Қуқық
Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерін дамытудың басым бағыттарын белгіледі 27.11.2024
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ел Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Арнайы операциялар күштерін дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы полковник Айдос Мырзахметовтың есебін тыңдап, одан әрі дамудың басым бағыттарын белгіледі. – Арнайы операциялар күштері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру үшін құрылған. Онда үздік мамандар қызмет атқарады, бөлімшелер техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен жабдықталған. Біз оқу-материалдық базаны нығайту үшін үнемі шаралар қабылдаймыз. Сіздердің жүктелген тапсырмаларды жоғары тиімділік коэффициентімен орындай алатындарыңызға сенімдімін, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Қорғаныс министрі жауынгерлік әлеуетті одан әрі арттыру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру, әскери тәртіп пен әскери қызмет қауіпсіздігін нығайту және оқу орталықтары мен әскери бөлімдердің инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды. Қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік және арнайы дайындық нәтижелеріне де назар аударды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылдың қаңтарында құрылған болатын. Өткен екі жылда Арнайы операциялар күштері бөлімшелері өз шеберліктерін шыңдай отырып, бірнеше рет ауқымды республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысты. 2023 жылдың қыркүйегінде «Батыл тойтарыс» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуында Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығына Жауынгерлік ту табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891215
Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді 27.11.2024
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқушысы Насыр Тарлабек баян және аккордеон аспабы бойынша «CMA Trophee Mondial» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.Әлемнің үздік жас музыканттары бас қосатын байқау 1951 жылдан бері өткізіліп келеді.Байқауда еліміздің намысын қорғаған Насыр Тарлабек –республикалық және халықаралық деңгейдегі көптеген өнер байқауларының лауреаты.Жас талантты лайықты жеңісімен құттықтай отырып, мәдениет пен шығармашылық саласында жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз! ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891256
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған көрме ашылды 27.11.2024
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті.Экспозицияда Ұлттық кітапхана қорында сақталған екі мыңнан аса құнды деректер ұсынылды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталық материалдар, компьютерлік дискілер мен күйтабақтар бар. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қорының қолжазбалары мен ноталық басылымдары ерекше назар аудартты.Көрмеде Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалдық үйінен әкелінген наградалар мен медальдар, Ахмет Жұбановтың қолданған домбырасы, киген киімдері және тарихи фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Құддыс Қожамияровтың сахналық киімі ұсынылды.Сондай-ақ, іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерінің тұсаукесері өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891301
Аялдамаға темір лақтырып, көліктің әйнегін ұрды: Астанада кезекті вандалдар жазасын алды 27.11.2024
Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Басқа біреудің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Сонымен, 22 қараша таңғы сағат тоғызда 30 жастағы ер адам басқа біреудің көлігінің артқы есігін зақымдады. Сол күні кешке 34 жастағы мас адам төбелес кезінде көлік есігінің әйнегін сындырды. 26 қараша түнде 22 жастағы азаматтың темірді әдейі лақтырып жіберуі салдарынан аялдаманың әйнегі сынып қалған.ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушы табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 300-ге жуық адамды жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891170
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару кезеңінде 13,5 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті 27.11.2024
2024 жылғы суару кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 13,5 мың гектар егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді. Филиал өңірдің 364 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарт жасасты. Берілген судың жалпы көлемі 51,8 млн текше метр.Су тасқыны маусымына дайындық аясында филиал су қоймаларынан су жіберіп, су шаруашылығы нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 9 бірлік арнайы техника сатып алынды. Ұзындығы 36 шақырым каналда іріктемелі механикалық тазарту және 7 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. 9 ГТҚ су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.🗣️«Абай облысында вегетациялық кезең сәтті өтті, бұл жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. Қазір біз су тасқынына қарсы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Шар су қоймасына көп факторлы тексеріс жүргізілді. Су қоймасын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр»,-деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/891219
Астана смартфонда: Smart Astana қосымшасы қала өмірін қалай жеңілдетеді 27.11.2024
Smart Astana қосымшасы көлік, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және коммуналдық қызметтерді қамтитын 70-тен астам қалалық сервисті біріктіреді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қосымша көмегімен пайдаланушылар нақты уақыт режимінде қоғамдық көліктердің қозғалысын, халықаралық және ішкі рейстердің ұшу жағдайын бақылай алады, сонымен қатар пойыздардың және қалааралық автобустардың кестесімен таныса алады.Елорданың автокөлік иелеріне арналған қосымшада ақылы автотұрақтарды іздеу және ыңғайлы форматта тұрақ орындарына ақы төлеу функциялары қарастырылған.Сондай-ақ қосымша медициналық қызметтерге қол жеткізу қызметтерін ұсынады, мысалы, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу, дәрігерді үйге шақыру және байланыс деректері мен мекенжайлары бар қаланың медициналық мекемелері туралы ақпарат алу мүмкіндігі. Бұл халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар Smart Astana мобильді қосымшасында қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы тез және жасырын хабарлауға мүмкіндік беретін "Stop сыбайлас жемқорлық" сервисі жұмыс істейді. Осы құралдың көмегімен пайдаланушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне бұзушылықтар туралы ақпаратты тиімді және қауіпсіз бере алады.Сонымен қатар қосымшада есірткіні жарнамалауға және таратуға қарсы бағытталған "Есірткіге жол жоқ" сервисі іске қосылды. Жаңа функционал қала тұрғындарына есірткіге байланысты бұзушылықтар туралы тез хабарлауға мүмкіндік береді және оларды жедел жоюға ықпал етеді."Есірткіге жол жоқ" қызметін пайдалану үшін пайдаланушы қосымшаны ұялы телефонына орнатып, тіркеуден өтуі керек. Содан кейін Басты бетте сіз "танымал" бөліміне өтіп, "есірткіге жолдама жіберу" бөлімін таңдауыңыз керек. Пайдаланушылар өтініш нысанын тегі, аты және әкесінің аты, телефон нөмірі, мекенжайы және хабарлама мәтіні арқылы толтырады. Сондай-ақ тіркелген құқық бұзушылықпен фотосуретті немесе бейнені тіркеу мүмкіндігі бар. Барлық өтініш жедел өңделеді және әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.Smart Astana-ның барлық мүмкіндігін пайдалануды бастау үшін App Store немесе Google Play арқылы қосымшаны жүктеу жеткілікті. Тіркелу үшін телефон нөмірін көрсетіп, растау кодын алу керек. Барлық қызмет авторизациядан кейін бірден қолжетімді болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891153
Жастар экологиялық акцияны қолдады: Астанада 25 метрлік «Таза Қазақстан» туы орнатылды 27.11.2024
Maqsut Narikbayev University студенттері 1 курс студенттерін қабылдау кеші аясында сахнада 25 метрлік "Таза Қазақстан" туын желбіретіп, ерекше акция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шараға 5000-нан астам қатысушы жиналды."Экология - бұл жай ғана сән тренді емес, бұл - біздің бүгініміз және болашағымыз. Экологиялық бастамаларды қолдай отырып, біз әрекет етуге дайын екенімізді көрсетеміз. Біз қарапайым дағдыдан бастай аламыз: қоқыс тастамау, сенбіліктерге қатысу, достарыңыз бен жақындарыңыз арасында экологиялық хабардарлықты насихаттау", - деп атап өтті акцияға қатысушылардың бірі, бірінші курс студенті.Астанада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" акциясы жалғасуда.Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891168
Отын өндірісінің қалдықтарын кені алынған кеңістікті тотыруға кәдеге жарату 27.11.2024
Қазырғы ауқытта Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС қуаты 210 МВт қазандықтың құрылысын аяқтайды, онда жыл сайын шамамен 140 мың тонна көмір жағылады. ҚР Экологиялық кодексімен елді мекендер шегінде күл-қож қалдықтары полигондарын орналастыруға тыйым салынғандықтан, қазіргі таңда оларды 80 мың тоннаға дейін кәдеге жарату мәселесі туындап тұр.«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалының геотехнологиялық процестер зертханасының ғылыми қызметкерлері Шығыс Қазақстан ТКБК Риддер-Сокол кенішінде кені алынған кеңістіктерді толтыру үшін жылына 80 мың тонна көлемінде Риддер қазандығының күл-қож қалдықтарын кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіз технологиясын әзірледі. Бетон-толтыру кешенін қайта құру жобасына регламент әзірленді.Қазандық қалдықтарын шахтаның кені алынған кеңістігіне кәдеге жаратудың әзірленген технологиясы оларды экологиялық қауіпсіз кәдеге жаратуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Риддер-Сокол кенішінде толтыру жұмыстарын жүргізу кезінде инертті толтырғыштың тапшылығын толтырады, цемент шығынын азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/891167
Астаналықтардың 99,7% тұмауға қарсы вакцинациямен қамтылды 27.11.2024
Астанада өткен аптада ЖРВИ ауруының 7 мыңнан астам жағдайы анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аздап көп. Астана қаласының мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі эпидемиялық маусымда зертханалық талдаулардың нәтижелері бойынша 46 аптада ЖРВИ және тұмаумен ауыратындар арасында бір науқаста А типті тұмау вирусы (H1N1) pdm09 анықталды, қазіргі уақытта парагрипп, риновирус, аденовирус, бокавирус, коронавирус, МС-вирус, микствирус-9 және басқалары сияқты тұмаусыз вирустардың айналымы анықталды.«Астана қаласы бойынша вакцинациямен 99,7% қамтылды, яғни 160 000 адамның 159 539-ы екпе алды», - деді спикер.Ол қала тұрғындарына уақытылы вакцинациялау тұмаудың ауыр асқынуларының алдын алудың немесе азайтудың ең тиімді әдісі екенін еске салды.Вакцинация арқылы алынған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинацияларды жүргізу барлық жас топтарында аурушаңдық пен өлімді айтарлықтай төмендетеді. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша) вакцинамен алу керек.«Вакцинациядан кейін иммунитет 14 күннен соң қалыптасады және маусым бойы 1 жылға дейін сақталады. Вакцинациядан басқа, ылғи да жеке қорғаныс шараларын қолдану керек», - деді Айгүл Шағалтаева.Мұндай шаралардың қатарына мыналар жатады:- қолды үнемі жуу;- тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау (жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу);- ЖРВИ-ге ұқсас белгілер пайда болған кезде (температура, әлсіздік, безгек және т.б.) науқас вирустың одан әрі таралуын болдырмау үшін өзгелерден оқшаулануы керек;- ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болыңыз;Сондай-ақ, спецификалық емес алдын алу шаралары қоғамдық орындарда ( емханаларда, стационарларда және т.б. орындарда) бетперде тағу болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891128
Алматыда шалғай аудандардан оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 мектеп автобусы іске қосылады 27.11.2024
Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Мектеп автобусы» жобасы аясында оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 автобус сатып алынды. Жаңа мектеп автобустарын ескере отырып, 14 мың баланы тасымалдау қамтамасыз етіледі деп күтілуде.Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түсетін өтінімдерге қарай жаңа бағыттарға. Бұл басымдықтардың бірі, себебі соған сай мектеп автобустары бөлінеді. Әрбір мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленген.Қалалық мобильділік басқармасы отандық Yutong маркалы автобустарды сатып алды. Автобустар қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, апаттық жағдайда шығуға арналған есіктермен жабдықталған және ыңғайлы креслолармен, рюкзактарға арналған бөлімшелермен, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған пандуспен жабдықталған. Көлік құралы 21 орынға есептелген.Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматыда алғаш рет мектеп жасындағы балаларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау үшін мектеп автобустарын ұсыну бойынша ауқымды жоба енгізілді. Сол кезде қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 6 мыңнан астам баланы қамтитын 100 автобус іске қосылды. Алматыда шалғай аудандардан оқушыларды тасымалдау үшін тағы 100 мектеп автобусы іске қосылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/891137
Ақтөбеде «Өрт қауіпсіздігі» акциясы ұйымдастырылды 27.11.2024
Акция аясында тұрғын үй секторындағы үйлерге рейд жүргізілді.Рейд барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ЖАО, облыстық және қалалық депутаттар, волонтерлік ұйым, тұрғын үй инспекциясы, полиция қызметкерлері, «Энергосистема» ЖШС, «ҚазТрансГазАймақ» АО және қоғам белсенділерімен бірлесіп, тұрғын үй секторында 800 жеке үйді, 5 бау-бақша ұжымын, 80 барак үй мен жатақхананы аралап, 50 көпбалалы отбасының үйіне барды.Сондай-ақ, 1100 QR коды бар жадынама таратылып, 20 алғашқы өрт сөндіргіш пен 200 автономды датчиктер тегін таратылды. Сонымен қатар, 60 үйдің мұржасы мен айналасындағы қоқыс тазартылды.Тақырыптық күннің мақсаты – тұрғындардың өрттің пайда болу себептері туралы білімдерін тереңдету және жүйелеу, өрт кезіндегі тәртіп ережелерін бекіту.Төтенше жағдайлар департаменті өрт кезінде 101, 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/891118
Қытайдағы Қазақстан туризм жылының жабылуында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны таныстырылды 27.11.2024
Бүгін Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған форумға қатысушылар «Kazakh Tourism ҰК» АҚ мен отандық танымал әнші арасындағы бірлескен жобаның жұмысына алғаш куә болды. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етеді.«Киелі мекенім» жаңа бейнебаяны Қазақстанның көрікті жерлеріне назар аударады. Көрермендер көрнекті туристік орындарға визуалды саяхат жасай алады. Оның ішінде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан мұражай-қорығы, Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы тәрізді бірегей орындар бар. Видеода Бурабай, Катонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық парктерінің кадрлары да ұсынылған.«Біз Димашқа елімізді шетелде дәріптеуге қосып жүрген баға жетпес үлесі үшін алғыс білдіреміз. Ол туризмнің алғашқы елшісі болып, әрбір қолайлы жағдайда шетелдік аудиторияны Қазақстанға келуге шақырады. Миллиондаған тыңдаушылар Димаштың шығармашылығы арқылы біздің елмен кеңінен танысады. Жаңа бейнебаян - Қазақстанның әдемі табиғаты мен бай мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетуге деген ортақ ұмтылысымыздың нәтижесі. Біз әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері бірегей локациялардан шабыт алып, елімізді өздері үшін ашатынына сенімдіміз»,- деп атап өтті «Kazakh Tourism ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.Жаңа «Киелі мекенім» бейнебаяны Димаштың ресми арналары мен аккаунттарында қолжетімді болады.Айта кетейік, түсірілім Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары туризм басқармаларының, сондай-ақ Visit Alatau және Open Turkistan туристік ақпараттық орталықтарының, «Capтас» орталығының, Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының, Karavansaray Turkistan кешенінің, Visit Aktay және Іntegra Construction KZ компанияларының қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891103
Әскери қызметтің қауіпсіздігі: Қорғаныс министрі ведомство алқасында басты міндеттерді айқындады 27.11.2024
Қорғаныс министрлігінің алқасында жыл қорытындысы шығарылды. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен өткен отырысқа министрдің орынбасарлары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары, олардың орынбасарлары мен әскери бөлімдердің командирлері қатысты.Әскер өмірінің мәселелерін қарау кезінде тәртіптің, құқықтық тәртіптің және әскери қызметтің қауіпсіздігінің жай-күйіне ерекше назар аударылды.– Қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Жоғарғы Бас қолбасшы темірдей тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысы сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың және құқық қорғау органдарының басшылығына ерекше жауапкершілік жүктеді. Біз үшін бүгінгі әңгіме қысқа болмақ. Командирлер бірде-бір оқиға жазасыз қалмайтынын анық түсінуі керек, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы күштердегі жауынгерлік дайындықтың, техникалық, тылдық, медициналық, пәтерлік-пайдалану қамтамасыз етудің жай-күйі туралы баяндамаларды тыңдады. Ағымдағы жылы негізгі күш-жігер Арнайы операциялар күштерінің, Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Аумақтық қорғаныс әскерлерінің әлеуетін нығайтуға, олардың инфрақұрылымын ұлғайтуға және қару-жарақ пен әскери техникамен қайта жарақтандыруға бағытталды.2024 жыл Қарулы күштердің дайындық қарқындылығы мен сапаның жоғарылауымен ерекшеленді. Оқу-жаттығу барысында бөлімшелердің шабуыл мен қорғаныстағы кезектескен екіжақты форматы қолданылды. Басқаруды ұйымдастыру және командирлерді өз бетінше шешім қабылдауға оқыту мәселелері басым тәртіппен пысықталды.Әскерлерді жедел даярлау шеңберінде 160-тан астам іс-шара өткізілді. Оның ішіндегі ең маңыздысы «Бірлестік» халықаралық оқу-жаттығуы болды. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысты. Наурызда Әскери-теңіз күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Әскери маневрлер Әуе қорғанысы күштерімен және ҚР ҰҚК Шекара қызметімен тығыз байланыста жүргізілді.Қыркүйек айында «Айбалта» және «Ашық аспан» оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Қазан айында Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басшылығымен ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық» бірлескен оқу-жаттығу өтті. Орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен «Бекет» оқу-жаттығуы өткізілді.Сонымен қатар ағымдағы жылы әскерлердің жауынгерлік дайындық тәсілдері қайта қаралды. Әскерлерді оқыту мен қолдануда жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде. Атыс, тактикалық, медициналық дайындықтар, әскери топография және байланыс бойынша апта сайынғы жаттығулар енгізілді. Қазірдің өзінде жаңа жүйе оң нәтиже беруде. Жауынгерлік даярлықтың барлық іс-шаралары қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып ұйымдастырылды.Армияны жаңа техникамен жабдықтау процесі жалғасуда. Арнайы операциялар күштерін қаруландыруға «Кобра II» автокөліктері және арнайы автокөлік түсті.Алғаш рет Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық нысанға көшіру жүзеге асырылды. Жаңа үлгілер жақсартылған функционалдылық пен жайлылықпен ерекшеленеді. Пішіннің камуфляждық қасиеттері артты. Онда климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктерін ескерілген.Отырыс соңында Қорғаныс министрі 2025 оқу жылына бірқатар тапсырмалар қойды. Олардың ең маңыздысы әскери қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ететін деңгейде әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қолдау, сонымен қатар басқару органдарын даярлау болып айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891147
«Астана Опера» театрында Петр Чайковскийдің шығармашылығына арналған концерт өтеді 27.11.2024
Елімізге танымал орындаушылар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері баритон Азамат Жылтыркөзов пен пианист Долорес Үмбетәлиева әлемдік классик П.Чайковскийдің шығармашылығына арналған «Средь шумного бала...» бағдарламасымен 1 желтоқсанда «Астана Опера» театры К.Байсейітова атындағы Камералық залының сахнасына шығады.«Музыканың алтын ғасыры» топтамасындағы концерт аясында әртістер елорда тұрғындары мен қонақтарына П.Чайковскийдің музыкалық мұрасының ең сүйікті бөлімдерінің бірі – оның романстарымен кездесуден ұмытылмас эмоция мен шабыт сыйлайды. Азамат Жылтыркөзов пен Долорес Үмбетәлиеваның нәзік интерпретациясындағы біртуар композитордың камералық-вокалдық лирикасы тыңдармандарды өзінің терең ойлылығымен, көркем бейнелердің молдығымен, интонацияның ашықтығымен әрі сезімдердің шынайылығымен жігерлендіреді.«Средь шумного бала...» концертінен бөлек, «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залының желтоқсандағы бағдарламасына басқа да көптеген жарқын шаралар енді.Сонымен, 6 желтоқсанда «Еуропа майталмандарының ұмытылмас әуендері» концертінде К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына венгр пианисі Дьердь Оравец шығады. Жоба Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған.«Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов «Музыкалық альянс» топтамасынан кештер ұсынады: 7 желтоқсанда «Музыкалық сенбілік» концерті, ал 18 желтоқсанда шақырылған солист, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері скрипкашы Владислав Самойловтың қатысуымен «Паганини мұрасын шебер орындаушылар» концерті өтеді.12 желтоқсанда «Piccolo» театры жобасы аясында елордалық көрермендердің назарына премьерасы қазан айында зор табыспен өткен театр репертуарындағы жаңа спектакль – А.Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсы ұсынылады.Еліміздің Тәуелсіздік күні, 16 желтоқсанда Қазақстан композиторлар одағының «Дархан дала» концертінде «Астана Опера» камералық оркестрі Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдиннің басқаруымен өнер көрсетеді.Жаңа жылдық мереке қарсаңында театрдың шығармашылық ұжымы К.Байсейітова атындағы Камералық залдың қызықты бағдарламасын дайындады. Astana Opera Халықаралық опера академиясының дарынды жас тыңдаушылары 21 желтоқсанда дәстүрлі «Жаңа жылдық экспромт» концертінде сахнаға шығады. Қысқы демалыс күндері 26-27 желтоқсанда Ц.Кюидің «Етік киген мысық» опера-ертегісі кішкентай көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891101
ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 27.11.2024
Биыл автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары 58,4 шақырымдық 18 нысанда жүргізілуде. Жыл соңына дейін 22,8 шақырым ( 6 нысан) автомобиль жолы пайдалануға беріледі. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша: 378 көшенің 251,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді 287 көшеде 190,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа беріледі. Жыл қорытындысымен қала аумағында 453 көшеде, жалпы ұзындығы 286,9 шақырым жолда құрылыс, орташа жөндеу және тегістеу жұмыстары аяқталады. Жолдарды жақсарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891030
ШЫМКЕНТТЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «КҮМІС ЖАС» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ 27.11.2024
Шымкентте «Күміс жас» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан азаматтар жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл жоба зейнеткерлік жасқа жақындаған, бірақ әлі де белсенді еңбек ете алатын адамдарды қолдауға бағытталған.«Күміс жас» бағдарламасы елімізде зейнеткерлікке дейінгі жастағы азаматтарды еңбек нарығында қолдау арқылы олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану үшін іске қосылған. Жоба аясында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа тартады, олардың айлық жалақысы мемлекеттен субсидияланады.Қалада жыл басынан бері 791 азамат осы бағдарлама арқылы жұмыс орындарына орналасты. Олар білім беру, медицина, мәдениет, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да салаларда еңбек етуде.Бағдарламаға қатысушылардың бірі 59 жастағы Айман Тельғозиева ұзақ жылдар бойы Алматы қаласында түрлі өндіріс орындарында бухгалтер қызметін атқарып, Шымкентке қоныс аударғаннан кейін «Самғау биік» мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық бірлестігіне тазалыққа жауапты қызметкер болып «Қоғамдық жұмыс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Мұнан кейін «Күміс жас» бағдарламасы арқылы жолдама алған ол:“Мемлекеттік бағдарлама жаңа мүмкіндікке жол ашты. Тәжірибем мен білімімді қоғамға пайдалы істерге арнап, өзіме де, өзгелерге де көмектесе алатыныма қуаныштымын,” – дейді.Шымкент - «Күміс жас» бағдарламасын табысты іске асырып отырған өңірлердің бірі. Бағдарлама тәжірибесі мол азаматтардың қоғамда белсенділігін арттырып, еңбек нарығын білікті мамандармен толықтыруда.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891034
«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА! 27.11.2024
Аталған бағдарламаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауаптар тізбегін ұсынамыз:Депозиттік шоттың болуы міндетті ме?Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы міндетті.Жалдау шарты қалай және қандай мерзімге түзіледі?Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай жыл сайынғы жинақтау шегіне жеткен жағдайда (170 АЕК), жыл сайын 3 (үш) жылға дейін ұзарту шартымен 1 (бір) жыл мерзімге шарт жасалады.Тұрақты тіркеуі 3 жылға толмаған жағдайда өтініш беру мүмкіндігі қалай?Өтініш берушінің соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркелуі міндетті. Отбасы мүшелері қалада тіркеуде болса жеткілікті.Құжаттарды қарау тәртібі қандай?Құжат қабылдау аяқталған соң, құжаттардың толық, сапалы және барлық талаптарға сай тапсырылғаны тексерілетін болады. Құжаттар толық болмаған жағдайда өтініш берушіге хабарлама жолданады. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды толықтырады.Құжаттар толықтырылмаған немесе талаптарға сай болмаған жағдайда кері қайтарылады. Конкурсқа өткен құжаттар баллдық жүйе негізінде тұрғын үймен қамтылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/891041
«Тәртіпті өзіңнен баста»: Астанада жастарға кәсіби құқықтық кеңес беру жиыны өтті 27.11.2024
Елордада «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кеңес беру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Жарқынбек Амантайұлы, Республикалық әкелер одағы Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары Марат Көшкінбаев, экономика саласындағы халықаралық сарапшы Ерғали Мұқанұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының бас ғылыми қызметкері, философия докторы Арыстан Сатанов, "Тұран-Астана" университетінің ректоры Жапарова Гульжамал, «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділхан Дүйсебек, сондай-ақ студенттер қатысты.«Басты мақсат – билік пен қоғамның белсенді азаматтарын біріктіру, жастар арасындағы мәселелер бойынша ой бөлісу. Жақында өткен осындай бір кездесуде студенттер онлайн-несие, алаяқтық, нашақорлық тақырыптарын көтерді. Кейін біз бұларды жан-жақты зерттеп, шешу жолдарын қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара тақырыбы «Тәртіпті өзіңнен баста!» деп аталады. Әр адам тәртіпті өзінен бастауы керек», - деді Мұрат Әбенов.Аталған іс-шараны «Азаматтық сектор мен жергілікті атқарушы органдар арасында сенімді диалогты қалыптастыру» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігі мен «Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры ұйымдастырып отыр.Диалогтық алаңда заң мен тәртіпті қоғамдық ортада дәріптеу, жастардың құқықтық сауаттылығын, жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін арттыру, зиянды әрекеттер мен зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары талқыланды.Сондай-ақ отырыс барысында сала мамандары «Жастардың әлеуметтік мәселелері және оларды шешудің құқықтық-нормативтік негіздері» тақырыбында студенттерге кәсіби құқықтық кеңестерін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891054
160 мыңға жуық көшет: Алматыда жасыл желектерді отырғызу жалғасуда 27.11.2024
Ағымдағы жылдың қазан айында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында басталған Алматыда көгалдандыру бойынша күзгі науқан белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта қалада 160 мыңға жуық көшет отырғызылды.2023 жылы қала әкімінің тапсырмасы бойынша енгізілген көгалдандырудың жаңа ережелері маңызды жаңалық болды. Ережелерге сәйкес, қазір отырғызылған ағаштарға үш жылдық күтім жасау міндетті болып табылады, бұл өсімдіктерді қалалық ортаға бейімдеудің тиімді процесін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ отырғызу материалдарына қатаң талаптар енгізілді: жапырақты көшеттердің биіктігі кемінде 2,5 — 3 метр, ал қылқан жапырақты ағаштар кем дегенде 2 метр болуы керек, ағаштардың тіршілігін жақсарту үшін отырғызу кезінде топырақ кесектерін сақтаған жөн.Тұрғындар қалада отырғызылатын материалдардың сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті.«Қалада көгалдандырудың жаңа ережелері арқасында серуендеу әлдеқайда жағымды. Қазір отырғызылған ағаштар шынымен жақсы көрінеді-олар берік, жасыл және жақсы өседі. Бұрын көптеген өсімдіктер тамыр жаймайтын еді енді біз ағаштардың қалай дамып, көшелердің сәніне айналғанын көрудеміз. Бұл біздің қаланы одан да әдемі және өмір сүруге ыңғайлы етеді», - дейді тұрғын Анна.«Қазір көгалдандыру тәсілдерінің шынымен өзгергені байқалады. Біз қазір көшеде көріп отырған ағаштар әлдеқайда күшті және сау. Бұрын отырғызылған өсімдіктер отырғызу әдістерінің тиімсіздігі салдарынан тамыр жайған жоқ, ал қазір олардың қалай өсіп, қалалық сұлулықтың бір бөлігіне айналғанын көруге болады», - дейді Әуезов ауданының тұрғыны Дания. Көшеттердің өмір сүруін арттыру, сондай - ақ ғылыми ұсынымдар алу мақсатында мамандандырылған ұйымдармен-ҚР Бас Ботаникалық бағымен және Ж. Жиембаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі ҚазҒЗИ-мен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Ж. Жиембаева. Мамандардың алынған ұсыныстарына сәйкес, күзгі-қысқы кезеңде отырғызуды тек жердің жабық бөлігімен жүргізу керек, ал нөлден төмен температура басталған кезде отырғызу орындарын толтыру үшін әкелінген топырақты пайдаланған жөн. Ғалымдар шекті мәндерге назар аударуды ұсынады: отырғызу кезінде қатты ағаштар үшін қолайлы температура – 8°C дейін, жұмсақ ағаштар үшін -15°C градус аяз.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қыс мезгілі қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/891062
Алматыда жыл басынан бері бұған дейін жарықтандырылмаған 95 учаскеге жарық тартылды 27.11.2024
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда қала тұрғындарын сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Оның бағыттарының бірі - тарихи көше шамдары болмаған аумақтарды жою. Ағымдағы жылдың 10 айында «Алматы Қала Жарық» МКК бригадалары 95 ауланы, көшелер мен тұйық көшелерді жарықтандырып, онда 500-ден астам тіректер мен кронштейндер мен осынша мөлшерде шамдарды орнатты. Бұрын жарықтандырылмаған учаскелердің ұзындығы 20 шақырымды құрады. «Біздің Кемел шағын ауданында Қапшағай трассасы ауданындағы Қазанат көшесінде жарық ешқашан болған емес. Мұнда көптеген адамдар тұрады, бұрын бәрі үйлеріне қараңғыда жететін. Әсіресе мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге қиын еді. Алматы Қала Жарыққа хабарласқаннан кейін бізге жаңа шам бағаналары қойылды, жарық қосылды, сол үшін үлкен алғыс айтамыз. Енді адам сияқты өмір сүріп жатырмыз», - дейді «Қазанат» МИБ төрағасы Бақыт Арыстанова.«Ақбұлақ шағын ауданындағы Мұқаев көшесі тұйықталып аяқталады, ал оның соңында қандай да бір себептермен көше жарығы болмайтын. Ал мұнда көп балалы отбасы тұрады, оқушылар қараңғыда сабақтан қайтарда қатты қорқатын. Жарықтандыру бізге өте тез орнатылды, Алматы Қала Жарыққа хабарласқаннан кейінгі күні бригада келіп, шұңқырлар қазып, бағаналар орнатты. Тағы бір күннен кейін шамдар ілініп, жарық берілді, енді көшеміз жап-жарық, бұл тұрғындар үшін мереке деуге болады, баршаңызға үлкен рахмет», - дейді Алатау ауданының тұрғыны Лунара Сембаева. «Алматы Қала Жарық» хабарлағандай, жыл соңына дейін қалада бұрын жарықтандырылмаған тағы 25 көше мен тұйық көше жарықтандырылады. Жаңа жарық нүктелерін орнату аудандық әкімдіктердің өтінімдері бойынша жүргізіледі, олар проблемалық учаскелердің тізімін қалыптастырады. Олар бойынша жұмыс жоспары мен қосылу кестесі жасалады. Қазір 2025 жылға арналған жарықтандырылмаған учаскелерді жою бойынша ақпарат дайындалуда.Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында Алматыда 27 мыңнан астам шам орнатылып, ауыстырылды, шамамен 300 км кабель тартылды, екі мыңнан астам жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды. Қала тұрғындарының 24,5 мың өтінімі пысықталды, бұл келіп түскен барлық өтініштердің 93% -ын құрайды. 5,5 мыңнан астам қысқа тұйықталу және желідегі 4 мыңға жуық үзілген жерлер жойылды. Магистральдық көшелерде 45 км жарықтандыру жөнделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/891065