Қуқық
Сиыр еті мен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы қалай өзгерді? 14.10.2025
Тамыз айының басынан бері Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу қарқыны айтарлықтай баяулады. Егер екінші тоқсанда азық-түлік инфляциясы мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтер инфляциясының айырмасы 4,6 пайыздық пунктті құраса, бүгінде бұл алшақтық 2,9 пунктке дейін қысқарды. Тек шілде-тамыз айларында азық-түлік бағасының өсуі 1,2 пайыздық пунктке жетті, ал тамызда азық-түлік инфляциясы бар болғаны 0,5% болды . Бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлармен салыстырғанда екі есе, ал қызметтермен салыстырғанда үш есе төмен.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ерекше көңіл бөлінуде. Азық-түлік қоржынына 160 атау кіреді, оның ішінде тек 19-ы мемлекеттік реттеуге жатады. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) баға индексі 108%-ды құрады, алайда тамыз айында өзгеріссіз қалды, ал қыркүйектің үш аптасында бар болғаны 0,2%-ға өсті.Әсіресе көкөністе оң динамика байқалады. Тамыз айының басынан бері бағаның өсу қарқынын орта есеппен 2,5 есеге төмендету мүмкін болды. Мәселен, шілдеде картоптың келісі 300 теңге болса, бүгінде 184 теңгеден сатылып жатыр. Бұл былтырғы деңгейден де төмен. Сәбіз 295 теңгеден 193 теңгеге, пияз 222 теңгеден 137 теңгеге арзандады. Басқа да негізгі өнімдерге баға тұрақты. Жыл басынан бері сүт өнімдерінің бағасы небәрі 5,3%-ға өсті, бұл қалыпты көрсеткіш болып саналады. Қарақұмық 8,9%-ға қымбаттады, бірақ оның қоржындағы үлесі аз болғандықтан, жалпы индексіне әсері мардымсыз. Бұдан бөлек, рожки, ұн және күріш секілді тауарлар былтырғыдан арзан.Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар өнімдер ішінде баға динамикасына сиыр еті ең көп әсер етіп отыр.Бұл өнім дәстүрлі түрде тұтыну қоржынында маңызды үлеске ие және бағаның ауытқуы халық бюджетіне айтарлықтай ықпал етеді. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне кіретін жауырын-кеуде бөлігі ерекше сұранысқа ие. Ол азық-түлік тауарлары арасынан жалпы тұтыну инфляциясына әсері бойынша бірінші орында тұр – шамамен 2 пайыздық пункт. Жалпы ет бағасының индексі жыл басынан бері 25%-ға жуық болса, сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігі 23,6%-ды құрады.Салыстырмалы талдау: Қазақстандағы және жақын шетелдегі сиыр еті бағасы2023 жылдың желтоқсанында сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігінің біо келісі орта есеппен 2 506 теңге тұрса, 2024 жылдың қыркүйегінде 2 549 теңге, ал желтоқсанда 2 572 теңге болды. Яғни, жыл бойы баға жанар-жағармай мен электр энергиясы тарифтерінің өсуіне байланысты өзіндік құн артқанына қарамастан, іс жүзінде тұрақты сақталды. Кейбір кезеңдерде өнім өзіндік құнынан да төмен сатылды, бұл азық-түліктің маңызды санаттары бойынша бағаны ұстап тұру шараларының қабылданып жатқанын көрсетеді.Өзге елдермен салыстыру үшін мына деректер ұсынамыз. Бүгінде Қазақстанда сиыр етінің жауырын-кеуде бөлігінің бір килограмының орташа бағасы 4 715 теңгенң құрайды. Салыстыру үшін: Ресейде 10 180 теңге, Өзбекстанда 5 227 теңге, Арменияда 5 112 теңге, Тәжікстанда 6 070 теңге, Беларусьте 4 480 теңге. Осылайша, өңір елдерінің басым бөлігімен салыстырғанда, Қазақстандағы баға ең қолжетімді деңгейде қалып отыр.Бағаны тежеу үшін қандай шаралар қабылдануда?Бағаны тежеу мақсатында 15 -і мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды. Бұл баға өсімін баяулатуға мүмкіндік берді. Егер ақпан–сәуірде өсім айына 3%-ды құраса, мамыр–шілдеде 1,4%-ға дейін түсті. Алайда қазақстандық етке көрші елдере, әсіресе Өзбекстанда сұраныстың өсуі , сондай-ақ қайта өңделген етті экспорттау мүмкіндігі әкету көлемінің айтарлықтай өсуіне алып келді. Бүгінде сиыр еті экспорты 27 мың тоннаны құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 3,2 есе жоғары болды.Осыған байланысты Үкімет ішкі нарықты толықтыру шараларын қолдады. Жыл соңына дейін сиыр етін экспорттауға квота енгізу туралы шешім қабылданып, тек ет өңдеу кәсіпорындарына ғана сыртқа шығаруға рұқсат берілмек. Бұған қоса, үш елден ірі қара мал етін импорттауға кедендік бажды нөлге теңестіру бастамасы қарастырылуда, сондай-ақ Ресей Федерациясынан да осындай ұсыныс түсті. Бұл ішкі қажеттілік пен саланың экспорттық әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.Өңірлерде азық-түлікке қолжетімділікті арттыру үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда. Жыл басынан бері 3,7 мыңнан астам жәрмеңке өткізіліп, фермерлерге тегін сауда орындары берілді. Бұл артық делдалдарды айналып өтуге және бағаны қолжетімді деңгейде ұстауға көмектеседі. Бұдан бөлек, күнделікті режимде сауда желілерінде және базарларда баға мониторингі жүргізіледі. Соңғы тексерістер нәтижесінде «Анвар», «Смолл» және «Магнум» желілерінде сауда үстемелері нормадан (5–14%) аспайтыны анықталды. Сиыр етінің килограмы 2 650-ден 3 890 теңгеге дейінгі аралықта, сатып алу бағасына байланысты сатылуда. Ал ӘМАТ тізіміне кірмейтін басқа бөліктерінің бағасы сорпа жиынтығына 500 теңгеден антрекотқа 5,5 мың теңгеге дейін құбылады. Бұл позицияларға мемлекеттік реттеу қолданылмайды.Негізсіз үстемелер мен артық делдалдарға қарсы күрес жұмысы жүріп жатыр. Жыл басынан бері ел бойынша өңірлік комиссиялар 747 отырыс өткізіп, нәтижесінде 345 өнімсіз делдал жойылды. 2 мыңнан астам әкімшілік қаулы шығарылды. Сауда үстемелерін бақылау аясында министрліктің аумақтық департаменттері 2,6 мыңнан астам қаулы қабылдады, оның ішінде 1,5 мыңы – жалпы сомасы 56,5 млн теңгені құрайтын айыппұл, 1,2 мыңы – ескерту. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін асыру деректері бойынша ғана 2,2 мың қаулы рәсімделді, оның ішінде 1 мыңы – 39,6 млн теңге айыппұл, 1,2 мыңы – ескерту.Бұған қоса белсенді аналитикалық жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың басынан бері шамамен 9 мың баға қалыптастыру тізбегі талданып, 823-ке жуық бұзушылық қаупі анықталды.Осылайша, жекелеген қиындықтарға қарамастан, жалпы азық-түлік инфляциясы баяулап, негізгі әлеуметтік өнімдердің бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік болып отыр. Қазақстан ЕАЭО елдері арасында ең қолжетімді азық-түлік қоржындарының бірін сақтап отыр және бұл жұмыс азаматтардың игілігі үшін жалғастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1071967?lang=kk
«Десант-2025» оқу-жаттығуы: 3000-нан астам әскери қызметші жоғары жауынгерлік дайындық жағдайындағы іс-қимылды пысықтады 14.10.2025
Сарыөзек гарнизонында орналасқан «Көктал» оқу-жаттығу полигонында «Десант-2025» екі жақты, екі кезеңді командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді фазасы өтті. Бұл маневрлерге Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 3000-нан астам әскери қызметшісі қатысты.Оқу-жаттығу бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дайындық жағдайындағы іс-қимылын жетілдіруге бағытталған біртұтас стратегиялық міндет аясында ұйымдастырылды. Әсіресе, бөлімшелердің белгіленген ауданға марш жасауын, рейдтік жасақ пен жалпыәскери резерв құрамында ұрыс жүргізуге дайындығын үйлестіруге баса назар аударылды.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов өз сөзінде мұндай оқу-жаттығулардың Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік қабілетін арттырудағы маңызын атап өтіп, жеке құрамды даярлауда жаңа әдістер мен технологияларды енгізудің өзектілігіне ерекше тоқталды.– Мұндай жаттығулар – жай ғана тексеру емес, бұл бөлімшелердің үйлесімділігін көрсетуге, олардың шынайы жауынгерлік қуатын сынауға және өз күшіне деген сенімді нығайтуға берілген маңызды мүмкіндік, – деді Қорғаныс министрі.«Десант-2025» оқу-жаттығуының ерекше тұсы шынайы ұрыс жағдайына барынша жақындатылған жаңа, серпінді форматта өтуі болды. Алғаш рет барлық деңгейдегі басқару органдары мен десанттық-шабуылдау бригадаларының 800-ден астам әскери қызметшісі жауынгерлік құжаттарды әзірлеп, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап, төрт тәулік бойы қорғалған командалық пункттерде жұмыс жүргізді. Бұл жаттығудың шынайылығы мен жеделдігін едәуір арттырды.Оқу барысында заманауи ұрыс жүргізу технологиялары, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылды. Олар әуеден барлау жүргізу, авиация мен артиллерияның оқ атуын түзету, қарсы тарапқа соққы беру және бөлімшелерді нақты уақыт режимінде басқару сияқты міндеттерді тиімді атқаруға мүмкіндік берді. Бұл шешім қабылдауды жеделдетіп, ұрыс даласындағы іс-қимылдардың тиімділігін арттырды.Қарулы күштер түрлерінің өзара іс-қимылын пысықтау үшін жаттығуға армиялық тікұшақтар мен майдандық авиация ұшақтары тартылды.Логистикалық қамтамасыз ету мақсатында С-295 ұшақтары қолданылып, оқ-дәрі, дәрі-дәрмек, азық-түлік пен өзге де материалдық құралдар жеткізілді. Сонымен қатар ПГС-500 парашюттік-жүк жүйесі мен болашағы зор АПСДГ-500 автоматтандырылған жүк жеткізу жүйесі де пайдаланылды.«Десант-2025» оқу-жаттығуы барысында жалпы саны 50-ден астам артиллериялық қару-жарақ, 30-ға жуық сауытты техника және 250-ден астам автокөлік тартылды.Оқу-жаттығу Десанттық-шабуылдау әскерлерінің тактикалық шеберлігін жетілдіру мен жауынгерлік даярлығын арттырудағы маңызды кезеңге айналды. Бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қорғаудың берік кепілі. Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов Алматы гарнизонының әскери бөлімдеріне барды. Командирлердің баяндамаларын тыңдап, әскери нысандарды аралаған соң, Қорғаныс министрі оқу-жауынгерлік міндеттердің сапалы орындалуын, әскери инфрақұрылым нысандарының, әскери техника мен авиацияның жұмыс жағдайында болуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071978?lang=kk
Астанадағы жәрмеңкеде фермерлер 400 тоннадан астам өнім ұсынды 14.10.2025
20-21 қыркүйек күндері Астанада Абай және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің кезекті өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидектер сынды әртүрлі өнімдерді тікелей фермерлерден ұсынады. Бұл өз кезегінде азық-түліктің қолжетімділігін арттырып, отандық өндірушілерді қолдауға септігін тигізеді. Атап айтқанда, өңірлік тауар өндірушілер шамамен 400 тонна өнім әкелген. Оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері және шамамен 20 тонна өзге де азық-түлік өнімдері бар.Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары өнімдерді фермерлерден тікелей сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Жәрмеңке сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.Айта кетейік, биылғы жылы жәрмеңке Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтуде. Сондай-ақ, жәрмеңке күндері елорда тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін №18, 37 және 303 бағытындағы автобустар қатынауда, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы жетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1071987?lang=kk
Талғардағы дәстүрлі «Бақ күні»: әйгілі апорт қайта жанданады 14.10.2025
Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының апорт алмасын жандандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Аталған жоспар Талғар ауданында өткен дәстүрлі «Бақ күні» шарасында жария етілді.Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен форумда бағбандар мен ғалымдар жеміс ағаштарын көбейту, жаңа сұрыптарды енгізу, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды пайдалану бағытында пікір алмасты. Шара ғылым, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.Тыныбай Шынтасов, шаруа қожалығының жетекшісі:«Қазақстандағы селекцияның жағдайы, инновацияның жағдайы сәл де болса өзгеріс бар. Оған шүкіршілік айтамыз. Бірақ мына подвой деген дүниеде біз өңкей ескі подвойларды пайдаланып жатырмыз».Форумның басты тақырыбы – әйгілі апортты жандандыру. Осы мақсатта облыста 110 гектар жерге алма көшеттері отырғызылмақ. Ғалымдар сапалы әрі мол өнім алуға ниетті.Теміржан Айтбаев, Қазақстан жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:«Біздің институтымыз Президент басқармасының қолдауымен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен осы биылдан бастап апортты жандандыру үлкен жобасын жүзеге асырып жатыр».Қазіргі таңда Алматы облысы елімізде жеміс-жидек пен көкөніс өндірісі бойынша екінші орында. Өңір ішкі нарықтың 16 пайызын қамтамасыз етеді.Бақытнұр Бақытұлы, облыс әкімінің орынбасары:«Алматы облысы бойынша 12 мың гектардан астам жер осы бақ бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Жаңа технологияларды қосу аясында 1 гектардан 15 тоннадан 45 тоннаға дейін өнімділікті көтеруге мүмкіндік қарастырылып жатыр».Конференция соңында елдегі селекциялық геноқорды дамытуға қатысты нақты ұсыныстар қамтылған қарар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071713?lang=kk
Қостанай облысының газдандырылуы: қамту, жоспарлар және перспективалар 14.10.2025
Бүгінгі таңда облыстың 501 елді мекенінен 84 (5 Қала, қалалық бағыныстағы 2 елді мекен: (Рудный қаласының Қашар кенті және Лисаков қаласының Октябрьский кенті), сондай-ақ 77 ауылдық елді мекен) газдандырылды, бұл 16,8% -. құрайды.Облыс бойынша газдандырылған халықтың деңгейі 59,6% -. құрайды (825 597 адамның 492 302-сі). Қала халқының қолжетімділігі 77,1%, ауыл халқының 31,3% құрайды. 2025 жылы облысты газбен жабдықтау бойынша 5 жобаны (4-құрылыс – монтаж жұмыстары, 1-жобалау – сметалық құжаттама) іске асыруға 3 566,3 млн. теңге (ҰҚ-746,0 млн. теңге, ЖБ – 386,3 млн. теңге, "Самұрық – Қазына" АҚ қаражаты-2 434,0 млн. теңге) бөлінді, оның ішінде 2024 жылдан бері ауысып келе жатқан 4 адам.Анықтама:- Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында (нысанды іске қосу 2026 жылы жоспарланған);- Әулиекөл ауылының АГРС-тен Әулиекөл ауданының Новоселовка ауылына қосылған Диевка ауылына дейін (объектіні іске қосу 2025 жылы жоспарланып отыр);- Әулиекөл ауданы Диевка ауылында (нысанды іске қосу 2025 жылы жоспарланған);- Федоров ауданының Лесное, Березовка ауылдарында (нысанды іске қосу 2025 жылы жоспарланған);Сондай-ақ, ағымдағы жылы "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Новонежинка ауылында газ тарату желілерін салу"жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1071795?lang=kk
Алматыда жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтті 14.10.2025
Алматыда ҚР Қаржы министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлесіп жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған семинарды ұйымдастырды. Іс-шараға 800 астам адам жиналды – олардың қатарында іскер азаматтар, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері бар.Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа Салық кодексінде қарастырылған салықтық әкімшілендіруді жеңілдету мен кәсіпкерлерге жайлы жағдайлар жасауға байланысты, оның ішінде салық есептілігін 30% азайтуға қатысты, сондай-ақ камералды тексерулерді алдын алу форматына ауыстыруға, шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тартуға, салық міндеттемелері бойынша кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін ұсыну, арнаулы салық режимдерінің санын үшке дейін азайту және т.б. артықшылықтарды қамтитын негізгі өзгерістерді жеткізді.Кездесуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен шағын бизнеске салық салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ж. Нұржанов аталған тұлғаларға 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап икемді және түсінікті арнайы салық режімдері енгізілетінін айтты. Бұл бюрократиялық процедураларды қысқартып, кәсіпкерлердің қолын күрделі есептер мен тексерулерден босатып, кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.«Реформа неғұрлым ашық және түсінікті жүйені қалыптастырады, әкімшілік жүктемені азайтады және еліміздегі кәсіпкерлек сала мен экономиканы дамытуға ынталандырады», деді МКК төрағасының орынбасары. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов жаңа нормаларды енгізу кезінде мемлекет пен бизнестің жүйелі өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.Семинарда сұрақ-жауап сессиясы да болып, жиналған азаматтар мен онлайн режім арқылы қатысып отырған жандар ақпарат парақшаларында орналастырылған QR-код көмегімен көкейдегі сұрақтарын қойды. Сонымен қатар сауалдарды еріктілер арқылы жазбаша түрде беру мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл формат ашық диалогты қамтамасыз етіп, ең өзекті мәселелерді заң жобасының сарапшылары мен әзірлеушілерімен тікелей талқылауға мүмкіндік берді.Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге бағытталған келесі семинар 2025 жылдың 24 қыркүйегінде Астана қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1071798?lang=kk
Атырау облысында «World Clean Up Day» аясында 150 тонна қоқыс шығарылды 14.10.2025
Атырау облысында «World Clean Up Day» дүниежүзілік тазалық күніне орай кең ауқымды экологиялық сенбілік өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Акцияға аймақтың атқарушы органдары, кәсіпорындар, еріктілер, жастар ұйымдары, экобелсенділер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, аудан және ауылдық округтерді қоса алғанда барлығы 10 мыңнан аса адам қатысты.Тазалық жұмыстары «Самал» ықшамауданынан «Сарыөзекке» дейінгі аумақты және «Атырау» ықшамауданы жанындағы айналма көпір маңын қамтыды. Сондай-ақ әр аудан экоакцияға қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 150 тоннадай қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.«World Clean Up Day» — жыл сайын бүкіл әлем бойынша 180-нен астам елде өтетін халықаралық экологиялық қозғалыс. Акцияға 18 миллионнан астам ерікті қатысып, табиғи аумақтарды қоқыстан тазартады. Елде дәстүрлі сенбілік қыркүйек айының үшінші сенбісінде ұйымдастырылады.Іс-шараны Атырау облысы әкімдігі мен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1071807?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшілері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 14.10.2025
Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын Қарулы күштердің жеке құрамы белсенді түрде қолдап келеді. Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазақстанның барша өңірінде өткен экологиялық акцияға барлық гарнизондар атсалысты.Астанада жалпықалалық сенбілік аясында Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың, Құрлық әскерлері құрылымдық бөлімшелерінің және әскери оқу орындарының басшылық құрамы мен жеке құрамы көшелерді, скверлерді, тұрғын үй алаптарын және іргелес аумақтарды тазалауға шықты.Қорғаныс ведомствосының басқармалары мен департаменттері үшін тазалық жұмыстары Ақмешіт көшесінде, Сығанақ, Жәнібек пен Керей хандар көшелерінің арасындағы аумақта жүргізілді. Қарулы күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимаратының айналасын тазалады.Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарының айналасын, сондай-ақ Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарын тазалауға атсалысты.Бұдан бөлек, ведомствоның жеке құрамы әскери қызметшілер тығыз орналасқан аудандарда – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, Жансүгіров және Янушкевич көшелері, сондай-ақ Ильинка кентіндегі коттедж қалашығында тазалық жұмыстарына тартылды.Миллиондаған қазақстандықтарды біріктіріп отырған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына әскери қызметшілердің қатысуы – олардың халықпен бірлігінің айқын көрінісі және қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасының дәлелі. Әскери қызметшілердің еңбегі арқасында қаланың келбеті тазарып, көркейе түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071813?lang=kk
ШҚО-дағы балалар дүкенінде тауар бағалары басқа валютамен көрсетілгені анықталды 14.10.2025
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (Шығыс Қазақстан облысы бойынша) балалар дүкенінде бағалар рубльмен рәсімделгені туралы өтініштер түсті.Түскен өтініштер негізінде Департамент кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында ақпарат расталды – кейбір тауарларда шынымен де шетел валютасымен бағалар көрсетілген жапсырмалар қалған. Дүкен басшылығы мұндай жағдайдың заңнаманы білмеуден және қызметкерлердің жетіспеушілігінен туындағанын түсіндірді.Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ішкі және (немесе) сыртқы сөрелерде қойылған тауардың бағасы теңгемен көрсетілмей сатылуы немесе бағасының теңгеден басқа валютамен көрсетілуі мынадай айыппұл салуға әкеп соғады: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК.ӘҚБтК-нің 193-бабының 5-бөлігіне сәйкес, осы баптың 4-бөлігінде көзделген әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған жағдайда:шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 65 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде құқық бұзушылықтың қайталанғаны анықталды. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ӘҚБтК-нің 193-бабының 5-бөлігіне сәйкес 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.Сонымен қатар, Департамент тарапынан құқық бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1071364?lang=kk
Түркістанда қақтығыс аймақтарынан оралған балаларды қолдауға арналған ЕО-БҰҰ бірлескен бағдарламасының қорытындылары шығарылды 14.10.2025
Түркістан, 2025 жылғы 19 қыркүйек – Қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды реинтеграциялау мәселелері бойынша Орталық Азия мемлекеттерін қолдауға бағытталған Еуропалық одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен бағдарламасының екінші кезеңі бойынша Үйлестіру жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы ЕО өкілдігі, халықаралық ұйымдар мен өңірлік әкімдіктердің өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша әрі қарайғы ынтымақтастықтың басымдықтары және табысты практикаларды балаларды қорғау жөніндегі ұлттық саясаттар мен бағдарламаларға интеграциялау бекітілді.Отырыс барысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко бағдарламаның екінші кезеңінің сәтті аяқталуы Қазақстанның ЮНИСЕФ және Еуроодақпен серіктестігінің нәтижелілігін айқын көрсеткенін атап өтті. Ол балалар құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің дәйекті түрде нығайып келе жатқанын және Қазақстанның үздік тәжірибемен ел ішінде де, халықаралық серіктестермен де бөлісуге дайын екенін айтты. Елші сондай-ақ Қазақстан қақтығыс аймақтарынан 700-ден астам азаматты, оның ішінде 526 баланы қайтарғанын және олардың орнықты реинтеграциясы үшін кешенді қолдау көрсетілгенін еске салды. Бүгінде прогресс балалардың өз жетістіктерінен айқын көрінеді: Алматы облысында бір жасөспірім «Ақбота» зияткерлік марафонында 3-орын алды; Жетісу облысында бір оқушы халықаралық «Пони» байқауында 1-орын иеленді; Қарағанды облысында бір оқушы «English Vocabulary» халықаралық олимпиадасында 2-орын алды. Бұл жетістіктер ведомствоаралық қолдау мен оңалтудың нәтижелілігін дәлелдейді.Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Ааро Юлитало ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастық балалар үшін, оның ішінде психологиялық жарақат алғандар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, балалардың өміріндегі нақты оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады, бұл адам құқықтарын қорғау және балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растайды.Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Мұстафа Сарвар Қазақстанда балалардың қажеттіліктеріне сезімтал әрі орнықты жүйе қалыптасып келе жатқанына тоқталып: «Біздің ортақ міндетіміз – әрбір бала, өзі бастан өткерген тәжірибесіне қарамастан, үздіксіз әрі сапалы көмек алып, өзінің әлеуетін жүзеге асыра алуы», – деп атап өтті.Түркістанда ұсынылған негізгі нәтижелер:Мониторинг және сапаны қамтамасыз ету жүйесі. Репатриант-балалар мен олардың отбасыларына көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын мониторинг жүргізудің бірыңғай қалыбы жаңартылып, іске асырылуда; деректер уәкілетті органға қолжетімді этикалық тұрғыдан қауіпсіз құралдар арқылы жиналады. Бұл дәлелді деректерге негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.Балаларды қорғау жүйесінің қызметтерінің минималды пакеті. Ұлттық стандарттауға негіз қаланды: жергілікті деңгейдегі міндетті қызметтер, ведомстволардың рөлдері, бірыңғай сапа стандарттары, ведомствоаралық хаттамалар және қайта бағыттау маршруттары айқындалды. Жүйенің жетілу деңгейіне жүргізілген бағалау интеграция мен үйлестірудің күшейгенін көрсетеді.Кадрларды даярлау және практикаларды ауқымдау. 20 өңірде травмаға сезімтал көзқарас бойынша тренерлер пулын қалыптастыру жүзеге асырылды; Психологиялық қолдау орталықтарының (ПҚО) және Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының мамандары оқытылды, супервизиялар мен онлайн-кеңестер өткізілді; қорғаншылық және қамқоршылық органдарының құзыреттері күшейтілді (500-ден астам қызметкер оқытылды). Кейс-менеджмент тәсілі ПҚО үшін ұлттық деңгейде бекітілді.Реинтеграцияның инновациялық тәсілдері. «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ бірлесіп «Буындар арасындағы әңгімелер» әдісі енгізілуде: 10 мастер-тренер дайындалды, 250 педагогқа арналған каскадты вебинарлар өткізілді, балалармен жұмыс істеуге арналған оқу материалдары мен мониторинг құралдары әзірленді.Кездесудің тәжірибелік бөлімінде қатысушылар Түркістан қаласындағы Психологиялық қолдау орталығы мен Отбасын қолдау орталығына барып, жергілікті деңгейде кейс жүргізу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасыларды қолдап-сүйемелдеу жұмысының барысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1071531?lang=kk
Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді 🌾 14.10.2025
📅 27–28 қыркүйек📍 «Қарқалы» ипподромыАлматы облысының тауар өндірушілері елорда тұрғындары мен қонақтарына 178 тонна өнімді ұсынады. Жәрмеңкеде ет пен сүттен бастап көкөніс пен жеміс-жидекке дейінгі түрлі өнімдер қолжетімді болады.🥩 Ет және құс еті — 13,3 т🥛 Сүт өнімдері — 1,6 т🥔 Картоп — 21,6 т🧅 Пияз — 25 т🥬 Көкөністер — 24,4 т🍎 Жеміс-жидек пен алма — 23 т🛒 Басқа да өнімдер — 47,7 тБарлық тауарлар елордалық базарлардағы орташа бағадан 15% төмен бағамен сатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1071547?lang=kk
ҚР жаңа Салық кодексі ҚР резиденттері үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын ұстауды жояды БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар 14.10.2025
1. Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақының қай бөлігіне салық салынады, ал қайсысына салық салынбайды?Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдерге салық салынады. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын кіріске жатады. Яғни, зейнетақы жарналары жеке зейнетақы шоттарына салық салынғанға дейін аударылады. Ал ЖТС төлемдер жасалған кезде ұсталады. ЖТС міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен жиынтық түрде ұсталады. Бұл ретте түзету және салық шегерімдерінің сомалары ескеріледі. Алайда, бұл норма тек 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және оған сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен ЖТС ұсталмайды.2. ҚР жаңа Салық кодексіне зейнетақы төлемдеріне салынатын жеке табыс салығына (ЖТС) қатысты қандай өзгерістер енгізілді? ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес, алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, 01.01.2026ж. бастап жеке табыс салығы (ЖТС) зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен, сондай-ақ тұрғын үйге және/немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінен (БЗТ) ұсталмайды. Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйге/емделуге БЗТ алып, одан ЖТС төлеу міндеттемесін кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алғанға дейін кейінге қалдырғандар, ол міндеттемеден босатылады.3. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсталған ЖТС қайтарыла ма? Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген. Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде ЖТС ұстау көзделген. Бұл ретте алушының таңдауына ЖТС ұстап қалудың екі жолы ұсынылады: БЗТ алған кезде бірден немесе зейнеткерлікке шыққанға дейін кейінге қалдыру. 01.01.2026 ж. бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты салымшы ЖТС-ты бұған дейін төлеп қойған болса, ол қайтарылмайды. Ал кейінге қалдырылған ЖТС бойынша міндеттемелердің күші жойылады. Айта кетейік, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінен және біржолғы зейнетақы төлемдерінен ЖТС есептеу, ұстап қалу және төлеу қолданыстағы режимде жүзеге асырылатын болады.4. Егер алушы зейнеткерлік жасқа жеткен және ЖТС төлеп отырған жағдайда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТС ұстап қалу жалғастырыла ма? Жаңа Салық кодексінің ережелері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерін қоспағанда, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді жеке табыс салығынан босатуды көздейді.5. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдері туралы норма қалай өзгереді?Өзгерістер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз пайдасына жасалған ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдерін жоюды қамтиды. Алайда, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдердің басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есебінен жасалатын төлемдер де ЖТС-тан босатылады. Бұл ретте салық агентінің БЖЗҚ-ға қызметкердің пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайтындықтан, оған ЖТС салынбайды, ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілуге жатады деген норма сақталады. Яғни, бұл жағдайда қызметкер де, жұмыс беруші де салық жеңілдіктерін алады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1074903?lang=kk
Арнайы операциялар күштерінің 26 әскери қызметшісі күрең қызыл берет иеленді 13.10.2025
Шымкент гарнизонындағы «Орда» полигонында Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері арасында жыл сайынғы біліктілік сынақтары өтті. Нәтижесінде 26 әскери қызметші күрең қызыл берет кию құрметіне ие болды. Бұл ерлік пен кәсіби шеберліктің символы саналады.Сынаққа қатысу үшін үміткерлер алдын ала іріктеуден өтеді. Олардың дене дайындығы, моральдық-психологиялық тұрақтылығы және жауынгерлік қабілеті мұқият бағаланады. Сынақтың өзіне тек үздік жауынгерлер ғана жіберіледі.Біліктілік екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылардың күш-қуат дайындығы, теориялық білімі және әртүрлі әскери бағыттар бойынша, оның ішінде тау, атыс, медициналық, парашюттік және инженерлік дайындықтар, сондай-ақ әскери топография мен мина-жарылыс ісі дағдылары тексерілді.Екінші кезеңде жауынгерлер 30 шақырымдық марш жасады. Жол бойында олар табиғи және тактикалық кедергілерден өтіп, жаралыларды эвакуациялау, жасырын жүру, оқ-дәрі жеткізу және атыс жаттығуларын орындады. Қорытынды кезең қоян-қолтық ұрыстағы жекпе-жек болды.Сынаққа қатысқан 72 үміткердің ішінен тек 26 жауынгер ғана барлық тапсырмаларды сәтті орындап, Арнайы операциялар күштері элитасының қатарына қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071054?lang=kk
Курсанттар су сынағынан сүрінбей өтті 13.10.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу орталығында курсанттар жауынгерлік техникамен су бөгетінен өту жаттығуларын орындады.1 курс курсанттары практикалық сабақтарға арналған су полигонында төрт жыл бойы меңгерген дағдыларын көрсетті. Болашақ офицерлер жауынгерлік машинаның су айдынына кіру, суда қозғалу және жағаға шығу элементтерін пысықтады. Барлық іс-қимыл белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай, нақты әрі үйлесімді орындалуы тиіс.Дөңгелекті және шынжыр табанды жауынгерлік машиналарды жүргізу кафедрасының бастығы полковник Нұрболат Негметов мұндай жаттығулардың офицердің кәсіби қасиеттерін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті:– Практикалық жаттығулар – оқу бағдарламасының маңызды бөлігі. Курсанттар тәжірибе жинап, сенімділігі мен кәсібилігінің негізін қалайды. Суда техника жердегідей әрекет етпейді, сондықтан курсант кез келген күтпеген жағдайға дайын болуы керек. Мұнда төзімділік, жауапкершілік және күйзеліске төтеп беріп, дұрыс әрекет ету қабілеті көрінеді. Біз курсанттардың тапсырманы лайықты орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсеткенін көріп отырмыз, – деді ол.Курсанттар техниканы сенімді меңгеріп, экипаждардың үйлесімділігін және жылдам өзгеретін жағдайларда шешім қабылдау қабілетін көрсетті. Мұндай іс-шаралар «Әли» оқу-жаттығу орталығында үнемі өткізіліп тұрады және оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге курсанттардың теориялық білімдерін бекітіп, тұрақты кәсіби дағдыларды қалыптастырып, өзіне деген сенімділікті арттыруға және болашақ командирлерді кез келген жағдайда тапсырмаларды орындауға дайындауға мүмкіндік береді.Суда жауынгерлік машиналарды жүргізу сабақтары болашақ офицерлердің жауынгерлік дайындығының басты элементтерінің бірі. Мұндай жаттығулардың негізгі мақсаты – курсанттардың жауынгерлік жағдайларға барынша жақын ортада, бөлімшелер тактикалық тапсырмаларды орындау барысында су бөгеттерінен өтуге мәжбүр болған кезде, қажетті машықтарды меңгеруін қамтамасыз ету. Техниканы құрлықта дұрыс жүргізу жеткіліксіз. Курсант суда да сенімді әрекет етіп, машинаны бақылауда ұстап, экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тапсырмаларды орындауы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1071201?lang=kk
Мемлекеттік қаржы жүйесін басқаруға арналған тың технологиялар 13.10.2025
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес озық технологияларды енгізіп, бірыңғай экожүйені қалыптастыру мен «ақылды» платформаларды дамытуға басымдық беріп келеді. Айталық, Электрондық қаржы орталығында бірқатар жоба таныстырылды. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Қаржы вице-министрлері Әсет Тұрысов пен Ержан Біржанов, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев қатысты. Ұсынылған жобалардың бірі 70 дерек көздері мен базаларынан алынған деректерді біріктіретін Smart Data Finance жүйесі. Аталған шешім ақпарат қауіпсіздігі бойынша сертификаттаудан өтіп, талдау мен басқарудың сенімді жүйесін қамтамасыз ете отырып, қолданысқа енгізілді.Қазір мүлік, бизнес, салықтар, мемлекеттік сатып алуға қатысу, қолдау шаралары және кадр көрсеткіштері туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің цифрлы бейінін қалыптастыру қолға алынды. Бүгінде 1,9 млн жеке кәсіпкер, 584 мың заңды және 20,4 млн жеке тұлға үшін құжаттама жасалып жатыр. Оның негізінде бюджеттің кіріс бөлігінің болжамды модельдері құрылып, бұл салалар мен өңірлердің салық әлеуетін бағалауға және дамудың дәл сценарийлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек Электрондық қаржы орталығының қызметкерлері онлайн режімде ақша ағындарының қозғалысын көрсететін мемлекеттік қаржының цифрлы картасын әзірледі. Ол 15 млн-нан астам атауды қамтитын Тауарлардың ұлттық каталогымен толықтырылды. 2026 жылдың қаңтарынан бастап ТҰК пайдалану міндетті болады. Бұл бухгалтерия, статистика, мемлекеттік сатыпалым және кеден үшін бірыңғай анықтамалықты қамтамасыз етіп, көлеңкелі айналымды азайтады және әділ бәсекелестікке жол ашады.Сонымен қатар министрлік салықтық және кедендік әкімшілендірудің жаңа сервистерін енгізіп жатыр. Е-Tamga жүйесі жалған шот-фактуралардың жазылуына жол бермеуге және «бір күндік» фирмаларды анықтауға бағытталған. Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі жеті ескірген шешімді біріктіріп, кәсіпкерлерге толық салықтық қолдау көрсететін бірыңғай платформа құрды. «Keden» жүйесі кедендік үдерістерді автоматтандырады, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қашықтықтан өзара іс-қимылын енгізеді және жасанды интеллект элементтерін пайдаланады.Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті – Қаржы министрлігінің барлық сервисін ыңғайлы интерфейсте біріктіретін портал мен мобильді қосымша. Бюджеттік жоспарлау шеңберінде жобалар мен шығыстардың бірегей сәйкестендіргіштері енгізілді, болжам бойынша бұл тетік бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органның цифрлы бейіні түсімдерді, шығыстарды және қаржылық тәртіпті онлайн түрде көрсету арқылы іске қосылды. «Онлайн-бюджеттік мониторинг» және «Бұлтты бухгалтерия» жүйелері сын-қатерлі операцияларды анықтап, бюджетке 800 млн теңгеге жуық соманы қайтаруға септігін тигізді.Бұл жобалар Қаржы министрлігінің мемлекеттік қаржы саласын цифрландыруға, азаматтардың ашықтығы мен сенімін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысын байқатып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1070844?lang=kk
Облыс әкімі «Harvest Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесті 13.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге «Harvest Kazakhstan» компаниясы өкілдерімен кездесті.Басқосуда бірлесіп атқарылатын жұмыстар талқыланды.«Біздің өңір – әріптестік пен инвестициялар үшін үлкен әлеуеті бар, қарқынды даму жолына түскен агро-индустриялық аймақ. Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы Сырдария өзеніндегі су деңгейіне тікелей байланысты.Егілетін негізгі дақыл – күріш, ол суды көп қажет етеді. Жалпы егіс көлемі 190 мың гектар, оның ішінде күріш көлемі 80-85 мың гектар аралығында. Еліміздегі күріштің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысында өндіріледі.Мемлекет басшысының Жолдауындағы су ресурстарын үнемдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаға сәйкес күріш көлемін азайтып, жүгері алқаптарын ұлғайтуды жоспарладық.Бұл бағытта Жаркент қаласындағы жүгері-сірне зауыты басшысымен келіссөз жүргіздік. Ол бойынша бірінші кезеңде, яғни 2025-2026 жылдары кептіру цехы, екінші кезеңде 2026-2029 жылдары жүгеріні терең өңдеу зауыты салынады.Зауыт тиімді жұмыс жасауы үшін кем дегенде 20 мың гектарға жүгері егілуі қажет. Сіздерге өткенде белгіленген 10 мың гектар жер телімі табысталады. Компанияның ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесін ескеріп, бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз.Біз әрбір инвесторды қолданыстағы заңнама аясында сүйемелдейміз.Барлық инфрақұрылым желісі қолжетімді, облыс әкімдігі қажетті техникалық шарттарды алуға жан-жақты қолдау көрсетеді», – деді Н.Нәлібаев.Басқосуда «Harvest Kazakhstan» компаниясының бас директоры Дәулет Увашев әріптестік қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1070952?lang=kk
Көлік министрлігі «Орталық – Батыс» тасжолының бағытын таныстырды 13.10.2025
14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы стратегиялық маңызға ие «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Бұл тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету үшін Көлік министрлігінде арнайы жиын өтіп, жұмыс барысы талқыланды.Жаңа автожол елорданы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы батыс өңірлерімен жалғайды. Жоба шеңберінде «Астана – Арқалық» және «Торғай – Ырғыз» бағыттары бойынша жаңа жолдар салынбақ. Ал Арқалық пен Торғайдың арасындағы жол қолданыста қала береді (бұл аралық күрделі жөндеуден өтті, нормативтік жағдайы жақсы).Бүгінде нысанға қажетті арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, вахталық қалашықтар тұрғызылуда. Сонымен қатар топырақтың құнарлы қабатын алу жұмыстары атқарылуда. Дереккөз: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1071015?lang=kk
Қазақстан мен Иранның арнайы өкілдері Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 13.10.2025
Ашғабад, 2025 жылғы 16 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобындағы Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының арнайы өкілдері Зульфия Аманжолова мен Казем Гариб Абади екіжақты консультациялар өткізді.Тараптар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.Теңіз акваториясын делимитациялауға, түрлі деңгейдегі алдағы іс-шараларды дайындауға, сыртқы істер министрлерінің кездесулері мен Каспий саммиттерінің қорытындылары бойынша тапсырмаларды іске асыруға байланысты міндеттерді шешуде көзқарастардың жоғары деңгейі мен жақындығы аталып өтті.Келіссөздер дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен конструктивті түрде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070670?lang=kk
Өңірдің экологиялық дамуы: табиғатты сақтау және тұрақты болашақ үшін заманауи шешімдер 13.10.2025
Қостанай облысындағы экология стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.Қалалардың дамуы мен тұрмыстық қалдықтардың көлемінің артуы қоршаған ортаға ұқыпты қарауды талап етеді. Осыған байланысты коммуналдық қалдықтарды басқару саласына бөлек жинау, сұрыптау, кәдеге жарату және қайта өңдеу үдерістері енгізілуде.Мәселен, қалдықтарды бөлек жинау (пластик, әйнек, қағаз, ірі көлемді қалдықтар, сынап құрамдас қалдықтар, электрондық және электрлік жабдық қалдықтары) 61 елді мекенде жүзеге асырылып, 2100-ден астам арнайы контейнерлер орнатылды.Қалдықтарды сұрыптау жұмыстары 29 елді мекенде жүргізілуде. Сұрыптау қолмен және 7 қоқыс сұрыптау желісі арқылы іске асырылады.Облыста 14 жекеменшік компания қайталама шикізатты қайта өңдеп, 17 түрлі дайын өнім шығарады. Атап айтқанда: геотор, геотекстиль, геокомпозит, геоқаңқа, полиэтиленнен жасалған газ және су құбырлары, кабельге арналған құбыр, полимер-құмнан жасалған тас төсеніш, кәріз құдығына арналған қақпақтар, резеңке үгінді, жұмыртқа салатын қорап, шлакоблок, пиролиз отыны, ПВХ панельдер, инертті материал, пластик жәшіктер, пластиктен жасалған бензобактар.Бұрынғы жылдарда қалдықтарды қайта өңдеу көлемі аз болғанымен, бүгінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады: қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 2017 жылы 1,8%-дан 2024 жылы 21,1%-ға дейін өсті. Осылайша көрсеткіш шамамен 12 есе артты, бұл өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласын дамыту мақсатында жекеменшік кәсіпорындар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдетілген несиелері есебінен 2024–2025 жылдары жалпы құны 0,5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырды. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы сомасы 0,8 млрд теңгеге тең 2 жоба аяқталады. Ал 2026 жылы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын жоба іске асырылмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1070672?lang=kk
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысының коммюникесі 13.10.2025
Ашғабад, 2025 жылғы 15-17 қыркүйек – Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының он бірінші отырысы өтті (ЖДЖТ).Отырысқа Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Казем Гариб Абади), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Николай Удовиченко) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мырат Атаджанов) делегациялары қатысты. Отырысқа Түрікменстан делегациясының басшысы М.Атаджанов төрағалық етті.Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды. Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, бесжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен іс-шараларды әртүрлі деңгейде дайындауды қарастырды.Делегациялар Түрікменстанға кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.ЖДЖТ келесі отырысы Әзербайжанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1070690?lang=kk