Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматының Жетісу ауданында 2025 жылдың соңына қарай 97 шақырымнан астам жаңа инженерлік желілер салынады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының барысымен танысты.Бұрын бұл учаскеде магистральдық желілер болмаған. Кеңес заманында тұрғындар ұжымдық су құбырын тартып, кейін жеке желілерге қосылды. Құбырлардың кіші диаметріне және халық санының өсуіне байланысты қысым және сәйкесінше су тапшылығы болды. Пайдалану кезінде тозған құбыр жүктемелерге төтеп бере алмады, соның салдарынан жиі қысым әріісумен жабдықтауда үзілістер болды.Жетісу ауданында сумен жабдықтаудың және суды бұрудың жаңа желілерін салудың ауқымды құрылысы 2023 жылдың наурыз айында басталды. Жоба бойынша инженерлік желілердің жалпы ұзындығы-97,75 км: 25,7 км су құбыры және 72 км – кәріз желілері. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 30%-ды құрайды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.Сондай-ақ, жобада жолдың бүкіл ені бойынша 13 көшеде асфальт төсемді қалпына келтіру көзделген, оның 9-ы бойынша жұмыстар аяқталды: Таймыр, Мещерский, Шілдехана, Февральская, Обская, Феоктистов, Леонов, Быковский, Серіков. Боралдай және Октябрьская көшелері бойынша ұзындығы 1,5 км жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Логовая және Ермолова көшелерінде жүргізіледі.Жоба аяқталғаннан кейін 6 мыңға жуық абонент орталық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.Қала басшысы Жетісу ауданының әкіміне құрылыстың барысы мен сапасын бақылауды және жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ерболат Досаев бұл жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды әрі Жеісу ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883532
Алматыда осы демалыс күндері Жансүгіров – Сейфуллин қиылысындағы тоннельде қозғалыс ашылады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында жолайырықтың құрылыс қарқынымен танысты. Жобаны жүзеге асыру 2017 жылы басталған болатын, алайда 259 жер телімін сатып алу қажеттілігіне байланысты ұзаққа созылды. Соңғы жер телімі биыл мамыр айында босатылды. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылында көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу қарастырылған. Ал Жансүгіров көшесі бойынша көлік қозғалысы жер деңгейінде жүзеге асады. Сонымен қатар, 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және іргелес аумақты көгалдандыру жоспарланған. Қазір барлық бұрылыс жолға асфальтбетон жабыны төселіп, бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, сондай-ақ кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон жабын төсеу аяқталды. Демалыс күндері осы тоннельдер арқылы қозғалыс ашылып, ауа райы қолайлы болса уақытша жол таңбаларын сызу жоспарланған. Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, нысанды абаттандырумен бірге келесі жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Айта кету керек, жолайырық іске қосылғаннан кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15%-ға, Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20%-ға артады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883570
Әйтеке би ауданында 40-қа жуық отбасы желтоқсан айында үйлі болмақ 16.11.2024
Бұл отбасылар тұрғын үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұр. Ауданда жалпы саны 316 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, тұрғын үй саласындағы өзгерістерге тоқталды. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында екі қабатты сегіз пәтерлі жалға берілетін коммуналдық үйлер 2021 жылдан бері салынуда. 2023 жылдың қазан айында ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы Асхат Шахаров құрылысы ұзаққа созылған нысанды тез арада әрі сапалы түрде халық игілігіне беруді тапсырып, қатаң бақылауына алған еді. Аталған тапсырмаға сәйкес, аудан әкімдігі жобаға қайта өзгеріс енгізді. Биылғы жылы мердігер мекеме «Baspana Build» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда. Желтоқсан айында 16 пәтер иесі анықталып, кілттері табысталмақ.«Аталмыш жобаның құны – 298 млн теңгеден асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қазір толығымен аяқталуы жақын. Үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Дәулетияр Тоғызбаев. Аудан әкімінің айтуынша, бұдан бөлек Қарабұтақ ауылында екі пәтерлі 11 үй салынып жатыр. Бұл үйлердің де құрылысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Жалпы құны 327 млн теңгені құрайтын жоба аяқталған соң, тағы 22 ауыл тұрғыны баспаналы болмақ. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883565
Қанат Шарлапаев ірі қытайлық Xinjiang Lihua Co компаниясымен инвестициялық жобаны талқылады 16.11.2024
2024 жылғы 14 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың жетекшілігімен қытайлық «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd.» (Синцзянь Лихуа Групп) компаниясымен Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жобасын жүзеге асыру туралы кездесу өтті.Xinjiang Lihua (Group) Co. мақта өсіру және оны озық өңдеу саласындағы Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын мақта-матадан жіп пен маталар, дайын тоқыма бұйымдары сияқты жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.Жиынға Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, сондай-ақ қытайлық «K&K 86 LTD» компаниясының басшысы Сюй Цзе қатысты.Бірлескен жоба Түркістан облысындағы «TURAN» АЭА-да мақта-тоқыма кластерін құруды көздейді.Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады деп күтілуде және келесі нысандардың құрылысын қамтиды: ПВХ құбырларын шығаратын зауыт; тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт; мақта өңдейтін 2 зауыт; иіру фабрикасы; зығыр мата өндіру бойынша тоқыма фабрикасы; бояу және өңдеу зауыты; тігін фабрикасыЖобаның жалпы құны 180 млрд теңгені құрайды, толық іске асырылған кезде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Бүгінгі күні тамшылатып суару жүйесі орнатылып, 1120 га алқапқа егіс жұмыстары жүргізілді. Мақта өнімділігі 55 ц/га құрады. Иіру фабрикасының құрылысы басталды.Министр бұл жобаны жүзеге асырудың Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудағы маңыздылығын және оны қолдауға жан-жақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883579
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі кезеңге дайындық тексерілді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Балғабаев өңірдің халқы мен аумағын тасқын судан қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына баға берді,Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік инспектор төтенше жағдайлар және су ресурстары министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына бағалау жүргізді.Облыстың Қызылжар, Шал ақын, Тайынша аудандарын және Петропавл қаласының аралау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта қорғаныс құрылыстары мен қаптамаларды салу, нығайту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша басқа да іс-шаралар толық жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/883551
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ 16.11.2024
Түркістан өңірінде кәсіп ашқысы келетін инвесторларға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті инвестициялық штаб отырысын өткізіп, өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Әкім энергетика саласы, сүт өңдеу зауыты, тігін фабрикасы, медициналық бұйымдар өндірісі, мал бордақылау алаңы, кір жуатын ұнтақ, тұрмыстық химия өндірісін қолға алған инвесторлармен жұмыс барысын пысықтады.Инвестициялық штаб отырысында көрсетілетін жан-жақты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруына ықпал ететіні айтылды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.– Қағазбастылық дегенді доғару қажет. Инвесторлардың түрлі кедергілерге тап болуына жол берілмеу керек. Ол үшін әр әкім, басқарма басшылары тікелей жауапты екенін ескертемін. Әр инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қатаң бақылауда. Ешқандай тежеу болмауы керек. Электр энергиясы, газ бойынша мәселе туындаған жағдайда, шұғыл әрекет етіп, шешу қажет. Оны созбалаңға салудың өзі – сын. Аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласына басымдық беріледі. Тапсырма берілгенін күтіп отырмай, бастама көтеріп, дербес жұмыс істей біліңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Сондай-ақ Дархан Сатыбалды таныстырылған жаңа жобалардың маңыздылығына назар аударып, аудан басшылары мен жауапты сала басшыларына инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырды. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын еске салды.Түркістан облысында қазіргі уақытта өндірісті дамыту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Биыл жалпы құны 136,0 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылуда. Бүгінге күні 31 инвестициялық жоба іске қосылды.Импорттан тәуелділікті азайту үшін, Өндірістік паркте мемлекет тарапынан кәсіпорынға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын ғимарат ұсынылады. Өндірістік кешенде 39 ғимарат бой көтеруде. 10 кәсіпорын іске қосылды. Бұдан бөлек, өңірде 13 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда жұмыс бастап жатқан кәсіпорындар салықтан босатылады. Кедендік жеңілдіктер қарастырылған, инфрақұрылымы бар. Жалпы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ 139,4 млрд. теңгеге 29 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны жыл басынан 2 мыңға артып, бүгінде 208 мыңды құрады. Аталған салада 282 мың адам жұмыспен қамтылған. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірде жалпы құны 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, қазіргі уақытта текстиль кластерін құру және алюминий бұйымдарын шығару зауыты инвестициялық жобаларының құрылысы басталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883506
Астанада есірткі қылмысымен күресу үшін ақпараттық жүйе мен цифрлық карта іске қосылды 16.11.2024
Астанада «ESIRTKISIZ ELORDA — Дені сау ұрпақ» жобасы аясында өткен дөңгелек үстел барысында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін цифрлық құралдарды пайдалану мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстелді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен елордалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырды.Сонымен, есірткі қылмысының алдын алу тиімділігін арттыру үшін Esbol qory ақпараттық жүйені әзірледі. Қор басшысы және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Жандос Ақтаевтың айтуынша, ақпараттық жүйенің көмегімен соңғы 2,5 жылда 4000-нан астам есірткі сатушының әрекеті бұғатталды.«Мысалы, күмәнді жұмыс үшін жалақысы бар жарнамалар. Біздің модераторлар мұндай хабарландыруларды вирустық есірткі контентінің критерийлері бойынша тексереді», - деп түсіндірді Жандос Ақтаев.Сондай-ақ, осы жылдың жазында қор Астана үшін есірткі қылмысының цифрлық картасының пилоттық нұсқасын іске қосты. Айта кетерлігі, ұйым құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді.«Күдікті әрекеттерге куә болған кез келген адам картадағы орынды жасырын түрде белгілей алады. Бұл қылмысқа қарсы күресте азаматтық белсенділікті арттыруға көмектеседі», - деп түсіндірді қор басшысы.Қазақстанның Азаматтық альянсының директоры Мұрат Омашев өз кезегінде танымал әлеуметтік желілерде есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпаратты жариялаудың маңыздылығын атап өтті.«Адамдар ықтимал салдарларды түсінуі үшін есірткі бизнесіне қатысудың нәтижесін көрсету маңызды», - деді ол.Дөңгелек үстел соңында «Ренессанс» оңалту орталығының бағдарлама жетекшісі Талғат Асылғажин цифрлық құралдарды пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, есірткі, әсіресе синтетикалық препараттар белсенді қолданылатын аудандарды анықтау үшін сарқынды суларды талдаудың маңыздылығын атап өтті.«Синтетика ресми түрде есірткі арасында үшінші орында тұр. Дегенмен, менің ойымша, бұл одан да жиі кездеседі», — деп қосты ол.Іс-шара соңында қатысушылар есірткі қылмысының алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға кешенді көзқарас қалыптастыру үшін мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883442
Көкшетауда 500 орындық жаңа заманауи мектептің құрылысы басталды 16.11.2024
Көкшетауда 500 оқушыға арналған заманауи жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды. Жоба бизнестің әлеуметтік әріптестігі аясында «ҚазЦИНК» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылуда және облыс орталығы балаларының білім сапасын арттыруға бағытталған.Өңір басшысы өскелең ұрпақты оқыту үшін сапалы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.«Бұл мектептің салынуы – жай ғана жаңа нысан құрылысы емес, балалардың өсуі мен дамуына қажетті қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға жасалған қадам және ұлттық білім беру жүйесіне қосылған маңызды үлес. Бұған дейін «ҚазЦИНК» басшылығымен құрылыстың барлық егжей-тегжейлері талқыланып, бүгін құрылысқа бастау берілді. Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылауды жергілікті атқарушы органдар қоғам белсенділері және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады», - деп атап өтті М.Ахметжанов.Мердігер ұйымның өкілі Талғат Хамитовтың айтуынша, қазіргі уақытта шамамен 50 маман және қажетті құрылыс техникасы жұмылдырылған, дайындық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуда. Жаңа мектеп заманауи стандарттарға сай салынып, оқушы орындарының көбейтілген санына шақталған. Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, білім беру процесінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ғимаратты автономды түрде жылыту үшін блокты-модульді қазандық орнатылады.Жергілікті тұрғындар жаңа білім беру нысанының құрылысын қолдады. Мектептің жанында тұратын Елена Гаврилова өз пікірін білдірді.«Мен және менің балаларым №10 мектептің ескі ғимаратында оқыдық, ал енді оның орнына жаңа, заманауи мектептің салынатынына қуаныштымын. Мұнда біздің балаларымыз бен немерелеріміз білім алатын болады», - деді Е.Гаврилова.Еске сала кетейік, №10 мектепте оқушы орындарының жетіспеушілігіне байланысты оның орнына заманауи оқу орнын салу туралы шешім қабылданған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/883429
Үржар ауданында кезекте тұрғандарға жаңа екі пәтерлі үйдің кілті табысталды 16.11.2024
«Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Үржар ауданында ауқымды тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңа екі пәтерлі үйдің кілті Алтыншоқы және Қазымбет ауылдарындағы кезекте тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал санатының өкілдеріне берілді.Жалпы жоба аясында 12 елді мекенде 41 қос пәтерлі тұрғын үй салынуда. Құрылыс сапасына және жұмыстың уақытылы аяқталуына баса назар аударылуда.«Бүгін біз жаңа үйге көшіп келіп жатырмыз. Балаларым жылы, кең үйде өссе, лайықты білім алса деп армандайтынмын. Бұл - біздің отбасымыз үшін ерекше оқиға. Баспана алғандардың барлығын құттықтаймын. Үйімізде әрқашан жақсылық болсын», - деді Алтыншоқы ауылының тұрғыны, көп балалы ана Әйгерім Сағымбаева.Ұлттық жоба халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, болашақ ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883504
Биыл Түркістан облысында 332,5 мың гектар егістік жер сумен толық қамтамасыз етіліп, вегетациялық кезең сәтті аяқталды 16.11.2024
Биыл Түркістан облысында 332,5 мың гектар егістік жер сумен толық қамтамасыз етіліп, вегетациялық кезең сәтті аяқталды. Жалпы өңірде «Қазсушар» РМК-ға қарасты республикалық 18 су қойма, 11 су бөгеті және 104 дана магистралды канал бар.Толығырақ “Қазсушар”Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев “Өңірлік коммуникациялар қызметінің” баспасөз алаңында айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/883522
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Азия даму банкінің өкілдерімен кездесті 16.11.2024
ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил Азия даму банкінің (АДБ) атқарушы директоры Жюстин Диокно-Сикат ханыммен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамытудың жолдарын талқылады.Аталған кездесуде тараптар АДБ қызметінің перспективалары мен халықаралық қаржы институтының Қазақстандағы 2023-2027 жылдарға арналған елдік әріптестік стратегиясы аясындағы ынтымақтастықты нығайтудың басымдықтары талқыланды.Д. Диокно-Сикат банктің еліміздегі экономикалық реформаларды қолдауға дайын екенін, сондай-ақ консультативтік көмек көрсету мен Қазақстанда қолға алынған басымдыққа ие жобаларды одан әрі қаржыландыруға әзір екендерін айтты.Өз кезегінде Дәурен Маратұлы АДБ Қазақстан Республикасы үшін маңызды және стратегиялық серіктес болып саналатынын, сондай-ақ 2024 жылдың 7-8 қараша күндері Астанада өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясын бірлесіп ұйымдастырғаны үшін ризашылығын жеткізді. Бұл ретте АДБ-ның осы бағдарламасы 20 жылдан астам уақыт бойы халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестікте өткізіліп келетінін айта кетейік.Сонымен қатар кездесуге АДБ Қазақстандағы өкілдігінің директоры Утсава Кумар және аға экономист Генадий Рау қатысқанын атап өткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/883513
Қазақстан тұрақты ауыл шаруашылығы мен климаттық басқаруда көшбасшылық танытуда 16.11.2024
БҰҰ РКИК тараптарының 29-шы конференциясы (COP29) шеңберінде Qazaqstan павильонында аграрлық сектордағы көміртегі шығарындыларын өлшеудің және сертификаттаудың инновациялық әдістеріне арналған панельдік сессия өтті.Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Chapter Zero Kazakhstan коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған панельдік сессияға мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев іс — шараны аша отырып, регенеративті ауыл шаруашылығы-табиғи ресурстарды сақтау мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кілті екенін атап өтті.Тұрақты егіншілік саласындағы әлемдік сертификат беруші ARMEX компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Гүлнар Агиян Еcosystemic Regenerative Agriculture (ERA) инновациялық әдіснамасын ұсынды. Бұл әдістеме топырақтың құнарлылығын қалпына келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар көміртегі нарықтары арқылы экономикалық өсуге мүмкіндік береді. Озық экологиялық стандарттарға негізделген бұл әдістеме аграрлық сектор үшін тиімді шешім ретінде ұсынылды.Chapter Zero Kazakhstan Бас директоры Сәбит Мұханов сессияның негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстанның жаңартылған ұлттық айқындалған үлесі (NDC 3.0) шеңберінде іске асырылатын Қазақстандағы көміртекті жою саласындағы алғашқылардың бірі болып табылатын жобаны ұсыну екенін атап өтті. Бұл жоба көміртегі шығарындыларын едәуір төмендетуге және Қазақстанның азық-түлік егемендігін нығайтуға ықпал ететін болады.«Жасыл Даму» АҚ парниктік газдарды түгендеу департаментінің директоры Айман Есекина көміртегі шаруашылығын дамытудың маңыздылығы мен келешегін атап өтті, осы бағыттағы негізгі санаттарды, сондай-ақ көміртегі бірліктерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін ұсынды. Оның сөзін Қазақстандағы «Жолтаптық» көміртекті секвестрлеу жөніндегі алғашқы жобаны ұсына отырып, «Орнықты даму» Жер қоры ҮЕҰ-дан Алан Бесен толықтырды.Сессия тұрақты Ауыл шаруашылығы мен климаттық тұрақтылықты ілгерілету үшін мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы тығыз ынтымақтастыққа шақырумен аяқталды. Қазақстан инновацияларды, экологияны және экономикалық пайданы қалай табысты үйлестіруге болатынын көрсете отырып, регенеративті шешімдер саласында өңірлік көшбасшы болуға сенімді түрде барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883423
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ORMEX және Chapter Zero Kazakhstan арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі елдің ауыл шаруашылығы секторында көміртегі кредиттерін есептеудің халықаралық стандарттарын бейімдеу үшін FORMEX және Chapter Zero Kazakhstan-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.ОRMEX экожүйелік регенеративті егіншіліктің (ERA) инновациялық әдістемесін қолданады және көміртегі несиелерін есепке алу үшін блокчейнді қолданады. Бұл жоба Қазақстанның жаңартылған ұлттық айқындалған үлесі (NDC 3.0) шеңберінде іске асырылатын көміртекті жою саласындағы алғашқылардың бірі болады. Ол 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға қарай шығарындыларды 15% - ға азайту жөніндегі ұлттық мақсатқа айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде. Жоба көміртекті топырақта ұстап алуға және сақтауға мүмкіндік береді, бұл Қазақстанға ағымдағы міндеттемелер шеңберінде көміртегі шығарындыларын 25 миллион тоннаға азайту жөніндегі мақсатына жақындауға көмектеседі.«Бұл Меморандум климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуде сектораралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Тұрақтылықты ауыл шаруашылығына біріктіре отырып, біз Қазақстан үшін тұрақты болашаққа кепілдік бере отырып, басқа салалар мен өңірлер үшін үлгі жасай аламыз», - деп атап өтті Chapter Zero Kazakhstan Бас директоры Сәбит Мұханов.FORMEX әдіснамасын және климатты басқару саласындағы Chapter Zero Kazakhstan сараптамасын біріктіре отырып, бастама Қазақстанды регенеративті ауыл шаруашылығы және көміртекті басқару саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде орналастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883519
Абай қаласының мүгедектігі бар жандары халықаралық ән байқауында топ жарды 16.11.2024
Бес жыл бұрын Қарағанды облысының Абай қаласында "Бірлік" шығармашылық тобы құрылды. Онда мүгедектігі бар жандар бірікті. Осы жылдар ішінде олар облыста ғана емес, елімізде таныла бастады. Енді халықаралық деңгейді бағындырды. Топтың төрт мүшесі Түркия фестивалінде өнер көрсетіп, бас жүлде мен I дәрежелі дипломдарға ие болды.Кемерде IX Халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауы өтті. Әр түрлі елдерден келген 400-ге жуық әртіс шеберліктерін көрсетті. Қазақстан атынан Абай қаласының әншілері – Корлан Бажиева, Хамит Достахин, Мұрат Сұлтан, Айымгүл Қуанғанқызы қатысты. Түркияға сапарға Абай аудандық әкімдігі мен демеушілер қаржылай қолдау көрсетті.Байқау ережесі бойынша әр үміткер халықтық және заманауи екі ән ұсынған.Корлан Бажиева "Вокалдық ән" аталымында бас жүлде жеңіп алды. Ол "Хәләулім-ай" және "Әриайдай" халық әндерін орындады. Әділ қазылар алқасы оның өнеріне жоғары баға беріпті. Қалған жеке орындаушылар мен вокалдық дуэт I дәрежелі дипломдар алды. Абай қаласының өнерпаздары Кемер қалалық әкімдігіне қазақтың ұлы ақын-ағартушысының шығармалары жазылған кітаптарды сыйға тартты.Халықаралық байқауға қатысу – тамаша тәжірибе және үлкен сахнаға жол ашу мүмкіндігі, деп атап өтті ұжым мүшелері. "Бірлік" шығармашылық тобы Абай аудандық мәдениет үйінде орналасқан. "Өнер ұжымы 18 орындаушыдан құралған. Олардың барлығында мүгедектік бар. Диагноз әртүрлі: Бұл көзі көрмейтін зағип жандар,церебральды сал ауруына шалдыққандар және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар . Бұл ерекше жандардың рухы биік. Оларды қиындықтан алып шыққан ән әлемі. Сондықтан оларды шығармашылыққа деген сүйіспеншілік біріктіреді", – деді мәдениет үйінің мамандары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/882863
Қарағанды облысының қаржы саласы мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады 16.11.2024
15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгін Қарағанды облысының әкімі облыстың қаржыгерлері, экономистері мен банк қызметкерлеріне құрмет көрсетті.– Бүгінде қаржы жүйесінде адал әрі жауапкершілігімен құзыреттілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Олар бюджет пен салық заңнамасын жақсы біледі. Сіздерге абыройлы да, адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл еліміздің жетістіктерін еске түсіріп таразылайтын мереке. Сондықтан осы атаулы күн жыл сайын Қазақстанның одан әрі өркендеуіне түрткі болсын! – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Аймақ басшысы Қарағанды облысы блоктық бюджеттің пилоттық жобасына кіргенін атап өтті. Бұл бюрократиялық яғни қағазбастылық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жылдам шешім қабылдауды арқылы процесті айтарлықтай жеңілдетеді. Облыстың таңдалуы қаржылық тәртіптің жоғары деңгейі әрі білікті мамандардың бар болуымен байланысты екендігін баса айтты аймақ басшысы.Қаржы жүйесінің мамандары марапаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісіне облыстың білім беру ұйымдарындағы өмір және материалдық-техникалық даму бөлімінің басшысы Бағлан Раимжанова ие болды.– 1995 жылдан бері білім саласында қызмет етіп келемін. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және жоспарлау – менің сүйікті ісім. Біз білімнің үнемі дамып отыруын мақсат етіп отырмыз. Марапат алғаным үшін алғысым шексіз! Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт және қаржылық тұрақтылық тілеймін, – дейді Бағлан Раимжанова.ҚР Қаржы Министрлігінің Алғыс хатын қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина алды. Экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алғыс хаты табысталды. Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен қаржы саласының тағы 21 қызметкері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883112
Бейнелеу өнері музейі мектеп оқушылары мен студенттерді ауыл шаруашылығы күніне арналған сабақтарға шақырады 16.11.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі оқушылар мен студенттерді мұражай сабақтарында күтеді. 19–30 қараша аралығында ауыл шаруашылығы күніне арналған "Ауылым – алтын бесігім" сабағы өтеді. Мұражай қорынан аграрлық тақырыптағы көркем және графикалық туындылар ұсынылатын болады. Оқушылар Социалистік Еңбек ерінің портреттерін, пейзаждарын, соның ішінде шексіз дала бейнелерін көре алады.Картиналар мысалында музей қызметкерлері Қазақстандағы ауыл шаруашылығының тарихы және оның өңір өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.Алдын ала міндетті түрде жазылу керек.Музейдің мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76. (8-7212) 475-475 телефон номері арқылы жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883170
«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Қарағанды облысы әкімінің грантына құжаттар қабылдау басталды 16.11.2024
Қарағанды облысында 15 қарашадан бастап жастар ғылыми, ІТ-, медиа- және бизнес-жобаларын қолдауға арналған "Тәуелсіздік ұрпақтары" аймақ басшысының грантын беру үшін байқауға өтінімдер қабылдау басталады. Байқауға 18–34 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады.Бір гранттың сомасы 2 млн теңге.– Биыл біз алғаш рет жаңа бағыттарды қостық. Енді мұндай қолдау ақпараттық технологиялар, медиа, мәдениет және ғылым салаларында жүрген жастарға да көрсетілетін болады. Алайда «бизнес» бағыты сақталады, кәсіпкерлерге көмек көрсету шаралары жалғаса береді. Үміткерлер өңірдің дамуы үшін маңызды тетіктерді айқын түсінуі керек. Егер кәсіпкерлік туралы айтатын болсақ, бұл әлеуметтік жобалар болуы тиіс. Біздің облыс үшін сұранысқа ие өзекті идеялар қажет. Жалпы 25 грант шамасында қаржы бөлінетін болады. Іріктеу қатал болады, – деп хабарлады жастар саясаты басқармасының бас маманы Ұлан Омаров.Грант келесі бағыттар бойынша беріледі:- Ғылым-жаңа ғылыми жобаларды іске асыру үшін;- Мәдениет-Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрі мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;- Ақпараттық технологиялар-жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, яғни стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;- Бизнес – жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін;- Медиа-жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.Байқауға қатысу үшін өтінім толтырып, Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат, Community орталығы мекен-жайы бойынша фронт-кеңсеге немесе электрондық мекен-жайға жіберу қажет. apko2011@mail.ru 15–29 қараша аралығында (қоса алғанда).Толық ақпаратты call-орталықтан +7-701-377-42-11, +7-700-526-28-88 нөмірлер арқылы алуға болады.Call-орталық пен фронт-кеңсе дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейінгі аралықта жұмыс істейді.Грант жаңалықтары телеграмм-каналында да қолжетімді https://t.me/grantskaragandaregion2024.Байқау ережесі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883185
Қарағанды облысында ҚХА-ның жаңа міндеттері талқыланды 16.11.2024
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына жастар тартылады. Сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтік жат қылықтармен күресу мәселелеріне көбірек назар аударылмақшы. 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бірегей қоғамдық институттың жаңа міндеттері облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың ҚХА мүшелерімен, этно бірлестіктердің басшыларымен өткен кездесуде талқыланды.Биыл ақсақалдар кеңесінің жұмысы республикалық деңгейде атап өтілді. Оның төрағасы Бекзат Алтынбеков атқарылған істерге толығырақ тоқталып, тың бастамаларды ұсынды. Кеңеске өңірлерден өкілдертарту тиімді деп санайды. Бұл жастарға үлгі болатын азаматтар болуы керек.Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова отбасылық тәрбиенің рөлі туралы айтты.– Республикалық Аналар кеңесі "Өзіңнен баста" акциясын қолдады. Балаларға жас кезінен бастап заңға бағыну қажеттігін санасына салмақтау маңызды. Яғни, құқықтық тәртіп туралы дұрыс түсінігі болуы үшін аймақтық деңгейде біз бұл жұмысты жүргізуге ниеттіміз, – деп атап өтті Айжан Қиясова.Облыс ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанскийдің айтуынша, жастармен жұмыс жасау кезінде кері байланыспен тікелей диалог маңызды.– Біз отырыстардан тікелей қарым-қатынас жағына шықтық. Көптеген кездесулер мектеп оқушыларымен де өткізілді. Қоғамдық және саяси тақырыптар бойынша зерттеулер, экспедициялар, конференциялар да жалғасады, – дейді ол.Белгілі кәсіпкер Шамиль Осин «Жомарт жан» орталығының жетекшісі. Ол ассамблея мүшелерінің қайырымдылық қызметі туралы айтты. Олар су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үлкен көмек көрсеткен. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырудан да тыс қалмайды.Ермағанбет Бөлекпаев облыстағы 68 мектептің жаңғыртуға таңдалып алынғандығын хабарлады. Олар жайлы білім ошағы деңгейіне жететін болады. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Үш жыл ішінде толық жаңартылады деп күтілуде. Облыс әкімі кәсіпкерлерді осы іске қосылуға шақырды.2025 жылы облыста меценаттардың Республикалық форумы өткізіледі. Кездесуде білім беру, мәдениет, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру, мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша басқа да көптеген ұсыныстар айтылды.Достық үйінде театр студиясын ашу ұсынылды. Этно бірлестіктердің ұжымдары халық шығармашылықтарын және сұлулығын әспеттей алады. Кейін күллі облыс бойынша гастрольге жібере алады.– Барлық ұсыныстармен жұмыс жасаййық. Алда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Бұл айтулы күн. Біз осы датаға белсенді дайындалуымыз керек. Ұйымдастырылатын іс – шаралардың практикалық маңызы болуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Сіздер қазір айтып өткеннің бәрі ҚХА-ның XXXIII сессиясында Мемлекет басшысының сөздерін растау болып табылады: "Ассамблея ұлттың құндылықтары мен ынтымақтастығының тиімді жолсерігі екенін тағы да дәлелдеді". Барлық жобаларға жастарды белсенді тарту қажет. Бұл ҚХА жұмысының басты құрамдас бөлігі болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883205
Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында үш жаңа жылдамдық өлшегіш орнатылды 16.11.2024
Қарағанды қаласындағы жолдардағы қозғалысқа бейнебақылау күшейтілуде. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында 15 қарашадан бастап үш жаңа жылдамдық өлшегіш жұмыс істей бастайды.Полиция департаменті жылдамдық өлшегіш орнатылған мекен-жайларды атады:- Құрылысшылар даңғылы 33/4, "Kids Park"балалар ойын залы;- Б. Әшімов көшесі, "Sapphire" ТК үйінің жанында, 137-ші есептік тоқсан 349 мекен-жайы бойынша;- Гапеев көшесі, "Аян" сауда үйіне қарама-қарсы.Полиция департаменті бұл жолдардағы жылдамдық 60 км/сағ аспайтынын еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883292
Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдау туралы айтылады 16.11.2024
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының мамандары 15 қарашада түрлі мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіреді.Кәсіпкерлер туристік операторлық қызметке лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет екенін, өндірістік инфрақұрылымды дамытуда қандай мемлекеттік қолдауға сенуге болатынын, әлеуметтік кәсіпкерлік үшін қандай гранттар берілетінін біле алады. Басталуы сағат 15.00-де.Мекен-жайы: Тәттімбет көшесі, 709. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/883304