Жасыл климат қорының инвестициялық қызметтер жөніндегі директорымен кездесу
22.11.2024 16:10:37 1364
Бакуде СОР29 алаңдарында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Жасыл климаттық қордың (ЖКҚ) инвестициялық қызметтер жөніндегі директоры Ачала Абейсингхе ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен ЖКҚ арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілері, оның ішінде ұлттық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.
Тараптар одан әрі сындарлы диалогқа және климаттық бастамаларды қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/888661