Қуқық
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Қызылорда облысының тұрғындарымен есепті кездесу өткізді 22.11.2024
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде халықпен есеп беру кездесуін өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бірінші вице-министр кездесу барысында өңір тұрғындарын министрлік жұмысы мен қабылданып жатқан негізгі шаралары, оның ішінде педагогтердің кадрлық әлеуетін көтеру, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту, білім сапасын көтеру, балалар үшін білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру бағытындағы негізгі басымдықтар туралы хабардар етті. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасау және олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен қалалар мен шалғайдағы ауылдарда балалардың заманауи әрі жайлы ортада білім алуына жағдай тудырған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын ерекше атап өткен жөн. Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында колледждерді өңір экономикасына қарай бейімдеу, көшбасшы колледждерді қалыптастыру, колледждерді басқару менеджментін құру қолға алынуда. Барлық білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, жүзеге асырылуда», - деп атап өтті бірінші вице-министр. Кездесуге 600-ге жуық адам қатысты және олар бірінші вице министрге көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сұрақтар негізінен мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, арнайы және инклюзивті білім беру, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу және құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді қамтыды. Сонымен қатар Наталья Жұмаділдаева жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бірқатар білім беру ұйымдарында болып, олардың инфрақұрылымымен, жабдықталуымен, оқу-тәрбие беру процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Айта кету керек, бүгінде Қызылорда облысында 1042 білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оның ішінде 337 мектеп, 28 колледж және 677 мектеп бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/888258
Лицензиясыз қызмет жүргізгені үшін 58 мектепке айыппұл салынды 22.11.2024
Аталған бұзушылықтар Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің білім беру ұйымдарына мониторингі барысында анықталды.2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру нәтижесі көрсеткендей, 58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген. Бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкестендірді. Лицензиясыз қызмет жүргізетін мектептерге қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл беру туралы соттардың қаулылары шығарылды. Олар негізінен Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан.«ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс. Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдарында білім беру қызметімен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бастап туындайды. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс», - деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.Лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті педагогикалық құрамның болуын, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуын, сондай-ақ білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды. Осы талаптарға сәйкес келмеу әкімшілік жаза қолдану мен қайталама бұзушылықтар болған жағдайда білім беру мекемесінің қызметін тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.Естеріңізге сала кетейік, мектептер бағыныстылығы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарауына жатады. Өз кезегінде аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқармаларының басшыларына бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ресми талап хаттарын жолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/888336
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Шымкент шаһарының тұрғындарымен кездесті 22.11.2024
2024 жылғы 20 қарашада Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Премьер-Министрдің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізудің кейбір мәселелері туралы» өкімі аясында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды, онда Құрсай шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.Жұмыс сапары барысында вице-министр «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен, сондай-ақ ірі қалалардың шеткі инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Құрсай шағын ауданының инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты.Халықпен кездесуде тұрғындарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланып, әлеуметтік сипаттағы мәселелер көтерілді.Бұған қоса, жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасында Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыру аясында өтті.Қатысушылар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ірі қалаларында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың тәсілдерін ұсынды. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылын жақсарту бойынша қала аудандары әкімдерінің ұсыныстары тыңдалды.Жиын қорытындысы бойынша алдағы жұмыста қолданылатын тиісті ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/887266
Сенаторлар Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады 22.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Республикалық бюджет және Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен қаржы министрі Мәди Такиев таныстырды.Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды қарап, мақұлдады. Құжат нормаларына сәйкес мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша шығыстарды қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 2025, 2026 және 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2 трлн теңгені құрайды. Заңның қабылдануы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.Депутаттар «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды да қарады. Бюджеттің басым міндеті мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау және ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру болып қала береді. Мәселен, алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері бюджеттік қағидалардың сақталуын және бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырлануын ескере отырып айқындалған. Бюджет шығыстарының бірінші кезектегі бағыттары мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау, ғылымды, білім беруді, медицинаны қолдауды күшейту арқылы адами капиталды дамыту болып қала береді. Атап айтқанда, республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2025 жылы 25 750 млрд теңге, 2026 жылы 23 168 млрд теңге және 2027 жылы 24 566 млрд теңге сомасында жоспарланып отыр. Қаражат қазіргі жағдайларға бейімделе отырып, экономикалық үлгі қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және халықтың табысын арттыру үшін жағдай жасау арқылы азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Сенаторлар концептуалды түрде республикалық бюджетті қолдады, дегенмен, оны қарау барысында бірқатар өзгерістер енгізді. Нақты айтқанда, депутаттар келесі жылға қосымша 60 млрд теңге бөлуді ұсынды. Бұл қаражат өңірлік дамуға, сумен жабдықтау және су бұру проблемаларын шешуге, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған. Осыған байланысты ұсынылған түзетулермен заңды Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/888139
Халықаралық ұйымдар: Қазақстанның мемлекеттік қарыз деңгейі «төмен» болып қала береді 22.11.2024
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына жауап берді.Вице-премьер өз сөзінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және халықаралық рейтинг агенттіктері жыл сайын Қазақстанның экономика даму деңгейі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын айтты.«Халықаралық кредиттік рейтингтерде болған соңғы өзгерістер еліміздің фискалдық, қаржылық тұрақтылығын айғақтайды. Бізде Ұлттық қор түріндегі қомақты валюталық резервтер және алтын-валюта резервтері бар. Олардың көлемі қазірдің өзінде 100 млрд доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық қауіпсіздік жастығы болып табылады.Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда мемлекеттік қарыз, тұтастай алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32%-нан аспауы керектігі жөнінде шектеулер жазылған. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 23%-ды құрап отыр, яғни бұл мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша жеткілікті қауіпсіз әрі қолайлы деңгейде екенімізді білдіреді».Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, осы инвестицияларды тарту арқылы жалпы экономиканы дамытуға мүмкіндік беретін активтерді жасайтындығымызды атап өтті. «Біз жол саламыз, инфрақұрылымға инвестиция саламыз, жаңа өндірісті іске қосамыз. Бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін, болашақта экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/888194
Қазақстан халықаралық аренада климаттық ынтымақтастықты күшейтуде 22.11.2024
Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (БҰҰ КӨНК) шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, Климаттық күн тәртібін белсенді ілгерілетуді жалғастыруда. COP29-да ел өкілдері БҰҰ КӨНК ресурстарын жұмылдыру және әріптестік бөлімінің басшысы Мария Мисовиковамен ұлттық Климаттық мақсаттарды іске асыру жөніндегі негізгі бастамаларды талқылады.Қазақстанның жетістіктері мен жоспарлары:2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Шығарындыларды азайту жөніндегі салалық шараларды қамтитын Жол картасын әзірлеу жүргізілуде.Ашықтық туралы екі жылдық есептер (BTR). 2024 жылдың қыркүйегінде Астанада Қазақстан 2025 жылдың басында ұйымның хатшылығына ұсынылатын баяндамаларды дайындауға бағытталған БҰҰ КӨНК-пен бірлескен іс-шара өткізді.Жаңа үлесті әзірлеу (NDC). Қазақстан экономиканың негізгі секторларындағы нақты шараларға назар аудара отырып, 2025 жылдың басында жаңартылған салымды ұсынуға дайын.Болашақ бастамалар:Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізуді ұсынды, ол Орталық Азия өңіріндегі тәсілдер мен шараларды келісу үшін платформа болады. Негізгі бағыттар:Климаттық ауысуды қолдау.Климаттың өзгеруіне бейімделу.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Инклюзивті және әділ ауысу.Күш-жігерді үйлестіру үшін Алматыда климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе құрылады. Қазақстан ұйымның қамқорлығымен саммит өткізуді қоса алғанда, БҰҰ КӨНК-ті қолдауға сенеді.Меморандум жасасу:Климаттық әріптестік шеңберінде Қазақстан БҰҰ КӨНК-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды, оның мәтіні бұрын Бонндағы конференцияда ұсынылған болатын.Қазақстан қолдағаны үшін алғыс білдіреді және жаһандық климаттық мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887178
«Мұздықтардан фермаларға» панельдік пікірталас 22.11.2024
Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі COP29 климаттық конференциясы аясында өткен «Мұздықтардан фермаларға» атты панельдік пікірталасқа қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы трансшекаралық су ресурстарын басқару және оған бейімделу болды Орталық және Батыс Азиядағы климаттың өзгеруі.Іс-шара климаттық тәуекелдерді азайту, ауыл шаруашылығын икемді ету және суды басқаруды жақсартудың негізгі тәсілдерін қарастырды. Қатысушылар климаттың өзгеруінің салдарын барынша азайту үшін тиімді шешімдерді әзірлеу және енгізуде аймақ елдерінің күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.«Мұздықтардан фермаларға» (G2F) аймақтық бағдарламасына ерекше назар аударылды. Бұл бағдарлама тұрақты инфрақұрылымды құруға, ауыл шаруашылығын қолдауға және тұрақты дамуға ықпал ететін жобаларға халықаралық қаржыландыруды тартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887665
Қазақстан озон қабатын қорғау және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі өз міндеттемелерін нығайтуда 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев салқындату жөніндегі жаһандық міндеттемені орындауға арналған жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Іс-шара барысында Қазақстанның климаттық мақсаттарға қол жеткізу және озон қабатын қорғау жөніндегі негізгі қадамдары айтылды.Министрліктің Монреаль хаттамасына Кигали түзетуін ратификациялау жөніндегі жұмысы туралы ерекше атап өтілді.Монреаль хаттамасын орындау шеңберінде ел гидрофторкөміртектерге түгендеу жүргізеді және оларды кезең-кезеңімен қысқарту жоспарын әзірлейді, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресті күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887673
Қазақстан мен Сахалин көміртекті реттеу және климаттық күн тәртібі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады 22.11.2024
Екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Ресей Федерациясы Сахалин облысы Үкіметі төрағасының орынбасары В. В. Аленковпен кездесу өткізді.Кездесу барысында көміртекті реттеу жүйелерін құруда тәжірибе алмасудың негізгі мәселелері талқыланды. Екі тарап Климаттық саясатты жақсарту және экологиялық бастамаларды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Төмендегілерге ерекше назар аударылды:Халықаралық форумға шақыру: Сахалин облысы Қазақстан Республикасының делегациясын 2025 жылғы 15-16 мамырда Сахалинде өтетін БРИКС елдерінің халықаралық экологиялық-климаттық форумына шақыруды жоспарлап отыр. Форум тұрақты даму саласындағы идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды алаңға айналады.Сахалин облысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді жоспарлап отыр.Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы осындай құжатты әзірлеу үшін үлгі болып табылады.Кездесу соңында тараптар тұрақты болашақты қамтамасыз етуге бағытталған климаттық саладағы әріптестікті одан әрі дамытуға өзара қызығушылықты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887680
Сахалин климаттық эксперименті: нәтижелері мен, Қазақстанның үлесі 22.11.2024
21 қарашада СОР29 алаңында «Сахалин климаттық эксперименті: іске асыру нәтижелері және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары» панельдік сессиясы өтті.Сессия эксперименттің негізгі аспектілерін, соның ішінде декарбонизацияны, табиғи климаттық шешімдерді, көміртекті реттеу механизмдерін және көміртегі бірліктерінің саудасын талқылауға арналды. Тұрақты шешімдерді енгізуге бағытталған халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл маңызды екпін болды.Сессия спикері Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев болды. Өз баяндамасында ол Қазақстанның шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің (ШСЖ) жұмыс істеуі және оның көміртегі ізін азайтуға қосқан үлесі бойынша тәжірибесін ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887692
Қазақстан СОР29-да пластик қалдықтарын тұрақты басқару бойынша бастамалар көтерді 22.11.2024
CОР29 аясында Әзербайжан тарапы ұйымдастырған «Климаттық тұрақтылық үшін пластикалық қалдықтарды тиімді басқару: қиындықтарды түсіну және мүмкіндіктерді іздеу»тақырыбында іс-шара өтті. Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі М.Ошурбаев сөз сөйледі.Сөз сөйлеу барысында вице-министр пластик қалдықтары тек экологиялық ғана емес, сонымен қатар климаттық проблема болып табылатынын атап өтті. Пластикті өндіру, пайдалану және кәдеге жарату парниктік газдардың жоғары шығарындыларымен байланысты, бұл көміртегі ізіне айтарлықтай үлес қосады.Іс-шара барысында айналмалы экономиканы және қалдықтарды басқарудың инновациялық тәсілдерін енгізу үшін сектораралық ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/887718
INC-5 алдында тұрақты пластикалық шешімдерді қалыптастыру 22.11.2024
Inc-5 (Пусан, Корея) пластик туралы халықаралық-құқықтық шартты әзірлеу жөніндегі негізгі келіссөздер қарсаңында COP29-дағы QAZAQSTAN павильонында «Пластиктен жасалған өнімдердің дизайны: климаттың өзгеруі контекстіндегі орнықты даму үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты сайд-ивент өтті. Іс-шараны Орталық Азия үшін климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе ұйымдастырды.Құрметті спикерлер арасында Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев; Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жаһандық экологиялық мәселелер жөніндегі министрінің орынбасары Ютака Мацузава; және ЕО-ның климат және қоршаған орта мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Энтони Агота сөз сөйледі. Пластикалық ластанумен күресу жөніндегі үкіметаралық келіссөздер комитеті Хатшылығының Атқарушы хатшысы Джоти Матур-Филипп жаһандық келіссөздер шеңберінде пластиктің тұрақты дизайнының маңыздылығын атап өтіп, арнайы бейне хабарлама жіберді. Сондай-ақ, пластмассадан жасалған бұйымдардың дизайнын жақсарту бойынша өз идеялары мен шешімдерін Panasonic-тен Шоджи Кусумото (Жапония) және GRID-Arendal-дан (Норвегия) Наталья Скрипникова ұсынды.Сессия INC-5 қарсаңында пластмассаны басқарудың жаһандық күш-жігеріне құнды ұсыныстар бере отырып, инновациялық тәсілдерді, халықаралық ынтымақтастықты және айналмалы экономиканы ілгерілетуді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/888450
ҚАЗАҚСТАН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖОЮ ІСІНДЕ ДДҰ-НЫҢ ҮЗДІК ПРАКТИКАЛАР ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ДАЙЫН 22.11.2024
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ДДҰ инфекциялық аурулар, қоршаған орта және денсаулық бөлімінің директоры Робб Батлермен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстанда «Туберкулез індетін жоюға арналған ДДҰ үздік практикалар орталығының» ашылуын талқылады.Ел ДДҰ Еуропалық бюросының ұсыныстары мен жаһандық мақсаттарына жоғары міндеттеме көрсете отырып, туберкулезге қарсы күресте айтарлықтай ілгерілеушілік көрсетуде. Сырқаттанушылық пен өлім деңгейі төмендейді, бұл осы инфекцияны диагностикалау, емдеудің және профилактиканың ең жақсы стандарттарын енгізу арқылы жүзеге асырылады.Ведомство басшысы Туберкулезді жою ісіндегі шешімді одан әрі нығайтуға, елдер арасында тәжірибе алмасуға, Орталық Азияда ғана емес, ДДҰ-ның Еуропалық өңірінде де диалог пен қызметті үйлестіруге ықпал ете отырып, Қазақстан орталық ашу үшін ең жақсы алаң болатынына сенім білдірді.Кездесу Күн тәртібінде сондай-ақ, бүгін Астанада өтіп жатқан ДДҰ, БҰҰ, ЕО өкілдерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеті арқылы мүмкін болатын шешімдер» атты екінші әріптестер форумы талқыланды.Қазақстанның денсаулық сақтаудың негізгі бағыттары бойынша жетістіктерін атап өтіп, Робб Батлер мырза Арал өңірі саласындағы халықтың денсаулық көрсеткіштеріне әсер ететін экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі елдік бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді.Кездесудің соңында тараптар экологиялық факторлардың азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына әсер етуінің жағымсыз салдарын азайту мақсатында өзара іс-қимылды күшейтуге және стратегиялық тәсілдерді әзірлеуге келісті. Сондай-ақ, иммундау арқылы инфекциялардың профилактикасын нығайту мәселелерінде түсіністік пен қолдау табылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/887848
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өтті 22.11.2024
2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Абдразакқызы Ерсеитованың төрағалығымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мемлекеттік қызметшінің рөлі” тақырыбында семинар өткізілді.Семинарға арнайы спикер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева шақырылды. Ол өз баяндамасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, сыбайлас жемқорлық шектеулері, мүдделер қақтығысы, сондай-ақ заңнамадағы соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.Іс-шараға Әділет министрлігінің комитеттерінің, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Олар мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі мен жауапкершілігі туралы пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс салдары мен оны болдырмау жолдарын талқылады.Сонымен қатар, Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сайынқызы Сыдыкова сыбайлас жемқорлықпен күресуде әрбір мемлекеттік қызметшінің рөлі орасан зор екенін, ол үшін қызметшілер әрдайым адалдық, әділдік, ашықтық, парасаттылық және қарапайымдылық қағидаттарын ұстанулары міндетті екенін атап өтті.Әділет министрлігі әділдік, ашықтық және есептілік қағидаттарын негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша жұмыстарын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/888311
Қарағандылықтар грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен ҚР кубогында бес медаль жеңіп алды 22.11.2024
Таразда күрестің үш түрінен ауқымды чемпионат өтті. Қарағанды облысынан 29 спортшы қатысты.Біздің өңірден әйелдер күресінде 10 қыз өнер көрсетті. Олардың үшеуі медаль жеңіп алды. 59 келі салмақ дәрежесінде Гүлдана Бекеш алтынға ие болды. 59 және 75 келі салмақ дәрежесінде Зульфия Яхьярова мен Эльмира Сыздықова екі қола медаль жеңіп алды.Грек-рим күресінде аймақтың намысын 11 спортшы қорғады. Ибрагим Магомадов 77 кг салмақ дәрежесінде алтынға ие болды. Қарағандылық сегіз палуанның екеуі бесінші орынға ие болды.– Біз бұл нәтижені қанағаттанарлық деп санаймыз. Әрине, одан да жоғары нәтиже күттік, бірақ бұл кубокқа елдегі ең мықты спортшылар қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Қазақстан мен Азия чемпиондары да болды. Олимпиада чемпиондары мен Әлем чемпиондары ғана болған жоқ, – дейді "Дәулет" күрес түрлері бойынша ОРОБЖСМ басшысының міндетін атқарушы Сағадат Әбдікәрімов. Қазір Кубокта медаль жеңіп алған спортшылар қалпына келуі керек. Осыдан кейін оларды одан да қиын жаттығулар күтеді.– Алда 2025 жылы Қазақстан, одан кейін Азия және әлем чемпионаттары тұр. Біз дайындалып, жаңа жеңістерді күтеміз, – деді Сағадат Әбдікәрімов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886920
Қарағанды облысында жаңа спорт кешендері мен стадиондар салынады 22.11.2024
Қарағанды облысында спорттық инфрақұрылым дамып келеді. Қарағанды қаласының Көгілдір тоғандар ауданында 67 гектар аумақта ірі спорт кластері құрылатын болады. Мұнда 10 мың орындық жабық стадион мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді бассейні бар әмбебап спорт кешенін салу жоспарлануда.Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 9 айдағы жұмыс қорытындылары және одан әрі жоспарлары туралы басшының м. а. Рустам Қожабеков айтып берді.– Сегіз ірі спорт нысаны салынуда. Оның ішінде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені – Абай ауданының Топар кентінде және Бұқар Жырау ауданының Қарақұдық ауылында пайдалануға берілді. Бірден бірнеше елді мекендерде: Ақтас, Сарышаған, Ғ. Мұстафин атындағы кентте, Приозерск қаласында. Қарқаралыда стадион салынуда, – деді Рустам Қожабеков.Инфрақұрылымды жақсарту үшін "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша Қарағайлы кентінде 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.Биыл облыста жасанды жабыны бар 42 спорт алаңы және 8 көпфункционалды хоккей корты орнатылды.Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жүзу, жеңіл атлетика, боча, арба теннисі, 5x5 футбол және бадминтон секциялары ашылды."Арт-спорт" бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Биыл оған спорттың 23 түрінен 9 мыңға жуық бала қатысты. 2025 жылы қаржыландыруды ұлғайту жоспарлануда, бұл бағдарламаны кеңейтуге және 10 200 баланы қамтуға мүмкіндік береді.Рустам Қожабеков қарағандылық спортшылардың жетістіктері туралы да хабарлады. Бүгінгі таңда ұлттық құраманың құрамына 1145 адам кіреді. Жарысқа қатысу қорытындысы бойынша спортшылар 14 687 медаль жеңіп алды, оның 4693-і алтын.– Облыстың жетекші спортшыларын ынталандыру үшін ай сайынғы ақшалай қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда бұл қолдауды спорттың 30 түрінен 178 спортшы алады. Сондай-ақ спортшыларға жоғары спорттық жетістіктері үшін облыс әкімінің сыйлығы төленеді, – деді Рустам Қожабеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886770
Бір күнде Астанадан жүк көліктерімен 1600-ден астам рейс қар шығарылды 22.11.2024
Қар тазалығы бойынша коммуналдық қызметтер тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.20 қараша күні түстен кейін қар тазалау жұмыстарына 800-ден астам арнайы техника, сондай-ақ 300-ден астам жол жұмысшысы тартылды.20 қараша күні қар полигондарына 1648 рейс, 22 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 44 мыңнан астам рейс, 525 мың текше метр қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887245
Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді 22.11.2024
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.Қатысушылар арасында «Nova Цинк» ЖШС және «Экспресс Трейд» ЖШС өкілдері, сондай-ақ «Aurum International Holdings Ltd.» шетелдік инвесторлары болды. Азаматтар минералдық-шикізат базасын дамыту, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу және келісім-шарттар бойынша сұрақтар қойды.Вице-министр қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ қатысқандары мен айтқан ұсыныстары үшін алғысын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/887171
COP29-да климатты қорғау және тиімділікті арттыру үшін ауыл шаруашылығындағы метан қалдықтарын азайту тақырыбы талқыланды 22.11.2024
Бакуде БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында аграрлық сектордағы метан қалдықтарын азайтуға арналған арнайы іс-шара өтті. Оны Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының байланыс және серіктестік бюросы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырды. Іс-шараның тақырыбы «Ауыл шаруашылығындағы Метан: қалдықтарды азайту және тиімділікті арттыру» болды.Метанның — жаһандық жылынудағы үлесі, климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (КӨЖҮТ) мәліметтері бойынша, орташа жаһандық температураның ағымдағы көтерілуінен шамамен 0,5°C құрайды. Агроазық-түлік секторы күйіс қайыратын малдың энтеральды ашытуымен және органикалық қалдықтардың анаэробты ыдырауымен байланысты метан қалдықтарының едәуір мөлшерін шығарады. Бұл процестерді түсіну және оларды азайту климаттың өзгеруімен күресудің және ауыл шаруашылығының экологиялық тұрақтылығын сақтаудың негізгі қадамдары болып табылады.Іс-шарада Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдардың министрліктерінің өкілдері өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы метан қалдықтарын азайтудың озық әдістері мен технологияларын талқылады. Ауыл шаруашылығы секторындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ең жаңа жемшөп қоспалары, көңді өңдеу әдістері және басқа да инновациялық шешімдер басты назарда. Сонымен қатар, қатысушылар табысты халықаралық жобаларды қарастырып, экономикалық тиімді және экологиялық тұрақты әдістерді енгізу бойынша тәжірибе алмасады.Іс-шараның негізгі мақсаттары ауыл шаруашылығындағы метан қалдықтарын азайту технологиялары мен шешімдерін талқылау, инновациялық әдістерді енгізудің экономикалық және экологиялық пайдасын бағалау, ауыл шаруашылығының экологиялық және тұрақты міндеттерін шешу үшін өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа өңірлерде тиімді шараларды бейімдеу үшін халықаралық тәжірибе алмасу болды.ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстан Париж келісімі және жаһандық метан бастамасы сияқты халықаралық келісімдермен расталған ұлттық Климаттық мақсаттары шеңберінде метан қалдықтарын азайтуға ұмтылатынын атап өтті. Метан қалдықтарын азайту елдің климаттық мақсаттарына жету стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.ФАО-ның Табиғи ресурстар жөніндегі аға маманы Марсиаль Берну, ФАО метан қалдықтарын бақылаудың кешенді құралдарын әзірлегенін хабарлады, мысалы, мал шаруашылығын экологиялық бағалаудың жаһандық моделі және жақсартылған азықтандыру стратегияларын, көңді басқаруды және қалдықтарды төмен белгілерге негізделген селекцияны қоса алғанда, мал шаруашылығынан метанды азайту тәжірибесін насихаттайды.Бұл іс-шара Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі мемлекеттік, ғылыми және іскер қауымдастықтардың өзара іс-қимылы үшін маңызды платформаға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/887194
Азаматтық авиация ұйымдарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды 22.11.2024
ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Алпамыс Камалов Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұйымдастырған кеңеске қатысты.Кеңесте авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тергеу жүргізу бөлігінде азаматтық авиация ұйымдарының уәкілетті органмен өзара іс-қимылының негізгі мәселелері талқыланды. Кеңеске сондай-ақ еліміздің барлық авиациялық компанияларының, әуежайлардың, ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері қатысты.Кеңес барысында авиациялық оқиғаларды тергеуге, осындай оқиғалар туралы уақытылы хабарлауға және ақпаратты жасыруға жол бермеуге байланысты мәселелер талқыланды. Алпамыс Камалов тергеу процесінде ашықтық пен айқындықтың маңыздылығын атап өтті.Авиациялық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиғалар туралы барлық ақпараттың уақытылы берілуі және тергеулер барынша объективтілікпен жүргізілуі өте маңызды. Авиаторлардың міндеті-оқиғалардың себептерін анықтап қана қоймай, болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау.Тергеу нәтижелері бойынша есептерді толтырудың дұрыстығына және әрбір тергеу аяқталғаннан кейін ұсынылуы тиіс түзету іс-қимыл жоспарын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Мамандардың біліктілігін арттыруға және тергеу жүргізу сапасын жақсартуға бағытталған ИКАО халықаралық ұйымының тәжірибесін қоса алғанда, заманауи әдістемелер қаралды.Сонымен қатар, отандық және шетелдік әріптестер арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ авиация саласының барлық қатысушыларының дайындық деңгейін арттыру үшін тұрақты тренингтер мен семинарлар өткізу мәселелері талқыланды.Жиналыста авиациялық инциденттер мен оқиғаларды тиімді басқару және алдын алу үшін азаматтық авиация қауіпсіздігіне кешенді көзқарастың және мемлекеттік органдар мен авиациялық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.ТЖМ «Қазавиақұтқару» баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887089