Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Ақтөбе облысында цемент зауытының құрылысы 2025 жылы басталады 16.11.2024
Ақтөбе облысы Алға ауданының Алға қаласында қуаттылығы жылына 2 миллион тонна өнім шығаратын цемент зауыты салынады. Зауыт іске қосылса, 500-ден астам жұмыс орны құрылады.Өңір басшысы Асхат Шахаров Сингапур мен Қазақстан инвесторларымен кездесіп, жобаны әзірлеудің егжей-тегжейін, оның ішінде қаржыландыру мәселесін, құрылыс мерзімдері мен экологиялық стандарттарды талқылады.«Біз цемент зауытын салу жобасын іске асыру үшін қолдау көрсетуге дайынбыз. Кәсіпорын жергілікті нарықты сапалы цементпен қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өңірдің құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, бұл жобаны іске асыру қосымша инвестициялар тартады және біздің өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді», - деп атап өтті инвесторлармен кездесуде Асхат Шахаров.Сондай-ақ, облыс әкімі бұл зауыттың батыс өңіріндегі қуаттылығы жылына 2 миллион өнімді құрайтын жалғыз ірі кәсіпорын болатынын, Ақтөбе өңірі үшін бірегей жоба екенін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда тек Ақтауда жылына 800 мың тонна цемент өндіретін зауыт жұмыс істейді. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы цементке деген артып жатқан сұранысты қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар жергілікті құрылыс компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Әкіммен кездесуде «Aktobecem» ЖШС құрылтайшысы Нұржан Шәкіров зауыт құрылысына инвесторлар 70 миллиард теңге өз қаражатын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Кәсіпорында 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Кадрларды іріктеу кезінде Алға ауданы және жалпы Ақтөбе облысының тұрғындарына басымдық берілмек.«Aqtobecem цемент зауытын іске қосу Ақтөбе облысында цемент өнімдеріне деген қажеттілікті 100% жабуға, сондай-ақ логистикалық шығындарды азайтуға және өнім бағасының маусымдық ауытқуын теңестіруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, зауыт ағынды сулары жоқ қалдықсыз өндіріс, бұл оның экологиялық жауапкершілігінің деңгейі жоғарылығын көрсетеді», - деп Нұржан Шәкіров инвестициялық жобаның тартымдылығын сөз етті. Айта кету керек, осы жылдың тамыз айында Алға қаласындағы бұрынғы химзауыт алаңдарының бірінде символдық уақыт капсуласын салу салтанатты рәсімі өтті. Aktobecem құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отыр, ал цемент зауытын толыққанды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875356
Армия спортшылары халықаралық оқ ату турнирінде сәтті өнер көрсетті 16.11.2024
Шымкентте өткен GRAND PRIX XXXIII халықаралық турнирінің барлық пәндерінде біздің атқыштар жеңіс тұғырынан көрінді.Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 190 атқыш қатысты.GRAND PRIX бағдарламасына ересек спортшылар арасында 16 жеке жаттығу, жасөспірімдер арасында 6 жеке жаттығу және аралас жұпта 3 жаттығу кірді (mixed team).ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Елена Фейнберг, Ярослав Махнев және Юрий Юрков жоғары шеберлік көрсетті. Спортшылар Қазақстанның қоржынына бір алтын, үш күміс және бес қола медаль алып келді.Әйелдер арасындағы жарыста Елена Фейнберг 25 метрден стандартты шағын калибрлі тапаншадан атуда алтын, 25 метрден стандартты (спорттық) шағын калибрлі тапаншадан атуда күміс және 10 метрлік пневматикалық тапаншадан атуда қола жеңіп алды.Ярослав Махнев екі пән бойынша 25 метрден стандартты (спорттық) шағын калибрлі тапаншадан ату мен жасөспірімдер арасында 10 метрден пневматикалық тапаншадан атуда екінші, 25 метрден стандартты шағын калибрлі тапаншадан атуда және ерлер арасында 10 метрден пневматикалық тапаншадан атуда үшінші орыннан көрінді.Қарулы күштердің қызметкері Юрий Юрков 10 метрден пневматикалық мылтықтан атуда қола медаль иеленді.Аралас жұпта Армия орталық клубының спортшылары Елена Фейнберг пен Ярослав Махнев 10 метрден пневматикалық тапаншадан атуда үшінші орынды иеленді. Айта кету керек, жарыста жиынтығы 25 медаль сарапқа салынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/875353
Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова азаматтарды қабылдады 16.11.2024
Азаматтарды қабылдау орталығында Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова Астана қаласы, Қостанай және Қарағанды облыстарының тұрғындарын қабылдады.Қабылдауға келген азаматтар кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, құқықтық реттеудің түрлі аспектілері бойынша өз сауалдарын қойды. Сондай-ақ адвокаттардың әрекетіне шағымдарын жеткізді.Сонымен қатар, азаматтар лицензия алудағы тестілеуге қатысты қызығушылық танытып, оның ашықтығы мен қолжетімділігіне қатысты өз сұрақтарын қойды.Азаматтардың өтініштерін тыңдаған Лаура Мерсалимова өз құзыреті шегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жауап берді.Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар бердіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/875283
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді 16.11.2024
Әділет министрлігі құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелеріне арналған халықаралық семинар өткіздіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/875284
Әділет министрлігі құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелеріне арналған халықаралық семинар өткізді 16.11.2024
Бүгін Алматы қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қолдауымен ұйымдастырылған құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Іс-шара зияткерлік меншік саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшыларды, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдар мен авторларды жинады.Семинар авторлардың, орындаушылардың және басқа да құқық иеленушілердің құқықтарын ұжымдық негізде басқаруға байланысты өзекті мәселелер мен сын-қатерлерді талқылауға бағытталған. Қатысушылар жаһандану және экономиканы цифрландыру жағдайында авторлық құқықты қорғау және ілгерілету тетіктерін талқылады.Семинарды Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ашып, авторлар мен құқық иеленушілердің мәдениет пен креативті индустрияларды дамыту үшін әділ сыйақы алу құқығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.Семинарда ДЗМҰ сарапшысы Миюки Монроиг, Еуропалық одақтан Галатея Капеллакоу, Малайзиядан Нур Алиф Бин Муса, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық негізде басқару ұйымдарының (ҚҰБҰ) өкілдерін қоса алғанда, құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласындағы отандық мамандар сөз сөйледі.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің төрағасы Шолпан Абдреева Қазақстандағы авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқаруды реттейтін заңнаманың шолуын ұсынды. Ол осы институттың ерекшеліктеріне тоқталып, ҚҰБҰ-ның көптігі, ашықтықты арттыру және олардың тиімділігін күшейту сияқты өзекті мәселелерге назар аударды.Миюки Монроиг, ДЗМҰ-ның Авторлық құқықтарды басқару бөлімінің кеңесшісі, ұжымдық құқықтарды басқарудың әртүрлі модельдерін, сондай-ақ мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарға қойылатын талаптарды атап өтті. Ол ДЗМҰ әзірлеген цифрлық өнімдер туралы, олар сыйақыларды бөлуді және төлеуді жеңілдетіп, процестерді ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік беретінін айтты.Галатея Капеллакоу, Еуропа Одағының сарапшысы және зияткерлік меншік мәселелері бойынша аға заңгері авторлардың құқықтарын толық қамтамасыз ету үшін ҚҰБҰ-ның ашықтығы мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ ЕО-ның ҚҰБҰ-ның қызметін реттейтін директиваларына және осы ұйымдарға деген сенімділікті арттыруға көмектесетін стандарттарға назар аударды.Нур Алиф Бин Муса, Малайзияның Зияткерлік меншік корпорациясының Авторлық құқық департаменті директорының көмекшісі, авторлық және ссабақтас құқықтарды пайдаланушылар тарапынан құқық иелеріне әділ сыйақы беру үшін дәл есептер ұсынудың маңыздылығын атап айтты. Ол сондай-ақ құқықтарды тиімді басқарудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылатын ҚҰБҰ қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталған шаралар туралы айттыКомпозиторлар Артық Тоқсанбай мен Алим Заиров композиторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді. Олар көтерген тақырыптардың бірі кинофильмдер үшін арнайы музыка жасайтын авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру үшін бар ҚҰБҰ-ларды шоғырландыру қажеттілігі болды.Ботагөз Қалдаякова өз сөзінде ұжымдық басқару саласындағы мәселелерді қозғап, ұйымдардың қызметінің ашық еместігін, оның ішінде жалпы жиналыстарды өткізу мәселелеріне ерекше назар аударды.Осылайша, кездесуге қатысушылар барлық мүдделі тараптардың ашықтығына, тиімділігіне және мүдделерін қорғауға ерекше назар аудара отырып, құқықтарды ұжымдық басқару жүйесін реформалауға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті.Семинарда Қазақстандағы ұжымдық басқару жүйесін дамыту мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау заңнамасын жетілдіруге ерекше назар аударылды. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы мәселелердің бірі – Қазақстанда 15 ҚҰБҰ-ның бар болуы. Қатысушылар ашықтықтың, құқықтарды басқарудағы цифрландырудың және авторлар мен құқық иелеріне сыйақыларды уақтылы әділ бөлу мен төлеудің маңыздылығын талқылады. Қазақстан аумағындағы 15 ҚҰБҰ қызметі авторлар мен құқық иелеріне, сондай-ақ кәсіпкерлер атынан пайдаланушыларға таңдауды қиындатады. ҚҰБҰ-ның алдында тұрған негізгі міндет, сыйақыны жинауды жүзеге асыру, авторлар мен құқық иелеріне сыйақыны уақтылы бөлу және төлеу. Бұл міндетті іске асыру авторларды жаңа туындылар жасауға және тұтастай алғанда мәдениетті дамытуға ынталандырудың кепілі болып табылады.Бұл сұхбат алаңы ұжымдық құқықтарды басқару жүйесін жетілдіру мен өңірдегі зияткерлік меншік құқықтарын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/875324
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионы атанды 16.11.2024
Еркін күрестен Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Нұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Есеп: 3-5.Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.Осылайша, елімізден 2-жыл қатарына еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған.Айта кетейік, кеше Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.Осымен Тиранадағы Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Осыған дейін грек-рим күресінің шебері Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Жәмилә Бақбергенова (72 кг).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875333
Электрондық сауда саласын дамыту 16.11.2024
Астанада Қазақстанда электрондық сауданы дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті. Ашық диалог форматында ұйымдастырылған іс-шара өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдерді бірлесіп іздеуге арналған алаңға айналды. Оған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, сондай-ақ негізгі мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП және бизнес қауымдастықтары, соның ішінде «QAZTECH» Альянсының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әсет Исекешев қатысты.Елдегі электрондық сауда қарқынды дамып келеді. 2020 жылдан бастап оның көлемі 476,7 млрд теңгеден 2023 жылы 2,4 трлн теңгеге дейін өсті, бұл жалпы бөлшек сауда көлемінің 12,7%-ын құрады. Үкімет бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 18,5%-ға жеткізуді көздейді, осыған байланысты 2027 жылға дейін электрондық сауданы дамыту жоспары әзірленген. Ол заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлерді оқыту және халықаралық маркетплейстермен өзара әрекеттесу шараларын қамтиды.Кездесу барысында қатысушылар e-commerce саласындағы компаниялар кездесетін негізгі мәселелерді атап өтті. Талқылаудың басты аспектілерінің бірі әділ бәсекелестікті қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді қорғау және бизнес үшін нарықтық жағдайларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы бірлескен жұмысқа, сондай-ақ елде электрондық сауданың дамуы үшін бәсекеге қабілетті және тұрақты орта құруға ерекше назар аударылды.«QAZTECH» Альянсының басқарушы директоры Нұрлан Рахметовтің айтуынша, электрондық сауда шағын және орта бизнес үшін маңызды. Ол реттеуші тепе-теңдіктің, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және e-commerce тұрақты өсуіне ықпал ететін инфрақұрылым құрудың маңыздылығын атап өтті.«Nemo.kz» ЖШС-нің сатушысы Елдос Хапез электрондық сауданың шағын және орта бизнеске оң әсерін атап өтіп, бұл өз өндірісін жолға қоюға мүмкіндік бергенін айтты.«Біз 2020 жылдан бастап электрондық сауда нарығында жұмыс істейміз. Осы уақыт ішінде 2 млрд теңгеден астам салық төледік, бізде 70 қызметкер, 9 дүкен және ауданы 7 мың шаршы метр қойма бар. Мониторлар саласында өз брендімізді дамытып, тауар белгісін тіркедік. 2024 жылы нарықтың 10%-ын алып, ТОП-4 брендтің қатарына кірдік. Сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісін бастап, құрастыру цехтарын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Елдос Хапез.Сауда министрі Арман Шаққалиев кеңес қорытындысы бойынша қойылған мәселелерді жүйелі шешуге арналған жобалық топ құруды ұсынды.«Сауда саласындағы уәкілетті орган ретінде біз жобалық топты құруға бастама көтеріп, сіздерді оның құрамына кіруге шақырамыз. Жобалық топ аралас салаларға ықпал ететін және мультипликативті әсері бар 4-5 негізгі жүйелік шешім әзірлейді. Олардың ішінде көлеңкелі айналымды тоқтату, отандық өндіріс тауарларын сату көлемін арттыру, электрондық сауда саласына қатысушылар санын көбейту, сондай-ақ тұтынушылар үшін қауіпсіз және сапалы тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету мәселелері бар», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/875325
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев: ЕҚДБ Қазақстан үшін негізгі реформаларды іске асырып, орнықты дамуды қолдауда сенімді әріптес саналады және болып қала береді 16.11.2024
Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткізілген Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысу үшін Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассо арнайы келді.Осы сапардың барысында елордада ЕҚДБ-ның жаңа кеңсесі ашылып, оған ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев қатысты.Қаржы министрі жаңа кеңсенің ашылуымен құттықтап, оның қызметіне үлкен табыс тіледі.«Бұл кеңсе жаңа перспективалы жобалардың, маңызды бастамалардың және бірлескен жетістіктердің орталығы болсын», деді Мәди Төкешұлы.Сондай-ақ аталған кеңсенің ашылуы аясында «Көкшетау қаласында 630 орынға шақталған көпбейінді облыстық аурухананы салу мен пайдалану» жобасына байланысты (МЖС шартына) тікелей келісімге және Павлодар қаласының трамвай паркін жаңғырту туралы кредиттік келісімге қол қойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875292
Астана Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болды 16.11.2024
Астана қаласы 30 қазан күні Visit Astana туристік бренді ретінде Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астананың халықаралық ұйымға кіруі Қытайдың Хайнань провинциясының Санья қаласында 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан WTA • Xianghu Dialogue 2024 халықаралық туристік форумы аясындағы WTA Annual Meeting аясында өтті.Астана WTA-ға кіру арқылы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады және Қазақстан астанасының туристік әлеуетін жаһандық деңгейде дамыту үшін жаңа перспективалар ашады. 2024 жылы WTA-ға 22 жаңа ұйым қосылды.Астана Дүниежүзілік туристік альянстың жаңа мүшесі ретінде халықаралық туризмді дамыту және шетелдік қонақтарды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, Қазақстанның әлемдік туристік аренадағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.«Xianghu Dialogue 2024» форумы 1 қарашаға дейін жалғасады, оның барысында әлемнің 45 елінен келген туристік индустрия мен халықаралық ұйымдардың жетекші өкілдері қазіргі экономикалық үрдістер мен туризмнің жаңа бағыттарын талқылайды. Биылғы форум қатысушыларды туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылауға шақыратын «Geared Up for a New Venture – The Future is Now» тақырыбымен өтіп жатыр.Негізгі тақырыптарға мыналар жатады: туризмді тұрақты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, елдер арасындағы туристік өзара іс-қимылды кеңейту, сонымен қатар туристік индустриядағы инновациялар мен жасыл технологиялардың рөлі.Дүниежүзілік туристік альянс – Қытайда құрылған халықаралық ұйым, ол ұлттық және аймақтық туристік бірлестіктерді, туристік компанияларды, дестинацияларды, ғылыми-зерттеу институттарын, БАҚ және басқа да мемлекеттік және жеке туристік субъектілерді біріктіреді.Қазіргі уақытта WTA-ға 44 елден 242 мүше, оның ішінде 45-тен астам салалық қауымдастық, 80 ірі туристік компания және 14 оқу орны бар. WTA мүшелеріне CNN International, Qatar Tourism, Los Angeles Tourism & Convention Board, Japan Airlines, United Airlines, Hyatt Hotels, Aeroflot, Airbnb және басқалары сияқты танымал ұйымдар кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875218
IQanat олимпиадасына Абай облысынан 2000-ға жуық мектеп оқушылары қатысуда 16.11.2024
Үржар ауданы Жансүгіров атындағы орта мектебінде IQanat олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Олимпиада ауыл оқушыларының логикалық, математикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру қабілеттерін бағалауға бағытталған. Дәстүрлі тестілеуден ерекшелігі – академиялық жетістіктер мен бағаларға қарамастан, әр оқушыға қатысу мүмкіндігі беріледі.Биыл жетінші рет өткізіліп жатқан IQanat олимпиадасы Абай облысының барлық ауданын қамтып, 1943 қатысушыға білім додасында бақ сынауға мүмкіндік берді.Республика көлемінде 170 ауданнан 56 мыңнан астам ауыл оқушылары қатысуға тіркелді. Бірінші тур нәтижесінде облыстық кезеңге өткен қатысушылар анықталып, олардың жеңімпаздары 2025 жылдың жазында өтетін финалда бақ сынасады. Финалға өткен оқушыларды ағылшын тілі, IT жобалар, кәсіптік бағдар беру, ҰБТ және IELTS дайындықтарын қамтитын қарқынды білім беру бағдарламасы күтеді.IQanat жобасы аясында дайындықтан өткен оқушылар Қазақстан мен шетелдегі үздік жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, әлемнің 17 елінде білім алуда. Бұл – Қазақстанның барлық өңіріндегі ауыл оқушыларын қолдауға бағытталған 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/875293
Ақсуат ауданында күндізгі амбулаториялық диализ бөлімі ашылды 16.11.2024
Ақсуат ауданында орталық аудандық аурухана жанынан күндізгі амбулаторлық диализ бөлімі ашылды. Енді созылмалы бүйрек сырқаты бар науқастар қажетті көмекті ала алады.Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды. Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда екі науқасты бірден қабылдауға мүмкіндік беретін Fresenius Medical Care диализ аппараттары, емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін суды сүзуге арналған арнайы германиялық құрылғы бар.Жаңа амбулаториялық-диализ бөлімі мамандандырылған көмекті қажет ететін аудан мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін маңызы зор. Мекеме медициналық қызметтерге қолжетімділікті және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/875294
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер арасындағы кездесу туралы ақпарат жарияланды 16.11.2024
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми сайтында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мариус Визер арасындағы кездесу туралы ақпарат жарияланды. Онда Қазақстанда дзюдоны дамыту және танымал етуге арналған бірлескен қадамдар мен ынтымақтастық туралы айтылады.Ақпараттың толық мәтінімен IJF -тің ресми сайтынан танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/875291
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау жүргізу туралы хабарландыру 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 2024 жылғы 11-13 қараша аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін реттеуді қатаңдату жөніндегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелері орналастырылатынын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/875264
Қазақстан Қарулы күштерінің Байланыс әскерлеріне – 30 жыл 16.11.2024
1994 жылғы 31 қазанда Қорғаныс министрінің директивасымен ҚР Қарулы күштері Бас штабының Байланыс департаменті құрылды. Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери байланысшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, Байланыс департаментінің басшылығы, басқа әскерлер мен әскери құралымдары байланыс тораптарының бастықтары, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ азаматтық байланыс ұйымдарының өкілдері қатысты. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев байланысшыларды атаулы күнмен құттықтап, байланыс әскерлерін жаңа жүйелермен жарақтандыру және озық технологияларды енгізу әскерлерді дамытудың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.– Байланыс – бәрінің іргетасы, негізі. Онсыз нақты уақыт режимінде әскерлерді басқарудың цифрлық трансформациясы мүмкін емес. Осы саланың арқасында біз елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін жұмыс істейтін бастамалар мен жобаларды іске асырамыз, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартамыз, – деді ол. Әскери байланысшылар өздерінің жоғары кәсібилігі мен шеберлігін «Бірлестік-2024», «Мызғымас бауырластық-2024», «Батыл тойтарыс-2024», «Айбалта-2024», «Бекет-2024» стратегиялық оқу-жаттығулары және басқа да іс-шаралар барысында бірнеше рет дәлелдеді.Байланыс әскерлерінің 30 жылдығына орай мінсіз қызметі және қойылған міндеттерді орындауда танытқан жауапкершілігі үшін бірқатар байланысшылар «Ел қорғаны» және «ҚР Қарулы күштерінің үздігі» ведомстволық медальдарымен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қорғаныс министрінің атынан ел Қарулы күштерінің Байланыс әскерлерін құрудың бастауында тұрған ардагерлер де алғыс хаттар алды.Сол кездегі естеліктері жайлы отставкадағы генерал-майор Мүбәрәк Орынбеков бастай келе, ол байланыс бөлімшелерін жарақтандыру деңгейінің артқанын атап өтті. Қырық жылдан астам әскери қызмет еткен ардагер байланысшылардың уақыт талаптарына сай болу үшін кәсіби деңгейін көтеру жолында тынымсыз еңбек етіңдер деді.Салтанатты жиын соңы Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы, сондай-ақ елорда гарнизонындағы байланыс бөлімшелерінің әскери қызметшілері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/875269
Алматыда «Жастар Орталық Азияның орнықты болашағы үшін» форумы өтті 16.11.2024
Алматы, 2024 жылғы 28 қазан – «БҰҰ Плаза» ғимаратында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан делегаттарын біріктірген «Жастар Орталық Азияның орнықты болашағы үшін» форумы өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов жастардың жаһандық бастамаларға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның осы саладағы күш-жігерін, соның ішінде волонтерлік қозғалыстарды қолдауды таныстыра отырып, сөз сөйледі. Ол сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстандағы Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Алматыда БҰҰ өңірлік хабын құру маңыздылығын атап өтті.Сонымен қатар форумда БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа және Жапонияның дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Каната Томохиро сөз сөйледі. Панельдік сессияда Қазақстан атынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сөз сөйледі. Форумға қатысушылар Орталық Азия елдеріндегі орнықты болашаққа жол ретінде жастардың жұмыспен қамтылуын дамытуды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/875288
Өрттің алдын алу үшін мамандар астаналықтардың үйлерін аралайды 16.11.2024
Астана қаласы ТЖД Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрттің алдын алу мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлерді аралайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Осылайша, өрт сөндірушілер Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 36/2 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінде профилактикалық іс-шара ұйымдастырды. Аралауға құтқарушылардан басқа, аудан әкімдігінің өкілдері мен Алматы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Акция барысында мамандар тұрғын үйді өрт қауіпсіздігі бойынша кемшіліктерді анықтау үшін тексерді, өртке қарсы жүйелердің жарамдылығын тексерді, тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізді, оларға жадынамалар табысталды."Бүгінгі таңда Алматы ауданында 128 ұйымға (ПИК, ЖШС, ЖК, ТҚК) және мүлік иелерінің 267 бірлестігіне (МИБ) қызмет көрсететін 885 көппәтерлі тұрғын үй бар. 255 үйдің биіктігі 28 метрден асады. 2023 жылы осындай 204 үй болған", - деді Алматы ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Дария Байзулова.Астана ТЖД мәліметінше, биыл елорданың көппәтерлі тұрғын үйлерінде 89 өрт оқиғасы тіркелген, бұл ретте өрттің пайда болуының басты себебі адами фактор болып саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875143
Астанада көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды 16.11.2024
Елорда төрінде көркем гимнастикадан кезекті қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр. Чемпионатта 320 көркем гимнасшы сынға түсуде. Олардың ең жасы - 9-да, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Чемпионаттың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов, № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры Данияр Тулегенов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.«Сіздерді көркем гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионатының ашылуымен құттықтаймын! Бұл чемпионат – жай ғана жарыс емес, ол нағыз шеберлік, өнер және кемелдікке ұмтылыстың көрінісі. Бүгін мұнда қаламыздың намысын қорғауға, өз шеберліктерін паш етіп, лайықты жүлделерге қол жеткізуге ұмтылған жас гимнастшылар жиналып отыр. Әрбір өнер көрсету сұлулық пен үйлесімге, жаңа биіктерге ұмтылумен толы.Барлық қатысушыларға сәттілік, шабыт және тамаша өнер көрсетулерін тілеймін! Әрқайсыңыз өз жетістіктеріңізбен мақтан тұтыңыздар және жаңа биіктерге ұмтыла беріңіздер», - деді Исламбек Байманов.Қалалық біріншілікке қатысып жатқандардың арасында ұлттық құрамамыздың намысын қорғап жүрген Эрика Жайлауова, Ақмарал Ерекешева да бар. Тек Айбота Ертайқызына ғана демалыс берілді.«Жарысқа қаламыздан бөлек, Абай облысынан да келген арнайы қатысушымыз бар. Турнирдің мақсаты - 2025 жылғы ірі бәсекелерге қатысатын үздіктерді іріктеу. Алдағы Қазақстан чемпионатында ақпан айында өтетін жастар арасындағы додаға құрам таңдалады. 2015 жылға дейінгі қатысушылардың спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер, түрлі разрядтары бар», - деді көркем гимнастикадан Астана қаласының аға бапкері Әсел Мұстафина.Қазіргі сәтте елордамыздағы 16 көркем гимнастика мектебінде 5000-нан астам спортшы жаттығады. Олардың қатарында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты № 1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде 300-ге жуық гимнасшылр тегін түрде қатысады. Қаламыздың жас таланттары Республикалық чемпионатта басты фавориттердің қатарына кіреді.Айта кетейік жарыс қарашаның 2-не дейін жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/875155
Ақтөбеде үшем дүниеге келді 16.11.2024
16 қазанда облыстық перинаталдық орталықта Ахмад, Ибрагим және Әбдікәрім есімді ұлдар туылды. Сәбилердің туған кездегі салмағы 2655, 2255 және 2355 гр.15 күн бойы жаңа туған нәрестелер мен 32 жастағы ананың денсаулығын орталық мамандары бақылап отырды.Айсана мен Батыржан енді 7 баланың ата-анасы. Жас отбасы үшемдерге дейін 3 қыз бен бір ұл тәрбиеледі.Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 13 618 жаңа туған нәресте дүние есігін ашты. Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің көмегімен 10 айда 74 егіз және 3 үшем туылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/875259
МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 16.11.2024
МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жеке қабылдауында азаматтардың білім және ғылым саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Қабылдауға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова қатысты. Азаматтармен кездесу барысында жоғары білім алу, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, және ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ қабылдау аясында тұрғындар екінші жоғары білім алу тәртібі, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, шығармашылық мамандықтарға қабылдау тәртібі, докторантураға қабылдау мәселелерін көтерді. Қабылдауға келген азамат екінші жоғары білім алу мүмкіндігі мен оны қаржыландыру жолдары туралы ақпаратты нақтылауға мүдделі болды. Мемлекет тарапынан екінші жоғары білім алуға арналған қолдау бағдарламалары, жеңілдіктер, сондай-ақ оны қашықтан оқыту мүмкіндіктері жайлы сұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары оқу орындарына түсуі және оқу процесіндегі кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ азаматтар шығармашылық мамандықтарға түсу емтихандарындағы өзгерістер және осы бағыттағы жаңа талаптар бойынша толық ақпарат алуды сұрады. Азаматтар қосымша білім беру гранттары қалай бөлінетінін, оларды алу үшін қойылатын талаптарды және гранттардың мақсатты бағыттары жайлы нақтылау сұрақтарын қойды. Сонымен қатар олар гранттар санының өсу мүмкіндіктері туралы қызығушылық танытты. Министр Саясат Нұрбек азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша заңды негізде түсініктеме берді. Ведомство басшысы тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, сала басшыларына осы мәселелерді шешу және жақсарту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/875184
Солтүстік-Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы өндірісі құрылымындағы жетекші салалардың бірі 16.11.2024
2024 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша өңірде 45 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген.Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар ағымдағы жылдың 9 айында 88,8%-ға орындалды.Әсет Тұрысов өз сөзінде Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын, сонымен қатар өткен жылғы және ағымдағы жылдың 9 айының жұмыс нәтижелерінің қорытындысын атап өтті.Басты назарда халықты және бизнесті қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар болды. «СӘАЖ», «e-Salyq Azamat» және «e-Salyq Business» цифрландыру жобасы қысқаша таныстырылды.Өз сөзінің қорытындысы бойынша вице-министр QR-кодты қолдануға, ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігіне және жалпыға бірдей декларациялауға байланысты халықтың өзекті сұрақтарына жауап бердіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/875204