Қуқық
Мәслихаттың кезектен тыс отырысы 04.03.2026
Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясында бірқатар мәселелер күн тәртібіне қойылды. Жиынға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.Өңіріміздің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу, Қостанай облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту талқыланды.Бұдан бөлек, мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу қаралды.Отырыста Арқалық қаласының дамуы туралы да мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда қалалар бойынша инфрақұрылымдық орта сапаның негізгі көрсеткіштері жағынан ең үлкен алшақтық Арқалықта тіркелген. Онда автомобиль жолдарының 31,6%-і жақсы және қанағаттанарлық деңгейде.«Салыстырар болсақ, Тобыл қаласында 51,5%, Рудный қаласында – 63,6%, Жітіқара қаласында – 73,2%, Лисаков қаласында – 93,6%, Қостанай қаласында – 99,5%. Облыс орталығы мен Арқалықтың айырмашылығы – 70%. Қостанайдағы сапалы жолдардың нақты үлесі 3 еседен астам. Арқалықтың аула аумақтары мен көп пәтерлі үйлерінің қасбеттері ұзақ жылдар бойы жаңартылған жоқ. Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің дамуы мемлекеттің назарында болуы қажет екендігін айтты», – деді облыс әкімі.Өткен жылдан бері Арқалықта абаттандыру бағдарламалары басталған. Бұл өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Айтылған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173324?lang=kk
Жителям Алматинской области объяснили, как узнать свой участок на референдуме 04.03.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1173400?lang=kk
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық 04.03.2026
Бүгін аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды. Жиында Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов баяндама жасады. «Казгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Адель Ахметов, Қарабалық ауданының әкімі Руслан Халықов, Қарасу ауданының әкімі Қайрат Оспанов, «Агро ПАРАСАТ» серіктестігінің директоры Азамат Жолаушыбаев, «Балталы Ltd» серіктестігінің директоры Аслан Шамұхан өз салалары бойынша қосымша баяндады.Ел Президенті ауыл шаруашылығының әлеуетін толық ашылмағанын атап өтіп, оны жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне назар аударды. Мемлекет тарапынан көктемгі дала жұмыстарын сапалы өткізу үшін барлық қолайлы жағдай жасалуда. Яғни, үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде. Атап айтқанда, республика бойынша егін егу және күзгі астық жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі былтырғыдай 1 трлн теңге көлемінде қалып, оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қарастырылған. Ал, фермерлерге жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлу көзделген.«Қазіргі уақыттағы біздің басты міндетіміз – көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу», – деді аймақ басшысы.2025 жылғы 1 қазаннан бастап 2026 жылғы егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталғанын атап өткен жөн. Бүгінгі күнге дейін 5% жылдық мөлшерлемемен 19,2 млрд теңгеге 260-тан астам шаруашылық қаржыландырылды. Ал егер несие жарты жылға рәсімделсе, мөлшерлеме 2,5% құрайды.Сонымен қатар, 2026 жылға арналған форвардтық сатып алу бойынша «АО «НК «Продкорпорация»» арқылы облысқа бөлінген қаржы көлемі 2,8 есеге ұлғайтылды. Егер 2025 жылы 5,4 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 15 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жұмыстары белсенді кезеңде жүргізілуде.Облыс әкімі атап өткендей, соңғы үш жылда өңірдің егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 84,4%-ға, ал майлы дақылдар 32,1%-ға кеңейтілді. Бұл өңірдің әртараптандырылған егіншілік моделіне қарай бет алғанын көрсетеді.«Халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің негізгі түрлерімен жергілікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету қажет. Биыл картоп алқабы 7,5 мың га, ал қарақұмық алқабы 17,1 мың га жетеді деп жоспарлап отырмыз. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Өңірде жеңіл лизинг бағдарламасының арқасында 2025 жылы 57 млрд теңгеге 1,3 мың техника мен агрегат сатып алынған. 3 жыл ішінде 4 мыңға жуық ауыл шаруашылық техникасымен толықты. Қазіргі уақытта облыста барлығы шамамен 28 мың ауылшаруашылық техникасы бар. Оның 7%-ті жаңартылған.Биыл лизингке қарастырылған 300 млрд теңгенің 45 млрд теңгесі біздің облысқа бөлініп отыр. Облыс бойынша минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 433,7 мың тоннаны құрайды. Оларды субсидиялауға 11 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1173722?lang=kk
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығына арналған дәріс өтті 04.03.2026
Елордалық жоғары оқу орнында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығының басым бағыттарына арналған ашық дәріс өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен БҰҰ-ның Елдік кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелігінің 34 жылдығына арналды. Кездесуге студенттер, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен жас мамандар қатысты.Сөз сөйлеу барысында спикерлер Қазақстан мен БҰҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, халықаралық бастамаларды іске асыру, сондай-ақ еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі, Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы және елдегі БҰҰ агенттіктерінің жұмысы туралы өз пайымдарын ұсынды.ҚР Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Д.Теменов еліміздің БҰҰ алаңында өңір мүдделерін ілгерілетудегі жетекші рөлі және Қазақстанның Ұйымдағы басымдықтары туралы айтып кетті. Бұл орайда, халықаралық қатынастар мамандарын даярлаудағы ЕҰУ-дың ерекше рөлін атап өтті.Сондай-ақ баяндамамен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы К. Абдулганиев, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтының аға сарапшысы С. Савельев және БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілінің орынбасары С. Ходжиматов еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша атқарып отырған қызметі, жаһандық ядролық қарусыздану процесіне қосқан үлесі туралы ақпаратпен бөлісті.Кездесу студенттердің халықаралық қатынастар мен дипломатияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды білім беру және ақпараттық іс-шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1173775?lang=kk
СҚО-да 50 пайыз үстемеақы үшін кәсіпкерлер жауапқа тартылды 04.03.2026
Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді. 2026 жылдың басынан бері өңірдегі 20-ға жуық кәсіпкер шекті рұқсат етілген сауда үстемеақысын асырғаны үшін бюджетке 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Әңгіме мемлекет үстемеақы мөлшеріне шектеу белгілеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізбесіне енгізілген өнімдер туралы болып отыр. Ең жиі анықталған заңбұзушылықтардың қатарында картоп, сәбіз, күріш, алма және өзге де негізгі азық-түлік түрлерінің бағасын негізсіз көтеру бар. Кейбір жағдайларда сауда үстемеақысы рұқсат етілген деңгейден 50 пайыздан астамға асып кеткен. Тексерулерге Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған электрондық шот-фактуралар негіз болды. Құжаттарды талдау барысында мамандар өнімнің сатып алу бағасын сауда нүктелеріндегі соңғы бағамен салыстырып, қолданылған үстемеақы мөлшерін объективті түрде бағалады. Мұндай тәсіл субъективтілікті болдырмай, тек қаржылық құжаттарға сүйенуге мүмкіндік береді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, баға шектеулерінің сақталуына бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Мониторинг ірі сауда желілерін де, үй маңындағы шағын дүкендерді де қамтиды. Рұқсат етілген үстемеақының асып кеткені анықталған жағдайда кәсіпкерлерге заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынады. Сарапшылар әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын реттеу, ең алдымен, халықтың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтеді. Азық-түлік нарығындағы құбылмалылық пен шығындардың өсуі жағдайында мемлекет бірінші кезектегі тауарлар бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеуге тырысады. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде кәсіпкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Заңбұзушылықтар тек жоспарлы тексерулер барысында ғана емес, цифрлық деректерге жүргізілген талдау нәтижесінде де анықталады. Мамандардың пікірінше, мұндай бақылау тетігі нарықтың ашықтығын арттырып, адал бәсекелестіктің қалыптасуына ықпал етеді. Өңірдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Ведомстволар бизнес өкілдерін сатылатын тауарлардың әлеуметтік маңызын ескеріп, белгіленген сауда үстемеақысы нормаларын сақтауға шақырады. Бұл айыппұл санкцияларынан сақтанып, тұтынушылар сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1173781?lang=kk
Алматы облысы тұрғындарының назарына! 04.03.2026
Жол қызметі мамандары жоспарлы бақылау барысында «Кеген – Нарынқол» республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін уақытылы анықтады. Қосымша тексеру барысында тас жолдағы су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды шайып кеткен.Айта кету керек, бұл тасжол 1960-1970 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт көлік қатынап келеді. Осы уақытқа дейін аталған учаскеде жолдың шайылуы немесе еріген су көлемінің күрт ұлғаюы тіркелмеген. Сондықтан бұл аймақ бұрын тасқын қаупі бар деп есептелмеген.Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Дереу арада көлік қатынасын тоқтатпау үшін уақытша жол салынды.Ал, су өткізу құбыры мен бүлінген жол жабындысы еріген су ағысы азайғасын қалпына келтіріледі. Сонымен қатар аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мердігер ұйымға тапсырылды. Жұмыс барысында зақымданған жерлер қалпына келтіріліп, жол инфрақұрылымының табиғи апаттарға төзімділігін арттыру шаралары іске асырылады.Жағдай тұрақты бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193439?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия мәселелері бойынша кезекті келіссөздер өтті 04.03.2026
Астанада Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің екінші раунды өтті.Атап айтқанда, азаматтардың ұтқырлығын дамытуға, қоғамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға және көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың тұрақты әрі болжамды құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған болашақ келісімдердің жобалары талқыланды. Сонымен қатар сапарларды жеңілдету мен қауіпсіздік мәселелеріне теңгерімді тәсілді қамтамасыз етуге, рәсімдерді жетілдіруге, өзара сенім мен тараптардың жауапкершілігін нығайтуға ерекше назар аударылды.Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді дамыту аясында тараптар екіжақты қатынастардың кемелденген әрі стратегиялық сипатын айқындайтын заманауи ұтқырлық тетіктерін жетілдіруге өзара ұмтылысты көрсетті.Еуропалық әріптестердің сөздерінде Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы мәселелерді шешудегі сындарлы әрі прагматикалық тәсіліне жоғары баға берілді, сондай-ақ келіссөздер үдерісін жалғастыруға және сарапшылық өзара іс-қимылдың орнықты серпінін қолдауға дайындық білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174070?lang=kk
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады 04.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жетінші отырысында салық режимдерін таңдау бойынша деректер жарияланды. Кәсіпкерлер ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдауға тиіс болатын.Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді 346 мың адам таңдаған, оның ішінде 265 мыңы – көлеңкелі айналымнан шыққан жаңа қатысушылар. Еске салсақ, салық реформасының негізгі мақсатының бірі – еңбек нарығын заңдастыру және заңды түрде жұмыс істеу үшін қарапайым, түсінікті әрі қолжетімді жағдай жасау. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режимнің басты артықшылығы, табысқа салық салынбайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Бұл бұрын тіркеусіз жұмыс істеген азаматтардың заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы режимді 1,2 млн кәсіпкер таңдады.Жалпыға ортақ пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС)2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС түсімдері өндіру орны бойынша жергілікті бюджеттерге есептелуі тиіс.Сонымен қатар Салық кодексінің нормаларына сәйкес жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушының орналасқан жері бойынша төленеді.Бюджет және Салық кодекстерінің нормаларын үйлестіру қажеттілігіне байланысты тиісті өзгерістерді Салық кодексіне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер қабылданғанға дейін 2025 жылғы IV тоқсан бойынша түсімдер жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жерге (республикалық бюджетке) есептеледі. Ал 2026 жылғы міндеттемелерден бастап, өндіру орны бойынша (жергілікті бюджетке) бағытталады.Корпоративтік табыс салығы (КТС) және табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатыОтырыста табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатына КТС салу мәселесі де қаралды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизация нысаналы сипатқа ие және тек инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға – инфрақұрылымды салу, жаңғырту және қайта құруға бағытталады. Бұл қаражат еркін пайда болып табылмайды.Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2025–2029 жылдары желілерді жаңарту бойынша ауқымды жобалар іске асырылуда. Жаңа объектілер пайдалануға берілген кезде негізгі құралдардың құны мен амортизация көлемі артады. Бұл өз кезегінде КТС бойынша салық базасының ұлғаюына әкеледі.Сонымен бірге КТС төлеуге арналған шығындар тарифте көзделмеген және өтелмейді. Бұл кәсіпорындарға қосымша қаржылық жүктеме түсіріп, олардың жаңғырту жобаларына қатысуын шектеуі мүмкін.Осыған байланысты инвестициялық бағдарламалардың нысаналы қаражатына КТС салуға жол бермеу жөнінде бірыңғай тәсіл қалыптастырып, тиісті түсіндірме беру ұсынылды. Бұл инфрақұрылымды жаңартуды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және тұтынушыларға түсетін жүктеменің өсуіне жол бермеуге арналған.Сондай-ақ отырыста тау-кен металлургия саласы кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге салық нормаларын қолдануға қатысты мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1174153?lang=kk
Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады 04.03.2026
Астана, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады.Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174160?lang=kk
Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады 04.03.2026
Астана, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Босния және Герцеговинаның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі қызметін қоса атқарушысы Иван Орличтен сенім грамотасының көшірмесін қабылдады.А.Исетов Босния және Герцоговина дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады.Елші И.Орлич жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Астана мен Сараево арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін күш-жігерін жұмсауға әзірлігін растады.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалар бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174314?lang=kk
Алматы облысы бойынша референдум учаскелерінде орналасқан дауыс беру күні тіркеуі жоқ азаматтарды тіркеу сервисі бар кішігірім-ХҚКО мекен-жайлары туралы 04.03.2026
№Қала /аудан атауыреферендум учаскесі №орталықтың атауымекен жайы1Қонаев қаласы№ 947Орта мектеп-гимназияҚонаев қаласы,4 ш/а, № 64/2 2Еңбекшіқазақ ауданы№123Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі Есік қаласы,Абай көшесі, 318А3Іле ауданы№ 358№ 24 лицейӨтеген батыр ауылы,Қ.Рысқұлбеков көшесі, 38Г 4Қарасай ауданы№ 424Қарасай аудандық кітапханаҚаскелен қаласы, Абылайхан көшесі, 211А 5Талғар ауданы№ 832Талғар ауданының мәнсап орталығыТалғар қаласы,Қонаев көшесі, 97/1 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1174542?lang=kk
Астанада ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының өкілдерімен референдумды байқау мәселелері бойынша кездесу өтті 04.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Астанаға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау және өткізу процесін байқау мақсатында Дуглас Уэйктің жетекшілігімен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) делегациясымен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы ынтымақтастықты талқылаумен қатар, электоралдық процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында референдумға халықаралық байқаушылардың қатысуы маңыздылығын растады. Сындарлы диалог пен ынтымақтастық халықтың өз еркін білдіру рәсімдеріне деген сенімділіктің нығаюына ықпал ететіні аталып өтті.Кездесу барысында Байқау миссиясының мандатына ерекше назар аударылды. Электоралдық процеске объективті баға берудің ерекше маңыздылығы аталып өтті, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға дайындық расталды.Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға және Миссияның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қолдау көрсетуге өзара мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174611?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі сауда субъектілері арасында «Sauda in Digital Nauryz» байқауын жариялайды! 04.03.2026
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай 2026 жылғы 13–20 наурыз аралығында сауда саласын цифрландыру мен жасанды интеллектіні қолдануға арналған «Sauda in Digital Nauryz» байқауы өтеді.Қатысушылар инновациялық шешімдерін, сауда кеңістігін креативті цифрлық безендіру үлгілерін және жасанды интеллектіні қолдана отырып жүзеге асырылған жобаларын ұсынуы тиіс. Байқаудың мақсаты – сауда саласына заманауи технологияларды енгізуді ынталандыру және үздік тәжірибелерді қолдау.Байқауға Қазақстан Республикасының барлық сауда субъектілері қатыса алады.Қалай қатысуға болады?қысқа бейнеролик түсіріңіз;Instagram желісіндегі өз парақшаңызға жариялап, Министрліктің ресми парақшасын (@saudagovkz) белгілеңіз;#saudadigitalnauryz хэштегін көрсетіңіз.Қорытынды шығару20 наурыз күні келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:Үздік цифрлық безендіру;Үздік цифрлық құттықтау;Жасанды интеллектіні үздік қолдану;Ең креативті Digital-жоба.Бағалау критерийлері (KPI)Байқау жұмыстары келесі негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады (ең жоғары ұпай – 100):жасанды интеллектіні қолдану – 40 ұпай;креативтілік – 20 ұпай;ұлттық нақыш – 20 ұпай;аудиторияның белсенділігі – 20 ұпай;орындалу сапасы – 20 ұпай.23 наурыз күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.Байқауға қатысып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің сауда саласын қалайша тиімді әрі қызықты ете алатынын көрсетіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1174703?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшісі өрттегі ерлігі үшін медальмен марапатталды 04.03.2026
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде биыл 1 қаңтар күні Тараз қаласында болған өрт кезінде батылдық мен жанқиярлық көрсеткен қазақстандықтарды марапаттау рәсімі өтті.Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы тау қорықшылары полкінің жауынгері 3-ші сыныпты сержант Ерғали Кенжебаев «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Бұдан өзге адамдарды эвакуациялауға қатысқан Тараз қаласының тұрғыны Таймырза Сейітхан да алғыс хат алды.Жанармай бекетінде болған Ерғали Кенжебаев Жамбыл даңғылы бойындағы «Dr. Watson» мекемесінен шыққан қою түтінді байқайды. Оқиға орнына лезде жеткен әскери қызметші мекеменің жазғы жапсарлас жайынан шыққан өртті көрді. Өрт ғимараттың кіреберісін қалың түтінмен жауып, жағдайды қиындатқан.Төтенше жағдай қызметкерлерін күтпестен және өз өміріне төнген қауіпке қарамастан Ерғали Кенжебаев түтінге оранған жертөледен баланы таза ауаға алып шықты. Қайта оралып қалған адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға жәрдемдесті.– Мұндай істер азаматтық жауапкершілік, жанашырлық пен қиын сәтте қол ұшын созуға әзір тұрудың айқын үлгісі, – деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы полковник Арман Тоқанов. – Марапатталғандардың батылдығы мен жанқиярлығы шынайы құрмет пен бағалауға тұрарлық.Нақты қауіпті жағдайда жастар «Dr. Watson» мекемесіне келгендерді шығарып, орын алуы мүмкін зауалдың алдын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1174795?lang=kk
Мәжіліс Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның орнықты дамуы мен өсуін қамтамасыз ету жөніндегі келісімді ратификациялады 04.03.2026
Мәжіліс депутаттары Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткізілген жалпы отырыста бірқатар халықаралық құжаттарды, оның ішінде Дүниежүзілік банк тобындағы ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.Мәжіліс бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы және екінші тараптан Көпжақты Инвестициялар Кепілдігі агенттігі арасындағы Қазақстанның орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялап, одан әрі қарау үшін Сенатқа жіберді.Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің хабарлауынша, құжат қарыз беру кезінде мемлекеттік кепілдік пен гранттық жобалар арқылы қарыз беру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезінде рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекет шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.—Келісім күшіне енгеннен кейін бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жұмысы басталады. Олардың қатарында "Жезқазған-Қарағанды" және "Бейнеу-Сексеуіл" автомобиль жолдарын қайта жаңарту мен салу, Қазақстандағы теміржол қатынасы мен көлік байланысын трансформациялау жобасы, Қамбар ата 1-ГЭС құрылысы мен басқалары бар, - деді Серік Жұманғарин.Қосымша баяндамада жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков атап өткендей, ұзақмерзімдік перспективада Дүниежүзілік банкпен жобаларды бірлесіп іске асыру Қазақстанға жаңа жұмыс орындарын құруға, инновацияларды ынталандыруға, жеке сектор мен ШОБ-ты дамытуға, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және инвестициялық ахуалды жақсартуға әкеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1174817?lang=kk
Қазақстан СІМ-де бірқатар мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылданды 04.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы Мали Республикасының Елшісі Сейду Камиссоко, Гана Республикасының Елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Гамбия Республикасының Елшісі Алкали Фанка Конте, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы Шобини Гунасекераның және Бангладеш Халық Республикасының Елшісі Мохаммад Назрул Исламның грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.Қазақстан аталған мемлекеттермен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және басқа да халықаралық ұйымдар мен алаңдар аясында белсенді өзара іс-қимыл жасап келеді. Бұл байланыстар өзара мүдделерге негізделген орнықты қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етуде.Осы тұрғыда екіжақты және көпжақты форматтарда ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырады. Сауданы әртараптандыру, көлік-логистикалық байланыстылықты дамыту, сондай-ақ энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және цифрландыру бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту шаралары талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1174838?lang=kk
Астанада әскери дәрігерлер өтеусіз негізде қан тапсыру акциясын өткізді 01.03.2026
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған донорлық айы аясында әскери медицина қызметкерлері донорлық акция ұйымдастырды. Оған Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасы мен Бас әскери клиникалық госпиталінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 50-ден астам дәрігер, мейірбике, әкімшілік және техникалық персонал қан тапсырды.Бас әскери-медициналық басқарма бастығының орынбасары медицина қызметінің полковнигі Берік Ілиясовтың айтуынша, ерікті донорлық мәдениетті дамытуға бағытталған бұл акция Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде де жалғасады.Қан алу жұмыстарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі мамандар бригадасы жүргізді.Әскери медициналық мекемеде донорлық акция өткізу ерекше маңызға ие. Госпиталь қызметкерлері күн сайын науқастарға көмек көрсетеді. Олардың донорлық қозғалысқа қатысуын адам өмірін сақтап қалуға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қосқан қосымша үлес деп айтуға болады.– Әскери қызметтегі 20 жыл ішінде әйел әскери қызметшілерге шұғыл қан құю қажет болған жағдайлармен бірнеше рет бетпе-бет келдім. Дәрігер ретінде нық сеніммен айта аламын, қан тапсыру тек өмірді сақтап қана қоймайды, ағзаға да оң әсер етеді. Яғни, қан түзілуін ынталандырып, қанның формалық элементтерінің жаңаруына ықпал етеді. Қанды жұмыс орнында тапсыру бізге қызметтен қол үзбей-ақ игі іске үлес қосуға мүмкіндік берді, – деді Бас әскери клиникалық госпитальдің гинекология бөлімінің бастығы медицина қызметінің полковнигі Айнұр Нұғыманова.Әскери дәрігерлер ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатыса отырып, гуманизм және қоғамға қызмет ету қағидаттарына адалдығын іс жүзінде тағы бір дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1171944?lang=kk
Төзімділік сынағы: 1600-ден астам әскери қызметші марш-челленджге қатысты 28.02.2026
Жоспарлы жауынгерлік даярлық аясында «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері, сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері 10 шақырымдық жаяу маршқа шықты.Ауқымды іс-шараға мерзімді қызмет сарбаздары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және офицерлер – барлығы 20 бөлімшеден 1600-ден астам жауынгер қатысты. Марш барысында әскери қызметшілер ұрыс жағдайына барынша жақындатылған ортада бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіріп, тактикалық міндеттерді пысықтады. Жорық ойлы-қырлы, табиғи кедергілерге толы жер бедерінде өтті.Қатысушылар белгіленген қозғалыс қарқынын қатаң сақтай отырып, толық әскери жарақпен тапсырмаларды орындады. Қауіпсіздік талаптары мүлтіксіз сақталды. Бағдардың жекелеген тұстарында жедел шешім қабылдауды, міндеттерді нақты үйлестіруді талап ететін оқу тапсырмалары енгізілді. Жеке құрам барлау жүргізу, лекті күзету және алып жүру, сондай-ақ шартты төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет ету бойынша практикалық машықтарын көрсетті.Әсіресе бөлімшелердің өзара үйлесімділігіне, басқару жүйесінің тұрақтылығына және бүкіл бағыт бойында жауынгерлік тәртіптің сақталуына баса мән берілді. Бөлімше командирлері қатысушылардың жоғары тәртібі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті. Арқалаған ауыр жүк пен күрделі жағдайларға қарамастан, жеке құрам төзімділік пен табандылық танытып, жоғары далалық дайындығын және кез келген жағдайда рухын сақтай алатынын дәлелдеді.Барлық оқу-жауынгерлік міндеттер белгіленген мерзімде, толық көлемде орындалды. Марш-челлендж тек шыдамдылықтың сын сағаты ғана емес, сонымен қатар кәсіби шеберлікті шыңдауға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға және жауынгерлік бауырластықты нығайтуға бағытталған маңызды даярлық кезеңіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1171776?lang=kk
Жітіқара ауданында «Заң күнделікті өмірде» атты диалогтық кездесу өтті 28.02.2026
Жітіқара ауданында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Заң күнделікті өмірде» атты диалогтық кездесу өтті.Ашық диалог барысында қатысушылар заңнаманы күнделікті өмірде қолданудың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті және заңдылық қағидаттарын нығайтудағы әр азаматтың рөлін талқылады.Кездесу аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ашықтығы және халықпен сындарлы диалог орнату жұмыстың басым бағыттары екені атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1171758?lang=kk
Бағалаудың жаңа қағидалары Қазақстанға инвестицияларды қалай арттырады 27.02.2026
Қазақстанда бағалау қызметі саласында маңызды өзгерістер дайындалуда. Қаржы министрлігі бағалау қызметі туралы заңнамаға бағалау қызметтерінің сапасын арттыруға, ЕАЭО кеңістігінде қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге тиіс түзетулерге бастамашылық жасады. Реформа не үшін қажет екені, нарықты қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны және олар елдің инвестициялық ахуалына қалай әсер ететіні туралы ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Қалиева Анар Нұрдыбайқызы айтып берді. - Бағалау қызметіндегі заңнаманы неге өзгертуіміз керек?Бүгінде мүлікті бағалау сатып алу-сату мәмілелерінде, кредит беруде, инвестициялар мен сот процестерінде негізгі рөлдердің бірін атқарады. Сондықтан рәсімдердің барынша ашық, болжамды болуы және бизнестің де, азаматтардың да мүдделерін қорғауы маңызды.Мәселен, 2021 жылғы 10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 23 шешімімен Қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер (бұдан әрі – Жалпы тәсілдер) бекітілді.Осы тәсілдерге сәйкес ЕАЭО-ның әрбір елі бағалау қызметі туралы өз заңнамасына өзгерістер енгізуге міндетті. Тараптар тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана мүлікті бағалау бойынша Қызметтердің бірыңғай нарығын ашу жоспарлануда.Осыған байланысты біз «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңға қазақстандық бағалаушылардың да, сол сияқты ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің бағалаушыларының да ЕАЭО аясында мүлікті бағалау бойынша қызметтер көрсетуі бөлігінде өзгерістер енгізудеміз.ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің бағалаушылары өз қызметін ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында кедергісіз, алып қоюсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз жүзеге асыра алады.Бұл біздің елімізде жүргізілген бағалау Одақтың басқа елдерінде де қайта рәсімдеу қажеттілігінсіз мойындалатынын білдіреді. Мұндай қадам трансшекаралық ынтымақтастықты едәуір жеңілдетеді, бизнеске бағалауда қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді, нарықты инвесторлар үшін анағұрлым тартымды етеді және капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдай жасайды. Нәтижесінде нарықтың барлық қатысушылары: шағын бизнестен бастап ірі халықаралық компанияларға дейін ұтады.- Бағалау қызметі туралы заңға өзгерістер енгізудегі басты мақсат не?- Негізгі міндет жүйені анағұрлым заманауи және түсінікті ету. Заңға енгізілетін өзгерістер бағалаушыларға өз қызметін ЕАЭО елдерінің аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.- Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді? - Бағалау қызметі туралы заңға енгізілетін өзгерістер бизнестің де, жеке тұлғалардың да өмірін жеңілдетеді. Жағдайды елестетіңіз: қазақстандық бағалаушы жылжымайтын мүлік объектісін кепіл немесе сату үшін бағалады. Енді бұл баға автоматты түрде ЕАЭО-ның басқа елдерінде танылатын болады. Мысалы, Арменияда немесе Ресейде. Яғни, бір баға - бүкіл Одақ үшін бір нәтиже. Бұл шығындарды азайтып қана қоймай, бизнес-процестерді жылдам және болжамды етеді.ЕАЭО шеңберінде мүлікті бағалау бойынша Қызметтердің бірыңғай нарығының ашылуына байланысты Заң «Қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберіндегі қызмет» деген жаңа тараумен толықтырылды. Бұл тарауда қазақстандық бағалаушылардың, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттер бағалаушыларының және тиісінше бағалаушылар палатасының міндеттері мен жауапкершілігі регламенттелген.Бұл өзгерістер біздің бағалаушыларымызға және бейрезидент бағалаушыларға өз қызметін Одақ аумағында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.- Заңға енгізілетін түзетулер ішкі нарыққа қалай әсер етеді? Әрбір бағалаушылар палатасы тағылымдамалар мен тұрақты оқыту жүйесін енгізетін болады. Бұл жас мамандарға нарық талаптарына тез бейімделуге, ал тәжірибелі мамандарға ұлттық бағалау стандарттарына сәйкес білімдерін үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, ұсынылып отырған өзгерістер қызмет көрсету сапасын арттыруды да білдіреді. Нәтижесінде, бұл жылжымайтын мүліктің, кредит беру мен инвестициялардың неғұрлым тұрақты нарығына негіз болады. - Бағалаушылардың өздері өзгерістерге қалай қарайды?- Жалпы жақсы қабылдады. ЕАЭО аясында бағалау қызметін жүзеге асыру бөлігіндегі өзгерістер қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді.- Бұл өзгерістер Қазақстанға инвестицияларға қалай әсер етеді?- Кез келген инвестор үшін ашықтық, болжамдылық және активтерді бағалау жүйесіне деген сенім маңызды, өйткені есеп айырысу дәлдігі, мәмілелердің негізділігі және тәуекелдерді азайту осыған байланысты.Бағалау қызметі туралы заңнамадағы өзгерістер Қазақстанның сенімді юрисдикция ретіндегі имиджін нығайтады, онда заңдар ашық жұмыс істейді, мамандар құзыретті, ал бағалау жүйесі халықаралық талаптарға жауап береді. Осының бәрі экономикаға деген сенімді арттырады және ұзақ мерзімді капиталды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Мүлікті бағалау бойынша ҚБН енгізу жөніндегі Заң жобасын қабылдау қазақстандық бағалаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, экономикалық өсім мен инвестицияларды ынталандыра отырып, азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейтеді.Сондай-ақ, Заң жобасы қолданыстағы нормаларды жетілдіруді, артық талаптар мен қайшылықтарды жоюды көздейді, бұл бағалау қызметі туралы ҚР заңнамасын жақсартуға және саланы неғұрлым тиімді реттеуге алып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1171599?lang=kk