Қуқық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛҒЫ 10 АЙДА 42 МЫҢ ТҰРҒЫН МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕЛГЕН 25.11.2024
Түркістан облысында биылғы 10 айдың есебімен 42 мың тұрғын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркелген. Жыл басында 400 мыңнан аса адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған болатын. Осы және өзге де атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кезекті штаб отырысында кеңінен талқыланды. Алда тұрған міндеттер пысықталды.– Өңірдегі МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету қажет. Осы бойынша арыз-шағымдар келіп жатады. Сонымен қатар ациентті қолдау қызметінің жұмысын күшейту қажет. Жалпы бұл мәселелер өңір басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Аудан, қала әкімдіктері жергілікті жауапты басқармамен бірлесіп, тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тоқтаусыз жүргізілуді тапсырған болатын. «Апта сайын – 3 пайыз, ай сайын – 12 пайыз» жобасын да қадағалаңыздар. Содан соң аудан, қала деңгейіндегі мобильді топ тұрғындар арасында қате төлемдерді қайтарып алуға байланысты тәртіп түсіндірілуі тиіс, – деді әкім орынбасары.Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы мен жауапты басқарма басшылығы, медициналық ұйымдар мен аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері қатысты.Жиын барысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Исмаханбетов өңір халқын МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі атқарылған шаралар туралы баяндама жасады. Аудан, қала әкімдіктері деңгейінде құрылған мобильді топ күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, тұрғындардың мәртебесін анықтау шарасын ұйымдастырып жатқанын атап өтті.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Бауыржан Сатыбалды МӘМС жүйесі үшін төлемдерді өткен жылдарға төлем жасамаған 43 мыңнан аса адамға хабарлама жолданғанын айтты. Мемлекеттік кірістер департаментімен төлемдерді тұрақты төлемегендер борышкерлердің, шаруа қожалықтардың есеп шоттары бұғатталған. Әзірге 8 мыңнан аса азаматтардың қарызы өндірілген. Оның ішінде, 5 мыңға жуық шаруа қожалықтары бар. Қарызды төлемеген борышкерлер саны – 34 710 (80,5%) болса, оның ішінде, шаруа қожалықтар саны – 28 750 (82,8%).Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміскүл Мирова отбасының цифрлық картасында Д және Е санатындағы отбасылар санын төмендету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы санаттағы азаматтардың МӘМС жарналарын төлеуді жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен қаржы жоспарлануда.Айта кетейік, Түркістан облысының халқын МӘМС жүйесіне тарту жұмысы тұрақты жалғасып келеді. Өңірде жыл басынан облыстық штабтың 17 отырысы, ал аудан, қалаларда 11 көшпелі жиын өткізілген. 2 миллионнан аса тұрғын облыстағы емханаларға тіркелген. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылғандар саны өңір халқының 83%-ын құрап отыр. Сәйкесінше сақтандырылмағандар саны – 350 мың жобасында. Бұл өткен аймен салыстырғанда 23 пайызға азайып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889263
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 25.11.2024
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Сайрам ауданына барып, бірқатар нысандарды аралады. Аудан әкімі Арман Сәбитов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес агроаймаққа бөлінген 90 га бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын ұсынып, жобаларды таныстырды.Аралау барысында облыс әкімінің орынбасары «Gen Group Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенін кеңейту бағытында атқарылған тірліктермен де танысты. Банан өсіруді жолға қойған серіктестік қосымша 6 гектарға жылыжай салып, қызанақ және құлпынай өсіруді қолға алмақ.«Жоба толық іске асқан жағдайда жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ, 130 тоннадан астам құлпынай жиналады дейді ЖШС басшысы», Тимур Утешев.«Korkem» сауда белгісімен танымал «Наурыз-5» ЖШС кәсіпорнын аралау барысында серіктестік басшысы Джурат Игамбеков жеміс қабылдау, көкөністерді өңдеу, қалбырлау және нарыққа шығару барысында кездесетін өзекті мәселелерді жеткізді.«Kaz Eco Meat» ЖШС ірі қара мал бордақылау және мал сою кешенінің құрылысын 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен арнайы қондырғылар сатып алынған. Ал «Nurym Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрама жем өндіретін зауытты жыл соңына дейін іске қоспақ.Нұрбол Тұрашбеков кәсіпкерлерге мәселелері мен ұсыныстарының заң аясында зерделенетінін атап өтті. Әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстар кезеңімен жүзеге асатынын айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889266
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ 25.11.2024
Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «СОФТ ХАУС» цехының ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, ауыл ақсақалдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Жеке кәсіпкер Шавкатжан Искаков өз қаражаты есебінен осы кәсіпті бастаған. Бүгінде өндіріс орнын кеңейтіп, ашылып отырған цехтың аумағы 1,0 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны – 500 млн. теңге, заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 2 мыңға жуық жұмсақ жиһаз өнімдерін шығаруға қауқарлы.Бүгінде 15 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың жалақысы 150-200 мың теңге көлемінде. «СОФТ ХАУС» жиһазының өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарымен қатар, көршілес Қырғызстан еліне өткізіледі. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды Қытай, Ресей, Түркия елдерінен алдыртады. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.– Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда, – дейді өндіріс орнының басшысы Шавкатжан Мамиржанұлы.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889268
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ІС-ШАРА ӨТТІ 25.11.2024
Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті игілікті шара өтті. “Жігер” абилитациялық іс-шарасының мақсаты – ерекше қажеттілігі бар жандарды шабыттандыру, жаңа мүмкіндіктерін ашуға қолдау көрсету.Іс-шараға қатысушылар пауэрлифтинг, пара күрес, шахмат, қол күресі және бочча спорт түрінен жарысты. Одан бөлек, жобаның екінші бөлімінде мүгедектігі бар өнерпаздар сахна төрінде ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Сонымен бірге мүгедектігі бар табысты тұлғалардың қатысуымен TEDx форматындағы сессия ұйымдастырылды.«Достық» үйінде өткен шарада Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев қатысушыларға жылы лебізін арнады. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықпаев қатысушыларға қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889271
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН 25.11.2024
Түркістан облысында биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 104 635 жұмыс орны құрылды.Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, кемшіліктер мен өзге де түйткілді мәселелер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның 2024 жылдың 10 айының қорытындысы туралы есебі тыңдалды. Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде инфрақұрылымдық жобаларда ашылған жұмыс орындарына жолданған азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасының аударылуы бойынша республикада 4 орынға орналасты.Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру, Жастар практикасы, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту квотасы бағыттары бойынша төмен көрсеткіштер барын жасырмады. Облыс әкімінің орынбасары жоспарды тиісті деңгейде атқармаған Бәйдібек, Мақтаарал, Жетісай, Отырар, Сауран аудандарының мәселелері жеке-жеке қаралып, кемшіліктерді түзетуге уақыт берді.Мәжілісте Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Казанкаповтың баяндама жасады. Биыл субсидияланатын жұмыс орындарына 31 208 адамды жұмысқа жолдау жоспарланып, нақты 32 578 адам жұмыспен қамтылған. Жаңа және бос жұмыс орындары бойынша 39,1 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ұлттық жобалар аясында 2024 жылы 397 жобаны жүзеге асыру жоспарланса оның 362-сі орындалған. 3671 жаңа жұмыс ашу межеленіп, 3106 азамат жұмысқа орналасты.Бұдан бөлек, «Жастар практикасы» және «Күміс жас» жобалары, қоғамдық, әлеуметтік және алғашқы жұмыс орындарымен жергілікті тұрғындарды қамту, пробация есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айырылған, тұл жетімдер мен мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша аудан, қалалардағы жұмыстар сараланып, индикаторлардың орындалуы қаралды.Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатының нысаналы жұмсалуына тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 2023 жылы грантпен қамтылған 23 азаматтың қаржыны мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, мемлекетке қайтару бойынша сот шешімі шықты. Қаражатты қайтару жұмыстары жүргізілуде.Ал ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жіберілген 575 азаматпен еңбек тәртібін сақтамағаны үшін келісімшарт біржақты тоқтатылды. Субсидияланған жұмыс орындарына жолданған 2517 азаматпен де келісімшарт үзілді.Бейсен Дәулетұлы «Мансап» орталықтарындағы кадрлардың біліктілігін арттыруға аса мән беруді, жұмысты жандандыру бойынша ұсыныс-пікірлерге ашық екенін жеткізді. Жоспарды тиісті деңгейде орындамаған жауапты басшыларға сын айтып, кемшіліктерге жол бергендерге тиісті шара көрілетінін ескертті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889272
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 25.11.2024
Сауран ауданы әкімдігінде аквапарк салу жобасын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен жоба авторы Надир Абдусаттаров осындай келісімге қол жеткізді. Тараптар арасында белгілі бір міндеттемелер мен жауапкершіліктерді айқындап, жобаның табысты жүзеге асырылуына алғашқа қадамдар жасалды.Аквапарк салу жобасы ауданның экономикасына оң әсерін тигізіп, жергілікті тұрғындардың демалу мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, туристік ағынды арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Әкімдіктің қолдауы жобаның іске асырылуында маңызды рөл атқарады.Меморандумға қол қою барысында құрылыс жұмыстарының уақыты, қаржыландыру көздері және басқа да маңызды мәселелері талқыланды. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан да маңызды жоба құны – 1,5 млрд. теңге.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889273
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ 25.11.2024
Мақтааралда 2008-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық «Ауыл барысы» турнирінің ашылу салтанаты өтті.Турнирдің салтанатты рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты.«Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнир ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық қазақ күресін көтеру және жастарды спортқа тарту мақсатында өтіп жатыр.Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.– Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан бүгінгі жарысты ұйымдастырған «Ауыл» партиясының басшылығына алғысымды білдіремін. Турнирге қатысушы жас балуандарымызға сәттілік тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін! – деді Ертай Кенжебекұлы.2 күнге созылатын жарысқа Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент қаласынан және Түркістан облысының қала, аудандарынан 300-ге жуық балуан өз бақтарын сынауға келіп отыр. Жарысқа қатысушылар 35, 38, 42, 46, 50, 55, +55 және +60 кг (Түйе палуан) салмақ дәрежелері бойынша күресетін болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер есебінен арнайы қаржылай сыйлықтар, белбеулер, медаль және дипломдармен марапатталады.Жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары турнирдің ашылуынан соң Мақтаарал ауданының спорттық инфрақұрылымымен танысып, нысандарды аралады. Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» стадионы мен жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенімен танысты. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылы құрылысы басталған спорт кешенінің конкурстық құны – 600 миллион теңге. Мердігер мекеме «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізді.Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.Ауданда бұған дейін Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы, «Мырзакент» спорт сарайы ел игілігіне беріліп, түрлі ауылдарда 20-дан астам кіші футбол алаңшалары ашылған.Жұмыс сапары «Алғабас» мәдениет үйінде жалғасты. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған жаңа ғимарат 2 қабаттан тұрады. 200 орындық концерт залы және үйірмелерге арналған бірнеше шағын залдар бар. Жалпы, бүгінгі таңда ауданда 9 мәдениет үйі бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889278
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ 25.11.2024
Ауданда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, «Aлтын күз-2024» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шара аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің, техникаларының жәрмеңкесі және «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, кәсібін бастаған кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, сала мамандары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.Күзгі жиын-терім науқанының қорытынды көрсеткіші айқындалатын мерекеде аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз алып, жыл бойы адал еңбегімен өз саласында жетістікке жеткен, мол өнім алып ауылдастарға үлгі болған үздік шаруа қожалықтарын, үздік ауылдық округ әкімдерін және үздік сала мамандарын марапаттады.– Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, құрметті қонақтар, ауыл ардагерлері! Сіздерді бүгінгі ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің «Алтын күз-2024» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сарыағаш – ауыл шаруашылығы дамып келе жатқан аграрлы аудан. Ауданымыз аграрлы аудан болғандықтан экономикамыздың қозғаушы күші мен табыс көзі де ауыл шаруашылығы саласы. Күз мезгілі – шаруалар үшін еңбектің нәтижесін көріп, табиғаттың сарқылмас сыйының жемісін жинайтын тамаша кезең. Сондықтан болар, «Алтын күз» алқап басында тер төккен ауыл еңбеккерлерінің мерекесі болып саналады. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты болса, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы кез-келген жетістігі шаруалардың, диқандардың адал еңбектерінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларының арқасы деуге болады, – деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаты Рысбек Асылбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті. Салтанатты іс-шара соңы аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.Ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде тер төгіп, еңбек еткен жергілікті диқан қауымының өнімдері және аталған салада жүрген кәсіп иелерінің азық-түлік жәрмеңкесі Сарыағаш қаласының орталық алдаңында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде 30 ауыл шаруашылық техникасы мен агрегаттары, құс шаруашылығы бойынша «Бесқара» ЖШС ұсынған жұмыртқадан жасалған пирамида, «Амантай пласт» ЖШС тарапынан ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған жәшіктер, сондай-ақ Қабланбек аграрлық колледжі тарапынан дайындаған көрме бұйымдары аудан тұрғындарының назарына ұсынылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, жұмысын бастаған кәсіпкерлер және аудан шаруаларының жалпы 11,2 тонна өнімі де жәрмеңке көркін қыздырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889280
Астанадан бір түнде 10 мың текше метрге жуық қар шығарылды 25.11.2024
Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде қар тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.25 қарашада күндізгі ауысымда қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге үш мыңнан астам жол жұмысшы және 1 100-ден астам арнайы техника шықты.24-25 қараша аралығында қар полигондарына мыңнан астам ауыр жүк рейсімен 10 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 50 мыңға жуық рейс арқылы 560 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889196
Спорттық және шығармашылық әлеуетті дамыту: Астанада «Студенттік өзін-өзі басқару» жобасы іске қосылды 25.11.2024
Астанада «Студенттік өзін-өзі басқару» жобасы аясында баскетбол және үстел теннисінен турнирлер өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Студенттік өзін-өзі басқару» жобасын елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды.Ол студенттердің бастамаларын қолдауға және елорда студенттері арасында спорттық, шығармашылық және көшбасшылық қасиеттерді көрсету үшін белсенді платформа құруға бағытталған. Ұйымдастырушылар қаланың университеттерімен ынтымақтасады және жобаның шығармашылық және спорттық іс-шараларына қатысу үшін шақыру хаттарын жібереді.Студенттер арасында баскетбол, үстел теннисі, волейбол және футбол түрлерінен спорттық турнирлер өтеді.«Мен бұл жобаны барлық студент үшін барынша пайдалы деп санаймын, өйткені университеттерде спорттық жарыстар жеткіліксіз. Студенттер арасында спортпен белсенді айналысатындар көп, біз үшін бұл жоба салауатты өмір салтын ұстанудың мүмкіндігі болып саналады», - деп атап өтті ҚазАТУ-дың 2-курс студенті Иманғали Өкей.Сонымен, студенттер арасында баскетбол және үстел теннисінен екі спорттық турнир өтті. Оларға Esil University, ЕҰУ, ҚазАТУ, AITU және қаланың басқа да жоғары оқу орындарынан 70 студент қатысты.Айта кету керек, жоба елорда студенттерінің шығармашылық хоббиі мен қолдауына ерекше мән береді. Олар үшін төрт номинация бойынша конкурстар өтеді: вокалдық өнер, халық биі, заманауи би және музыкалық аспаптарда ойнау.«Әр номинацияға 50-ден 80-ге дейін адам қатысады. Қатысушылардың көпшілігі – өз университеттерінің жастар комитеттерінің белсенділері. Жобаның соңында біз барлық қатысушыны біріктіріп, үлкен іс-шара ұйымдастырамыз», - деп атап өтті елорда әкімдігінің «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының маманы Олжас Амангелді.Жобаның соңғы күнінде арнайы концерт өтіп, қатысушылар марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889200
Астана тұрғындарының үйлеріне ондаған улы газға қарсы датчиктер орнатылды 25.11.2024
Астанада профилактикалық аралау іс-шарасы өтті, оның аясында Астана және Ақмола облысы ТЖД, қалалық әкімдік қызметкерлері, полиция және еріктілер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін кезекті рет түсіндірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратып, пеш пен газ жабдықтарын қарап, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде көміртегі тотығы датчиктерін орнатты.«Жыл басынан бері елордада 635 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 255-і жеке тұрғын үй секторларында болды. Сондықтан жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі ерекше бақылауда. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайынғы жоспар құрып, алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарымен, оның ішінде жатақханаларда және жеке тұрғын үй секторларында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Астана әкімдігінің қолдауымен оларға арнап көміртегі тотығы датчиктері сатып алынды. Оларды біз қаланы аралау барысында орнатып жатырмыз. Астанада барлығы 1500-ден астам әлеуметтік осал отбасы тұрады. Айта кетейік, жыл басынан бері олар профилактикалық іс-шаралармен толық қамтылды, ал қазіргі уақытта біз қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - дейді Астана ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев.Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында профилактикалық іс-шараға қатысушылар бір күнде 1 527 жеке сектордағы үйді аралап шықты, онда өрт қауіпсіздігі ережелерін 2,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды.Сондай-ақ, аралау барысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 149 отбасын қамтыды. 27 көміртегі тотығы датчигі орнатылды, ал 47 отбасында бұрын орнатылған датчиктер тексеріліп, батареялар ауыстырылды.Іс-шара соңында құтқарушылар азаматтар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру арқылы өрт қаупін азайту және адамдардың өмірін сақтап қалуға болатынын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889201
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды 25.11.2024
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін Астанамыз бой көтеріп талай тарихи сәттерге қол жеткіздік. Бас қаламыз Астана атанғаннан күннен бастап жаңа қаланың дамуы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жатыр. Осы аптада елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебі Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі 25 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астанадағы қазақ мектептерінің көшін бастаған оқу орны тарихтан өзіндік орнын алды. Мектеп-лицейдің алғашқы директоры Жамал Қасымбектің көшбасшылығымен 3 жыл қатарынан, 2006, 2007, 2008 жылдары Астана қаласындағы «Үздік мектеп» номинациясын жеңіп алып, 2011 жылы «Көшбасшы мектеп», 2012 жылы «Үздік мектеп» номинациясын иеленген еді. 2013 жылы Лондондағы Халықаралық BID сапа бойынша конвенция №38 мектепті кемелдіктің бұлжымас сапасының беріктігі үшін «Алтын тәж» IQC жүлдесімен марапатаған мектеп ретінде тарихта өзіндік орны бар.Мектептің ширек ғасырлық мерейтойы барысында «Мектебіме ширек ғасыр» естеліктер кітабының тұсаукесері өткізілді. Мектепішілік «Әлімхан Ермеков» медалі осы мектепте еңбек жолын жас маман болып бастап, 15 жылдан астам үзіліссіз еңбек етіп жүрген ұстаздарға табысталды.№38 мектеп-лицейдің 25 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-танымдық конференцияда Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсима Бимендина, қоғам қайраткері Әкім Ысқақ, әлімхантанушы ғалым Қанат Өскембаев, ЕҰУ экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы Кайрат Сағынов, Пенсильвания университетінің ғылыми қызметкері, мектеп түлегі Айнұр Қадырбаева, мектептен шыққан 20 басшының атынан сөйлеген Сәуле Әзімханова осы №38 мектебінің Астананың білім тарихындағы көшбасшылық бейнесі мен тағылымдық тәжірибелеріне кең тоқталып талдады.Конференция соңы мектеп көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасып, айтыскер ақын Нартау Тілеуқұл толғау арнаса, эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова мен жас әнші Әйгерім Тілеубек әннен шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889236
Алматы әкімі Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия ұжымын құттықтады 25.11.2024
Алматыда Ш. Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның 100 жылдық мерейтойына орай Республика Сарайында «Ғасыр мектебі» атты мерекелік концерт пен тарихи көрме өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның білім министрі Ғани Бейсембаев, педагогтар, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты.Қала басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын оқып, гимназия ұжымын 100 жылдығымен құттықтады.«Шежірелі білім ордасы кезінде Алматы қаласындағы балаларды қазақ тілінде оқытқан бірден-бір мекеме болды. Шын мәнінде, өткен ғасырдағы ана тіліміздің тағдыры осы мектептің тарихымен тығыз байланысты. Оның ұстаздары заманның қиындығына қарамастан, ұлттық педагогиканың дәстүрін сақтап қалуға және ел мүддесіне қызмет еткен зиялы қауымның тұтас буынын тәрбиелеуге зор үлес қосты. Гимназияның мыңдаған түлегі елімізді өркендету жолында тынымсыз тер төкті. Олардың арасында халқымыздың мақтанышына айналған біртуар тұлғаларымыз аз емес», - деп айтылған Мемлекеттік басшысының құттықтау сөзінде.№12 мамандандырылған гимназияның жүз жылдық мерейтойы «Кеше.Бүгін.Ертең» ұранымен ұрпақтар сабақтастығын атап өтті. Мектеп тарихына арналған «Ғасыр мектебі» көрмесі гимназияның қалыптасу кезеңдерін ғана емес, сонымен қатар елдің орта білім беру жүйесінің дамуын да көрсетеді.№12 гимназия Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қаулысымен 1924 жылы 22 қазанда аймақтық тәжірибелік-көрме мектебі ретінде құрылды. Бастапқыда оның тек бір сатысы болды – бастапқы. 1936 жылы дәл осы мектеп республикадағы толық орта білім беру жүйесін бастады.12-ші гимназия тарихындағы маңызды кезең Социалистік Еңбек Ері, 15 жыл директор болған Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рафика Нұртазинаның есімімен байланысты. Оның бастамасы бойынша мектепте орыс тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды.1972 жылы мектеп республикада бірінші болып ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды енгізді, бұл үш тілді білетін мамандарды даярлауға ықпал етті.Мектеп 70-тен астам академик, 300-ден астам ғылым докторы, 500-ден астам ғылым кандидаттары мен көптеген мәдениет қайраткерлерін тәрбиеледі.Түлектер қатарында: Күләш Байсейітова, Әбілхан Қастеев, Асқар Тоқпанов, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Әсет Бейсеуов, Мансұр Сағатов; мемлекет қайраткерлері Қайрат Сарыбай, Шамша Беркімбаева, Кенжалы Айманов, Марат Әшім, Жанар Айтжанова және басқа да көптеген танымал тұлғалар бар.2007 жылдан бастап №12 мамандандырылған гимназия Алматының үздік ондығына кіреді. 2015, 2017 және 2020 жылдары гимназия «Үздік мектеп», «Үздік мекеме», «Үздік педагогикалық ұжым» наградаларымен марапатталды. 2022-2023 оқу жылдарында гимназия «Үздік мамандандырылған гимназия» атағына ие болды. Бүгінгі таңда гимназия дарынды балаларды қолдау және дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, олардың қабілеттерін ашуға ерекше назар аударылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889320
Алматыда 2000-нан астам жеке тұрғын үйдің өртке қарсы қауіпсіздігі тексерілді 25.11.2024
23 қарашадан бастап, сенбі-жексенбі күні Алматы қаласының Алатау ауданында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Өртсіз өмір - қауіпсіз болашақ» ауқымды профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізілді. Акцияға БАҚ өкілдері, еріктілер және газ қызметінің қызметкерлері қатысты.Іс-шара барысында ТЖД мамандары 2297 үйдің тұрғындарын хабардар етті. Көмір және отынмен жылытылатын 16 мұқтаж отбасылар үйінде газ иісін анықтау датчиктері орнатылды.Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жеке тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Көп балалы отбасыларды, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады.«2018 жылдан бастап Алматыда аз қамтылған отбасылар үшін өтеусіз негізде 1500-ге жуық газ иісін анықтайтын датчигі орнатылды. Алайда, кейбір тұрғындар оларды өшіріп тастайды, бұл үлкен қауіп төндіреді. Біз түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз», - деп атап өтті Н. Атығаев.Аудан әкімдіктері атаулы көмек үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 901 отбасын анықтады. Осы отбасылардың барлық 100% - ы профилактикамен қамтылған, оның ішінде 102 отбасы үйлерін қатты отынмен жылытады.Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, демеушілер ХӘОТ үшін 200 датчик сатып алған. Датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда.«Қауіпсіздік үшін — Бірге», «Қөмек қолы» және «Таза түтін мұржасы» акциялары аясында 36 үйде атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетілді. Үйлерде түтін мұржаларын тазалау, жарықшақтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлерде қабырғаларды әктеу және іргелес аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 41 үйде газ иісін анықтайтын датчиктер орнатылған.Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға жылыту үшін отын беру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Көпшілікті қамту үшін жұмысқа еріктілер, газ қызметі, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері жұмылдырылды. Тұрғындарға ТЖД-ның 8 арнайы машинасының көмегімен қосымша ақпарат берілді, олар тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы хабардар етті.Сондай-ақ, мегаполистің ірі сауда орталықтарының бірінде ТЖД қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді, онда барлық ниет білдірушілер өрт қауіпсіздігі саласында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/889323
Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды 25.11.2024
Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша 161 064,0 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылып, Жер ресурстарын басқару комитетімен 2024 жылға межеленген пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген 130 000,0 га жерді қайтару жөніндегі жоспар 23,9%-ға артығымен орындалды.Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жер пайдаланушылар 11,5 мың гектар жерді игеруге кірісті, заңсыз берілген 4 050 га жердің жалдау шартының күші жойылды, сот шешімі бойынша 12 мың гектар жер мәжбүрлеп алынып , 6 335 га бойынша істер сотта қаралуда.Сонымен қатар, облыс бойынша қайтарылған жерлердің 94,3 мың гектары ерікті түрде бас тарту жолымен, ал 46,7 мың гектары жалдау шартының мерзімі өту себебімен қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889305
Қазақстан Энергетика министрлігі 2023 жылы жер қойнауын пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін 14 млрд теңге өндіріп алуға тырысуда 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан:"2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт қолданылады (оның ішінде ӨБК – 9, барлауға – 11, барлауға және өндіруге – 173 және өндіруге – 122).2020 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі толығымен автоматтандырылған және аукциондық тәсілмен электрондық түрде жүзеге асырылады, бұл оны барынша ашық және айқын етеді.Осы кезеңде 9 электрондық аукцион өткізілді, онда бюджетке шамамен 49,5 млрд. теңге сомасында қол қою бонусын төлей отырып және $443 млн сомасына геологиялық барлауға мәлімделген инвестициялармен 110 жер қойнауы учаскесі жүзеге асырылды.Кезекті аукционды өткізу 2024 жылғы 27 қарашаға 9 учаске бойынша жоспарланған (барлау – 8, өндіру – 1).Жер қойнауын пайдаланушылар алған келісімшарттық міндеттемелерді орындамай ұзақ уақыт ұстайтын жер қойнауы учаскелерін тексеру бойынша жұмыс жалғасуда.2022 жылдан бастап Министрлік аукциондарға қайта шығарылатын 52 келісімшартты (2022 жылы – 17 келісімшарт, 2023 жылы – 22 келісімшарт, 2024 жылы – 13 келісімшарт) бұзды, 9 келісімшарт бойынша 1,9 млрд.теңге сомасына берешек өтелді.2022 жылғы келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 12 млрд.теңгеге 158 хабарлама қойылды, оның 5,6 млрд. теңгесі өтелді.2023 жылғы келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 14 млрд.теңгеге 141 хабарлама қойылды, оның ішінде бүгінгі күні шамамен 2,4 млрд. теңге өтелді.Бұл жұмысты Министрлік тұрақты және жүйелі негізде жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889303
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай өндіру 88,4 млн тонна деңгейінде күтілуде – Энергетика министрі 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 73,5 млн. тоннаны құрады. Биылғы жылға мұнай өндіру болжамы 88,4 млн. тоннаны құрайды.Жоспармен салыстырғанда өндірістің төмендеуі ірі кен орындарында күрделі жөндеу жүргізумен байланысты: Теңізде (Болашақ кеңейту жобасының мамыр және тамыз айларында жоспарланып отырған іске қосылуына байланысты жалпы ұзақтығы 50 күн жөндеу жүргізілді) және Қашағанда (28 күнге толық тоқтаумен слаг-кэтчерді ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілді).Сонымен қатар, өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытында газ қабылдауға шектеулер әсер етті.Өндіру деңгейінің төмендеуіне ОПЕК + келісімі шеңберіндегі міндеттемелердің орындалуы да әсер етеді.Қазақстан ОПЕК + келісіміне қатысады. Қазақстан үшін, басқа елдер сияқты, 2024 жылға арналған белгілі бір міндеттемелер белгіленген (қазіргі уақытта тәулігіне 1,468 млн. баррель). Келісімнің талаптарын орындау әлемдік мұнай нарығында тұрақтылықты сақтау үшін қажет".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889306
Қазақстан 2026 жылдан бастап 100 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр – Энергетика министрі 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Мұнай-газ кешенінде елдің дамуында республика бойынша мұнай өндірудің 65%-ды құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады.Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен $185 млрд құрады.Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн.тоннадан астам көлемде күтілуде.Теңізшевройл мұнай өндірудің жылына 12 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ететін Болашақ кеңейту жобасын іске асыруда.Қарашығанақта 5-ші компрессор бойынша жұмыстар аяқталды, шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессорын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өндіру сөресін жылына 11-12 млн.тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді.Сонымен қатар кен орнында қуаттылығы 4 млрд.м3 газды құрайтын газ өңдеу зауытын (бұдан әрі – ГӨЗ) салу жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі - 2028 жылдың соңы.Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд. м3 ГӨЗ құрылысы жүргізілуде, ол 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн.тоннаға ұлғайтуды көздейді.Бұдан басқа, 2029 жылы қуаттылығы жылына 2,5 млрд.м3 ГӨЗ салу есебінен мұнай өндіру деңгейінің 2 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.Жалпы алғанда, үш ірі жобада мұнай өндіру республика бойынша барлық мұнай өндірудің 70%-ды құрайтын болады, оған шамамен $17 млрд инвестицияланады.Сонымен қатар, жер қойнауының перспективалы учаскелері бойынша геологиялық барлауға 2030 жылға дейін $5 млрд инвестиция салынады, бұл 2040 жылға қарай 11 млн.тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етеді.Жалпы алғанда, мұнай өндіруге салынған инвестициялар 2030 жылға қарай ірі кен орындарында шамамен $21 млрд құрайды".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889308
Қазақстан Энергетика министрлігі ішкі нарыққа мұнай жеткізетін жетілген кен орындарын қолдау үшін жаңа бастамалар дайындады 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Мұнай өндіру көлемінің 30%-на дейін қамтамасыз ететін басқа кен орындарының көпшілігі мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен игерудің кеш сатысында тұрғанын атап өткен жөн.Мысалы Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында мұнай өндірудің айтарлықтай төмендеуі байқалады.Бұл ретте, соңғы екі облыс мұнайдың негізгі бөлігін ішкі нарыққа жеткізетінін атап өткім келеді.Сонымен қатар 2040 жылға қарай ірі кен орындарын қоспағанда, кен орындарында мұнай өндірудің төмендеу үрдісі сақталады.Осы мәселені шешу үшін бүгінде жетілген кен орындарын, оның ішінде салықтық сипаттағы, өндірудің жаңа технологияларын дамытуға және енгізуге міндетті түрде қайта инвестициялау шартымен қолдау шаралары әзірленді, бұл 2045 жылға дейін шамамен 40 млн.тоннаны қосымша өндіруге мүмкіндік береді".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889309
Қазақстан ағымдағы жылы экспортқа 68,8 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр 25.11.2024
Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.Баяндамадан;"Мұнай өндіру кезінде 2024 жылға күтілетін экспорт болжамы 88,4 млн. тонна шамамен 68,8 млн. тоннаны құрауы мүмкін.Негізгі бағыттар бойынша: Каспий құбыр консорциумы – 55,4 млн.тонна мұнай, Атырау-Самара – 8,6 млн. тонна, Қытай – 1,1 млн. тонна, Ақтау порты – 3,6 млн. тонна, теміржол – 0,05 млн. тонна".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/889314