Қуқық
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫ МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 27.11.2024
Бүгін Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Елге қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбында іс-шара өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков салтанатты жиынды ашып беріп, ізгі тілегін арнады. Құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметі бүгінде ерекше жауапкершілікті талап ететін сала екенін атап өтті.– Қазіргі таңда құқық қорғау және төтенше жағдайлар саласы – ерекше жауапкершілікті талап ететін, әрбір күні, әрбір сәтте адам өмірі мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күресетін сала. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері өз жұмысында әділдік пен заңдылықты сақтауды ғана емес, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең үздік қызмет көрсетуге міндетті. Тек сол кезде ғана полиция мен халық арасында тығыз байланыс орнап, мемлекетіміздің қауіпсіздігі нығаяды. Бұл тұрғыда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Полиция қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді» деп полиция қызметкерлерінің халықпен тығыз байланыс орнатудағы маңыздылығын ерекше атап өтті, – деді аудан басшысы.Жиын барысында бірқатар құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметкерлері «Үздік учаскелік полиция қызметкері», «Үздік жол патрульдік полиция қызметкері», «Үздік әйел полиция қызметкері», «Үздік сақшы» және «Үздік құтқарушы» номинацияларымен марапатталды. Сонымен қатар аудан прокуроры Ержан Қожабеков құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, қоғам алдындағы жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігін атап өтті. Бірқатар сала мамандарына сый-сияпат табыстап, құрмет көрсетті.Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Өсербаев және Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов шараның маңыздылығына тоқталды. Сала үздіктері мен бірқатар құқық қорғау саласы мамандарының ата-аналарын марапатталды.Шара барысында халық пен полиция қызметкерлері арасындағы байланыс жайында сахналық қойылым мен бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Айта кетейік, аталған шара қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп, заңның сақталуына ерекше үлес қосқан құқық қорғау саласы мен төтенше жағдайлар қызметкерлерін құрметтеп, олардың еңбектерін бағалау мақсатында ұйымдастырылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891600
ТҮРКІСТАНДА «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ 27.11.2024
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты облыстық жастар форумы өтті. Басты мақсат – жастарды еңбексүйгіштікке баулу және кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.Форумға спикер ретінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж. Темірбекова, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Ә. Шоқпаров, «Білім-инновация лицей-интернатының» директоры А.Мирманов қатысты.Шараның басында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев 2025 жыл Президенттің бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын атап өтті.– Бүгін сіздермен кездесіп, ой бөлісу мүмкіндігі бұйырғанына қуаныштымын. Сіздер – еліміздің болашағы, мемлекеттік қызметтің жаңа толқыны, халқымыздың сенімін ақтайтын жаңа буынсыздар. Қазіргі заман талабына сай қызмет ету, жауапкершілік пен адалдық таныту – сіздердің басты міндеттеріңіз. Жас мемлекеттік қызметкерлер ретінде сіздер жаңа идеяларды ұсынушы, реформаларды жүзеге асырушы, және қоғамға өзгеріс әкелуші боласыздар. Заманауи технологиялар мен жаңа тәсілдерді меңгеріп, оларды өз қызметтеріңізде қолдану арқылы елімізді алға жетелей аласыздар. Мен сіздерді шынайы патриот болуға, елімізді дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Өздеріңіздің тың идеяларыңыз бен жігерлеріңіз арқылы Қазақстанның жарқын болашағын құру сіздердің қолдарыңызда, – деді Ертай Кенжебекұлы.Жиынға өңіріміздің жас мемлекеттік қызметшілері, жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп (GPA-3.33) мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған жастар, облыстың өңірлік кадр резервіне қабылданған резервшілер, жоғары оқу орындарының студенттері және мектептердің жоғарғы сынып оқушылары жиналды.Форум барысында спикерлер жастарға еңбек жолындағы тәжірибелерін бөлісіп, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Заңнамаларға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.Айта кетейік, Президенттің Жарлығына сәйкес, ҚР-ның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, онда мектеп және жоғары оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институын құру көзделген. Яғни, тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізілетіні айтылды.Басқосу сұрақ-жауаппен жалғасып, ой-пікірлер тыңдалды. Жиын соңында департамент бастамасымен ашылған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушыларына арнайы белгішелер табысталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891603
ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ 27.11.2024
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жауапты сала басшыларымен бірге көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын пысықтап, мақта шаруашылығын дамыту жоспарын саралады.Жиын барысында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндама жасап, егіс құрылымын 28 мың гектарға ұлғайту көзделгенін, нәтижесінде облыста 897 мың гектар жер егіске пайдаланылатынын айтып өтті. Басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2025 жылы мал азықтық дақылдардың үлесі кеміп, есесіне мақта 40 мың гектарға ұлғайтылмақ. Оның ішінде, 58,7 мың гектар мақта жаңа технологиямен бапталады деп күтілуде. Өңірде мақталықтарды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар басталған. Қазіргі таңда нақты 1577 тонна тұқым дайын. Жалпы таңдаулы 6 сұрыптан 4845 тонна мақта тұқымы әзірленеді.Мәжіліс барысында мақталы аудандардағы шаруашылықтар үшін машина-трактор станцияларын құру мәселесі де қозғалды. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында мақта шаруашылығын дамытып, сапалы өнім алуға қажетті техникаларды жаңарту жайы талқыланды.Облыс әкімінің орынбасары техниканы алу үшін шаруаларға қолайлы шарттар ұсынылуы тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар жауапты басқармаға ақпараттандыру мен түсіндіру шараларын кеңінен жүргізуді тапсырды.Аудандарда су үнемдеу технологиясын ендіру бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрысбек Елшібаев осы жылы 226 шаруа қожалығы 2810 гектардан тамшылатып суғару арқылы мол өнім жинағанын жеткізді. 2025 жылы су үнемдеу технологиясын 12 мың гектарға енгізу көзделіп отырғанын баяндады. Мақтаарал ауданы да осы межені ұстанып отыр. Шардара ауданында жаңа технологиямен жұмыс жасауды таңдаған шаруалардың тізімі жасақталып, түсіндіру жұмыстары жүзеге асуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891604
«TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ 27.11.2024
«TURAN» арнайы экономикалық аймағында бірқатар өнеркәсіп орындары өз жұмысын бастады. Түркістанды индустриялық және инвестициялық орталық ретінде дамытуға арналған ерекше алаңның инвестициялық портфельінде қазіргі таңда 550 млрд. теңгені құрайтын 137 жоба бар. Олар еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, аймақтық экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Дәл осындай маңызды жобалардың бірқатары БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында таныстырылды.Ең алдымен журналистер «PSI Mineral Technologies» ЖШС – тау-кен-металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауытқа барды. Бұл жоба жалпы 8,33 млрд теңге көлемінде инвестиция тартқан. Жоба толық іске қосылғанда 200 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазірдің өзінде зауыт құрылысына 95% жергілікті тұрғындар, яғни Түркістан облысының тұрғындары тартылған. Зауыт ғимаратынан өзге, мұнда асхана мен 120 жатын орны бар жұмысшыларға арналған жатақхана салынуда.Баспасөз туры барысында журналистер «Алтын дала мақта» ЖШС – ПВХ құбырларын өндіру зауытымен танысты. 6,7 млрд теңге сомасында іске асырылып жатқан бұл жобаның болашақтағы өндірістік қуаты жоғары. Бүгінде зауыт тамшылатып суаруға арналған құбырларды шығаруда.Пресс-тур аясында тілшілер қауымы «Түркістан мақта-агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС – мақта кластерін құру бойынша ірі жобаны аралап көрді. Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын Xinjiang Lihua Group Co., LTD компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.«TURAN» АЭА аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жобалар ел экономикасын әртараптандыру және инвестиция тарту бағытындағы тиімді қадам болып есептеледі.Жалпы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы 2018 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №693 Қаулысына сәйкес құрылған. Аймақтың негізгі миссиясы – Түркістан қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуетін арттыру, оны Түркі әлемінің рухани және іскерлік орталығына айналдыру. «TURAN» АЭА жалпы аумағы 3987 гектарды құрайды және 6 негізгі, қосалқы аймақтан тұрады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891605
КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024
Кентау қаласында 2024 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 37,1 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде 32,4 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, ауылшаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 9,1 млрд теңгеге жеткен. Жалпы өнеркәсіп саласында ағымдағы жылдың 9 айында инвестициялық құны 859 млн теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асқан. Бұл жайында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Кентауда өнеркәсіп саласын дамыту бойынша жыл соңына дейін тағы 4 жоба ашу жоспарлануда. Олардың инвестициялық құны 1 млрд 791 млн теңгені құрап отыр. Бұл тізімде құны 1,5 млрд теңгелік «Кентау Red Star» ЖШС-ң қыш өндіретін зауыты да бар. Жылына 45 млн дана қыш шығаруға қауқарлы өндіріс орны 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, өңірдегі индустриалды аймақта «Халтаев» ЖК металл тор мен құрылыс блоктарын шығару зауыты іске қосуды жоспарлап отыр. Аталған жоба арқылы тағы да 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жылына 50 мың дана блок пен 1 000 металл тор өндірілмек»- деді өңір басшысы.Сондай-ақ, Кентау қаласындағы инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Мәселен, қала аумағында елді мекендер 100% ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар, жыл басынан бері электр желілерін жаңарту мақсатында 7 дана трансформатор ауыстырылып, 15,3 шақырым желіні қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін тұрғындарды табиғи газбен қамту көрсеткішін 93%-ға жеткізу жоспарланған. Тоғыз айдың қорытындысымен 18 000 абоненттің 14 981-і, яғни 83%-ы табиғи газ жүйесіне қосылды. Өңірдегі жол мәселесі де оңтайлы шешімін тауып келеді. Бүгінде Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы 365 шақырым көшенің 82,1%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Жыл соңында бұл көрсеткішті 87,7 %-ға жеткізу көзделген.Сонымен қатар, өңірдегі тұрғын үй мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде қалада 5 117 азамат баспана кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда аталған мәселені шешу мақсатында 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің және 30 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891606
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕГІ КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ 27.11.2024
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов 2024 жылғы екінші жартыжылдықта Ақсукент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудандық емхананың алдындағы жолдың мәселесі көтерілген еді. Бұдан бөлек, жауын-шашын кезінде бұл жерде су жиналып, жаяу жүргіншілер үшін қолайсыздық туындайтынын алға тартқан болатын. Аталған мәселені шешу үшін әкімдік пен сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.Осы тапсырманың аясында Ақсукент ауылдық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Баймурза Бейсембаев, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытқали Жанабаев және ақсукенттік белсенділердің бірлесуімен, бірқатар жұмыстар атқарылды.Жергілікті билік өкілдері мен жұртшылықтың атсалысуының арқасында су жиналатын жерлерге арнайы лотоктар орнатылды. Және жолға 90 тонна асфальт төселді.Бұдан бөлек, тұрғындар мен оқушылардың жүріп-тұруын жайлы жағдай жасау мақсатында №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектептің маңындағы жаяу жүргіншілер жолы да жөнделді. Аяқ жолға бордюрлер орнатылып, асфальт салынды.Осылайша, билік пен бұқараның бірлесе жүргізілген жұмыстарының барысында Ақсукент ауылдық округіндегі бірқатар мәселелер оң шешімін табуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891607
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ МАЛАЙЗИЯ МЕН СИНГАПУРҒА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА АТТАНДЫ 27.11.2024
Жаңа оқу жылында облыстық білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ 2024-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына сәйкес «Daryn teacher» ЖШС-мен бірлесе отырып халықаралық оқыту курсын ұйымдастырды.Курс үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезең онлайн форматта өтті. Нәтижесінде үздік деп танылғандар Алматы қаласында іріктелді. Соңында екі кезеңнен өткен педагогтар Малайзия және Сингапурға аттанды.Халықаралық оқыту курсының үшінші кезеңі 2024 жылдың 24 қарашасы мен 30 қарашасы аралығында «Мұғалімдердің болашақтағы және заманауи білім беру сапасын арттыру» тақырыбында өтуде.Курстың алғашқы күні педагогтер Малайзия астанасы Куала-Лумпур қаласында орналасқан «Musium Negara Kuala Lumpur» тарихи мұражайына барып, ел тарихымен, мәдениетімен танысты. Мұражайда ежелгі тас дәуірінің бұйымдары, малай халқының ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттар, монарх тағы және тағы басқа құнды жәдігерлер қойылған.Күннің екінші жартысында педагогтер Куала-Лумпур қаласының көрікті орындарына саяхат жасады. 88 қабаттан тұратын, биіктігі 451 метр әлемге әйгілі «Петронас» қос мұнарасына барып, сәулет өнерінің жетістіктерімен танысты.Мұнарада орналасқан окенариум педагогтар үшін ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар «Taman botani perdana» ботаникалық бағына барып, сан түрлі өсімдіктер әлемінің ғажайыптарына куә болды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891609
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 27.11.2024
Түркістан облысында бастауыш сынып оқушылары бір реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Жалпы 2024 жылы өңірде 220 920 оқушы тегін тамақтануда. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Жалпы Түркістан облысы бойынша қадағалауда 1 062 мектеп пен 21 интернат ұйымы бар. Оның 829-ы мектеп асханасымен қамтылса, 37-і буфетпен, 56-ы кейтеринг қызметімен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысына қарасты, Бесшоқы ауылындағы №8 мектебінің 460 оқушысы тамақтан уланған болатын. Осы жағдайға байланысты ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен қадағалаудағы барлық мектептің асханаларына бақылау-парағына сәйкес мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қыркүйек айынан бастап өңірдегі барлық мектептің асханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді»,— деді департамент басшысы.Спикердің сөзінше, мектеп асханаларына қойылатын негізгі талаптарға ас блогының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы міндеттеледі. Сонымен қатар, білім алушылардың ауыз су режимін ұйымдастыру мен азық-түлік өнімдерінің жарамдылығы да маңызды.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/891610
Зеренді ауданының тұрғындары жаңа баспана алды 27.11.2024
Ақмола облысының Зеренді ауданында көпбалалы отбасыларға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.Іс-шара тұрғын үй құрылысын дамытудың және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өтті. Аудан әкімдігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж отбасылар үшін жеті пәтер сатып алды. Пәтерлер абаттандырылған тұрғын үйде орналасқан және әрқайсысының ауданы 84 шаршы метрді құрайды.Баспана кілттерін тұрғындарға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды. Жаңа қоныстанушылар арасында бес баланың анасы Самал Мәдимұханбетованың отбасы бар.«Біздің отбасымыз үшін бұл қуанышты және маңызды оқиға. Көмек көрсеткені, өмір сүруге қолайлы жағдай жасағаны үшін мемлекетімізге алғыс айтамыз», - деді зеренділік тұрғын.Сол күні Зеренді ауданына жаңа мамандандырылған техника берілді. Олардың арасында жедел медициналық жәрдем, аударғыш жүк көлігі, ассенизатор машинасы, шағын автобус және т.б. көлік түрлері бар.Автопаркті жаңарту коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.Өңір басшысы бұл шара ауданда өмір сүру сапасын едәуір арттыруға және қызметтердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.Заманауи жедел жәрдем көліктері әсіресе шалғайдағы елді мекендерден шақырту түскен кездегі медициналық қызмет көрсету уақытын едәуір қысқартады.«В» және «С» класты автомобильдер шұғыл медициналық көмек көрсету үшін толық жабдықталған. Олар өкпені жасанды желдетудің портативті аппаратымен, көлік дефибриллятор-мониторымен, реанимациялық жинақпен, электрокардиографпен, сондай-ақ реанимациялық-анестезиологиялық мақсаттағы көлік мониторымен жабдықталған. Бұл жабдық пациенттерге ең қиын жағдайларда да көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/891594
Зеренді ауданының дамуы: болашағы мен жоспарлары 27.11.2024
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданды дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.Өңір басшысы ауданның өнеркәсіптік әлеуетіне ерекше назар аударды. Зеренді ауданының облыстың жалпы өнеркәсіптік өндірісіне қосқан үлесі «Altyntau Kokshetau» АҚ ірі алтын өндіруші фабрикасының жұмысының арқасында 24,8% құрайды. Алайда, осы кәсіпорынды есепке алмағанда ауданның үлесі небәрі 2%-ға дейін төмендейді. Бұл өнеркәсіпті әртараптандыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.Атап айтқанда, әкім сусындар, косметика, парфюмерия және отын өндірісі сияқты салаларда пайдаланылуы мүмкін этил спирті өндірісін дамытудың маңыздылығын атап өтті, бұл экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.Аудан агроөнеркәсіп кешенінде жоғары көрсеткіштерге ие. Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі гектарына 21 центнерді құрады, бұл – былтырғы нәтижеден 2,3 есе жоғары.«Саланы одан әрі дамыту үшін аграршыларға өсімдік шаруашылығын әртараптандыру шараларын белсенді қолға алу, майлы және жемшөп дақылдарының алқаптарын ұлғайту, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуді қажет», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.Бұдан басқа, ауданда мал шаруашылығы дамуда, ірі бордақылау алаңдары мен фермалар жұмыс істейді, ал алдағы екі жылда 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарлануда.Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін өңір басшысы тамақ өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамытуға, сондай-ақ кірпіш пен керамикалық плиткалар өндірісін ұйымдастыруға баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, қолда бар инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді ескере отырып, Қарағай станциясында индустриялық аймақ құру бастамасы айтылды.Талқылаудың тағы бір негізгі бағыты туризм саласы болды. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Зеренді курорттық аймағы орасан зор әлеуетке ие, алайда жыл сайынғы туристік ағын әзірге 30 мың адам деңгейінде қалып отыр. Әкім инвесторларды тарту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және кәдесыйлар мен жергілікті деликатестерді қоса алғанда, туристер үшін өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдау қажеттігін атап өтті.Марат Ахметжанов ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың рөліне ерекше тоқталды. «Ауыл аманаты», «Кең дала», «Дипломмен ауылға» және т.б. бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру мәселесіне көңіл бөлу тапсырылды.Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалады. Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғын үй және жол құрылысы, ТКШ, білім беру және басқа да салалардың өзекті мәселелері қаралды.«Аудан өзін-өзі қамтамасыз етеді, өз кірістерінің есебінен жергілікті шығындарды жабуға қауқарлы. Алайда, облыстық бюджетке тәуелділік сақталуда. Аудан басшысы бюджеттің кіріс бөлігін жақсарту бойынша жұмыс істеуі қажет, бұл көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады М.Ахметжанов.Кездесу соңында «Ақмола - еңбек озаты» төсбелгісімен, ақшалай сертификаттармен, «Сағадат Нұрмағанбетовке 100 жыл» медалімен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар марапатталды. Аудан тұрғындарын жеке қабылдау кезінде зеренділіктер облыс әкімінің алдында тұрғын үй, жер, жол жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/891611
Ғылыми-техникалық кеңес ТКМК басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімін бекітті 27.11.2024
Ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы 2024 жылдың қазанында өтті. Кездесу барысында тау-кен-металлургия кешені (ТКМК) саласындағы басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімі қаралып, бекітілді.Тізім 10 бөлімнен тұрады:геология және геотехникатау-кен ісібайытуметаллургиятехнологиялық процестерді цифрландыру және автоматтандыруэкологиякөмірхимияэнергетикаеңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасыжаңа өндірістерді зерттеу.Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) ғылым, технология және инновация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға бағытталған қызмет атқарады, оның ішінде ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру. ҒТК-ның негізгі функциясы – ғылыми зерттеулер мен технологияларды дамытуға жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражатты әділ және ашық бөлуге ықпал ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық бағдарламаларды қарастыру, келісу және олардың орындалуын бақылау.Кеңес зерттеу нәтижелерін қолдануға ұсыныстар әзірлейді, жоғары технологиялық өндірістер құру және инновацияларды енгізу үшін ғылыми және білім беру ұйымдары, сондай-ақ бизнес өкілдерімен ынтымақтастыққа ықпал етеді. Бұл реттелетін салаларды кешенді дамытуға жағдай жасайды.Жақын арада ҒТК-ның кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.Басымдық берілген қызмет түрлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/891566
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру 27.11.2024
2024 жылғы 30 қараша күні Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шәрбиевтің Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.📍Кездесудің мекен-жайы: Қызылорда қ. Достық үйі, Ы.Жахаев көшесі 24 үй.08:30 – 09:30 - азаматтарды жеке қабылдау;09.30 – 10.30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;10.30 – 11.00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.📩Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: +7 702 280 9442 және электрондық мекен-жайларға: Kzl_oti@mail.ruКездесулерге жазылу үшін ұялы тел. +7 702 280 9442 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз. Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.#халықпенкездесуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/891608
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті 27.11.2024
«Іле» оқу полигонында Алматы, Талдықорған және Қонаев гарнизондары сержанттарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды.Бес күндік оқу-әдістемелік жиынға мамандық бойынша дайындық, әдістемелік және бақылау сабақтары кірді.Нұсқаушылар атыс қаруы, қару-жарақ (БТР, «Арлан» БКМ), гранатомет және қол гранаталары, мергендік іс, тактикалық, медицина, байланыс және тау дайындығы секілді жеті бағыт бойынша оқудан өтті.– Нұсқаушылардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамды оқытудың бірыңғай әдістемесін және мамандық бойынша оқытудың озық тәжірибесін игеруге басты назар аударылды, – деп нақтылады Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі бөлім нұсқаушысы 1-сыныпты сержант Рашид Бисенғалиев.Жиын аяқталғаннан кейін қырықтан астам сержант жеке құрамды мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін сертификаттар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891581
Қазақстан мен Словения СІМ арасындағы саяси ынтымақтастықты тереңдетуде 27.11.2024
Астана, 2024 жылғы 27 қараша – Қазақстан мен Словенияның сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың үшінші раунды ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті.Консультациялар барысында екі елдің дипломаттары саяси ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстар, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылап, 2025 жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар мен сапарлардың күнтізбесін қарастырды.Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Словенияны Еуропалық одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді. Ол Қазақстанның Словенияда жаңадан ашылған елшілігінің екіжақты қатынастарды нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.Словения делегациясының басшысы Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Марко Штуцин Қазақстанды Словенияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде атап өтіп, әр түрлі салалардағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланысты талқылау барысында Словения дипломаты Қазақстан мен ЕО арасындағы визалық режимді жеңілдету бойынша қолдауын растады.Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділіктерін білдірді.Сұхбаттастар сыртқы істер министрліктері арасында белсенді және нәтижелі диалогты жалғастыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Словениядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 36 млн АҚШ долларына жетті. 2023 жылы Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 111,5 млн долл. құрап, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде тауар айналымы 92,5 млн долларға жетті, оның ішінде экспорт 4,4 млн долл., импорт 88,1 млн долл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/891540
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ТЖ алдын алу мәселелері талқыланды 27.11.2024
Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының базасында «Төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы ақпараттық жүйелерді жобалаудың, әзірлеудің және қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының қызметкерлері, ғалымдар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, сондай-ақ әртүрлі елдердің төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мамандар онлайн түрде қатысты.Конференция төтенше жағдайлардың алдын алуға және жедел әрекет етуге көмектесетін заманауи технологияларды дамытуда тәжірибе мен білім алмасуға бағытталған.Академия бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Миржан Әлменбаев өз сөзінде төтенше жағдайлардың жиілігі мен ауқымының артуы жағдайында халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол ғылыми және технологиялық қауымдастықтардың бірлескен күш-жігері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және шығындарды азайтуға көмектесетінін айтты.Бағдарламаға сәйкес Академияның ТЖҚ кафедрасының аға оқытушысы капитан Марлен Бахтияр «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу кезінде геоақпараттық жүйелерді қолдану критерийлері» тақырыбында баяндама жасады. «Табиғи апаттар, техногендік апаттар, пандемия және лаңкестік әрекеттер сияқты төтенше жағдайлар адамдардың өміріне, денсаулығына және әл-ауқатына, сондай-ақ қоғамның экономикалық дамуына үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу, бақылау және басқарудың тиімді әдістері мен құралдарын әзірлеу және пайдалану өзекті болып табылады», - дейді спикер.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамалары мен ұсыныстарын қамтитын материалдар жинағы дайындалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/891547
376 үміткер «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне алынды 27.11.2024
Бүгін жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеуге және оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының екінші легі қорытындыланды. Естеріңізге сала кетейік, ол өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған болатын. Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.Резервистермен кездесуде Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.«Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттырудың бес негізгі бағытын айқындады. Оның ішінде тиімді менеджментті дамытуға және кадрлық резервті құруға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз «Өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске қостық – бұл отандық білім беруді дамытудың жаңа кезеңі. Алты ай ішінде сіздер әртүрлі іріктеу кезеңдерінен өтіп, көшбасшылық, кәсіби және басқарушылық дағдыларыңызды жетілдірдіңіздер. Енді сіздердің алдарыңызда отандық білім сапасын арттыруға үлес қосу, ең бастысы, балаларымыз бен педагогтеріміз үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша үлкен міндет тұр», - деді министр.Айта кету керек, биыл жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны өткен жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 13 796 өтінім берілген. Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Бүгін оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді. Жаңа буынның менеджерлері кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқарады деп күтілуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/891561
ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы азаматтарды қабылдады 27.11.2024
Әділет министрлігінде Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітова азаматтарды қабылдап, өтініштерін тыңдады.ШҚО тұрғыны әділет органдарының қызметіне қатысты шағымдарын жеткізді.Сандуғаш Ерсейітова істің мән-жайын зерделей келе, мәселені жедел шешуге шаралар қабылдады.Сондай-ақ, Аппарат басшысы сот шешімдерін орындау кезінде әділеттілік пен барлық заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Көтерілген мәселелер жан-жақты сарапталып, заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге жеткізілетін болады.Әділет министрлігі осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/891563
Заң және тәртіп: Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полицияға жеткізілді 27.11.2024
Елордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар мен гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексереді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілері анықталады.Рейдтік іс-шаралар шеңберінде аудандық ІІО-ға 165 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала есепке алынды.Жедел іс-шара барысында 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» бойынша 109 факті бар.Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелерінің иелері сағат 22.00-ден кейін ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына және жүруіне тыйым салынады.Рейдтік іс-шаралар қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын дамыту және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мақсатында жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891402
Астанада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті 27.11.2024
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-2024» конкурсы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталған байқауға қатысып, сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова Отанның тұтастығын сақтау әр отбасының татулығымен тығыз байланысты екенін атап өтті.«Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік те, патриоттық сезім де отбасынан бастау алады. Бүгінгі байқау да қажырлы еңбек, өнегелі тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқан отбасыларды үлгі етуді көздейді. Бұл байқауға қатысушылардың барлығы – түрлі салада жетістікке жетіп, әулет абыройын асырып, құрметке бөленгендер. Олар қашан да қоғамның айнасы бола алады деп сенеміз», - деді Назгүл Сейітқожақызы.Байқауға қатысу үшін 60-тан астам отбасы өтінім берген. Отбасылық жұптарға арналған зияткерлік турнирден іріктеліп шыққан 10 отбасы ақтық кезеңге жолдама алып, «Үздік жас отбасы» шығармашылық байқауында бағын сынады.Байқауға Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова, «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев, «Үздік жас отбасы-2023» байқауының жеңімпазы Гаухар Сәдуақасова және жастар ұйымдарының жетекшілері қазылық етті.Қазылар алқасының шешімімен Көшеновтер отбасы жеңімпаз болып танылып, 700 мың теңгенің сертификаты мен бас жүлдеге ие болды. Ал екінші орын алған Ендібаевтар отбасы 450 мың теңге, үшінші орындағы Сәметовтер отбасы 350 мың теңгені қанжығасына байлады. Өзге қатысушылардың әрқайсысына 100 мың теңгеден ақшалай сыйлық пен алғыс хат табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891412
Таза Қазақстан: елордалық бапкерлер «Тазалық пен тәртіп – жеңіске жол!» челленджін бастады 27.11.2024
Елордалық бапкерлер «Тазалық пен тәртіп – жеңіске жол!» челленджіне арнап бейнеролик түсірді. Жаттығу барысында олар балаларға тазалық пен тәртіптің маңыздылығын түсіндірді. Осындай бейнеролик түсіргендер қатарында дзюдо спортының, батуттық гимнастиканың және шорт-тректің бапкерлері бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордадағы №2 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шорт-трек бөлімнің жаттықтырушы-оқытушысы Ғалия Жұмағазиева тазалықтың әр адамнан басталатынын атап өтіп, әріптестерін өз шәкірттеріне үлгі болуға шақырды.«Тазалық – тәртіптен басталады. Мен әрқашан шәкірттеріме таза жаттығу зал – таза ойлар мен айқын мақсаттың бастауы екенін айтамын. Бұл спортшы үшін өте маңызды, себебі жаттығу залындағы тәртіп пен тазалық тәрбие, жауапкершілік және өз еңбегіне деген құрметті көрсетеді.Бейнероликтің негізгі идеясы – залдағы тазалықтың тек шаңның жоқтығы емес екенін көрсету. Әрбір спортшы алдымен өзінен бастау керек, жаттығу залындағы тәртіп пен тазалықты сақтау керек.«Мен нағыз чемпион тек жарыстарда жеңіске жетуші ғана емес, сондай-ақ қоғам үшін үлгі болатын адам деп санаймын. Бапкер әрдайым үлгі болуы керек! Біз барлық бапкерді шәкірттеріне тәртіп пен тазалықтың маңыздылығын түсіндіріп жүруге шақырамыз», – деп атап өтті Ғалия Жұмағазиева.Елордадағы Дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар осындай профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті.«Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мектептері мен мекемелерінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған түсіндіру шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ерекше назар тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, вандализмнің зиянды салдарын түсіндіруге, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға аударылады. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, болашақта жақсы дәстүр ретінде жалғасын табады», – деді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.Бұл челлендж жалпы Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бір бөлігі болып, жастар арасында жауапкершілік пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891467