Enbekshi QazaQ

Қуқық

Сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаларды қайта бекіту туралы 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаны белгілеу туралы бұйрықтың қолданылуын тоннасына 45 158 теңге деңгейінде ұзарту туралы НҚА жобасын жариялағанын хабарлаймыз. Бұйрық жобасына сәйкес шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/887548
Қазақстан мен Ресей мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастықты жалғастырады 22.11.2024
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) қолданылуын ұзарту (қайта бастау) рәсімдері жүргізілуде.Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісім аясында бажсыз жеткізу жағдайында ресейлік мұнай өнімдерін импорттау мүмкіндігі бар.Осыған байланысты Келісімнің қолданылуын қайта бастау туралы хаттамаға қол қоюға Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы дайындалды (2024 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін).Келісім жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/887631
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 574,8 млрд теңге төленді 22.11.2024
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 508,3 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 66,5 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 542,2 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 177,9 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 99,9 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 66,3 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 7%-ға артты.Мысалы, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңгені құрайды.2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 59 256 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 63 743 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/887374
А. Сарбасов БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысты 22.11.2024
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Әзербайжанда өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының бірқатар сессияларына қатысты. Іс-шарада климаттың өзгеруі жағдайындағы инклюзивтілік және гендерлік теңдік мәселелері, сондай-ақ экологияны қорғау үшін үкіметтер, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қабылдаған шаралар талқыланды.Ақмәди Сарбасов баяндамасында климаттың өзгеруі тек экологиялық ғана емес, сонымен бірге жүйелі тәсілді қажет ететін әлеуметтік проблема екенін атап өтті.«Климаттың өзгеруі – бұл жалпыға әсер ететін және кешенді тәсілді қажет ететін әлеуметтік сынақ. Экологиялық тұрақтылық экономика мен қоғамның тұрақты дамуымен тығыз байланысты, бұл халықтың барлық топтарының қатысуы мен күш-жігерін талап етеді», – деп атап өтті ол.Бірінші вице-министр Қазақстанда іске асырылып жатқан кешенді шаралар туралы, оның ішінде 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы, Экологиялық және Әлеуметтік кодекстердің ережелері, Инвестициялық саясат тұжырымдамасы және қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі айтты.А. Сарбасов гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аударды.«Әйелдер жұмыс орындарын жоғалту тәуекелінің жоғарылауына тап болады, өйткені экологиялық өзгерістермен байланысты тұрақты энергетика және құрылыс мамандықтары негізінен ерлер кәсібіне бағытталған. Біздің климаттық шараларымыз қазір бар теңсіздікті ушықтырмау үшін инклюзивтілік пен гендерлік теңдік қағидаттарын ескеруі керек, бұл ретте керісінше, әйелдер мен басқа да осал топтардың экологиялық өзгермелілікке тең қатысуы үшін жағдай жасалуы тиіс», – деп атап өтті ол.Бірінші вице-министр сонымен бірге осы экологиялық өзгерістерге байланысты жұмысынан немесе табысынан айырылуы мүмкін адамдар үшін кедейлік және әлеуметтік оқшаулануды болдырмауға қабілетті болатындай әлеуметтік қорғау жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Әлеуметтік қорғау бағдарламалары адамдардың жаңа экономикаға енуіне көмектесетін қайта даярлау және бейімделу мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Олар жұмыскерлердің жаңа жұмыс орындарына ауысуын қолдап әрі қауіпсіздігін де қамтамасыз етуі тиіс.А. Сарбасов тиімді құрал ретінде – «Электрондық еңбек биржасын» мысалға келтірді, ол жұмыс іздеу және кадрларды іріктеу мүмкіндігі бар жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.Сөз соңында бірінші вице-министр еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын арттырудың, сапалы жұмыс орындарын құрудың және процестің барлық қатысушылары арасындағы әлеуметтік диалогты нығайтудың маңыздылығын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/887787
2025 жылғы 1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді 22.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/887881
Қызылорда облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 1200-ден астам объект бейімделген 22.11.2024
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысында 1 248 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық жасалған «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Amanat» партиясының жол картасына сәйкес интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу жоспарлануда. Жыл сайын нысандардың 20% бейімделеді:2023 жылы – 20%;2024 жылы – 40%;2025 жылы – 60%;2026 жылы – 80%;2027 жылы – 100%.Қазіргі уақытта ел бойынша 20 849 объект толығымен бейімделген. Қызылорда облысында 2024 жылы 948 нысанды бейімдеу жоспарланған болатын, алайда өңір жоспарды асыра орындады: 1248 нысанға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:- денсаулық сақтау объектілері – 128;- білім беру объектілері – 586;- мәдениет нысандары – 117;- сауда және қызмет көрсету объектілері – 31;- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 250;- спорт нысандары – 19;- көлік инфрақұрылымы объектілері – 11;- қоғамдық тамақтандыру, сауда, қызмет көрсетуді ұйымдастыру – 92;- әлеуметтік қорғау объектілері – 8;- басқалары – 6.«Мен күн сайын Қызылордадағы дүкен, дәріхана, аурухана сияқты өзге де түрлі әлеуметтік маңызы бар мекемелерге барамын. Мен үшін олардың қол жетімді болуы маңызды. Қазір көптеген нысандар кресло-арбалардағы адамдарға арналған көтергіштермен, арнайы қызмет көрсету аймақтарымен жабдықталған. Жаңа ғимараттар халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып салынуда, пандустармен, тұтқалармен, лифттермен және тактильді белгілермен жабдықталып жатыр. Жұмыс істеп тұрған нысандардың иелері оларды қол жетімді ету үшін өзгерістер енгізетінін бөлек атап өтемін. Біз сондай-ақ кәсіпкерлерге өз ұсыныстарымызды да жеткіземіз. Мысалы, «Отбасы банк» АҚ филиалында көтергіш құрылғы орнатылған, ол маған бөгде адамның көмегінсіз жүруге мүмкіндік береді. Мен жиі баратын Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бағыттаушы жолақтар, белгілер және көмек көрсететін қызметкерлер де қарастырылған. Бұл өте ыңғайлы», – деп бөлісті бірінші топтағы мүгедектігі бар Сағатбек Сиюов.Бұдан басқа, биыл мемлекеттік бақылау шеңберінде ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 104 тексеру жүргізді. Оның ішінде: профилактикалық бақылау шеңберінде 39 тексеру, жоспардан тыс 6 тексеру, прокуратураның талабы бойынша 59 тексеру болды.Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 31 ұйғарым беріліп, 6,4 млн теңгеден астам сомаға 53 әкімшілік айыппұл салынды.Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпастан жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/888264
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына қатысуда 22.11.2024
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрі Кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына қатысуда. Құрама команда 1 ер адам мен 9 әйел адамнан жасақталған. Турнир 2024 жылғы 21-23 қараша аралығында Астана қаласы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтуде.Мұндай деңгейдегі сайыс Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтіп жатыр. 15 елден 200-ден астам спортшы қатысуда. Әлем кубогын ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы. Спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетуде.ҚР ТЖМ құрамасы ерлер арасында 67 кг салмақ дәрежесінде және әйелдер арасында 48-ден 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін болады. Команда құрамында қоян-қолтық ұрыстан әлем, Азия және Еуропа жүлдегерлері мен чемпиондары бар.Спортшыларымызға сәтті өнер көрсетулерін тілейміз! ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887636
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды 22.11.2024
Сауд Арабиясының Эр–Рияд қаласында 17-21 қараша аралығында өткен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының XXV халықаралық конференциясы аяқталды.Конференция барысында жарыстарды өткізу ережесіндегі маңызды өзгерістер, сондай-ақ төрешілер корпусын таңдаудағы жаңа тәсілдер талқыланды. Кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында судьяларды даярлауға, оларды оқытуға және сертификаттауға ерекше назар аударылды. 2025 жылы халықаралық жарыстар мен әлем чемпионаттарын өткізу үшін бас төрешілер комиссиясы бекітілді.Сонымен қатар Эр–Рияд қаласының 2025 жылғы қазан айының соңында ерлер арасында ХХ әлем чемпионатын және әйелдер арасында өрт-құтқару спортынан ХІ әлем чемпионатын өткізуге дайындығы расталды. Ұйымдастырушылар қатысушылар мен көрермендер үшін инфрақұрылымды, қауіпсіздік пен жайлылықты жақсарту жоспарларын ұсынды. Эр-Рияд позитивті имидж құру және іс-шараға халықаралық назар аудару үшін белсенді жұмыс істейді.Естеріңізге сала кетейік, конференцияға 19 елден өрт–құтқару қызметтерінің, өрт–құтқару спорты қауымдастықтары мен федерацияларының басшылары қатысты. Қазақстан ТЖМ атынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов және Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаев қатысты. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887710
ТЖМ құтқарушылары тұрғын үй секторында профилактикалық жұмысты жалғастыруда 22.11.2024
ТЖМ аумақтық бөлімшелер тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінуде, 3957 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы тұрады. Жыл ішінде өрт қауіпсіздігіне арналған екі айлық ұйымдастырылды. Алдын алу іс-шаралары аясында құтқарушылар 12 586 тұрғын үйді аралап, 27 689 адамға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізді, сондай-ақ 3516 тұрғынның қатысуымен 293 жиын ұйымдастырылды.2024 жылдың 1 маусымынан бастап әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне 1722 датчик орнатылды. 6-14 қараша аралығында Сарысу, Талас және Жуалы аудандарында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылып, пештер тазаланды. Тұрғын үй секторында халыққа жадынамалар таратылып, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар берілді.«Цифрландыру мақсатында ТЖД адамдар көп жиналатын орындарда QR-кодтарды орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осы QR-кодтарды сканерлеу арқылы тұрғындар әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерімен таныса алады», - ТЖД бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков атап өтті.ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы қайғылы оқиғалардың алдын алып, адамдардың өмірін сақтап қалуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887945
Ақмола облысы ТЖД-да ТЖ вице-министрінің қатысуымен кеңес өткізілді 22.11.2024
Көкшетауға жұмыс сапары аясында ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов Ақмола облысы ТЖД-да өткен жұмыс кеңесіне қатысты. Іс-шара барысында су тасқынына дайындық және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу мәселелері көтерілді.Вице-министр ВКС режимінде су тасқынына бейім аудандарда жүргізілген жұмыс туралы ТЖД аумақтық бөлімшелерін тыңдады. Бұдан өзге су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыру, қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу қажеттігін атап өтіп, материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерін қозғады.Сонымен қатар кеңес барысында вице-министр департамент басқармалары мен қызметтерінің басшыларын тыңдады. Кеңес қорытындысы бойынша ол бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/887953
«Қыс-2024» РКШОЖ бірінші күні 22.11.2024
2024 жылғы 21 қарашада барлық өңірлерінде «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.Оқу-жаттығудың жедел штабы Ақмола облысы Көкшетау қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың басшысы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.С. Нұрпейісов.«Қыс-2024» РКШОЖ-ның бірінші кезеңі сағат 08:00-де басталды. «Дабыл-1001» сигналы бойынша азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштері, ТЖМ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдері мен бөлімшелері дайындыққа келтірілді.Көкшетау қ. «Болашақ сарайында» мемлекеттік органдардан, республикалық оқу-жаттығу штабы мүшелерінен құрылған жедел топтар жиналып, оларға қойылған міндеттер жеткізілді. Республикалық азаматтық қорғау қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдарға қиын қысқы жағдайларда жұмыс істеу үшін өздерінің авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының дайындығын тексеру міндеті қойылды.Республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияларымен бұдан әрі басқару тапсырмалары мен сигналдарын, іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратқа сұраныстар мен хабарламаларды беру үшін тұрақты байланыс орнатылды. Төтенше жағдайларды жою және бағынысты күштерге қолайсыз жағдай туындаған кездегі функционалдық міндеттерді орындауға тапсырма беру жөніндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды.Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде басқару органдарына «Қарғын–2002» басқару сигналы, дауылды ескерту және оқу-жаттығу тақырыбына байланысты тиісті кіріспе жеткізілді. Қалыптасқан жағдайды бағалау және төтенше жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау кезінде басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі пысықталды.Сонымен қатар оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888005
Қарағанды облысындағы «Қыс-2024» РКШОЖ 22.11.2024
Өңірдің авариялық-құтқару қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев тексерді.Оқу-жаттығу арнайы техниканы тексеруден басталды. Қарағандыдағы «Шахтер» стадионының сыртында полиция бөлімшелері, автомагистральдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жол ұйымдары, әскери-құтқару қызметтері және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері сап түзеді.Құтқарушылар қыста жұмыс істеуге 76 бірлік жоғары өтімді және инженерлік техника дайындады. Барлық жерүсті көліктері, вахталық автомобильдер тартылатын болады. ТЖ және облыстық Азаматтық қорғау қызметтері департаментінің автопаркі жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жаңартылып отырады. Жақында үш жоғары өтімді көлік – жол талғамайтын, батпақта жүре алатын арнайы техника сатып алынды.«Қазір барлық құрылымдардың дайындығына тексеру жүргізілуде: ТЖ департаменті, полиция, Ұлттық ұлан, барлық аудандар мен қалалар әкімдіктері, жол қызметтері. Біз құтқару жұмыстарына 5 мыңнан астам адам мен мыңнан астам техниканы тарта аламыз», – дейді ТЖ департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев.Қарағанды облысында ұзындығы 574 шақырым болатын 590 қарлы учаске күшейтілген бақылауға алынды. Сондай-ақ, 19 жылыту пункті мен 6 трассалық медициналық-құтқару пунктінің жұмысы ұйымдастырылды. ТЖ жағдайында жол бойындағы сервистің 300-ден астам нысаны тартылатын болады.Оқу жаттығулары Теміртау маңындағы трассада да ұйымдастырылды. Мұнда құтқарушылар далада қалып қойған автобустан адамдарды құтқару кезінде іс-әрекеттерді пысықтады, сондай-ақ жоғалған адамды іздестірді.Өңірде барлығы 26-дан астам тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді, онда далалық басқару пунктінің жұмысы көрсетілді: штабтар, медициналық пункттер, тамақтану, жылыту және психологиялық көмек пункттері орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888059
Қызылорда өңіріндегі «Қыс-2024» РКШОЖ 22.11.2024
2024 жылғы 21 қарашада Қызылорда қаласында «Сол жағалау» шағын ауданында «Болашақ» саптық қарау өткізілді және облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексерілді. Іс-шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.Сонымен бірге «Қорқыт Ата» атындағы әуежай маңында оқу-жаттығудың практикалық кезеңі өткізілді. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде шартты жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық әуежайдың маңында автокөлігі мен маркалы автобусының соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама Департаментке келіп түсті. Соның салдарынан оқиға орнында көлік кептелісі пайда болды. Сонымен бірге жеңіл автокөліктің жүргізушісі апат салдарынан қысылып қалған және жарақат алған. Автобустың ішіндегі жолаушыларға зақым келді. Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау және оқиға орнын қоршау жұмысын жүргізді. Зардап шегушілерді жедел құтқару жасағының құтқарушылары көліктен шығарып, Апаттар медицина орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауыр жарақат алған жолаушыларды жедел жәрдем қызметінің мамандары ауруханаға жеткізді. Кептелісте қалған жолаушылар арнайы автобуспен жылыту пункттеріне жеткізілді. Ыстық тамақпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Ал, екінші кезеңде «Қорқыт Ата» әуежайының маңында іздеу-құтқару жұмысы жүргізілді. Департаменттің Жоспарлау және жедел басқару орталығына «Қорқыт Ата» әуежайының маңында екі адам мал іздеп шығып, хабар-ошарсыз кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Ауа-райы күрт салқындап, қалың қар жауды. Аталған хабарламаға сәйкес шұғыл іздеу-құтқару тобы құрылды. «Қазавиақұтқару» АҚ-на тиесілі «Еврокоптер» тікұшағын пайдалана отырып, іздеу-құтқару жұмысы жүргізілді. Белгіленген орынға тікұшақ қонып, кинологиялық топтар мен құтқарушылар «квадроцикл» көлігімен екі бағытта іздеу-құтқару жұмысын жүргізді. ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімінің әскери қызметішлер де іздеу жұмысына белсене атсалысты. Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды дер кезінде тапты. Табылған адамдарға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шегушілерді тікұшақты пайдалана отырып, «Қорқыт Ата» әуежайына жеткізді. Апаттар медицинасы орталығының филиалының бригадасы және «Қызыл Ай» қоғамының қызметкерлері зардап шегушілерді ауруханаға жатқызды.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығына баға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888096
Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару операцияларын сәтті жүргізді 22.11.2024
21 қараша күні таңертең Алматы облысы Балқаш ауданы Қараой ауылының маңындағы Балқаш көлінде 1980 және 1999 жылдары туған екі балықшыны іздеді, олар қайықпен балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кетті. Қарағанды облысы ТЖД күштері күндіз жоғалып кеткен адамдарды тапты, олармен бірге екі ит те құтқарылды.Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында ТЖД, ПД, ЖАО, жергілікті тұрғындар, волонтерлер күштері 1963 жылы туған «Текебаев» шаруа қожалығының қызметкері іздестірілді, ол 20 қарашада таңертең мал жаюға шығып, жоғалып кетті. 21 қараша күні таңертең ашық аумақта «Сүгірәлі» қыстағынан 3 км қашықтықта жоғалып кеткен адам медициналық көмекке мұқтаж емес.Қызылорда облысының Сырдария ауданында ТЖД және туыстарының күштері 1955 және 1969 жылдары туған екі ер адамды іздеді, олар 18 қарашада Түркістан облысынан жүк көлігімен Ұлытау облысына мал іздеп шығып, жете алмаған. 21 қараша күні таңертең жоғалып кеткен адамдар Қызылорда қаласынан 245 км жерде табылды, автокөлік сынған, медициналық көмекке мұқтаж емес.22 қараша күні таңертең Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кентінің 40 км ТЖД күштері 4 адамды тауып, қар құрсауынан эвакуациялады. Олар 21 қараша күні түстен кейін жеңіл автокөлікпен мал іздеуге шығып, автокөлік балшыққа батып қалды.ТЖМ қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін, балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа-райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888349
Батыс өңірі жаңа құтқару техникалармен толықты 22.11.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы аумақтық бөлімшелердің жұмысының тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлуде. ТЖД автопарктері адам өмірін құтқару, төтенше жағдайларға ден қою мен жоюға арналған арнайы техникалармен толығуда.Мәселен алты доңғалақты жүзетін жол талғамайтын Трэкол-39294 көлігі сатып алынып, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының иелігіне берілді. Жол талғамайтын көлік төтенше жағдайларда авариялық-құтқару және іздестіру және су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін толық жолсыз жерлерде, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау үшін белсенді қолданылады.Арнайы жабдықталған жол талғамайтын автомобильдер төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қиын жағдайларда жұмыс істеу үшін арнайы жабдықталған жол талғамайтын көліктер төтенше жағдайларға тезірек әрекет етуге мүмкіндік береді. Өңірді техникамен жабдықтау кезінде жылдың төрт мезгілі, географиялық, климаттық жағдайлар және басқа да ерекшеліктер ескеріледі.Орталық және аумақтық бөлімшелер арасындағы тығыз және тиімді байланыс, сондай-ақ ТЖ-ға төтеп бере алу жұмыстың жоғары стандарттарын белгілеуге ықпал етіп, азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.Орталық және аумақтық бөлімшелердің тығыз және тиімді байланысы, төтенше жағдайларға төзімділік, қайсарлық, талапшылдықтың қалыптасуына ықпал етеді, мұндай бірлескен жемісті жұмыс азаматтар қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.ТЖМ аумақтық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін құтқару техникасының әлемдік брендтерінің заманауи үлгілерін сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған осындай құтқару техникасы басқа облыстарға да бөлінетін болады.Материалдық-техникалық базаны дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын барынша азайту саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдығын айғақтайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888365
Елорданың шұғыл қызметтері қысқы кезеңге дайындалуда 22.11.2024
Елордада қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға шұғыл ден қою қызметтерінің Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Арнайы қызмет өкілдері де шеберліктерін көрсетті.Оқу-жаттығу аясында республикалық штабтың кіріспе және шешімдерін пысықтау үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен қалалық жедел штаб жұмысын бастады.Тактикалық жоспарға сәйкес, астананың азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесінің күштері мен құралдары жерасты жылу трассасының учаскесінде ыстық судың ағуы орын алған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ жерасты сымдарының тұтануы орын алған электр қосалқы станциясындағы аварияларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, өрт сөндірушілер осы өртті жою бойынша жұмыс жасады.Кейін «Астана-Көкшетау» жолаушылар рейстік автобусында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Медицина мамандары үсік алған жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан соң құтқарушылар көмек іздеуге шығып, қар құрсауында адасып кеткен жүргізуші мен жолаушылардың бірін табу үшін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге көмекке асықты. Жоғалған азаматтарды іздеу үшін жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебі тартылды.«Барлық практикалық іс-шаралар РКШОЖ өткізу жоспарына сәйкес пысықталды. Бұл оқу-жаттығулар нақты ТЖ кезінде қызметтің өз іс-әрекеттерін қалай пысықтайтынын көрсетті. Жаттығулар нақты жағдайда өтті. Қорытындылай келе, Астана қаласы бойынша азаматтық қорғау жүйесі қысқы кезеңге және қойылған міндеттерді орындауға дайын деп айтуға болады», – деп атап өтті Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Еркін Кашканов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888441
Дүниежүзілік балалар күнінде балалар омбудсмендері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады 22.11.2024
Бүгін балалар омбудсмендерімен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заманауи сын-қатерлер» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шара Қазақстанның Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына орайластырылып, Дүниежүзілік балалар күніне арналған. Оған 50-ден астам балалар өкілдері, сондай-ақ балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қоры болып табылады.Кездесу үш тақырыптық блоктан тұрды, онда балалар негізгі мәселелер бойынша пікір білдіріп, шешу жолдарын ұсынды. Талқылау тақырыптары бала құқықтары, цифрлық әлемдегі қорғау және экологиялық мәселелерді қамтыды.ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева құттықтау сөз сөйледі. Ол балалардың әл-ауқаты Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылатынына назар аударды.«Балалардың құқықтарын қорғау - біздің ортақ міндетіміз. Әрбір баланың қолдау мен қамқорлықты сезініп, естуі өте маңызды. Балаларды тыңдауға мүмкіндік беретін тұғырнамаға айналған балалар өкілдіктері институтының құрылуы кездейсоқтық емес. Бүгін біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуда: балалар омбудсмендері қызметінің жаңа кезеңі басталып, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің жұмысы жандануда. Біздің ортақ міндетіміз - балалардың игілігі үшін күш біріктіру. Сіздер әр аймақта балалардың мүдделерін білдіріп, олардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету бойынша ересектерге көмекші боласыздар», - деп атап өтті бірінші вице-министр.Тараптар жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың маңыздылығын талқылады, сондай-ақ олардың дағдылары мен білімдерін дамыту үшін тренингтер ұйымдастырылды.«Біз бүгінгі диалогқа қатысқанымыз үшін шын қуаныштымыз. Балалардың өз идеялары мен көзқарасы бар, әр баланың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуы тиіс», - деді Астана қаласының балалар омбудсмені Руслан Захаренко.Бүгінде Қазақстанда 6,8 млн бала бар. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі балалардың өмір сүру сапасының халықаралық стандарттарына қол жеткізу. Бала құқықтары туралы конвенция қабылданғаннан кейінгі 30 жыл ішінде айтарлықтай оң өзгерістер орын алды. 2020 жылы әрбір өңірде оқушылардан құралатын балалар өкілдіктері құрылды, сондай-ақ балалардың мүдделерін жергілікті деңгейде неғұрлым тиімді есепке алу үшін бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл мәртебесі бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/887517
Қазақстанда Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылады 22.11.2024
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Астанада ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталық ашылады.Ұлттық құзыреттілік орталығы бизнес пен білім беру ұйымдары арасында диалог алаңының рөлін атқарады, сондай-ақ студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлау, сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын арттыру жөніндегі бірыңғай жаттығу базасына айналады.«Мемлекет басшысының келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы еліміз үшін техникалық және кәсіптік білім берудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оның ішінде Ұлттық құзыреттілік орталығының ашылуы жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен білім сапасын арттыру жөніндегі стратегияны жүзеге асырудағы негізгі қадам. Орталық ұлттық құраманың әлемдік WorldSkills чемпионаттарына дайындалатын базасына айналады, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруда басты аймақтық база болады. Сондай-ақ ол жұмыс берушілер мен кадрларды даярлау жүйесінің арасындағы ынтымақтастықты арттырады», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев WorldSkills Kazakhstan – 2024 чемпионатының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде.Атап өту керек, мұндай орталықтар Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінде табысты жүзеге асырылып, жоғары білікті кадрлар даярлауда өзінің тиімділігін дәлелдеді. Әлемде WorldSkills қозғалысы - жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың басты құралы болып табылады. Халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық құрамасы еліміздің намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/887530
Ғани Бейсембаев жеке мектептердің педагогтерімен кездесті 22.11.2024
Оқу-ағарту министрі жеке орта білім беру ұйымдарының І республикалық конференциясы алаңында педагогикалық ұжымдармен, жеке мектептер қауымдастығының басшыларымен және өкілдерімен кездесті.Ғани Бейсембаев конференцияда сөйлеген сөзінде мемлекет тарапынан білім беру ұйымдарына меншік нысанына қарамастан жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап айтты. Мәселен, тек биылғы жылдың өзінде 250 мың бала білім алатын жеке мектептерге бюджеттен 161 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.«Тағы бір маңызды қадамды айта кетуіміз керек. Мәжілісте бүгінгі таңда Үкіметтің бастамашылық етуімен заң жобасы қаралып жатыр, онда жеке мектептерде білім алатын әлеуметтік осал отбасы балаларына мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету туралы норма бар. Бұл дегеніміз, жеке мектептерде оқитын балаларға да жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен қажетті оқу-құралдарын алуға қаржылай қолдау көрсетіледі және олар тегін ыстық тамақтандырумен қамтылады. Бұл мемлекеттің жеке секторға қолдау көрсетуінің айқын дәлелі бола алады. Білім беру ұйымдарының меншік түріне қарамастан басты міндеті – еліміздің сапалы адами капиталын қалыптастыру. Әрбір бала сапалы білім алып, қауіпсіз әрі жайлы ортада дамуы керек», - деді министр.Елімізде 8 мыңнан астам мектепте 3,9 млн бала білім алып жатыр. Мемлекеттің қолдауының арқасында соңғы үш жылда жеке мектептердің саны 3 есе артты. Бүгінде 800-ден астам жекеменшік мектепте 250 мыңнан астам бала оқуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/887586
Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті 22.11.2024
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті. Кездесу барысында министр Астана мен Ыстанбұл арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/888252