бұл туристік жобаларды іске қосу мен жүзеге асыруды едәуір жеделдетеді.Жобалық кеңсе Алматыға бірегей туристік өнімдер мен инфрақұрылымдарды жасауға мүдделі жаңа инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді. Жаңа Жобалық кеңсе бизнес өкілдерімен, коммерциялық емес ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастыққа ашық. Жобалық кеңсенің мекенжайы:Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303, 2-қабатЖұмыс кестесі:Дүйсенбі – жұма, 9:00-ден 18:00-ге дейінТүскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейінБайланыс:Телефон: +7 (727) 225-10-83Электронды пошта: info@abdc.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889871
Алматыда электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнату қаржыландылатын болды 25.11.2024
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС электромобильдерге арналған жоғары жылдамдықты зарядтау станцияларын сатып алуға «EV Solutions» ЖШС-ға 163 млн.теңге қаржы бөлді. «Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және жасыл экономиканы дамыту стратегиясы шеңберінде алынған қаражатқа қарыз алушы 28 жаңа зарядтау станциясын сатып алып Алматыда орнатады. Жобаны қаржыландыру компанияға станциялардың жеке желісін екі есеге жуық ұлғайтуға, ал қалаға электр көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% – 5, мерзімі-5 жылды құрайды «2023 жылы Алматыда автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларының көлемі 112 мың тоннадан асты, бұл шығарындылардың жалпы көлемінің 60%-ын құрады. Электромобильдерге күтім жасауға үшін қолайлы жағдай жасау көлікті электрлендіру жолындағы маңызды қадам болып табылады, нәтижесінде қала экологиясы жақсарады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов. Анықтама ретінде:«Almaty Finance» ЖШС - «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын 2019 жылы құрылған кредиттік ұйым. «Almaty Finance» ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жеңілдікті қаржыландыруды ұсынады. Қарыздың ең жоғары сомасы - 500 млн теңге. Мерзімі - 7 жылға дейін. «Almaty Finance» несие беруді «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889877
Экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаралды 25.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселелері қаралды.Облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов өңірдегі экологиялық проблемаларды кешенді шешуге бағытталған жол картасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.Жол картасы аясында 44 шара өткізу жоспарлануда. Олардың бірқатары сәтті аяқталған. Мәселен, биылғы 9 айда атмосфера шығарындыларының нақты көлемі 90,5 мың тоннаға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға аз.Жол картасын жүзеге асыру аясында биыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 және №2 цехындағы пештерді жаңғырту, сондай-ақ 70-тен астам аспирациялық қондырғыны ауыстыру жұмыстары аяқталады. Ал Ақтөбе хром қосындылары зауытында жаңа электр сүзгісі орнатылып, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері 63%-ға азайды. Қандыағашта «Кентавр» ЖШС карталарды тазалауды жалғастыруда. «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Мұнай Тас» СБҚК» ЖШС Кеңқияқтағы мұнай сақтау резервуарындағы шығарындыларды азайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ табиғи полигондарды жою жұмыстары жалғасуда.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев облыста өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысын жариялады. Ел Президентінің тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан акция өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға және аумақтарды абаттандыруға бағытталған.Акцияға 418 мыңнан астам ақтөбелік, кәсіпорын мен ұйымдардың 11 мың қызметкері қатысты. Жалпы саны 105 мың аула, 103 мың жеке тұрғын үй, 1500 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді. 207 су қоймасы, 44 субұрқақ, 94 мың метр суару арықтары тазартылды. Сондай-ақ 291 саябақ пен алаң қоқыстан тазартылып, 356 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Полигонға 74 мың тонна қоқыс шығарылды.Басқарма басшысы мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және қарапайым азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында өңірдегі экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетінің деңгейі көтерілгенін атап өтті.Облыс әкімі жол картасының орындалуын бақылауда ұстауды және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған барлық іс-шараның уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889845
Астанада хакатонда Қарулы күштер үшін ең үздік IT-әзірлемелер анықталды 25.11.2024
Финалда қабылданған 40-тан астам өтінімнің ішінде қорғаныс және әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы 20 инновациялық шешім қаралды. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл іс-шараны қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновацияларды дамыту жөніндегі Defence Tech орталығымен, Astana Hub және Lenovo қолдауымен Talap қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.Озық технологиялар байқауына стартаптардың бастамашылары, IT-компаниялар, ғылыми қауымдастықтар және бейінді жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.Бірегей цифрлық технологияларды әзірлеуге маманданған қатысушылардың ұсыныстарын хакатонда Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бастаған құзыретті қазылар алқасы қарады.– Қатысушылар арасында жаңа бастаған әзірлеушілер де, ақпараттық технологиялар нарығында өзін танытқан компаниялар да бар. Бір қызығы, бұл жолы қазылар алқасының назарына жарғылық емес қатынастардың алдын алу саласындағы жасанды интеллект құралдары ұсынылды. Ең өзекті әзірлемелер пилоттық режимде қолданылатын болады, – деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.Қазылар алқасының мүшесі, саяси қайраткер Рақым Ошақбаев қорғаныс ведомствосының процестерді цифрлық форматқа көшіру ниеті мен ашықтығын атап өтті. Оның пікірінше, жасанды интеллектті қолдану деректерді бұрмалау мүмкіндігін азайтады және оларды өңдеу жылдамдығын арттырады.– Қызметтің қауіпсіздігі, оның жауынгерлік дайындығы – басты басымдықтар. Сондықтан біз армияны цифрлық түрлендіруге көмектескіміз келеді. Жақын арада біз осы бағытта алғашқы нақты нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенемін, – деді ол. Байқау қорытындысы бойынша құзыретті қазылар алқасы Назарбаев университетінің түлегі Бауыржан Оспан басқаратын Cleaverest Technologies компаниясына бірінші орынды берді. UмAI Army Safety хакатон жеңімпазын әзірлеу әскери нысандар үшін деректерді талдаумен бейнебақылау жүйесін енгізуді ұсынады.Екінші орынды Ерқанат Тыртықаевтың жетекшілігімен Назарбаев Университетінің AI серіктес стартап командасы иеленді. Олардың ұсынысы жасанды интеллект арқылы әскери қызметшілердің психологиялық және моральдық жағдайын бағалау болып табылады.Үшінші орын жетекшісі Нұржан Құмаров бастаған Алматы технологиялық университетінің студенттер тобына берілді. Жоба сонымен қатар әскери қызметшілердің психологиялық жағдайын талдаумен және бақылаумен байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889899
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясының Президентін қабылдады 25.11.2024
Астана, 2024 жылғы 22 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі Академиясының Президенті Шахин Мұстафаевты қабылдады.Кездесу барысында тараптар ұйымның ағымдағы қызметі мен 2025 жылы жоспарланған іс-шараларды талқылап, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасты.Бұдан бөлек, қазақстандық тарап ү.ж. 9-11 қыркүйекте Бакуда тиісті комиссия бекіткен Ортақ түркі әліпбиін қабылдау бойынша Академия жұмысының маңыздылығын атап өтті.Ә.Бақаев Академияның жұмысы түркі мемлекеттерінің ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын тереңдетуге, ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайтуға көмектесуге, сондай-ақ оның бүкіл ТМҰ әлемінде танытуға бағытталуы керек екенін атап өтті.Түркі Академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылған. Академияны құру туралы келісімге 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің ІІ-ші саммиті барысында қол қойылды. Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Өзбекстан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/889829
Нури Бильге Джейлан: «Фестиваль фильмдері сіздерді киноның жаңа әлеміне жетелейді» 25.11.2024
Бүгін Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Халықаралық байқауының қазылар алқасымен баспасөз конференциясы өтті. Кездесу барысында спикерлер фестивальдің маңыздылығы, байқауға қатысатын картиналардан не күтетінін және заманауи кинематографтың рөлі туралы ойларымен бөлісті.Қазылар алқасының төрағасы, әйгілі режиссер Нури Бильге Джейлан қазіргі кинематография жаңа көзқарасты қажет ететінін атап өтті.«Дәстүрлі кинематографтың барлық тақырыптары біртектес. Әр адамның өміріндегі терең мәнді ашып, нәзік сезімдерге жету үшін жаңа тәсілді қолдану қажет. Фестивальде көрсетілетін фильмдер сіздерді киноның мүлде басқа әлеміне жетелейді», – деді халықаралық конкурс төрағасы.Бұл сөздер халықаралық байқаудың маңызын толық жеткізеді. Биылғы бағдарламаға 13 фильм енген, олардың тақырыбы әлеуметтік драмалардан бастап философиялық ой-толғауларға дейінгі кең ауқымды қамтиды.Қазылар алқасының мүшесі, актриса Рано Шодиева фестивальдің терең әрі әдемі фильмдерден ләззат алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосферасын атап өтті.«Жақсы, таза, жаңа және әдемі киноға терең бойлағымыз келеді. Бізде осындай мүмкіндік бар – ол үшін бір апта берілді. Ең үздік фильмді таңдаймыз», – деді ол.Халықаралық байқауда ұсынылған фильмдер терең мазмұн мен мәдени әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, «Белгісіз елге» фильмі палестиналық босқындар туралы баяндаса, «Нирвана» фильмі жарыққа ұмтылған үш жасырын жанның тарихын суреттейді.Режиссер Артықпай Сүйіндіков батыл тәжірибелер мен терең тақырыптарға назар аудару қажеттілігін айтты.«Мен «Еуразия» фестивалі қазақстандық көрермендер мен болашақ режиссерлерге пайдасын тигізгенін қалаймын. Фестиваль кинематографиялық тілді іздеуге, терең тақырыптарды зерттеуге және адамның ішкі әлемін ашуға басымдық берсе екен. Біз әдеттегі кинотеатрда көрсете бермейтін туындылар осында ұсынылуы керек», - дейді қырғызстандық режиссер.Қазылар алқасының мүшесі, кинотанушы Нада Ажари Гиллон осындай шаралардың халықаралық мәдени алмасу үшін маңыздылығын атап өтті:«Фестиваль адамдар мен киногерлер үшін маңызды. Кинофестиваль – басқа мәдениетпен, елмен және адамдармен танысудың тамаша тәсілі. Олар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді».Баспасөз конференциясы негізгі сайыстың бастауы ғана емес, сонымен қатар көрермендер үшін шабыттандыратын сәт болды. Бұл фестиваль арқылы олар заманауи кинематографтың сиқырын аша алады.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889846
Киноның биік шыңы: Ли Баохуа «Еуразия» фильмдерінен не күтеді? 25.11.2024
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының қазылар алқасымен баспасөз мәслихаты өтті. Шараға әлемдік киноиндустрия өкілдері қатысты. Олар фестиваль бағдарламасының бірегейлігі мен алдағы жұмыстар туралы пікірлерімен бөлісті.Орталық Азия мен түркі әлемі елдері байқауының қазылар алқасының төрағасы Ли Баохуа байқау фильмдерінен не күтетінін айтты.«Кеше кинофестивальдің ашылу салтанатында байқауға қатысатын фильмдердің үзінділері көрсетілді. Менің ойымша, олардың барлығы жоғары бағаға лайық. Шынымен ұнады. Алдағы күндері, қазылар алқасы төрағасы ретінде, әріптестеріммен бірге барлық фильмдерді қарап, шынайы баға береміз», – деді Ли Баохуа.Ресейлік режиссер Алексей Тельнов та қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, ұсынылған туындылар қызықты болатынына үміт білдірді. «Фестивальдің ашылуы тамаша өтті, бәрі керемет ұйымдастырылған. Ұсынылған фильмдер бізді таңғалдырады деп үміттенеміз», – деді ол.Марокколық режиссер Абделила Эль Джаухари фестивальдің маңыздылығын ерекше атап өтті: «Қазақстанға келу менің арманым еді. Бұған дейін Қазақстан туралы тек бірнеше фильм арқылы ғана білетінмін. Бүгін мен осындамын, әріптестеріммен бірге Қазақстан мен Орталық Азия фильмдері туралы көбірек білуге тырысамын».Танымал қазақстандық актриса Жанна Қуанышева «Еуразия» фестивалі жаңа есімдерді ашуға әрдайым үлес қосатынына сенімді. «Біз өз фильмдерімізді бүкіл әлемге көрсетуіміз керек. Сондай-ақ әлемдік кино жаңалықтарын да білу маңызды. Сондықтан «Еуразия» – керемет шара», – деді актриса.Фестиваль 30 қарашаға дейін жалғасады. Көрермендер Орталық Азия мен түркі әлемі мәдениетінің тынысын сезініп, ерекше оқиғалармен танысу мүмкіндігіне ие болады.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889858
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері халықаралық байқауда жеңіске жетті 25.11.2024
Венгрияның Будапешт қаласында екінші халықаралық Budapest ballet Grand Prix байқауы өтті, байқауда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.Budapest Ballet Grand Prix-ке әлемнің 31 елінен жас биші қатысты. Бұл байқау қатысушыларға әлемдік сахнада өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Конкурста Торғын Лебен бірінші орынға, Дарья Митрофанова екінші орынға ие болды, ал Әдемі Жанабіл байқаудың дипломанты атанды.Байқау барысында қатысушылар «Пахита», «Талисман», «Ұйқыдағы ару», «Корсар», «Дон Кихот» классикалық балеттерінен жарқын вариациялар көрсетті.Бағдарлама кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің басшысы, Академия педагогы Светлана Кокшинованың басшылығымен дайындалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889870
Батыс Қазақстан облысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 25.11.2024
2024 жылғы 29 қараша сағат 10.30-да Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Атамекен өнер ордасы» ғимаратында (5-ші шағын аудан, 12/2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (771) 127-85-66 телефондар бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889890
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары балықшыларды іздеу жұмыстары н жүргізіп, қар құрсауында қалған адамдарды эвациялады 25.11.2024
24 қарашада Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында 1944 және 1953 жылы туған екі адам үрлемелі қайықпен түнгі балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар оқиға орнынан 10 км жерден табылып, жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.Жетісу облысы Алакөл ауданында боран, бұрқасын және нөлдік көріну салдарынан республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жолдың бір бөлігінде құтқарушылар қар құрсауында қалған төрт жеңіл автокөліктен сегіз адамды, соның ішінде екі баланы эвакуациялады. Құтқарылған адамдар жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.ТЖМ қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін, балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа-райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889820