Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

16.11.2024 18:44:37 1991

🔹Шахмат: Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Шымкентте өткен Гран-при жарысының екінші кезеңінде қола жүлдегер атанды. Жерлесіміз 9 турда 2487 ұпай жинады.

🔹Шайбалы хоккей: Алматыда шайбалы хоккейден тұңғыш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды. Halyk Arena спорт кешенінде өткен шешуші матчта жерлестеріміз Жапониядан 5:1 есебімен басым түсті.

🔹Үстел теннисі: Италияның Линьяно қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды. Ол 13 жасқа дейінгі ойыншылар арасында сынға түсті.

▪️Сондай-ақ Алан Құрманғалиев Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы WTT Youth Contender Szombathely 2024 халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды.

🔹Жүзу: Гонконгта мәресіне жеткен ашық айдында жүзуден Азия чемпионатында отандасымыз Лев Черепанов мәреге үшінші келіп, қола медаль жеңіп алды.

🔹Триатлон: Сауд Арабиясының Әл-Джубаил қаласында өткен триатлоннан U23 жас санатындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль иеленді.

🔹Арбадағы теннис: Грекияның Месин қаласында ұйымдастырылған арбадағы теннистен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирінде Жанна Үмітқұлова күміс жүлдегер атанды.

🔹Самбо: Елордада өткен спорттық, жауынгерлік және зағип жандар арасындағы самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/880461