Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан АӨК өнімдері экспортын ұлғайтуда және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр 16.11.2024
Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстан бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылуда.Ауыл шаруашылығы дақылдары экспортының өсуі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) деректері бойынша елімізде жыл басынан бері астық экспортының өсуі тіркелді, бұл ретте жаңа тасымалдау бағыттары игерілуде. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері тасымалы бірнеше есеге артқаны байқалады.«Қазақстандық арпаны Иран соңғы екі айда сегіз есе өсіммен қайта импорттай бастады. 10 айда арпа экспорттық тасымалы 710 мың тоннаны құрап, 69%-ға өсті», — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.Жүгері дәнінің экспорты биыл 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаны құрады. Тәжікстанға тасымалдау 38%-ға, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астамға өсті. Сондай-ақ биыл Иранға жүгері дәнін тасымалдау басталды.Жасымық экспорты 7 есеге артып, 80 мың тоннаға жетті, басым бөлігі Еуропа елдеріне жіберілді.ҚТЖ мәліметінше, бұршақ тасымалы үш есеге артты. Қазақстаннан Ауғанстанға импорт көлемі екі есе, Өзбекстанға үш есе өсті. Сондай-ақ күріш өндірушілер Әзербайжан мен Беларусь жаңа нарықтарын игеру арқылы экспортты +47%-ға (52 мың тонна) арттырды. Сонымен қатар 2024–2025 маркетинг жылында Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр.Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының (МДӨҰҚ) басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі – Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр. Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде $56 млн-ға келісімшартқа отырды. Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, Шанхайда биыл қазақстандық 12 май зауыты май өнімдерін ұсынады.Бүгінгі таңда Қытай қазақстандық май өнімдері экспорты бойынша қаржылай көрсеткіште көш бастап тұр. Майлы дақылдар өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы қазақстандық 24 май зауытын Қытай кеден тізіліміне жедел енгізуге жәрдемдескен салалық министрліктер — ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан болған қолдаудың маңыздылығы атап көрсетті. Сондай-ақ өсімдік майларының ай сайынғы экспорттық көлемін біркелкі бөлу бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен үйлестірілген жұмыс маңызды аспект болып саналады. Май өңдеушілер екі жыл ішінде Қытайға өсімдік майы мен мал азығы экспортын $300 млн деңгейінде жеткізуді жоспарлап отыр.Қазақстанның CIIE–2024 көрмесіне қатысуы Қытай нарығына май өнімдері экспортын кеңейту мен еліміздің Азиядағы сауда позициясын нығайтудағы маңызды қадам болды.Қазақстандағы ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті айтарлықтай үлкен, бұл оның ірі нарықтарға: Қытай, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне жақын болуына байланысты.Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қолдау шараларыӨнеркәсіптік инвесторлар одағының деректері бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 млрд теңгені құрайды, 2025 жылы 300 млрд теңгеге дейін өседі деп болжануда. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 8 кәсіпорында тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығарылады, бұл қазірдің өзінде шаруалардың осы техникаға деген жылдық қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Тағы 20-дан астам кәсіпорын тіркеме және аспалы ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын шығарып, импортқа тәуелділікті азайтуда. Бүгінде тракторлар мен комбайндардың, сондай-ақ аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасының әрбір шығарылатын үлгісіне дәнекерлеу, кесу, ию және бояу операциялары орындалады. Трактор кабиналарын дәнекерлеу және бояу, сондай-ақ энергиямен қаныққан тракторлар корпусы элементтеріне пластикалық бөлшектерін дайындау мерзімінен бұрын игерілді. Келесі жылы өндірушілер астық бункерлерін, көлбеу камераларды, ұсақтағыштарды және комбайн кабиналарын жасау бойынша операцияларды меңгеруді жоспарлап отыр. Еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы машина жасау локализациялау орталығы Қостанайда жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасы мен автоөнеркәсіпке арналған 25 мың бірлік торап, агрегат, компонент пен қосалқы бөлшек шығарады.Биыл отандық ауылшаруашылық техникасын сатып алғанда шаруаларды субсидиялау туралы шешім қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр: жетекші шетелдік өндірушілер біздің нарыққа қызығушылық танытуда. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, әлемге әйгілі John Deere компаниясы Қазақстандағы жергілікті қатысуын құрастыру кооперациясы арқылы кеңейтуді жоспарлап отыр.Deere & Company, Eurasia Group және «Бәйтерек» холдингі құрастыру ынтымақтастығы арқылы John Deere компаниясының Қазақстандағы жергілікті қатысуын кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл стратегиялық серіктестік инновацияларды ынталандыруға, жергілікті өндірістік қуаттарды нығайтуға, елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етуге арналған және Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, цифрлық трансформацияға және тиімділікті арттыруға бағытталады, деп атап көрсетті Ауыл шаруашылығы министрлігі.«Ең озық технологияларды пайдалана отырып және білім алмасуды қолдау арқылы біз экономикаға да, жергілікті қауымдастықтарға да пайда әкелетін тұрақты өсудің негізін қалап жатырмыз», — деді, John Deere ТМД және Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығы және көгал жабындылары бизнесінің президенті Чаба Лейко.Eurasia Group – Қазақстандағы John Deere техникасының ресми дилері.Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қабылданған шаралар аясында биыл келесі бағдарламалар жүзеге асырылды:1. Ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялаудың жаңа тетіктері қабылданды:- инвестициялық субсидиялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде өндірісі Қазақстанда жолға қойылған техниканың импорттық аналогтарын субсидиялау мүмкіндігі алынып тасталды;- ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін несиелер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың сараланған тетігі қолданылды (отандық өндіріс техникасын сатып алу үшін сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін, импорттық техника үшін 15%-ға дейін субсидияланады).Жаңа тәсілдер қосымша бюджет қаражатын тартпай, отандық кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау көлемін екі еседен астамға арттыруға мүмкіндік береді.2. Биыл маусым айынан бастап алғаш рет сыйақы мөлшерлемесі жылына 5% болатын 120 млрд теңге сомасына отандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингінің ауқымды бағдарламасы іске қосылды.Келесі жылы жеңілдікті лизинг бағдарламасының бюджетін 200 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Шаруалардың техника сатып алу қабілетін арттыруда оң динамика байқалады. Мәселен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақпаратына сәйкес, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8 796 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен (5 795 бірлік) 52%-ға артық.Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының дамуына мультипликативті әсер ететінін атап көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/880363
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 47,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 16.11.2024
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 ұйғарым берілді және 46,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,1 млрд теңге төленді.Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.2024 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 552 тексеру жүргізді, оның барысында 7 149 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 310; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 769; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.Жұмыс берушілерге 2 723 ұйғарым беріліп, 338,9 млн теңге сомасына 3 207 әкімшілік айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/880404
Астанада толассыз қар жауып тұр: көшелерді тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шықты 16.11.2024
Қардың мол болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсін құрайды.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт, кейде қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880345
QONAEV CUP 2024: Қаскелеңде халықаралық шахмат турнирі өтті 16.11.2024
10 ноября 2024 года в стенах университета «SDU University» в Алматинской области начался третий международный шахматный турнир «KONAEV CUP – 2024». Это престижное соревнование объединило 240 шахматистов в возрасте от шести до 60 лет и старше из 12 стран: США, Индонезии, Беларуси, Украины, Армении, России, Узбекистана, Таджикистана, Кыргызстана, Азербайджана, Грузии и Казахстана. В турнире принимают участие как именитые гроссмейстеры, так и начинающие спортсмены, что подчеркивает его статус значимого спортивного события международного уровня.Сегодня в Казахстане шахматами занимаются более 200 тысяч человек, а в Алматинской области для их поддержки создана инфраструктура, включая специализированную школу и филиалы почти в каждом районе. Турнир «KONAEV CUP» за три года стал значимым событием спортивного календаря региона и его визитной карточкой.Турнир проводится по правилам быстрых шахмат: соревнования проходят по швейцарской системе в 9 туров с контролем времени 10 минут плюс 2 секунды за каждый ход. Среди участников – мировые звёзды шахмат: Тимур Гареев (США), Моника Челси Игнесиас (Индоенезия), Дмитрий Бочаров и Илья Ильюшенок (Россия), Жахонгир Вахидов (Узбекистан), Михаил Никитенко (Беларусь), Леван Панцулая (Грузия), а также ведущие казахстанские гроссмейстеры, такие как Рамазан Жалмаханов, Алишер Сулейменов, Денис Махнев, Арыстанбек Уразаев, Рустам Хуснутдинов и Лия Курмангалиева. Регион на турнире представляет 98 шахматистов из Алматинской области, в том числе мастер спорта Имангали Акылбай.Особенностью турнира «KONAEV CUP – 2024» является участие не только профессионалов, но и любителей, что предоставляет начинающим шахматистам уникальную возможность состязаться с мастерами международного уровня, расширяя собственные знания и спортивный опыт.Третий международный турнир «KONAEV CUP – 2024» является значимой вехой в развитии шахматного движения и способствуют укреплению позиций Казахстана на мировой шахматной арене.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/880346
Қарағандылықтарды вальс кешіне шақырады 16.11.2024
21 қараша "Шалқыма концерт залында" Вальстың ғажап үні" атты концерт өтеді. Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің орындауында Қазақ музыкалық классикасының жауһарлары орындалады.Дирижерлар: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оркестрдің көркемдік жетекшісі Әбдуғалисын Шоқанбаев, Мәдениет саласының үздігі оркестр дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілхайыр Сағымбаев.Солистер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талғат Ыдырысов, ҚР Мәдениет қайраткері Меруеш Башай, халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және республикалық байқаулардың лауреаты Дулат Аханов.Басталуы 18: 30.Анықтама телефоны: (8-7212) 41-13-14, 41-22-30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880336
Астананың жанкүйерлері қазнет пен шетелдік қонақтардың ыстық ықыласына бөленді 16.11.2024
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жанкүйерлер трибунадағы қоқысты жинап, жұрттың ыстық ықыласына бөлінді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың тазалықты ұстануы мен бірлігі де қуантады. Чемпионат аяқталғаннан кейін олар бірден кетпей, айналасындағы қоқысты жинай бастады. Тазалық жұмысына белсенділер, «Астана Жастары» еріктілері, сондай-ақ жанкүйерлер қосылды.Көрермендер арасында елорда тұрғындарының белсенділігіне және олардың өз қаласына деген қамқорлығына таңданған шетелдік қонақтар да болды. Мұндай акциялар тазалыққа үндейтін, тазалық мәдениетін қалыптастыратын игі дәстүрге айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880329
Астана жастары самбодан әлем чемпионатында шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті 16.11.2024
Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында 9 қарашада ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Қазақстан аумағында екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Чемпионатта қазақстандық спортшыларды Астана жастарының белсенді қолдауы шетелдік қонақтарды таң қалдырды. Жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетіп, плакаттар мен жалауларды желбіреткен олардың қатты дауыстары, ыстық ықыластары залды дүбірлетті."Бүгін біз осы беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Біз қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм халықаралық турнирлердегі бірліктің маңыздылығын атап өтіп. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880319
1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жұмысшы: Астанада коммуналдық қызмет қалай жұмыс істейді 16.11.2024
Қала көшелерін қардан тазартуға түнгі ауысымға 1200-ден аса арнайы техника мен 300-ден аса жол жұмысшысы шықты. Қардан тазарту ауысымдық режимде жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.Қар тазалау, сондай-ақ маршруттарды түзету жұмыстары кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс пайда болмас үшін қарқынды қозғалыс учаскелері тазартылады. Әрі қарай орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Бүгін қаладан 20 мың текше метрден аса қар шығарылды, бұл - 1609 ауыр жүк рейсі.Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, жауын-шашын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880317
Колледж студенттері арасында қазақ күресінен турнир өтті 16.11.2024
Абай облысында колледж студенттері арасында қазақ күресінен «Колледж барысы – 2024» облыстық турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты қолдау және студенттердің спортпен белсенді айналысуына ықпал ету. Бұл жарыс жастарды шымырлыққа шыңдаумен қатар ұлттық құндылықтарға, өз мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған.Сайыста облыстың 13 колледжінен жиналған 30 студент бағын сынады. Ақтық сында он екі балуан 70, 90 және 90+ келі салмақ дәрежелерінде белдесіп, келесідей нәтижеге қол жеткізді. І орын – 3 студент, ІІ орын – 3 студент, ІІІ орын – 5 студент.Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен балуандарға «Ең жас балуан», «Жеңіске деген құштарлығы үшін», «Техникалық әдістер көрсеткені үшін» арнайы номинациялары табыс етілді.Спорттық шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880318
11 қарашада Demo Day өтеді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырадыКүні: 2024 жылғы 11 қарашаУақыты: 15:00Өтетін жері: Астана қ., Республика даңғылы, 2 (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы)2024 жылғы 11 қарашада Қорғаныс министрлігінің цифрлық трансформациясы аясында жобалар мен өнімдер көрсетілетін Digital Army Day шарасы өтеді. Қазіргі уақытта қорғаныс секторының цифрландырылуы әскерді басқару жүйелерін автоматтандыру, ресурстарды басқару жүйелерін автоматтандыру бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Министрлік процестерді оңтайландырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуде. 17 жастан бастап әскери міндеттілердің өмірлік циклі толығымен автоматтандырылған. БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:+7 778 552 8116 – Еңлік БердірахмановаАккредитация 10 қараша сағат 17:00-ге дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/880309
11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 16.11.2024
⠀🔹9-12 қараша – Асық атудан ересектер арасындағы командалық Әлем кубогі. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады.▪️Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.⠀🔹9-13 қараша – Допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды.▪️Өтетін орны: Өскемен қаласы.⠀🔹9-16 қараша – Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады.▪️Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.⠀🔹10-16 қараша – Пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді.▪️Өтетін орны: Алматы қаласы.⠀🔹10-17 қараша – Белбеу күресінен әлем чемпионаты (барлық жас санаты бойынша)Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады.▪️Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы.⠀🔹13-17 қараша – Джиу-джитсу халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды.▪️Өтетін орны: БАӘ, Абу-Даби қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880307
Елордада қар тазалау жұмыстарына 1,2 мыңнан аса арнайы техника мен 2400 жол жұмысшысы шықты 16.11.2024
Елордада түні бойы жауын-шашын көп жауды. Қаланың коммуналдық қызметтері бірнеше ауысымда тәулік бойы күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бүгін қар тазалауға 1200-ден аса арнайы техника мен 2400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылған.9-ынан 10 қарашаға қараған қаладан 2400 текше метр қар шығарылды, бұл - 188 ауыр жүк рейсі.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін көшеде жүргенде өте мұқият әрі сақ болуды сұрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880295
Маңғыстау облысының әкімі ҚР Президентінің кеңесшісімен кездесті 16.11.2024
9 қараша сенбі күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Бас қосудыңнегізгі мақсаты — өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ғылыми тұрғыда шешу және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту.Нұрдәулет Қилыбай кездесу барысында Маңғыстау облысында ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. Өңірлік ғылыми кеңес 2023 жылдың маусым айында құрылып, оның құрамына 30-ға жуық маман — ірі кәсіпорын басшылары, жергілікті профессорлар, экологтар және IT саласының өкілдері енді. Кеңес алдағы уақытта халықаралық ғылыми қауымдастықпен бірлесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруды көздейді.Жиында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Ғылымға салынған инвестиция - болашаққа салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз — өңірдегі өзекті мәселелерді ғылыми әдістермен шешіп, жаңа технологияларды енгізу арқылы Маңғыстаудың экономикалық және экологиялық әлеуетін арттыру. Біз өз тарапымыздан ғылыми ынтымақтастыққа бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайынбыз, - деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, Маңғыстау облысына сапары барысында Күнсұлу Закария «Gasyr» инновациялық физика-математикалық лицейінің жұмысымен танысып, лицей оқушылары мен ұжымымен кездесу өткізеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/880292
Қазақстан құрамасы - хоккейден алғашқы Азия чемпионатының жеңімпазы 16.11.2024
Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешенінде хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты аяқталды.⠀Бүгін шешуші матчта Қазақстан командасы Жапониямен ойнап, 5-1 есебімен басым түсті.⠀1:0 - Рымарев (Борисевич, Гренц)2:0 - Рымарев (Александров)3:0 - Наместников (Королинский)3:1 - Ирикура (Ханзава, Кобаяши)4:1 - Гребенщиков (Волков, Королинский)5:1 - Королинский⠀Ал Оңтүстік Корея құрамасы овертаймда Қытайдан 2-1 есебімен басым түсіп, бізге басымдық сыйлады.⠀Азия чемпионатының турнир кестесі:Қазақстан - 6 ұпайЖапония - 6Оңтүстік Корея - 4Қытай - 2⠀Айта кетейік, құрлық бәсекесі Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880291
Ербол Мырзабосынов самбодан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады 16.11.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында спорттық және жауынгерлік самбодан өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінің белдесулерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.⠀Бүгін жарыс жолына бірнеше отандасымыз шығып, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Атап айтқанда, 64 келіде өнер көрсеткен Есентай Иманханов финалда Өзбекстан спортшысы Сардор Олимжоновты соңғы секундтарда жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) мен Еламан Қойшыбаев (88 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. 2023 жылы Ереванда (Армения) өткен әлем чемпионатында да Еламан күміс жүлде иеленген еді.⠀Айта кетейік, елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан байрақты бәсекеде әлемнің 80 мемлекетінен келген 470 спортшы бақ сынауда. Ел намысын 28 спортшы қорғап жатыр.⠀10 қарашаға дейін жалғасатын айтулы додада 31 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880290
Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі Қазан қаласында концерттік бағдарлама ұсынды 16.11.2024
С.Саид-Ғалиев атындағы мәдениет сарайында Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің концертті өтті. Оркестр дирижері – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Кенжегүл Ақшекина.Шара Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, қазақ халқының мәдениетін, өнері мен дәстүрін насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ және татар музыкасының туындылары орындалды. Концерттік бағдарлама аясында қазақ, орыс және татар тілдеріндегі әндер шырқалды. Бұл халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға септігін тигізбек.Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали мен Мапруза Утуленова, дәстүрлі әнші Гүлдана Ноғайбаева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Төлеген Рахымбаев, эстрадалық-симфониялық оркестрдің бэквокал әртістері өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880288
Жерлесіміз әлем чемпионы атанды 16.11.2024
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбодан әлем чемпионаты өтуде. Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен Абай облысының балуаны Есентай Имаханов 64 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда өзбек балуанын жеңген жерлесіміз әлем чемпионы атанды.Абай облысының тағы бір балуаны Маратбек Рахметтолин Астана қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жауынгерлік самбодан қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880289
Астанада түнгі уақытта қар тазалауға 600-ден аса арнайы техника жұмылдырылады 16.11.2024
Жауын-шашынға байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.600-ден аса арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы түнгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал аумағы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.Елордада қар тазалығы тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880284
«Алабұға» экономикалық аймағы: инвесторларға жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктер 16.11.2024
Абай облысынан келген делегация 2006 жылы құрылған «Алабұға» арнайы экономикалық аймағында болып, инвесторларға жасалып жатқан жағдаймен, ондағы мүмкіндіктермен танысты. Бұл аймақ толық дайын өндірістік, инженерлік, көліктік және кедендік инфрақұрылымды, сондай-ақ салықтық және кедендік жеңілдіктерді ұсынады.Құрылыс алаңдары 2000 гектар аумақты алып жатыр. Барлық қажетті коммуникациялармен, жолдармен және инженерлік желілермен қамтамасыз етілген учаскелер делегация мүшелерін таң қалдырды. Резиденттердің өз нысандары орналасқан жер телімдерін ғимараттар пайдалануға берілгеннен кейін сатып алуға мүмкіндігі бар.Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бастаған делегация мүшелері салық салудың қолайлы шарттарымен танысып, соның ішінде резиденттерді мүлік, жер және көлік салығын төлеуден 10 жылға босату туралы білді.Тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған «Үш аю» саяжай қоғамдастығы мен 64 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді. Сондай-ақ олар бейнебақылау жүйесі орнатылған күзетілетін аумақтың бар екенін атап өтті.Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік беретін Alabuga International School білім беру жүйесі де делегаттардың назарын аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880283
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысындағы білім және медицина саласының қызметкерлерімен кездесті 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Президент қойған міндеттер аясында білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге кеңестер өткізілді.Вице-премьердің назарына «Шаңырақ» бөбекжайында ата-аналарға балаларын дамыту және тәрбиелеуге көмектесетін SabiDamu платформасы ұсынылды. Оның негізгі міндеттері – ерте даму скринингі және өзін-өзі диагностикалау.«Біз жаңа платформа құрып жатырмыз. Бұл жоба балалары қандай да бір себептермен балабақшаларға бармайтын ата-аналарға арналған. Оларға баланы үйде қалай дамыту керектігі айтылады. Ата-аналар кез-келген проблеманы анықтау үшін тест тапсырады. Оларды түзетуге логопедтер, дефектологтар, психологтар көмектеседі», — деді «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова. Платформада қазақ және орыс тілдерінде баланы дамытуға арналған мультфильмдер, түрлі тапсырма бар. Мектепке дайындық процесі онлайн форматта автоматтандырылады. Жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен өткен кеңесте ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Оның басты қағидасы – ақша баламен қоса еріп жүреді. Бұл инновациялық жүйе қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ балабақшалар арасындағы бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған. Пилоттық жобаға қатысушы – Тараз қаласындағы №9 балабақша меңгерушісі Жанар Оспанова жүйені енгізу тәжірибесі туралы баяндады.«Ваучерлік әдісті енгізу мектепке дейінгі ұйымның қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ. Керісінше, балабақшаға тағы 100-ден астам бала келді. Бұл әдіс бойынша ата-аналар балабақшаны өздері таңдайды. Осылайша, мекемелер арасындағы бәсекелестік пен жағдайды жақсартуға деген ынта арта түседі», – деп атап өтті Жанар Оспанова.Кеңесте Тамара Дүйсенова білім беру жүйесіндегі сабақтастық мәселесін көтеріп, балалар мектепке өткенде стреске ұшырамай, оқу үдерісіне тез бейімделуі үшін мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардың білім беру бағдарламаларын біріздендіру қажеттігін атап өтті. Маңызды рөл атқаратын дүние — баланың жеке даму картасы, оны ерте жастан бастап жүргізіп, кейін бастауыш мектепке тапсыру қажет.Мектеп директорларымен өткен жиында білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. «Қазақстан халқына» қоры мен білім беруді тұрақты дамыту қоры бірлесіп жүзеге асырып жатқан тірек мектептер жобасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Қарағанды облысында 10 мектеп қамтылып, тағы бір білім мекемесін қосу жоспарлануда. Жобаның мақсаты – ауыл балаларына қаладағыдай білім алуға мүмкіндік жасау.Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Бесаспап» бизнес-инкубаторы пилоттық жобасы таныстырылды. Студенттер өндірістік оқыту шеберлерімен бірге халыққа қызметтің төрт түрін: сантехника, ағаш ұстасы, жиһаз жасау және электр қызметтерін көрсетеді. Ілкімді бастама «Жас маман» жобасын коммерциаландыруға ықпал етеді. Колледжде инклюзивті білім беру мәселесіне де ерекше мән беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін қолөнер орталығы құрылып, олар мұнда шеберліктерін шыңдай алады. Вице-премьер бұл бағыттағы жұмысты оң бағалады. Колледж директорларының қатысуымен өткен кеңесте еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беруді түрлендіру қажеттігі талқыланды. Тамара Дүйсенова облыста дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесінің қалай жүзеге асырылып жатқанын да тексерді. Аталған жүйе дәрінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді, бұл контрафактілі өнімдер мен жеткізу тізбегіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.Вице-премьер Қарағанды фармацевтикалық кешенін аралап көрді. Бүгінгі күні мұнда 16 атаулы дәрілік зат өндіріледі. Кәсіпорын республикадағы пилоттық жобаға қатысқан. Дәрілердің таңбалануы мұнда екі жыл бойы тәжірибеден өтті. Заңды өндірушілер үшін бұл үлкен артықшылық, деп атап өтті «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры Сергей Барон.Тамара Дүйсенова сондай-ақ ірі дәріхана қоймаларын аралап, емхана дәріханадағы жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрді.«Мемлекет басшысы білім беру мен медициналық көмек сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Қарағанды облысында аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жемісті. Біз тағы қай бағыттарда жұмыс істеу керектігін талқыладық. Денсаулық сақтау саласында телемедицинаны дамыту — маңызды бағыттардың бірі. Бұл тек Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл ел бойынша дамитын болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/880281