Enbekshi QazaQ

Қуқық

"Бір ауыл-бір өнім" жобасының қазақстандық өнімі FOODEX JAPAN 2026 халықаралық көрмесінде ұсынылды 12.03.2026
"Бір ауыл – бір өнім" жобасының қазақстандық өнімі FOODEX JAPAN 2026 халықаралық азық-түлік көрмесінде ұсынылған. Отандық өндірушілердің қатысуы өңірлік тауарларды ілгерілетуге, ауыл кәсіпкерлерін қолдауға және олардың шетелдік нарықтарға қатысуын арттыруға бағытталған.Көрме Токиодағы Tokyo Big Sight көрме орталығында өткізіледі. Бұл биылғы жылы 51-рет өткізіліп отырған Азиядағы ең ірі азық-түлік алаңының бірі. Қазақстан отандық өндірушілердің өнімін ұсына отырып, екінші жыл қатарынан іс-шараға қатысады. Көрменің алғашқы күнінде Қазақстанның ұлттық стенді келушілер мен кәсіби сатып алушылардың назарын аударды. Қазақстандық бал ерекше қызығушылық тудырды. Оның жоғары сапасын Жапон ара өсірушілер қауымдастығы атап өтті.Ағымдағы жылы көрмеде еліміздің әртүрлі өңірінде өндірілген өнімнің он түрі ұсынылған. Олардың ішінде күнбағыс және беде балы, жантақ балы, балқарағай майы, иван шайы, жантақ шайы, балқарағай ұны, түйе сүті ұнтағы және шырша эфир майы бар. Мұндай халықаралық алаңдарға қатысу отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік туғызып, қазақстандық өнімді шетелде ілгерілетуге ықпал етеді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы көрмеге әлемнің 74 елі мен аймағынан 2930 компания қатысып, кәсіби келушілер саны 72 мыңнан асты.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы FOODEX JAPAN-да 2023-2024 жылдардағы БАБӨ жобасының өнімдері ұсынылған болатын. Сол кезде қазақстандық бал мен Алтай шайлары қатысушылардың ең көп қызығушылығын тудырған. Ал жантақ балы көрменің үздік үштігіне кірді. FOODEX JAPAN 2026 жұмысы 13 наурызға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1179642?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің өкілдері Маңғыстау жастарымен кездесті 12.03.2026
Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы Маңғыстау облысының жастарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.Алғашқы кездесулер Ақтау қаласында Төлеген Айбергенов атындағы № 19 мектеп-лицей мен IT-лицей базасында жоғары сынып оқушыларымен өтті. Әскери қызметшілер оқушыларға әскери қызметтің артықшылықтары, еліміздегі әскери оқу орындарына түсу тәртібі, сондай-ақ болашақ офицерлерге қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы айтты.Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің аға офицері полковник Дәулет Бейсековтің айтуынша, мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастардың әскери мамандыққа қызығушылығын арттыру және патриоттық құндылықтарды нығайту.– Біздің мақсатымыз – түлектерге әскери қызметтің ерекшеліктерін түсіндіріп, оларға саналы таңдау жасауға көмектесу. Бүгінгі жастар – болашақ Отан қорғаушылары, сондықтан олардың елге қызмет етуге деген ұмтылысын қолдау маңызды, – деп атап өтті полковник Д. Бейсеков.Сапар аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымы Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық драма театрында үлкен концерт берді.Жастар үшін көшпелі көрме ұйымдастырылып, онда заманауи атыс қаруларының үлгілері мен Ұлы Отан соғысы кезеңінің экспонаттары таныстырылды. Оқушылар қару-жарақ үлгілерін көріп, әскери жарақ элементтері мен бронежилеттерді киіп көруге мүмкіндік алды.– Менің ағам Қонаев қаласында әскери қызмет өтеп жүр. Оған қарап, мен де әскери ұшқыш болуды мақсат еттім. Бүгінгі кездесуде әскери оқу орнына түсу үшін қандай қадам жасау керектігін біліп, арманыма жақындай түстім, – деді 10-сынып оқушысы Ахмет Қарасу.Қорғаныс министрлігі ақпараттық-түсіндіру тобының өңірдегі жұмысы жалғасуда. Алдағы күндері ведомство өкілдері Форт-Шевченко және Жаңаөзен қалаларында жастармен кездесулер өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1179330?lang=kk
Амангелді ауданында мамандықтар фестивалі өтті 12.03.2026
Қостанай облысының Амангелді ауданында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мамандықтар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастарға түрлі мамандықтардың маңызын түсіндіру, еңбекке құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.Іс-шара аясында әр түрлі мамандықтар бойынша мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрмеде медицина, білім беру, құқық қорғау, кәсіпкерлік, техникалық және шығармашылық бағыттағы мамандықтар кеңінен таныстырылды. Әр сала өкілдері өз қызметінің ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды еңбекқорлық пен кәсіби шеберлікке үндеді.Фестиваль барысында оқушылар мамандармен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, әр сала мамандарымен кездесу кеші ұйымдастырылып, қонақтар өздерінің еңбек жолы, жетістікке жету тәжірибесі және мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті.Мұндай кездесулер жас буынға үлкен мотивация беріп, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1179141?lang=kk
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының алаңында азаматтарды қабылдады 11.03.2026
Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков «AMANAT» партиясының орталық аппаратында қоғамдық қабылдау өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткен кездесу барысында отандық өнімді қолдау, импорттық жеткізілімдер және тауарларды таңбалаудың жаңа жүйесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Виктор Шинкеев отандық өндірушілер бола тұра, картоптың Пәкістаннан импортталу себебі туралы сауал қойды. Вице-министр мен Сауда комитеті өкілдерінің түсіндіруінше, Қазақстанның картопқа деген жылдық қажеттілігі 2,0 млн тоннадан асады, ал жиналған өнім 2,9 млн тоннаны құрап, ішкі сұранысты толық өтейді. Алайда, көктемгі-жазғы кезеңде отандық өнім қоры азайған кезде, нарықты толықтыру және бағаның күрт өсуін болдырмау үшін Пәкістан мен Қытайдан қосымша импорт жасалады. Қазіргі уақытта ішкі нарықтағы жағдай тұрақты және қолда бар қор жаңа өнім шыққанға дейін жеткілікті. «ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының» өкілі Салтанат Әбдікәрімова сән ритейлі сегменті үшін халықаралық GTIN кодтарын қолдануға түсініктеме беруді және ҰТК талаптарын енгізуде кемінде 6 айға өтпелі кезең ұсынуды сұрады. Министрлік мамандарының айтуынша, Халықаралық GTIN кодтарын GS1-Kazakhstan қауымдастығы береді, ал ел ішіндегі тауар айналымы үшін NTIN кодтары қолданылады. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Меморандумға сәйкес, ҰТК талаптарын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді: импорттаушылар мен өндірушілер үшін – 1 наурызға дейін, сауда желілері үшін – 1 сәуірге дейін, ал шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 1 шілдеге дейін уақыт берілген.Сән ритейлі үшін бөлек өтпелі кезең қарастырылмаған, бірақ салалық ерекшеліктерді ескеру бойынша әдістемелік жұмыстар жалғасуда. Вице-министр Айдар Әбілдабеков көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті департамент басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бизнес өкілдерімен тығыз іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1178990?lang=kk
ҚР СІМ-де Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 11.03.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Андрей Михневпен және Қазақстан Республикасындағы Халықаралық қаржы корпорациясы қызметінің басшысы Зафар Хашимовпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ 2026-2031 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясын әзірлеу мәселелерін талқылады.Е.Ашықбаев Қазақстанның Дүниежүзілік банк тобымен өзара іс-қимылының стратегиялық сипатын атап өтіп, оның көптеген жылдар бойы елдің негізгі халықаралық серіктестерінің бірі болып табылатынын және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізуге елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. Бұған дейінгі 2020-2025 жылдарға арналған Серіктестік стратегиясы шеңберінде Қазақстанда жалпы сомасы шамамен 4,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 14 жоба іске асырылғаны аталып өтті.А.Михнев Дүниежүзілік банктің жаңа Серіктестік стратегиясын әзірлеу барысы, сондай-ақ Банктің Қазақстандағы ағымдағы бағдарламасы туралы ақпарат беріп, көлік инфрақұрылымы, коммуналдық және энергетикалық секторды жаңғырту, су ресурстарын басқару және құрылымдық реформаларды қолдау салаларындағы перспективалық жобаларға тоқталды.З.Хашимов Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясының ағымдағы қызметіне шолу жасап, көлік инфрақұрылымы, қаржы секторы және микрокредиттеу салаларындағы жобалар, сондай-ақ ипотекалық нарықты дамыту мен электр көлігін енгізу бағдарламалары бойынша консультативтік бастамалар туралы хабарлады.Сондай-ақ тараптар экономиканы цифрлық трансформациялау, көлік және теміржол инфрақұрылымын дамыту, коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, су ресурстарын басқару және мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетіктерін кеңейту сияқты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1179004?lang=kk
Биыл аймақта 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған 11.03.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Аймақта 2025 жылы жоспар бойынша 500 мың шаршы баспана салу жоспарланған болса, жыл қорытындысы бойынша 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді (5 420 пәтер). Жоспар артығымен орындалды. Ал биыл 520 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.“Заманауи сапалы тұрғын үйлер тек қалаларда ғана емес, сонымен қатар алғашқы рет аудан орталықтарында да салынуда. Бұл өңірлердегі тұрғындардың өмір сүруі мен жұмыс істеуі деңгейін арттырады”, - деді Құмар Ақсақалов.2025 жылы үйге мұқтаж адамдар үшін 7,6 млрд теңгеге жалға берілетін 548 пәтер сатып алынды. Баспананың қол жетімділігін арттыру үшін кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.2025 жылы 12,1 млрд теңгеге бағалы қағаздарды шығару есебінен ауданы 67,5 мың шаршы метр болатын 18 көппәтерлі үй пайдалануға берілді.«Отбасы банкі» акционерлік қоғамы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2% және 5% жеңілдікпен 1046 займ берілді, «Наурыз» бағдарламасы бойынша 736 займ берілді. Займдардың жалпы сомасы - 30,7 млрд теңге.Кезекте тұрған адамдарды қосымша қолдау үшін 2025 жылдың қараша айында «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамымен жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығымен өткізу туралы келісім жасасылды.“Жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қостанай жастары» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде шамамен 5 млрд теңге сомасына 344 займ берілді. Ағымдағы жылы тағы 1,8 млрд теңгеге займ беріледі”, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.Облыс әкімі биыл 34 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланғанын жеткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1178574?lang=kk
Орал қаласында 50 әскери қызметші арықтар мен арналарды қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды 11.03.2026
Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді шараларға тартылды.Жұмыстар екі апта бойы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, төтенше жағдайлар бөлімшелері және азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірлесіп жүргізілуде. Әскери бөлімнің 50-ге жуық офицері мен сержанты арықтарды тазалап, олардың арнасын тереңдетіп, су ағарларды қар мен мұздан аршып жатыр.– Әскери қызметшілер тек жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде ғана емес, бейбіт уақытта да халыққа қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Жергілікті қызметтермен бірлесіп, су тасқыны қаупін азайтып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, – деді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.Аталған жұмыстар қардың еруі кезінде тұрғын үй алаптары мен қалалық инфрақұрылым объектілерін су басып қалу қаупінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шаралар еріген судың уақтылы ағып кетуін қамтамасыз етіп, су тасқыны туындау қатерін азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178492?lang=kk
Тау қорықшысы полкінде бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімі бойынша сабақтар өтуде 11.03.2026
Жамбыл облысындағы «Теріс Ащыбұлақ» полигонында 91678 әскери бөлімінің тау қорықшысы ротасы жауынгерлік үйлесімнің кезекті кезеңінен өтіп жатыр. Дайындықтың бұл түрі әскери қызметшілер мен олардың аттарын бір мезгілде оқытумен ерекшеленеді.Жауынгерлік дайындық кезінде атты әскер бөлімшелерін таулы жер жағдайында тиімді басқаруға үйретуге барынша көңіл бөлінеді.Алғашқы кезеңде ат иелерінің жеке дайындығы мен аттарды үйретуге ерекше назар аударылады. Әдетте әскери бөлімге жылқылар үйретілмей келеді, әрі бұйрыққа бағына бермейді. Сол себепті әскери қызметшілер оларды кезең-кезеңмен үйретеді. – Бұл процесс біраз уақытты қамтиды. Алдымен әскери қызметші мен жылқының жеке дайындығы жүзеге асады. Содан кейін бөлімше, взвод және рота құрамындағы іс-қимылдар пысықталады, – деді тау қорықшысы ротасының командирі капитан Елнұр Пернебек.Бөлімше жеті атты адамнан тұрады. Олар өзара іс-қимылды пысықтаған соң взвод, рота құрамында жаттығуларға кіріседі.Взвод командирі лейтенант Санжар Жылқыбаевтың айтуынша, таулы жерде тапсырмаларды орындау үшін ат иесі мен қылқұйрықтың арасында тұрақты өзара үйлесім қалыптасу керек.Дербес дайындықтар аяқталған соң әскери қызметшілер бөлімше құрамында бірлескен іс-қимылдарды пысықтауға көшеді. Бұл өз кезегінде берік дағдыларды қалыптастыруға және тау қорықшысы бөлімшелерінің өз міндеттерін орындауға дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178464?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрі Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті 11.03.2026
Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің президенті Мирьяна Споляричпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті арасындағы халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын ілгерілетуге және әскери дайындық жүйесінде білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылады.Қорғаныс ведомствосының басшысы Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен өзара іс-қимылдың жүйелі сипатқа ие екенін атап өтті. Ұйым сарапшылары бітімгерлік контингенттерді, әскери-медициналық және инженерлік мамандарды даярлауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің оқу орталықтары базасында БҰҰ-ның сертификатталған курстарын өткізуге қатысады.Ұлттық қорғаныс университетінде ұйым мамандарының қатысуымен халықаралық гуманитарлық құқық бойынша жеке оқу пәні жүргізіледі. Тараптар әскери қызметшілерді даярлау, тәжірибе алмасу және қарулы қақтығыстар құқығының халықаралық стандарттарын ілгерілету саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға және практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178260?lang=kk
Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды 11.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен  өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 8-отырысында атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындысы қаралды.Жобалық кеңсенің отырыстарында Салық кодексінің нормаларын имплементациялауға байланысты барлығы 60 мәселе қаралды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде ҚҚС қолдануға және орфандық және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді ҚҚС-тан босатуға қатысты заңға тәуелді актілерге өзгеріс енгізу жұмысы аяқталуда. Биылғы 13 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігінің ҚҚС-сыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға шекті бағаны белгілеу туралы бұйрығы қабылданды.Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және «Самұрық-Қазына» оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты сатып алу қағидаларындағы өзгерістерді пысықтауда. Бұл квазимемлекеттік компаниялар тарапынан шығындарды ұлғайтпай салық заңнамасын, өндірістік процестерді сақтауға және бәсекелестік ортаны қолдауға бағытталған тетіктер туралы. Салық кодексінің идеологиясын негізге ала отырып, тиісті өзгерістерді әзірлеу үшін бірыңғай негізді Ұлттық экономика министрлігі қалыптастырады.«Таза парақтан» әкімшілендіруге, салық режимдерін өзгертуге, қаржы секторына, СӘАЖ жұмысына және басқаларға қатысты қалған мәселелер жедел шешілді.Салық кодексіне өзгеріс енгізуді талап ететін мәселелер тізбесіне мыналар енді:Мүгедектік тобы өзгерген кезде ЖТС бойынша шегерімді қолдануСалық шегерімінің мөлшері мүгедектік тобына байланысты (5000 немесе 882 АЕК). Топ жыл ішінде өзгерген кезде қолданылатын шегерімнің мөлшері туралы мәселе туындайды.Бір жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерген кезде «сіңіру» қағидаты бойынша ең жоғары шегерім — 5000 АЕК (СК 404-бабы) қолданылатын норманы бекіту және норманың редакциясына нақтылау енгізу ұсынылады.Қарыздар бойынша сыйақылар бойынша ЭШФ үзінді көшірмесі бойынша талаптың күшін жоюКредиттер, қарыздар және микрокредиттер бойынша сыйақы бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылды (СК 474-бабы). Алайда, редакциялық дәлсіздікке байланысты олар ЭШФ талап етілмейтін операциялар тізіміне енгізілмеген.Мұндай операциялар бойынша ЭШФ жазып беру жөніндегі талапты алып тастау және норманы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті қолдану ұсынылады.Салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізбесін кеңейтуСалық құпиясынан мәліметтерді алып тастау ұсынылады:- әлеуметтік төлемдер сомасы туралы;- әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы;- салық төлеушінің жеке тіркеу деректері.Өзгерістер әкімшілендіруді цифрландыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жеңілдетуге бағытталған. СК 45-бабын түзету қажет.ҚҚС-тан босатылған кезде авиация үшін ЖЖМ әкелуді растауСК әуе тасымалы үшін ЖЖМ импортын ҚҚС-тан босатады (479-бап). Алайда қолданыстағы тұжырым дипломатиялық өкілдіктердің импортты растауын талап етуі мүмкін. Бұл баптың басқа тармақшасына жатады.Ықтимал сәйкессіздіктерді болдырмау үшін нормаға нақтылау ұсынылады.Энергетикалық сусындар экспортын акцизден босатуҚазіргі уақытта акцизделетін тауарлардың экспорты акцизден босатылады. Алайда ұзақмерзімдік өңдеу кезінде акциз дайын өнімді шикізат иесіне беру кезінде өңдеушіде пайда болады. Тіпті тауар экспортталса да.Егер ол кейіннен экспорттауға арналған болса, мұндай өнімді беруді акцизден босату ұсынылады. Осыған ұқсас механизм қазірдің өзінде мұнай өнімдері үшін жұмыс істейді.Өндіру орны бойынша ЖТПҚ бойынша ПҚӨС есепке алуБюджет кодексі өндіру объектісінің орналасқан жері бойынша бюджеттерге кең таралған пайдалы қазбалар үшін ПҚӨС-ті есепке алуды көздейді.Сонымен бірге СК жер қойнауын пайдаланушының тіркелген жері бойынша салық төлеуді көздейді.Нормаларды сәйкестендіру үшін СК-ға және есептілік нысандарына өзгерістер енгізу ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1178251?lang=kk
Қазақстанның Руандадағы Елшісі Руанда Президентіне сенім грамоталарын табыс етті 11.03.2026
Қазақстанның Руандадағы Елшісі Барлыбай Садықов Руанда Президенті Поль Кагамеге сенім грамоталарын табыс етті.Сенім грамоталарын тапсырудың салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Елшісі Астананың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.Кездесу барысында 2025 жылғы 27-29 мамырда Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Елші осы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты әріптестікті сапалы жаңа деңгейге шығару үшін берік негіз қалағанын атап өтті.Өз кезегінде П.Кагаме Қазақстанды Руанданың маңызды әрі перспективалы серіктесі деп мәлімдеді және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда, соның ішінде цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Астанадағы келіссөздерін жылы еске алып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын растады.Руанда Президенті Қазақ дипломатын ресми түрде қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі. Сондай-ақ, Руанда басшысы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына жылы лебіздерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1178171?lang=kk
Бүгін радиоэлектрондық күрес әскерлері маманы күні аталып өтіледі 10.03.2026
Тәуелсіздік алған сәттен бері Қарулы күштердің бұл қызмет саласы қарқынды дамып, заманауи көпфункционалды кешендермен қамтамасыз етіліп келеді.Бөлімше мамандары радиоэлектрондық күрестің жаңа тәсілдері мен әдістерін ұдайы меңгеруде. Олар барлау құралдарының жаңа техникалық мүмкіндіктерін зерделеп, радиоэлектрондық қорғаныс тәсілдері мен шартты қарсыластың барлау құралдарына қарсы әрекет алгоритмдерін пысықтайды.Сала мамандары жоғары техникалық дайындығымен, аналитикалық ойлау және радиоэлектрондық ахуалды жылдам бағалап, күрделі жағдайда тиімді шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленеді. Олар Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында дайындалады.Радиоэлектрондық күрес бөлімшелері қазіргі қарулы қақтығыстарда тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи радиоэлектрондық күрес құралдарымен жарақтанған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178170?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі UFC 326 турнирінде жеңімпаз атанды 10.03.2026
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде Арнайы операциялар күштерінің өкілі кіші сержант Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бразилиялық спортшы Рафаэль Тобиаспен болған тартысты жекпе-жекте қарсыласынан басым түсті.Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Дияр Нұрғожай жеңіске жетті (30-27, 29-28, 29-28).Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансанбында 11-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Рафаэль Тобиас кәсіби ММА-да екінші рет жеңілді.Бұл кездесу файтер үшін UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жек болды. Қазіргі уақытта оның кәсіби ММА рекорды 13 жекпе-жек, 11 жеңіс, 2 жеңіліс (11–2) көрсеткішінде тұр. Дияр Нұрғожай 93,4 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.Дияр Нұрғожай – қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Панкратионнан әлем чемпионы, ММА-дан Азия чемпионы, Eagle FC лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы, Dana White’s Contender Series турнирінің жеңімпазы, UFC ұйымының файтері.2024 жылғы қазан айында Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турнирінде жеңіске жетіп, кейін UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойған болатын.Қазақстандық спортшының UFC-де көрсеткен нәтижесі мен халықаралық аренадағы жетістіктері оның келешектегі матчтардағы мүмкіндіктерін айқын көрсетіп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1178093?lang=kk
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды 10.03.2026
2026 жылғы 10 наурыздан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Ілияс Абайұлы Шадибеков тағайындалды.Ілияс Шадибеков, 1991 жылы туған. Білімі жоғары, Халықаралық бизнес университетін экономика және бизнес, Алматы университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын Алматы облысының Полиция департаментінде қызметкер болып бастап, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177315?lang=kk
Қостанайда эскиздік жобалар байқауының қорытындысы шығарылды 09.03.2026
Қостанайда Қостанай құрылыс колледжінің 3–4 курс студенттері қатысқан эскиздік жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау сәулет, құрылыс және дизайн саласындағы болашақ мамандардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін қолдауға бағытталды.Қатысушыларға қаланың нақты қоғамдық кеңістіктері үшін концептуалдық шешімдер әзірлеу ұсынылды. Мұндай формат студенттерге оқу бағдарламасының шеңберінен шығып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, қалалық ортаны дамытуға арналған тың идеялар ұсынуға мүмкіндік берді.Байқау аясында бірнеше бағыт бойынша жобалар ұсынылды. Соның бірі — эко-квартал құру, яғни Абай даңғылы мен Баймағамбетов көшесінің қиылысындағы аумақты абаттандыру тұжырымдамасы. Студенттер бұл аумақты заманауи қоғамдық кеңістікке айналдыру, сквер қалыптастыру және экологиялық абаттандыру элементтерін енгізу бойынша түрлі ұсыныстар әзірледі.Сонымен қатар қатысушылар smart-урбанистика бағытында да жобаларын ұсынды. Жобаларда заманауи технологияларды қолдана отырып шағын сәулет нысандарын жасау, сондай-ақ қала кеңістігінде ыңғайлы бағдарлауға арналған навигациялық жүйелерді енгізу қарастырылды.Байқаудың тағы бір бағыты тұрғын үй кешендерін әлеуметтік нысандармен ықпалдастыру және қалалық инфрақұрылымға экологиялық шешімдерді енгізу бойынша концептуалдық идеяларға арналды.Ұсынылған жұмыстарды қала құрылысы мен сәулет саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Сарапшылар студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін, идеялардың тың әрі жобалардың практикалық маңызға ие екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1177147?lang=kk
Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды 08.03.2026
Алматы облысының елді мекендерінде мәдени инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осындай маңызды оқиғалардың бірі Балқаш ауданының тұрғындары үшін Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейінің ашылуы болды.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар және жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен меценаттар қатысты.– Музей өткен мен бүгінді жалғап, тарихи жадымызды сақтауға қызмет ететін маңызды мәдени орталыққа айналады. Әрбір жәдігер, құжат пен фотосурет Балқаш ауданының бай мұрасын айшықтап, жастар, зерттеушілер мен туристер үшін ерекше құндылыққа ие болады, – деді облыс әкімі.Тарихи сабақтастық пен мәдени құндылықтарды сақтау қағидаты жаңа Конституцияда да көрініс тапқан. Онда азаматтардың тарихи және мәдени мұраларды қорғауға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті екендігі айқын көрсетілген.Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданы тұрғындарының әрдайым қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысатынын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы референдумда да аудан тұрғындары өздерінің азаматтық жауапкершілігін танытады. Облыс әкімі ел бірлігі мен ортақ мақсаттардың арқасында Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құруға болатынына сенім білдірді.Бұған дейін музей бұрын дәріхана орналасқан ғимаратта жұмыс істеген, алайда ол қазіргі талаптарға сай келмейтін. Аумағы 363 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат жергілікті меценаттар Айгерім Исабаева мен Дархан Кәкетайдынның қолдауымен салынды. Музейде өңірдің флорасы мен фаунасына, аудан тарихына, сондай-ақ Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған үш экспозициялық зал бар.Музей бөлмелерінде жәдігерлерді сақтау үшін қажетті температуралық режим қамтамасыз етілген, ал интерьер экспозиция тақырыптарына сай безендірілген. Қорында екі мыңға жуық экспонат сақталған. Залдар заманауи цифрлық ақпараттық тақталармен, аудио және бейне құрылғылармен жабдықталған.Музей меңгерушісі Ахмет Басшыбайдың айтуынша, ең құнды жәдігерлердің бірі – 1713 жылы Сауд Арабиясындағы баспаханада басылып шыққан қасиетті Құран кітабы. Сондай-ақ оның өңірге қалай келгені туралы да қызықты дерек бар. 1890 жылы жергілікті байлардың бірі Ташкенттегі жәрмеңкеде осы кітапты көріп, оны алу үшін жүз жылқы беріп, үстіне алтынмен әшекейленген қамшысын қоса сыйлаған. Осылайша бұл бірегей жәдігер Балқаш ауданына жеткізілген.Ашылу салтанаты өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен және құрметті қонақтардың жылы лебіздерімен жалғасты. Дәстүр бойынша ақсақал бата берді. Меценат Айгерім Исабаева жаңа музей аудан тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени орталыққа айналатынына сенім білдірді. Салтанатты түрде лента қиылғаннан кейін алғашқы келушілер музей экспозициясымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177074?lang=kk
Мамандандырылған кардиологиялық көмекттің шексіз жетістігі: Еңбекшіқазақ КОАА алғашқы стенттеу операциялары сәтті өткізілді 08.03.2026
 Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде нағыз технологиялық серпіліс жасады.Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауруханада алдыңғы қатарлы ангиографиялық қондырғымен жарақтандырылған заманауи рентген интервенциялық бөлімшесі (катетеризациялық зертхана) ресми түрде ашылды.Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова атап өткендей, осы қол жеткізген жетістік ауылдық медицинаның жаңа деңгейге қадам басқандығын білдіреді, яғни жоғары технологиялар ауданымыздың әрбір тұрғынына тікелей тұрғылықты мекен-жайы бойынша қолжетімді болады.Бөлімшеде атқарылған үздік тәжірибенің бастапқы қол жеткізген нәтижелері жобаның өмірлік маңыздылығын көрсетіп отыр: дәрігерлер алғашқы пациенттерге коронарографиялық зерттеулерді сәтті түрде жүзеге асырды. Диагностика жүргізілген бір жағдайда тамырлардың аса күрделі асқынғандығын анықтады, бұл дереу операциялық шара қолданылуын талап етті.Аудандық аурухана тарихында алғаш рет күрделі операция - коронарлық артерияларды стенттеу - аурухана базасында, пациентті облыс орталығына немесе Алматыға шұғыл тасымалдаудың қажеттілігінсіз орындалды.Жүректің ишемиялық ауруын диагностикалаудың «алтын сағаты» форматында көмек көрсету стандартын енгізу - дәрігерлерге қысқа мерзімде емдеу тактикасын анықтауға және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, төменинвазивті араласуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Енді бұрын ірі мегаполистерде ғана қолжетімді болған жоғары технологиялық эндоваскулярлық көмек ауыл тұрғындары үшін нағыз қолжетімді көмек түрі болып отыр. Бұл медицинаның қолжетімділігін арттырып қана қоймай, пациенттерді бағыттау бейінін түбегейлі өзгертіп, диагноз қоюдан бастап операция жасалғанға дейінгі мерзімнің жеделдетілгендігін, жоспарлы көмек көрсету кезіндегі тұрғындар шығыны да азайғандығын білдіреді. Бұл ауқымды жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің жүйелі қолдауының арқасында жүзеге асырылғандығын атап өту керек.Инфрақұрылымды жаңғырту және ангиографиялық қызметтің іске қосылуы аудан тұрғындары үшін сапалы және жедел денсаулық сақтау саласын дамытудағы жаңашылдық қадамы болып, Еңбекшіқазақ КОАА мамандандырылған кардиологиялық көмектің қуатты өңірлік хабына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177073?lang=kk
Денисов ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті 08.03.2026
Денисов ауданында республикалық «Қарлы десант» акциясы аясында еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетіп, игі іс атқарды.Акцияның басты мақсаты – қарттарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара көмектесу мәдениетін қалыптастыру. Бұл бастама аудан жастарының белсенділігін арттырып, үлкен буынға құрмет көрсету дәстүрін дәріптеуге бағытталған.Шара барысында ауданның белсенді жастары жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне барып, ауласы мен үй маңындағы аумақты қардан тазартты. Шамамен 10 ерікті бірлесе жұмыс істеп, 1,5 сағаттың ішінде аула ішін толықтай қардан аршып шықты.«Қарлы десант» акциясы қыс мезгілінде дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1177071?lang=kk
Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымы cыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтті 08.03.2026
Ыстанбұл, 2026 жылғы 7 наурыз – Түркі мемлекеттері ұйымы cыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтті.Іс-шараға Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастап барды.Отырыс Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның төрағалығымен өтті. Жиынға ТМҰ-ға мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Ұйымның Бас хатшысы қатысты.Кездесу барысында қатысушылар өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар саяси диалогты одан әрі нығайту, институционалдық ынтымақтастықты кеңейту және түркі әлеміндегі өзара іс-қимыл мен интеграцияны тереңдетуге бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілету перспективалары талқыланды.Түркі мемлекеттері ұйымы аясында жоспарланған алдағы іс-шараларға дайындық мәселелеріне, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша мүше мемлекеттер арасындағы үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында Ә.Бақаев өзге делегация басшыларымен бірге Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды. Сұхбат барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері, сондай-ақ түркі ынтымақтастығы шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды.Тараптар бауырлас түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және түркі әлемінің халықаралық әрі өңірлік үдерістердегі рөлін арттыруға өзара мүдделілік білдірді.Іс-шара қорытындысы бойынша ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға қатысты бірлескен мәлімдемесі қабылданды, сондай-ақ ТМҰ+ форматында үшінші тараптармен ынтымақтастық туралы ереже бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1177069?lang=kk
Ардақты арулар! Құрметті ханымдар! 08.03.2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!Тіршілікті түлеткен көктем мерекесі жанымызды жадыратып, бойымызға күш-қуат пен сарқылмас жігер сыйлайды. Осы рух пен жігер әйелдердің ел дамуына қосқан үлесін айқындап, олардың қоғамдағы белсенділігін көрсетуге мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан жүйелі мемлекеттік саясаттың арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын арта түсуде. Әйелдер барлық салада жемісті еңбек етіп, тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді өркендетуге белсенді атсалысып келеді. Осы орайда, әскери қызмет саласына да әйелдердің қосқан үлесі ерекше атап өтуге тұрарлық. Бүгінгі мерекеде ер азаматтармен бірге жауынгерлік қызмет атқарып, жауапкершілігі жоғары кәсіби маман ретінде әскери борышқа адалдық танытып жүрген әйел әскери қызметшілерге айрықша алғыс білдіремін. Сіздердегі төзім мен табандылық, тәртіп пен ұқыптылық шынайы патриотизмнің үлгісіне айналған. Қарулы күштердегі азаматтық персонал санатындағы әйелдерге де алғысым шексіз. Сіздердің адал еңбектеріңіз әскери құрылымның тұрақты жұмысына кепілдік береді, әрі қойылған міндеттердің сәтті орындалуына ықпал етеді.Сонымен қатар, әскери қызметтің барлық қиындығын жұбайларымен бірге бөлісіп жүрген әскери қызметшілердің әйелдеріне де риясыз ризашылығымды білдіремін. Сіздер отбасының жылуын сақтап, жас ұрпақты Отанды сүюге және әскери мамандықты құрметтеуге тәрбиелеп келесіздер. Отан қорғаушылары үшін ең басты тірек – Сіздердің қолдауларыңыз. Әйелдердің өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін кеңейту, тең құқық пен сыйластық қағидаларын нығайту Қарулы күштердің дамуы үшін маңызды бағыт болып қала беретініне сенімдімін. Сіздердің еңбектеріңіз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоғамдық тұрақтылыққа айтарлықтай үлес қосады.Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын!Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, бақ-береке, толағай табыс тілеймін! Құрметпен,Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріавиация генерал-лейтенанты     Д.ҚосановАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1177054?lang=kk