Enbekshi QazaQ

Қуқық

Ұлытау облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды 16.11.2024
Дастан Есенбеков 1986 жылы туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» және Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, Қарағанды облысы Мемлекеттік активтер және сатып алулар департаменті заң бөлімінің басшысы болған. 2018-2022 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет еткен. Ұлытау облысы құрылған алғашқы кезден бастап, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/878265
Астанада желдің ұйтқуы күшейеді: ТЖД азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды 16.11.2024
Астана қаласы ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты жазатайым оқиға болмас үшін елорда тұрғындары мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6-7 қараша күндері қатты жел соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп болжанып отыр.Осыған байланысты Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;- Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналаңыз;- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/878300
BUKETOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ӨНЕРКӘСІПТІ ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ТУРИЗМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА 16.11.2024
BUKETOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ ӨНЕРКӘСІПТІ ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ТУРИЗМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Цифрлық экономиканы зерттеу институтының ғалымдары түрлі бағыттар бойынша бірқатар жоба іске асырды. Солардың бірі – кешенді интеграцияланған өнеркәсіптік құрылымдардың, атап айтқанда, бірыңғай цифрлық платформаларда жұмыс істейтін жүйе құраушы, инновациялық-белсенді өнеркәсіптік кластерлердің цифрлық әлеуетін бағалау әдістемесі, сондай-ақ кәсіпорынның цифрлық экожүйелерді енгізуге цифрлық әзірлігінің деңгейін бағалау құралдар жинағы әзірленді. Жинақ 9 негізгі блокты қамтиды: тұрақты даму стратегиясы, материалдық-техникалық жарақтандыру, ұйымдық құрылым, өндіріс, персонал, жеткізу тізбегін басқару, клиенттермен жұмыс, мониторинг және киберқауіпсіздік. Бағалау цифрландырудың барлық аспектілерін, соның ішінде өндірісті теңшеу мен киберқауіпсіздікті қамтитын 115 параметр бойынша жүргізіледі. Бұл кәсіпорынның ағымдағы цифрлық әлеуеті мен цифрлық экожүйелерді енгізу дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Барлық көрсеткіштер стандартталған, бұл нәтижелерді талдау мен түсіндіруді жеңілдетеді. «Қолданылатын тәсіл әмбебап және бейімделгіш болғандықтан бұл әдістемені басқа кәсіпорындарда да ауқымды түрде қолдануға болады. Алынған деректер цифрлық трансформацияның басым бағыттарын анықтап, экожүйелік өнімдерді енгізу стратегиясын жасауға көмектеседі. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістік процестерді жақсартып, цифрлық жетілуді арттыруға кепілдік береді», - дейді Бөкетов университетінің Цифрлық экономиканы зерттеу институтының директоры Л.Ташенова. Сонымен қатар ғалымдар Орталық, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс Қазақстан жағдайында сәтті бейімделген аймақтың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалаудың бірегей әдістемесін әзірледі; оны жекелеген облыстардың және туристік бағыттардың туристік-рекреациялық әлеуетін бағалау кезінде де жүзеге асыруға болады. Мәселен, «Туризмді цифрландыруға арналған smart-технологияларды қолдану арқылы Орталық Қазақстанда қалалық туристік маршруттарды әзірлеу» гранттық жобасы шеңберінде зерттеу ұжымы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қалалық туристік маршруттарды әзірледі. Маршруттар әлемдегі ең танымал платформалардың бірі – izi.Travel-ге жүктелген, осылайша облыс және еліміздің тұрғындары болашақта оларды кеңінен пайдалана алады. Оларды жұмыс үстелінің нұсқасында да, AppStore мен PlayMarket-тен izi.Travel қосымшасын жүктеу арқылы да тыңдап, сақтап алуға болады. Соңғы 5 жылда Цифрлық экономиканы зерттеу институтының базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «Проблемаларды анықтау және инновациялық процесті тиімді басқару тетігін әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы инновацияларды коммерцияландыру процесін зерттеу»; «Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін интегралды көп факторлы бағалау және бәсекеге қабілетті өңірлік туристік өнімдерді дамыту стратегиясын әзірлеу»; «Туризмді цифрландыру жағдайында smart-технологияларды қолдану негізінде Орталық Қазақстанда қалалық туристік маршруттарды әзірлеу» сияқты ғылыми гранттық жобалар жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/878267
Астанада мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп бойынша көрмелер басталды 16.11.2024
Қазақстандық мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп өндіру саласындағы мамандар Астанада Агробизнес пен өндірісті жүргізу үшін бүгінгі таңда ең үздік тауарлар мен қызметтерді таныстыру, сондай-ақ ұзаққа созылған проблемаларды талқылау және оларды шешу жолдарын табу үшін жиналды.«Jańa Dala / Vet Astana '2024» жем-шөп және ветеринария жөніндег іхалықаралық көрмеде, «Jańa Dala / FarmAstana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы барынша мүдделі аудиторияға бағдарланған жабдықтар, жем-шөп, ветеринариялық өнімдер, технологиялар ұсынылды.Көрмелердің мақсаты-қазақстандық мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына тәжірибе және өндіріс технологияларымен алмасу платформасын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу.Алайда, көрмелерге қатысушылардың айтуынша, бүгінде бұл іс-шаралар тек қана демонстрациялық форматтан өтіп, еліміздің АӨК-дегі өзекті міндеттерді талқылау және шешу үшін пәрменді алаңға айналды.Көрмелердің ғылыми-пікірталас компоненті 50 – ге жуық түрлі іс-шаралармен тақырыптарды қамтиды-сүт шаруашылығы мен мал генетикасындағы инновациялық шешімдерден бастап, препараттар мен мал басын электрондық есепке алу жүйелерін практикалық қолдануға дейін.Көрмелер аясында өтетін конференцияларға, семинарларға ҚР АШМ өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік ұйымдардың сарапшылары, отандық даму институттары қатысады.Осылайша, бірінші күні қатысушылар сүт-тауар фермаларының мысалында жануарлардың денсаулығы мәселелерін шешу тәжірибесін, сүт шаруашылығындағы инновациялық шешімдерді қарастырды.Ветеринария ғылымдарының PhD докторы, Zendal компаниялар тобының Ветеринария бойынша техникалық кеңесшісі Карлос Чипани Испанияның бруцеллезді толығымен жою тәжірибесі туралы айтты.Сондай-ақ, «ет жобасы: қайта жүктеу», «ет өнімдерін экспорттау перспективалары, экспорт жұмысындағы ағымдағы кедергілер» және т. б. сессиялар өтті.7 қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің қатысуымен ветеринария саласына қатысты мәселелер талқыланып, үздік бұқа ұлттық байқауының қорытындысы шығарылады».Азық-түлік және ветеринариялық препараттар индустриясы қазақстандық өкілдерінің өтініші бойынша алғаш ретосы күндері «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен қызметтердің халықаралық көрмесі өткізіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/878261
Шымкентте IX Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр 16.11.2024
Бүгін Шымкент қаласында Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастық пен достық байланыстарды нығайту шеңберіндегі IX Халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған фестивальді Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова ашып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің құттықтауын оқып берді.«Сіздерді театрдың 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақтың ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушы Жұмат Шаниннің есімін иеленген өнер ордасының ұлт руханиятын дамытуда алатын орны биік. Ғасырға жуық тарихы бар театр әр жылдары талай сахна саңлағының бағын ашты, бағытын айқындады. Бұл өнер қара шаңырағында халқымыздың біртуар таланттары Хадиша Бөкеева, Әмина Өмірзақова еңбек еткен. Қазақ драма театры бүгінгі таңда көрерменін сапалы қойылымдармен қуантып, тағылымы мол, талғамы биік туындылар сахналауда», – делінген құттықтау хатта.Алты күн бойы Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрларының үздік спектакльдері көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасында спектакльдерді талқылау үшін жетекші театр сыншылары қатысатын дөңгелек үстелдер, сондай-ақ, шетел педагогтары өткізетін театр режиссерлері, актерлері мен менеджерлеріне арналған шеберлік сағаттары жоспарланған.Іс-шара 11 қарашаға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878309
Нұрдәулет Қилыбай Тұщыбек ауылындағы туберкулезге қарсы шипажайдың жұмысын жандандыруды тапсырды 16.11.2024
5 қарашада Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек және Шайыр ауылдарына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігімен танысты.Өңір басшысы Тұщыбек ауылында орналасқан Е. Оразақов атындағы туберкулезге қарсы шипажайдың жағдайымен танысты. 1963 жылы құрылған бұл шипажай 30 орынға арналған. Мекемеде 42 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 3 дәрігер мен 8 мейірбике бар. Мұнда емделушілерге шұбат ұсынылып, дәстүрлі емдеу шаралары қолданылады.Облыс әкімі жауапты азаматтарға ескірген ғимараттыкүрделі жөндеуден өткізіп, көп жылдан бері халық игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан шипажайдың жаңа тынысын ашуды тапсырды.- Бұл шипажайдың жұмысы тоқтамауы тиіс. Тұщыбектегі шипажай өңірдің игілігіне қызмет етіп, адамдардың денсаулығын нығайтуға үлес қосуы керек. Біз оны жандандыруға күш саламыз. Бұл мекеме халыққа қызмет ететін беделді орынға айналуы керек , - деді Нұрдәулет Қилыбай.Сапар барысында облыс басшысы Тұщыбек ауылдық мектебінің қосымша құрылысын да қарады. 2005 жылы пайдалануға берілген, 50 орындық мектеп-бөбекжайға қазіргі уақытта жапсарлас жаңа 3 қабатты мектептің құрылысы жүргізілуде. Онда спорт залы, акт залы, асхана, кітапхана және қосымша 8 кабинет қарастырылған. Жаңа ғимарат 160 оқушыға лайықталып салынып жатыр, құрылыс аяқталғаннан кейін 9 жылдық мектеп 11 жылдық оқу орнына айналады.Облыс әкімі Шайыр ауылдық округінде бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жағдайын да тексерді. 11 шақырымдық «Шайыр-Жыңғылды» тау жолының 8 шақырымы аяқталған. Қазіргі уақытта жол салуға кедергі келтіріп тұрған таудың 16 метрінің 1,5 метрі ғана қазылған. Өңір басшысы жолды салуға мүмкіндік тудыру үшін таудың қалған бөлігін қазуды тездетуді тапсырды.Әкім сондай-ақ Шайыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен спорт кешенінің жағдайымен танысты. 2013 жылы салынған, 25 адам қабылдай алатын амбулатория күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал спорт кешені бойынша, нысанды Маңғыстау облыстық спорт басқармасының балансына беру, сондай-ақ, жастардың сұранысына сәйкес ауылда заманауи талаптарға сай спорт кешенін салу мәселесі де көтерілді.Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандарды жақсарту мен ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау бағытында нақты тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/878212
Маңғыстау облысының әкімі Жыңғылды ауылының өзекті мәселелерімен танысты 16.11.2024
5 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, кезек күттірмейтін мәселелермен танысты.Жыңғылды ауылдық дәрігерлік амбулаториясына барған аймақ басшысына мамандар дәрігер тапшылығы және ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін баяндады. 2016 жылы ашылған амбулаторияда бүгінде 8 мейірбике және 4 кіші қызметкер жұмыс істейді.Облыс әкімі іргетасы 1956 жылы қаланған мәдениет ошағының қызметімен де танысты. 120 орынға арналған мәдениет үйінде бүгінде 200-ге жуық бала түрлі үйірмеге қатысуда. Мәдениет үйінің қызметкерлері ғимараттың ескіргендігін айтып, ғимаратты кеңейтуді сұрады.Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай Ш.Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалына ат басын бұрды. Спорт мектебі биыл қолданысқа берілген, алайда ауыл белсенділері кешеннің стандартқа сай келмейтінін айтып, қосымша зал және жаттықтырушылар керектігін алға тартты.Облыс әкімі барған Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектепке де жөндеу, кеңейту жұмыстары қажет. 1978 жылы құрылған мектепте 711 оқушы білім алуда. Осынша балаға оқу кабинеттері жетіспейді, мектептің акт залы да тарлық етуде.Аймақ басшысы аудан және ауыл әкімдеріне Жыңғылды ауылының тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін қордаланған мәселелерді рет-ретімен шешуді тапсырды.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/878225
Облыста табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде 16.11.2024
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою жасағы» инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер жүргізді. 2024 жылдың 3 қаңтарынан 30 қазанына дейінгі аралықты қамтитын тексеру нәтижесінде 106 заң бұзушылық фактісі анықталып, оның 10-ы қылмыстық іске ұласып, 7-уі сотқа жолданды, 89-ы әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды.Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жасақ қызметкерлері балық инспекциясымен бірлесіп Алакөл көлінен 15 дана иесіз моножелілер және Зайсан көлінен Қытай өндірісінің 95 бірлік моножелісі табылып, өртеу жолымен жойылды. Іс-шара барысында «Тойота Хайлюкс» маркалы автокөлігі мен «Ямаха» маркалы қар шанасы тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.Заңсыз аңшылықтан келген жалпы шығын 3,2 миллион теңгені құраса, заңсыз балық аулаудан келген шығын 4 миллионнан астам теңге болған.Қардың қалың түсуіне байланысты жабайы жануарларды қыста азықтандыруға ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар популяцияны және аймақтың экожүйесін сақтау үшін жыл бойы жұмыс істейді.Осы кезеңде табиғатты қорғау полициясы, Абай облыстық ПД, прокуратура, аймақтағы инспекция қызметкерлері, Семей қаласының балық инспекциясы (ЗЕМБИРХ) қызметкерлері 536 бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/878244
Абай облысының делегациясы Қазан қаласына түрлі салаларда тәжірибе алмасуға барды 16.11.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев, аудан әкімдері, басқарма басшылары, «Kazakh Invest» компаниясының өңірдегі директоры Қайрат Асаинов, Семей халықаралық әуежайының директоры Ғазизбек Саматов, «Abai IT-Valley» жобасының амбассадоры Асхат Бейсембаев, «Автотранслайн ВК» ЖШС бас директоры Рамиль Нығматулин, сондай-ақ бизнес және мәдениет өкілдері бар.️Сапардың мақсаты – өңіраралық байланысты нығайту, технология, кәсіпкерлік, мәдениет саласында тәжірибе алмасу.Қазан — Ресейдің ірі көлік және өнеркәсіп орталығы, темір жол, авто және әуе жолдарының маңызды торабы. Сондай-ақ Еділ өзенінің негізгі порттарының бірі ретінде танымал. Қала машина құрастыруда, металл өңдеуде, ұшақ жасауда, химия, мұнай-химия, сондай-ақ жеңіл, тамақ өнеркәсібінде жетекші орын алады.Қазан — Ресейдегі ең ірі ғылыми-техникалық орталықтардың бірі. Қалада жоғары технологиялар саласындағы жетекші ресейлік технопарк IT-паркі, сондай-ақ Еуропадағы ең ірі технопарктердің бірі «Идея» орналасқан. Шаһарда 136 ғибадат орны, оның ішінде 70 мешіт, 45 православие шіркеуі және басқа да діни ғимараттар бар.Бұл сапар Абай облысы мен Татарстан арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін іскерлік байланыстарды орнатуға, перспективалы идеялармен алмасуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/878252
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты 16.11.2024
➤ Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.➤ Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/878224
Қазақстан ИКАО-мен қоғамдастық шеңберінде жасыл авиаотын өндіретін болады 16.11.2024
Алматыда Қазақстандағы ИКАО апталығы аясында ACI EUROPE "Green Airports" компаниясымен бірлесіп ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік семинары өтуде.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық өңірлік бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло, Еуропа әуежайлары халықаралық кеңесінің (ACI Europe) Бас директоры Оливье Янковец, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының, Қазақстан және Еуропа әуежайларының, авиакомпаниялардың өкілдері қатысуда.ICAO «Green Airports» аймақтық семинары тұрақты авиациялық отынға (SAF) және басқа да таза энергия көздерін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы аз әуежайларды дамытуға қатысты маңызды бағыттарды талқылауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев өз сөзінде: «Қазақстан авиацияның қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған «Green Airports» ACI бастамасын белсенді қолдайды. Біздің еліміз БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын, Киото хаттамасын және Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 16-қосымшаны қоса алғанда, бірқатар халықаралық міндеттемелерді орындайды. Біз сондай-ақ ИКАО-ның 2050 жылға қарай халықаралық ұшулардан таза нөлдік шығарындыға қол жеткізу мақсатына деген міндеттемесіміз туралы айтамыз және осы бағыттар бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деп айтты.ICAO Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық аймақтық бюросының (EUR/NAT) директоры Николас Ралло өз сөзінде: «Тұрақты даму мақсаттарының бірі – 2060 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын нөлге дейін азайту. Бұл өте өршіл мақсат, сондықтан барлық қатысушы тараптардың уақтылы әрекеттері маңызды. Климаттың өзгеруі – өте маңызды мәселе. Бұл экология тұрғысынан жұмыс істеудің маңызды қадамдары ғана емес, мұның бәрі тұрақты даму мақсаттарына бағытталған. Бұл әсіресе теңізге шыға алмайтын елдер үшін өте маңызды. Осы мәселені шешуде барлық елдер бірігуі керек. Осы ретте авиация бәрінен озық болып, жұмыс істейтін драйвер болып табылады».Еуропа Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI Europe) бас директоры Оливье Янковец: «Авиация климаттың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Әлемнің әуежайлары шығарындыларын азайту бағдарламасын қолдайды және біз әртүрлі шараларды қолдану арқылы көміртегі ізін азайтуға тырысамыз. Осыған байланысты көптеген қиындықтар бар. Таза энергияға және қауіпсіз отынды пайдалануға көбірек қол жеткізген сәттен бастап, жасыл авиациялық отын жетекші орынға ие болады. Біз кейбір елдердің осы тұрғыда көшбасшы екенін көріп отырмыз, бірақ мен Орталық Азияның барлық елдерін SAF саясатына сәйкес қосылып, жұмыс жасағанға шақырамын».Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева: «Green Airports» бастамасы авиация саласының тұрақты дамуы үшін маңызды. Ол әуежайлардың экологиялық әсерін азайтуға бағытталған, бұл әсіресе климаттың өзгеруі жағдайында маңызды. Таза технологияға көшу, ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздерін енгізу көміртегі ізін айтарлықтай төмендетуі мүмкін".Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду: «Қазақстанның авиациялық билігі әлемдік авиация саласының алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша жаһандық қоғамдастықтың бірыңғай мақсатына адалдығын атап көрсетеді. «Жасыл» әуежайлар, экологиялық таза авиациялық отынды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану біздің тұрақты даму бағытымызды анықтайды».«Green Airports» семинары авиация саласының таза энергия көздеріне көшуіне, тұрақты инфрақұрылым құруға және энергия тұтынуды азайту үшін әуежайлардың операциялық қызметін оңтайландыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа болып табылады. Әуежайлардың өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделуіне ерекше назар аударылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/878256
Жыл соңына дейін Қазақстанда теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда теміржол машина жасау саласында екі жоба іске қосылады. Кәсіпорындар тежегіш төсемдерін (Астана ) және темір жол құрамдары үшін серіппелерді (Қостанай) шығаратын болады. Жобалардың жалпы құны - 2,9 млрд теңгені құрайды. Оларды іске қосу 96 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы хабарлады.Жаңа кәсіпорындар өнімінің шамамен 80 % - ы экспортқа бағытталып, қалған бөлігі елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жоспарланған екі жобаның толық қуаттылығына шыққан кезде олардың өндіріс көлемі шамамен 4,6 млрд теңгені құрайды деп болжануда.«Жалпы теміржол машина жасау саласындағы инвестициялық портфель құны 218 миллиард теңгені құрайтын 13 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру 3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді», - делінген дирекция хабарламасында.Сонымен қатар, жүзеге асыру кезеңінде құны шамамен 129 млрд теңге болатын және мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 6 жоба бар. Олардың ішінде, жолаушылар вагондарын, жартылай вагондарды, доңғалақты бандаж өнімдерін, тісті доңғалақтар мен цистерналар өндірісі бар. Өнімдердің негізгі бөлігі ішкі нарыққа бағытталады. Жобалардың басым көпшілігі Павлодар облысы мен Астана қаласында орналасқан.Дирекцияның хабарлауынша, алдағы уақытта салада құны 85,7 млрд теңге болатын және 1,7 мыңға жуық жұмыс орнын құрумен тағы 9 жоба пысықталуда. Отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, құйылған үдеткіш арқалықтар, бүйірлік рамалар, теміржол доңғалақ жұптары, вагондарға арналған қосалқы бөлшектер, термос вагондары және басқа да өнімдер өндірісін іске қосу жоспарлануда.Салаға инвестиция тарту мақсатында республикалық және жергілікті деңгейлерде арнайы-экономикалық аймақтар шеңберінде инвестициялық преференциялар, несиелеудің жеңілдікті шарттары, салықтық жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/878250
2024 жылдың қыркүйек-қазан айларының қорытындысы бойынша жаңа егістіктің экспорты 48% -ға өсті 16.11.2024
Бүгінгі күні дәнді дақылдардың жалпы жинауы 26,6 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдарын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 56% -ға жоғары. Орташа өнімділік 16 ц/га.Жаңа егістіктің астығы экспортқа сатыла бастады: осы жылдың қыркүйек-қазан айларында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректері бойынша 1,8 млн тонна экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48% -ға көп (1,2 млн тонна).Мысалы, Өзбекстанға экспорт 738 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 49% -ға көп; Тәжікстанға 298 мың тонна немесе өткен жылмен салыстырғанда 48% -ға көп жөнелтілді. Қытай, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан және басқа бағыттарды қоса алғанда, басқа бағыттар бойынша да оң динамика байқалады.Импортшы елдер қазіргі уақытта өздерінің астық қорларына ие екенін ескере отырып, астық экспортының көлемінің елеулі өсуі 2025 жылдың бірінші жартысында болжануда. Экспорттық бағыттарды әртараптандыру және өткізу нарықтарын кеңейту жұмысы жалғасуда.Әлеуметтік желілерде дәнді дақылдардың экспорттық жеткізілімдерінің азайғаны туралы бұрмаланған ақпарат таратылып жатқанына назар аударамыз, бұл нарықта дүрбелең туғызып, бағалардың демпингіне әкеледі.2024 жылғы егін жинау көлемі бойынша да, сапасы бойынша да 45% -ға жоғары екенін және бұл экспортқа шығару үшін жағдай жасайтынын хабарлаймыз.ҚР АШМ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерін форвардтық келісімшарттар мен тауарлық несиелермен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетеді. Мысалы, ағымдағы жылы 594 мың тонна дәнді сатып алу үшін 40 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасалды.Сонымен қатар, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа егіннің дәнін тікелей сатып алу мәселесін қарастырып, ұсақ шаруашылықтардан сатып алуды жүзеге асыру мәселесін пысықтауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/878234
Атырау облысының белсенді жастары Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен танысты 16.11.2024
Атырау облысындағы «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебінің резиденттері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен танысты. Олар елордаға сапар барысында мемлекеттік аппараттың негізгі нысандарына барды.Атыраулық жастар Мәдениет және ақпарат министрлігінде Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжановпен кездесу өткізді. Онда жастар саясатының негізгі аспектілері сөз болды. Қонақтарға қысқаша экскурсия да ұйымдастырылды.Айта кетейік, Атырау облысында 2024 жылдың маусым айынан бері «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі жұмыс істейді. Іріктеу барысында әр саладан 30 адам таңдалды. Жобаның мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді жастарды тарту. Мектеп қатысушылары мемлекет және қоғам, азаматтық құқық, бюджет, әлеуметтану және азаматтық технологияларды пайдалану секілді бес бағыт бойынша оқудан өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878227
Инклюзивті креативті индустрия: Қазақстанда алғашқы келісімге қол қойылды 16.11.2024
Солтүстік Қазақстан облысында инклюзивті креативті индустрияны дамыту туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастыққа Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Sensitive есту қабілеті төмен бишілер театры және Ресейдің Inclusive Dance қайырымдылық қоры қатысты.Серіктестер мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында креативті индустрияны дамыту әдістемесін жетілдіруге ниетті. Қазақстанда бұл инклюзивті креативті индустрия саласындағы алғашқы келісім.Qyzyljar creative Center хабының базасында халықаралық деңгейдегі фестиваль, семинарлар, шеберлік сыныптары мен конкурстар өткізу жоспарда бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878246
7 қарашада онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді 16.11.2024
2024 жылғы 7 қарашада сағат 16:00 онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді.Отырыста Көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратқа қол жеткізуі (сөйлеу синтезі, экрандық диктор), сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланатын болады.Комиссия отырысының трансляциясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook-нің ресми парақшасында өтеді https://www.facebook.com/madenietaqparat?mibextid=LQQJ4d. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/878251
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: БАЛАЛАР МЕН ЕРЕСЕКТЕРДІҢ МҮГЕДЕКТІГІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ 16.11.2024
Қазақстанда балалар мен ересектердің мүгедектігін төмендету мақсатында халықтың нысаналы топтарында ауруларды диагностикалау спектрі кеңеюде, жүкті әйелдерде генетикалық аурулар мен ұрықтың туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтаудың қолжетімділігі артып келеді, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.«Қазақстандағы балалар мүгедектігінің құрылымы диагностиканың жаңа әдістерін жетілдіруге және енгізуге байланысты өзгерістерге ұшырады. Соңғы 7 жылдың ішінде ҚР-да туа біткен кемістіктер, деформациялар және хромосомалық ауытқулардың санаттары бойынша мүгедектік 5,2%-ға, нерв жүйесінің аурулары 1,7%-ға төмендеді», - деп атап өтті ведомство басшысы.Сонымен қатар, нервтік-психикалық аурулар балалар мүгедектігі құрылымында жиі кездесетін диагноздардың біріне айналды. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізуге, аутизм спектрінің бұзылыстарын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын бекітуге байланысты.Ол 2025 жылдан бастап Қазақстанда 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға жұлын-бұлшықет атрофиясы ауруына скрининг енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап генетикалық аурулар мен туа біткен ақауларды ерте анықтаудың қолжетімділігін жақсарту үшін еліміздің 10 өңірінде «бір күндік клиника» ашылды, онда 23 мыңнан астам жүкті әйел тексеруден өтті. Ағымдағы жылы пациенттерді емдеу тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау үшін Орфандық ауруларды үйлестірудің республикалық орталығы құрылды.50 жастан 70 жасқа дейінгі ер адамдар үшін ми қан айналымының жіті бұзылулары мен миокард инфарктісінің жиілігін төмендету мақсатында келесі жылдан бастап барлық сақтандырылған азаматтар үшін амбулаториялық коронарография және брахиоцефалдық тамырлардың УДЗ енгізіледі. Бұл тексеруден екі жылда бір рет өтуге болады.Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларын ерте диагностикалау және алдын алу үшін жыл сайын 3,4 миллион ересек қазақстандық ҚЖА, қант диабеті, онкологияға скринингтен өтеді.Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, скрининг нәтижесінде анықталған барлық аурулар бойынша одан әрі емдеу жүргізіледі, пациенттер динамикалық бақылаумен және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму қаупі факторларын төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2024 жылдан бастап 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу және шектеулер енгізілді.«Паллиативтік көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап біз осы медициналық қызметтердің тарифтерін 33%-ға арттырамыз және паллиативтік қызметті қаржыландыру 42%-ға өседі. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуларын ерте анықтау және алдын алу бойынша медициналық - санитариялық алғашқы көмектің сапасын бағалаудың жаңа моделі енгізілуде, бұл балалар мен ересектердің арасындағы мүгедектікті азайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.Соңғы жылдары көптеген елдерде мүгедектіктің өсу үрдісі байқалды, бұл демографиялық өзгерістерге, халықтың қартаюына және диагностиканың жақсаруына байланысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/878248
Қостанай облысының Арқалық қаласында мемлекеттік тілде оқытатын Жайлы мектеп ашылды 16.11.2024
2024 жылғы 6 қарашада Қостанай облысының Арқалық қаласында 300 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын Жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті.Жалпы құрылысына 2,6 млрд. теңге бағытталған Арқалық қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі табысты білім беру процесі үшін сапалы жағдай жасай отырып, өз есігін айқара ашады.«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының басымдығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біздің балаларымыз тұрғылықты жері мен оқу тіліне қарамастан сапалы білім алуы тиіс» деген міндетін орындау болды.Мектептің ашылуында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали мектепте оқушылардың таланттары мен қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «Өңір үшін әлеуметтік әсері маңызды: 70 тұрақты жұмыс орны құрылды. Оқушылар қадамдық қолжетімділікте сапалы білім ала алады. Мектептің Арқалық педагогикалық институтымен ғылыми-әдістемелік өзара іс-қимылы жолға қойылады, болашақ педагогтар мектепте одан әрі жұмысқа орналасумен практикадан өте алады, ал Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері ынтымақтастықты жалғастыру үшін қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге дайын», - деп атап өтті ол.Мектептің бастауыш, орта және жоғары буынды оқытуға арналған блоктары бар. 26 оқу кабинеті оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Робототехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптардың, STEM-зертханалардың жарақтандырылуы өскелең ұрпақтың IT-құзыреттерін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.Оқу залы бар заманауи кітапхана, жайлы коворкинг аймақтары және тыныш және белсенді ойындарға арналып жабдықталған алаңдары бар.Мектеп ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға бейімделген, қауіпсіз білім беру ортасы, оның ішінде мобильділігі төмен азаматтар үшін де барлық жағдайлар жасалған.Қазірдің өзінде мектепке 400-ге жуық бала қабылданды, оқыту екі ауысымда жүргізіледі.Ардагер Әубәкіров Түбекбай Ғабсалықұлы барлық оқушылар мен педагогтарды мектептің ашылуымен құттықтап: «Ең бастысы, қазіргі заманғы стильде салынған оқу орнында өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін толыққанды жағдайлар жасалса деймін. Бұл оқу орны тек білім беру ордасы ғана емес, қаламыздың спорттық және мәдени өмірінің орталығына айналады деп үміттенеміз».Бұл облыста «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ашылған екінші мектеп. Жоба бойынша барлығы 4500 орынға арналған 6 мектеп ашылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/878202
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды 16.11.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасында бес новелла қарастырылған, олардың бірі әлеуметтік осал отбасылардың шыққан санатындағы балаларды қамтиды.«Жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету көзделеді. Бүгінгі таңда жалпыға бірдей білім беру аясында мемлекеттік мектептерде оқитын әлеуметтік санаттағы 500 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтары мен тамақ сатып алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік санаттағы барлық балаларға көмек көрсету мақсатында меншік нысанына қарамастан мектептерде көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыреті енгізіледі», - деді Ғани Бейсембаев. Таныстыру барысында министр заң жобасының басқа да жаңалықтарына тоқталды. Бұл - қосымша білім беру ұйымдары үшін рұқсат құжаттарын ұсына отырып, өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама тәртібін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту мен академиялық ұтқырлық қағидатын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878197
Талдықорғанда "Digital Jetisu Forum" өтеді 16.11.2024
Digital Jetisu Forum — крупнейшее событие этой осени в Талдыкоргане, которое нельзя пропустить!Когда? 8 ноября, впервые в нашем городе!Где? Выставочный комплекс НПП «Атамекен», мкр. Бирлик, 2А.Во сколько? Начало в 10:00 ч.Вход? Бесплатно для всех желающих! На форуме выступят эксперты Google и топовые специалисты IT-компаний Казахстана, которые расскажут о самых важных трендах и технологиях будущего: Искусственный интеллект — как технологии меняют наш мир прямо сейчас. Кибербезопасность — защита данных в эпоху цифровизации. Smart City — будущее городов и как сделать их удобными для жизни. Big Data — как использовать данные для принятия важных решений.Событие будет интересно всем, от профессионалов до новичков, а также любопытным жителям Талдыкоргана, которые хотят узнать больше о мире цифровых технологий! Помимо лекций, вас ждут:• интерактивная выставка IT-разработок,• презентации новейших технологий Казахстана,• захватывающая битва стартапов, где молодые команды представят свои уникальные проекты и сразятся за призовой фонд.Форум станет точкой сбора для всех, кто хочет быть в курсе последних новинок и трендов в мире IT.Не упустите шанс стать частью цифрового будущего вместе с Digital Jetisu Forum! Организаторы: управление цифровых технологий области Жетісу и IT-хаб «Jetisu Digital»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/878193