Қуқық
Қазақстандық бизнесті Уфадағы өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық миссия форумына қатысуға шақырамыз 22.11.2024
2024 жылғы 25-27 қарашада Уфа қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған Өңіраралық ынтымақтастық форумы және сауда-экономикалық миссия өтеді.Іс-шараның мақсаты - Қазақстан мен Ресей бизнесі арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, тікелей байланыстар орнату, екіжақты кездесулер өткізу, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін жандандыру.Кәсіпкерлер үшін тіркеу мына сілтеме бойынша қолжетімді:https://forms.gle/ZM9oRmwKhmmxRtZv9 Байланыс ақпараты:📞 +7 700 373 7708 — Гульзат Байгубесова📞 +7 702 435 7799 — Жанара Акбердиева📞 +7 775 230 0982 — Асель БайболоваАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/886680
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі бар кезең басталды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан Республикадағы қар көшкіні қаупі бар өңірлердің бірі болып табылады. «Қазселденқорғау» филиалы қызмет көрсететін аумақта қар көшкінінің әсер ету аймағына түсетін 325 қар көшкіні шоғырлары, 93 шақырым автожолдар, сондай-ақ мейрам және демалыс күндері демалушылар саны 3 мыңнан асатын туристік және шаңғы базалары бар.«Қазселденқорғау» ММ филиалы 20 қарды өлшегіш-қар көшкіні бағытын әзірледі, онда 160 қар өлшегіш төрткілештер орнатылды, оларда филиал мамандары қызмет көрсетеді. Қар көшкінінің жалпы жай-күйін анықтау мақсатында қар көшкінінің түсу қаупі, қар массасының жиналуы және қардың құрылымын анықтау үшін апта сайын қар көшкініне қауіпті учаскелерді жер үсті зерттеу жүргізіледі. Демалыс аймақтарында, шаңғы базаларында және автожолдардың бойында қар көшкіні қаупі бар кезеңіне ескерту қалқандары мен плакаттар уақтылы орнатылды», - «Қазселденқорғау» филиалының басшысы Советбек Станбеков деп атап өтті.Қазіргі уақытта аймақтағы қардың биіктігі 5-тен 60 см-ге дейін, қардың ең көп мөлшері Самар ауданында, Риддер қаласында және Глубокое ауданында, Горная Үлбинка кентінде тіркелген.Өткен жылы барлық қысқы кезеңде қар көшкінінің жалпы көлемі 230 мың текше метр болатын 101 профилактикалық түсіру жүргізілді.«Тауға шықпас бұрын ауа-райының жағдайы туралы біліп алу қажет. «112» қызметінің дауылды ескертулері кезінде қар көшкініне қауіп төндірмеу керек», - ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев деп ескертті.Мамандардың деректері бойынша қар көшкіні негізінен қар көп жиналатын таулы аудандарда болады. Қар көшкінінің түсуіне ұзақ қардың жауы, қардың қарқынды еруі, ауа ортасының ауытқуы, шаңғышылардың қар беткейін кесіп тастауы, қатты айқайлау және беткейлерден сырғанау себеп болуы мүмкін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/886702
ТҮРКІСТАНДА ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ 22.11.2024
Түркістанда ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өмірін өлеңімен өрнектеген Ханбибі» әдеби-сазды кеші өтті. Шығармашылық кешті жүргізу үшін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қасымхан Бегманов жүргізді. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, қаламгерді мерейлі жасымен құттықтады.– Қасиетті Түркістан төрінде бастау алған бүгінгі өнер кешінің маңызы жоғары деп есептеймін. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа ғасырдағы жылнамасын жазуға атсалысып, елдің рухани-мәдени әлеуетін арттыру жолында жан аямай еңбектеніп жүрген өнер майталмандары, қаламгерлер аз емес. Сол тұлғалардың қатарында Ханбибі апамыздың орны ерекше. Өздеріңізге белгілі, қазір Түркістанда руханиятқа, өнерге айрықша көңіл бөлінуде. Жаңа өнер ұжымдары құрылып, өңірімізден шыққан тұлғалардың шығармашылық кештері өткізіліп жатыр. Соның айқын дәлелі – бүгінгі өнер мерекесі. Сіздің қазақ өнеріне, ел руханиятына береріңіз мол. Шығармашылық қуатыңыз артып, елдің игілігі жолындағы барлық бастамаңыз жемісті болсын, – деген Ертай Кенжебекұлы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан құттықтау хат табыстап, құрмет көрсетті.Алдымен қатысушылар арнайы жасақталған кітап және фото көрмеден Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығымен танысты. Содан соң үлкен сахнадан «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің «Жаңа леп» ұжымы сахналаған «Өмірге ғашық жүрекпен» сазды-поэтикалық қойылымды тамашалады. Кеш иесі өлең оқып, оқырман қауымға алғысын білдірді.Кеш барысында қаламгерлер мен аудан, қала әкімдіктерінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері әнші, композитор Құралай Сәтмұхамбетова, «Құрмет» орденінің иегері Хадиша Шалабаева, Мәдениет саласының үздігі Гүлмира Қалыбекова ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Поэтикалық қойылымдар да көптің көңілінен шықты.Айта кетейік, әдебиет – ұлттың жаны, рухы, бар бітім-болмысын айшықтап тұратын ерекше құбылыс екені белгілі. Ханбибі Есенқарақызы – қаламның қуаты арқылы қазақ әдебиетінің маңдайалды қаламгеріне айналып үлгерді. Саналы ғұмырын шығармашылыққа арнап, қазақ әдебиетінің қайталанбас туындыларын жарыққа шығарды. «Нурикамал», «Алтынай» сияқты туындылары талай жалынды жастың сезімін тербеп, ел жүрегінің төрінен орын алған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886517
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 48 000 ЖАСТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛГЕН 22.11.2024
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Үйлестіру кеңесі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, СЖҚІҚД бастығы Мұрат Төлеубаев және басқа да құзырлы орган басшылары қатысты.Кездесу барысында есірткіге қарсы іс-қимыл, алдын алу мәселелері қаралды. Есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен атқарылған жұмыстар талқыланды. Орган басшылары тарапынан баяндамалар оқылып, жұмысты ширату жолдары айтылды.Прокоратура тарапынан есірткіге қарсы күресті күшейту бойынша тиісті ескертпелер мен ұсыныстар берілді. Облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов полицияның жұмысы нәтижесінде жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 650-ден астам дерек тіркеліп, 330 келіден астам есірткі тәркіленгенін және есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында 48 000-ға жуық оқушы мен студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шаралар өткізілгенін атап өтті.Жалпы Түркістан облысының полициясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында телеграм каналда анықталған 34 интернет дүкеннің қызметі тоқтатылды. Ал киберқадағалау бағдарламасы арқылы 104 сайт бұғатталған.Кеңесте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әкімдік тарапынан есірткінің таралуын шектеу және алдын алу бағытындағы идеологиялық және түсіндіру жұмыстары, өңірде атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Жастар арасында түрлі форматтағы жиындар, іс-шаралар өткізілгенін, есірткіге қарсы ақпараттық жұмыс тұрақты жүріп жатқанын мәлімдеді. Облыстық денсаулық сақтау, Білім басқармаларының басшылығы тарапынан да тиісті мәліметтер беріліп, ұсыныстар қаралды.Үйлестіру кеңесінің мүшелері жиын барысында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды, жастар мен оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын және дәрістерді күшейтіп, бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886522
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫНА ҚАТЫСТЫ 22.11.2024
Түркістан облысы мұғалімдері арасында алғаш рет Қазақстан заңнамалары мен мұғалім әдебі, ішкі мәдениетінің әлеуетін дамытуға бағытталған Академиялық адалдық марафоны ұйымдастырылды. Оны облыстың Білім беруді дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірлесіп өткізді.Марафонның басты шарттары – білім беру ұйымында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының атқарылуы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік орта қалыптастырудағы педагогтардың озық идеяларымен, тәжірибесімен, шығармашылығындағы жетістіктерімен танысу және тарату. Сонымен бірге педагогтың жоғары мәдениеті мен әдебін қалыптастыру көзделген.Бірінші рет өткізілген облыстық Академиялық адалдық марафонының бекітілген ережесіне сәйкес жеңімпаз педагогтар марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/886524
Қарақия ауданында әлеуметтік нысандар бой көтеруде 22.11.2024
Қарақия ауданына қарасты Жетібай және Мұнайшы ауылдарында ангар типті екі бірдей спорт залдың құрылысы жүргізілуде.Әр спорт залдың жалпы көлемі 24х62 метрді құрайды. Қазіргі уақытта Жетібай ауылындағы құрылыс 70%, Мұнайшы ауылындағы құрылыс 90% орындалды.Нысандарды толықтай пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланып отыр.Бұл спорт залдар көпфункционалды, барлық спорт түріне бейімделген. Жоба аясында ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, спортшыларға арналған жуыну бөлмесі, заманауи жабдықталған үлкен зал және жаттықтырушы бөлмесі қарастырылған. Кешен жыл бойы ауа райына тәуелсіз жұмыс істеуге лайықталып салынуда. Ангар типті дизайн қыста жылуды, ал жазда салқындықты тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Залдың тәуліктік сыйымдылығы 80 балаға есептелсе, штаттық құрамда 10 қызметкер жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.Бұдан бөлек, Құрық ауылында «Жастар ресурстық орталығын» күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жоба аясында аудан жастарына заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген коворкинг алаңы, жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың кеңселері, қоғамдық-мәдени іс-шараларға арналған конференция залы, кино залы, жастар кафесі, медиа кеңістік, шығармашылық алаңы, бейресми білім беру аймағы және волонтерлар штабы қарастырылған.Ғимарат аумағында қосымша жастарға арналған 3x3 форматтағы баскетбол алаңы, воркаут алаңы және балалар ойын алаңшасы қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда ішкі жұмыстар 70%-ға, ал сыртқы жұмыстар 60%-ға аяқталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/886628
Энергетика министрлігінде «АЭС салуға менің көзқарасым» тақырыбы бойынша эссе жазу байқауы өтті 22.11.2024
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде 2024 жылғы қазан айында мемлекеттік қызметшілер арасында «АЭС салуға менің көзқарасым» тақырыбы бойынша эссе жазу байқауы өтті.Байқау қорытындысы бойынша Министрліктің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Смағұлова Айгерім 1-орынды, Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Арынбек Нұржігіт 2-орынды, Жаңартылатын энергетика көздері департаментінің практиканты Коней Малдыбай 3-орынды иеленді.Сондай-ақ аталған шараға белсенді қатысқандары үшін Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Сүлейменов Жарбол, Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаментінің бас сарапшысы Ережепова Нұргүл Алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/886609
Қалалық мәслихат депутаттары елордалық ТЖД бөлімшелеріне барды 22.11.2024
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бастаған Астана қаласы мәслихатының депутаттары елордадағы өрт сөндіру-құтқару бөлімшелеріне келді.Делегация жылдам құрастырылатын модульдік құрылыс материалдарымен қысқа мерзімде салынған № 23 өрт сөндіру бөлімін, сондай-ақ ағымдағы жылы күрделі жөндеу жүргізілген Асқар Забикулин атындағы №6 және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерімен танысты.Департамент бастығы Марат Күлдіков келген қонақтарды құтқару бөлімшелерінің қызметімен таныстырды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың техникалық жарақтары мен жабдықтары, оқу-жаттығу кешені, диспетчерлік қызметтердің жұмысы көрсетілді, қонақтар құтқару қызметінің жасақталуын бағалады және азаматтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.Сапар аясында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлер мәслихат төрағасының атынан алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/886641
20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні 22.11.2024
Биыл Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялаудың 30 жылдығын атап өтуде. 30 жыл ішінде еліміз балаларды қорғау мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде үлкен жолдан өтті. 2006 жылы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2016 жылы Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты енгізілді. Әр аймақта бала өкілдіктері институты құрылды, олардың құрамы жыл сайын мектеп белсенділерінен жасақталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық мониторинг - балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді. 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Биылғы жылы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл мәртебесі заң жүзінде бекітілді. Айта кетейік, республиканың барлық стратегиялық құжаттарында балалар басты игілік алушылар болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/886630
СҚО әкімі тарихи ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарын тексерді 22.11.2024
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов республикалық маңызы бар «Янгуразовтың үйі» тарихи-мәдени ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Басты міндет - ескерткіштің тарихи келбетін сақтау.Жұмыстың әрбір кезеңінде зерттеулер мен мұрағаттық құжаттарға негізделген сәулеттік ерекшеліктер ескерілді. Бұл нысанның бастапқы келбетін барынша дәлдікпен қайта жасауға мүмкіндік береді. Қасбеттің түпнұсқа жазулары мен түстері бұрынғы қалпында сақталған.Қайта жаңғыртудан кейін көне ғимарат мәдени орталыққа айналады. Янгуразовтың үйі екінші өмірге ие болады, ал тұрғындар мен туристер оның сұлулығы мен өткен күннің белгісін тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/886538
Облыс орталығында Брайль шрифтімен басылған қазақ тіліндегі алғашқы балалар кітабы таныстырылды 22.11.2024
Қонаевта қазақ тілінде Брайль шрифтімен жазылған "Айналайын" атты балаларға арналған бірегей әңгімелер мен өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл оқиға ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беруді дамытудағы маңызды қадам болды. Іс-шараны Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды, ал бастаманы ақын және "Білте" қоғамдық қорының президенті Мақпал Мыса қолдады. Жинаққа 22 автордың шығармалары кірді және оның мақсаты — көру қабілеті бұзылған балаларға өз білімдерін ана тілінде дамытуға мүмкіндік беру.Тұсаукесер Парламент депутаттарын, мәдени және білім беру саласының өкілдерін қоса алғанда, кең аудиторияны жинады. Сенатор Амангелді Толамисов өз сөзінде бұл жобаның даму ерекшеліктері бар балаларға арналған білім беру жағдайларын жақсарту үшін маңыздылығын атап өтті. Ол кітап балаларға қазақ тілінде шығармалар оқуға және өз дағдыларын қызықты әрі қолжетімді түрде дамытуға мүмкіндік бере отырып, жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.Жоба авторы Мақпал Мыса сонымен қатар Брайль шрифтін пайдалана отырып, қазақ тілінде кітап шығарудың маңыздылығына назар аударды. Оның айтуынша, бұл жинақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызды үлес болып табылады. "Айналайын" кітабы оларға өнерге, мәдениетке және әдебиетке жақын болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.Бұл жоба қоғам үшін маңызды оқиға болды, бұл олардың физикалық ерекшеліктеріне қарамастан барлық балалар үшін тең мүмкіндіктер жасаудың тағы бір қадамы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/886520
Алматыда орташа айлық жалақы 15,5% - ға өсті 22.11.2024
Қала экономикасы басқармасында алматылықтардың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.«Жылдық инфляция тамыздағы 8,6% - дан қыркүйектегі 8,3% - ға дейін баяулады. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының 7,7% - ға дейін және азық-түлік емес тауарлар бағасының 5,6% - ға дейін өсуінің төмендеуіне байланысты. 2024 жылдың соңына дейін жылдық инфляция 7,5-8% - ға дейін, 2025 жылы-6,5 - 7,5% - ға дейін төмендейді деп күтілуде», - деп хабарлады Алматының экономика басқармасы.2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атаулы ақшалай кірістер орта есеппен 22% – ға 292 мың теңгеге дейін өсті (ҚР-9,2% - ға 201,1 мың теңгеге дейін). Шын мәнісінде өсім 11,6% –ды құрады (ҚР-0,3% - ға).Орташа айлық жалақы 468 мың теңге болды (республика бойынша – 392,6 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 15,5% – ға, нақты мәнде 5,7% - ға өсті.2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9% – ы тұрақты.Сондай-ақ Алматыда жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 8,1% өсіммен 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Жеке инвестициялардың өсуі 8% -ды құрады және 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы, 2024 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 трлн теңгеге дейін, 2025 жылы – 2,35 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886582
Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасына мұздықтар мен шағын су айдындарын қорғау іс-шараларын қосты 22.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі Парламент Мәжілісінің депутаттары және сарапшылармен бірлесіп жаңа Су кодексінің жобасын пысықтауда. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында құжатқа алғаш рет шағын көлдерді, өзендер мен тоғандарды, сондай-ақ мұздықтар мен сулы-батпақты аймақтарды қорғау жөнінде нормалар енгізілді.Мысалы, шағын өзендердің тартылуының алдын алу үшін тасқын суды өткізуге арналған құрылыстары жоқ нысындарды, су ағынын тоқтататын бөгеттерді жобалауға және салуға тыйым салынады. Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес мұндай құрылыстар жойылатын болады.Шаруашылық қызметі шағын су айдындарының жай-күйіне әсер ететін жеке және заңды тұлғалар министрліктің бассейндік инспекцияларымен келісе отырып, су ресурстарын қалпына келтіру және оның тазалығын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.Сулы-батпақты жерлерді ластауға, бітеуге, құрғатуға немесе өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді қоса алғанда жануарларды қорғау жөніндегі іс-шаралар да көзделеді.Бұдан бөлек, мұздықтар мен қарлы аймақтарға ағын су жіберу, оларды қалдықтармен, мұнай өнімдерімен, улы химикаттармен және басқа да зиянды заттармен ластауға тыйым салынады. Мұздықтардан мұз алу су нысандарының жағдайына кері әсер етпеуі тиіс және олардың сарқылуына себеп болмауы керек.«Жаңа Су кодексі климаттың өзгеруіне бейімделуге және су үнемдеу принциптерін енгізуге баса назар аударады. Су айдындарының экожүйесін қолдау және оларды сарқылу, ластану сынды басқа да жағымсыз салдардан қорғау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған – «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі. Құжаттың мақсаты – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/886565
Астанада Қорғаныс министрінің жүлдесіне қоян қолтық ұрыстан әлем кубогы өтеді 22.11.2024
Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық жекпе-жектен өтетін әлем кубогының финалына 15 елден 200-ден астам спортшы қатысады. Мұндай деңгейдегі сайыс ел тарихында тұңғыш рет өтпек.Жарыста сынға түсетін жауынгерлердің арасында Испания, Швейцария, Марокко, Үндістан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Египет, Румыния, Тунис, Германия, Таиланд, Қазақстан және басқа елдердің өкілдері бар. Жарысқа қатысушылар – әлем, Еуропа, Азия чемпиондары, әлем кубогының иегерлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.Әлем кубогын ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы.– Қоян-қолтық ұрыс – әскери-қолданбалы спорт түрі. Ол елдің барлық күштік құрылымдарында бар. Қарулы күштерде ол әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлау бағдарламасына енгізілген. Қоян-қолтық ұрыспен айналысу әскери қызметшілерді төзімділікке, рухтың беріктігіне тәрбиелейді және оларға қойылған мақсатқа жетуге көмектеседі, – деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.Спортшылар "Сайыс", "Өзін-өзі қорғау" және "Өзін-өзі қорғау 1+1" пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетуі тиіс.Кубокқа армия спортшылары, қоян-қолтық ұрыстан, панкратионнан, ММА және жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, қоян-қолтық ұрыстан Азия және әлем чемпионаттарының қола және күміс жүлдегері, ХІХ Азия ойындарының қола жүлдегері ефрейтор Аян Тұрсын, қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпиондары лейтенанттар Арман Ерменбет пен Айдын Нұриддинов, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнирдің чемпионы сержант Санат Садықов, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Абылай Шәкірбеков қатысады деп жоспарлануда.Финалдық жекпе-жекті Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті, бүкілресейлік және халықаралық чемпионаттар мен қоян-қолтық ұрым пен каратэ турнирлерінің чемпионы және жүлдегері Сергей Астахов бақылайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886504
Қазақстан карбондық егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы COP29-да ұсынды 22.11.2024
Бакуде өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында Қазақстан карбондық егіншілікті дамыту жөніндегі бастаманы көтерді.Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясы шеңберінде өткен климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлемдік көшбасшылар саммитінде сөйлеген сөзінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығына көшудің маңыздылығын атап өтті.Мемлекет басшысы 200 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар Қазақстан «көміртекті егіншілікті», яғни қалдықтардың шығуын азайтуға және топырақ сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аграрлық өндірістің әдістерін енгізу үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өтті және мүдделі тараптарды елдің осы саладағы әлеуетін зерделеуге шақырды.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов «Қазақстандағы карбондық егіншілік: әлеуетін ашу» тақырыбындағы сайд-ивент барысында карбондық егіншілікті ілгерілетуде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.«Қазақстанда карбондық егіншілікті дамыту жаңа технологияларды ғана емес, сондай - ақ заңнамалық пысықтауды талап етеді», - деп атап өтті Мұрат Теміржанов.Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанда көміртекті егіншілікті енгізу перспективаларын талқылап, Қазақстанның көміртекті егіншілік әдістерін енгізу бойынша көшбасшы болуға барлық мүмкіндігі бар екенін қорытындылады. Бұл елдің технологиялық құрылымын жаңартуға және көптеген жұмыс орындарын құру үшін ықпалын тигізуі мүмкін.Іс-шараны Министрлік ФАО-мен бірлесіп Қазақстан павильонында ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/886528
XI республикалық «Ақберен» оқушылар арасындағы өнер байқауы аяқталды 22.11.2024
XI республикалық «Ақберен» 8-11(12) сынып оқушылары арасындағы өнер байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметі.Оқушылар халық аспаптарын меңгеру шеберлігі, шешендік өнер, білім сайысы, эссе жазу, айтыскер ақындар сайысы, сондай-ақ поэзия байқауында бақ сынасты.««Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең шығармашыл және дарынды оқушыларының басын қосады. Бұл тек өнер жарысы ғана емес, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берудің жарқын үлгісі», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Гаждембек Тұрсынов.Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 66 қатысушы жеңіске жетті және олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар «Ең үздік команда» номинациясында І дәрежелі дипломға Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары, Абай атындағы мектеп-интернаты ие болды. Сондай-ақ Павлодар облысы мен Астана қаласы ІІ орынды, ал Абай, Алматы және Жамбыл облыстары ІІІ орынды иеленді.Атап өту керек, бүгінгі күні елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға және қолдауға белсенді түрде жағдай жасалып келеді. Мәселен, зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары беріледі, түрлі олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдауға квота бөлінеді, сондай-ақ халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/886513
Ақсу, Көксу қант зауыттары күніне 5 мың тонна өнім қабылдауда 22.11.2024
Жетісу облысында себілген 13,7 мың гектар қант қызылшасының бүгінгі күні 11,5 мың гектары, немесе 83,7% қазылып, 545 мың тонна өнім алынды. Қалған 2,2 мың га алқаптарда жиын-терін жұмыстары жалғасуда, қызылшаны қазуға 80 комбайн жұмылдырылған, Ақсу және Көксу қант зауыттары күн сайын орта есеппен өнім тиелген 250 автокөлікті қабылдауда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 18 қарашадағы мәліметіне қарағанда, қант зауыттарына 445 мың тонна өнім өткізілген. Соның 212 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 233 мың тоннасы Ақсу зауытына, оның сыртында Ақсу қант зауытына 29 мың тонна Жамбыл облысынан жеткізілген. Қазылған қант қызылшаның 100 мың тоннасы шаруашылықтардың егістік алқаптарында буртта жинақталған, қазылатын 2,2 мың гектардан 95 мың тонна қызылша жиналады. Жалпы облыс бойынша жиналатын қызылшаның көлемі 640 мың тоннаға жеткізіледі деп күтілуде.- Қант қызылшасына берілетін субсидия көлемі ұлғайтылған соң бұл дақылды өсірудің табыстылығы да өсіп, шаруалардың қызығушылығы артты, сөйтіп биылға жоспарланған 10,7 мың гектардың орнына 13,7 мың гектарға, яғни 3,0 мың гектарға артық себілді. Шаруалардың өсірген өнімін дер кезінде қазып алып, зауыттарға өткізуі аса маңызды. Сондықтан өнімді жинау және қабылдау15 қыркүйектен басталды. Қазір екі зауыт бекітілген кестеге сәйкес күнделікті жалпы 5 мың тонна қант қызылшасын қабылдап отыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.Қызылша өткізуге кезекте тұрған көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасау үшін оларға ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Бұл іске зауыттар орналасқан Көксу, Ақсу аудандарымен қатар қызылша өсіруші барлық аудан-қалалардың жергілікті атқарушы органдары да атсалысып жатыр. Егін шаруашылығына, оның ішінде қант қызылшасының өндірісіне мемлекет тарапынан жан жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, биыл облыста егін шаруашылығы бағытына жалпы 14 млрд. теңге бөлінді, соның 9,7 млрд. теңгесі басым дақылдарды субсидиялауға, 2,6 млрд. теңгесі минералды тыңайтқыштарды, 1,2 млрд. теңгеге жуығы тұқымдарды, 483 млн. теңгеге жуығы пестицидтерді субсидиялауға қарастырылды. Сол сияқты көктемгі дала және өнімді жинау жұмыстарына 11 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен қант қызылшасы бағытында5 ауданда жаңа 8 сервистік-дайындау орталығын құруға 2,5 млрд. теңге бөлініп, 62 бірлік себу және өнімді жинау техникасы шаруашылықтарға лизингке берілді, соның 28-і сепкіш, 15-і - жапырақ жинағыш машина, 19-ы - комбайн.Бүгінгі күнге қант зауыттары шаруашылықтарға қабылдаған қызылшаға 3,3 млрд. теңге төледі, оның ішінде Көксу қант зауыты – 1,4 млрд. теңге, Ақсу қант зауыты – 1,9 млрд. теңге. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан шаруашылықтардан түскен 160 өтінім бойынша 3,1 млрд. теңге субсидия төленді. Зауыттардың шаруалармен есеп айырысуы мен өткізілген өнімді субсидиялау шаралары шаруашылықтардың өтінімдерінің түсуіне қарай жалғасуда. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/886453
Мамандықтан мансапқа: Қарағандыда жұмысшы мамандықтар форумы өтеді 22.11.2024
Қарағанды Жастар ресурстық орталығы 22 қарашада қала жастарын кәсіпкерлер, кәсіптік бағдар берушілер және кәсіпорын басшылары қатысатын жұмысшы мамандықтар форумына шақырады.Кездесу бағдарламасы:- 11:00-ден 13:00-ге дейін секциялық отырыстар өтеді. Онда шақырылған сарапшылар өзекті тақырыптарды талқылайды;- 14:00-ден 16:00-ге дейін – бос орындар жәрмеңкесі және жас кәсіпкерлердің жетістіктері көрмесі.Форум қорытындысын пленарлық отырыста қорытындылайды, онда табысты кәсіпкерлер мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, соның ішінде "Natige" ЖШС директоры Еран Әшім, "Бемер Арматура" ЖШС Бас директоры Кефер Андреас, "STAR BUILDING" ЖШС негізін қалаушы Рудольф Сукут және "A.V.GROUP" ЖШС Саран тігін фабрикасының директоры Владимир Алескеров сөз сөйлейді. Олардың баяндамасының тақырыбы: "Мамандықтан мансапқа: табысқа жетудің алғашқы қадамдары", онда олар өз тәжірибелерімен бөліседі.Форум жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.Өтетін орны: № 2 оқушылар сарайы, 141-ші есеп кварталы, 690-құрылыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/886451
Астанада 2 700-ге жуық жол жұмысшы мен 1300-ден астам арнайы техника қар мен мұзды күреуге шықты 22.11.2024
Елордада қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейді, күн сайын қаладан жүздеген жүк көлігі қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.20 қараша күні таңертең қала бойынша қар күреу және шығару жұмысына 2 700-ге жуық жол жұмысшы және 1 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.20 қарашаға қараған түні қар полигондарына 1289 жүк көлігі шығарылды, бұл 17,4 мың текше метрден асады.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 39 734 рейс арқылы 502 мың текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886437
Елордалық кинотеатрда есірткіге қарсы акция өткізілді 22.11.2024
Елорда кинотеатрларының бірінде «Астана – есірткісіз қала» ауқымды акциясы аясында келушілермен есірткі құралдарының зияны туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Есірткіге қарсы акция фильм көрсетілмес бұрын Keruen сауда ойын-сауық орталығының кинотеатрында өткізілді. Елордалық жастарға есірткінің зияны және оларды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сондай-ақ келушілерге есірткі қылмысына қарсы күресті қолдау үшін футболкалар мен бейсболкалар таратылды.«Менің ойымша, акция мен фильмнің басты мәні - есірткі ешқашан жақсы нәрсеге әкелмейді, бұл сіздің болашағыңызды бұлыңғыр ететін теріс жол. Жеңіл ақша - бұл қайғылы салдарға әкеп соқтыратын уақытша эйфория», - деді кинотеатр қонағы Әмір Зікіриянов.Іс-шара Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886434