Enbekshi QazaQ

Қуқық

Алматы облысының әкімі Мұғалімдер күнімен құттықтады 14.10.2025
Қазан айының алғашқы жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді. Осыған орай Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды."Ұстаз – елдің ертеңін тәрбиелейтін, болашаққа жол сілтейтін ұлы тұлға. Әр баланың жүрегіне білім мен тәрбие нұрын себетін Сіздердің еңбектеріңіз – баға жетпес байлық. Бүгінде еліміздің әрбір жетістігінде, ғылым мен техникада, әрбір іскер азаматтың тағдырында ұстаздың ізі жатыр", – деді аймақ басшысы.Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаз мәртебесін арттыру жөніндегі бастамаларын атап өтті. Президент: «Егер біз өркениетті ел болғымыз келсе, ең алдымен ұстазға жағдай жасауымыз керек», – деген болатын. Бұл сөздер білім беру саласына жан-жақты қолдау көрсетудің маңызын айқындайды.Бүгінде Алматы облысында 443 мемлекеттік мектепте 359 мыңнан астам бала білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 7164-ке артқан. Бұл – облыстағы демографиялық өсім мен білім беру жүйесінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы Түркістаннан кейінгі оқушы саны көп өңірлердің қатарында. Мәселен, Түркістан облысында 466 мыңнан астам оқушы болса, Алматы қаласында – 310 мың, Астанада – 252 мың, Жамбыл облысында – 224 мың бала білім алып жатыр.Алматы облысының әкімі ұстаздар қауымына жас ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдірді.«Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең үлкен инвестиция», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080048?lang=kk
Қорғаныс министрлігі бөлім командирлерінің педагогикалық және психологиялық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды 14.10.2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында Алматы облысында орналасқан Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 78460 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілермен жұмыс жүргізетін офицерлер мен сержанттарға арналған қарқынды трансформациялық курстар өткізілді.Әскери бөлімнің таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі дәл осы жерде мерзімді әскери қызметті жаңғыртуға, сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған SARBAZ+ жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы күзде шақырылған сарбаздар желілік технологиялар, радиобайланыс және дрон операторлығы бойынша білім алып, арнайы сертификатқа ие болады. Мұндай қолданбалы және техникалық дағдылармен қаруланған әскери қызметшілер әскери борышын өтеген соң да еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз.Жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізетін әскери қызметшілер де жоғары деңгей болуы тиіс. Осы мақсатта 78460 әскери бөлімінің базасында сарбаздармен жұмысты тиімді жүргізуге бағытталған психологиялық-педагогикалық дағдыларды жетілдіру бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.– Офицерлер мен сержанттарға арналған оқу бағдарламасын Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқытушылары бірлесе әзірледі. Олар сабақ кестесі, типтік жағдайларға арналған кейстер, командирлердің әрекет алгоритмдері мен тексеру парақтары (чек-лист) сынды оқу-әдістемелік материалдар жиынтығын дайындады, – деп нақтылап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы подполковник Арман Қалышев.Курстар барысында әскери жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және өзге де салалық ұйымдардың психология, педагогика және тәрбие жұмысы саласындағы сарапшылары мен мамандары да дәріс оқыды. Жалпы оқу курстарының ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1080067?lang=kk
Алматы облысында ұстаз еңбегі мен шәкірт жетістігі білім сапасын арттыруда 14.10.2025
Алматы облысында білім саласын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуеті артып, ұстаздардың кәсіби деңгейі жаңа белеске көтерілуде.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының арнайы жобасы аясында Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектептерінде инфрақұрылым жаңғыртылып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалды. Бұл – білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі.Облыста 35 мыңнан астам педагог жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Олардың ішінде 219-ы – «педагог-шебер», 6615-і – «педагог-зерттеуші», 7227-і – «педагог-сарапшы», 11 200-і – «педагог-модератор» санатына ие. Бұл ұстаздардың кәсіби деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіш.Соңғы үш жылда республикалық деңгейде 11 облыс ұстазы «Үздік педагог» атағын иеленді. Мәселен, былтыр Іле ауданынан Қуанған Тәуекел, Еңбекшіқазақ ауданынан Дамира Амарова, Талғар ауданынан Айнұр Джабаева және колледж өндірістік шебері Иманжан Мұқаш үздіктер қатарынан табылып, жалпы құны 3,7 млн теңгелік сертификатқа ие болды. Биыл да 10 педагог республикалық кезеңге жолдама алды.Алматы облысының ұстаздары түрлі республикалық байқауларда да үздік нәтиже көрсетуде. «Педагогикалық идеялар фестивалінде» Әл-Фараби атындағы лицейдің мұғалімі Әбеу Нұргелді І дәрежелі диплом алса, Еңбекшіқазақ ауданынан Меруерт Тлекеева ІІІ дәрежелі диплом иеленді. Ал Ю.Гагарин атындағы №8 лицейдің ұстазы Бағдат Тұрысбекова да жүлдегер атанды.«Алтын тұғыр» математикалық сауаттылық олимпиадасына қатысқан бастауыш сынып мұғалімдерінің 90 пайызы жүлделі орын алып, облыс командасы «Үздік команда» атанды. Сонымен бірге Қарасай ауданынан Қосан Сәния Ержанқызы республикалық «Үздік жыл психологі» байқауында ІІ орынға ие болды.Ұстаз еңбегінің айқын көрінісі – шәкірт табысы. Соңғы үш жылда облыс оқушылары халықаралық деңгейде білім сайыстарында топ жарып жүр. 2022–2023 оқу жылында 11 оқушы, 2023–2024 оқу жылында 22 оқушы, ал 2024–2025 оқу жылында 28 оқушы түрлі халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік жарыстарда жеңімпаз атанды.Бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі әрі облыс білім беру жүйесінің биік белеске көтерілгенінің айғағы. Жас ұрпақтың осындай жетістіктері болашаққа деген сенімді нығайтып, елдің еңсесін көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1080117?lang=kk
Қазақстан мен Түркия сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Түрік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.Х.Фидан әріптесін Қазақстан Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жауапкершілігі жоғары қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде Е.Көшербаев бауырлас түрік елінің СІМ басшысының жылы құттықтауы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдетуге бейілділігін жеткізді.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін және олардың одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы диалогты жалғастыруға уағдаласып, Әзербайжанда орын алатын Түркі мемлекеттері ұйымы 12-ші саммитінің табысты өтуіне тілектестік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1079747?lang=kk
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде 14.10.2025
Астана, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 10-шы халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанаты түрде өтті. Биыл қазылар алқасының шешімімен АҚШ, Армения, Бельгия, Өзбекстан және Пәкістан журналистерінің еңбектері әртүрлі номинациялар бойынша үздік деп танылды.Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам материал ұсынылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен артық. Жеңімпаздар – Мэтт Фицджеральд (АҚШ) Марианна Мкртчян (Армения), Дерья Сойсал (Бельгия), Арухан Ақпанбетова (Өзбекстан) және Мұхаммад Али Паша (Пәкістан) өз еңбектерінде еліміздің цифрландыру, экономика, туризм, спорт, мәдениет және тарих салаларын кеңінен қамтыды.Салтанатты рәсімге ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, байқаудың тең ұйымдастырушылары мен медиа серіктестері – «Верный Капитал» компаниялар тобының басқарушы директоры Жанболат Усенов, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы, «Astana Hub» PR және маркетинг кеңсесінің директоры Кристина Ризванова, «Астана» халықаралық қаржы орталығының корпоративтік және медиа-коммуникациялар жөніндегі директоры Айнұр Исабаева, «Отандастар қоры» КеАҚ Коммуникациялар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарушы директоры Ержан Мұқаш қатысты.Өз сөзінде А.Исетов лауреаттарды құттықтап, ұсынылған барлық жұмыстардың жоғары деңгейін және жыл сайын шетелдік журналисттер тарапынан өтінімдердің көбеюін атап өтті. Бұл шетелдік медиа қоғамдастықтың Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Байқау серіктестері де қатысушыларға алғыс білдіріп, Қазақстанда жақсы уақыт өткізуін тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті. Серіктестердің осындай кең ауқымда қатысуы іс-шараның маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.Марапаттау рәсімінен кейін байқау жеңімпаздары ауқымды бағдарламасымен өткен ең ірі халықаралық технологиялық форум – «Digital Bridge 2025»-ке қатысты. Олардың сапары форумның мазмұнды бағдарламасымен ұштастырылды. Сондай-ақ мәдени байланыстарды нығайту және елді жақыннан таныстыру мақсатында жеңімпаздар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысына мәдени-тарихи бағдарлама бойынша сапар жасайды.Шетелдік журналисттер арасында жыл сайын өткізілетін бұл байқау Қазақстанның даму үрдістеріне халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығын арттыруға, бай табиғи және мәдени мұрамызды насихаттауға, елдің әлеуеті мен тартымдылығын шетелдік инвесторлар мен туристтер үшін ашуға ықпал етеді.Анықтама: «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы 2014 жылы бастау алған. Қазылар алқасы жыл сайын мәтіндік және бейнематериалдарды іріктеп, әртүрлі номинациялар бойынша марапаттар табыстайды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі шетелдік басылымдар мен медиа өкілдері баспа және онлайн басылымдардан бастап, блогтар, подкасттар және дәстүрлі телеарналардағы хабарларға дейін жұмыстарын түрлі форматта ұсынады. Жарияланымдар мен материалдардың тақырыптары тарих, мәдениет, білім, туризм және ұлттық асхана тақырыптарынан бастап халықаралық қатынастар мен Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне дейін қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1079814?lang=kk
Әскердің заманауи келбеті: журналистерге оң өзгерістер мен жаңа технологиялар таныстырылды 14.10.2025
Астанада Құрлық әскерлерінің арнайы мақсаттағы құрамасында ауқымды баспасөз туры өтті. Іс-шараның басты назарында цифрландыру саласындағы инновациялар, әскери қызметшілерді психологиялық қолдау мен сарбаздарды жан-жақты қамтамасыз ету сұрақтары болды. Қорғаныс министрлігі журналистерге бүгінгі күні әскер қатарында қызметті заманауи әрі технологиялық ететін бірегей әзірлемелерді көрсетті. Жаңалықтардың ішінде – SARBAZ+ пилоттық жобасы, әскери қызмет пен сарбаздардың тұрмысы туралы өзекті ақпаратты қамтыған ARMIA.KZ ақпараттық сервисі, автоматтандырылған психологиялық тексеруге арналған «ГРВ-камера» бағдарламалық-аппараттық кешені, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, телеграм-бот форматындағы цифрлық кеңесші Ai-Sulu бар. Ол әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына тәулік бойы анонимді психологиялық қолдау алуға мүмкіндік береді.«Әскери психологтың мобильді сөмкесі» де назардан тыс қалған жоқ — бұл жауынгерлерге күйзеліске толы жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге арналған инновациялық жинақ. Блокты қазақстандық жағдайға бейімделген «PHQ-9», «GAD-7» және «Субъективті әл-ауқат шкаласы» халықаралық әдістемелері бойынша психодиагностикалық тексерудің көрсетілімі аяқтады.Цифрлық жетістіктерден бөлек журналистер әскери қызметтің дәстүрлі қырларын да көрді: қару-жарақ пен техника, жабдықтар мен әскери киім үлгілері, тактикалық атыс, зениттік қондырғы есептоптарының жұмысы, кедергілер жолағын еңсеру және тағы басқа көрсетілімдер ұсынылды. Мерзімді қызмет өткерудің жағдайлары мен оның қауіпсіздігі туралы заманауи модульді казармалар айқын көрсетті. Барлық бөлмелері бейнекамералармен жабдықталған.Ал Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әубәкіров сарбаздардың тәуліктік азық үлесімен таныстырып, сарбаз тағамы 2026 жылдың 1 қаңтарынан 3150 теңгеге дейін өсетінін айтты. Баспасөз туры қорғаныс министрінің орынбасарларының брифингімен аяқталды.Вице-адмирал Серік Борамбаев қызмет жағдайын жақсарту, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау шаралары туралы баяндады. Генерал-лейтенант Қаныш Әубәкіров Қарулы күштердің инфрақұрылымын дамыту мен әскери қызметшілерді жан-жақты қамтамасыз етуге тоқталды. Дархан Ахмедиев Қарулы күштердегі цифрландырудың рөлі мен маңызына ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1079838?lang=kk
Қызылорда қаласының жылу жүйесі жаңғыртылуда 14.10.2025
Бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қаладағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.Алдағы жауапты науқанға дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.Қызылорда жылу-электр орталығында 1 генератор мен 4 күштік трансформаторды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өтті.Желілерді жаңғырту мақсатында Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылуда. Жұмыс жылу беру маусымына дейін толық аяқталып, 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен тұрақты қамтылатын болады.Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын.Алдағы маусымға 139 мың тонна көмір керек, оның 117 мың тоннасы халықтың, 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігі. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.Жалпы, жылу беру маусымына дайындық облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1079557?lang=kk
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасында транзиттік сауда туралы Келісім 14.10.2025
2025 жылғы 28-29 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысында Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылы Пәкістан Ислам Республикасына сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы транзиттік сауда туралы келісімді аяқтауға және оған қол қоюға уағдаласты.Келісім жобасы көлік-логистикалық рәсімдердің негізін қалайды, онда екі тарап бір-біріне алдын ала келісілген маршруттар бойынша транзиттік сауда жасауға және елдер арасындағы кедендік әкімшілендіру шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беруге міндеттенеді.Осыған байланысты, ҚР сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы транзиттік сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы транзиттік сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын жариялады. Аталған жоба2025 жылдың 2 қазанынан бастап 2025 жылдың 17 қазанына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылады (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15610503 ).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1079573?lang=kk
Алматы облысында сыртқы нарықтарға шығуды кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи қойма пайдалануға берілді 14.10.2025
Іле ауданында заманауи қойма кешені іске қосылды. Бұл нысан тек жергілікті экономиканың дамуына ғана емес, бүкіл Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға да ықпал етпек.Damu Logistics аумағында, Байсерке ауылында салынған нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысты.— Халықаралық стандарттарға сәйкес салынған «А» санатындағы жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Оның жұмысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік қуаттылықты ұлғайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.Қойма автокөлік қосалқы бөлшектерін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жеткізумен айналысатын East Motors компаниясына тиесілі. Жаңа нысанның іске қосылуы компанияға Еуропа, Ресей және Таяу Шығыс елдеріне экспорт көлемін арттыруға жол ашады.— Мұндай инфрақұрылымдық нысандардың пайда болуы Іле ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпін беріп, кәсіпкерлік әлеуеттің тұрақты өсіп келе жатқанын айқын көрсетеді, — деп атап өтті Қайыржан Жақсымбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1079577?lang=kk
«ASTAUfest-2025» 14.10.2025
Алматы облысы студенттері «ASTAUfest-2025» халықаралық гастрономиялық фестивалінде Гран-при иеленді VI Халықаралық гастрономиялық «ASTAUfest-2025» фестивалінде отандық студенттер жоғары жетістікке жетті.Алматы экономикалық колледжі мен Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің студенттері «Бас аспаз», «Mastic Show» және «Slow Food» номинациялары бойынша Гран-при мен жүлделі орындарға ие болды. Жарыс нәтижесінде қазақстандық жастардың кәсіби шеберлігі халықаралық деңгейде мойындалып, ұлттық гастрономиялық өнерді дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.Фестивальге әлемнің түрлі елдерінен келген қатысушылар бақ сынап, кулинария саласындағы жаңа үрдістер мен инновациялар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1079593?lang=kk
Қонаевтың келбеті жаңаруда: тұрғын үй және жол құрылысы 14.10.2025
Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Олардың басым бөлігі жеке компаниялардың қаржысына салынуда.Қала әкімі Асхат Бердіханов кезекті рет нысандарды аралап, құрылыс барысымен танысты. Алғашқы нысан – «Самұрық» тұрғын үй кешені. Жоба 11,6 гектар аумақта жүзеге асырылуда. Құрылыс 2029 жылға дейін жалғасады, тартылған инвестиция көлемі – 65 млрд теңге. Қазіргі таңда жобаның бірінші кезеңі орындалуда, оның аясында 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді.Келесі нысан – 10-шы шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты үй салу көзделген. Қазіргі уақытта төрт үйдің құрылысы аяқталған, алдағы уақытта аула аумағын абаттандыру жұмыстары басталып, одан соң нысандар қолданысқа берілмек.«Инженерлік желілерді уақытылы тарту қажет. Тұрғындар арасында сапаға қатысты шағым болмауы тиіс. Әкімдікпен бірлесе, әрбір қадамды келісіп жұмыс жасаңыздар. Үй салу – жақсы іс, алайда оның сапалы болуы одан да маңызды», – деді Асхат Бердіханов.Бұдан кейін әкім 8–10 шағынаудандардағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолдарды қарап шықты. Бұл жерде көше жарығын орнату мәселесі талқыланды. Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, жоба 2026 жылға өтпелі болады. Әкім көше жарығы тұрғындарға барынша ыңғайлы болуы қажеттігін атап өтті. Бүгінде бірқатар жұмыстар аяқталған: тротуар бордюрлары, аялдамалар орнатылып, жолдың кейбір бөлігіне асфальт төселген. Барлық жұмыс қаланың Бас жоспарына сәйкес жүргізілуде.Айта кетейік, биыл Шеңгелді ауылдық округіндегі елдімекендерде жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Көшпенділер қалашығына» жаңа жол салынуда, ал «Қарлығаш» ықшамауданында күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.Жалпы, жыл басынан бері 18 843 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 9,7 млрд теңгені құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1079603?lang=kk
Қарағанды облысы қарқынды дамып келеді: жаңа зауыттар, жұмыс орындары және халықтың тұрмысына қолайлы жағдайлар 14.10.2025
Қарағанды облысында биыл 29 жаңа өндіріс іске қосылмақ. Ірі жобалардың қатарында болат құбырлары, алюминий радиаторлары, ферроқорытпалар шығаратын зауыттар, сондай-ақ машина жасау саласындағы жаңа нысандар бар. Соның арқасында екі мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыстық мәслихаттың сессиясында халық қалаулыларына есеп беріп, Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысына тоқталды.– 2025 жылғы Жолдауында Президент еліміздің алдында өңдеуші өнеркәсіпті дамытып, оған жаңа серпін беру міндетін қойған болатын. Бұл бағыт Қарағанды облысында нақты жүзеге асырылып жатыр. Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өндірістегі үлесі бүгінде 76%-ды құрайды. Машина жасау саласы да қарқынды дамып келеді: 2025 жылдың сегіз айында оның өндіріс көлемі 312,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсті. Нәтижесінде машина жасаудың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 13%-ға дейін көтерілді. Индустриялық аймақта жаңа жобаларды іске асыру арқылы біз Саран қаласын моноқала мәртебесінен шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға әрі экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік алдық, – деді аймақ басшысы.Сегіз ай ішінде облыстың өнеркәсіптік өндірісі 7%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 645 млрд теңгеге жуықтады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11%-ға көп.Жұмыссыздық деңгейі республика бойынша ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып қалып отыр – шамамен 4%.Тұрғын үй құрылысы да қарқын алған: сегіз айда 351 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1330 кезекте тұрған отбасы жаңа пәтерге қоныстанады.Ауылдық елді мекендер мен қалаларда ауызсу жүйелері жаңартылып, газ тарту жұмыстары кеңейтіліп жатыр, жолдар жөнделуде. Биыл облыста таза ауызсумен қамту мәселесі толық шешіледі деп күтілуде.Әлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау шараларына облыс бюджетінің жартысынан астамы бағытталуда. Биылдың өзінде бес жаңа балабақша ашылып, алты мектеп салынды. Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 65 медициналық нысан бой көтерді, тағы 27-сі жыл соңына дейін іске қосылады.– Ортақ еңбегіміздің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да, әлеуметтік сала да тұрақты өсім көрсетуде. Президент елімізде экономикалық өсімді кемінде 7% деңгейінде қамтамасыз етуді міндеттеген. Біз өз алдымызға бұдан да биік межелерді қойып отырмыз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Депутаттар облыс әкімінің есебін қабылдап, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына оң бағасын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1079380?lang=kk
Табиғи сипаттағы ТЖ нәтижесіндегі ШОБ субъектілерінің мүліктік шығынын өтеудің жаңа қағидасы бекітілді 14.10.2025
Ұлттық экономика министрлігі табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің мүліктік шығынын өтеу қағидасын бекітті. Құжат мерзімі белгіленбеген. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 26 қыркүйекте қол қойған бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді.Ережеге сәйкес зардап шеккен кәсіпкерлерді есепке алуды әкімдіктер жанындағы өңірлік комиссия жүзеге асырады. Оларға ШОБ субъектілерінің тізімін қалыптастыру, өтемақы мөлшерін анықтау, залалды өтеу өтінімін қарау, сондай-ақ құжаттардың қабылдануын бақылау функциясы жүктелген. Кейбір жағдайда комиссия істі қосымша сараптамаға жібере алады.Жоғалған мүліктің (ғимараттың, автокөліктің, жабдықтың), тауарлық-материалдық (ТМҚ) құны, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығыстар өтелуге жатады. Егер мүлік заңнамаға сәйкес сақтандырылған жағдайда, бұл ереже жүрмейді.10 млн теңгеге дейін залал келген ТМҚ үшін өтемақы мемлекеттік кіріс органдарының кәсіпкердің орташа айлық айналымы немесе табысы туралы дерегі негізінде есептеледі. Ұсынылған сомамен келіспеген жағдайда оның мөлшері сот-бухгалтерлік немесе сот-тауар сараптамасы арқылы айқындалуы мүмкін.Егер залал 10 млн теңгеден асатын болса, сондай-ақ жабдықтар мен жылжымайтын мүлік объектілерінің өтемақы мөлшері жоғалған мүлікті бағалау туралы есеп, ақаулы ведомость және жобалау-сметалық құжаттама негізінде айқындалады.Өтемақы өтінішін өңірлік комиссиялар төтенше жағдай туындаған сәттен бастап, күнтізбелік 180 күн ішінде қабылдайды. Олар қабылдаған шешімнің негізінде әкімдіктер бес жұмыс күні ішінде зардап шеккен ШОБ субъектілерінің тізілімін қалыптастырады. Онда мүлік иесі, өтемақы сомасы, қаржыландыру көзі мен кәсіпкерлердің санаты көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1079389?lang=kk
Бүгінгі студент – ертеңгі реформатор: Астанада Президент Жолдауы талқыланды 14.10.2025
Елордада Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауын талқылау жалғасып жатыр. Осындай кездесулердің бірінде Maqsut Narikbayev University жанындағы Конституциялық және саяси зерттеулер институтының директоры Әлия Оразбаева студенттерге бағдарламалық құжатта белгіленген негізгі міндеттер жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Maqsut Narikbayev University проректоры, PhD докторы Арман Пірзадаев, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының уақытша міндетін атқарушы Даниэль Сержанов, профессор-оқытушылар құрамы, сарапшылар және университет студенттері қатысты.«Президенттің 8 қыркүйекте жариялаған Жолдауы тек стратегиялық бағытты айқындап қана қоймайды, ол Конституциялық және құқықтық кеңістіктегі терең өзгерістерді бекітеді», — деп атап өтті Әлия Оразбаева.Ол конституциялық реформамен, билік жүйесін қайта құрумен және құқықтық жүйені дамыту мәселелерімен тікелей байланысты негізгі басымдықтарға тоқталды.Бірінші басымдық – Парламенттің жаңа форматы. Президент Мәжіліс пен Сенаттан тұратын екі палаталы жүйеден бір палаталы Парламентке көшу мүмкіндігін талқылауды тапсырды. Қазіргі екі деңгейлі құрылым заң жобаларын қабылдау барысында белгілі бір «буфер» қалыптастырады: қоғамға да, сарапшыларға да нақты қай тұста кідіріс туындағанын немесе кімнің жауапты екенін түсіну қиын.Ал бір палаталы модельде мұндай «екі деңгейлі сүзгі» болмайды. Барлық заң жобасы бір палатаның ішінде талқыланып, қабылданады, сондықтан үдеріс қоғам үшін барынша ашық әрі түсінікті болады», – деп түсіндірді институт директоры.Мысал ретінде ол Швеция, Дания, Эстония секілді бір палаталы парламенті бар мемлекеттердің тәжірибесін келтірді.Екінші басымдық – өңірлердің қаржылық дербестігі. Бұл бюджетаралық қатынастарды децентрализациялауды күшейтуді және өкілеттіктерді жергілікті өкілді әрі атқарушы органдарға көбірек беруді білдіреді.«Мұндағы нақты нәтиже неде? Азаматтар өз салықтарының жергілікті жерде қалай жұмсалып жатқанын көре алады және Конституцияда бекітілген құқықтары аясында есеп беруді талап ете алады. Бұл тек биліктің тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғамның құқықтық қорғалуын да күшейтеді», – деді ол.Спикер үшінші басымдық ретінде студенттердің назарын Жер кодексі мен цифрлық кадастрға аударды.«Президент: «Жер ресурстары ашық бөлінуі тиіс. Барлық конкурс электронды форматта өтеді», – деп атап көрсетті. Мұндай бастаманың құқықтық маңызы – жариялылық пен тең қолжетімділік қағидатын тікелей заң жүзінде бекіту.Процестерді цифрлық кадастр арқылы автоматтандыру лауазымды тұлғалардың еркін шешім қабылдау мүмкіндігін жояды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», – деді Әлия Оразбаева.Төртінші басымдық ретінде ол жаңа Салық кодексін атады. Жаңа кодекс қарапайым әрі түсінікті болуы тиіс. Салық нормаларын жеңілдету кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік қысымды азайтып, олардың міндеттемелерін болжамды әрі ашық етеді.Сонымен қатар, жаңа кодекс жергілікті бюджеттерге жеткілікті кіріс көзін қамтамасыз етіп, өңірлер өз функцияларын толыққанды орындай алатындай болуы қажет.«Бесінші басымдық. Президент: «Саланы орнықты, ашық әрі қауіпсіз дамыту үшін берік заңнамалық негізді жаңа Құрылыс кодексі қалыптастыруы тиіс», – деді. Бұл дегеніміз, жаңа Құрылыс кодексі цифрлық жобалауды енгізеді деген сөз. Құрылысты бақылаудың ашық жүйесі жасалады. Ең алдымен, құрылыс сапасы артады, мерзімдері қысқарады. Барлық үдеріс әр кезеңде қатаң қадағаланып отырады.Мектептер, жолдар, ауруханалар – бәрі цифрлық бақылаумен салынады», – деп атап өтті зерттеу институтының басшысы.Сонымен бірге ол Президенттің банк заңнамасы мен цифрлық активтерге қатысты қойған міндеттерін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, «Банктер және банк қызметі туралы» заң нақты секторды несиелеуді қолдау мақсатында өзгереді. Цифрлық активтер мен цифрлық теңге туралы заң қабылданады. «Егер Қазақстан Президент айтқандай цифрлық теңгені кеңінен қолданысқа енгізіп, Мемлекеттік цифрлық активтер қорын құрса, мемлекет бюджет қаражатын мақсатты бағытта пайдалану құралына ие болады (мысалы, стипендия, жәрдемақы, әлеуметтік жеңілдіктер). Бұл ашықтықты күшейтіп, азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға сенімін арттырады және ең маңыздысы – цифрлық экономикаға инвестиция тартуға жол ашады», – деп түсіндірді спикер.Ол сондай-ақ Президент айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты мемлекеттіліктің мызғымас тірегі екенін атап өтті.Жолдаудағы тағы бір маңызды бағыт ретінде спикер цифрландыру мен жасанды интеллектті атады.«Президент жаңа технологиялар қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс екенін ерекше айтты. Оның артықшылықтары көп: мысалы, мемлекеттік қызметтерді жеделдету, құжаттар мен өтініштерді жасанды интеллект арқылы жылдам өңдеу; алгоритмдер адами факторды жояды; ІІ әлеуметтік-экономикалық үдерістерді болжап отырады. Сонымен қатар, заманауи технологиялар елді бизнес үшін тартымды етеді.Цифрландыру және жасанды интеллектіні реттеу бағытымыз үздік әлемдік тәжірибелерге толық сәйкес келеді», — деді Әлия Оразбаева.Сөз соңында ол студенттердің болашақта осы реформаларды жүзеге асыратын мамандар екенін ерекше атап өтті.«Президент Жолдауы – Конституцияны, бюджет және салық нормаларын, жер қатынастарын өзгертетін, жаңа цифрлық стандарттар енгізетін реформалардың жол картасы. Бірақ реформа – бір реттік шара емес, ол үздіксіз үдеріс. Жаңа заңдар қоғамдағы нақты сұранысқа қарай жасалады. Олардың табысты болуы мемлекет, қоғам және жаңа буын мамандарының жауапкершілігіне байланысты. Біздің студенттеріміз – ертеңгі мамандар, болашақ реформаларды жүзеге асыратындар», – деп қорытындылады ол.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1079206?lang=kk
Мұғалімге алғыспен 14.10.2025
Жастар сарайында облыстыңбарлықөңірлерінен келген мың шақтыпедагог кәсіби мерекемен құттықтауларды ерекше толқыныспен қабыл алды.Мұғалімдерге,тәрбиешілерге,колледжоқытушылары мен шеберлеріне, арнайы және қосымша білім педагогтерінежылысөздерменшынайытілектер айтылды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мұғалім мамандығының маңыздылығын атап өтті. «Білім саласының дамуына мемлекет тарапынан айрықша мән берілуде. Соңғы үш жылда өңірімізде 23 білім беру объектісі салынды, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту үшін5,5 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын мектептерімізде заманауи пән кабинеттері мен STEM-зертханалары ашылып, оқушылардың қабілетін дамытуға, ғылымға, оның ішінде жасанды интеллектке деген қызығушылығын арттыруға толық жағдай жасалуда», - деді ол.Мұғалім үшін ең қымбат сыйлық - оқушының жетістікке жеткені. Облыс қоржынында халықаралық зияткерлік жарыстарда иеленген9 жүлделі орын бар. Біздің оқушылар ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада 26 медаль жеңіп алып, үшінші командалық орынға ие болды.Жас зерттеушілеріміз де үздік нәтиже көрсетіп, ғылыми жобалар байқауында 16 жүлделі орын, ал халықаралық ғылыми жарыстарда 4 медаль жеңіп алды.Облыс әкімі педагогтерді Жұмысшы мамандықтары жылы аясында биылдан бастап алғаш рет 2 қазанда тойланатын Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің күнімен құттықтады.Алғысқа толы жылы құттықтаулар педагогикалық еңбек ардагерлеріне де арналды, зал оларға орындарынан тұрып қошемет көрсетті.ҚұмарАқсақаловөзініңкәсібишеберлігіндеелеулінәтижелерге қол жеткізгеноблыспедагогтарынмарапаттады.15 педагог «Ы.Алтынсарин» төсбелгісіне,5 педагог «ҚРБілім беру ісінің құрметтіқызметкері»белгісіне ие болды,5педагогқа«Еңбекардагері» медальдарытабысталды.Тағы20педагогоблысәкімініңграмотасымен марапатталды.Облыс әкімі Қостанай қаласының № 17 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Данкеноваға Ыбырай Алтынсарин төсбелгісін табыстады. «Мұғалім болу – қастерлі міндет. Еңбегімнің осылай жоғары бағалануы мені болашақта жаңа жеңістерге жетуге шабыттандырады», - деп қуанышымен бөлісті. - «Мен отбасыма, әріптестеріме және оқушыларыма алғысымды білдіремін, олар әрдайым маған алға қарай ұмтылуға, тоқтамауға күш береді», - деді марапат иесі.Жалпыоблыстамерекеқарсаңында 49 педагогмедальдарменжәнетөсбелгілерменмарапатталды,тағы194 педагогқа республикалық және облыстық деңгейдегіграмоталарменалғысхаттар табысталды.Облыстың үздік әртістері мен ұжымдарының мерекелік концерті көрермендерге қуанышты сәттер мен жағымды эмоциялар сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1079278?lang=kk
"Айбалта-2025" оқу-жаттығуы: Қарулы күштердің бөлімшелері қорғаныс және шабуыл қимылдарын пысықтады 14.10.2025
"Айбалта-2025" жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Қарулы күштердің бөлімшелері қорғаныс және шабуыл әрекеттерінде жоғары деңгейде дайындық танытып, тиімді қимылдар жасады. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — басшылық құрамының ұйымдастырушылық, командалық және үйлестіру дағдыларын жетілдіру болды.Қорғаныс сипатындағы тактикалық іс-қимылдар барысында терең және аймақтық қорғаныс жүйелерін ұйымдастыру, инженерлік кедергілерді орнату және резервтерді уақытында енгізу мәселелері пысықталды. Бөлімшелер мен маңызды нысандарды бүркемелеу кезінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің интеграциясы мен барлау бөлімшелерімен өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және жау әрекеттеріне жедел жауап беру үшін барлаудың тиімділігі арттырылды.Шабуыл эпизодтарында бөлімшелер белсенді маневрлер жасап, шайқаспен барлау жүргізіп, жау нысаналарын артиллерия және атыс жүйелері арқылы басып тастады. Бронды және мотоатқыштар топтары да қорғанысқа тартылып, майдандық және армиялық авиация тиімді қолданылды. Әскерлерді ауыстыру кезінде логистика мен атысты бүркемелеу мәселелері де жоғары деңгейде пысықталды.Штабтар мен алдыңғы қатарлы бөлімшелер арасындағы үйлестіру заманауи автоматтандырылған басқару және деректер алмасу жүйелері арқылы жүзеге асты. Бұл күштердің жедел қайта бөлінуіне, резервтердің уақытында енгізілуіне және жедел жағдайдың өзгерістеріне сәйкес жоспарларды түзетуге мүмкіндік берді. Барлау бөлімшелері жау туралы деректердің өзектілігін үнемі бақылап, қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырды.Қарсылас әрекеттерінің тиімділігін төмендету және өз коммуникацияларын қорғау мақсатында электронды күрес құралдары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қолданылды. Инженерлік бөлімшелер шабуылға көшу кезінде кедергілерді жою және бағдарларды дайындау міндеттерін сәтті орындады. Артиллериялық есептоптар атыс рейдтерін дайындау және маневрлерді атыспен бүркемелеу жұмыстарын пысықтады.Оқу-жаттығу барысында медициналық бөлімшелердің іс-әрекеттері және "зардап шеккендерді" эвакуациялаудың жеделдігі бағаланды. Сондай-ақ, далалық жағдайда материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің үйлесімді әрекеттері тексерілді. Үздіксіз кері байланыс форматында командирлер мен штабтар тапсырмалардың нәтижелерін талдап, сәтті шешімдерді тіркеп, әлсіз тұстарды анықтады.Қорғаныс және шабуыл әрекеттерінің сценарийлерін іске асыру бөлімшелердің үйлесімділік, ұтқырлық және дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1078983?lang=kk
TEDx Халықаралық форумы «Белсенді ұзақ өмір сүру 14.10.2025
2025 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан күндері Алматы қаласы мен Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір сүру: тәжірибе және даму келешегі» атты TEDx халықаралық форумы ұйымдастырылды. Іс-шара Қарттар күніне орайластырылып, елімізде 1 қазанда басталған айлық аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Форумды Алматы қаласы мен Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ұйымдастырды.Форумға Қазақстаннан, Франциядан, Испаниядан, Ресейден, Словакиядан, Болгариядан, Әзербайжаннан, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан келген сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік қызметтердің, ғылыми және медициналық қауымдастықтың өкілдері қатысты. Форумның негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді ұзақ өмір сүру саясатын тиімді дамыту жолдарын айқындау.Форумның ерекшелігі – Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы ардагерлер кеңесімен, аналар кеңесімен және отбасы қолдау орталықтарымен үйлестіріліп, кешенді тәсіл қалыптастыруында. Мұндай формат Қазақстанда алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен жүзеге асырылды.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қатысушыларының ғылыми, шығармашылық және қолданбалы еңбектерінің көрмесі өтті. Бағдарлама аясында Алматы қаласы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж. Жаубасовтың модераторлығымен пленарлық отырыс өтті. Оған қалалық мәслихат хатшысы М.Б. Отыншиев, депутаттар, «Аманат» партиясының әйелдер қанатының өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар онлайн және офлайн форматта қатысты.Қолөнер бұйымдары көрмесі, «Күміс университет» және «Агрокраудсорсинг» жобаларының тұсаукесері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, салауатты өмір салты, әлеуметтік тәжірибелер мен ұрпақаралық ынтымақтастық тақырыптарында пікірталас алаңдары мен нетворкинг-сессиялар өткізілді.Форум қатысушылары Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне және «Алтын адам» музейіне барып, сондай-ақ Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арнайы экскурсия жасады. Мұнда қолданбалы өнер көрмелері, шеберлік сабақтары және флешмобтар ұйымдастырылды.Форумның екінші күні Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.М. Ахметованың модераторлығымен пленарлық отырыс жалғасты. Жиында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры А.А. Аймағамбетов, гериатр-профессор А. Ешманова, Ұлттық кооперативтер қауымдастығының президенті К. Шайха, сондай-ақ халықаралық және отандық сарапшылар, соның ішінде онлайн режимде Г. Колосова баяндама жасады. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген мамандар Алматы қаласы мен облысының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысын жоғары бағалап, тәжірибесін өз елдерінде енгізудің маңыздылығын атап өтті.Форумның қорытындысында белсенді ұзақ өмір сүру саясатын дамытуға қатысты негізгі ұсынымдар қамтылған резолюция қабылданды. Сондай-ақ алғыс хаттар табысталып, естелік фотосессия ұйымдастырылды.TEDx «Белсенді ұзақ өмір сүру» халықаралық форумы қариялардың өмір сапасын жақсартуға және белсенді ұзақ өмір сүру мәдениетін дамытуға бағытталған тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1078991?lang=kk
Жаңа стадиондағы Қазақстан Kубогының финалына дайындық пысықталды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте футболдан Қазақстан Кубогының финалдық ойынын және 11 мың орындық жаңа стадионның ашылу салтанатын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Оған облыстық басқарма мен жауапты мекеме басшылары, Қазақстан футбол федерациясы кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр қатысты.Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.«Жаңа стадионның ашылу салтанаты кезінде электр энергиясын үздіксіз, тұрақты беру, төтенше жағдай туындаса, жедел әрекет ету үшін желілерді алдын ала тексеріп, резервтік қуат көздерін даярлау керек.Жедел жәрдем қызметінің кезекшілігі ұйымдастырылсын. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, патрульдік қызметті күшейту, көлік қозғалысын реттеу және жедел әрекет етуге әзірлік қолға алынсын.Жанкүйерлер арасында қоғамдық тәртіптің бұзылмауын қадағалау үшін шара өтетін маңдағы полиция қызметкерлерінің санын арттыру керек.Қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығы біз үшін өте маңызды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті стадион аумағын толық зерделеп, оқыс оқиға мен төтенше жағдайдың алдын алыңыздар. Өрт сөндіру техникалары сақадай сай тұруы тиіс.Сондай-ақ, финалдық ойын өтетін аумақта санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы керек. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нүктелерінің тазалығы қатаң бақылауға алынсын»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1079057?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері ауыл жастарымен кездесті 14.10.2025
Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы Ақмола облысы, Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында  кездесу өткізді.Колледж базасында ұйымдастырылған іс-шараға оқу орнының студенттері, жергілікті мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаевтың атынан жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери қызметтің беделін арттырудағы айтарлықтай үлесі үшін колледж ұстаздарына алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.Кездесу барысында Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері майор Рүстем Төлегенов еліміздегі әскери жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібін түсіндіріп, мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға ұсынылатын жеңілдіктер туралы баяндады.– Бұл кездесу «Біртұтас ел – біртұтас жер» әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасының аясында ұйымдастырылып отыр. Біз осыған ұқсас іс-шараларды басқа да оқу орындарында өткіздік және бұл жұмыс жалғасын табады, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері полковник Ғалымжан Жұмабаев.Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Әскери-тарихи мұражайы ұйымдастырған көшпелі көрмеге жастар ерекше қызығушылық танытты. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы архивтік фотосуреттер, құжаттар және жауынгерлердің жеке заттары қойылған. Сондай-ақ студенттер мен оқушылар үшін Құрмет қарауыл ротасы сап тәсілдерін көрсетіп, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама қойды.– Патриоттық тәрбие біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі болып табылады. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында елдің болашағы мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады, – деді колледждің әскери дайындық пәнінің оқытушысы запастағы екінші сыныпты сержант Әділет Сүлейменов.Бірінші курс студенті Венера Зилаева да кездесуден алған әсерін жеткізді. Ол кәсіби әскери мамандармен кездесу өте пайдалы болғанына тоқталып, колледжді бітірген соң Қарағандыдағы ІІМ академиясына түсуді жоспарлап отырғанын айтты.Кездесудің ерекше сәттерінің бірі Жаңаесіл ауылының тумасы Нариман Нұрланұлының видеоқұттықтауы болды. Аягөз гарнизонында мерзімді әскери қызметін өтеген ол қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы Абылай Мырзахметов атындағы университетте грантпен оқиды. Ол осы арқылы әскери қызмет тек азаматтық борыш қана емес, сонымен қатар табысты болашақ құруға нақты мүмкіндік екенін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1079072?lang=kk
Финалдың бас Кубогы таныстырылды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа стадионның ашылуына дайындық барысы пысықталған жиналыстан кейін Қазақстан футбол федерациясының жарыстарды ұйымдастыру директоры Бақытжан Пазылхайырмен бірге Орталық стадионға барып, жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді.Қызылордадағы 11 мың орындық Орталық стадион жақын күндері ашылады деп күтілуде. Жаңа нысан халықаралық стандарттарға, УЕФА талаптарына сай, соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықталған.Спорт ғимаратының жалпы аумағы 20 мың шаршы метр, жасыл алаңнан бөлек, бокс, күрестің үш түрінің, атап айтқанда, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдарынан тұрады. Келушілерге жыл он екі ай сапалы қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндік бар.Үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында жаттығу залдары, екінші қабатында әкімшілік бөлмелер, үшінші қабатында спортшылар үшін және ауқымды жиындар өткізуге арналған бөлмелер қарастырылған.Халықаралық дәрежедегі ауқымды ойындарға дайын. Ашылу салтанаты қарсаңында жаңа стадионның футбол алаңы ФИФА-ның тестілеуінен өтіп, жоғары деңгейлі QUALITY PRO сертификатына ие болды.Бүгін «Арай сити мол» сауда орталығында финалдың бас кубогы Сыр жұртшылығына таныстырылды. Облыс тұрғындары кубокты қазанның 4-не дейін сауда орталығына барып көре алады. Облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені де салынуда. Онда олимпиадалық стандарттарға сай 50 метрлік бассейн, Әлем және Азия чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады.Құрылысы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады.Өңір спортын дамытуда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталсақ, соңғы үш жылда 20 спорт кешені ашылды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен тағы 6 спорт кешені пайдалануға беріледі. «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 2 млрд. 900 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеріп келеді. Биыл қордың қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарындағы жаңа спорт кешендері келушілерге қызмет көрсете бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1079134?lang=kk