Қуқық
IQanat олимпиадасына Абай облысынан 2000-ға жуық мектеп оқушылары қатысуда 16.11.2024
Үржар ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінде IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Олимпиада ауыл оқушыларының логикалық, математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі тестілеуден ерекшелігі – академиялық жетістіктер мен бағаларға қарамастан, әр оқушыға қатысу мүмкіндігі беріледі.Биыл жетінші рет өткізіліп жатқан IQanat олимпиадасы Абай облысының барлық ауданын қамтып, 1943 қатысушыға білім додасында бақ сынауға мүмкіндік берді.Республика көлемінде 170 ауданнан 56 мыңнан астам ауыл оқушылары қатысуға тіркелді. Бірінші тур нәтижесінде облыстық кезеңге өткен қатысушылар анықталып, олардың жеңімпаздары 2025 жылдың жазында өтетін финалда бақ сынасады. Финалға өткен оқушыларды ағылшын тілі, IT жобалар, кәсіптік бағдар беру, ҰБТ және IELTS дайындықтарын қамтитын қарқынды білім беру бағдарламасы күтеді.IQanat жобасы аясында дайындықтан өткен оқушылар Қазақстан мен шетелдегі үздік жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, әлемнің 17 елінде білім алуда. Бұл – Қазақстанның барлық өңіріндегі ауыл оқушыларын қолдауға бағытталған 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/875293
Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды 16.11.2024
Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады.Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда екі науқасты бірден қабылдауға мүмкіндік беретін Fresenius Medical Care диализ аппараттары, емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін суды сүзуге арналған арнайы германиялық құрылғы бар.Жаңа амбулаториялық-диализ бөлімі мамандандырылған көмекті қажет ететін аудан мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін маңызы зор. Мекеме медициналық қызметтерге қолжетімділікті және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/875294
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер арасындағы кездесу туралы ақпарат жарияланды 16.11.2024
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер арасындағы кездесу туралы ақпарат жарияланды. Онда Қазақстанда дзюдоны дамыту және танымал етуге арналған бірлескен қадамдар мен ынтымақтастық туралы айтылады.Ақпараттың толық мәтінімен IJF -тің ресми сайтынан танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875291
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы хабарландыру 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 2024 жылғы 11-13 қараша аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін реттеуді қатаңдату жөніндегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелері орналастырылатынын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/875264
Қазақстан Қарулы күштерінің Байланыс әскерлеріне – 30 жыл 16.11.2024
1994 жылғы 31 қазанда Қорғаныс министрінің директивасымен ҚР Қарулы күштері Бас штабының Байланыс департаменті құрылды. Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери байланысшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, Байланыс департаментінің басшылығы, басқа әскерлер мен әскери құралымдары байланыс тораптарының бастықтары, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ азаматтық байланыс ұйымдарының өкілдері қатысты. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев байланысшыларды атаулы күнмен құттықтап, байланыс әскерлерін жаңа жүйелермен жарақтандыру және озық технологияларды енгізу әскерлерді дамытудың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.– Байланыс – бәрінің іргетасы, негізі. Онсыз нақты уақыт режимінде әскерлерді басқарудың цифрлық трансформациясы мүмкін емес. Осы саланың арқасында біз елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін жұмыс істейтін бастамалар мен жобаларды іске асырамыз, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартамыз, – деді ол. Әскери байланысшылар өздерінің жоғары кәсібилігі мен шеберлігін «Бірлестік-2024», «Мызғымас бауырластық-2024», «Батыл тойтарыс-2024», «Айбалта-2024», «Бекет-2024» стратегиялық оқу-жаттығулары және басқа да іс-шаралар барысында бірнеше рет дәлелдеді.Байланыс әскерлерінің 30 жылдығына орай мінсіз қызметі және қойылған міндеттерді орындауда танытқан жауапкершілігі үшін бірқатар байланысшылар «Ел қорғаны» және «ҚР Қарулы күштерінің үздігі» ведомстволық медальдарымен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қорғаныс министрінің атынан ел Қарулы күштерінің Байланыс әскерлерін құрудың бастауында тұрған ардагерлер де алғыс хаттар алды.Сол кездегі естеліктері жайлы отставкадағы генерал-майор Мүбәрәк Орынбеков бастай келе, ол байланыс бөлімшелерін жарақтандыру деңгейінің артқанын атап өтті. Қырық жылдан астам әскери қызмет еткен ардагер байланысшылардың уақыт талаптарына сай болу үшін кәсіби деңгейін көтеру жолында тынымсыз еңбек етіңдер деді.Салтанатты жиын соңы Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы, сондай-ақ елорда гарнизонындағы байланыс бөлімшелерінің әскери қызметшілері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/875269
Алматыда «Жастар Орталық Азияның орнықты болашағы үшін» форумы өтті 16.11.2024
Алматы, 2024 жылғы 28 қазан – «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан делегаттарын біріктірген «Жастар Орталық Азияның орнықты болашағы үшін» форумы өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов жастардың жаһандық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның осы саладағы күш-жігерін, соның ішінде волонтерлік қозғалыстарды қолдауды таныстыра отырып, сөз сөйледі. Ол сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстандағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Алматыда БҰҰ өңірлік хабын құру маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар форумда БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және Жапонияның дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Каната Томохиро сөз сөйледі. Панельдік сессияда Қазақстан атынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сөз сөйледі. Форумға қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі орнықты болашаққа жол ретінде жастардың жұмыспен қамтылуын дамытуды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/875288
Өрттің алдын алу үшін мамандар астаналықтардың үйлерін аралайды 16.11.2024
Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлерді аралайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Осылайша, өрт сөндірушілер Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 36/2 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінде профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Аралауға құтқарушылардан басқа, аудан әкімдігінің өкілдері мен Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Акция барысында мамандар тұрғын үйді өрт қауіпсіздігі бойынша кемшіліктерді анықтау үшін тексерді, өртке қарсы жүйелердің жарамдылығын тексерді, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізді, оларға жадынамалар табысталды."Бүгінгі таңда Алматы ауданында 128 ұйымға (ПИК, ЖШС, ЖК, ТҚК) және мүлік иелерінің 267 бірлестігіне (МИБ) қызмет көрсететін 885 көппәтерлі тұрғын үй бар. 255 үйдің биіктігі 28 метрден асады. 2023 жылы осындай 204 үй болған", - деді Алматы ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Дария Байзулова.Астана ТЖД мәліметінше, биыл елорданың көппәтерлі тұрғын үйлерінде 89 өрт оқиғасы тіркелген, бұл ретте өрттің пайда болуының басты себебі адами фактор болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875143
Астанада көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды 16.11.2024
Елорда төрінде көркем гимнастикадан кезекті қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр. Чемпионатта 320 көркем гимнасшы сынға түсуде. Олардың ең жасы - 9-да, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Чемпионаттың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов, № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Данияр Тулегенов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.«Сіздерді көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионатының ашылуымен құттықтаймын! Бұл чемпионат – жай ғана жарыс емес, ол нағыз шеберлік, өнер және кемелдікке ұмтылыстың көрінісі. Бүгін мұнда қаламыздың намысын қорғауға, өз шеберліктерін паш етіп, лайықты жүлделерге қол жеткізуге ұмтылған жас гимнастшылар жиналып отыр. Әрбір өнер көрсету сұлулық пен үйлесімге, жаңа биіктерге ұмтылумен толы.Барлық қатысушыларға сәттілік, шабыт және тамаша өнер көрсетулерін тілеймін! Әрқайсыңыз өз жетістіктеріңізбен мақтан тұтыңыздар және жаңа биіктерге ұмтыла беріңіздер», - деді Исламбек Байманов.Қалалық біріншілікке қатысып жатқандардың арасында ұлттық құрамамыздың намысын қорғап жүрген Эрика Жайлауова, Ақмарал Ерекешева да бар. Тек Айбота Ертайқызына ғана демалыс берілді.«Жарысқа қаламыздан бөлек, Абай облысынан да келген арнайы қатысушымыз бар. Турнирдің мақсаты - 2025 жылғы ірі бәсекелерге қатысатын үздіктерді іріктеу. Алдағы Қазақстан чемпионатында ақпан айында өтетін жастар арасындағы додаға құрам таңдалады. 2015 жылға дейінгі қатысушылардың спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер, түрлі разрядтары бар», - деді көркем гимнастикадан Астана қаласының аға бапкері Әсел Мұстафина.Қазіргі сәтте елордамыздағы 16 көркем гимнастика мектебінде 5000-нан астам спортшы жаттығады. Олардың қатарында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде 300-ге жуық гимнасшылр тегін түрде қатысады. Қаламыздың жас таланттары Республикалық чемпионатта басты фавориттердің қатарына кіреді.Айта кетейік жарыс қарашаның 2-не дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875155
Ақтөбеде үшем дүниеге келді 16.11.2024
16 қазанда облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар туылды. Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр.15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.Айсана мен Батыржан енді 7 баланың ата-анасы. Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі.Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875259
МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 16.11.2024
МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жеке қабылдауында азаматтардың білім және ғылым саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Қабылдауға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова қатысты. Азаматтармен кездесу барысында жоғары білім алу, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, және ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ қабылдау аясында тұрғындар екінші жоғары білім алу тәртібі, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, шығармашылық мамандықтарға қабылдау тәртібі, докторантураға қабылдау мәселелерін көтерді. Қабылдауға келген азамат екінші жоғары білім алу мүмкіндігі мен оны қаржыландыру жолдары туралы ақпаратты нақтылауға мүдделі болды. Мемлекет тарапынан екінші жоғары білім алуға арналған қолдау бағдарламалары, жеңілдіктер, сондай-ақ оны қашықтан оқыту мүмкіндіктері жайлы сұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары оқу орындарына түсуі және оқу процесіндегі кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ азаматтар шығармашылық мамандықтарға түсу емтихандарындағы өзгерістер және осы бағыттағы жаңа талаптар бойынша толық ақпарат алуды сұрады. Азаматтар қосымша білім беру гранттары қалай бөлінетінін, оларды алу үшін қойылатын талаптарды және гранттардың мақсатты бағыттары жайлы нақтылау сұрақтарын қойды. Сонымен қатар олар гранттар санының өсу мүмкіндіктері туралы қызығушылық танытты. Министр Саясат Нұрбек азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша заңды негізде түсініктеме берді. Ведомство басшысы тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, сала басшыларына осы мәселелерді шешу және жақсарту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/875184
Солтүстік-Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы өндірісі құрылымындағы жетекші салалардың бірі 16.11.2024
2024 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша өңірде 45 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген.Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар ағымдағы жылдың 9 айында 88,8%-ға орындалды.Әсет Тұрысов өз сөзінде Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын, сонымен қатар өткен жылғы және ағымдағы жылдың 9 айының жұмыс нәтижелерінің қорытындысын атап өтті.Басты назарда халықты және бизнесті қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар болды. «СӘАЖ», «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» цифрландыру жобасы қысқаша таныстырылды.Өз сөзінің қорытындысы бойынша вице-министр QR-кодты қолдануға, ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігіне және жалпыға бірдей декларациялауға байланысты халықтың өзекті сұрақтарына жауап бердіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875204
Азаматтық бастама: қалада Абай даңғылындағы аллея жаңартылды 16.11.2024
Алматыда Тұрғұт Өзал көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,6 км, жалпы аумағы 5,2 гектар болатын бөлінген жолақта абаттандыру жұмыстары аяқталды. Соңғы рет бұл жерде жөндеу 15 жыл бұрын жүргізілген еді.Естеріңізге сала кетейік, биыл мамырда Алматы әкімі Ерболат Досаев көріктендіру жобасымен танысып, оның тапсырмасына сәйкес жаңғырту барысында сапалы материалдар қолданылды. Жол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарды жайлы ету мақсатында ыңғайлы орындықтар, функционалды шамдар және берік жабын төселді.Бұл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жобасы тұрғындардың бастамасы мен биліктің қолдауы арқылы қаланы қалай өзгертуге болатынын, оны барлық тұрғындарға тартымды әрі жайлы ете алатынын көрсетті. – Әрқайсымыз «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысу туралы ойлануымыз керек. Бұл қаланы көркейтуге үлес қосудың тамаша мүмкіндігі. Осындай жобалардың арқасында тұрғындардың идеясы шындыққа айналып жатқанын көріп отырмыз, – деп жобаның маңыздылығын атап өткен сәулетші Владислав Филатов азаматтардың мұндай жобаға атсалысуы сапалы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.Көріктендіру аясында 7810 м² жаңа кеспе тас төселіп, 4882 метр жиектас орнатылды, бұл аллеяның көркін келтіріп, жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы етті. Ұзындығы 10 800 метр болатын су құбыры жасыл желекті суаруға арналған. 21 000 м² аумақта көгал егіліп, 2500 бұта отырғызылды, 110 қоқыс жәшігі және 150 жарықтандыру бағанасы орнатылды, бұл қауіпсіздік пен жайлылықты арттырады.– Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін түрлі демалыс аймақтары қарастырылған: аллея бойына орнатылған әткеншектер студенттер мен зейнеткерлерге таза ауада демалуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұнда алты пергола, он жартылай шеңберлі орындық, үш бақбақ пішініндегі орындық, екі алтыбақан, сегіз бір жақты және 75 жалғыз орындық орнатылған, бұл қала тұрғындарына жайлы демалыс орындарын құруға мүмкіндік береді, – деді Владислав Филатов.Алматылықтар барша ұрпақтың қажеттілігіне сай келетін жаңа кеңістікті жоғары бағалады.– Аллеяның осылайша өзгергеніне қуаныштымыз, – дейді тұрғын Серік Ержанов. – Мұнда серуендеп қана қоймай, спортпен де айналысуға болады, жақсы жарықтың арқасында кез келген уақытта демалуға мүмкіндік бар. Ыңғайлы орындықтар мен әткеншектер аллеяны ерекше жайлы етіп, студенттерден бастап зейнеткерлерге дейін бәрімізді қуантады. Қала әр адамға одан да қайырымды әрі жайлы бола түсті.Басқа тұрғындар да жаңартулардың маңыздылығын атап өтті.– Ана ретінде балалармен қауіпсіз әрі көрікті жерде демалудың маңызы зор, – дейді қала тұрғыны Айжан Қасымова. – Біз мұнда отбасымызбен жиі келеміз, енді балалар ойнап жатқанда уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік бар. Қалада әркімге арналған демалыс орындары көбейіп жатқанына қуаныштымыз. Алматы әкімдігіне алғысым шексіз.Тіпті, ең жас тұрғындар да жаңа аллеяға жоғары баға берді:– Мен жақын жерде тұрамын, достарыммен осында келіп ойнай алатынымызға қуаныштымын. Аллея өте әдемі болды. Мұнда әткеншек тепкенді жақсы көремін, – деді Айдар Санжар.Осылайша, көріктендіру жұмыстарының нәтижесінде жаңартылған аллея қаланың функционалды және эстетикалық бөлігіне айналды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тағы да қала тұрғындарының идеясы жүзеге асып, белсенді өмір салты мен демалысқа арналған сапалы қоғамдық кеңістіктер құруға ықпал ететінін дәлелдеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875200
Алматыда «Медеу» БСК-ға дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді 16.11.2024
Алматыда қаланың көше-жол желісіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Биыл мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың басты көрікті жерлерінің бірі – «Медеу» биік таулы спорт кешеніне апаратын жол учаскесі жөнделді.Керей Жәнібек хандар көшесін, «Медеу» БСК-не дейінгі жалғыз жолды жөндеу 15 жылға жуық жүргізілген жоқ. Бұл ретте Алматыдағы жолдардың жөндеу аралық мерзімі - 5 жыл.Ағымдағы жылы ұзындығы 10 км жол учаскесінде асфальтбетон жабыны толығымен ауыстырылды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алғаш рет 14 шақырымға жуық тротуар жасалды. Сондай-ақ, 37 өздігінен жүретін немесе «қалқымалы» кәріз люктері орнатылды. Бүгінгі таңда барлық жөнделген учаскеде жол белгілері бар.«Бұл көшені жөндеу кезінде полимерасфальтбетон пайдаланылды, ол жабынның калибрге төзімділігін, сондай-ақ оның беріктік сипаттамалары мен жарықтарға төзімділігін арттырды. Полимерлері бар асфальттың жұмсарту температурасы әдеттегіден жоғары, сондықтан ол ыстыққа төзімді, әрі ұзақ қызмет етеді», - деп атап өтті жол ғылыми-өндірістік орталығы басшысының орынбасары Азамат Жайсанбаев.«Жалпы жол» Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Арсен Шакуовтың айтуынша, аталған учаскедегі жаңа тротуарлар жаяу жүргіншілерге жайлы.«Туристер мен қала қонақтары үнемі жүретін бұл жолды жөндеу ерте жөндеу керек еді. Өйткені, «Медеу» - қаланың басты көрікті жерлерінің бірі. Демалыс күндері қала тұрғындарының өздері осы жаққа барғанды ұнатады, көбісі жаяу жүреді, қоғамдық көліктер мен тротуарлар, жаңа белгілер мен жақсы жол қажеттілік», – деп атап өтті Арсен Шакуов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875203
Алматыда магистральді көшелерде 45 км сыртқы жарықтандыру желілері жөнделді 16.11.2024
2024 жылы Алматыда магистральді көшелерде 45 км сыртқы жарықтандыру желілері жөнделді. Жұмыс барысында зақымданған желілер қалпына келтірілді, күйіп кеткен шамдар ауыстырылды, жаңа кабель тартылды.Тек қазан айында Достық, Рысқұлов және әл-Фараби даңғылдарында, Керей-Жәнібек хандар, Бұқтырма және Майлин көшелерінде, сондай-ақ Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) 700-ден астам жұмыс істемейтін шам ауыстырылды.Осы уақытта әл-Фараби даңғылының Розыбакиев, Жароков, Дулати, Сейфуллин, Назарбаев, Достық көшелері және ШААЖ қиылысындағы автомобиль тоннельдері мен көпірлер толық жарықтандырылды. Бұл учаскелерде 220 ескі шам, оның ішінде күйіп кеткендері, жаңа светодиодты прожекторларға ауыстырылды.«Алматы Қала Жарық» бас инженері Әлмұхамед Жалпақов алматылықтарды сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары тек магистральді көшелерде емес, қаланың барлық жерінде жүргізілуде екендігін атап өтті. Оның айтуынша, көшелердің категориясына қарамастан, жөндеу бригадалары барлық түскен шақыруларға бірдей жылдамдықпен жауап береді.«Мысалы, жақында Жетісу ауданындағы Кокжиек ықшам ауданында 120 шам, Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде 90 шам, Алатау ауданында Досманов көшесінде 80 жаңа шам орнатылды», - деді Жалпақов.Жалпы, жылдың басынан бері Алматыда 30 мыңнан астам шам ауыстырылып, 300 км-ден астам кабель тартылды. Қаланың көшелері маңызына қарай үш категорияға бөлінеді. «А» категориясына қалааралық маңызы бар магистральді жолдар мен көшелер (даңғылдар) және олардың бойындағы жаяу жүргіншілер аймақтары жатады. Бұларға Құлжа және Іле тас жолдары, ШААЖ, әл-Фараби, Рысқұлов, Абай, Достық, Назарбаев, Сейфуллин, Абылай хан, Сүйінбай, Майлин, Сайын, Тимирязев, Бұқтырма көшелері және басқалары кіреді.«Б» категориясына жүк қозғалысына арналған жолдар мен аудандық маңызы бар көшелер жатады. Бұл тізімге Қабанбай батыр, Әуезов, Қонаев, Қалдаяқов, Гагарин, Розыбакиев, Шаляпин, Халиуллин, Мақатаев, Байтұрсынов, Мұстафин, Дулати, Момышұлы және т.б. көшелер мен даңғылдар кіреді.«В» категориясына жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелер, аулалық аумақтар мен ішкі аулалық өтпелер, саябақтар мен бақ объектілері жатады.Құрылыс нормалары әр категориядағы көшелер үшін жарықтандырудың белгілі көрсеткіштерін қарастырады. Мысалы, «А» категориясындағы объектілерде 15-20 люкс, «Б» категориясында 10-15 люкс, «В» категориясында 5-10 люкс болуы тиіс. АҚЖ осы нормалардың қалада сақталуын қатаң бақылауда ұстайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875207
Жетісу облысында 200 шақырымнан астам канал тазартылды 16.11.2024
Биыл Жетісу облысында 200 шақырымнан астам канал механикалық әдіспен тазартылды. Бұл туралы журналистермен кездесу барысында Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов мәлімдеді.Бұдан бөлек, 22 гидротехникалық құрылыс пен 21 гидрометриялық бекет жөнделді. Көксу ауданында суару желілерін реконструкциялау басталды. Филиал Алмалы, Ақешкі, Ашыбұлақ су қоймалары мен Тентек, Биен өзендеріндегі су тораптарын, Үштөбе магистральдық каналын реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр.«Биыл облыста суару кезеңі сәтті өтті. Шаруалардың сұранысына сай 1,37 млрд текше метр су берілді. 130 мың гектарға жуық егіс алқабы суарылды. Бүгінгі таңда филиал келесі жылғы вегетация кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр»,-деді Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/875141
Қазақстан майы Жапон нарығын жаулап алуда 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова «Джатеко» жапон компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, Қазақстанның зығыр және басқа да майларын Күншығыс еліне экспорттау мүмкіндіктерін талқылады. Жапониядағы қазақстандық зығыр майына сұраныс біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Жапон тұтынушылары бұл өнімнің сапасын жоғары баға беріп отыр. «Джатеко» компаниясының директоры Антон Кимнің айтуынша, оның денсаулыққа пайдалы қасиеттері майдың ерекше танымал болуына ықпал етті.Бүгінгі таңда қазақстандық зығыр майы жапондардың сеніміне ие болып, олардың күнделікті рационының ажырамас бөлігіне айналған. Жапонияның зығыр майына жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 10 мың тоннаны құрайды, бұл Қазақстаннан бұған дейні жіберілген көлемінен әлдеқайда асып түседі. Сұранысты қанағаттандыру үшін «Джатеко» жақын арада қазақстандық зығыр майының импортын жылына 3 мың тоннаға дейін арттыруды, сондай-ақ сафлор және мақта майларын жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.Кездесудің басты тақырыптардың бірі- логистика мәселесі болды. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қазақстан Азия елдерімен тұрақты тауар айналымын нығайтуды көздейтінін айтты. Ол көлік маршруттарын оңтайландыру және жапондық серіктестер үшін күту уақытын қысқарту мақсатында ҚР Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» Ұлттық компаниясымен жұмыс кеңестерін өткізуді ұсынды. Бұл барлық тараптар үшін ынтымақтастықты тиімді және пайдалы етуге ықпал ететін қадамдар.Айта кету керек, 2024 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан өсімдік майларын экспорттауда елеулі өсім көрсетті. Қаңтар-тамыз айлары аралығында Жапонияға 93 тонна май экспортталып, 122,4 мың АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп. Экспорттың негізгі бөлігін зығыр және күнбағыс майлары құрап, Қазақстанға әлемдік нарықта тұрақты орын алуға мүмкіндік беруде. Жалпы, осы сектордағы Қазақстанның тауар айналымының жалпы көлемі 321,9 млн долларды құрап, оның ішінде 297,5 млн доллар экспортқа тиесілі болды.Жапон нарығында үшін сафлор және мақта майлары на сұраныс туып отыр. Олардың жылдық қажеттілігі сәйкесінше 4 мың және 5 мың тоннаны құрайды. «Джатеко» компаниясы сафлор майының жеткізілім көлемін 1 мың тоннаға, мақта майын 2,5 мың тоннаға дейін арттыру ниеті бар екенін мәлімдеді. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.Айжан Бижанова жапондық серіктестерге қазақстандық өнімдерге деген қызығушылықтары үшін алғысын білдіріп, Жапониямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/875181
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірыңғай байланыс орталығы үшін жасанды интеллект негізіндегі чат-боттың альфа-нұсқасы іске қосылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 1465 байланыс орталығы үшін жасанды интеллект негізінде чат-боттың альфа-нұсқасы іске қосылды. Чатбот тәулік бойы 24/7 форматында келесі сілтеме бойынша қол жетімді болады: https://t.me/iDos_official_botБұл азаматтарға операторлардың жұмыс кестесіне қарамастан кез келген уақытта байланыс орталығымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.Бұл ретте, ағымдағы жылдың 5 ақпаны мен 29 қазаны аралығында байланыс орталығына өтініштердің жалпы саны 28 568 қоңырауды құрады.Осылайша, чат-ботты енгізу азаматтармен өзара іс-қимыл сапасына оң әсер етеді.Айта кету керек, чатбот одан әрі дамытылады және жаңа бірегей сұраныстар түскен сайын оны оқыту жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875082
Қызылорда облысы Жосалы ауылында темір жол арқылы жаңа жол өткелі салынады 16.11.2024
"Мемсараптама" РМК Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде темір жол арқылы өтетін жол өтпесін салуға жобалық құжаттаманы қарау қорытындысы бойынша оң қорытынды берді.Мырзағалиева көшесі бойымен темір жол арқылы салынатын жол өтпесінің құрылысы Жосалы кентінде Қауіпсіз автокөлік қатынасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады. Жол өтпесінің ұзындығы 84,75 м болады . Жол өтпесінің көлемі 2 жолаққа есептелетін болады. Сондай-ақ, жобада екі жағынан тротуарларды орнату көзделген.Жобаның тапсырыс берушісі "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бас жобалаушы - "Қарағандыказдорпроект" ЖШС болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/875158
БҰҰ өкілдерімен кездесуде жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі талқыланды 16.11.2024
Мәдениет және ақпарат министрлігінде БҰҰ-ның Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Пәкістандағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Аймақтық өкілдігінің директорымен кездесу өтті. Тараптар жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы ынтымақтастықты талқылады.Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов аталған бағыттар күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі екенін атап өтті. Ол Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес табысты жұмыс істеп жатқанын, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы іске асырылып жатқанын айтты. Сондай-ақ кешенді ведомствоаралық жұмыс та жасалып жатыр.«ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің қолдауымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, сонымен қатар заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленді.Жалпы, біздің барлық жұмысымыздың негізінде «жастар үшін» емес, «жастармен бірге» жұмыс істеу принципі жатыр. Демек жастардың өзі жұмыстану қажет бағытты және оны шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді айқындайды», – деп атап өтті Евгений Кочетов.Өз кезегінде БҰҰ өңірлік өкілдігінің директоры Оливер Штолпе жастармен жұмыс істеуге бағытталған курстарды таныстырды. Олардың бірі – спорт арқылы жастарға пайдалы физикалық және психологиялық дағдыларды игеруге көмектесетін оқу орындарына арналған «Өмірге аралас» бағдарламасы. Сондай-ақ Оливер Штолпе кеңейтілген брифинг өткізуді ұсынды, онда сарапшылар басқарманың бастамалары мен нәтижелеріне толығырақ тоқталады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/875146
ТЖМ қызметкерлері өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде 16.11.2024
Жылыту кезеңінде тұрғындар арасында өрттің алдын алу қызу жүріп жатыр және оны елордалық ТЖД халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар арасында, көппәтерлі тұрғын үйлерде, жыл бойы тұратын саяжай алаптарында, жатақханаларда, барак-жалдамалы тұрғын үйлерде және жеке меншік тұрғын үйлер арасында. Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап тұрғын үй қорында өрттің алдын алу және әрбір тұрғынмен жеке өмірді құтқару бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін аулаларды аралау басталды, нәтижесінде 9 мыңнан астам жеке үй, 4 мың саяжай үйі, 820-ға жуық әлеуметтік осал отбасы қамтылды, онда 15 мыңнан астам адамға нұсқау берілді.Жалға берілетін тұрғын үйлер ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені мұндай үйлерде көбінесе қайғылы салдарға әкелетін өрттер орын алады, осыған байланысты өз құзыреті шеңберінде шаралар қабылдайтын құқық қорғау органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарына жәрдемдесетін еріктілер мен қоғамдық қызметкерлердің қатысуымен елордалық жатақханалар мен барак үлгісіндегі тұрғын үйлерді рейдтік аралау белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда есепте тұрған 1065 жатақхананың 450-ге жуығы профилактикалық жұмыстармен қамтылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтары да тұрады.Жалпы, жылыту кезеңі басталғаннан бері 828 әлеуметтік осал топтағы отбасыларда профилактикалық аралау жүргізілді, бұл жергілікті атқарушы органдар тарапынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік берді, оның ішінде 255 көміртегі тотығын анықтау датчигі орнатылды.«Төтенше жағдайлардың алдын алу және адамдардың өмірін құтқару үшін біздің қызметкерлер белсенді түрде профилактикалық жұмыстар жүргізеді және жүргізетін болады, өйткені ең құнды ол – адамның өмірі!», - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/875171
