Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматыда жыл басынан бері бұған дейін жарықтандырылмаған 95 учаскеге жарық тартылды 27.11.2024
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда қала тұрғындарын сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Оның бағыттарының бірі - тарихи көше шамдары болмаған аумақтарды жою. Ағымдағы жылдың 10 айында «Алматы Қала Жарық» МКК бригадалары 95 ауланы, көшелер мен тұйық көшелерді жарықтандырып, онда 500-ден астам тіректер мен кронштейндер мен осынша мөлшерде шамдарды орнатты. Бұрын жарықтандырылмаған учаскелердің ұзындығы 20 шақырымды құрады. «Біздің Кемел шағын ауданында Қапшағай трассасы ауданындағы Қазанат көшесінде жарық ешқашан болған емес. Мұнда көптеген адамдар тұрады, бұрын бәрі үйлеріне қараңғыда жететін. Әсіресе мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге қиын еді. Алматы Қала Жарыққа хабарласқаннан кейін бізге жаңа шам бағаналары қойылды, жарық қосылды, сол үшін үлкен алғыс айтамыз. Енді адам сияқты өмір сүріп жатырмыз», - дейді «Қазанат» МИБ төрағасы Бақыт Арыстанова.«Ақбұлақ шағын ауданындағы Мұқаев көшесі тұйықталып аяқталады, ал оның соңында қандай да бір себептермен көше жарығы болмайтын. Ал мұнда көп балалы отбасы тұрады, оқушылар қараңғыда сабақтан қайтарда қатты қорқатын. Жарықтандыру бізге өте тез орнатылды, Алматы Қала Жарыққа хабарласқаннан кейінгі күні бригада келіп, шұңқырлар қазып, бағаналар орнатты. Тағы бір күннен кейін шамдар ілініп, жарық берілді, енді көшеміз жап-жарық, бұл тұрғындар үшін мереке деуге болады, баршаңызға үлкен рахмет», - дейді Алатау ауданының тұрғыны Лунара Сембаева. «Алматы Қала Жарық» хабарлағандай, жыл соңына дейін қалада бұрын жарықтандырылмаған тағы 25 көше мен тұйық көше жарықтандырылады. Жаңа жарық нүктелерін орнату аудандық әкімдіктердің өтінімдері бойынша жүргізіледі, олар проблемалық учаскелердің тізімін қалыптастырады. Олар бойынша жұмыс жоспары мен қосылу кестесі жасалады. Қазір 2025 жылға арналған жарықтандырылмаған учаскелерді жою бойынша ақпарат дайындалуда.Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында Алматыда 27 мыңнан астам шам орнатылып, ауыстырылды, шамамен 300 км кабель тартылды, екі мыңнан астам жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды. Қала тұрғындарының 24,5 мың өтінімі пысықталды, бұл келіп түскен барлық өтініштердің 93% -ын құрайды. 5,5 мыңнан астам қысқа тұйықталу және желідегі 4 мыңға жуық үзілген жерлер жойылды. Магистральдық көшелерде 45 км жарықтандыру жөнделді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/891065
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған халықаралық форум басталды 27.11.2024
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум қос елдегі туристік индустрияның 300-ден астам өкілін тоғыстырады.Оның аясында пленарлық сессия, «Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы» және «Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/891051
Мұрағаттық анықтамаларға апостиль қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіледі 27.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Бірінші бөлімде қағидалардың 1-тармағы заңға сілтеме жасау кезінде оның қабылданған күнін көрсетпеуді талап ететін «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтірілген.«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 27-2-бабының 9-тармағын орындау үшін қағида 11-тармағының сегізінші бөлігі мынадай мазмұндағы ережемен толықтырылды: «Қазақстан Республикасының көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда заңнаманы бұзу бойынша кедергілер жасалғанда, одан бөлек көрсетілетін қызмет көрсетуді алуға қайта жүгінбей-ақ қалпына келтіру шаралары қабылданады». Министр бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 10 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15309623 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/891043
60-шы Венеция өнер биенналесіндегі Қазақстан павильонын шамамен 98 мың адам тамашалады 27.11.2024
60-шы Венеция өнер биенналесінде Қазақстанның ұлттық павильонына шамамен 98 мыңдай адам келді.Биыл Венеция биенналесі тарихындағы келушілер ең көп болған жылдардың бірі. Келушілердің жартысынан астамы шетелдіктер.Айта кетейік, «Шетелдіктер барлық жерде» тақырыбымен өткен 60-шы Венеция биенналесі 2024 жылғы 20 сәуір мен 24 қараша аралығында өтті. Оған 90 елден келген суретшілер қатысты.Қазақстанның ұлттық павильоны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен осы беделді көрмеде ұсынылды. Көрме қонақтары «Jerūiyq: көкжиектен тыс көзқарас» жобасының экспозициясын тамашалады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891058
Уфада өткен форумда Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері бизнес-идеяларды талқылады 27.11.2024
Башқұртстан астанасы Уфа қаласында «Ресей мен Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігі: тәжірибе алмасу және әріптестік келешегі» атты жас лидерлер форумы өтті. Бұл кездесу Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың ХХ форумы аясында ұйымдастырылды. Форумға 300-ден астам адам қатысты.Іс-шара мақсаты – екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, жас кәсіпкерлер қауымдастығын құру және жаңа іскерлік мәдениетті қалыптастыру.Екі елдің жас кәсіпкерлері бірлескен жобаларды, ғылыми-білім беру бағдарламаларын талқылап, табысты әдістер мен кейстерді бөлісті. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау шараларын талқылауға ерекше назар аударды.Сондай-ақ форум аясында студенттік стартаптарды талдау және дәстүрлер негізінде заманауи бизнес тұжырымдамаларын қарастыруға арналған жеке сессиялар өтті.Форумның соңы стратегиялық сессиямен қорытындыланды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/891078
Келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждері педагог-ассистент дайындай бастайды 27.11.2024
Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және мектептерде инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізуде. Мұндағы маңызды қадамның бірі - педагог-ассистент мамандарын даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру есебінде (ПМПК) ерекше білім беруді қажет ететін 203 мың бала бар. Олар 496 арнайы білім беру ұйымдарында оқиды. Білім беру ұйымдарында инклюзивті орта қалыптастыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін балабақшалардың 69%-да, мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да жағдай жасалған. Мектептерде 1071 арнайы жасақталған кабинет жұмыс жасайды. «Еліміздің мектептерінде «педагог-ассистент» лауазымы енгізіліп, мамандар саны бір жылда 1000-нан 2,5 мыңға дейін артты. Педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс жасайды. Мамандарға деген қажеттілікті ескере отырып, келесі оқу жылынан бастап еліміздің колледждерінде «педагог-ассистенттер» дайындау қолға алынуда», - дейді Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева. Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім алу жағдайын жақсарту және білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/891061
Ауыл мектептері оқушыларына арналған ІІ Республикалық олимпиада басталды 27.11.2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиада басталды.Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған респубилкалық олимпиада өткен оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.Биылғы жылы республикалық білім додасында өңірлерде өткен олимпиадалардан суырылып шыққан 1000-ға жуық оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттың 6 пәні (26-30 қараша аралығында) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 7 пәні бойынша (10-14 желтоқсан аралығында) бақ сынасады.«Ауылдық жерлерде оқитын балаларды қолдау, олардың жоғары білім сайыстарында өз мүмкіндіктерін сынауға жағдай жасау және талантты, дарынды балаларды анықтау мақсатында соңғы екі жыл бойы ауыл мектептерінің олимпиадасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ауыл мектептерінің республикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңіне 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық деңгейге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы өз білімін шыңдап, 1000-ға жуық оқушы іріктелді. Оның ішінде 486-сы жаратылыстану-математикалық бағытта, ал 450-і қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім сайысына қатысады», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталады.Сонымен қатар, республикалық кезеңнің барлық қатысушылары интеллектуалды жарыстарға дайындалу мақсатында «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Ал I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылы өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/891066
10 айдың даму қорытындылары 27.11.2024
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, оның барысында 2024 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.Осы кезеңде экономикалық өсім 16,5 пайызды құрап, негізгі салаларда да өсім байқалды. Құрылыс жұмыстары 27,3%, тұрғын үй құрылысы – 22,9%, ауыл шаруашылығы — 30,2%, өнеркәсіптік өндіріс – 0,1%, инвестициялар көлемі – 9,4%- ға өсті.Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқармаларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне әлеуметтік — экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/890936
Бүгін СҚО-да еркін күрестен әлем чемпионы, жерлесіміз Нұрқожа Қайпановқа құрмет көрсетілді. 27.11.2024
🥇Спорттық жетістіктері үшін әлем чемпионына СҚО әкімінің құрмет грамотасы мен автокөліктің кілті табыс етілді. Жеке бапкері Сағындық Бейсембаевқа ақшалай сыйақы берілсе, Нұрқожаның ата-анасы Аралбек Қайпанұлы мен Перизат Қанатбайқызы СҚО әкімінің алғысына ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/890941
SUPER 10: Қарағандыда заманауи суретшілер көрмесі ашылады 27.11.2024
"Алтын ғасыр" галереясы 29 қарашада сағат 16:00-де заманауи өнер көрмесіне шақырады. "SUPER 10" жобасы Қарағандылық жеті суретшіні біріктірді.2014 жылы дарынды қарағандылықтар тобы Суретшілер одағына қабылданды. 10 жылдан кейін олар көрме жобасына қатысу үшін бірігу туралы шешім қабылдаған. Павел Боженков, Қуаныш Балабеков, Владимир Фатьянов, Галина Коломенская, Мариана Макеева, Сергей Шешенов және Евгений Ким өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынбақ."Super 10" жобасы көрермендерді абстракция мен сюрреализмнен реализм мен минимализмге дейінгі әртүрлі стильдер мен әдістер бойынша қызықты саяхатқа шақырады. Көрмедегі әрбір жұмыс суретшінің жеке талантын ғана емес, сонымен қатар заманауи өнердегі жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды зерттеуге деген ұмтылысын көрсетеді", – дейді ұйымдастырушылар.Экспозиция 8 қаңтарға дейін жалғасады.Кіру тегін.Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890825
Қараша конференциясы: Қарағандыда бизнес өкілдері мен жоба әзірлеушілерге арналған кездесу өтеді 27.11.2024
"Террикон алқабы" it-хабы 29 қарашада өтетін кезекті конференцияға өтінімдерді қабылдауды бастады. Іс-шара айтишник пен digital-мамандарға бағытталған.Алты сарапшы әртүрлі саладағы білім және тәжірибесімен бөліседі. Спикерлердің әрқайсысы өз саласының маманы.Компанияның негізін қалаушы және коммерциялық директоры Hoster.KZ Виктория Бандельман "Компанияның түсінікті ұйымдық құрылымы – пайда мен өсудің негізі" атты дәріс оқиды.CEO Zima Blue, Sea ELDER Фарангиз Шукашева компанияларға стратегиялық шешімдер қабылдау үшін зерттеулер мен деректерді қалай тиімді пайдалану керектігін айтады.Тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің "Жеке Қаржы: қалай байып, жинаған қорды қалай жоғалтпау керек" тақырыбындағы дәрісі бюджеттеу, шығындарды басқару, тәуекелдерді басқару және салықтық жоспарлау тәрізді бағыттарды қамтиды.Aviata-дағы data engineer Ержан Кабыл "Data Science бойынша Kaggle-дегі міндеттерді шешу: Titanic кейсін талдау" тақырыбын таныстырады.Қазақстандағы Cloud mL СЭС Болат Қазкенов мансаптық жолды қалай құруға болатыны туралы құпиямен бөліседі.«Кotlin тілін қолдануға көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары» тақырыбында неконференцияда NITEC компаниясының Staff Software Engineer-і Темірлан Аманбаев сөз сөйлейді. Формат: онлайн/офлайн. Басталуы: 18:30.Қатысушыларды сайтта тіркеу: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890837
Қарағандыда шағын қалаларды дамытуға арналған "Қазақстан халқына" қорының тұжырымдамасы таныстырылды 27.11.2024
"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры "Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер" жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оны алғаш рет Қарағандыда таныстырып, бизнес-қоғамдастықты серіктестік құруға шақырды.Облыс әкімдігінде ірі компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесу өтті.– Бізде дайын бағдарламалар, бірқатар бағыттар бойынша сараптамалар бар. Бүгінгі кездесудің мақсаты – бірінші кезекте Қордың мүмкіндіктерін көрсету. Біз белгілі бір аймаққа назар аударуға дайынбыз. Қарағанды облысы – жаңа тұжырымдаманы ұсынып отырған бірінші аймақ. Біз өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен жақсы қарым-қатынас жасаймыз. Облыс әкімдігімен бірлескен жобалар өте көп, – деп атап өтті "Қазақстан халқына" ҚҚ қайырымдылық бағдарламаларын үйлестіру және донорлармен өзара іс-қимыл орталығының басшысы Шыңғыс Шарапиев.Тұжырымдама шағын қалалардағы адамдардың өмірін жақсарту үшін үштік одақты қамтиды. Қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын нақты қажеттіліктерге бейімдей отырып, қордың, биліктің және жергілікті бизнестің өзара іс-қимылын кеңейту ұсынылады. Бұл тәсіл мәселелерді шұғыл шешуге мүмкіндік береді, дейді құжатты жасаушылар.Тұжырымдаманы іске асыру медицина және білім беру, әлеуметтік инфрақұрылым, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.– "Қазақстан халқына" қоры бізге жаңа технологиялар, жаңа жабдықтар беріп қана қоймайды. Ол жаңа мүмкіндіктер береді. Бағдарламаларға сараптамалық сүйемелдеу, біздің мамандарды осы құрылғыларда жұмыс істей алатындай етіп оқыту кіреді. Өз кезегінде, біз жергілікті билік ретінде жабдықтарды орнатуға, кабинеттерді жөндеуге, инфрақұрылымға ақша бөлеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов. – Қор серіктестік қатынастарды ұсынады. Біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз. Облыс бюджеті әлеуметтік бағдарланған, шығыстардың жартысынан көбі әлеуметтік салаға тиесілі. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнесті қолдау өте маңызды. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890833
Теміртау және Қарағандыда өтетін балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктер 27.11.2024
Жаңа жыл жақындап қалды. Демек, балаларға арналған ертеңгіліктер де дайындалуда. Қарағанды және Темуртауда жас көрермендер назарына ертегі кейіпкерлерімен кездесу, ән салып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шаралар ұсынылады. Ертеңгіліктердің өтетін орын мен уақыты төменде келтірілген.Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінЖаңа жылдық қойылым және «Цветик-семицветик» мюзиклі, 5+.Жазушы Валентин Катаевтың осы аттас ертегісі негізінде қойылған спектакль. Женя есімді қыз бала сыйлық ретінде сиқырлы гүл алды. Егер арманыңызды айтып, оны жұлып алсаңыз, гүлдің әр жапырақшасы бір тілекті орындайды. Бас кейіпкер қандай тілектер айтып, соңғы жапырақшаны қалай қолданғанын көрермендер ертегіден біледі.20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған «Кішкентай жыланның шытырман оқиғалары» Жаңа жылдық қойылым және интерактивті ертегі.Кішкентай жылан Жаңа Жылды қарсы алуды армандайды. Ол жылы үңгірінен шығып, ертегіге келген достары қоян мен балаларды табады. Айлакер Қарға достарын алдап, олардан сыйлықтар салынған дорба мен шырша ойыншықтары салынған сөмкені тартып алуға тырысады. Ертегі соңы немен аяқталады: жақсылық немесе жамандықпен?«Буратино» театр-студияся20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінЖаңа жылдық қойылым және «Сиқырлы ойыншықтардың құпиясы» қуыршақ ертегісі, 3+.Ертегі кейіпкері ғажайыптарға сенбейді. Ол тіпті көп ойыншықтарға риза болмайды. Алайда олар сиқырлы болып шығады. С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театры21 желтоқсаннан бастапШырша айналасындағы Жаңа жылдық қойылым және қазақ халық ертегісі «Ұр, тоқпақ» пен орыс халық ертегісі «Теремок» негізінде қойылған қойылымдарды таңдауға болатын екі спектакль бар. Қойылымдардың басты тақырыбы – зұлымдыққа қарсы күрес, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру. Спектакльдерге театрдың қуыршақ труппасы да, әртістер де қатысады.Кеншілер мәдениет сарайы20-нан 30-шы желтоқсанға дейінЖаңа жылдық ертеңгілік. Бағдарламада ойындар, конкурстар, билер, тәтті сыйлықтар, Аяз Ата, Ақшақар және мультфильм кейіпкерлері бар.С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театры21–27, 30 желтоқсан 11:00, 13:30, 16:0028, 29 желтоқсан 10:00, 12:30, 15:00, 17:30Шырша маңындағы Жаңа жылдық қойылым және «Кірпі мен теңіз» философиялық ертегісі. Басты кейіпкер теңізді көру үшін жердің шетіне аттанбақшы. Қысқы ормандағы бақыт, достық және ғажайыптар туралы қойылым.Жас көрермендер театры21, 22, 28, 29 желтоқсан 18:004, 5 қаңтар, 18:00«Детективы на страже» театр квесті, 9+.Жаңа жыл қарсаңында әлемдегі ең ерекше мұражайда батыл қылмыс жасалды – басты жәдігер жоғалып кетті. Егер сіз оны уақытында қайтармасаңыз, онда қатерлі жағдай орын алады: уақыт артқа жылжып, Жаңа 2025 жыл болмайды! Жаңа жыл галактикааралық мұражайы жоғалған артефактіні іздеу үшін құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін шұғыл түрде детективтер тобын жинайды.21, 22, 28, 29 желтоқсан 12:00, 14:004, 5 қаңтар 12:00, 14:00«The Grinch и сказочный патруль» жаңа жылдық ертегісі 3+.Мерекені ұрлайтын Гринч тағы бір зұлымдықты ойластыруда: ол қуанышты мерекенің ең маңызды себебі – Жаңа жылды ұрлап кетті. Аяз Ата мен Ақшақарға көмектесуге ертегі патрулі – Маша мен Снежок асығады. Сиқырдың көмегімен кейіпкерлер Гринчті жеңуге және сүйікті мерекені қайтаруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890079
WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты сәтті аяқталды! 27.11.2024
WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген талантты жастарды, сарапшылар мен тәлімгерлерді бір алаңда тоғыстырды. Жас мамандар арасында кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған бұл дода Қазақстанның білім беру саласындағы жаңа жетістіктерді көрсетті.Көптеген күндер бойы қатысушылар 30-дан астам құзыреттілік бойынша өз білімдерін, дағдыларын және шеберліктерін көрсете отырып, жоғары дайындық деңгейін, кәсібилікті және жеңіске деген ұмтылысты дәлелдеді. Бұл чемпионат тек қана кәсіби мамандардың арасындағы бәсекелестік емес, сонымен қатар жастардың болашақта ел экономикасына қосар үлесін арттырудың маңызды кезеңі болды.Алматы облысының жеңімпаздарыАлматы облысының қатысушылары бұл додада жоғары нәтижелер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 1 қола және 5 медальон иеленді. Бұл облыстың кәсіби білім беру жүйесінің дамып келе жатқанын, жастардың ерекше қабілеттері мен күш-жігерін білдіреді.Толыбек Нұрсултан – Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық колледжінің 3-курс студенті, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша 1-орын жеңіп алды. Оның кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қиялы жоғары деңгейде бағаланды. Толыбек Нұрсултанның табысы – бұл бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш.Қожамбердиев Ертас – Алматы экономикалық колледжінің 3-курс студенті, «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша 2-орын иеленді. Ертас өзінің кәсіби біліктілігін және наубайханашы ретіндегі шеберлігін ерекше деңгейде көрсетті.Аметов Таиржан – Талғар политехникалық колледжінің 3-курс студенті, «Веб технология» құзыреттілігі бойынша 3-орын алды. Ол веб-технологиялар саласында өз дағдыларын жоғары деңгейде дәлелдеп, болашақта бұл салада үлкен жетістіктерге жететініне сенімділік ұялатады.Толыбек Нұрсултан чемпионаттың жеңімпазы ретінде 2025 жылы Дания елінде өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға аттанады. Бұл халықаралық деңгейде талантын көрсетуге үлкен мүмкіндік болып табылады. Ол елімізді әлемдік ареналарда жоғары дәрежеде танытуға зор үлес қосады деп сенеміз.WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионаты – бұл тек қана кәсіби шеберлік байқауы емес, жастардың өз болашағын қалыптастырудағы маңызды кезең. Қазақстанның болашақ мамандары мен кәсіпкерлері осы секілді шаралар арқылы өз білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады.WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатының жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға үлкен табыс тілейміз! Бұл доданың нәтижелері жастардың кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттырып, еліміздің экономикалық дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/891003
Таза Қазақстан: Алматыда су басуға бейім учаскелер жойылды 27.11.2024
Алматыда су басудың алдын алуға және қаладағы су бұруды жақсартуға бағытталған арық желісін ауқымды жаңғырту жалғасуда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүргізілуде.Ағымдағы жылы әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыстар аяқталды: Алматының шығыс бөлігінде 15 көшеде 7,4 км арық желісі қайта жаңартылды, орталық бөлігінде 67 көшеде ұзындығы 30,1 км арықтар мен нөсер кәрізі жаңартылды, батыс бөлігінде (Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында) 20,5 км арықтар салынды. Шаралар гидрологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарда.Қала тұрғындары жасалған жұмыстар үшін алғыс білдіруде.«Полежаев көшесіндегі су басу мәселесі ақыры шешілгеніне өте қуаныштымыз. Бұрын қатты жаңбырда су тротуар деңгейіне көтеріліп, аулаларымызды су басып, үлкен қолайсыздықтар тудыратын. Бірақ жұмысты аяқтағаннан кейін жолға су жиналмайды және біз де жаңбырлы ауа-райында да алаңсыз жүре аламыз. Осы маңызды іске қатысқандардың барлығына рақмет!»,- дейді аудан тұрғыны Галина. «Мақатаев пен Жұмалиев көшелерінің қиылысын су басу барлық жергілікті тұрғындар үшін нағыз бас ауруы болды. Қатты жаңбырда су жолдарды басып қана қоймай, үйлердің жертөлелеріне дейін кіріп, күрделі мәселелер туғызатын. Қазір бұл жағдайдың өзгергеніне өте қуаныштымын-жасалған жұмыстардан кейін су жиналмайды. Енді біз жаңбыр жауып, бәрін қайтадан су басып кетеді деп қорықпай, көшеде емін-еркін жүре аламыз», - дейді көше тұрғыны Жұмалиева Ерлан.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қыс мезгілі қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/890994
Үржар ауданында әлеуметтік нысандардың жағдайы тексерілді 27.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларымен бірге Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол негізгі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, оларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Науалы орта мектебі шатырының ағымдағы жөндеу жұмыстары тексеріліп, Көлденең орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігі анықталды. Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінде болған делегация қалпына келтірілген қазандық жұмысын көріп, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударды. Сондай-ақ мектеп асханаларының санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмады.«Әлеуметтік нысандар заманауи талаптарға сай болуы керек. Біз үшін балалар мен қызметкерлердің қауіпсіз және жайлы жағдайда болуы маңызды. Ол үшін жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізіп, материалдық-техникалық базаны нығайту қажет», - деді облыс әкімінің орынбасары.Білім ошақтарынан бөлек, Науалы ауылындағы 250 орындық, Көкөзек ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтардың қазіргі жай-күйі бақыланды. Ауылдық клубтардың қызметі тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, халықтық ұжымдардың шығармашылығын дамытуға және жергілікті таланттарды тануға бағытталған. Екі жоба да Үржар ауданының 2025 жылға арналған кешенді даму жоспарына енгізілген.Сапар барысында «Үржар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы» ғимаратының екі қабатты қосымша құрылысының жобасы қаралды. Қосымша ғимраттың жалпы ауданы 2083,8 шаршы метрді құрайды. Мұнда сегіз бағытта қызмет көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық және т.б. Мекеме жүйке-психикалық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға көмек көрсетеді.Жанай ауылында болған делегация күрес және бокс залы, дене шынықтыру залы, 40х20 метрлік шағын футбол алаңы орналасқан спорт модулін аралады. Жасұлан Сәрсебаев спорт инфрақұрылымының сапасын және оның жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болу қажеттігін баса айтты.Іссапар барысында әкім орынбасары білім және мәдениет нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдету, мектептерде санитарлық-техникалық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту, әлеуметтік және спорттық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту бойынша қосымша бағдарламалар әзірлеу, сондай-ақ білім беру және мәдениет саласының нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге назар аударуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/890917
СПЕКА-ның сауданы дамытудағы және орнықты экономикалық өсудегі рөлі 27.11.2024
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда және сауда рәсімдерін оңайлатуға жәрдемдесу мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру, саудадағы кедергілерді азайту және сауда байланыстарын дамыту үшін халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Осы тұрғыда 2024 жылғы 26-28 қарашада Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан СПЕКА Экономикалық Форумы орнықты экономикалық өсімді қолдау мен өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.СПЕКА форумы Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы мен әлемдік экономикаға ықпалдасуы мәселелерін талқылау үшін маңызды тұғырнама болып табылады. Форумның негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыруды қолдау және «жасыл» экономика, энергетикалық тиімділікті арттыру және орнықты көлік желілерін дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлік бастамаларды ілгерілету болып табылады. 2024 жылғы СПЕКА экономикалық форумының мақсаттары:СПЕКА аймағындағы «жасыл» дамуды қолдау үшін өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктерін талқылау.Мемлекеттік қызметшілері мен тиісті мүдделі тараптар арасында: әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; орнықты экономикалық қайта құрулар мен «жасыл» дамуға жәрдемдесуге, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамытуға бағытталған саясат пен стратегиялар саласында білім және тәжірибе алмасу.Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру, бұл сауда үшін жағдайларды жақсартуға және энергетика секторындағы шығындарды төмендетуге тікелей әсер етеді.СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайту, бұл саудадағы кедергілерді азайтуға және өңірдегі бизнес-орта үшін жағдайларды жақсартуға ықпал етеді.Форумның маңызды аспектілерінің бірі 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы күн тәртібі және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған Вена іс-қимыл бағдарламасы сияқты халықаралық күн тәртібіне сәйкес келетін ұлттық даму стратегияларын әзірлеу мүмкіндіктерін талқылау болады. Бұл стратегиялар көлік ағындарын жақсартуға, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға көмектеседі, бұл өңір елдерінің саудасы мен экономикалық интеграциясын дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/890999
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығы 27.11.2024
Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрықпен ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзіндісі Қағидаларында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды: - тауар кодтарын ерікті қолдану (GTIN немесе басқалары); - 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу; - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде килограммен «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде); ТІЖ бланкісін оңтайландыру: К, К1,К2, К3, К4 кіші бөлімдерінен тұратын К бөлімі жаңа бөлімге ауыстырылды (29 бағанға қысқартылды). Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді. ЭШФ АЖ веб-порталында ТІЖ бланкісін өзгерту 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда. Осыған байланысты ЭШФ АЖ сынақ серверінде https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда осы өзгерістерді өз есеп жүйелерінде ескеруге мүмкіндік бар. Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) МКК сайтында жүктеп алуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1. Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша танысуға болады. ТІЖ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/852688
ҚР ЭМ Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 27.11.2024
2024 жылғы 26 қарашада ҚР Энергетика министрлігінде энергетикавице-министрі Бакытжан Ильястің қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.Қоғамдық кеңестің мүшелеріне «СУНП» мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесін мемлекеттік меншікке беру туралы, ҚР Энергетика министрлігінің 2023 жылға және 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған бюджетін атқару туралы, зияткерлік жүйелерді енгізу үшін жалпы бірыңғай техникалық талаптардың болмауы туралы және елімізде «Энергия интернетін» енгізу бөлігінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ қызметі туралы есебі тыңдалды.Сонымен қатар отырысқа «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ өкілдері де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/891004
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 27.11.2024
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері - 19,9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%. Ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері - 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кірістер есебінен ұлғаяды. 2024 жылдың 10 айындағы салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,7% немесе 514,6 млрд теңгеге артық).Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.11.2024 жылға дейін шамамен 2 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 94,5 млрд теңге (өсім 19,8%), ЕЗЖ – 2,6 млрд теңге (өсім 38,0%) жиналды.БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.11.2024 ж. шамамен 2,4 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеге (немесе 92,8%) артық.Төлемдер мен аударымдар2024 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 990 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есеге жуық мөлшерге көп.429,1 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 171,6 млрд аса теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,8% жоғары.Сондай-ақ, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 50,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңгеден аса, жерлеуге төлемдер – шамамен 8,4 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сома аударылды.Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды. ЖЗШ саны2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 16,9 млн бірлік (шоттар саны жыл басынан бері 4,6 млн аса бірлікке немесе 37,5%-ға, бір жылда – 37,9%-ға өсті). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 қарашасына шамамен 12,5 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 705,8 мың - МКЗЖ бойынша, шамамен 433,5 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖМЗЖ ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,5 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/890847