Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан карбондық егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы COP29-да ұсынды 22.11.2024
Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында Қазақстан карбондық егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы көтерді.Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы шеңберінде өткен климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлемдік көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығына көшудің маңыздылығын атап өтті.Мемлекет басшысы 200 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар Қазақстан «көміртекті егіншілікті», яғни қалдықтардың шығуын азайтуға және топырақ сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аграрлық өндірістің әдістерін енгізу үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті және мүдделі тараптарды елдің осы саладағы әлеуетін зерделеуге шақырды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов «Қазақстандағы карбондық егіншілік: әлеуетін ашу» тақырыбындағы сайд-ивент барысында карбондық егіншілікті ілгерілетуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.«Қазақстанда карбондық егіншілікті дамыту жаңа технологияларды ғана емес, сондай - ақ заңнамалық пысықтауды талап етеді», - деп атап өтті Мұрат Теміржанов.Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанда көміртекті егіншілікті енгізу перспективаларын талқылап, Қазақстанның көміртекті егіншілік әдістерін енгізу бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екенін қорытындылады. Бұл елдің технологиялық құрылымын жаңартуға және көптеген жұмыс орындарын құру үшін ықпалын тигізуі мүмкін.Іс-шараны Министрлік ФАО-мен бірлесіп Қазақстан павильонында ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/886528
XI республикалық «Ақберен» оқушылар арасындағы өнер байқауы аяқталды 22.11.2024
XI республикалық «Ақберен» 8-11(12) сынып оқушылары арасындағы өнер байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі.Оқушылар халық аспаптарын меңгеру шеберлігі, шешендік өнер, білім сайысы, эссе жазу, айтыскер ақындар сайысы, сондай-ақ поэзия байқауында бақ сынасты.««Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең шығармашыл және дарынды оқушыларының басын қосады. Бұл тек өнер жарысы ғана емес, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берудің жарқын үлгісі», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Гаждембек Тұрсынов.Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 66 қатысушы жеңіске жетті және олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар «Ең үздік команда» номинациясында І дәрежелі дипломға Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары, Абай атындағы мектеп-интернаты ие болды. Сондай-ақ Павлодар облысы мен Астана қаласы ІІ орынды, ал Абай, Алматы және Жамбыл облыстары ІІІ орынды иеленді.Атап өту керек, бүгінгі күні елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға және қолдауға белсенді түрде жағдай жасалып келеді. Мәселен, зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары беріледі, түрлі олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдауға квота бөлінеді, сондай-ақ халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/886513
Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда 22.11.2024
Жетісу облысында себілген 13,7 мың гектар қант қызылшасының бүгінгі күні 11,5 мың гектары, немесе 83,7% қазылып, 545 мың тонна өнім алынды. Қалған 2,2 мың га алқаптарда жиын-терін жұмыстары жалғасуда, қызылшаны қазуға 80 комбайн жұмылдырылған, Ақсу және Көксу қант зауыттары күн сайын орта есеппен өнім тиелген 250 автокөлікті қабылдауда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 18 қарашадағы мәліметіне қарағанда, қант зауыттарына 445 мың тонна өнім өткізілген. Соның 212 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 233 мың тоннасы Ақсу зауытына, оның сыртында Ақсу қант зауытына 29 мың тонна Жамбыл облысынан жеткізілген. Қазылған қант қызылшаның 100 мың тоннасы шаруашылықтардың егістік алқаптарында буртта жинақталған, қазылатын 2,2 мың гектардан 95 мың тонна қызылша жиналады. Жалпы облыс бойынша жиналатын қызылшаның көлемі 640 мың тоннаға жеткізіледі деп күтілуде.- Қант қызылшасына берілетін субсидия көлемі ұлғайтылған соң бұл дақылды өсірудің табыстылығы да өсіп, шаруалардың қызығушылығы артты, сөйтіп биылға жоспарланған 10,7 мың гектардың орнына 13,7 мың гектарға, яғни 3,0 мың гектарға артық себілді. Шаруалардың өсірген өнімін дер кезінде қазып алып, зауыттарға өткізуі аса маңызды. Сондықтан өнімді жинау және қабылдау15 қыркүйектен басталды. Қазір екі зауыт бекітілген кестеге сәйкес күнделікті жалпы 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдап отыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.Қызылша өткізуге кезекте тұрған көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасау үшін оларға ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Бұл іске зауыттар орналасқан Көксу, Ақсу аудандарымен қатар қызылша өсіруші барлық аудан-қалалардың жергілікті атқарушы органдары да атсалысып жатыр. Егін шаруашылығына, оның ішінде қант қызылшасының өндірісіне мемлекет тарапынан жан жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, биыл облыста егін шаруашылығы бағытына жалпы 14 млрд. теңге бөлінді, соның 9,7 млрд. теңгесі басым дақылдарды субсидиялауға, 2,6 млрд. теңгесі минералды тыңайтқыштарды, 1,2 млрд. теңгеге жуығы тұқымдарды, 483 млн. теңгеге жуығы пестицидтерді субсидиялауға қарастырылды. Сол сияқты көктемгі дала және өнімді жинау жұмыстарына 11 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен қант қызылшасы бағытында5 ауданда жаңа 8 сервистік-дайындау орталығын құруға 2,5 млрд. теңге бөлініп, 62 бірлік себу және өнімді жинау техникасы шаруашылықтарға лизингке берілді, соның 28-і сепкіш, 15-і - жапырақ жинағыш машина, 19-ы - комбайн.Бүгінгі күнге қант зауыттары шаруашылықтарға қабылдаған қызылшаға 3,3 млрд. теңге төледі, оның ішінде Көксу қант зауыты – 1,4 млрд. теңге, Ақсу қант зауыты – 1,9 млрд. теңге. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан шаруашылықтардан түскен 160 өтінім бойынша 3,1 млрд. теңге субсидия төленді. Зауыттардың шаруалармен есеп айырысуы мен өткізілген өнімді субсидиялау шаралары шаруашылықтардың өтінімдерінің түсуіне қарай жалғасуда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/886453
Мамандықтан мансапқа: Қарағандыда жұмысшы мамандықтар форумы өтеді 22.11.2024
Қарағанды Жастар ресурстық орталығы 22 қарашада қала жастарын кәсіпкерлер, кәсіптік бағдар берушілер және кәсіпорын басшылары қатысатын жұмысшы мамандықтар форумына шақырады.Кездесу бағдарламасы:- 11:00-ден 13:00-ге дейін секциялық отырыстар өтеді. Онда шақырылған сарапшылар өзекті тақырыптарды талқылайды;- 14:00-ден 16:00-ге дейін – бос орындар жәрмеңкесі және жас кәсіпкерлердің жетістіктері көрмесі.Форум қорытындысын пленарлық отырыста қорытындылайды, онда табысты кәсіпкерлер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, соның ішінде "Natige" ЖШС директоры Еран Әшім, "Бемер Арматура" ЖШС Бас директоры Кефер Андреас, "STAR BUILDING" ЖШС негізін қалаушы Рудольф Сукут және "A.V.GROUP" ЖШС Саран тігін фабрикасының директоры Владимир Алескеров сөз сөйлейді. Олардың баяндамасының тақырыбы: "Мамандықтан мансапқа: табысқа жетудің алғашқы қадамдары", онда олар өз тәжірибелерімен бөліседі.Форум жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.Өтетін орны: № 2 оқушылар сарайы, 141-ші есеп кварталы, 690-құрылыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886451
Астанада 2 700-ге жуық жол жұмысшы мен 1300-ден астам арнайы техника қар мен мұзды күреуге шықты 22.11.2024
Елордада қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейді, күн сайын қаладан жүздеген жүк көлігі қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.20 қараша күні таңертең қала бойынша қар күреу және шығару жұмысына 2 700-ге жуық жол жұмысшы және 1 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.20 қарашаға қараған түні қар полигондарына 1289 жүк көлігі шығарылды, бұл 17,4 мың текше метрден асады.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 39 734 рейс арқылы 502 мың текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886437
Елордалық кинотеатрда есірткіге қарсы акция өткізілді 22.11.2024
Елорда кинотеатрларының бірінде «Астана – есірткісіз қала» ауқымды акциясы аясында келушілермен есірткі құралдарының зияны туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Есірткіге қарсы акция фильм көрсетілмес бұрын Keruen сауда ойын-сауық орталығының кинотеатрында өткізілді. Елордалық жастарға есірткінің зияны және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сондай-ақ келушілерге есірткі қылмысына қарсы күресті қолдау үшін футболкалар мен бейсболкалар таратылды.«Менің ойымша, акция мен фильмнің басты мәні - есірткі ешқашан жақсы нәрсеге әкелмейді, бұл сіздің болашағыңызды бұлыңғыр ететін теріс жол. Жеңіл ақша - бұл қайғылы салдарға әкеп соқтыратын уақытша эйфория», - деді кинотеатр қонағы Әмір Зікіриянов.Іс-шара Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886434
Белградта Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің келіссөздері өтті 22.11.2024
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың серб әріптесі Братислав Гашичпен ресми кездесуі барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Бағдарлама аясында қазақстандық делегация Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмелерімен танысты.Келіссөздер нәтижелері бойынша қорғаныс саласындағы екіжақты келісімге және 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886445
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР-да мұнай тасымалдау көлемі шамамен 57,8 млн тоннаны құрады 22.11.2024
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 57,8 млн тоннаны құрады.Тасымалданатын мұнайдың 26%-дан астамы немесе 15,1 млн тонна отандық МӨЗ-ге жеткізілді.Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы шамамен 46,3 млн.тонна мұнай тасымалданды.«Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен7,2 млн. тоннаны құрады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде Махачкала портының бағыты бойынша 1,6 млн.тонна мұнай жөнелтілді, «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағытында 1,2 млн. тонна жөнелтілді.«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының бағыты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалдау жүзеге асырылды.Сондай-ақ 10 айдың қорытындысы бойынша ҚР аумағы арқылы мұнай транзиті 8,4 млн.тоннаны құрады, оның ішінде Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша 8,2 млн. тонна, Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы 217 мың тонна мұнай.Қазақстандық мұнай Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және т.б. елдерге экспортталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/886440
2024 жылғы 1 қарашада 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді 22.11.2024
2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған.Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 қарашаға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 126 мың балаға 4,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/886488
Қауіпсіз үй: Қарағандыда 1830 түтін датчигі тегін орнатылды 22.11.2024
Қарағанды әкімдігі әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың – көпбалалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және басқалардың үйлері мен пәтерлеріне улы газ датчиктерін тегін орнатты. ТЖД-мен бірлесіп 1838 құрылғы орнатылды."Заманауи датчиктер ықшам, батареялармен жұмыс істейді және қабырғаға немесе төбеге оңай бекітіледі. Бұл құрылғылар ауадағы концентрацияның жоғарылауын тіркеп, белгі беріп, бөлмеден шығуға және уланудың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе түнде адамдар ұйықтап жатқанда және улану белгілерін байқамаған кезде өте маңызды. Көміртегі тотығының төмен дозалары да бас ауруын, бас айналуды және жүрек айнуын тудыруы мүмкін, ал жоғары дозалары ауыр улану мен өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе балалар мен қарт адамдар осал. Датчиктерді орнату арқылы сіз өзіңізді ғана емес, жақындарыңызға да қамқорлық жасай аласыз", – деп атап өтті әкімдікте.Жақын арада Қарағандыдағы жеке үйлерде осындай мыңға жуық датчик орнату жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886418
Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары: Тараптар алдағы уақытта екіжақты сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және жеткізілетін тауар түрлерін кеңейтуге ниетті екенін растады 22.11.2024
➤ Президенттердің айтуынша, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қорғаныс өнеркәсібі кешені, цифрландыру, телекоммуникация және аэроғарыш салаларындағы бірлескен ірі жобаларды ілгерілету үшін қажетті ресурс пен мүмкіндік бар.➤ Сондай-ақ көлік инфрақұрылымын әртараптандыру және өзара байланысты дамыту, атап айтқанда, Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейстерін ашу маңызды екені айтылды.➤ Мемлекеттер басшылары білім, ғылым, денсаулық сақтау, туризм, жасанды интеллектіні енгізу бағыттарындағы өзара іс-қимылды жолға қою мәселесін талқылады.➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич сапар аясында қол қойылған екіжақты құжаттар қазақ-серб ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге жан-жақты ықпал ететініне сенім білдірді.Келіссөздерден кейін мемлекеттер басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өттіҚазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында төмендегідей құжаттарға қол қойылды:1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау туралы келісім;2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикаcының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистика басқармасы арасындағы өзара саудада статистикалық деректер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;9. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;10. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының Халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886416
Жеке тұлғаларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудан босату жөнінде 22.11.2024
Бүгінде үш кезең шеңберінде Жалпыға бірдей декларациялау жүйесімен 4 млн астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды, бұл шамамен 4,8 млн адам.Халықтың ыңғайлығы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылды. Айталық, (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкіметтің» веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile, Halyk, "Банк Центр кредит" және Kaspi"мобильді қосымшалары бүгінде көпшілікке қолжетімді.Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы жалғасады. Атап айтқанда, 4 кезеңде зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер және т.б. қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 млн адам.Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылып отыр.Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.Қаржы министрлігі шетелде активтері бар тұлғаларға, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр.Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25% астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек.Қосымша құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/886419
Өңделген өнім үлесін арттыру өте маңызды 20.11.2024
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау, ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мәселелері қаралды. Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте талқыланған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.«Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында алдағы 3 жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойды. Өңіріміздегі тауарлы сүт фермаларын, құс етін, жұмыртқа өндіретін фабрикаларды, мал бордақылау алаңдарын көбейтіп, агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыруымыз қажет.Елімізді Еуразияның негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде құру – Мемлекет басшысының негізгі басты ұстанымы. Облысымыздың бұл салада әлеуеті зор. Біздің өңіріміз арқылы халықаралық көлік және теміржол дәліздері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Транскаспий бағыттары» өтеді. Ауыл шаруашылығы, сауда-логистикалық әлеуетімізді барынша пайдалануымыз қажет. Одан бөлек, бақша, көкөніс өнімдерін де экспорттауға зор мүмкіндік бар. Логистика мен сақтау қоймалары жүйесін жетілдіріп, экспортталатын өнім түрлерін кеңейту керек», – деді Н.НәлібаевАйта кетейік, биыл 496 мың 400 тонна күріш жиналып, орта өнім гектарына 58 центнерден келді. Алдағы жылдың егісіне қажетті 21 мың 500 тонна тұқым құйылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 4 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су шығынын азайту үшін диқандар кейінгі жылдары күріш егістігінің 55 мың гектарын лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.Биыл 8 млрд. 800 млн. теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды. Күзгі егін жинау науқанына 4 440 техника қатысып, жұмыс мерзімінде аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/885991
Нұрдәулет Қилыбай Жетібай және Мұнайшы ауылдарына жұмыс сапарымен барды 19.11.2024
Бүгін, 19 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барып, Жетібай және Мұнайшы ауылдарындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.Облыс әкімі алдымен Мұнайшы ауылында салынып жатқан «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясын көрді. Қуаты 50 МВт болатын бұл станция 2025 жылдың ақпан айында іске қосылады деп жоспарланған. 45,5 гектар аумақты қамтитын жобада 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторы орнатылған. Компанияның құрылыс жөніндегі директоры Еркінжан Алахуновтың айтуынша, жобаның жалпы құны – 13,474 миллиард теңге, оның 30% компанияның жеке қаражаты, 70% қарыз қаражат. Құрылыс кезінде 120 адам, ал пайдалану кезеңінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.Осыдан кейін аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы Теміржолшы шағын ауданындағы тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі жағдайын көрді. 9 үйде барлығы 99 пәтер бар, оның 38-і бос тұр. Техникалық сараптама нәтижесінде үйлер апатты деп танылды. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тездетіп жаңа үйлер салу қажеттігін тапсырды.Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай Жетібай ауылында «Еділ суын тазарту станциясын қайта құрылымдау» жобасының іске асырылу барысын тексерді. 2025 жылы құрылысы басталатын жобада 2 шақырым су құбыры салынып, сағатына 260-300 текше метр су айдайтын жаңа модульдік станциялар орнатылады. Бұл қондырғылар Еділ суын тазартып, қажетті минералдар қосып, халыққа таза су ұсынуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, облыс әкімі Жетібай ауылдық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 2007 жылы пайдалануға берілген үш қабатты ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстарының 75%, сыртқы жұмыстарының 30% аяқталған. Жөндеу барысында ауруханаға лифт орнатылып, заманауи талаптарға сай жағдай жасалмақ. Нысанды толықтай аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.Сапар соңында аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы спорт кешенінің құрылысына барды. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған бұл ангар типті спорт залы көпфункционалды нысан ретінде жобаланған. 24х62 метр аумақты қамтитын кешен барлық спорт түрлеріне бейімделген. Мұнда киім ауыстыратын бөлме, душ, заманауи жабдықталған жаттығу залы және жаттықтырушылар бөлмесі қарастырылған. Жобаның 80%-ы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтіп, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886391
Нұрдәулет Қилыбай Мұнайшы, Жетібай ауылының ақсақалдарымен кездесті 19.11.2024
Бүгін, 19 қараша күні, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына барған жұмыс сапары аясында Мұнайшы, Жетібай ауылдарының аға буын өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты.Жиын барысында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өңірдің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде ақсақалдардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, экономиканы дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісті.Ашық әңгіме барысында аға буын өкілдері облыс әкіміне ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі замандағы ата аның рөлі, ғылым мен білім, спорт саласын дамыту, жастарды жұмыспен қамту, дәрігер жетіспеушілігі сынды ойларын ортаға салды.* Ауылымызда халыққа ең қажетті тоқ, газ, мектеп, емхана барлығы бар. Жағдайымыз жаман емес. Дегенмен, әр қоғамда жетістік пен кемшілік қатар жүреді. Ауылда дәрігер жетіспеушілігі, жаз мезгілінде егін суаратын су тапшылығы байқалады. Бұл мәселелерді қаперіңізге алып, алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймыз. Бүгін үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, ойларымен санасып, ақылдаса келгеніңізге дән ризамыз. Маңғыстауды дамытуға бар күш-жігеріңізді салатыныңызға мол сенім білдіреміз, - деді ауданның құрметті азаматы Мүсір Байесенов ақсақал.Кездесу соңында ауыл ақсақалдары облыс әкіміне табыс тілеп, алдағы ісіне сәттілік тіледі.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886399
Ақтөбеде су бұру арналарын салу жұмыстары аяқталуға жақын 19.11.2024
Жұмыстар қаланың бірнеше ауданында, соның ішінде қалалық сүт зауыты, «Көктем» тұрғын алабы және «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымдарында жүргізілуде. Облыс әкімі Асхат Шахаров жобалардың іске асырылу барысын тексеріп, олардың ағымдағы жағдайын бағамдады. Өңір басшысы екі шақырымдық каналдағы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын «Көктем» тұрғын алабында болды. «Кварц-Спецсервис» ЖШС мердігер ұйымы нысанды жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымындағы арнада төсеу бойынша жұмыстар - аяқталу сатысында. Оның ұзындығы - 1,5 шақырым.«Қазір біз арнаны бетондап жатырмыз. Ақжар т/а жағынан келетін су «Жаңа Қарғалы» бау-бақша ұжымындағы үйлердің шетімен өтіп, осы арна арқылы ағып кетеді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Келесі айда жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Каналдың ұзындығы - 1,5 шақырым. Оның 534 метрін біз бетондауымыз керек. Нысанда он бес адам жұмыс істейді», - деді «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС Бас директоры Темірлан Жаманқұлов. Ең ірі жоба – Елек көшесі мен қалалық сүт зауыты ауданы аумағынан жаңбыр мен еріген суды бұруға арналған нөсер кәріздерінің құрылысы. Каналдың ұзындығы 3,8 шақырым. Жобаның аяқталуы мерзімі келер жылға ауыстырылды. Облыс әкімі алдағы көктемгі су тасқынына тұрғындар алаңдаулы екенін алға тартты, сол себепті тұрғын алаптардың су басуына жол бермеу үшін жұмыстар сапалы орындалу қажеттігін және объектілерді мерзімінде аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/886400
Ербол Қарашөкеев су тасқыны кезеңіне дайындық шараларын күшейтуді тапсырды 19.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқанов баяндама жасады.Су тасқынының алдын алу мақсатында 1 039 шақырым канал, 1 615 шақырым арық, 406 су өткізу құрылғылары, 299 автомобиль және 115 теміржол көпірі тазартылды.Бұдан бөлек, облыс аумағындағы су қоймаларының жұмысына, оның ішінде шекаралас орналасқан «Шоң-Қақпа» (Киров) су қоймасына тұрақты зерделеу жүргізілуде.Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 27 шақырым канал мен арық-дренаж жүйелерін кеңейтіліп, 12 көпір күрделі жөндеуден өтті.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындай қалған кезде оның салдарын дер кезінде жою үшін 6 900 дана инертті материал, 16 140 тонна жанар-жағармай, 31 200 дана қаптың қоры құрылды.Халықты қабылдауға арналған 396 пункт, 32 шатыр, 890 төсек-орын, 460 кереует дайындалып, тамақтандыру бойынша 58 келісімшарт жасалған.Су тасқыны қаупі төнген кезеңде 1 138 адам, 781 бірлік техника, 112 су айдау құралы мен 2 ескекті қайық жұмылдырылады.Басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Қайрат Аманов, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев, Шу-Талас облысаралық бассейндік инспекциясының басшысы Талғат Ибраев сөз сөйледі.Тараз қаласы мен аудан әкімдері су тасқыны кезеңіне дайындық барысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.Облыс әкімі бұған дейін болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан сабақ алып, су басу қаупі бар елді мекендерді жіті зерделеуді міндеттеді.– Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет. Апатты жағдайда іс-әрекет алгоритмі жүйелі түрде атқарылуы тиіс. Дегенмен, төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек!Әрбір стратегиялық нысан тұрақты бақылауда болып, апатты жағдайға жеткізбеу үшін қажетті шаралар дер кезінде қабылдануы қажет, – деген Ербол Қарашөкеев әкімдердің жеке жауапкершілігі барын есіне салып, салғырттыққа жол бермеуді ескертті.Аймақ басшысы гидротехникалық құрылыстарға жергілікті құлақтандыру жүйесін орнатуды, су қоймаларының толымдығына, өзендерге судың тасталу мөлшеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ көпірлерді, су өткізу құрылғыларын, арық-канал жүйелерін тазарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/886390
Қарағандылық құтқарушы кір тасын көтеруден Әлем Кубогында күміс медаль иеленді 19.11.2024
Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Роман Герасименко кір спортынан Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды. Бұл спортшының мансабындағы тағы бір жетістік.Кір тасын көтеру спорты бойынша Әлем кубогы Қытайда, Хайнинг қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 15 елінен 100-ден астам гір көтерушілер жинады. Турнирге қатысу үшін Молодежный кентінің № 28 өрт сөндіру бекетінің қызметкері Роман Герасименко алты ай дайындалды. Оның айтуынша, ол кез-келген бос минутында, үйде болсын, жұмыста болсын, жаттығуға арнаған. Нәтижесінде ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды.– Жеңіске сәл жетпей қалуыма бірнеше фактор әсер етті. Кір тасы барлық жерде әртүрлі, олардың материалы, пішіні. Сонымен қатар, жол ауыр болды. Сондай-ақ, ресейліктер бұл спортта бәрінен асып түседі. Олар өте байсалды қарсыластар, – дейді кір спортынан ҚР спорт шебері Роман Герасименко. – Бұл менің соңғы жарысым емес деп үміттенемін. Күш пен мүмкіндік болғанша, мен турнирлерге қатысуды жалғастырамын.Роман 17 жасында кір спортына қызығушылық таныта бастаған. Қазір ол 32 жаста. Республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды. Құтқарушы кір спортын күш, төзімділік пен мінездің тамаша үйлесімі деп санайды. Соңғы жылдары ол өзінің туған ауылының БЖСМ-де балаларды жаттықтыра отырып, өскелең ұрпақпен өз тәжірибесімен бөліседі.Белсенді спорттық мансабымен бір мезгілде Роман ТЖД-да жұмысын жалғастыруда. Ол жұмыс пен спорт тәртіп пен табандылықтың арқасында тамаша үйлеседі деп санайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886110
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі 19.11.2024
Даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр.Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886382
Jibek Joly турына қандай көрікті жерлер кіреді? 19.11.2024
Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орындарына қызықты саяхатқа шақырады.Түркістан (Қазақстан):🔺 Арыстан-Баб кесенесі.🔺 Ежелгі Отырар қаласының археологиялық қазбалары.🔺 «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны).🔺 «Керуен-сарай» туристік кешені.Ташкент (Өзбекстан):🔺 Хазрати-Имам кешені.🔺 Төле би кесенесі.🔺 Әмір Темір және Тәуелсіздік алаңы.🔺 «Навруз» этнографиялық паркі.Jasorat мемориалы және «Бақытты ана» ескерткіші.🔺 Magic City ойын-сауық саябағы.Jibek Joly туры – Орталық Азия мәдениетінің байлығын аша отырып, ежелгі өркениеттер мұрасы мен қазіргі заманды үйлесімді түрде біріктіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886385