Қазақстан және Армения СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
24.12.2024 21:14:45 363
Астана, 2024 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайымен оны одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстанмен Армения арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге екі жақтың дайындығы расталды.
Сонымен қатар 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/906117