Enbekshi QazaQ

Қуқық

ҚР ҰЭМ жанындағы жұмыс тобы кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады 19.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, бизнес және кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.Отырыс барысында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Дина Масанова БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын ұсынды, онда басты назар мемлекеттің адам құқықтарын қорғаудағы рөліне аударылады және жүргізілген ұлттық базалық бағалауға негізделген қолданыстағы қорғау тетіктерін жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.Іс-шараның күн тәртібінде сондай-ақ жұмыс орындарында адам құқықтарының бұзылуын болдырмау жөніндегі шаралар кешені, оның ішінде ағымдағы заңнамалық бастамалар мен оларды енгізу жөніндегі практикалық қадамдар қаралды. Қолданыстағы кедергілер анықталып, оларды жою үшін кәсіподақтармен тығыз ынтымақтастықты көздейтін бағыттар ұсынылды.Жұмыс тобының мүшелері заңнаманы жетілдіру әрі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын қорғауға бағытталған практикалық шараларды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұзушылықтардың алдын алу үшін қосымша бастамалар, сондай-ақ іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін бағалауға көмектесетін бақылау мен мониторинг тетіктері ұсынылды.Жұмыс тобы адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген қауіпсіз және әділ бизнес-ортаны құруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/886380
ФОРУМ АЛАҢЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСШЫЛАРЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 19.11.2024
Алматыда «Көшбасшылық және орнықты даму»денсаулық сақтау басшыларының IV республикалық форумы өтті, онда медицинаны болашақ дамыту, сала жұмысының тиімділігін арттыру үшін жаңа тәсілдер мен стратегиялар талқыланды.Форум әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшылар, практиктер мен денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілер қатысатын білім мен тәжірибе алмасудың бірегей платформасына айналды«Біз саладағы елеулі өзгерістердің алдында тұрмыз. Денсаулық сақтау жүйесі жаңа сын-қатерлерге дайын болуы үшін бізге тиімді басқару ғана емес, соныменқатар бізді көшбасшылық тұрақты және ұзақ мерзімді дамуға бағыттауға қабілетті көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру қажет.Денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылар - бұл шешім қабылдап қана қоймай, командаларды шабыттандырып, өсу мен даму үшін жағдай жасап, барлық азаматтар үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне ұмтылатындар»,-деп атап өтті бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиев.Форум барысында медицина қызметкерлерінің мәртебесін қолдаудағы, өзгерістерді басқарудағы, медициналық қызметтердің қолжетімділігіндегі, сондай-ақ мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау мекемелері арасындағы тиімді өзара іс-қимылдағы басшылардың рөліне ерекше назар аударылады.Форум қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға, оның басшыларының арасында көшбасшылықты нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында саланы орнықты дамытуға бағытталған стратегиялар мен шешімдер әзірленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/886369
Абай облысында күйші Секен Тұрысбектің концерті өтті 19.11.2024
Семейде Қазақстанның Халық әртісі, сазгер, күйші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбек пен «Ақ жауын» оркестрінің концерті өтті.Секен Тұрысбек – «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері. «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Күлтегін», «Көк бөрі» күйлері мен «Қоңыр қаз», «Шағала» сынды әндердің авторы. Күйшінің шығармалары ұлттық өнердің алтын қорына енген. Сазгер «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.Кеште «Ақ жауын» оркестрі өнер көрсетті. Қазақстан Жастар одағы мен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты атанған ұжым жұртшылыққа өз композицияларын ұсынды.Талантты өнерпаздар Бибігүл Қилымхан, Гүлнұр Саргизова мен Жігер Бертісовтің өнері көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды. Абай облысының жергілікті өнерпаздары да өз өнерін паш етті.Кешке облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, күйшіні құттықтап, құрмет көрсетті.«Әкенің қаны, ананың сүтімен бойыңызға дарып, сүйегіңізге сіңген күй құдірет Сізді еліне елеулі, халқына қалаулы етті. Қара домбыраңыздың шанағынан шыққан «Ақ жауын» мен «Дарабоз», «Ұлы Дала» мен көптің жүрегінен орын алған «Көңіл толқыны» талғамы биік тыңдарманның көңіл пернесін дөп басты. Дана халқымызда «Туған жерге туыңды тік» деген ұлағатты сөз бар. Жерлестеріңіз Сіздің туған еліңізге деген зор құрметіңізге шексіз алғысын білдіреді» деді аймақ басшысы.Салтанатты шарада белгілі кәсіпкер, меценат Талғат Сақан күйшіге автокөліктің сертификатын тапсырды.«Көлдей көңілдеріңізге, ықылас пейілдеріңізге, қошемет-құрметтеріңізге мың алғыс. Туған жерде өнер көрсету, өскен елдің құрметіне бөлену мен үшін үлкен мәртебе» деді Секен Тұрысбек.Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ұлттық өнерді дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін Секен Тұрысбекке «Қазақстанның Халық әртісі» құрметті атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/886371
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Роман Старовойттың екіжақты кездесуі өтті 19.11.2024
Кездесу барысында көлік ведомстволарының басшылары осы кезге дейін қол жеткізілген уағдаластықтар аясында көлік саласындағы өзара іс-қимылдың маңызын атап өтті.Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында екіжақты құжаттарға қол қою, халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту, ұшу географиясын кеңейту, жаңа көлік дәліздерін құруды зерттеу және т. б. мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, 110 млн тоннаны құраған елдер арасындағы теміржол және автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау көлемінің тұрақты деңгейі туралы сөз қозғалды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/886372
Жамбыл облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде 19.11.2024
Жамбыл облысында жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов хабарлады.Аталған басқарма басшысының айтуынша, жылыту маусымы ағымдағы жылдың 15 қазанынан басталды.Облыста 9 отын- энергетика кешені мен 593 автономды қазандық бар. Бүгінде 1 665 көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік маңызы бар 1 737 нысан жылумен қамтамасыз етілуде.Барлық жылу көздерінде температуралық режим сақталған.Отын - энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Аппаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет көрсетуде.Кәсіпорындардың резервтік отын қорында 1 240 тонна көмір, 10 893 тонна мазут бар.Өңірге 23 466 тонна әлеуметтік мазут бөлінген.Әлеуметтік нысандардың автономды қазандықтарының тұрақты жұмысы үшін 56 444 тонна көмір жеткізілді (жоспар 61,3 мың тонна).Ғалым Исақов Жаңатас, Қаратау қалаларындағы орталық қазандық пен мазут шаруашылығын қайта жаңғырту бойынша жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сонымен бірге жылыту маусымының өту барысына жүргізілген зерделеу қорытындыларына тоқталып, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Қордай, Шу аудандарындағы білім, денсаулық сақтау нысандарының қазандықтарынан кемшіліктер анықталғанын айтты.Басқосу барысында білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, денсаулық сақтау басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекболат Мұқанов баяндама жасады.Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен, сондай-ақ жылу өндіруші мекемелердің басшыларынан жеке-жеке есеп алынды.Ербол Қарашөкеев жылыту маусымы Мемлекет және Үкімет басшысының жеке бақылауында тұрғанын жауаптылардың есіне салып, бұл іске бей-жай қарамауды талап етті. Баяндамада айтылған кемшіліктерді 2 апта ішінде жедел жойып, қайта жаңғырту шараларын жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуін, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.Өңір басшысы төтенше жағдайлар департаментіне газдан, көмір түтінінен улану фактілеріне жіті көңіл бөліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/886252
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БОЙ КӨТЕРЕТІН СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 19.11.2024
Түркістанда бүгінде көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала көркін аша түсті. Осыған сәйкес құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткізілген мәжілісте сәулеттік жобалар таныстырылды. Өңір басшысы жаңа жобалардың барлығын өзінің бақылауында ұстайтынын жеткізді. Сонымен қатар әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс деді. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.Жиын барысында бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Оның қатарында Әкімшілік-іскерлік аумағынан медициналық орталық, Әлқожа ата көшесінен нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттардың үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар айналма тас жолы бойы жаяу жүргінші көпірі айналасын абаттандыру, жол қиылыстарын абаттандыру, Мәдени-рухани орталығына білім беру орталығы, Арбат ойын-сауық орталығы, ыстық су, Сауран қалашығын ашық аспан астындағы мұражай ретінде дамыту жобасы, Тұттыбұлақ, Ақмешіт үңгірін дамытудың жобасы, Екпінді, жол бойына орналасатын сервистік қызмет көрсету жобалары, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекеніне орналасатын жобалар, Арыстанбаб кесенесі және Отырар қалашығы маңын дамыту жобасы талқыланды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886046
ТҮРКІСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ 19.11.2024
Түркістанда «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ауылдық жерде дамытудағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» жобасы қорытындыланды. «Достық үйінде» өткен салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға арналған маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар облыстың дамуында шешуші рөл атқаратын жобаның жеңімпаздарын құттықтады.Алты ай көлемінде жүзеге асқан жоба Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы тарапынан ұйымдастырылған. Жоба барысында 17 аудан, қалаларды аралап, «Азаматтық қоғам тетіктері: Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық бақылау» мен «Әлеуметтік жоба дайындау дағдылары» тақырыптарында ҮЕҰ-дарға семинар-тренингтер өткізілді. Оған қоса, облыстың үкіметтік емес ұйымдардың қажеттіліктерін бағалау бойынша «Аналитикалық баяндама» мен «Жергілікті қауымдастықтың мәселелерін шешу бойынша қоғамдық қатысудың механизмдері» атты кітапша шығарылды.Шараға «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбекұлы, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктің президенті Инара Намазбаева қатысып, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуын тіледі. Шара барысында аталған жоба жеңімпаздарының жұмысы көпшілік назарына ұсынылып, арнайы марапатталды.Айта кетейік, облыс бойынша аталған жоба екі жылдан бері жүзеге асып келеді. Биыл аудан, қалалардың экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында грант алуға 22 адамнан өтінім түсіп, оның 12-сі үздік деп танылды. Олар 300 мың мен 1 млн теңге аралығында мемлекеттен қолдау алды. Үкіметтік емес ұйымдардың әл-ауқатын арттыру мақсатында, жалпы 7 миллион теңге көлемінде шағын гранттар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886049
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 50-ДЕН АСА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАНАЛУҒА БЕРІЛЕДІ 19.11.2024
Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда өзі жетекшілік ететін салалар бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілетін әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы пысықталды. Ең алдымен мердігерлерден сапалы әрі мерзімінде аяқталуын талап етті. Жауапты басқарма өкілдеріне материалдық-техникалық базамен және қажетті жабдықтармен толық қамтылуын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар жылу дұрыс қосылуы керектігін атап өтті.Білім беру саласы бойынша 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жақында Түркістан қаласында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қараша айында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.Денсаулық сақтау саласында 52 нысаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыстық бюджет есебінен 4 нысанның құрылысы жоспарланған. Бүгінде 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 1 нысан келесі жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша жақында «Самғау» орталығы пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айында 50 орындық мүгедектігі бар балаларға арналған орталық ашылады деп жоспарлануда.Айта кетейік, жалпы биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 500-ге жуық нысан құрылысын жүзеге асыру көзделген. Облыстық құрылыс басқармасы әкімшісі болып саналатын бұл нысандардың 100-ге жуығы ел игілігіне пайдалануға беріліп үлгерсе, жыл соңына дейін 300-ден аса нысан тапсырылады деп жоспарлануда. Ал қалғаны келес жылға өтпелі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886277
ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ 19.11.2024
Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған XXVIІІ халықаралық жарыс басталды. Еркін және әйелдер күресінен 2005-2007 жылы туған жастар арасындағы додаға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен қалаларынан 456 балуан келіп, боз кілем төрінде тартысқа толы белдесулер өткізуде.Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жарысқа қатысушы балуандарды және қонақтарды құттықтап, сәттілік тіледі.– Рухани шаһарда халықаралық күрес бәсекесі бастауын алды. 1996 жылдан бері 28-рет жалауы көтерілген жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда облысымызда еркін күрес спорт түрімен 5000-ға жуық бала мен жасөспірім айналысуда. Оларға 200-ден астам жаттықтырушы күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Аталған бағыттардағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, – деді Ертай Кенжебекұлы.Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері бүгінде әлемде қарқынды дамуда. Осы орайда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл халықаралық дода жастардың шеберліктерін арттыруға үлкен серпін береді.Тартысқа толы бәсекеде ұлдар 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтаса, қыздар 10 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайды. Халықаралық күрес 3 күнге жалғасады.Жарысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Халықаралық турнирдің басты мақсаты – жас балуандардың шеберлігін шыңдау, спортты дамыту.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886279
ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯНЫҢ КОНИЯ ҚАЛАСЫНА ІССАПАРМЕН БАРДЫ 19.11.2024
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған арнайы делегация Түркия Республикасына іссапармен барды. Арнайы топ Кония қаласының Қаратай ауданында болып, екі бауырластық меморандумына қол қойылды. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, шет елден инвестиция тарту, өндіріс орындарын құру және жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылды.Сонымен қатар делегация Конья қаласының Қаратай ауданында сауда және өнеркәсіп, іскерлік бизнес өкілдерімен жүздесіп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды.Іскерлік сапар барысында саурандық делегацияға экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер өндіріс орындарының технологияларын таныстырды. Алдағы уақытта меморандум негізінде екіжақты байланысты нығайтып, қант өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, жиһаз жасау және текстиль бағытында әріптестік орнату жайы талқыланды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886286
ТҮРКІСТАНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ 19.11.2024
Түркістан облысында АИТВ инфекциясына қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері облыстық «АИТВ-ның алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары өңір тұрғындарымен түрлі кездесулер мен акциялар ұйымдастырып, жұқпалы аурудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бұл жайында Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Бақытжан Жүзжасаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Облыс аумағында 2024 жылдың он айында 10 акция, 2 спорттық шара, 15 ашық есік күні өтті. Сонымен қатар, білім беру мекемелері мен мемлекеттік қызмет көрсету орындарында 25 семинар-тренинг, мединициналық мекемелер және әлеуметтік маңызы бар орындарда 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылды» – деді орталық басшысы.Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыста инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Жыл басынан бері өңірде АИТВ инфекциясына шалдыққан 96 жағдай тіркелген. Оның ішінде 4 азамат шетелдік. Орталық басшысының орынбасары Дәурен Рыскелдиев өткен жылдың 10 айында жұқпалы ауруға шалдыққан 107 жағдай анықталғанын жеткізді.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886288
ТҮРКІСТАН: БАҚ ӨКІЛДЕРІ КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ 19.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауымен «Кентау-Сервис» МКК-нің №5 Жылу энерго орталығындағы 6 қазандықты қайта құру жұмыстары жүргізілуде.Бүгін БАҚ өкілдеріне Кентау қаласындағы №5 Жылу энерго орталығына баспасөз туры ұйымдастырылды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов журналистерге жылу энерго орталығының қазіргі жәй-күйі туралы таныстырды.– Бұл жылу станциясы 1956 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Тозу деңгейі 85%-дан асқан. Алдыңғы жылдары тұрғын үйлер мен нысандарды жылытуда қиындықтар туындады. Осы жылы Үкімет қолдау көрсетіп, қазандықтардың құрылысына қаражат бөлінді. Сол уақыттан бастап күрделі жөндеу жұмыстарына кірістік. Орталықтағы 6 қазандықты жаңадан ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Дәл қазір жаңадан орнатылған 4 қазандық іске қосылған. 2 қазандық резервте тұр. Қаланы жылумен қамтамасыз етуге 4 қазандық жеткілікті. Қазіргі уақытта жылуды артығымен беріп жатырмыз. Сонымен қатар мұнда 10 МВт энергия өндіруді көздеп отырмыз. Бүгінде 5,5 МВт өндірілуде. Тұрғын үйлер мен нысандарды жытылуда ешқандай мәселе жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда, – деді Зұлпыхар Жолдасов.Биыл Кентау жылу энерго орталығында жобаға сәйкес 6 қазандықты қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 4 қазандықтағы жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 2 қазандықты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, 2 қазандықта ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Сонымен қатар ТГ- 6 турбогенераторын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, қорғау және қосу жүйелерін реттеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталмақ.Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері қаладағы тұрғын үйлерді аралап, пәтерлерге жылу берілу деңгейін бақылады.Айта кетейік, Кентау қаласында жылу 15 қарашадан бастап берілуде. Бүгінгі таңда орталықта екі ауысымда 150 адам жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886320
Экология балалар көзімен: Астанада ауқымды суреттер байқауы өтіп жатыр 19.11.2024
"Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық мектептерде 5-7 сынып оқушылары арасында "Экология балалардың көзімен" тақырыбында суреттер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Конкурсқа қатысушылар өз шығармашылығы арқылы Қазақстан экологиясының болашағы туралы идеялары мен көзқарастарын білдіре алады. Үздік жұмыстар қала мектептері оқушыларының еңбектері ұсынылатын қалалық кезеңге қатысады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталады."Экологиялық жоба аясында оқушылар арасында шығармашылық байқау өткізілді, оның мақсаты қоршаған орта үшін жауапкершілік сезімін нығайту болып саналады. Біз мектеп оқушыларында экологиялық сананы тәрбиелеуге ерекше назар аударамыз. Оларды тазалықты сақтау және халқымыздың дәстүрлерін зерделеу бойынша түрлі іс-шараларға белсенді тартамыз", - деді № 32 мектеп-гимназиялар директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бекайдар Шалахаев.Сонымен қатар мектеп байқауына жоғары сынып оқушылары қатысты. Мұндай бастама "Таза Қазақстан" жобасының мақсаттарын іске асыруға өскелең ұрпақты тартуға мүмкіндік береді."Елімізде экологияға көп көңіл бөлінгеніне қуаныштымын, бұл тұрақты даму үшін өте маңызды. Жоба экологияның маңыздылығын түсінуді шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мені қуантады. Мен өз жұмысымда "Таза Қазақстан" акциясына өз қолдауымды білдірдім”, - деді мектеп оқушысы әрі Конкурсқа қатысушы Станислав Вовченко өз әсерімен бөлісіп.Естеріңізге сала кетейік, "Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886001
Астанада «Aqyl Life» жобасы бойынша алғашқы кездесу өтті 19.11.2024
Елорда әкімдігінің «Астана жастары» ресурстық орталығы және қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастыруымен «Aqyl Life» жобасы аясында алғашқы кездесу өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Аталған жоба студенттердің интеллектің дамытуға, мәдени алмасуға және жастарды шабыттандыруға арналған алаң құруға бағытталған.Бұл іс-шаралар студенттерге шабыт беретін оқиғалармен танысуға және табысты әрі саналы өмір салтын ұстанған адамдардан құнды кеңестер алуға мүмкіндік береді.Бүгінгі кездесуге әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров пен күш сынасу экстримі бойынша әлемдік рекордсмен Сергей Цырульников қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып берді.«Бизнесте даму үшін жылына 50 кітап оқу керек. Соның арқасында адам өз саласында да жеке өмірде де әрдайым ақпараттық даму процесінде жүреді», - деді Эмин Әскеров.Ал Сергей Цырульников кез келген хоббиді монетизациялау арқасында бизнес бастауға болатынын айтты.Есірткі қылмысына және лудоманияға қарсы бағытталған жоба аясында кітап кездесулері, пікірсайыс турнирлері және интеллектуалдық ойындар өткізу жоспарға алынып отыр. Бұл іс-шаралар жастардың аналитикалық ойлауын, шешендік қабілетін және командалық рухын дамытуға ықпал етеді.«Жобаның басты мақсаты – жастарға зиянды әдеттерден алыс болудың және зияткерлік тұрғыдан дамудың маңыздылығын көрсету», - деді жоба ұйымдастырушылары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886039
Адвокаттар мен нотариустарға кандидаттарды аттестаттау: мемлекеттік қызметті қалай жылдам алуға болады 19.11.2024
Адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыруға үміткер қазақстандықтар аттестаттауға өтінім бере алады. Бұл рәсім туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдос Шамбылов айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Аттестаттауға өтінім беру енді толығымен цифрлық форматта eGov.kz порталы арқылы жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті кез келген ыңғайлы уақытта бере алады, сондай-ақ өзінің жеке кабинетінде өтініштің күйін бақылай алады.«Белгілі бір тәртіпке сәйкес, әлеуетті қатысушы аттестацияға жіберілу үшін портал арқылы электронды түрде өтініш беруі, сондай-ақ тиісті құжаттаманы ұсынуы қажет. Сертификаттау процесі ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, бірқатар кезеңді қамтиды. Құжаттарды тіркегеннен кейін Әділет департаменті жан-жақты тексеру жүргізіп, қабылданған өтініш туралы қатысушыға хабарлайды», - дейді спикер.Егер өтініш беруші аттестаттауға жіберілсе, онда ол өту күні, орны және уақыты туралы хабарлама алады, ол абоненттік нөмірге не әділет департаментінің порталындағы жеке кабинеті арқылы жіберіледі.Аттестаттау тестілеу операторының техникалық жабдықталған залдарында барлық белгіленген норма мен талапты сақтай отырып жүргізілетін болады.«Аттестаттау рәсімі заңнаманың теориялық білімін тексеруді де, практикалық тапсырмаларды да қамтиды. Бұл үміткерлердің нақты кәсіби қызметке дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы техникалық шешімдер нәтижелердің объективтілігіне күмән келтірмейді», - деп атап өтті Айдос Шамбылов.2024 жылы 640 қызметті алушы үшін аттестаттау өткізілді, оның 408-і – адвокаттық қызмет аясында, 232-сі нотариаттық қызмет аясында өткізілді. Спикер аттестаттаудың барлық кезеңінің ашықтығы және барлық кандидат үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету қоғамның құқық институттарына деген сенімін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886068
Таза Қазақстан: елордалық еріктілер астаналық қарттарға көмек көрсетіп жатыр 19.11.2024
«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, жалғызбасты қарт адамдардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалап, көмір түсіруге көмек көрсетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.Акцияға 20-дан астам ерікті қатысты.Жастар қарды тазалап, өз аулаларында зейнеткерлердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті. Кейбір үйлерде жастар көмірді сақтау орындарына тасымалдауға және алып тастауға көмектесті.«Менің атым Дэвид Шарипов. Мен жастар ресурстық орталығының волонтерімін. Бұл біз қатысқан алғашқы акция емес. «Таза Қазақстан» акциясы жастардың қызығушылығын кеңінен қамтыды. Бұл тек таза көшелер мен саябақтар жайында емес, сонымен қатар таза ниеттер мен игі істер туралы екенін түсінуіміз керек. Мемлекет басшысы волонтерлік қызметтің баға жетпес үлесі туралы бірнеше рет айтқан. Біздің жігіттер әрқашан Бірінші болып жауап береді және қажет болған жағдайда көмекке асығады. Елорданың мүмкіндігінше жас тұрғындары біздің еріктілеріміздің үлгісін ұстанып, осы асыл акцияға қосылғанын қалаймын», - деді өз әсерімен бөліскен волонтер.Еріктілер мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қарым-қатынас, өзара көмек және ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі деп санайды, бұл тұлғаның үйлесімді дамуы мен әлеуметтік бірлікті нығайту үшін өте маңызды. Жастарды осындай игі істерге тарту өркендеуге жол ашып, тұрақты әрі достық қоғам қалыптастыруға ықпал ететіні даусыз.«Қыс енді ғана басталды, қар аз жауған жоқ. Қарды өзімнің тазартуға шамам жоқ. Жарайсыңдар, балалар, өте уақтылы көмектесті. Осы балалар болмаса, жалғыз өзім не істер едім. Осындай балаларды тәрбиелеген ата-аналарына алғысым зор. Қар тазалауға көмектесетіндерін айтқан кезде қатты қуандық. Мұндай көлемде қар жауғанда қақпаны ашу қиын болады, бұрынғыдай күш-қуатымыз жоқ. Уақыттарын бөліп, бар күшін салып, көмектесіп жатқан балаларға көп рақмет. Бұл – біз үшін үлкен көмек», - деді Байқоңыр ауданының тұрғыны.Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына да көмектесіп жүр. Елорда үшін маңызды жұмысы кезінде еріктілер тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақ тарату акцияларын өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886308
Астанада қар полигондарына жарты миллион текше метрге жуық қар шығарылды 19.11.2024
Қыс мезгілінің басынан бастап елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын қар полигондарына ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.20 қарашаға қараған түнге көшелерді қар мен мұздан тазартуға 800-ден астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшы шықты.19 қарашадағы күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер қаладан 1 673 рейспен 21 мың текше метрден астам қар шығарды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 484 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 38 мыңға жуық ауыр жүк көлемін құрайды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886289
«Есірткіге жол жоқ»: Астана тұрғындары енді заң бұзушылықтар туралы қосымша арқылы хабарлай алады 19.11.2024
Есірткі граффити туралы 200-ден астам өтініш Астанадағы «Есірткіге жол жоқ» сервисі арқылы келіп түсті. Жыл басынан бері елордалық полиция департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында 1000-нан астам қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Есірткіге қарсы күресті күшейту үшін Астана қаласының полиция департаменті Астана қаласының тұрақты даму орталығымен бірлесіп, Smart Astana және E-knot қосымшалары алаңында іске қосылған «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық сервисін әзірледі.Сервис пайдаланушыға есірткі граффитиінің белгілері анықталған кезде екі рет басу арқылы жазудың фотосуретін жіберуге мүмкіндік береді, бұл ретте бағдарламаның өзі оның геолокациясын анықтайды және барлық деректерді Астана қаласының полиция департаментіне жібереді.Қызметті пайдалану және есірткі заттарының жарнамасы мен айналымына қарсы күресте көмек көрсету үшін келесі қадамдарды орындау қажет:1. App Store немесе Google Play арқылы «Smart Astana» қосымшасын орнатыңыз және тіркеуден өтіңіз.2. Негізгі беттегі қолданбада «Танымал» бөлімін таңдаңыз.3. «Есірткіге жолдама жіберу» бөліміне өтіңіз.4. Өтініш нысанын толтырыңыз: телефон нөмірін, Т.А. Ә., мекенжайын (көше, үй нөмірі), Өтініш мәтінін көрсетіңіз, сондай-ақ бұзушылықты тіркейтін фотосуреттерді немесе бейнематериалдарды тіркеңіз.5. Өтінішті жіберіңіз – ақпарат дереу қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін Астана қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің басқармасына автоматты түрде жіберіледі.Айта кету керек, барлық өтініш жедел өңделеді, ал әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңнамаға сәйкес ден қою шаралары қабылданады.Қолданба барлық IOS және Android пайдаланушыларына қолжетімді екенін ескеріңіз.Сервис жұмысының басынан бері бей-жай қарамайтын азаматтардан есірткі граффити туралы 212 хабарлама келіп түсті, бұғаттауға 200-ге жуық есірткі сайты жіберілді.Қала тұрғындарын «Есірткіге жол жоқ» сервисін белсенді пайдалануға және сол арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға жәрдемдесуге шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886358
Ақмола облысының әкімі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды 19.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығына орай ақмолалық филиалға барып, мемлекеттік қызметшілерге мотивациалық дәріс оқыды. «Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында атап өткендей, «мемлекеттік қызметшілер еліміздегі жүйелі өзгерістердің басты бағыттаушыларының бірі болып табылады». Сіздер – мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік аппараттың «іргетасы» болып табыласыздар. Бүгін мен сіздермен өңірдің жетістіктері және жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі басымдықтарымыз туралы бөліскім келеді», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.Облыс басшысы мемлекеттік қызметшінің әдептілік, жоғары моральдық жауапкершілік, еңбекқорлық және өзін-өзі жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын түсініп, өз елінің патриоты болуға тиіс. «Жұмысымыздың түпкілікті нәтижесінің критерийі азаматтар көріп, сезінуі тиіс нақты өзгерістер болуы қажет. Сондықтан Мемлекеттік басқарудың негізі ретінде адамға бағытталған жұмыс моделі алынды, өйткені бұл – кез келген мемлекеттік қызметшінің қызметіндегі басты қағида», - деді М.Ахметжанов.Кездесу соңында өңір басшысы тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметшінің қалыптасу жолындағы жеке тәжірибесімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/886357
«Трансформа» театрының 8-ші маусымы Almaty Creative Hub-та ашылады 19.11.2024
24 қараша күні сағат 19:00-де «Трансформа» театр кеңістігі жеті жылдық мерейтойына орай «Хит» қойылымын Марков көшесі 44 жаңа мекенжайында сахналайды.«Трансформа» мәдени кеңістігі өзінің сегізінші театр маусымын ашып, шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі жетекші қалалық бастама – Almaty Creative-пен ынтымақтастықтың арқасында мүмкіндіктері мен географияны кеңейтпек.«Мұндай ынтымақтастық тәуелсіз театр мен мемлекеттік сектордың өзара іс-қимылының маңызды прецеденті болып табылады. Бұл Алматы тұрғындары мен қонақтарын шабыттандыратын бірегей мәдени және білім беру бағдарламалары үшін платформа құра отырып, екі ұйымның ресурстары мен құзыреттерін біріктіруге мүмкіндік береді», – деді «Трансформа» театрының директоры Анна Суворова.Almaty Creative бас директорының м.а. Бақыт Елубаева ынтымақтастық қалалық шығармашылық ортаны дамытуға бағытталғанын атап өтті.«Біз мәдени бастамаларды қолдауға және тәуелсіз театрлардың жобаларын жаңа деңгейге көтеруге, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге тырысамыз. Almaty Creative Hub – бұл тұрғындар батыл және мағыналы жобаларды жүзеге асыра алатын эксперименттер мен ынтымақтастыққа арналған алаң», ― деді ол.Театрдың репертуарында айдың соңында импровизациялық спектакль көрсету және актерлік шеберлік курсын бастау жоспарланған.Аккредиттеу мәселесі бойынша: Анна - +7 707 493 00 49Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886278